М. А. Молдашева


МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР ЕСЕБІ



Pdf көрінісі
бет3/12
Дата10.02.2020
өлшемі1.44 Mb.
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

3.5. МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР ЕСЕБІ 
Материалдық  емес  активтер–бұл  өндірісте  ұзақ  мерзім 
бойына  пайдалану  үшін  немесе  сатуға,  әкімшілік  мақсатқа  және 
басқа субъектіге жалға беруге арналған табиғи нысаны (мәні) жоқ 
ақшалай  емес  активтер.  Бухгалтерлік  есебі  38  «Материалдық 
емес  активтер»  ҚЕХС  (Қаржылық  есеп  берудің  халықаралық 
стандарттарына)  және  28  «Материалдық  емес  активтер  есебі» 
БЕС (Бухгалтерлік есеп стандарттары) сәйкес. 
Бұл активтерді анықтауға болады, олар субъектінің күшімен 
бақыланады  және  оларды  пайдаланудан  субъекті  болашақта 
экономикалық пайда табады деп күтіледі. 
Материалдық  емес  активтерді  анықтауға  болады:  егер  де 
оларды  жалға  берсе,  сатса,  айырбастаса;  болашақта  алынатын 
экономикалық олжаға олардың тікелей қатысы болса. Материал-
дық  емес  активтерді  субъект  бақылай  алатын  болса,  онда  оның 
экономикалық олжа табу мүмкіндігі ашылады. 

 
29 
Келешек  экономикалық  олжа,  осы  материалдық  емес  актив-
пен  тікелей  байланысты,  егер  олар  мынадай  жағдайда  алынса: 
болашақ  экономикалық  олжаны  өсіруде  материалдық  емес 
активтердің  рөлі  анықталса;  субъектіні  осы  активті  пайдалану 
қабілеттілігі мен ниеті болса; бүгінгі күнге пара – пар қаржылық, 
техникалық  және  басқа  да  ресурстар  бар  болып,  субъектіге 
болашақта  күтілетін  экономикалық  олжаны  алуға  қолайлы 
жағдай туғызса. 
Материалдық  емес  (ұстап  көруге  болмайтын)  активтер  – 
нақты  табиғи  нысаны  жоқ  сезілмейтін  құндылыққа  ие 
болғанымен  материалдық  активтердің  де,  материалдық  емес 
активтердің де құрамында кездесуі мүмкін. 
Мысалға,  кәсіпорын  технологиялық  құрал  –  жабдықты 
басқару үшін, оны компьютерлік  бағдарламамен қамтамасыз ету 
керек,  өйткені  онсыз  құрал  –  жабдықтар  қызмет  ете  алмайды. 
Сондықтан,  бағдарлама  құрал  –  жабдықтың  бөлінбейтін  бөлігі 
болып  саналады.  Осыдан,  компьютерлік  бағдарламамен  қамта-
масыз етуді ненің құрамында екені анықталуы керек, өйткені ол 
негізгі құралдың да, материалдық емес активтердің де құрамында 
есептелуі мүмкін. 
Кейбір материалдық емес активтер заттың (алып жүрушілер-
дің)  құрамында  болады,  атап  айтсақ:  компьютерлік  бағдарлама-
мен  қамтамасыз  ететін  –  дискетте,  фильм  –  лентасына,  заңды 
құжаттау  (лицензия,  патент)  –  қағазда  болады,  бірақ  дискетте, 
лентада,  қағазда  өз  кезегінде  қосалқы  элементтер  болып 
табылады  және  олар  активтің  мәнін  анықтау  үшін  негіз  бола 
алмайды. 
Бұған  қарамастан,  материалдық  та,  материалдық  емес  актив-
тердің  де  есебінде  көптеген  ұқсастықтар  бар,  бірақ  соңының 
есебінде  теңестіру  немесе  ұқсастыру,  өлшеу,  пайдалы  қызмет  ету 
мерзімін  бағалау  (анықтау)  сияқты  аспектілері  өте  күрделі  болып 
саналады. 
Кейбір  материалдық  емес  активтер  фирманың  басқа  да 
активтеріне  жеке  теңестірілуі  мүмкін,  мысалға,  патент,  сауда 
маркісі  сияқтылары,  ал  басқалары  болса  жеке  теңестірілмеуі 
мүмкін, керісінше, осындай материалдық емес активтердің құны 
басқа  да  фирманың  активтерімен  тығыз  байланыста  шығарылуы 
мүмкін: бұндай материалдық емес активтердің қатарына гудвилл 
жатады,  ол  клиенттердің  сеніміне  немесе  қызметкерлердің 
машықтық деңгейіне негізделеді.  

 
30 
Материалдық  емес  активтер  актив  ретінде  болашақта 
экономикалық  олжа  әкелетін  активтер  ретінде  танылады  (есепке 
тіркеледі)  басқа  активтер  сияқты.Бухгалтерлік  есепте  көбінесе 
негізгі құралдардың есебіне ұқсас жұргізіледі. Материалдық емес 
активтердің бастапқы құны оларды сатып алу құнына тең болады, 
бұған  оларды  алуға  кеткен  және  қолдануға  әзірлейтін  жағдайға 
(сатып алу бағасы, құны толып өтелмейтін салықтар мен алымдар 
және т.б. шығындар) келтіруге жұмсалған шығындар кіреді. 
Материалдық  емес  активтердің  құны,  активтердің  белсенді 
нарығы  бар  кезде  ғана  дұрыс  анықталуы  мүмкін;  кез  келген 
уақытта  мәміле  жасауға  ынта  білдіруші  сатып  алушы  мен 
сатушыны  табуға  және  бұндай  кезде  сатылған  және  сатып 
алынатын тауардың бағасы да халық үшін қолайлы болады. 
Материалдық емес активтердің бастапқы құны субъектінің өз 
күшімен  де  жасалуы  мүмкін,  ол  кезде  оның  құны  нақты  тікелей 
шығынымен  де  және  үстеме  шығысымен  де  танылады.    Ол 
шығындарды  есепке  алу    үшін,  2700  «Материалдық  емес 
активтер»  шоттарының  бөлімшесіне,  жеке  «Материалдық  емес 
активтерді  жасау  шығындары»  деп  аталатын  ішкі  (субшоты) 
алынуы мүмкін. 
Материалдық емес активтерді бағалау: 
1.  Басқа кәсіпорындар мен адамдардан ақыға сатып алынған 
материалдық  емес  активтер  есепте  оларды  сатып  алуға 
жұмсалған нақты шығындардың сомасымен көрсетіледі. 
2.  Кәсіпорынға  өтеусіз  келіп  түскен  материалдық  емес 
активтер сараптау жолымен бағаланады. 
3.  Жарғылық капиталға салым ретінде құрылтайшыдан келіп 
түскен активтер есепте тараптардың келісімімен белгіленген құн 
бойынша көрсетіледі. 
Материалдық  емес  активтердің  қолда  бар  қозғалысының 
есебі 2700 – бөлімшенің активтік шоттарында жүргізіледі: 
-  лицензиялық келісімдер мен франшиздер; 
-  бағдарламалық қамтамасыз ету; 
-  патенттер; 
-  авторлық құқық; 
-  гудвилл; 
-  саудалық марка және тауарлық аты; 
-  технология, рецепт және  формулалар; 
-  пайдалануға құқық; 

 
31 
-  бәсекеге түспеу міндеттемелер 
Материалдық  емес  активтердің  келіп  түсуі  мен  шығуы  бір 
данада жасалған №1 – нысандағы «Материалдық емес активтерді 
қабылдау - өткізу актісінде» көрсетіледі. 
Материалдық  емес  активтер  басқа  кәсіпорынға  табыс  етіл-
генде  (сатылғанда,өтеусіз  берілгенде)  акт  екі  дана  жасалады: 
өткізуші  және  қабылдаушы  кәсіпорындарға.  2700  –  бөлімшенің 
шоттары бойынша талдамалы есеп материалдық емес активтерді 
есепке  алудың  №2  МЕА  нысанындағы  инвентарлық  карточ-
касында  жүргізіледі.  Инвентарлық  карточкалардың  деректерін 
материалдық  емес  активтерді  есепке  алу  ведомосінде  топтас-
тырылады. 
1. Басқа заңды және жеке тұлғалардан сатып алу: 
 а.  сатып  алынған  материалдық  емес  активтердің  келісім 
құнына (ҚҚС–сыз)  Д-т 2710     К-т 3310; 
ә. ҚҚС сомасына  Д-т 1420     К-т 3310; 
б. ҚҚС-ты есепке алу  Д-т 3130     К-т 1420; 
в. ұсынылған шотты төлеу    Д-т 3310     К-т 1030, 1010. 
 2.  Материалдық  емес  активті  кәсіпорынның  өзі  жасауы 
(бағдарламалық  қамтамасыз ету, интеллектуалды құн объектісін 
құру, сауда белгілерін әзірлеу): 
а. жұмсалған материалдардың құнына   Д-т 2930    К-т 1310; 
ә. әзірлеушілердің жалақысы                   Д-т  2930     К-т 3350; 
б. жалақыдан аударым сомасына             Д-т  2930     К-т 3150; 
3. Материалдық емес активтердің жарғылық капиталға салым 
ретінде  түсуі,  келіп  түскен  материалдық  емес  актвтердің 
сомасына       Д-т 2730     К-т 5110 
4. Материалдық емес активтердің  өтеусіз тегін түсуі  
 Д-т 2730      К-т 6280,6220,6230 
Жыл соңына: Д-т 6280,6220,6230     К-т  5610. 
5610            5510 
3.6. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТОЗУ ЕСЕБІ 
Негізгі  құралдар  ұзақ  уақыттық  кезеңі  ішінде  шаруашылық 
қызмет процесінде бола отырып, бірте-бірте тозады.  
Тозу-бұл  табиғи  /физикалық/  және  моральдық  мінездеме-
лерінен айырылуы.  
Табиғи  тозу  негізгі  құралдарды  пайдалану  және  сыртқы 
факторлардың әсер ету нәтижесі болып саналады.  

 
32 
Моральдық  тозу  соның  нәтижесінде  активтер  ғылым  мен 
техниканың  қазіргі  даму  талаптарына  сәйкес  келмеу  нәтиже-
сіндегі процесті білдіреді.  
Негізгі құралдарды моральды тоздыратын факторлар:  
1. Өндірістегі жабдықтар мен жабдықтардың жаңаруы;  
2. Технологиялық процестің жетілуі; 
3.  Шығарылған  өнім  номенклатурасының  жаңаруы  мен 
өзгеруі; 
4.  Тауар  өндіруге  арналған  машиналар  мен  жабдықтардың 
санын  азайтуға  субъектіден  талап  ететін,  кейбір  тауалар 
сұраныстың азаюы; 
5. Жұмыс күшінің, білікті қызметкерлердің еңбекпен қамты-
луындағы,  өндірістің  географиялық  орналасуындағы  өзгерістер. 
Олар  өндіріс  көлемін,  пайдаланылатын  машиналар  мен  жаб-
дықтардың санын азайтуға талап етуі мүмкін;  
6. Өнеркәсіптің өңдеуші салаларындағы  шикізат құрамының 
жиынтығындағы  өзгеріс,  өнімнің  жекелеген  түрлерін  өндіру 
қажеттілігі.  Бұлар  өнеркәсіптің  өндіруші  салаларындағы  өндіріс 
көлемінің қысқаруына әкеп соқтыруы мүмкін. Моральды тозудың 
нәтижесінде  физикалық  тозу  басталғанға  дейін  негізгі  құрал 
объектілерін  жаңасына,  неғұрлым  үнемдісіне  ауыстырады. 
Моральды  тозуды  болдырмас  үшін  негізгі  құрал  объектілерін 
қайта  құрады  және  жаңғыртады.  Мұражай  және  қылқалам 
құндылықтарынан кітаптардан, фундаментальді кітапханалардан, 
фильмдер  қорынан,  сәулет  пен  өнердің  ескерткіші  болып 
табылатын  үйлер  мен  ғимараттардан  басқа  негізгі  құралдардың 
барлығы моральды тозуға бейім.  
 
 
 
 
 
3.7. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ АМОРТИЗАЦИЯСЫН  
ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕРІ 
Амортизация – бұл қызмет мерзімі ішінде активтің амортиза-
цияланатын  құнын  жүйелі  бөлу  түрінде  тозудың  құнмен 
көрсетілуі,  басқалай  айтсақ,  есептелген  амортизация  сомасы 
белгілі  бір  кезең  ішінде  пайдаланған  немесе  тұтынған  негізгі 
құралдардың құнын көрсетеді.  

 
33 
Амортизацияланатын құн пайдалы қызмет мерзімі аяқталған-
нан  кейін  сыныққа,  қалдықтарға  айналатын  қосалқы  бөлшек-
тердің  болжанатын  құны  ретінде  негізгі  құралдардың  түсуі 
кезінде  анықталатын  бастапқы  құн  мен  жою  құны  арасындағы 
айырманы  білдіреді.  Амортизациялық  жарналар  (аударымдар) 
әрбір  есепті  кезең  үшін  өнімдердің  тауарлардың,  жұмыстар  мен 
қызметтердің элементі және шығысы ретінде танылады.  
Амортизациялық  аударымдар  амортизация  нормалары 
бойынша жасалынады.  
Амортизация нормасы - бұл амортизациялық аударымдардың 
жылдық сомасының негізгі құралдардың жылдық орташа құнына 
қатынасы.  
Негізгі  құралдарға  амортизация  (тозуын)  есептеудің  басты 
мақсаты олардың құнын өтеу көзін таба білуден тұрады. Бұл көз 
амортизацияны  шығыстарға,  шығындарға  қосу  есебінен  жаса-
лады (есептелмейді өнім беретін малдарға, кітапхана қорларына, 
консервацияға салынған негізгі құралдарға). 
Амортизациялық  жарналардың  сомасын  көбейту  немесе 
азайту  шығыстарды  бұрмалауға  алып  келеді,  мұнан  жиынтық 
жылдық кірістің көлемін, кірістерді бұрмалау орын алады, демек, 
салық салудағы дәлсіздіктерге әкеліп соғады.  
Жұмыс істеген бүкіл кезең ішіндегі амортизациялық жарналар-
дың  жалпы  мөлшері  амортизацияланатын  құнға  немесе  бастапқы 
және тарату құндары арасындағы айырмаға теңестірілуі тиіс.  
Амортизация кәсіпорында ай басында бар негізгі құралдарға 
есептеледі.  Кіріске  алынған  негізгі  құралдар    келесі  айдың 
бірінен  басталып  есептеледі,  ал  шығысқа  шығарылған  негізгі 
құралдар  келесі айдан бастап есептеуі  тоқтатылады. 
2 ҰҚЕС талаптарына сәйкес амортизацияның 4 әдісі бар. 
 
 
 
Амортизациялық аударымды есептеу әдістері 

 
34 
 
 
Бухгалтерлік есебі 2420 шоттың К-де жүргізіледі. 
Негізгі  құралдардың  құны  бойынша  амортизацияны  бірқа-
лыпты  (тозу  сызықты)  есептеу  әдісі,  яғни  объектінің  құны,  оның 
қызмет  ету  мерзімі  ішінде  өндіріс  шығындарына  біркелкі  норма 
бойынша  жатқызылады.  Бұл  әдіс  негізгі  құралдардың  тозуына, 
оның қызмет ету мерзімінің ұзақтығына байланысты болып келеді. 
Бұл әдісте амортизациялық соманы аудару үшін: 
-  қызмет  етудің  пайдалы  мерзімі.  Бұл  кезде  пайдалануға 
берілген  объектінің  жағдайы  ескеріледі  және  күтіп  ұстау 
жағдайына  да  байланысты  болып  келеді  (жөндеу  мәселесі  және 
техникалық жағдайы, ауа райының оған тигізетін әсері т.б.) 
Амортизациялық 
аударым есептеу 
әдістері 
 Құнды бірқалыпты 
есептен шығару 
/тура жолды/ 
 Құнды орындалған 
жұмыстың, 
өндірілген өнімнің  
көлеміне  тепе-тең 
мөлшерде есептен 
шығару /өндірістік 
әдіс/ 
Жеделдетіп 
есептен шығару:  
1/ қалдық құнының 
кему;  
 2/ кумулятивтік 
Құнды бірқалыпты 
есептен шығару 
әдісі   
Бастапқы құн-
қалдық құн / 
Пайдалану мерзімі 
Өндірістік әдіс = 
(Бастапқы құн-
қалдық құн /Жалпы 
өндірілуге тиіс өнім 
саны)* әр жылдағы 
өндірілген өнім саны 
 
Кумулятивтік әдіс 
=Қалған жылдар 
саны /  
Пайдаланылатын 
жыл сандарының 
қосындысы *   
(бастапқы құн –
қалдық құны) 
 
Қалдық құнының 
кему әдісі= 
Баланстық құн* 
амортизация 
мөлшеріне(%) 

 
35 
-  Қазақстан  Респупбликасының  салық  заңдылықтарының 
белгіленген амортизациялық нормасының шегінде. Шаруашылық 
жүргізуші  субъектісіндегі  белгіленген  нормалар,  салық  заңды-
лығының нормасынан аспауы тиіс. 
 
 
3.8. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ТҮГЕНДЕУ ЕСЕБІ 
Негізгі  құралдарға  түгендеу  болар  алдында  мыналар 
тексеріледі:  
- инвентарлық карточкалардың жағдайы, инвентарлық таңба-
лар мен есеп бойынша негізгі құралдардың тізімі; 
-  техникалық  куәліктердің  жағдайы  және  басқа  техникалық 
құжаттар; 
-  берілген  объектінің  жеке  кәсіпкер  немесе  ұйымның  менші-
гінде тұрғанын дәлелдейтін құжат және арендаға берілген немесе 
қабылданған,  жауапкершілікті  сақтаудағы.  Құжаттардың  жоқ 
кезінде  олардың  алынғанын  немесе  дайындалғанын  қамтамасыз 
ету керек. 
Негізгі  құралдарды  түгендеу  кезінде  комиссия  объектілерге 
қарап,  инвентарлық  құжатқа  олардың  толық  атын,  бағытын, 
инвентарлық  номерін,    негізгі  техникалық  және  эксплутациялық 
көрсеткіштерін жазып отырады. 
Объекттің  негізгі  бағытына  қарай  негізгі  құралдардың  
атаулары  құжатқа  енгізіледі.  Егер  объект  қайта  қалыптастыруға, 
кеңейтуге  ұшырап,  оның  қолдану  бағыты  өзгерсе,  онда  ол 
құжатқа өзінің жаңа бағыттағы атымен енгізіледі. 
Шаруашылық  түгендеу  кезінде  цех  немесе  бөлімге  бірдей 
уақытта  келіп  түскен  бірдей  бағадағы  құралдар,  станоктар  т.б 
аттары мен сандары бір типті инвентарлық карточкада жазылады.  
Есепке  алынбаған  және  есептік  регистрда  жоқ  немесе  қате 
көрсетілген  объектілерді  комиссия  инвентарлық  құжатқа  жеткі-
ліксіз  деп  белгілейді,  мына  объект  бойынша  дұрыс  мәліметтер 
мен техникалық көрсеткішкер: 
 ғимараттар бойынша – олардың бағыты, негізгі материалдар, 
көлемі, алаңы, қабаттар саны, қосымша құрылыстар; 
 каналдар бойынша – қашықтығы, тереңдігі, ені; 
 көпірлер  бойынша  –  орналасуы,  материалдардың  түрі, 
олардың өлшемдері т.б. 

 
36 
Түгендеу кезінде ұйымның орналасқан жерінен басқа жердегі 
негізгі  құралдар  объектісі  үшін  түгендеу  өткізілді  деген  үкім 
берілуі керек.  
 
Бақылау сұрақтары: 
1.  Негізгі құралдар дегеніміз не? 
2.  Негізгі құралдардың жіктелуі  
3.  Негізгі құралдардың бағалануы 
4.  Негізгі құралдарды пайдалану және түсу есебі 
5.  Олардың құжатта бейнеленуі. 
6.  Негізгі құралдарды есептен шығуы  
7.  Олардың құжаттарда көрініс табуы. 
8.  Негізгі құралдарды ағымдағы  жалға беру есебі. 
9.  Ұзақ мерзімді жалға беру есебі. 
10. Материалдық емес активтер дегеніміз не? 
11. Негізгі құралдарға амортизациясы есептеу әдістері 
12. Негізгі құралдарға түгендеу жүргізу тәртібі 
 
 
Тәжірибелік жұмыс тақырыбы: «Негізгі құралдар мен 
материалдық емес активтердің есебі» 
 
№1 тапсырма 
Берілгені: 
«Сая» ЖШС 160 000 теңгеге ғимарат орналасқан жер телімін 
сатып  алады,  бірақ  бұл  телім  жаңа  қызметке  арналғандықтан 
ғимарат жоюға жіберіледі. Келісім-шартты құрастыруға қатысқан 
заң  қызметкеріне  және  агент  қызметіне  8000  және  3000  теңге, 
ғимаратты  бұзу  10  000  теңге,  ғимаратты    бұзу  кезінде  алынған 
материалдарды өткізуден табыс – 3000 теңге, жер телімін тазалау 
және тегістеу бойынша шығындар – 2000 теңгені құрады. 
Орындау керек: 
1. Алынған жер учаскісінің бастапқы құнын анықтау керек. 
2. Төменде  көрсетілген  операцияларды  бухгалтерлік  есеп 
шоттарында көрсету қажет. 
 
 
 
 

 
37 
№2 тапсырма 
Берілгені: 
№ 
Шаруашылық операциялар мазмұны 
Сомасы 
(теңгемен) 

Өндірістік инвестардың баланстық құны есептен 
шыңарылды 
820 000 

Тозу есептелінді: 

Өндірістік құрал бойынша 

Әкімшілік ғимараты бойынша 

Дайын өнімді жеткізумен айналысатын 
көліктер бойынша 
 
14 200 
9 000 
15 600 

Ғимаратты қайта бағалау нәтижесінде негізгі 
құралдардың бастапқы құны ұлғайтылды 
52 400 

Жабдықтаушылардан негізгі құрал келіп түсті 
(ҚҚС-сыз) 
-ҚҚС сомасына 12% 
690 000 


Жарлық каптиталға салым ретінде басқа да 
негізгі құралдар келіп түсті 
1 200000 

Құрал-жабдықты өткізу кезінде бұрын 
есептелінген тозу есептен шығарылды 
15 000 

Есеп беруге тиісті сомалар есебінен негізгі 
құралдар алынды 
145 900 

Өткізілген жабдықтың келісім құнына сәйкес 
сатып алушыға шот көрсетілді  
-ҚҚС сомасына 
1 400000 


Ұолма-қол ақшаға жихаз алынды 
90 000 
10  Ұзақ мерзімді жал шартында көлік құралдары 
келіп түсті 
100 000 
11  Негізгі құралдарға жүргізілгенкүрделі жөндеу 
үшін мердігерлер шоты төлемге қабылданды 
-ҚҚС сомасына 
 
56 000 

12  Өндірістік мақсаттағы негізгі құралдарды 
жөндеуге қор есептелінді 
32 000 
13  Заңды тұлғалардан қайтарусыз құрал келіп түсті 
720 000 
 
Орындау керек: 
1. Шаруашылық  операциялары  бойынша  тіркеу  журналын 
жүргізу қажет. 
2. ҚҚС сомасын есептеу керек. 
3. Шот кореспонденциясында көрсету керек. 

 
38 
№3 тапсырма 
Берілгені: 
Өндірістік  кооператив  ағымдағы  жылдың  қаңтар  айында           
280  000  теңгеге  кірпіш  күйдіретін  пеш  агрегатын  сатып  алды. 
Сатып алу кезінде пайдалы қызмет мерзімі – 7 жыл, жою құны – 
5 000 теңге екені анықталды. 
Құралдың  өндірістік  қуаттылығы  жылына  200  000  дананы 
құрайды. 
Орындау керек: 
1. Өндірістік  әдісті  қолдана  отырып,  пайдалы  қызмет 
мерзіміне амортизация соммасын анықтау қажет. 
2. Болжамды  пайдалы  қызмет  мерзім  5  жыл  деп  өндірістік 
әдісті пайдалана отырып, амортизация сомасын анықтау қажет. 
 
№4 тапсырма 
Берілгені: 
Фирманың қарамағында бастапқы құны 100000 теңге болған 
құрал-жабдықтар  бар.  Құрал-жабдықтардың  өтемділік  құны 
10000 теңге. Пайдаланылу мерзімі 5 жыл. 
Фирманың  есептік  саясатына  сәйкес  құрал-жабдықтар  бой-
ынша амортизацияны есептеудің кумулятивті әдісі қолданылады.  
Орындау керек: 
1.  Құрал-жабдықтардың  амортизациялық  құны  мен  баланс-
тық құнын жыл аяғына келтіріп есептеңдер. 
2. Шоттарға өндірістік құрал-жабдықтар бойынша амортиза-
цияны есептеу операцияларын түсіріңдер. 
 
№5 тапсырма 
 
Берілгені: 
№ 
Операциялар мазмұны 
Бух.жазу 
Дт 
Кт 

Ұйымның салынып жатқан құрылысы аяқталып 
кіріске алынды 
 
 

Негізгі құралдар қатарына өткізіліп жас 
малдарды есепке алу 
 
 

Көп жылдық өсімдіктерді есепке алу 
 
 

Уақытша салынған құрылысты кіріске алу 
 
 

 
39 

Үлес қосушылардан жарғылық қорды толтыру 
мақсатымен кіріс етілген негізгі құралдарға:  
- келісілген құнына; 
-тозу құнына;  
 
 

Жеке немесе заңды тұлғалардан сатылып 
алынған негізгі құралдарға: 
- қалдық құн бойынша
- қосылған құн салығы сомасына; 
 
 

Тәуелді, еншілес және бірлесіп бақыланатын 
заңды тұлғалардан кіріске алынған негізгі 
құралдар: 
- қалдық құн бойынша; 
- қосылған құн салығы сомасына; 
 
 

Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан келіп 
түскен, әзірге ақшасы төленбеген негізгі 
құралдар: 
- бастапқы құны бойынша; 
- қосылған құн салығы сомасына; 
 
 

Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан тегін 
(ақысыз, қайтарусыз) алынган негізгі 
құралдарды кіріске алу: 
- қалдық құн бойынша; 
-тозу құнына; 
 
 
10  Түгендеу немесе тексеру кезінде артық шыққан 
немесе бұрын есепке алынбаған негізгі 
құралдарды кіріске алғанда: 
-ағымдағы құны бойынша; 
- есептелген тозу сомасына; 
 
 
11  Ұйымның өзінде өндіріліп, кіріске алынатын 
негізгі құралдар: 
- негізгі өндірістен; 
- көмекші өндірістен;  
 
 
 
Орындау керек: 
Негізгі құралдарды кіріске алу операцияларына  бухгалтерлік 
жазба көрсету 
 
 
 
 
 

 
40 
№6 тапсырма 
 
Берілгені: 
 
Орындау керек: 
Негізгі құралдар есептен шығарылғанда операцияларына  
бухгалтерлік жазба көрсету 
 
№7 тапсырма 
Берілгені: 
Ағымдағы  жылдың  18  қарашасында    әрқайсысы  150  000 
теңге  тұратын  екі  компьютердің  жоғалғаны  анықталды.  Жоғалу 
кезінде  әрбір  обьектіге  шығын  35  000  теңге  мөлшерінде 
есептелінген. 
Орындау керек: 
Анықталған  жоғалту  нәтижелерін  бухгалтерлік  есеп 
шоттарында көрсету қажет. 
 
№ 
Операциялар мазмұны 
Бух.жазу 
Дт 
Кт 

Есептен шығарылған негізгі құралдар: 
-  Баланстық құнына; 
-  Бұрынғы есептелген тозу сомасына; 
-  Сатылған негізгі құралдардың келісілген 
бағасына; 
-  Сатып алушыға шот-фактура бойынша 
есептелген ҚҚС сомасына; 
-  Негізгі құралдардың қайта бағаланған 
құнын есептен шығару. 
 
 

Тозған, бүлінген істен шыққан негізгі 
құралдарды есептен шығарғанда іске 
жарайтын материалдардың, бөлшектерін 
кіріске алу 
 
 

Негізгі құралдарды сатқаннан алынған 
табыс 
 
 

Негізгі құралдарды есептен шығарғанда 
қайта бағалаудан болған сома бөлінбеген 
табысқа апарылды. 
 
 

 
41 
№8 тапсырма 
 
Берілгені: 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет