М. А. Молдашева


№  Операциялардың мазмұны



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата10.02.2020
өлшемі1.44 Mb.
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

№ 
Операциялардың мазмұны 
Сомасы 

Негізгі  өндірістен  алынған  дайын  өнім  қоймаға 
кірістелді 
750 000 

Өткізілген дайын өнім нақты құны бойыншаесептен 
шығарылды 
750 000 

Сатып алушыға шот қойылды (ҚҚС-сыз) 
780 000 

Қосымша құн салығының сомасына 


Сатылған өнімнің құны сатып алушыдан алынды 

Орындау керек: 
Бухгалтерлік есеп шоттарында операцияларды көрсету. 
 
№4 тапсырма 
Берілгені: 
1.  «Квант»  өндірістік  кәсіпорны  жеткізу  келісім  шартына 
сәйкес  «Мир»  акционерлік  қоғамына  өзіндік  құны  450 000  тұ-
ратын дайын өнімді тиеп жіберді. Өнімнің келісілген бағасы ҚҚС 
қоспағанда  660 000  теңге.  ҚҚС  келісілген  бағаның  12%  көле-
мінде.  Келісім  бойынша  мерзімінен  бұрын  төлеген  акционерлік 
қоғамға  5%  жеңілдік  жасалады.  Сатып  алу  келісім  шарт  талап-
тарын  орындады.  Тиісті  сома  өндірістік  кәсіпорынның  есеп 
шотына түсті. 
Орындау керек: 
1.  Тиелген  жүк  үшін  сатып  алушымен  есептесу  жасап,  оны 
бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетіңдер. 
2.  Дайын  өнімді  сатып  алушыға  жіберу  операциясынан 
түскен пайданың сомасын есептеп табыңдар. 
 
№5 тапсырма 
Берілгені: 
Өндірістік кәсіпорыннан ҚҚС қосылмаған келісілген бағамен 
360 000  теңге  сомасына  материалдар  сатып  алынды.  ҚҚС  12%. 
Алынған шикізаттан өзіндік құны  600 000 теңге  тұратын дайын 
өнім  алынды.  Дайын  өнім  сатып  алушыларға  келісілген  бағамен 
ҚҚС қоспай 850 000 теңгеге өткізілді, ҚҚС 12%.  
Орындау керек: 
1.  Жеткізушіден  алынған  материалдарды  кірістеу  операция-
ларын шотқа түсіру керек. 

 
54 
2.  Дайын  өнімді  сатып  алушыларға  өткізу  операцияларын 
шотқа түсіру керек. 
3. ҚҚС қосып есептеу керек. 
 
№6 тапсырма 
Берілгені: 
Фирма 250 000 тг. тауар сатып алды. 
Орындау керек: 
1.  Тауарды алуды анықтау; ҚҚС есептеу. 
2.  Осы  тауарды  сатудан  нәтижесін  анықтау,  егер  ол  400 000 
тг. сатылған болса. 
Бухгалтерлік жазу беру 
 
№7 тапсырма 
Берілгені:  
1.  Негізгі өндірістен дайын өнім кірістелді 
2.  Көмекші өндірістен дайын өнім кірістелді 
3.  Дайын өнім төлемсіз берілді 
4.  Түгендеу барысында табылған артық дайын өнім кірістелді 
5.  Дайын өнім әкімшілік мақсатта пайдаланылды 
6.  Дайын өнім бойынша жетіспеушілік кінәлі адамға жазылды 
7.  Дайын өнім бойынша жетіспеушілікке кінәлі адам табылмады 
Орындау керек: 
Тіркеу журалында шоттар корреспонденциясын көрсету 
V тарау 
АҚША ҚАРАЖАТЫ ЖӘНЕ ЕСЕП АЙЫРЫСУ 
ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІ 
 
 
5.1. КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР  
ЖҮРГІЗУДІҢ ТӘРТІБІ 
Қолма-қол  ақшаны  қабылдау,  сақтау  және  жұмсау  үшін 
кәсіпорында  касса  болады.  Қолма-қол  ақшамен  жұмыс  істеу 
ережелері ҚР-сы Ұлттық банкінің нұсқауымен бекітілген. Нұсқау 
мыналарды ұйғарады:  
- ҚР банк мекемелерінде барлық ақша қаражатын сақтау; 
-  Чекке  көрсетілген  мақсаттарға,  банктерден  алынатын 
қолма-қол ақшаларды жұмсау; 

 
55 

Банк  мекемелерімен  бекітілген  лимиттер  шегінде 
кәсіпорынның кассасында қолма-қол ақшаны сақтау; 
-  Кассалық  құжаттарды  дайындау  және  қолма-қол  ақшаны 
қабылдау мен беру тәртібі; 
-  Ақша  қаражаттарын  сақтау  мен  тасымалдау  кезінде 
олардың түгендігін қатамасыз ету бойынша көрсетулер
- Кәсіпорын кассаларының орнын жабдықтау тәртібі. 
Кассир  жұмысқа  орналасқан  кезде  кассалық  операцияларды 
жүргізу  ережелерімен  танысып  және  кәсіпорын  әкімшілігімен 
толық  жеке  материалдық  жауапкершілік  туралы  келісімшартқа 
отыруға тиісті 
Кассалық операцияларға төмендегі құжаттар пайдаланылады: 

Кіріс кассалық ордерлар; 

Шығыс кассалық ордерлар; 

Кіріс пен шығыстық кассалық ордерлерді тіркеу журналы; 

Кассалық кітап. 
Кассаға  қолма-қол  кіріс  кассалық  ордер  бойынша  қабыл-
данады,  ал  шығыс  етілуі  –  шығыс  кассалық  ордерлері  арқылы 
жасалады. Оларға ақша алу немесе беруге негіз болған құжаттар 
қоса тігіледі. 
Ақша  өткізетін  тұлғаға  кіріс  кассалық  ордердің  бөлігі 
болатын жыртылмалы квитанция беріледі.  
Қолма-қол ақша  беру кезінде шығыс кассалық ордер немесе 
оған  қоса  тігілетін  құжаттарда  қаржы  басқарушының    қолдтаң-
басы  болуы  тиіс.  Құжаттарға  келсек,  олар  қайта  пайдалану 
мүмкіндігін  болдырмайтын  күні,  айы,  жылы  белгіленген 
«Алынды»  немесе  «төленді»  таңбасымен  жойылады.  Кіріс  және 
шығыс кассалық ордерлерде ешқандай өшірулер мен түзетулерге 
жол берілмейді.  
Кіріс  және  шығыс  ордерлер,  оларға  кезекті  нөмір  беріледі, 
тіркеу журналында есепке алынады.  
  Кассалық  операциялар  бухгалтерлік  кітаптарды  жүргізу 
жөнінде  алдын-ала  қарастырылған  барлық  талаптарға  сай  
келетін кассалық кітапта жазылады. 
Беттер нөмірленіп, кітап түптеліп, ал ондағы парақтарға саны 
басшы  мен  бас  бухгалтердің  қолтаңбалары  және  кәсіпорынның 
мөрі қойылуы тиіс.  
Кассалық  кітаптағы  жазулар  көшіргіш  арқылы  екі  данадан 
жазылады.  Екінші  данасы  –  жыртылмалы,  оға  тіркелетін 

 
56 
құжаттарды  қоса,  ол  кассирдің  есебі  болып  саналады.  Есеп 
күнделіктьі  қолма-қол  ақшаның  келуі  мен  шығыс  етілуі  барысы 
бойынша жазылады.  
 
Кассалық кітапты толтыру үлгісі 20__ж. 10 қаңтарындағы  
касса 1 парақ 
Құжат-
тың № 
Шаруашылқ операцияның 
мазмұны 
Байла-
ныс 
шоты 
Кіріс 
Шы-
ғыс 
Күннің басталуына қалдық 
1250 


К.Шахатовтан  есепті  соманың 
қайтарылуы 
1250 
1200 


«Халық  банк»  ААҚ  банкіден  АБ 
№026036 чек бойынша ақша крісі 
1030 
110000 


М.  Алиеваға  –  іссапар  шығыс-
тарына есепті сома беріледі 
1250 

15000 

Желтоқсан  айының  еңбекақысы 
төленді 
3350 

95000 
Бір күндегі жиынтық 
111200 
110000 
Күннің соңына қалдық 
2450 

Оның ішінде еңбекақы төлеуге 


 
Кассир:    
(қолтаңбасы) 
Құжаттарды  тексеріп  және  екі  кіріс,  екі  шығыс  кассалық 
ордер қабылдадым 
Бухгалтер:  (қолтаңбасы) 
Қолма-қол  ақшаның  келуі  мен  берілуінің  жинақтау  есебі 
№1010  «Кассадағы  теңгемен  ақша  қаражаты»  активті  шотында 
жүргізіледі.  №1010  шоты  бойынша  сальдо  айдың  басына  касса-
дағы  қолма-қол  ақшаның  қалдығын  көрсетеді.  Дебет  бойынша 
айналым  –  есеп  айырысу  шотынан  ақшаның  келуі,  өнімнің 
өткізілуі  үшін  қолма-қол  ақшамен  төленуі,  есепті  сомалардың 
жасалмаған бөлігін кассаға қайтару және т.б. бейнеленеді. Кредит 
бойынша – қолма-қол ақшаның жұмсалуы бейнеленеді.  
Бұл операцияларды төмендегідей бейнелейміз 
Өткізілген өнімдер үшін теңгемен ақша алынды: Дт-1010  
Кт-1210«Сатып  алушылардың  қысқа  мерзімді  дебиторлық 
берешегі» 
Есепті тұлғалардың пайдаланбаған қаражатын қайтару: Дт-1010 
Кт-1250 «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» 

 
57 
Есеп айырысу шотынан қолма-қол ақшаның келуі: Дт-1010 
Кт-1030  «Ағымдағы  банктік  шоттардағы  теңгемен  ақша 
қаражаттары» 
Кредиторлық қарыздардың жабылуы: Дт-1010 
Кт- 3390 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» 
Түскен  материалдарға  теңгемен  ақша  төленді:  Дт-1310 
«Шикізат пен материалдар»  Кт-1010 
Тұлғаларға  есепті  негізде  ақша  беру:  Дт  -  1250  «Қызмет-
керлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»  Кт-1010  
Қолма-қол ақшаны есеп айырысу шотына өткізу: Дт-1030 «Ағым-
дағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаттары»  Кт-1010  
Еңбекақы төленді: Дт-3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа 
мерзімді берешек»  Кт-1010 
ҚР-дағы  бухгалтерлік  есеп  және  есеп  беру  туралы  ережелерге 
сәйкес,  кәсіпорын  жыл  сайын  мүліктің,  оның  ішінде  қолма-қол 
ақшаның  түгендеуін  жүргізіп  отыруы  тиіс.  Түгендеу  кезінде 
бухгалтерлік  есептегі  мәліметтер  мен  қолма-қол  ақшаның  нақты 
мөлшері арасындағы айырмашылығы төмендегі тәртіппен реттеледі.  
Ақша  қаражаттарының  артығы  кіріске  алынып  және  қаржы-
лық нәтижелерге апарылуға жатады. Есепте сомаға № 1010 шот-
тың  дебеті  мен  №  6280  «Басқа  да  кірістер»  шотының  кредиті 
бойынша  проводка  жасалады.  Кейін  артық  ақша  мен  айыпты 
тұлғалар анықталады. 
5.2. АҒЫМДАҒЫ БАНКТІК ШОТТАҒЫ  
ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІ 
Кәсіпорын материалдарды жеткізушілермен, өнім алушылар-
мен  немесе  қызметтерді  пайдаланушылармен  шаруашылық  бай-
ланысқа  түсіп,  олармен  есеп  айырысу  қатынастарында  болады. 
Есеп  айырысу  қатынастары  алушылардың  белгіленген  уақытта 
алынған  материалдық  құндылықтардың  орындалған  жұмыс-
тарымен  қызметтердің  құнын  төлеу  міндеттемелерін,  сондай-ақ 
жеткізушілердің  алушылардан  төлемақыны  талап  ету  құқығына 
негізделеді.  
Есеп  айырысу  қатынастарында  мемлекеттік  бюджет,  әлеу-
меттік  қамсыздандыру,  зейнетақы  қоры  және  т.б.  органдарымен 
де пайда болады.  
Ағымдағы банктік шотын ашу үшін кәсіпорын банкіге төмен-
дегі  құжаттарды  өткізеді.  Шот  ашу  жөніндегі  өтініш,  кәсіпорын 
ұйымдастырылуының  заңдылығы  туралы  құжат  (нотариуспен 

 
58 
бекітілген  құрылтайшылардың  шешімі),  жарғы  көшірмесінің  бір 
данасы,  мөрдің  таңбасымен  қоса  кәсіпорпынның  қаржылар 
басқарушылардың  қолтаңбалары  қойылған  нотариуспен  бекітіл-
ген  екі  карточка,  кәсіпорынның  тіркелуі  туралы  статистикалық 
органдардан  анықтама  және  есептеу  қою  туралы  салық 
инспекциясының анықтамасы.  
Қазақстан  Республикасының  Президентінің  Жарлығына 
сәйкес,  әрбір  кәсіпорын,  мекеме,  ұйым  өзінің  негізгі  қызметі 
бойынша  операцияларды  жүргізу  үшін  банк  немесе  басқа  несие 
мекемесінде  бір  ағымдағы  (есеп  айырысу)  және  бюджеттік  шот 
ашуға құқылы.  
Кәсіпорын  есеп  айырысу  шотына  өткізілген  өнім  үшін 
ақшалар,  аванстық  төлемдер,  банктың  несиелері,  дебиторлық 
қарыздар, кассадағы қолма-қол ақша және т.б. келіп түседі.  
Ағымдағы  банктік  шотында  қолма-қол  ақшасыз  есептер 
жүргізіледі,  еңбекақы  төлеу,  іссапар,  шаруашылық  және  өкілдік 
шығыстарына  қолма-қол  ақша  беріледі.  Қолма-қол  ақша 
мәлімдемеге сәйкес босатылады.  
Қолма-қол  ақша  беруді,  сондай-ақ  есеп  айырысу  шотынан 
ақша  аударуларын  әдеттегіше,  банк  ағымдағы  шот  иесінің 
бұйрығы  негізінде  немесе  оның  келісімі  (акцепті)  бойынша 
жүргізеді. 
Банктік ағымдағы шоттарда операциялар жүргізу үшін негізі 
ретінде  бастапқы  құжаттар  төлем  тапсырмалары,  чектер,  қолма-
қол ақшаны өткізу үшін хабарландырулар болып табылады.  
Төлем  тапсырмасы  кәсіпорынның  ағымдағы  шотынан 
алушының ағымдағы шотына, онда көрсетілген қаржыны шығыс 
ету үшін қызмет атқарады. 
Ақша чегі банкіге қолма-қол ақшаның көрсетілген көлемінде 
ағымдағы шоттан босату туралы бұйрық болып саналады.  
Төлем  тапсырмасы,  бұл–банкіге  тиісті  қаржыларды  жеткізу-
шілер салық органдары және басқа да органдарға аудару туралы 
тапсырма.  Бухгалтер  оны  компьютерде  қажетті  дана  бойынша 
басады. 
Онда  төлеуші  мен  оның  банкісінің,  алушымен  оның  банкі-
сінің  реквизиттері,  соммасы  мен  тағайындалуы  көрсетіледі. 
Банктік  қызметкері  төлем  тапсырмасын  орындауға  қабылдап 
алып,  оның  соңғы  данасына  таңба  қояды,  одан  соң  ол 
операцияны  есепте  бейнелеу  үшін  бухгалтерге  қайтып  береді. 

 
59 
Басылған,  бірақ  банкіге  өткізілмеген  төлем  тапсырмасы  он  күн 
ішінде жарамды болып саналады, 
Төлеуші  болып  кәсіпорының  ағымдағы  шоты  ашылған  банк 
саналады  және  сол  бөлігінде  кәсіпорынның  аталуы  мен  оның 
ағымдағы шотының нөмірі көрсетіледі.  
№1030  «Ағымдағы  банктік  шоттардағы  ақша  қаражаты»,          
бұл – активті баланстық шот. 
Оның  қалдығы  айдың  басына  есеп  айырысу  шотында 
кәсіпорын  қаражаттарының  мөлшерін  бейнелейді,  дебит 
бойынша  айналым  –  өнімді  өткізуден,  дебиторлық  қарыздардың 
жабылу есебінен банк несиелерінің келуінен кассадан қолма-қол 
ақша  салымынан  және  т.б.  келген  қаражаттарды  есепке  алу 
бейнеленеді.  Кредит  бойынша  әртүрлі  төлемдер  нәтижесінде, 
сондай-ақ  оларды  кассаға  өткізу  нәтижесінде  қаражаттардың 
кемеуі көрсетіледі  
Жылдық  есеп  беруді  дайындаудан  бұрын  есеп  айырысудың 
түгендеуі  жасалуы  тиіс.  Егер  дебиторлық  қарыздарды  тексеру 
барысында  ол  қарызын  мерзімінде  бермейді  деген  күмән  пайда 
болса,  онда  біз  өзімізде  сол  сомаға  резерв  қалыптастыруымыз 
мүмкін (Дт №1290 «күмәнді талаптар бойынша резерв» шоты мен 
Кт №1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлы берешек» шоты).  
 
№1030«Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша  
қаражаттары» 
Дт 
Кт 
1010  «Кассадағы  теңгемен  ақша 
қаражаттары» 
1010 «Кассадағы теңгемен ақша 
қаражаттары» 
 
Кассаға 
теңгемен 
ақша 
салымдары 
Кассаға 
теңгемен 
ақша салымдары 
 
1210  «Сатып  алушылардың  деби-
торлық берешегі» 
1610  «Берілген  қысқа  мерзімді 
аванстар» 
 
Алушылардан 
ақшаның 
келіп түсуі 
Материалдар  жет-
кізу  үшін  аванстар 
берілді 
 
1280 
«өзге 
қысқа 
мерзімді 
дебиторлық берешек» 
3010  «Қысқа  мерзімді  банктік 
қарыз» 
 
Дебиторлық қарыздар 
есебінен ақшалардың келіп 
түсуі 
Алынған  қарызды 
қайтару 
 

 
60 
3010  «қысқа  мерзімді  банктік 
қарыз» 
3100 
бөлімше 
«Салықтар 
бойынша  міндеттемелер» 
 
Банктерден қарыз алу 
Бюджетке  төлемдер 
жасалады 
 
3510  «Алынған  қысқа  мерзімді 
аванстар» 
3310  «Жеткізушілерге  қысқа 
мерзімді кредиторлық берешек» 
 
Тапсырыс 
берушілерден 
аванстың келіп түсуі 
Алынған  тауарлар 
мен  қызметтердің 
ақысын төлеу 
 
3390 «Өзге қысқа мерзімді креди-
торлық берешек» 
3220 «Зейнетақы аударымдары 
бойынша міндеттемелер» 
 
Кредиторлық 
қарыздар 
есебінен ақшлалардың келуі 
Жинақтаушы  зей-
нетақы қорына ақша-
лар аударылады 
 
3210 «Әлеуметтік  сақтандыру 
бойынша міндеттемелер»  
Бюджеттен 
тыс 
қорларға 
ақшалар 
аударылды 
 
 
 
 
 
5.3. ВАЛЮТАЛЫҚ ШОТТАРДАҒЫ АҚША  
ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ 
ҚР  белгіленген  заңына  сәйкес  ел  ішіндегі  әр  түрлі  опера-
циялар бойынша кәсіпорындардың бір-біріне төлейтін төлемдері 
тек ұлттық валютада жүргізілуі тиіс. Шетелдік валютамен қаржы 
төлеу үшін арнайы рұқсат қажет. 
Шетелдік  валюта  -  кәсіпорындардағы  тауарларды,  дайын 
өнімдерді сату, қызмет көрсету, жұмыстарды орындау барысында 
қолданылатын  ҚР-ның  ұлттық  валютасынан  басқа  ақша  бірлігі. 
Табыс  сол  күнгі  ақша  айырбастау  бағамы  бойынша  есептеліп, 
ұлттық  валютамен  көрсетілуі  тиіс.  Бағам  -  екі  елдің  ақша 
бірліктерінің өзара қатынасы. 
Курстық  айырмашылықты  анықтау  тәртібі  және  оның  №9 
бухгалтерлік есеп стандарты бойынша есебі. 
№1032  «ағымдағы  банктік  шоттардағы  валютамен  ақша 
қаражаты»  шотында  шетелдік  валютадағы  операциялар  есепке 
алынады. Бір уақытта олар операцияны жасау күніне жүретін ҚР-

 
61 
сы  Ұлттық  банкінің  бағамы  (курсы)  бойынша  теңгеде  бейне-
ленеді.    Бұл  №1032    «ағымдағы  банктік  шоттардағы  валютамен 
ақша  қаражаты»  шоты  активтік  шот.  Олардың  дебеті  бойынша 
валютаның  келуі,  кредит  бойынша  –  шығыс  етілуі  бейнеленеді. 
Әрбір  шетел  валютасы  бойынша  оған  қосымша  аналитикалық 
есеп жүргізу қажет. 
Кәсіпорынның  бағамдық  айырмадан  алатын  табысы  №6250 
«Бағамдық  айырмадан  түскен  кірістер»  шотында,  ал  бағамдық 
айырмадан  шеккен  шығыны  №7430  «Бағамдық  айырмадан 
шығыстар» шотында бейнеленеді.  
Кәсіпорындар  бағамдық  айырмадан  алатын  табысына                
Дт-1032 Кт-6250; теріс нәтижеге  Дт-7430 Кт-1032 
Валюталық  операцияларды  мынадай  негізгі  құжаттармен 
жабдықтайды:  кірістеу  кіріс  валюталық  ордерімен;  шығысы 
шығыс валюталық ордерімен; шетелге ақша аудару аударуға арыз 
арқылы жүргізіледі. 1032 шоттың талдамалық есебі журнал ордер 
№2 және ведомості №2 жүргізіледі. 
 
 
 
 
 
5.4. АУДАРЫЛҒАН ЖОЛДАҒЫ АҚШАЛАЙ  
ҚАРЖЫЛАР ЕСЕБІ 
Аударылған,  бірақ  әлі  кәсіпорынның  шотына  келіп  түспеген, 
яғни  кіріске  алынбаған  ақша  қаражаттары  жолдағы  ақшалай 
қаржылар  болып  саналып,  ал  олардың  есебі  1020-«Аударылған 
жолдағы  ақшалай  қаражаттар»  -  деп  аталатын  шотта  жүргізіледі. 
Бұл шот ай соңында кәсіпорынға немесе фирмаға басқа кәсіпорын, 
ұйым немесе фирмалардан аударылған, бірақ әзірге келіп түспеген, 
яғни  кіріске  алынбаған  жолдағы  ақшалай  қаржылар  жайлы 
ақпараттарды қорытындылауға арналған. Бұл шотта кәсіпорындар, 
фирмалар  немесе  ұйымдар  өздерінің  қарамағандағы  филиал-
дардың, бөлімшелердің, сондай-ақ сатып алушылардың банктерге, 
сақтық  кассаларына,  почта  бөлімшелеріне  салған,  бірақ  тиісті 
шотқа  әлі  түспеген,  аударылғандығы  туралы  тиісті  құжаттармен 
дәлелденген ақшалай қаржыларды есептейді.  
№1020  «Жолдағы  ақшалай  қаражаттар»  шотында  ақша 
қаражаттарын есептеу үшін мынадай құжаттар болуға тиіс:  

 
62 
1. Саудадан  немесе  басқа  да  операциялардан  түскен  түсімді 
банкінің қабылдағанын дәлелдейтін құжат.  
2. Почта бөлімінің ақшаны қабыдағаны жайлы квитанциясы.  
3. Басқа  кәсіпорындардан  олардың  ақша  аударғаны  жайлы 
берген авизасы (бұл авизада ақшаны аударған күні, сомасы, оны 
қабылдаған банк немесе почта аты көрсетіледі).  
Мысалы:  2009  жылы  28  желтоқсанда  А  кәсіпорны  қараша 
айында  сатқан  тауарлары  үшін  осы  тауарларды  сатып  алған  Б 
кәсіпорнынан 450000 теңге аударғаны туралы авиза (құжат) алды 
делік.  Бірақ  бұл  ақша  А  кәсіпорнының  есеп  айырысу  шотына 
2010 жылы 4 қаңтарда ғана келіп түсті, яғни кіріске алынды. Осы 
операциялар  бойынша  А  кәсіпорнының  бухгалтерлік  есебінде 
мынадай жазу жазылады: 
Дебет  
Кредит 
28.12.09    1020   
2110  
450000 тг. 
05.10.10    1030   
1020  
450000тг.  
Кәсіпорынның,  ұйымның  және  фирманың  бухгалтериясы 
аударылған  жолдағы  ақшалардың  банктердегі  есеп  айырысу 
немесе  басқа  да  тиісті  шоттарға  уақытылы  да,  дер  кезінде  түсіп 
есепке  алынуына  бақылау  жасап  отыруы  керек.  Кәсіпорындар, 
ұйымдар,  фирмалар  арасында  жолдағы  аударылған  шетел 
валютасы  да  осы  1020  –  «Жолдағы  аударылған  ақшалай 
қаражаттар» шотында есептелініп, бірақ бөлек көрсетіледі.  
Бақылау сұрақтары: 
1.  Кассалық операциялар қандай шотта жүргізіледі? 
2.  1010 шоттына сипаттама беріңіз 
3.  Кассалық операцияларға толтырылатын алғашқы құжаттар 
4.  Жинақтау құжаты қандай? 
5.  1010 шоттың соңғы қалдығы дегеніміз не және қалай табылады? 
6.  Банкте есеп айырысу шоты қалай ашылады? 
7.  Төлем тапсырмасы дегеніміз не? 
8.  Ағымдағы  банктік  шоты  бойынша  қандай  жинақтау  құжаты 
толтырылады? 
9.  Ағымдағы банктік шотына сипаттама бер. 
10.  Қандай құжат реквизиттерін толтырдыңыз? 
11.  №9 бухгалтерлік есеп стандартында не бейнеленеді?
 
12.  Жолдағы ақша қаражаты есебін жүргізу тәртібі.
 
 
Тәжірибелік жұмыс тақырыбы: «Ақша қаражаты және есеп 
айырысу операцияларының есебі» 
 

 
63 
№1 тапсырма 
Берілгені: 
Кассадағы бастапқы қалдық – 30000 теңге. 
Есеп айырысу шотынан ақша келіп түсті- 1300000 теңге 
Материалды сатудан кассаға ақша түсті- 240000 теңге 
Жұмысшыларға еңбекақы берілді- 1100000 теңге 
Орындау керек: 
Шаруашылық  операцияларға  бухгалтерлік  жазу  беріп 
кассадағы соңғы қалдықты анықтау керек. 
 
№2 тапсырма 
Берілгені: 
200* жылғы 1-31 желтоқсандағы кассалық кітап 
 
Құжат 
№ 
Кімнен алынды немесе кімге 
берілді 
Кор. 
шот 
Кіріс  Шығыс 





 
Күн басындағы қалдық 
  
300 
  
123 
 505 чекпен есеп айырысу  шо-
тынан еңбекақы төлеуге 20 000 
теңге және шаруашылық қаже-
тіне  жұмсауға  40  000  теңге 
кассаға алынды 
 
60 000    
407 
 12  төлеу  тізімдемесімен  бас-
қару  қызметкерлеріне  еңбек-
ақы берілді 
  
 
10 000 
408 
 13  төлеу  тізімдемесімен  жұ-
мысшыларға еңбекақы берілді    
 
30 000 
409 
Жабдықтау  бөлімінің  бастығы 
А.Т.Жуанышбаевқа    Көкшетау 
қаласына  іссапарымен  баруға 
ақша берілді 
  
 
3 000 
124 
Д.О  Ілиясов  12  желтоқсан 
айындағы 
аванстық 
есеп 
бойынша пайдаланбаған  артық 
ақша қаражатын кассаға өткізді    
1 000 
  
125 
13 қойма меңгерушісі Ж.С. Ах-
метов  156  акт  бойынша  тауар-
лы  материалдық  құндылық-
тардың жетіспеушілігін төледі    
300 
  
410 
Шаруашылық қажеттерге керек    
 
500 

 
64 
заттарды(қарындаш, 
қалам) 
алуға  С.М  Мұратовқа  ақша 
қаражаты берілді 
126 
Сатылған 
тауардан 
түскен 
түсім түсті 
  
314 
000 
  
411 
Қолма-қол ақша қаражатын 
өткізу хабарламасымен есеп 
айыру шотына ақша қаражаты 
өткізілді 
  
 
10 000 
412 
Қолма-қол ақша қаражатын 
өткізу хабарламасымен есеп 
айыру шотына тауардан 
түскент үсім өткізілді 
  
  314000 
Жиыны 
  


Күн соңындағы қалдық 
  

  
 
Орындау керек: 
1.  Кассаның 
есебін  толтырыңыз,  корреспонденциялық 
шоттарын қойып, күннің соңына қалдығын шығарыңыз. 
2.  № 1 журнал – ордер мен № 1 тізімдемені толтырыңыз. 
 
 
  
№3 тапсырма 
Берілгені: 
Шаруашылық операциялар: 
1. Қазан айында “Алатау” ЖШС” Күнгей “ЖШС-не тасымал-
дау  қызметін  көрсетіп,  02.11.200*.  №  12345  шотынан  берді. 
Шотта  көрсетілген  қызмет  сомасы  –  300 000  теңге,  оның  ішінде 
ҚҚС 12% болды. 
Тапсырыс  беруші  ”Алатау”  ЖШС-нің  реквизиттері:  Алматы 
қаласы,  Шевченко  көшесі,  124  үй,  есепшоты  –  2645896 “Каспий 
банк”  АҚ  коды  755,  СТН  600800900100.  “Алатау”  ЖШС-нің 
басшысы – Т.О. Жуанышбаев, бас бухгалтері О.А Ілиясов. 
Тапсырысты  орындаушы  “Күнгей”  ЖШС-нің  реквизиттері: 
Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 234 үй, есепшоты – 986532 АТФ 
банкі АҚ коды 835, СТН 200600115102. Кбе 18. “Күнгей” ЖШС-
нің басшысы – Т.О. Азаматов, бас бухгалтері О.А. Нұрболатов. 

 
65 
2.  ”Алатау”  ЖШС  ақпан  айының  зейнетақы  аударымдарын 
есеп  айыру  шотынан  “Қорғау”  ЖАҚ-на  2744  теңгеге  аударды. 
ҚҚС қарастырылмаған. 
Бенефициар – “Қорғау” ЖШС, СТН 896321456789, есепшоты 
1236987, “БанкЦентрКредит” ААҚ, Алматы қаласы, Абай көшесі, 
156 үй. Кбе 15 БИК 190526331, ақша жіберуші банк ГЦВП, СТН  
456789123741, БИК 190501109, төлемнің коды – 010. 
Орындау керек: 
Жоғарда  келтірілген  шаруашылық  операцияларын  қолданып 
бухгалтерлік  құжаттарды  (төлем  тапсырма,  төлем  –  талап 
тапсырма) толтыру керек. 
 
№4 тапсырма 
1) №1030  «Есеп  айырысу  шотындағы  ақшаның  бары» 
жинақтау шотының қалдығын №2 журнал ордерге жазыңдар. 
1 тамыз ____ж. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет