М. А. Молдашева



Pdf көрінісі
бет1/12
Дата10.02.2020
өлшемі1.44 Mb.
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 
 
 
 
 
 
М.А. Молдашева
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП  
 
Оқу құралы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Орал, 2012 
УДК 347.728.1(075) 

 

  
 
 
 
ПІКІР ЖАЗҒАНДАР: 
 
Кажиакпарова Ж.С. -  
педагогика ғылымдарының  
кандидаты, доцент 
 
Искакова Б.Г. -   
 
экономика ғылымдарының  
кандидаты 
 
 
 
   
 
 
Молдашева М.А. 
Бухгалтерлік  есеп:  Оқу  құралы.  -  Орал:  М.  Өтемісов  атындағы 
БҚМУ Редакциялық баспа орталығы, 2012. – 147 б. 
 
 
 
 
 
Оқу құралына бухгалтерлік есеп курсының он бір тарауы енген. Әрбір 
тараудан кейін бақылау сұрақтары мен тәжірибелік тапсырмалар берілген. 
Оқулық соңында терминдер түсінігі, бақылау тесттері қамтылған. 
Ұсынылып  отырған  оқу  құралы  бухгалтерлік  есеп  курстарының 
тыңдаушыларына,  техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  ұйымдарының 
оқушыларына арналған. 
 
 
 

 

 
 
 
 
 
 
  
 
     Молдашева М.А., 2012.
 
 М.Өтемісов атындағы БҚМУ РБО, 2012.
 
 
КІРІСПЕ 
 
Бухгалтерлік  есеп  бірнеше  жүздеген  жылдар  бұрын  пайда 
болып,  күнделікті  өмірде  қоланылуы  барысында  қоғамның 
әлеуметтік-экономикалық  жағдайларына  қарай  өзгерістерге 
ұшырап келе жатқан ғылым болып табылады. 
Субъектіні  басқаруда  бухгалтерлік  есептің  алатын  орыны 
ерекше,  ол  жоспарлау,  бағалау,  бақылау,  талдау  және  дұрыс 
шешім қабылдауға қажетті ақпараттармен қамтамасыз етеді. 
Сонымен қатар бухгалтерлік есепсіз субъектінің кірістері мен 
шығыстарын, соңғы қаржылық нәтижесін анықтау мүмкін емес. 
Бухгалтерлік  есеп  кәсіпорынның  активтері  мен  міндетте-
мелерінің  жағдайын,  капиталы  мен  өндірген  өнімі  және  оның 
сатылуы туралы мәліметтерді жинақтап көрсетеді. 
Оқу  құралында  3707002  және  1305000  «Ақпараттық  жүйе-
лер»  мамандықтары  үшін  «Бухгалтерлік  есеп»  курсы  бойынша 
оқу  бағдарламасын  қолданып,  оқу  бағдарламасының  2-бөлімі 
«Өнеркәсіптегі  бухгалтерлік  есеп»  тақырыптарының  дәрістері 
және әр тақырыпқа тәжірибелік материалдар қарастырылған. 
Оқу құралында бухгалтерлік есеп курсының 11 тарауы енген, 
онда  есептің  мынадай  нысандарының  қозғалысын  есепке  алу 
және  құжатпен  рәсімдеу  тәртібі  мен  тәжірибелік  тапсырмалар, 
тестік  сұрақтар  қарастырылған:
 
субьектінің  есеп  саясаты, 
тауарлы  –  материалдық  қорлардың  есебі,  айналымнан  тыс 
активтер  есебі,  тауардың,  дайын  өнімнің  есебі  және  оларды 
сатумен  байланысты  шығындар,  ақша  қаражаты  және  есеп 
айырысу операцияларының есебі, дебиторлық борыш есебі, еңбек 
және  еңбекақы  төлеу  есебі,  сыртқы  экономикалық  қызмет  есебі, 
қаржылық  нәтиже  есебі,  салықтар,  меншікті  капитал  есебі, 
бухгалтерлдік (қаржылық) есеп беру.  

 

Оқу  құралы  бухгалтерлік  есеп  курстарының  тыңдаушы-
ларына,  техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  ұйымдарының 
оқушыларына арналған. 
 
 
 
 
І тарау 
СУБЪЕКТІНІҢ ЕСЕП САЯСАТЫ 
 
 
1.1. ЕСЕП САЯСАТЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ  
ОҒАН ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 
Бухгалтерлік  есеп принциптері бойынша кәсіпорынның  есеп 
саясаты  деп  ұйымның  бухгалтерлік  есепті  жүргізу  әдістері  мен 
тәсілдерінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау, құндық  өлшеу, 
ағымдағы  топтау  мен  шаруашылық  (жарғылық  және  басқа) 
қызметтің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын айтады.  
Бухгалтерлік  есепті  жүргізу  әдістеріне  шаруашылық  қызмет 
фактілерін  топтау  мен  бағалау  әдістері,  активтердің  құнын 
есептеу,  құжат  айналымын  қабылдауды  ұйымдастыру,  түгендеу, 
бухгалтерлік  есепшоттарын  қолдану  әдістері,  бухгалтерлік 
есептің  тіркелім  жүйесі,  мәліметті  өндеу  мен  басқа  да  сәйкес 
әдістер мен амалдар кіреді.  
Есеп  саясатын  құрудың  негізгі  қағидалары  мен  талаптары   
№1 БЕС-да берілген. 
Есеп саясатын әзірлеген кезде кәсіпорын өз мүліктерін және 
міндеттемелерін  басқа  кәсіпорынның  мүліктері  мен  міндетте-
мелерінен бөліп көрсетуі тиіс. 
«Бухгалтерлік  есеп  және  қаржылық  есеп  беру  туралы» 
Қазақстан  Республикасының  заңы  мен  бухгалтарлік  есеп  прин-
циптерінде  кәсіпорын  өзінің  есеп  саясатын  құруы  барысында 
бұйрық немесе жарлық бойынша қажетті құжаттар тізімін бекітуі 
керек екендігі көрсетілген.  
Бұл бекітілетін құжаттардың қатарына мыналар жатады:  
•  бухгалтерлік  есептің  уақытылы  және  есеп  берудің  толық 
тиісті талаптарына сәйкес жүргізілуі;  
•  бухгалтерлік  есеп  жұмысын  жүргізуде  қолданылатын  син-
тетикалық және аналитикалық шоттарының жұмысын жоспары;  

 

•  алғашқы есеп құжаттарының типтік нысандары;  
•  ұйымның  ішкі  бухгалтерлік  қорытынды  есеп  құрудағы 
құжат нысандары;  
•  актив пен міндеттемелерді бағалау әдістері;  
•  актив  пен  міндеттемелер  түгендеуін  (инвентарзациясын) 
өткізу тәртібі (реті)  
•  құжат  айналымы  ережелері  мен  есеп  ақпараттарын  өндеу 
технологиясы;  
•  шаруашылық операциялары бақылау тәртібі;  
•  бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті басқа шешімдер.  
Кәсіпорының  қабылдаған  есеп  саясатын  сол  ұйымдағы 
бухгатерлік есептің маңызды мәселелерінің бірі.  
Ұйымның  есеп  саясатын  таңдауы  мен  негіздеуіне  келесі 
негізгі факторлар әсер етеді:  
•  меншік нысанымен құқықтық-ұйымдастырушылық нысаны 
(жауапкершілігі  шектеулі  серіктестік,  ашық  акционерлік  қоғам, 
жабық  акционерлік  қоғам,  өндірістік  кооператив  және  тағы 
басқа);  
•  салалық  қызметтің  түрі  (өнеркәсіп,  құрылыс,  сауда,  көлік, 
ауыл шаруашылығы және тағы басқа);  
•  қызметінің  көлемі,  жұмысшылары  мен  қызметкерлерінің 
орташа тізімдік саны және тағы басқа);  
•  салық салу жүйесімен арақатынасы (әр түрлі салық түрлері 
бойынша  жеңілдіктер  немесе  салық  төлеуден  босату,  салық 
мөлшері және тағы басқа);  
• қаржы-шаруашылық  қызметін  дамыту  стратегиясы  (ұйым-
ның экономикалық дамуының ұзақ  мерзімдік перспективасының 
мақсаттары  мен  міндеттері,  инвестициялардың  жұмсалу  бағыты, 
келешектегі  (перспективалық)  мәселелерді  шешудің  тактикалық 
тәсілдері);  
• ұйымның  ақпараттық  қамсыздандыру  жүйесі  (оның  тиімді 
әрекетіне қажетті барлық бағыттары бойынша);  
• материалдық  базасының  болуы  (компьютерлік  техника  мен 
басқа да оргтехника жабдықтарымен қамсыздандырылуы, бағдар-
ламалық-әдістемелік қамсыздандыру және тағы басқалар);  
• кәсіпорындағы  бухгалтерлік  мамандарының  (қаржы  бөлімі 
қызметкерлерінің)  біліктілігі  және  басшылардың  экономикалық 
батылдылығы, ынталылығы мен тапқырлық деңгейі.  

 

Кез келген ұйымның өзінің қызметін іске асыру үшін таңдап 
бекіткен  есеп  саясаты  толықтылық,  уақыттылық,  сақтық,  қарама 
қайшылықсыздығы мен орындылық талаптарына сай болу қажет.  
 
 
 
 
1.2. ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ 
Кәсіпорынның  есеп  саясаты  сол  кәсіпорында  қолданылатын 
бухгалтерлік  есеп  жүйесінің  тұтастығын  және  оны  құраушы 
әдістемелік,  техникалық,  ұйымдастырушылық  жақтардың  бар-
лығын қамтиды.  
Есеп саясатының әдістемелік жағына мына элементтер кіреді: 
мүлік  пен  міндеттемелерді  бағалау  әдістері,  мүліктің  әрбір 
түрлері бойынша амортизация есептеу әдістері, табысты (түсімді) 
есептеу әдістері және тағы сол сияқты.  
Осылайша  белгіленген  заңға  сәйкес  кез  келген  заңды  тұлға 
болып  табылатын  ұйым  өзінің  есеп  саясатын  құрастырған 
уақытта төменде аталған бухгалтерлік есептің негізгі әдістемелік 
аспектілерін айқындауы қажет:  
• негізгі  құралдарына  амортизациялық  аударым  сомасын 
есептеу әдістері;  
• материалдық  емес  активтеріне  амортизациялық  аударым 
сомасын есептеу және оларды есептеп шығару жолдары;  
• шығындарды  топтау  мен  өндіріс  шығындарына  жатқызу 
әдістері; 
• өндіріс  шығындарын  және  өнімнің  өзіндік  құнын  есептеу, 
яғни калькуляциялау жүйесі;  
• жанама  шығындарды  анықтау  және  оларды  объектілер 
арасында тарату әдісі;  
• дайын өнімдерді кіріске алудың есебі;  
• аяқталмаған  өндірісті  анықтау  және  бағалау  және  бағалау 
жолдары;  
• материалдық қорларды бағалау әдістері;  
• негізгі  құралдарды  жөндеу  бойынша  шығындар  есебін 
ұйымдастыру;  
• бағамдық айырманы есептеу.  
 
 

 

1.3. ЕСЕП САЯСАТЫН ДАЙЫНДАУ 
Кәсіпорынның  есеп  саясаты  осы  ұйымның  құрылған  уақы-
тында  дайындалады.  Оны  дайындаумен  кәсіпорынның  бас  бух-
галтері  немесе  арнайы  есеп  (экономикалық)  бөлімі  айналысады. 
Дайындалған  есеп  саясатын  кәсіпорынның  басшысы  өзінің 
бұйрығымен немесе өкімімен бекітеді.  
Бұйрықтың  құрамында  есеп  саясатын  есеп  беру  жылына 
қабылданған  барлық  пункттерінің  мазмұны  толық  ашылып 
жазылады.  Сонымен  қатар  әр  пунктке  тоқтала  келіп  қандай 
нормативтік  құжат  бойынша  немесе  қандай  заң  негізінде  есеп 
саясатының  дайындалғандығы  көрсетіледі.  Қазақстан  Республи-
касының  заңдарымен  қатар  есеп  саясатын  дайындауда  ұйымның 
ішкі  құжаттары  негізге  алынған  болса  (лауазымды  тұлғалар 
туралы,  ішкі  ережелер,  бұйрықтар  мен  өкімдер  тағы  да  басқа) 
міндетті түрде ол туралы түсініктеме берілуі қажет.  
Кәсіпорынның  есеп  саясатына  енгізілген  өзгертулер  осы 
ұйымның  басқару  құжаттарымен,  яғни  бұйрық,  өкім  немесе 
қаулыларымен  ресімделуі  қажет.  Ұйымның  қабылдап  бекіткен 
есеп  саясаты  сол  кәсіпорынның  қызмет  атқаруы  барысында 
қолданылады.  
Оған өзгеріс енгізу мынадай жағдайларда жүргізілу мүмкін:  
• Қазақстан  Республикасының  бухгалтерлік  есеп  және 
қаржылық есеп беру туралы заңының өзгеруіне сәйкес;  
• бухгалтерлік  есеп  бойынша  нормативтік  актілердің  өзгеруі 
салдарынан;  
• жаңа  бухгалтерлік  есеп  стандартына  көшуге  байланысты 
және т.б.  
Кәсіпорынның  бухгалтерлік  есепті  жүргізу  жолдары  ұйым-
ның  есеп  саясатының  дайындалған  кезінде  таңдалып  алынады. 
Бұл  есеп  саясаты  кәсіпорынның  барлық  құрылымдық  бөлімше-
лерінде  олардың  орналасқан  орындарына  қарамастан  қолданы-
лады. Ұйымның филиалдарының, еншілес және тәуелді серіктес-
терінің және тағы басқа бөлімшелерінің өзіндік бухгалтерлік есеп 
жолдарын  жүргізуіне,  яғни  басқа  есеп  саясатын  таңдауына 
құқығы жоқ.  
Бас  кәсіпорын  қаржылық  қызметінің  бөлімшелерінің  есеп 
саясатындағы  болған  өзгерістер  туралы  алдын  ала  қамтамасыз 
етуі қажет.  
 

 

Бақылау сұрақтары: 
1. Есеп саясаты туралы түсінік  
2. Қойылатын талаптар. 
3. Есеп саясатының мазмұны  
4. Есеп саясатын дайындау 
 
Тәжірибелік жұмыс тақырыбы:  
«Есеп саясатының ашылуы және жылдық есеп беру мен 
түсіндірме хат құру» 
 
Тәжірибелік сабақ сұрақтары: 
1.  Халықаралық  стандарттар  және  бухгалтерлік  есептіліктің 
мақсаты 
2.  Бухгалтерлік  есептілік  ақпаратын  пайдаланушылардың 
айырмашылықтары. 
3.  Бухгалтерлік есеп түрлерінің айырмашылықтары 
4.  Бухгалтерлік есептілік тұжырымдамалары. 
5.  Бухгалтерлік  есептілікті  құрудың  негізгі  ұйғарымдары 
мен сапалық сипаттамалары. 
6.  Бухгалтерлік есептілік элементтері. 
7.  Бухгалтерлік есеп элементтерін тану және бағалау 
 
Тәжірибелік сабаққа әзірленуге қажетті әдістемелік нұсқау: 
Практикалық  сабақта  талқыланатын  сұрақтардың  тізімімен 
танысып,  оларды  дәрістің  негізгі  мазмұны  мен  ұсынылған 
әдебиеттер бойынша пысықтаңыз.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

 
 
 
 
 
 
ІІ тарау 
ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ  
ҚОРЛАРДЫҢ ЕСЕБІ 
 
 
2.1. ТАУАРЛЫ – МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР,  
ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ 
Кәсіпорындардың  қызметі  барысында  өздерінің  өндірген 
дайын  бұйымдары,  сату  үшін  алған  тауарлары,  жолдағы  тауар-
лары,  аяқталмаған  өндіріс,  қосалқы  бөлшектер,  отын,  ыдыстық 
материалдары,  жартылай  фабрикаттар  сол  ұйымның  тауарлы  – 
материалдық қорлар (ТМҚ) түріндегі ағымдағы активтері б.т. 
Олардың  өндіріс  құралдарынан  өзгешелігі  еңбек  заттары 
өндірісте  пайдаланылған  кезде  өздерінің  бастапқы  құнын 
түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады. 
Шығарылған  өнімнің,  атқарылған  жұмыстың  өзіндік 
құнының көп бөлігі еңбек заттарының құнынан тұрады. 
 Материалдарды есептеудің негізгі міндеттері: 
1.  Дайындалған,  келіп  түскен  және  өндіріске  немесе  сыртқа 
босатылған  материалдарды  уақытында  есептеп,  кіріске  алу 
немесе есептен шығару 
2.  Материалдардың  қоймадағы  және  тасымалдау  кезінде 
түгел сақталуын бақылау 
3.  Материалдық  қор  қалдығының  белгіленген  мөлшерден 
артып немесе төмендеп кетпеуін бақылау 
4.  Материалдың өндірісте ұтымды пайдаланылуын бақылау 
5.  Дайындалған  материалдардың  өзіндік  құнын  анықтап 
және  олардың  жоспарлы  есептеу  бағасынан  айырмашылығын 
тауып,  пайдаланылғанн  материалдар  құнын  әр  объектінің 
шығынына қосу. 
Материалдың  түгел  және  дұрыс  сақталуы,  ұтымды 
пайдаланылуы, жұмсалуы үшін мыналар жасалуы тиіс: 

 
10 
 
Материалдық  қорларды  сақтайтын  қойма  болуы  қажет, 
материалдардың белгілі түрін сақтауға арналған болуы керек 
 
Материалдар  қойманың  әр  бөлігінде  өздерінің  түрлері, 
сорттары,  өлшемдері  бойынша  керекті  кезінде  тез  алуға  және 
босатқан  соң  қалдығын  тексеруді  қамтамасыз  ететіндей 
орналастырылуы қажет 
Ұйым  басшысы  материалдарды  қабылдайтын  және  босата-
тын адамдарды белгілеп, олармен шарт жасайды.  
Еңбек  заттары  біртекті  емес,  өндірісте  атқаратын  міндет-
теріне қарай, физикалық және химиялық қасиеттеріне қарай өзара 
айырмашылықтары бар. 
Материалдар  өзгешеліктері  мен  өнім  дайындауда  атқаратын 
міндеттеріне қарай: 
 
Шикізат 
 
Негізгі материал 
 
Көмекші материал 
 
Жартылай фабрикат және т.б бөлінеді 
Материалдық  қорлардың  ішінде  бөлек  топ  болып  отындар, 
ыдыс және ыдыстық материалдар. Қосалқы бөлшектер, құрылыс 
материалдары тб. есептеледі. 
 
 
2.2. МАТЕРИАЛДАРДЫ ЕСЕПТЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ,  
МАТЕРИАЛДАРДЫҢ НОМЕНКЛАТУРАСЫ 
Шоттар жоспарының 2- бөлімінде «Материалдар» есебі мына 
шоттарда жіктеледі: 
  Шикізат пен материалдар-1310 шот 
  Сатып алынған жартылай фабрикаттар-1311шот 
  Отындар-1312 шот 
  Ыдыс және ыдыстық материалдар-1313шот 
  Қосалқы бөл-1314шот 
  Басқалай материалдар-1315шот 
  Өңдеуге берілген материалдар-1316 шот 
  Құрылыс материалдары-1317 шот 
Шикізат  пен  материалдар  шотында  өндірілетін  өнімнің 
құрамына  кіріп,  оның  негізін  жасайтын  шикізат  пен  материал-
дардың ұйымдағы есебі, кірісі мен шығысы есептеледі 

 
11 
Сатып  алынған  жартылай  фабрикаттар  шотында  өндіріліп 
шығатын  өнімді  жинақтау  үшін  сатылып  алынған  өңдеу  және 
жинақтауды  қажет  ететін  жартылай  фабрикаттардың  кәсіпорын-
дардағы есебі жүргізіледі. 
Отындар  шотында  тасымалдау  құралдарына  пайдаланы-
латын,  энергия  өндіруге  және  үйді  жылытуға  пайдаланылатын 
(мұнай  өнімдері  мен  газ,  көмір  т.б)  отындардың  қалдығы  кірісі 
шығысы есептеледі 
Ыдыс және  ыдыстық  материалдар шотында  ұйымдағы ыдыс 
және  ыдыстық  материалдардың  бар  түрінің  кірістелуі  мен 
шығысталуы жүргізіледі. 
Қосалқы  бөлшектер  шотында  ұйымның  пайдаланудағы 
машиналар  мен  жабдықтарды  жөндеуге,  мүжілген  жерлерін 
ауыстыруға  арналған  қосалқы  бөлшектердің  кірісі  мен  шығысы 
қалдығы есептеледі 
Басқалай материалдар шотында өндіріс қалдықтары, түзетіл-
мейтін  өндіріс  ақаулары,  пайдалануға  жарамсыз  есептен  шыға-
рылған негізгі құралдарды бұзғаннан алынған материалдар есебі 
жүргізіледі.  Сонымен  қатар  ауылшаруашылық  кәсіпорындарына 
қажетті  тұқымдарды,  отырғызылатын  көшеттерді,  мал  азығын 
дайындаудағы  тыңайтқыштарды,  улы  химикаттар  мен  дәрі-
дәрмектерді т.б материалдарды есептейді 
Өңдеуге  берілген  материалдар  шотында  қайта  өңдеу  үшін 
басқа кәсіпорындарға берілген материалдар есептеледі. 
Құрылыс материалдары шотында тікелей құрылыс салуға жә-
не монтаж жұмыстарына пайдаланылатын материалдар есептеледі. 
Материалдар  есебін  дұрыс  ұйымдастыру  үшін  материал-
дардың номенклатуралық тізімі мен баға көрсеткішін дайындаған 
дұрыс. 
Материалдардың  номенклатурасы  -  өндірісте  пайдаланылатын 
материалдардың  белгілі  бір  түріне  олардың  аты,  сапасы,  мөлшері 
тағы басқада көрсеткіші бойынша жасалатын жіктеу тізімі. 
Номенклатуралық тізімде әр материалдың дұрыс аты, номен-
клатуралық номері мен өлшем бірлігі, әр материалдың бухесепте 
есептелетін  бағасы  көрсетіледі.  Номенклатуралық  тізімді 
номенклатуралық баға көрсеткіші деп те атайды 
Сауда кәсіпорындары мен дайын өнім өндіретін кәсірпорын-
дардың негізгі табыс көзі, ол тауар сату болып табылады.  
Тауарлы-материалдық қор 3 топқа бөлінеді: 

 
12 
   шикізат  және  материалдар,  шоттар  жоспарында  1311-
1318 шотта есептеледі; 
 
аяқталмаған өндіріс,  1340 шотта есептеледі; 
 
дайын өнім және тауарлар, 1320-1330,1350 шотта есептеледі. 
2.3. МАТЕРИАЛДАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ ЖӘНЕ  
ОЛАРДЫ ҚҰЖАТТАУ 
Өндірістік  қорлардың  шығысы  мен  түсімі  бойынша  жаса-
латын  алғашқы  құжаттар  материалдық  есепті  ұйымдастырудың 
негізі  болып  табылады.  Алғашқы  құжаттардың  көмегімен 
тауарлы-материалдық  қорлардың  тиімді  пайдалануын  және 
сақталуын,  қозғалысын  алдын  ала,  ағымдағы  және  келешектегі 
бақылануын жүзеге асырады. 
Тауар-материалдық қорлардың есебін жүргізу үшін 
төмендегідей  алғашқы құжаттар рәсімделеді 
 
ТМҚ қозғалысына рәсімделетін құжаттардың нысандары  
Форма 
коды 
Формалардың атауы 
ТМЗ-1 
ТМЗ-1а 
ТМЗ-2 
ТМЗ-3 
ТМЗ-4 
ТМЗ-4а 
 
ТМЗ-4б 
 
ТМЗ-5 
ТМЗ-6 
ТМЗ-7 
 
ТМЗ-8 
ТМЗ-9 
ТМЗ-10 
ТМЗ-11 
Сенімхат 
Сенімхат 
Берілген сенімхатты есептеу журналы 
Кіріс ордері 
Тауар- материалдық қорларды қабылдау акті 
Тауар- материалдық қорларды дайындау, сақтау және 
өндіру барысында жойылуы және жетіспеуіне акт 
Тауар- материалдық қорлардың сынуы, қирауы, 
бұзылуына акт 
Тауар- материалдық қорларды есептеу карточкасы 
Құжаттарды тапсыру- қабылдау реестрі 
Тауар- материалдық қорлардың қалдығын есептеу 
ведомосы 
Жабдықтарды қабылдау акті 
Жабдықтарды монтаждауға жіберу- қабылдау акті 
Жабдықтардан ақау анықталуы туралы акті 
Мекемелермен ғимараттарды бұзып алу және қайта 
құрастыруда алынған тауар- материалдық қорларды 
кірістеу акті 
 
 

 
13 
 
 
 
 
2.4. МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРДЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ 
Материалдық қорлар шоттарда- оларды сатып алудың өзіндік 
құнымен көрсетіледі. 
Өндіріске  босатылатын  материалдық  қорлар  нақты  өзіндік 
құнын  анықтауда  №7  БЕС  бойынша  төмендегі  әдістер  қолда-
нылады: 
 
 
 
 
 
2.5. ҚОЙМАДАҒЫ ЖӘНЕ БУХГАЛТЕРИЯДАҒЫ  
ҚОРЛАРДЫҢ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 
Кәсіпорынға  түскен  және  рәсімделген  материалдар  қоймаға 
сақталуға  жіберіледі.  Материалдық  жауапты  адамдар  (қоймашы, 
қойма  меңгерушісі)  қоймадағы  қорлардың  есебін  №ТМЗ-5  фор-
Материалдарды босатқан кезде өзіндік құнын  
анықтау әдістері 
Арнайы сәйкестендірілген есептеу 
Орташа өзіндік құнды есептеу 
ФИФО 
ЛИФО 
әрбір тауарлық бірлік бойынша оның нақты бағасы 
бекітіледі 
Материалдық қорлардың орташа өлшенген құнын 
көрсетеді 
Соңғы сатып алу бағасы бойынша қорларды 
бағалау 
Бірінші сатып алу бағасы бойынша қорларды 
бағалау 

 
14 
малы қорлар есебі карточкасында жүргізеді, онда әр материалдың 
сорты, түрі, мөлшері бойынша әр материалдың номенклатуралық 
№-і бойынша толтырылады. Карточкаға мәлімет операция болған 
күнмен кіріс құжаттары негізінде толтырылады.  
Материалдар  белгіленген  тәртіппен  сақталуы  тиіс.  Қойма 
шаруашылығының қызметкері қор мөлшерін әр қашан қадағалап 
тұруы  керек  және  әр  ауытқуларды  жабдықтау  бөліміне  немесе 
тиісті  тұлғаларға  хабарлап  отыруы  тиіс.  Қойма  шаруашылы-
ғының  материалды  жауапты  адамы  кіріс-шығыс  құжаттарын 
қабылдау-тапсыру  реестрін  (№ТМЗ-6)  толтырып  алғашқы 
құжаттармен бірге бухгалтерияға тапсырады. 
Ай  соңында  материалдық  жауапты  адамдар  қойма  есебінің 
карточкасы негізінде қоймадағы қор қалдығын есептеу Ведомосін 
толтырады  (ТМЗ-7),  оны  бухгалтерия  тексереді.  Ведомоске 
көшірілген  қалдықтардың  дұрыстығы  тексеруші  қолымен 
расталады.  
Бухгалтерияда  жабдықтаушылардан  алынған  материалдар 
есебі №6 журнал ордерде жүргізіледі. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет