М. А. Молдашева



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата10.02.2020
өлшемі1.44 Mb.
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Шоттың атауы 
Сомасы 
Дебет 
Кредит 
Есеп айырысу шоты 
3210000 
 
 
2)  Банк көшірмесі негізінде операциялары журналын жазың-
дар және №1030 шот бойынша №2 журнал – ордерге түсіріңдер 
Тамыз  айын  кәсіпорынның  есеп  айырысу  шотынан  банк 
көшірмесі (банк тұрғысынан) 
1 – 10 тамыз ________ж. көшірме 
Күні 
Операциялар мазмұны 
Дебет 
Кредит 
 
1 тамызға қалдық 
 
3210000 
2.08  №320891 шек бойынша іссапарлық 
шығындар күшін  
300 
 
6.08  №320892 шек бойынша еңбекақы 
төлеу үшін  
192000 
 
6.08  №325328 қабылдау квитанциясы 
бойынша сатып алушылардан 
тиелген өнім үшін 
 
39000 
8.08  №1850 төлем талабы бойынша 
мұнай базасына отын үшін 
2380 
 
9.08  №915427 квитанция бойынша 
берілмеген еңбекақы  
 
21500 

 
66 
 
Барлығы: 
194680 
60500 
 
10 тамызға қалдық 
 
 
 
11 – 20 тамызға көшірме 
Күні 
Операциялар мазмұны 
Дебет  Кредит 
 
11 тамызға қалдық 
 
 
11.08  №440 – 452 қабылдау квитанциясы 
бойынша сатып алушылардан тиелген 
өнім үшін 
 
508000 
12.08  №967 төлем талабы бойынша «Техника» 
бірлестігіне 
6000 
 
14.08  №453 – 459 қабылдау квитанциясы 
бойынша сатып алушылардан тиелген 
өнім (лимон) үшін 
 
106700 
16.08  №314 төлем тапсымасы бойынша 
«Алеся» фирмасына 
20000 
 
18.08  № 88 – 91 қабылдау квитанциясы 
бойынша сатып алушылардан тиелген 
өнім үшін 
 
31000 
20.08  №320893 шек бойынша депоненттік 
еңбекақы беру үшін 
21500 
 
 
Барлығы: 
47500 
924700 
 
20 тамызға қалдық 
 
 
21- 31 тамызға көшірме 
Күні 
Операциялар мазмұны 
Дебет  Кредит 
 
21 тамызға қалдық 
 
 
21.08  №460 – 472 қабылдау квитанциясы 
бойынша сатып алушылардан тиелген 
өнім үшін 
 
508000 
22.08  №992 төлем талабы бойынша «Техника» 
бірлестігіне 
120000 
 
24.08  №473 – 483 қабылдау квитанциясы 
бойынша сатып алушылардан тиелген 
өнім (лимон) үшін 
 
210000 
26.08  №315 төлем тапсымасы бойынша 
«Филип Морис» фирмасына 
250000 
 
28.08  № 92 – 96 қабылдау квитанциясы 
бойынша сатып алушылардан тиелген 
өнім үшін 
 
51000 

 
67 
30.08  №320894 шек бойынша депоненттік 
еңбекақы беру үшін 
215000 
 
 
Барлығы: 
585000 
769000 
 
20 тамызға қалдық 
 
 
 
3)   №2  журнал  –  ордерде  қалдық  анықтаңдар,    Бас  кітапқа 
түсіріңдер 
Орындау керек: 
1.  Шаруашылық операцияларына бухгалтерлік жазба жасау 
2.  2 журнал – ордер мен  2 тізімдемені толтыру 
 
№5 тапсырма 
Берілгені: 
 
№1030 шоттың ай басындағы қалдығы 50 900 теңге 
 
Шаруашылық операциялар: 
1.  Есеп  айырысу  шотына  ақша  қаражаты  түсті  деп  қате 
жазылды – 10 000 теңге 
2.  Кассадан есеп айырысу шотына алынды – 10 000 теңге 
3.  Сатудан түскен түсім алынды – 27 000 теңге 
4.  Айыппұл есеп айырысу шотына алынды – 9 000 теңге 
5.  Есеп  айырысу  шотына  банктен  несие  алынды  –  3 000 
теңге 
6.  Чек арқылы есеп айырысу шотынан кассаға ақша алынды – 
5 000 теңге 
7.  Корпоративтік  табыс  салығы  есеп  айырысу  шотынан 
төленді – 8 000 теңге 
8.  Зейнетақы  қорына  аударымдар  есеп  айырысу  шотынан 
төленді – 10 000 теңге 
9.  Акциялар есеп айырысу  шотынан төленді – 11 000 теңге 
10.  Алдағы кезең табыстары шотына  түскен ақша қаражаты 
есеп айырысу шотына түсті – 4 000 теңге 
11.  Әлеуметтік салық есеп айырысу шотынан төленді – 8 000 
теңге 
Орындалу керек. 
Шаруашылқ  операцияларын  тіркеу  журналын  жасап,  есеп 
айырысу  шотының  күн  соңындағы  қалдығын  шығарып,  №2 
журнал – ордер мен  № 2 тізімдемені толтыру керек. 
 
№6 тапсырма 

 
68 
Берілгені: 
”Нұр” ЖШС-нің валюталық шотында 300 АҚШ доллары бар. 
Есеп  беру  кезеңінің  басына  валюта  бірлігінің  нарықтық  бағасы 
121,1 теңге, ал есеп беру кезеңінің соңына 122,2 теңгені құрады. 
Орындау керек: 
1. Бағамдық айырмашылық сомасын анықтау . 
2. Шот корреспонденцияларында көрсету қажет. 
 
№7 тапсырма 
Берілгені: 
Ақша қаражаттарының есебінің шаруашылық  
операцияларын  тіркеу журналы (теңгемен)  
№ 
Операциялар мазмұны 
Сомасы 

Сатылған тауардан түсім есеп айырысу шотына 
түсті 
1 200 000 

Негізгі  құралдарды  сатудан  түскен  ақша 
қаражаты есеп айырысу шотына түсті 
 
500 000 

Жабдықтаушылардан  алынған  тауарларға  ақша 
 қаражаты есеп айырысу шотынан төленді 
 
750 000 

Кәсіпорынның  меншікті  қаражаты  есебінен 
 аккредитив ашылды 
600 000 

Аккредитив есебінен материалдар құны төленді 
600 000 

Қызметкерлерге еңбекақы есептелді: 
- негізгі өндіріске 
-әкімшілік қызметкерлеріне 
-кезекті жұмысшылардың еңбек демалысына  
800 000 
400 000 
50 000 

Бюджеттен  тыс  қорларға  аударымдар  жасалды: 
А) Жинақтаушы зейнетақы қорына: 
-  негізгі  өндіріс  жұмысшыларының  еңбекақы-
сынан 
-  әкімшілік  қызметкерлерінің  еңбекақысынан 
Б) Әлеуметтік салық: 
-  негізгі  өндіріс  жұмысшыларының  еңбекақы-
сынан 
- әкімшілік қызметкерлерінің  еңбекақысынан 





Ағымдағы  жылдың  бөлінбеген  табысынан  жай 
және артықшылығы бар акцияларға дивидендтер 
100 000 

 
69 
есептелді 

Есептелген  дивидендтерге  төлем  көзінен    15% 
салық ұсталды 

10 
Есеп  айырысу  шотынан  еңбекақы  төлеуге  және 
шаруашылық  қажеттіліктерін  өтеу  үшін  кассаға 
ақша қаражаты алынды  
800 000 
11 
Есеп айырысу шотынан аударылды: 
- жинақтаушы зейнетақы қорына 
- әлеуметтік  салыққа 


12 
Жұмысшылардың еңбекақысы кассадан төленді 
700 000 
13 
Қызметкерлерге есеп беру есебінен берілді: 
- шаруашылық қажеттіліктерге  
- іссапар шығындарына 
 
20 000 
80 000 
 
Орындау керек: 
Төменде  келтірілген  шаруашылық  операцияларын  шот 
корреспонденцияларында  жазып,  2  журнал  –  ордер  мен                      
2 тізімдемені толтыру керек. 
 
 
 
 
VI тарау 
ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШ ЕСЕБІ 
  
 
6.1. ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР ЕСЕБІН  
ҰЙЫМДАСТЫРУ 
Кәсіпорындар  мен  ұйымдардың  басқа  заңды  немесе  жеке 
тұлғалардан  оларға  сатқан  тауарлары,  көрсеткен  қызметтері, 
сондай-ақ  аванс  ретінде  алдын  ала  төлеген  төлемдері  үшін 
алашақ  борыштары  -  дебиторлық  борыштар  (алынуға  тиісті 
шоттар) деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек 
борышы  бар  заңды  және  жеке  тұлғалар  дебиторлар  болып 
табылады.  
Өтелетін  (алынатын)  уақытына  қарай  алынуға  тиісті 
дебиторлық  борыштар  ағымдағы  алынуға  тиісті  борыштар  және 

 
70 
ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Бұл 
борыштардың  есебі  "Қысқа  мерзімді  дебиторлық  борыш" 
бөлімінің  шоттарында  есептеледі.  Есеп  беретін  уақыттан  кейінгі 
бір  жыл  ішінде  алынатын  дебиторлық  борыштар  ағымдағы 
активтер қатарында есептеледі.  
Олардың қатарына жататындар: 
- ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын 
ала төленген) төлем; 
-  тапсырылған  (берілген)  шоттар  бойынша  алынуға  тиісті 
борыштар; 
-  негізгі  ұйымдар  мен  оның  еншілес  серіктестігі  арасындағы 
түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар

ұйымның  лауазымды  адамдарының  (тұлғаларының) 
дебиторлық борышы; 
-   басқадай дебиторлық борыштар. 
Алынуға  тиісті  шотnар  бойынша  борыштар  (дебиторлық 
борыштар)  иелік  ету  құқығымен  қоса,  заңды  құқығымен 
байланысты  актив  болып  саналады.  Қорытындылап  айтатын 
болсақ  "дебиторлық  борыш"  дегеніміз,  бұл  -  иелік  ету  құқығын 
қосқандағы  заңды  құқықтармен  байланысты  активте  қамтылған 
алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік. 
Ұйымның  қаржы  жағдайын  сыйпаттайтын  көрсеткіштердің 
қатарына  дебиторлық  борыштардың  айналымы  жатады.  Яғни 
дебитолық  борыштардың  есептелген  уақыты  мен  өтелу 
уақытының  арасындағы  мерзім  күндерінің  саны.  Ұйымның 
дебиторлық  борышы  оған  байланысты  кіріс  танылған  жағдайда 
ғана анықталады.  
Дебиторлық  борыштар  сатылған  өнімдер  мен  тауарлардың 
құнынан  баға  жеңілдіктерін  және  қайтарылған  тауарлардың 
құнын  алып  тастағандағы  қалдық  сома  бойынша  есептеледі.  Бір 
жылдам  астам  уақыт  бойы  алынбаған  дебиторлық  борыштар 
"Ұзақ  мерзімді  дебиторлық  борыштар"  болып  есептеледі. 
Дебиторлық  борыштардың  пайда  болған  (есептелінген)  уақыты 
мен  өтелу  уақытының  арасындағы  мерзімге  байланысты 
пайыздар бойынша кіріс көп жағдайларда ескерілмейді.  
Сатып  алушылар  мен  тапсырыс  берушілер  және  басқадай 
дебиторлармен  есеп  айырысудың  есебі  бойынша  жүргізілетін 
тіркелімдерден  басқа  дебиторлық  борыштардың  есебіне  талда-
малық  есептің  карточкалары,  ажырату  парақшалары  (қағазда-

 
71 
рын), бухгалтерлік анықтамалары және тағы да басқа тіркелімдер 
қолданылады.  Жалпы  есеп  тіркелімдерін  толтыру  шаруашылық 
операцияларының мазмұнын сипаттайтын бухгалтерлік жазулар-
дың жиынтығын анықтау үшін керек. 
   Халықаралық  бухгалтерлік  есеп  стандартында    ұйымның 
бухгалтерлік  есеп  жұмысын  жүргізу  барысында  қолданатын 
барлық  бланкілері  үшін  міндетті  ортақ  есеп  беру  формалары 
қарастырылмаған.  Есеп  нысанын  таңдау  құқығы  толығымен  бас 
бухгалтердің  құзырында,  яғни  ол  алғашқы  құжаттарды  топтас-
тырудың  ең  қарапайым  әдісін  таңдап,  шоттар  корреспон-
денциясын жүргізуге міндетті.  
Дебиторлық  борыштар  шоттарында  есептелетін  сомалардың 
дұрыстығы  мен  олардың  толықтығын  бақылау  үшін  түгендеу 
жүргізілуі қажет, ол құжаттар бойынша шоттарды корреспонден-
цияланатын шоттармен салыстыру арқылы жүргізіледі. Мұндағы 
басты  мақсат  -  әрбір  шоттағы  сомалардың  сәйкестігі  мен 
дұрыстығын, толықтығын анықтау болып табылады. Дебиторлық 
борышты есептеудегі басты мәселе сату мерзімін анықтау болып 
табылады,  яғни  сатып  алушыларға  тиеліп  жіберілген  немесе 
жөнелтілген  тауарлардың  (жұмыстар,  қызметтер)  қашан 
сатылғанын  тануында.  Бухгалтерлік  есептің  көзқарасымен 
қарағанда,  тауарлардың  тиелуі  мен  сатып  алушыға  қаржылық 
және  есеп  айырысу  құжаттарының  ұсынылуы,  тауарлардың 
сатылғандығы деп танылады. 
Дебиторлық борыштар келесідей бөлімдерден тұрады: 
"Сатып-алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы". 
"Күдікті қарыздар бойынша резервтер". 
"Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борышы". 
"Басқадай дебиторлық борыш". 
"Алдағы кезең шығындары". 
"Берілген аванстар". 
Яғни  осы  жоғарыда  аталған  баптар  бойынша  кәсіпорындар 
мен  ұйымдардың  басқа  заңды  немесе  жеке  тұлғалардан  алажақ 
сомалары дебиторлық борыш болып табылады. 
 
 
6.2. САТЫП АЛУШЫЛАР МЕН ТАПСЫРЫС БЕРУШІЛЕР  
БОРЫШЫНЫҢ ЕСЕБІ 

 
72 
Кәсіпорындар  мен  ұйымдардың  1210  «Сатып  алушылар  мен 
тапсырыс  берушілердің  борышы»  деп  аталатын  бөлім  шоттары 
сатып  алушылар  мен  тапсырыс  берушілердің  осы  кәсіпорынға 
деген  әр  түрлі  қарыздары  жайлы  ақпараттарды  қорытындылау 
үшін арналған. Аталған бөлімде келесідей шоттар қаралған: 
«Алынуға  тиісті  шоттар»,  «Алынған  вексельдер»,  «Сатып 
алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де  борыштары» 
Бұлар  активті  шот  болып  табылады.  Сондықтан  да  бұл 
шоттардың  дебетінде  борыштың  сомасы  жазылса,  ал  кредитінде 
борыштың азаюы көрсетіледі.  
Алынуға  тиісті  шоттар  (дебиторлық  борыштар  шоты)  сатып 
алушы  заңды  немесе  жеке  тұлғалардың  сатып  алған  тауарлары, 
сондай-ақ  кәсіпорынның  оларға  көрсеткен  қызметі  үшін  қарыз 
сомаларын білдіреді. 
1210  «Сатып  алушылар  мен  тапсырыс  берушілердің 
борышы»  шоттарына  қатысты  бухгалтерлік  есепте  мынадай 
корреспонденциялар жазылады: 
Мысалы: сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге 300000 
теңгенің дайын өнімдері 500000 теңгеге сатылды. (соның ішінде 
80000 теңге ҚҚС сомасы). 
Сатылған тауарлардың өзіндік құнына: 
Дт: 7010 Сатылған өнімдердің өзіндік құны 300000 тг 
Кт: 1320 Дайын өнімдер 300000 тг 
Сатылған тауарлардан алынатын сомаға: 
Дт: 1210 Алынуға тиісті  борыштар  шоты 420000 тг 
Кт:  6010  Дайын  өнімдерді  сатудан  алынатын  табыс  шоты 
420000 тг 
Сатылған тауарлар үшін есептелеген ҚҚС сомасына: 
Дт: 1210 Алынуға тиісті  борыштар  шоты 80000 тг 
Кт: 3130 Қосылған құн салығы сомасы 80000 тг 
Сатылған тауарлар үшін алынатын сома келіп түскенде: 
Дт:  1030  «Ағымдағы  банктік  шоттардағы  ақша  қаражаты» 
500000тг 
Кт: 1210 Алынуға тиісті  борыштар  шоты 500000 тг 
Ал  сатылған  материалдық  емес  активтер,  негізгі  құралдар, 
бағалы  қағаздар  бойынша  дебиторлық  борыштардың  пайда 
болуына  1210  «Сатып  алушылар  мен  тапсырыс  берушілердің   
борыштары  »  деп  аталатын  шот  дебиттелініп,  оған  сәйкес  6210 
«Материалдық  емес  активтердің  есептен  шығарылуынан  алына-

 
73 
тын кіріс», «Негізгі құралдардың есептен шығарылуынан алына-
тын  кіріс»  және  «Бағалы  қағаздардың  есептен  шығарылуынан 
алынатын 
кіріс» 
деп 
аталатын 
шоттардың 
тиістілері 
кредиттелінеді. 
Сатып  алушылардан  оларға  сатылған  өнім,  тауар  және 
атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін төлемдер 
келіп  түскенде  1000  «Ақшалар»  бөлімінің  тиісті  шоттары 
дебиттелініп, 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің  
борыштары » деп аталатын  шот кредиттелінеді. 
Сатылған тауарлар мен дайын өнімдер әр түрлі себептермен 
кейін қайтарылған жағдайда 6020 «Сатылған тауарлардың қайта-
рылуы»  деп  аталатын  шот  дебиттеліп,  1210  «Сатып  алушылар 
мен тапсырыс берушілердің  борыштары» шоты кредиттелінеді.  
 
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары   
шоты бойынша жүргізілетін операциялар 
№ 
Операциялар мазмұны 
Дебет 
шот 
Кредит 
шот 

Тиеп жіберілген тауарға, өнімге, 
көрсетілген қызметке есептелінген сатып 
алушы, тапсырыс берушілердің борышы 
 
1210 
3010 

Тиеп жіберілген тауарға, өнімге, 
көрсетіліген қызметке есептеліген қосылған 
құн салық сомасы 
1210 
3130 
3  Борыш сомасы бұрын алынған аванс 
сомасына шегерілді   
1610-
1610 
1210 
4  Сатып алушы және тапсырыс берушілерден 
есеп айырысу шотына келіп түскен сома 
 
1030 
1210 
5  Сатып алушы және тапсырыс берушілердің 
борышы олардың кредиторлық қарызы 
есебінен өтелінді 
 
1270-
2150 
1210 
6  Сатылған (тиеп жіберліген) тауар, өнім, 
көрсетліге қызмет үшін алынған вексель 
 
1280 
1210,212
0-2130 
7  Сатып алушы және тапсырыс берушілер 
берген вексельдері үшін  борыштарын  
төледі 
 
1030 
1280 
 
 Жинақтау  есебі  "Сатып  алушылар  және  тапсырыс  беруші-
лердің  борышы"  шотының  және  "Еншілес  (тәуелді)  серіктес-

 
74 
тіктердің  дебиторлық  борышы"  шотының  кредиті  бойынша              
№ 11 - Журнал-ордерде жүргізіледі.  
 
 
6.3. КҮМӘНДІ  ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР 
Сатып  алушылар  мен  тапсырыс  беруші  заңды  және  жеке 
тұлғалардың  төлем  қабілеттілігін  анықтау  жүйесін  қанщалықты 
арттырғанымен,  оларға  несиеге  сатылған  тауарлар  немесе 
көрсетліген  қызмет  үшін  уақтылы  есеп  айырыспай  немесе 
алынуға тиісті сомалардң бір бөлігі ғана өтеліп, қалған бөлігінің 
алынбай қалуы іс-тәжірибеде әрдайым кездесіп отырады. Мұндай 
жағдайлардың 
алғашқы 
нысандары 
болып 
борышкер 
кәсіпорындар  мен  ұйымдардың  банкрот  болып  қалуы  немесе  ол 
кәсіпорындар  мен  ұймдардың  тартылуы,  сондай-ақ  борышты 
талап ету мерзімінің өтіп кетуі табылады. 
 Сатып  алушылардың  келісімшартқа  сәйкес  белгіленген 
мерзімде төлемеген шоттары «күмәнді қарыздар» деп аталады. 
Күмәнді  қарыздарға  –  уақытында  төленбеген,  жабылмаған 
және  де  тиісті  кепілдікпен  қамтамасыз  етілмеген    дебиторлық 
борыштар  жатады.  Қазақстан  Республикасының  заңына  сәйкес 
талап  ету  мерзімі  өтіп  кеткен    дебиторлық    берешек  күмәнді 
қарыз  болып  саналады.  Өтелу-өтелмеуі  белгісіз,  күмән 
тудыратын    борыштарды    есептен  шығарудың  екі  тәсілі  бар. 
Біріншісі – тікелей есептен шығару әдісі, мұнда шығындар нақты 
шоттарда  үмітсіз  деп  танығаннан  кейін  ғана  тікелей  есептен 
шығарылады. Екіншісі – резервтік әдіс, бұл жағдайда шығындар 
алдын ала қарастырылған тәсілмен есептеледі. 
Қазақстан  Республикасы  заңына  сәйкес  талап  ету  мерзімі 
өтіп кеткен дебиторлық борыштар «үмітсіз қарыз» деп танылады. 
Ал үмітсіз қарыздар сомалары құрылған күмәнді қарыз бойынша 
резерв  есебінен  есептен  шығарылады.  Егер  кәсіпорындар  мен 
ұйымдар  күдікті  қарыз  бойынша  резерв  құрмаса  және  үмітсіз 
қарыздың айқындалу жағдайы пайда  болса, онда  бұл сома кезең 
шығындарына жатқызылып есептен шығарылады.  
Егер  сатып  алушының    дебиторлық    қарызы  үмітсіз  қарыз 
ретінде  есептен  шығарылып  және  ол  осы  есептен  шығарылып 
және  ол  осы  есеп  беретін  кезеңде  өтелсе,  бухгалтерлік  есепте 
келесідей жазу жазылады: 
Дт: 1290 Күмәнді қарыздар бойынша резевтер шоты 

 
75 
Кт: 1210 Алынуға тиісті  борыштар  шоты 
Бұрын есептен шығарылған  дебиторлық  қарыз сомасы есеп 
берудің  келесі  кезеңінде  өтелсе,  онда  ол  сома  негізгі  емес 
қызметкен  түскен  табыс  есебінде  танылады.  Бұл  жағдайда 
бухгалтерлік  есепте:  Дт:  1030  «Ағымдағы  банктік  шоттардағы 
ақша қаражаты»  
Кт: 6010 Негізгі емес қызметтен алынатын басқадай кірістер 
шоты түрінде жазу жазылады. 
«Күмәнді қарыздар бойынша резервтер»  есебі  №10 журнал-
ордер жүргізіледі. 
 Кәсіпорындар  мен  ұйымдар  өздерінің  күдікті  деп  есептеген  
борыштары  үшін  100000  (жүз  мың)  теңге  көлемінде  резерв 
құрғанда мынадай корреспонденциялар жазылады: 
Күдікті  қарыздар  бойынша  құрылған  резерв  сомасына:  Дт: 
7210  Жалпы  әкімшілік  шығындар  шоты  100000  тг  Кт:  1290 
Күмәнді қарыздар бойынша резервтер шоты 100000 тг 
Күдікті  қарыздар  бойынша  құрылған  резервтің  есебінен 
80000  (сексен  мың)  теңге  дебиторлық  борыш  есептен 
шығарылғанда:  Дт:  1290  Күмәнді  қарыздар  бойынша  резервтер 
шоты 80000 тг 
Кт: 1210 Алынуға тиісті  борыштар  80000 тг 
Артық жасалынған күдікті қарыздар резерв сомалары сторно 
етіледі.  Кәсіпорындар  мен  ұымдар  бұл  жағдайда  қызыл  сиямен 
жазу арқылы алынып тасталады. 
Дт: 7210 Жалпы және әкімшілік шығындар шоты 20000 тг 
Кт: 1290 Күмәнді қарыздар бойынша резервтер шоты 20000 тг 
 
Күмәнді қарыздар бойынша резервтер шоты арқылы  
жүргізілетін операциялар 
№ 
Операциялар мазмұны 
Дебит 
шоты 
Кредит 
шоты 
1  Күмәнді қарыздарға резерв жасалды   
7440 
1290 

Күмәнді  қарыздар  бойынша  құрылған 
резерв  сомасының  есебінен  дебиторлық 
борыш жабылды 
1290   
1210,128
02150,16
30 

Жыл  соңында  күмәнді  қарыздар  бойынша 
құралған  резерв  сомасының  артығы  сторно 
етіледі (қызыл сиямен) 
7440   
1290 
4  Сатып 
алушының  дебиторлық  қарызы  1290   
1210, 

 
76 
үмітсіз  қарыз  ретінде  есептен  шығарылып 
белгілі  бір  уақыт өткеннен  кейін  бұл  қарыз 
сомасы  өтелгенде  (есептен  осы  есеп  беру 
кезеңінде жүргізілсе) 
1280, 
2150, 
1630 

Сатып  алушының  дебиторлық  қарызы 
үмітсіз  қарыз  ретінде  есептен  шығарылып 
белгілі  бір  уақыт өткеннен  кейін  бұл  қарыз 
сомасы өтелгенде (есептен келесі есеп беру 
кезеңінде жүргізілсе) 
1050, 
1030, 
1010 
 
 
6160   
 
Жинақтау  есебі  "Күдікті  қарыздар  бойынша  резерв"  шоты-
ның кредиті бойынша №10 - Журнал-ордерде жүргізіледі 
 
 
6.4. ЕСЕП БЕРУШІ ТҰЛҒАЛАРМЕН ЕСЕП  
АЙЫРЫСУДЫҢ ЕСЕБІ 
Есепті тұлғалар болып кассадан шаруашылық, іссапар шығыс-
тары мен материалдар  сатып алу үшін қолма-қол ақшаны алдын-
ала алған кәсіпорынның қызметкерлері саналады. Кассадан шаруа-
шылық және басқа шығыстарға қолма-қол ақша алуға құқылы лауа-
зымдар  мен  тұлғалардың  тізімін  кәсіпорынның  басшысы  бекітеді, 
ал іссапарларға қаражаттар оның бұйрығы негізінде беріледі.  
Қызмет  іссапары  болып  тұрақты  жұмысынан  тыс  қызмет 
тапсырмасын  орындау  үшін  ұйым  басшысының  ұйғарымы 
бойынша  қызметкердің  сапары  саналады.  Іссапарына  берілетін 
соманың  мөлшері  іссапардың  мерзімі  және  оның  тағайындалу 
орнымен  шектеледі,  өйткені  сапардың  екі  жағына  жолақы, 
іссапардағы тәуліктік және пәтер ақылар төлеуге жатады. 
Қызмет  іссапарларының  тәртібі  мен  жағдайлары  ҚР-сы 
Үкіметінің қаулысымен белгіленеді. 
Есепті  тұлғалармен  есеп  айырысу  №1250  «Қызметкерлердің 
қысқа  мерзімді  дебиторлық  берешегі»  шотында  жүргізіледі. 
Есепті  тұлғаның  кәсіпорын  алдындағы  қарызы  іссапармен 
алынатын  сомалар  бойынша  есеп  беру  мерзімдерімен  өтіп 
кетпегенше әдеттегіше болып есептеледі.  
Бұл  қарыз  №1250  шоттың  дебеті,  ал  оның  жойылуы  кредит 
бойынша  бейнеленеді.  Егер  барлық  алынған  ақша  жұмсалмаған 
жағдайда,  олардың  сол  бөлігі  кәсіпорынның  кассасына 
қайтарылады,  бұл  №1010  шоттың  дебеті  мен  №1250  шоттың 
кредиті бойынша көрсетіледі. Егер ақшалар артық жұмсалса және 

 
77 
ол  шығыстар  құжаттар  арқылы  дәлелденіп,  кәсіпорынның 
басшысымен бекітілсе, онда кассадан  қосымша ақша беріледі. 
Қалай  болған  жағдайда  есепті  тұлға  оған  барлық  шығын-
дарды  дәлелдейтін  құжаттар  (көліктерге  билеттер,  қонақ  үйлер 
мен дүкендердің  шоттары және т.б.) қоса тігілген  аванстық есеп 
жасайды.  Егер  есепті  тұлғалардың  саны  көп  болса,  онда  арнайы 
ведомостваларда олардың аналитикалық есебін  жүргізу мүмкін. 
ДТ 1250 КТ 1010 –  Кассадан есеп беруге тиісті адамға берілген 
аванс сомасы. 
ДТ  1010  КТ  1250  –  Есеп  беруге  тиісті  адамның  кәсіпорын 
сомасына алынған аванс қалдығын өткізу. 
ДТ  1310,  2410  КТ  1250  –  Есеп  беруге  тиісті  адам  есебінен 
сатылып алынған қор және негізгі құралдардың кіріске алынуы. 
ДТ  3350  КТ  1250  –  Есепті  соманың  жетпей  қалған  мөлшерінің 
дебиторлық жалақысынан ұсталынуы.  
Жинақтау  есебі  "Жұмысшылар  мен  басқа  да  тұлғалардың 
борышы"  деп  аталатын  шотының  кредиті  бойынша  №7  — 
Журнал-ордерде жүргізіледі. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет