М. А. Молдашева


МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРДЫ ТҮГЕНДЕУ



Pdf көрінісі
бет2/12
Дата10.02.2020
өлшемі1.44 Mb.
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

2.6. МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРДЫ ТҮГЕНДЕУ 
Бухгалтерлік  және  қаржылық  есеп  берілгендерінің  дұрыс-
тығын қамтамасыз ету мақсатында, активтерге түгендеу жылына  
кем дегенде бір рет  жүргізіледі. 
Түгендеу  -  ТМҚ-ң  нақты  барын  бухгалтерлік  есеп  берілген-
дерімен салыстырып тексеру. 
Түгендеу түрі: 
 
толық,  компанияның  барлық  активтеріне  түгендеу 
жүргізіледі 
 
жекеленген, активтердің бөлек түріне түгендеу жүргізіледі  
 
жоспарлы, компанияның белгіленген мерзімінде жүргізіледі 
 
кенеттен,  кәсіпорын  басшысының  бұйрығы  бойынша, 
немесе  материалдық  жауапты  адамдардың  ауысуы,  немесе 
бақылаушы ұйымдардың талабы бойынша 
Түгендеу міндетті түрде жүргізіледі, егер: 
 
материалдық жауапты адамдар ауысқанда
 
ұрлық, қиянат келтіру болса; 
 
табиғи апат, өрт жағдайларында; 

 
15 
 
компания таратылғанда. 
Түгендеу  жүргізу  үшін  компания  түгендеу  комиссиясын 
құрады,  құрамын  басшы  бекітеді.  Комиссияны  кәсіпорын 
басшысы  немесе  орынбасары  басқарады.  Бухгалтерлік  қызмет, 
ішкі шаруашылық бақылау қызметі, әкімшілік т.б 
Кәсіпорын басшысының бұйрығымен түгендеу жүргізу, оның 
басталуы және аяқталуы мерзіміне жауапты адам тағайындалады. 
Түгендеу материалдық жауапты адамдардың жауапкершілігіндегі 
материалдардың  түрі  және  сақтаулы  тұрған  жері  бойынша 
жүргізіледі. 
Түгендеу комиссиясы материалдардың сақталып тұрған жері 
және  материалдық  жауапты  адамдардың  бойынша  түгендеу 
тізімін  жазып  (инв-3),  кәсіпорын  бухгалтериясына  тапсырады. 
Тізімге комиссия мүшелері түгел қол қояды.  
Түгендеу кезінде бүлінген немесе істен шыққан материалдар 
және дайын бұйымдар анықталса акт жазылады. 
Түгендеу  нәтижесін  анықтау  үшін  салыстыру  тізімдемесі 
жасалады.  Онда  түгендеу  кезінде  айырмашылық  табылған 
материалдар  жазылады. Салыстыру тізімдемесінде артық  немесе 
кем  шыққан  материалдар  құны  бухгалтерлік  есепте  көрсетілген 
бағамен  есептеледі.  Айырмашылыққа  жауапты  адам  жазбаша 
түсініктеме  береді.  Салыстыру  тізімдемесін  бір  дана  бухгалтер 
толтырады, бухгалтерияда сақталады. 
Түгендеу  барысында  активтердің  нақты  берілгені  бухгал-
терлік  есеп  берілгендерімен  сәйкес  келмесе,  төмендегідей 
бухгалтерлік жазбалар жасалады: 
-  артық  шығу  болса,  табыс  ретінде  қорлар  кірістеледі: 
Дт1310-1350 Кт-6280 
- жетіспеушілік - шығын Дт-7470 Кт-1310-1350 
Түгендеу  барысында  қорлардың  жетіспеушілігі  немесе 
бүлінуі табылса және оған кінәлі адам анықталмаса: 
Дт-7210   Кт- 1310-1350 , ҚҚС-на Дт 7210 Кт- 1420   
Егер кінәлі адам анықталса, өтелетін сомаға: 
Дт 1250  Кт- 6280,3520, ҚҚС-на Дт 1250 Кт- 3130   
 
Бақылау сұрақтары: 
1.  Тауарлы- материалдық қорлар дегеніміз не? 
2.  ТМҚ шоттар жоспарының қандай бөлімінде қаралады? 
3.  1310 шотқа сипаттама берініз 

 
16 
4.  Орташа өзіндік құнды есептеу әдісі 
5.  Лифо әдісі 
6.  Фифо әдісі 
7.  Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі 
8.  Материалдардың қозғалысына толтырылатын құжаттар 
9.  ТМҚ түгендеу тәртібі 
 
Тәжірибелік жұмыс тақырыбы:  
«Тауарлы – материалдық қорлардың есебі» 
 
№1 тапсырма 
Берілгені: 
№127  Материалдарды  қоймада  есептеу  карточкасын  төмен-
дегі  берілгендер  негізінде  толтырыңдар  Қойма-01,  стеллаж-10, 
материал атауы-руберойд маркасы РК-420,1-сорт, өлшем бірлігі-м
2

номенклатуралық  номер-071311,  1  м
2
  бағасы-519  теңге,  қой-
мадағы қордың молшері-2000 м
2
. 1 желтоқсанға қалдығы- 2400 м

 
Рубероид қозғалысы туралы мәлімет 
Жазу 
күні 
Құжат 
№ 
Жыл 
басынан 
жазудың 
реттік 
№ 
Кімнен алынды н/е 
кімге босатылды 
Кіріс  Шығыс 
10.12 
342 
44 
Құрылыс бөлімінде 
 
1700 
15.12 
743 
45 
Жадықтау базасынан 
2100 
 
17.12 
343 
46 
№1 бөлімге 
 
200 
25.12 
375 
47 
Жөндеу 
шеберханасына 
 
120 
 
 
 
 
 
 
 
Орындау керек: 
Әр  жазудан  кейін  қалдық  шығару  керек.  Бухгалтер                      
1-желтоқсан және 30-желтоқсанда қоймада жазуды тексеріп және 
құжаттарды қабылдады. 
 
 
 
 

 
17 
 
 
 
№2 тапсырма 
Материалдар қозғалысының әрекетіне бухгалтерлік жазуын 
құрастырыңыз,  тіркеу журналын толтыру 
  
Рет 
№ 
Әрекеттер мазмұны 
Бухгалтерлік 
жазу 
Дт 
Кт 

Жабдықтаушылардан материалдар түсті 
 
 

ҚҚС есептелді 
 
 

Сатылып алынған материалдардың құны 
кассадан төленді 
 
 

Есеп беруші тұлғалар арқылы сатылып 
алынған материалдардың құнына 
 
 

Негізгі өндіріске пайдалану үшін материалдар 
босатылды 
 
 

Түгендеу барысында бүлінген және жетіспей 
қалған материалдарды есептен шығару 
 
 

Түгендеу кезіндежетіспеген материалдарға 
жауапты адам табылып, оның төлеуге тиісті 
есеп берілетін сомасына 
 
 
 
№3 тапсырма 
Берілгені:                                                                                  
Рет 
№ 
Әрекеттер мазмұны 
Бухгал-
терлік 
жазу 
Сома-
сы 
Дт  Кт 

Негізгі өндіріс цехтарынан дайын өнім 
шығарылды және өзіндік құны бойынша 
қоймаға тапсырылды 
 
 
100000 

Өткізілген өнім үшін сатып алушыға шот 
ұсынылды 
 
 
120000 

ҚҚС есептелді 12 ℅ 
 
 


Есеп айырысу шотына сатып 
алушылардан қарыз қайтарылды 
 
 


ҚҚС бюджетке аударылды 
 
 


 
18 

Өткізілген өнімнің нақты өзіндік құны 
есептен шығарылды 
 
 
100000 

Өнімді өткізуден қаржылық нәтижені 
анықтау 
 
 

Орындау керек: 
1. Берілген шаруашылық операцияларды бухгалтерлік есеп 
шоттарында көрсету  
2. Өнімді өткізуден алынғанқаржылық нәтижені анықтау 
 
№4 тапсырма 
 
Берілгені: 
Компанияның  2008  ж  маусым  айындағы  «А»   
материалының қозғалысы 
 
Саны 
/дана/ 
Бағасы 
/тг/ 
Сомасы /тг/ 
1 маусымға қор қалдығы  
«Материалдар» шотында   
1200 
100 
 
Ай ішінде сатып алынды: 
3 маусымда  
300 
120 
 
7 маусымда 
200 
130 
 
20 маусымда 
500 
140 
 
25 маусымда 
650 
150 
 
Маусымда түскені-жиынтығы 
 

 
Ай ішінде өндіріске босатылды: 
Орташа өзіндік құнмен 
2150 
 
 
ФИФО әдісімен 
 
 
 
ЛИФО әдісімен 
 
 
 
Ай соңындағы қалдық: 
Орташа өзіндік құнмен 
 
 
 
ФИФО әдісімен 
 
 
 
ЛИФО әдісімен 
 
 
 
 
Орындау керек: 
1. Ай соңындағы қалдықты анықтау 
2. Сатып алынған материалдар сомасын анықтау 
3. Өндіріске  босатылған  материалдардың  сомасын,  әр  түрлі 
әдіспен 
4. Ай соңында қалған материалдардың бағасын 

 
19 
 
 
 
 
№5 тапсырма 
Берілгені: 
«Айнұр»  АҚ-да  есеп  беру  мерзімінің  басына  20000  теңге 
мөлшерінде  материалдар  болды.  Негізгі  өндіріске  7000  тг. 
қосалқы  өндіріске  1500  тг.,  өнімді  өткізу  бойынша    операцияны 
жүргізуге  1000  тг.,  қойманы  жөндеуге  2000  тг.  Мөлшерінде 
материалдар жұмсалды. 
Орындау керек: 
1.  Берілген шаруашылық операцияларды бухгалтерлік жазу-
ларда көрсету қажет 
2.  Есеп  беру  мерзімінің  соңына  материалдар  қалдығын 
анықтаңыздар 
 
№6 тапсырма 
Берілгені: 
2008  жылдың  қазан  айында  сақтау  шарттарының  бұзылуы 
нәтижесінде  құрылыс  цементінің  бұзылуы  анықталды.  МҚ-дың 
өзіндік құны -221888 теңге, нарықтық құны- 253400 теңге, табиғи 
жоғалту -0,38℅  
 Орындау керек: 
1.  Кінәлі адам анықталған жағдайдағы; 
2.  Кінәлі  адам  анықталмаған  жағдайдағы  жетіспеушілікті 
бухгалтерлік есеп шоттарында көрсету қажет 
 
№7 тапсырма 
Берілгені: 
Мерзім ішінде фирма мынадай материалдар сатып алған: 
5 наурызда -әрқайсысы 100 теңге тұратын 10 бірлік 
6 наурызда -әрқайсысы 115 теңге тұратын 5 бірлік 
8 наурызда -әрқайсысы 113 теңге тұратын 10 бірлік 
9 наурызда -әрқайсысы 120 теңге тұратын 8 бірлік 
10  наурызда -13 бірлік өткізілген. 
Фирманың  есептік  саясатына  сәйкес  тауарлық-материалдық 
құндылықтарды  бағалау  орташа  салмақталған  құнын    бойынша 
есептеу әдісімен жүргізіледі.  

 
20 
Орындау керек: 
Тауарлық-материалдық  құндылықтарды  бағалаудың  орташа 
салмақталған  құнын  қолдана  отырып,  материалды  тізімнен 
шығаратын бухгалтерлік жазбаны орындау қажет. 
ІІІ тарау 
АЙНАЛЫМНАН ТЫС АКТИВТЕР ЕСЕБІ  
 
 
3.1. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР, ОЛАРДЫҢ ТОПТАЛУЫ  
МЕН БАҒАЛАНУЫ 
Кәсіпорының  қалыпты  өндірістік-шаруашылық  қызметін 
қамтамасыз  ету  үшін  негізгі  құралдар  қажет.  Кәсіпорынның 
өндірістік  шаруашылық  қызметіне  бірнеше  жыл  бойы  қызмет 
көрсететін  басқа  мүліктің  бағасы  мен  еңбек  құралдарының 
бағасы экономикалық ұғымды «негізгі құралды» құрайды.  
Ұзақ  пайдалану  процесінде  негізгі  құралдардың  құрамы 
өзгереді:  олар  кәсіпорынға  келіп  түседі  және  пайдалануға  бері-
леді,  пайдалану  процесінде  тозады,  жөндеу  жолымен  қалпына 
келтіріледі,  кәсіпорын  ішіне  өтеді,  ескіру  немесе  одан  әрі 
пайдаланудың  мақсатсыздығы  нәтижесінде  шығарылып  таста-
лады,  сондай-ақ  басқа  кәсіпорындарға  беру.  Барлық  аталған 
өзгерістер бухгалтерлік есепте көрініс табады. 
Негізгі құралдар- материалдық активтер олар:  
1) компания немесе қорларды жабдықтау және қызмет атқару 
үшін,  басқа  компанияларға  жалға  беру  үшін  немесе  әкімшілік 
мақсаттар үшін қолданылатын; 
2) әрбір кезеңнен астам уақыт ішінде қолданылуды болжайды.  
Негізгі  құралдар  дегеніміз  -  ұзақ  уақыт  бойы  (бір  жылдан 
астам) материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес салада 
да еңбек құралы ретінде іс-әрекет ететін материалдық активтер.  
Негізгі  құралдар  «Жылжымайтын  мүлік,  ғимараттар  және 
жабдықтар»атты №16 ХҚЕСқа сәйкес төмендегідей жіктеледі: 
 

 
21 
 
 
 
 
 
Негізгі құралдар иелігіне  
байланысты 
Кәсіпорынның меншігіндегі 
Уақытша жалға алынған 

 
22 
 
 
 
 
 
МАҚСАТЫ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН 
ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАРАЙ  
 
а) ҮЙЛЕР (тұрғын үй, кеңсе үйі, 
қойма т.б.) 
д) ШАРУАШЫЛЫҚ ҚҰРАЛ-
ЖАБДЫҚ жиһаздар, креслолар, кілем 
ә) ҒИМАРАТТАР (көпірлер, аспалы 
жолдар, жасанды су қоймалары, 
скважиналар т.б.) 
е) ЖҰМЫС ЖӘНЕ ӨНІМ МАЛДАРЫ 
б) ӨТКІЗГІШ ТЕТІКТЕР (жұмыс 
машиналары, энергия бөлетін 
тетіктер, 
ж) КӨП ЖЫЛДЫҚ ӨСІМДІКТЕР 
МЕН КӨШЕТТЕР 
в) МАШИНАЛАР бумен жұмыс 
істейтін двигат/р,электроаппаың, 
трансформатор,грейдер,бульдезор,бет
он/арал.маш,көтер кран,аразы,касса 
аппар 
з) ЖЕР    Ұйымның сатып алған жер 
көлемінің құны 
г) ТАСЫМАЛДАУ ҚҰРАЛЫ 
жолаушы және жүк таситын көлік, 
прицеп, трактор т.б. 
и) БАСҚА ДА НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР     
(кітапхана қоры т.б.) 
ғ) ҚҰРАЛ-САЙМАНДАР, 
ЖАБДЫҚТАР шкафтар,бактар, 
контейнерлер т.б. негізгі құралдар 

 
23 
 
Негізгі  құралдар  бухгалтерлік  есептің  жұмыс  жоспарында 
екінші бөлімде орналасқан №2400, 2410 шоттарда «Негізгі құрал-
дар»,  2420  «Негізгі  құралдардың  амортизациясы  және 
құнсыздануы»,  2430  «Негізгі  құралдардың  құнсыздануы»,  2600 
«Барлау  және  бағалау  активтері»,  2620  «Барлау  және  бағалау 
активтердің  амортизациясы»,  2630  «Барлау  және  бағалау 
активтердің құнсыздануы» шоттарда есептеледі. 
 
 
 
 
 
 
 
3.2. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТАЛДАМАЛЫҚ ЕСЕБІ 
Негізгі  құралдардың  есебі  кәсіпорынның  бухгалтериясында 
жүргізіледі. Талдамалық есебі әрбір түгендеме объектісі бойынша 
бөлек  жүргізіледі.  Түгендеме  (инвентарлық)  объектісі  деп  өзінің 
құрамына  кіретін,  яғни  өзіне  тиісті  керекті  жабдықтармен, 
саймандармен  сатылып  алынған,  орнатуды  керек  етпейтін 
жабдықтарды,  салынып  біткен  құрылыстарды  (үйлер  мен 
ғимараттар), белгілі бір қызметті атқаратын бұйымдарды айтады. 
Негізгі құралдар бағаланады 
1. Бастапқы құн-активті салуға, сатып 
алуға, жеткізу ге, орнатуға кеткен 
шығын, сатып алуда төленген салық 
сомасының жиынтығынан құрылады 
2. Ағымдағы құны-кәсіпорынның 
белгілі бір уақыттағы  (мерзімдегі), яғни 
бүгінгі күнгі негізгі құралының 
нарықтық бағасы 
4. Қалдық құн- 
Пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін 
оны бұзу, жоюдан алынған  іске жарамды 
бөлшектерінің құнынан обьектіні есептеп 
шығаруға байланыс ты жұмсалатын 
келешектегі шығындарды алып тастау 
арқылы анықталады 
 
5. Келісілген құн- 
Кез келген екі жақтың, яғни негізгі құралдарды 
сатушы мен алушының арасындағы келісілген құн 
  
3. Баланстық құн- 
кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде 
немесе қаржылық беру ақпаратында 
көрсетілген негізгі құралдардың 
бастапқы құнынан жинақталған тозу 
сомасын алып тастағандағы құн 
 

 
24 
Кәсіпорындарда  негізгі  құралдардың  есебін  дұрыс  жүргізу 
үшін  және  сақталуын  қамтамасыз  ету  үшін  әр  негізгі  құралға 
түгендеме  номерін  береді,  ол  тұрақты  болады.  Негізгі  құралдар 
тозып қалса, басқа ұйымға берілсе, сатылса, есептен шығарылса, 
оның  №  жаңа  негізгі  құралға  берілмейді.  Түгендеме  №  негізгі 
құралға бекітілген жетонға немесе өзіне бояумен жазылады.  
Негізгі  құралдарға  бастапқыда  берілген  түгендеме  номері, 
оның  түгендеме  карточкасында  және  бір  жерден  екінші  жерге 
ауыстыруға толтырылған алғашқы құжаттарда көрсетілуі тиіс. 
Кәсіпорындардың бухгалтериясында негізгі құралдардың әрбір 
объектісіне типтік ведомостволық түгендеу карточка ашылады. 
Негізгі құралдары көп емес шағын ұйымдарда түгендеу кар-
точкаларының  орнына  үлгілі  НҚ-11  санды  түгендеу  кітапшасын 
пайдалана  алады.  Түгендеу  карточкалар  немесе  түгендеу  кітап-
шалар  қабылдау-тапсыру,  ауыстыру  актілері,  тех.паспорттар 
және  негізгі  құралдарды  сатып  алу,  сату,  салу,  есептен  шығару 
актілері  т.б  құжаттар  негізінде  толтырылады.  Түгендеу  карточ-
касы әр объектіге бір дана толтырылып, ұйым бухгалтериясында 
сақталады. 
Түгендеу  карточкасы  мен  кітапшалар  талдамалық  есептің 
негізгі түрі болып саналады. Оларда негізгі құралдардың аталуы, 
түгендеу  №,  баланста  көрсетілген  бастапқы  құны,  амортиза-
циялық  аударым  мөлшері,  зауыттық  №,  кіріске  алынуына  және 
істен  шығарылуына  толтырылған  актілердің  уақыты  т.б. 
мәліметтер жазылады. Толтырылған түгендеу карточкалар НҚ-10 
санды ведомоствоаралық негізгі құралдарды есептейтін түгендеу 
карточка тізімдемесіне тіркеліп жазылады. 
Негізгі құралдардың сақталып және жұмыс істеп тұрған жері 
бойынша НҚ-13 санды түгендеу тізімі жасалады. 
Негізгі  құралдардың  жинақтау  есебі  №12  журнал-ордерде 
жүргізіледі. 
3.3. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ТҮСУ  
ЕСЕБІ, ОЛАРДЫҢ ҚҰЖАТТА БЕЙНЕЛЕНУІ 
Өндірістік  өнімнің  өсуі  ондағы  негізгі  құалдардың  өсуі  мен 
олардың сапасына байланысты болады. 
Сондықтан  кәсіпорындар  әрдайым  негізгі  құралдарын 
жаңартып отырғаны дұрыс. 
Кәсіпорындарға  негізгі  құралдар  сатып  алу,  салу,  құрылтай-
шылардың үлес қосуы, басқа ұйымдардың және жеке адамдардың 

 
25 
сыйға,  яғни  тегін  беруі,  сонымен  қатар  жоғары  үкімет 
орындарының беруі т.б жағдайлар арқылы келіп түседі. 
Келіп түскен негізгі құралдарға НҚ-1 санды қабылдау-тапсыру 
актісін  толтырады.  Салынып  біткен,  яғни  аяқталған  құрылыстар 
үшін  комиссия  оларды  іске  қосу-қабылдау  актісін  толтырады. 
Қабылдау актісі бухгалтерлік алғашқы құжат болып саналады.  
Онда:  
- объектінің аты;  
- объектіні қабылдап алушы мен тапсырушы ұйымның аты;  
- салынып біткен құрылыстың қабылданған кездегі жағдайы; 
- біткен уақыты;  
- амортизациялық аударым мөлшері; 
- бастапқы құны; басқа да шартты белгілері көрсетілуі тиіс. 
Салынып  біткен  ірі  объектілерге ұйымның  бас  механикалық 
бөлім  төлқұжат  толтырады.  Төлқұжатта  пайдалануға  берілген 
уақыты,  техникалық  сипаттамасы  (көлемі,  материалдық 
өзгешелігі,  тозу  мөлшері,  істен  шығарылу  себебі  тб  мәліметтер) 
жазылады.  
Негізгі  құралдарға  толтырылған  қабылдау-тапсыру  актісі 
кейіннен  ұйымның  бухгалтериясына  тапсырылуы  тиіс.  Актімен 
бірге объектінің техникалық төлқұжаттары да беріледі. 
Бухгалтерия  бұл  құжаттардың  негізінде  тиісті  түгендеу 
карточкаларын  және  негізгі  құралдарды  есептейтін  кітапша-
лардың  тиістілерін  толтырып,  тиісті  бөлімдерге  табыс  етеді. 
Актіні ұйым басшысы бекітеді.  
 
 
 
 
 
Негізгі құралдарды кіріске алғанда мынадай бухгалтерлік  
жазулар жазылады: 
№ 
Операциялар мазмұны 
Дт шот 
Кт шот 

Салынып жатқан құрылыс аяқталып 
кіріске алынды 
2410 
2930 

Негізгі  құралдар  қатарына  өткізілген 
жас малдарды есепке алу 
2520 
2930 

Көпжылдық өсімдіктерді кіріске алу 
2510 
2930 

 
26 

Уақытша  салынған  құрылысты  кіріске 
алу 
2412 
2930 

Үлес  қосушылардан  жарғылық  қорды 
толтыру  мақсатымен  кіріс  етілген 
негізгі құралдарға: 
-Келісілген құнына 
-Тозу құнына 
 
 
2410 
2410 
 
 
5110 
2420 

Жеке  н/е  заңды  тұлғалардан  сатылып 
алынған негізгі құралдарға: 
-қалдық құны б/ша 
 
ҚҚС 
 
 
2410 
 
1420 
1010,1030, 
1060,3310, 
3390,4430 
1010,1030, 
1060,3310, 
3390,4430 

Тәуелді,  еншілес  және  бірлесіп  бақы-
ланатын  заңды  тұлғалардан  кіріске 
алынған негізгі құралдар: 
Қалдық құн б/ша 
ҚҚС 
 
 
2410 
 
1420 
 
 
3320-3340 
 
3320-3340 

Заңды тұлғалар мен жеуке адамдардан 
келіп  түскен,  әзірше  ақшасы  төлен-
беген негізгі құралдар: 
Бастапқы құнына 
ҚҚС 
 
 
 
2410 
1420 
 
 
 
3310 
3310 

Жоғары үкімет орындарынан субсидия 
ретінде  келіп  түскен  негқұралдарды 
кірістеу: 
Қалдық құны б/ша 
Тозу құнына 
 
 
2410 
2410 
 
 
6230 
2420 
10 
Тегін  алынған  негізгі  құралдар  кіріс-
телді: 
Қалдық құны б/ша 
Тозу құнына 
 
2410 
2410 
 
6220 
2420 
11 
Түгендеуде  артық  шыққан  н/е  бұрын 
есепке  алынбаған  негізгі  құралдарды 
кіріске алғанда: 
Ағымдағы құн б/ша 
Есептелген тозу сомасына 
 
 
2410 
2410 
 
 
6280 
2420 
12 
Ұйымның  өзінде  өндірілген,  кіріске 
алынатын негізгі құралдар: 
Негізгі өндірістен 
Көмекші өндірістен 
 
 
2410 
2410 
 
 
8110 
8310 

 
27 
 
 
3.4. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЕСЕПТЕН ШЫҒУЫ  
ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰЖАТТАРДА КӨРІНІС ТАБУЫ 
Кәсіпорындардың өндірістік шаруашылық процесінде негізгі 
құралдың құрамында мынадай себептермен өзгерістер болады: 
- негізгі құралдардың қажет емес объектілерін өткізу (сату); 
- басқа кәсіпорындарға ақысыз тегін беру (сыйлау); 
- негізгі  құралдар  объектілерін  халық  тұтынатын  тауарларға 
немесе басқа тауар-материалдық құндылықтарға айырбастау; 
- көңеруі,  моральдық  тозғаны,  табиғи  апатқа  ұшырауы 
бойынша жою (шығыстан шығару); 
- кәсіпорын ішінде жекелеген объектілердің жылжуы; 
- басқа кәсіпорындарға олардың жарғылық капиталына салым 
түрінде беру; 
- негізгі  құралдар  объектілерінің  түгендеу  кезінде  жетіспеуі 
немесе бүлінуі; 
- негізгі құралдар объектілерін арзандату.               
Негізгі  құралдар  объектілерін  басқа  кәсіпорындарға  төлем 
шартымен  (аукциондар  мен  конкурстарда  сату)  өткізу  келісімді 
бағамен  жүзеге  асырылады.  Сатып  алушыға  объектіні  беру 
кезінде «Негізгі құралдарды қабылдау-беру (жылжыту) актісімен 
(нысан  №НҚ-1)»  үш  данада  рәсімделеді:  алғашқы  екеуі 
тапсыратын кәсіпорында (онда бірінші данасы есепке қосылады, 
екіншісі  беру  хабарламасына  және  акцептке  тіркеледі),  үшінші 
данасы негізгі құралдар объектілері қабылдаушы адамға беріледі. 
Актіге  объектінің  жағдайы,оның  бастапқы  құны,  тозу  дәрежесі 
көрсетіледі. 
Сонымен,  негізгі  құралдар  кәсіпорынның  есебінен  шыға-
рылады: 
 
Жойылғанда; 
 
Сатылғанда; 
 
Ауыстырылғанда; 
 
Өтеусіз берілгенде; 
 
Жойылғанда, сынғанда 
 
Жарғылық капитал ретінде салынғанда . 
Мысалы:  Жабдықтар  жойылады,  баланстық  құны  7500  тг. 
Тозу  сомасы  шығарылады  48000тг.,  жою  әрекеттері  үшін  еңбек 

 
28 
ақы  есептелді    16000  тг.,  демалыс  күндері  үшін  еңбек  ақыға 
резерв  есептелді  4200  тг.,  жабдықтарды  жою  себептерінен 
металлалом кіріске алынды 3200тг.: 
Дт 7410    Кт 2410   7500  баланстық құнға 
Дт 2420    Кт 2410   48000  тозу сомасына 
Дт  7410  Кт  3350  16000  жою  әрекеттері  үшін  еңбек  ақы 
есептелді 
Дт  7410    Кт  3500    4200  демалыс  күндері  үшін  еңбек  ақыға 
резерв есептелді 
Дт 1310    Кт 6210   3200 жабдықтардың жойылуынан 
металлалом кірістелді 
Жыл  соңында  7410  шоттың  сомалары  Д-ті  кредиттеліп  5410 
Дт-мен шотпен жабылады, ал 6210 шоттың К-ті дебеттеліп 6210 
шоттың Кт табысты көбейтеді. 
Дт 5610    Кт 7410   25700 
Дт 6210    Кт  5610   3200 
Объктінің жоюлуынан қаржылық нәтиже зиян шекті, ол 5610 
шотқа апарылу керек 
Дт 5510    Кт 5610   22500 
Негізгі  құралдар  сатылған  кезде  ,  егер  бұрын  ҚҚС  кіріске 
алынса  енді ол сатылған құннан есептеледі. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет