М. А. Молдашева


АЛДАҒЫ КЕЗЕҢ ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ЕСЕБІ



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата10.02.2020
өлшемі1.44 Mb.
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

6.5. АЛДАҒЫ КЕЗЕҢ ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ЕСЕБІ 
Алдағы  кезең  шығындары  деп  есеп  беретін  кезеңде  шыға-
рылған,  бірақ  келесі  есеп  беретін  кезеңнің  шығындарына 
жататын шығындарды айтады. Олардың қатарына жататындар: 
- алдын  ала  (мерзімінен  бұрын)  төленген  сақтандыру 
полисінің сомасы; 
- келесі  кезеңдерге  жазылған  газет,  журнал  және  басқа  да 
ақпарат құралдарының құны; 
- маусыммен  жұмыс  істейтін  өндірістердің  маусымдық 
шығындары және тағы да басқалар. 
Осы айтылғандармен қатар алдағы кезең шығындарына жаңа 
өндірісті  дайындау  және  меңгеруге  байланысты  шығындар,  кен 
өндіруші  өнеркәсіпті  пайдалануға  дайындау  жұмыстарының 
шығындары, жаңа кәсіпорындарды іске қосу шығындары жатады. 
«Сақтандыру  полисі»  шотында  төленген  сақтандыру 
полисінің сомасы есептеледі. 
Сақтандыру  полисін  алу  үшін  есеп  айырысу  шотынан 
төленген сомаға: 
Дт: 1620 «Сақтандыру полисі» шоты; 

 
78 
Кт:  1030«Есеп  айырысу»  шоты  түріндегі  бухгалтерлік  жазу 
жазылады. 
Сақтандыру полисін алу барысында болған шығындар сомасын 
есеп беретін уақытта мына түрдегі екі жақты жазу жазылады: 
Дт: 7010 «Тауарларды сату бойынша шығындар»; 
7210  «Жалпы  және  әкімшілік  шығындары»;  8410  «Үстеме 
шығындар» шоттарының тиістілері; 
Кт: 3210 «Сақтандыру полисі» шоты, «Жал төлемі» шот алдағы 
кезеңдер үшін төленген жал төлемдерінің сомасын көрсетеді. 
 Аталған  шотқа  байланысты  төмендегідей  бухгалтерлік 
жазулар жазылады: 
Алдағы кезеңдер үшін төлем төленген жағдайда: 
Дт: 1620 «Жал төлемі» шоты; 
Кт:  1030  «Ағымдағы  банктік  шоттардағы  ақша  қаражаты» 
шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы. 
Ал  есепті  кезеңге  жатқызылатын  жал  төлемі  есептен 
шығарылған уақытта: 
Дт: 7010 «Тауарларды сату бойынша шығындар»; 
7210 «Жалпы және әкімшілік шығындары»; 
8410  «Үстеме  шығындар»  және  тағы  да  басқа  шоттардың 
тиістілері; 
Кт: 1620 «Жал төлемі» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы. 
«Басқадай  алдағы  кезең  шығындары»  шоты  «Сақтандыру 
полисі» мен «Жал төлемі» деп аталатын шоттарда аталмай кеткен 
басқадай алдағы кезең шығындары жайлы ақпараттарды есептеу 
үшін арналған. 
 
 
Алдағы кезең шығындары шоты бойынша  
жүргізілетін операциялар 
№ 
Операциялар мазмұны 
Дт  шот  Кт шот 

Сақтандыру  полисін  алу  үшін  есеп 
айырысу шотынан төленген сома 
 
1620   
1030 

Сақтандыру  полисін  алу  барысында  бол-
ған шығындар сомасы есеп беретін уақыт-
та тиісті шоттарға апарылды  
7110, 
7440, 
8048 
1620   

Алдағы  кезеңнің  жал  төлемі  есеп  айы-
рысу  шотынан  аванс  ретінде  алдын  ала 
1620   
1030 

 
79 
аударылды 
 

Есеп  беретін  уақытта  жал  төлемі  есептен 
шығарылды 
 
7110, 
7440, 
8047 
1620 
 
Жинақтау  есебі  "Алдағы  кезең  шығындары"  шотының 
кредиті бойынша № 10 - Журнал-ордерде жүргізіледі 
 
Бақылау сұрақтары: 
1. Дебиторлық борыш дегеніміз не? 
2. Дебиторлық борыштарға қандай борыштар жатады? 
3. "Сатып  алушылар  және  тапсырыс  берушілердің  борышы" 
шотының жинақтау есебін жүргізу тәртібі 
4. Күмәнді дебиторлық борыштар есебін жүргізу тәртібі 
5. Күмәнді 
дебиторлық  борыштар  есебі  қандай  шотта 
жүргізіледі?  
6. Есеп беретін адамдар дегеніміз кім? 
7. Аванстық есепті жасау, тапсыру тәртібі. 
8. Алдағы  кезең  шығындарына  қандай  шығындарды  жатқызуға 
болады? 
9. Алдағы кезең шығындарының есебі қандай шотта жүргізіледі? 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тәжірибелік жұмыс тақырыбы:  
«Дебиторлық борыш есебі» 
 
№1 тапсырма 
Берілгені: 
2010  жылғы  25  сәуірдегі  алдын-ала  төлемдер  есебіне 
мынадай құжаттар жалғанған: 
-  Мынадай белгілері бар іс сапарлық куәлік: 
Оралдан 15 сәуірде шықты, Ақтөбеге 15 сәуірде келіп жетті. 
Ақтөбеден 22 сәуір күні шықты, Оралға 22 сәуірде келіп жетті. 
-  әрқайсысы 980 теңге тұратын екі темір жол көлігі билеті

 
80 
-  поезда  әрқайсысы  100  теңге  тұратын  төсек-орынды 
пайдаланғаны үшін төлем квитанциялары (екі дана); 
-  тәулігіне  1150  теңге  төлеп  қонақ  үйінде  7  тәулік  тұрғаны 
үшін есептесу шоты; 
-  іссапардағы  барлық  күндері  үшін  4  АОК  көлемінде 
тәуліктік ақы төленді. 
Іссапарға  шығарда  қызметкер  кассадан  45 000  көлемінде 
алдын-ала  ақшалай  төлем  ақы  алды.  Қалған  бөлігі  кассаға 
қайтарылды. 
Орындау керек: 
1.  Ақтөбеге  өнімді  өткізу  бойынша  келіссөз  жасау  үшін 
іссапарға жіберілген өткізу бөлімі қызметкерінің алдын-ала төлем 
ақы алу есебін құрып, тексеріп, өңдеңдер. 
2.  Бухгалтерлік  есеп  шоттарында  осы  тұлғамен    есептесу   
операцияларын көрсетіңдер. 
 
№2 тапсырма 
Берілгені: 
“Береке”  ЖШС  директоры  200*  жылдың  13  мен  22  ақпан 
аралығында Астана қаласында қызмет бабымен іссапарда болды.  
 
Аванстық есепке мынадай құжаттар тіркелді. 
№ 
Құжаттар 
Сомасы 

Орал- Астана теміржол билеті 
5000 

Астана -Орал теміржол билеті 
5000 

Қонақ үйде тұрғаны үшін 325 квитанция 
4000 

9 күнге тәуліктіка шығындар  


Барлығы: 

Орындау керек: 
Аванстық есеп жасау қажет. 
Тәуліктік  шығындар  мен  барлық  шығындарды  есептеп 
шығарып және бухгалтерлік жазуларда көрсету керек. 
 
№3 тапсырма 
   «Зенит»  зауытының  балансы  және  «Есеп  беретін  адамдар-
мен есептесу» шоты бойынша қалдық тізімдемесінің берілгендері 
негізінде жинақтау және талдамалық есебінің шоттарын ашыңдар 
және 20__ж. 1 наурызы айына қалдық жазыңдар. 

 
81 
 
1 наурыз 20__жылға «Зенит» зауытының балансы 
№ 
Активтер 
Сома-
сы 
№ 
Меншікті капитал 
және міндеттемелер 
Сома-
сы 

Негізгі құралдар   694000  1 
Жарғылық капитал 
6897200 

Шикізат пен 
материалдар 
481000 

Жабдықтаушылар 
мен мердігерлерге 
берешек 
720000 

Дайын өнім 
400000 

Жұмысшылар және 
қызметкерлермен 
еңбекақы бойынша 
есеп айырысу 
286000 

Есеп айырысу 
шоты 
1326000   
 
 

Есеп беретін 
адамдармен 
есептесу 
2200 
 
 
 
 
Барлығы  
7903200   
Барлығы 
7903200 
 
Қалдық тізімдемесі «Есеп беретін адамдармен есеп айырысу»  
шоты бойынша 
№ 
Есеп беретін адамның фамилиясы,  
аты-жөні 
Сомасы 

Лұқпанов Асан Ғалиұлы - экспедитор 
2000 

Дәулетов Қанат Сапарұлы – шаруашылық 
меңгерушісі 
200 
 
Барлығы 
2200 
  
«Зенит»  зауытының  мәліметтері  негізінде  наурыз  айына 
операциялар  журналын  ашыңдар,  шоттар  корреспонденциясын 
жасаңдар және наурыз айына айналымдарын есептеңдер 
 
№  Операцияның қысқаша мазмұны және құжаты 
Сомасы 

№ 20-21 кіріс кассалық ордерлері 
Кассаға алынды: 
- шаруашылық меңгерушісі Қ.С. Дәулетовтен есеп 
берілетін сома қалдығы 
- есеп айырысу шотынан; 
 
 
 
200 
286000 

№38 шығыс кассалық ордері 
 

 
82 
№11-13 төлем тізімдемесі бойынша ақпан айына 
жұмысшыларға еңбекақы берілді 
286000 

Мемлекеттік банктегі есеп айырысу шотының 
көшірмесі 20__ж. 
Жабдықтаушыларға берешекті өтеу үшін 
аударылды 
 
 
524000 

№17 аванстық есеп 20__ж. 
Экспедитор А.Ғ. Лұқпанов шаруашылық 
қажеттілігіне жұмсады 
 
2500 

№22 кіріс кассалық ордері 20__ж. 
Есеп айырысу шотынан кассаға түсті 
 
12500 

№39 шығыс кассалық ордері 20__ж. 
№17 аванстық есеп бойынша артық жұмсалған 
сома экспедитор А.Ғ.Лұқпановқа берілді 
 
 
500 

№40 шығыс кассалық ордері 20__ж. 
Шаруашылық меңгерушісі Қ.С. Дәулетовке 
шаруашылық шығындары үшін есеп берілетін 
сома берілді 
 
2000 

№41 шығыс кассалық ордері 20__ж. 
Іссапарлық шығындар үшін экспедитор А.Ғ. 
Лұқпановқа берілді 
 
10000 

№18 аванстық есеп 20__ж. 
Шаруашылық меңгерушісі Қ.С. Дәулетов 
шаруашылық қажеттілігіне жұмсады 
 
1500 
 
Шаруашылық  операцияларын  жинақтау  және  талдамалық 
есеп  шоттарына  жазыңдар,  айлық  айналымдарын  есептеп, 
қалдығын  табыңдар  және  берілгендер  бойынша  айналым 
тізімдемесін жасаңдар. 
Жинақтау шоттарының айналым тізімдемесі негізінде 1 сәуір 
20__ж. «Зенит» зауытының балансын жасаңдар. 
№4 тапсырма 
1)  Төмендегі  берілгендербойынша  негізінде  құрал  жасау 
«АЯН» зауытының баланысын жасаңдар 1 қазан             ж. 
 
Рет 
№ 
Шаруашылық қаражаттары және олардың 
құралу көздері 
Сомасы 

Негізгі құралдар  
1533260 

Кассадағы ақша қаражаты  
14000 

Есеп беретін адамдардың берешегі  
3200 

 
83 

Материалдар  
124300 

Есеп айырысу шоттарындағы ақша қаражаты 
331000 

Жабдықтаушылар мен мердігерлерге берешек  
75360 

Жарғылық капитал  
1873200 

Жұмысшылар мен қызметткерлерге берешек  
572000 
 
Барлығы: 
 
 
2)  1-тапсырма  бойынша  толтырылған  баланс  берілгендері 
арқылы  және  «Есеп  беретін  адамдар  мен  есеп  айырысу»  шоты 
бойынша  қалдықтар  тізімдемесі  негізінде  жинақтау  және  тал-
дамалық есеп шоттарын ашып, 1 қазан_____ж. қалдық жазыңдар 
«Есеп  беретін  адамдар  мен  есеп  айырысу»  шоты  бойынша 
қалдық тізімдемесі 1 қазан 
 
№ 
Есеп беретін адамдардың аты-жөні 
Сомасы 

Н.Т.Омаров – жабдықтау агенті  
2500 

П.С.Сәрсекенов – шар. меңгерушісі 
700 
 
Барлығы:  
3200 
 
3)  Қазан____ж.  операциялар  журналын  жасаңдар  және 
шоттар корреспонденциясын қойыңдар 
 
№ 
Құжат және операциялардың қысқаша 
мазмұны 
Сомасы 

Мемлекеттік банк есеп айырысу шотының 
көшірмесі  1 қазан ___ ж. 
Жабдықтаушыларға берешек өтелді. 
 
 
55000 

Мемлекеттік банктегі есеп айырысу шотының 
көшірмесі  4 қазан ___ ж. 
Банктің қысқа мерзімді несиесі есепке алынды. 
 
  
 
20000 

№23 кіріс кассалық ордері  6 қазан  ____  ж. 
Есеп айырысу шотынан кассаға алынды. 
 
57200 

Шығыс кассалық ордері  6 қазан ___ ж.  
№10 – 12 төлем тізімдемесі бойынша 
қыркүйек айына жұмысшылар мен 
қызметкерлерге еңбекақы берілді. 
 
 
57200 

Аванстік есеп 10 қазан___ ж. 
Жабдықтау уәкілі Омаровтың бастамасымен 
өндірістік мұқтаждыққа жұмсалды.  
 
 
3000 

№43 шығыс кассалық ордері 10қазан ___ж. 
 

 
84 
№19 аванстық есеп бойынша жабдықтау 
уәкілі  
Н.Т.Омаровқа артық жұмсалған қаржысын 
өтеуге берілді. 
 
500 

№24  кіріс кассалық ордері 10 қазан ___ж. 
Шаруашылық менгерушісі П.Сәрсекенов 
пайдаланылмай қалған есеп берілетін сомасын 
кассаға қайтарды. 
 
 
700 

№44 шығыс кассалық ордері 19 қазан ___ж. 
Жабдықтау уәкілі Н.Омаровқа іссапарлық 
шығындар үшін есеп берілетін сома берілді. 
 
7500 
 
 
4)  «Есеп беретін адамдар мен есеп айырысу» шоты бойынша 
№7 журнал – ордер толтырыңдар 
 
№5 тапсырма 
Берілгені: 
«Вихрь»  ЖШС  тауарларды  несиеге  берумен  айналысады. 
2009 жылы 1000000 теңгенің тауары өткізілді. 
Жыл  аяғында  жүргізілген  дебиторлық  қарыздарды  мүліктік 
тізімдеу  нәтижесінде  300 000теңге  сомасының  төленбеген 
шоттары бары анықталды, соның ішінде: 
1. «Альтаир»  ЖШС  келген  150000  теңге  (35  күнге  кешік-
тірілген) - 20% 
2. «Диана»  АҚ-нан келген 50 000 теңге (төлеу мерзімі болған 
жоқ) - 2% 
3. «ОМЗ»  АҚ-нан  келген  30 000  теңге  (15  күнге  кешікті-
рілген) - 4 
4. «Арман»  ЖШС  келген  20 000  теңге  (1  жылға  кешікті-
рілген) - 50% 
5. «Пилот» ЖШС келген 50 000 (2 айға кешіктірілген) - 30% 
«Күмәнді  қарыздар  бойынша  резерв»  1290  шотында  20 000 
несие қалдығы бар. 
Орындау керек: 
1.  Төлеу  мерзімдері  бойынша  есептерді  ескеру  әдісімен 
күмәнді  қарыздар  бойынша  резервті  қалыптастыру  жөніндегі 
бухгалтерлік жазбаларды құрыңдар. 
2.  Қарыздарды  тізімнен  шығарып,  содан  кейінгі  төлемдерге 
бухгалтерлік жазба құрыңдар. 
 

 
85 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
VII тарау 
ЕҢБЕК ЖӘНЕ ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУ ЕСЕБІ 
 
 
7.1. ЕҢБЕКАҚЫ БОЙЫНША ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫ ЕСЕПКЕ 
АЛУДЫҢ МӘНІ МЕН МІНДЕТТЕРІ. ЕҢБЕК АҚЫ  
ЖҮЙЕСІМЕН ФОРМАЛАРЫ, ТҮРЛЕРІ 

 
86 
Жалақы  -  бұл  еңбек  өлшемі  мен  тұтыну  өлшеміне  бақылау 
жасауды жүзеге асыруға көмектесетін маңызды экономикалық құрал. 
Қызметкерлермен есеп айырысу есебінің негізгі  міндеттері: 
1. Еңбектің  саны  мен  сапасына,  шығарылым  нормасының 
орындалуына, жұмыс уақыты мен жалақы қорының пайдаланылуына 
бақылау жасау; 
2. Субьектінің  әрбір  қызметкеріне  жалақыны  дер  кезінде  және 
уақтылы есептеу; 
3. Жалақыдан дер кезінеде және дұрыс ұстап қалу; 
4. Белгіленген мерзімдерде қызметкерлермен еңбекақы бойынша 
есеп айырысуды жүргізу; 
Тәжірибе  жүзінде  еңбекақыны  ұйымдастырудың  негізгі  екі 
нысаны – мерзімді және кесімді қолданылады. 
Мерзімді  еңбекақы  деп  еңбекақы  төлеу  жұмыспен  өтелген 
уақыттағы  тарифтік  ставкалар  немесе  қызметақылар  бойынша 
жүргізіледі. Мерзімдік еңбекақы – жай және мерзімді сыйақылар 
болып бөлінеді. 
Кесімді  еңбекақы  жағдайында,  қызметкерге  еңбекақы  әрбір 
орындалған  немесе  өндірілген  өнім  үшін  алдын  ала  белгіленген 
мөлшерде есептеледі. 
Кесімді еңбекақы мынандай жалақы жүйесіне бөлінеді: 
1.  Тікелей кесімді жүйе 
2.  Кесімді-сыйақылық жүйесі 
3.  Ілгерішіл-кесімді жүйе 
4.  Жанама-кесімді жүйе 
5.  Аккордтық жүйе 
Негізгі – бұл қызметкерлерге нақты жұмыспен өтеген уақыты 
үшін,  орындаған  жұмыстары  мен  өнеркәсіптік  өнімдерінің  саны 
мен  сапасы  үшін  белгіленген  бағалаулар  мен  қызметақы 
бойынша есептелетін жалақы. 
 
Негізгі жалақының құрамына кіретіндер: 
а)  жұмыс  істеген  уақытына  тарифтік  ставкалар,  қызметақы, 
кесімді бағалаулар немесе орташа табыстар бойынша есептелген 
жалақы; 
ә) қызметпен өткерген жылдар үшін үстеме; 
б)  жұмыс  жағдайының  өзгеруіне  байланысты  кесімді  ақы 
алушыларға  қосымша  қызмет  (материалдардың  сәйкессіздігі, 
өңдеудің күрделілігі, құрал-сайман мен жабдықтың икемсіздігі); 

 
87 
в)  кесімді  ақы  алушыларға  үдемелі  бағалаулар  бойынша 
қосымша ақы; 
г) ақшалай және натуралды сыйақылар  және сыйақы берудің 
бекітілген тәртібіне сәйкес төленген сыйақылар, қосымшалар; 
ғ) мерзімнен тыс уақыттағы жұмыс үшін қосымша ақы; 
д) түндегі жұмыс үшін қосымша ақы; 
е) жұмысшының кінәсі жоқ тұрып қалуға төлемдер. 
Қосымша – бұл қызметкердің кәсіпорында жұмыс жасамаған 
уақытына  ҚР  заңдарына  сәйкес  есептелетін  жалақы.  Қосымша 
жалақының құрамына кіретіндер: 
а) балаларын тамақтандырушы аналардың жұмсындағы үзіліс 
уақытына төлем; 
ә) жасөспірімдердің жеңілдік сағаттарына төлем; 
б)  мемлекеттік  және  қоғамдық  міндеттемелерді  орындауға 
жұмсалған жұмыс уақытына төлем; 
в) негізгі және қосымша демалыстар уақытына төлем
г) пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы; 
ғ) шыққанда берілетін жәрдемақы. 
Қызметкерлер  жалақыдан  басқа  әлеуметтік  сақтандыру 
қаражаттары  есебінен  еңбекке  уақытша  жарамсыздық  жөніндегі 
жәрдемақыны алады. 
Кәсіпорынның  жоспарымен  белгіленген,  жалақы  төлеу  шы-
ғыстарының сомасы жалақының жоспарлы қоры деп аталады. Ал 
есепті  кезеңде  қызметкерлерге  нақты  төленуге  тиіс  жалақының 
сомасы кәсіпорындағы жалақының есептік қоры деп аталады. 
 
 
 
 
 
 
7.2. ЖҰМЫС УАҚЫТЫНЫҢ ЕСЕБІ 
Орындалған  жұмыс  уақытының  көрсеткіші,  жұмысшылар-
дың  еңбекақысын  жұмыс  істеген  уақытына  қарай  есептеуге, 
өнімділікті есептеуге, сонымен қатар жұмыс істегені жайлы ста-
тистикалық  көрсеткіштерді  алуға,  жұмыс  күнінің  балансын 
жасауға  қолданады.  Жұмыс  істелген  уақыт  есебі  жұмысшылар 
мен қызметкерлердің санаттары бойынша табельде реттік номері 

 
88 
санына қарай жүргізіледі. Жалпы табелдер жұмыс істеген  уақы-
ты бойынша қызметкерлердің еңбекақысын есептеуге арналған. 
Табельде  жұмысшылардың  жұмыс  істеген  уақыты,  жұмысқа 
келмегені,  жұмыстың  тоқтап  қалғанына  байланысты  шартты 
белгілерді қою арқылы толтырылады.  
ҚР  еңбек  заңдарына  сәйкес  жұмысшылар  мен  қызметкер-
лердің мынадай жұмыспен өтелген уақыттары төленеді: 
1.  Мемлекеттік  және  қоғамдық  міндеттемелерді  орындау 
уақыты. 
2.  Жасөспірімдердің жеңілдік сағаттарын төлеу. 
3.  Нәрестені  тамақтандыруға  арналған  қосымша  үзілістерді 
төлеу. 
4.  Кезекті және оку демалыстарының уақытын төлеу. 
5.  Пайдаланбаған демалыс үшін өтемақы.  
6.  Жұмыстан босаған кездегі шығу жәрдемақысы. 
Жұмыспен өтелген уақыт орташа жалақы бойынша төленеді. 
Ұйымдардың  қызметкерлеріне  орташа  жалақыны  есептеудің 
тәртібі  туралы  Нұсқаулыққа  сәйкес  ұйымдардың  қызметкер-
леріне  орташа  жалақы  есептеу  үшін  төлемдердің  алдындағы             
12 күнтізбелік ай есептік кезең болып табылады (бір жылдан кем 
уақыт жұмыс жасаған  қызметкерлер үшін орташа  жалақы нақты 
жұмыспен  өтелген  уақыт  үшін  белгіленеді).  Орташа  жалақыны 
анықтау үшін: 
1.  Күндік  орташа  жалақыны  (жұмыс  істелмейтін  және 
мереке күндерін қоспағанда). 
2.  Орташа сағаттық жалақы пайдаланылады.       
Күндік орташа жалақы, еңбекке ақы төлеумен демалыс үшін 
өтемақы  төлеуден  басқа  барлық  жағдайда  есепті  кезеңде 
есептелген  жалақы  сомасын  жұмыс  күндерінің  сомасына  бөлу 
жолымен  анықталады.  Нақты  жұмысшының  орташа  жалақы-
сының  мөлшері  күндік  орташа  жалақыны  төлеуге  тиіс  күндер 
сомасына көбейту жолымен анықтайды. 
Күндік  орташа  есепті  кезеңде  есептелген  жалақы  сомасын 
жыл сайынғы жұмыс уақытының баланысына сәйкес осы кезеңгі 
жұмыс  сағаттарына  бөлу  жолымен  есептеледі.  Нақты  қызмет-
кердің  орташа  жалақысының  мөлшері  орташа  сағаттық 
жалақыны  төлеуге  тиіс  кезеңдегі  жұмыс  сағатының  санына 
көбейту жолымен анықталады. 
 Егер: 

 
89 
1.  Қызметкердің  орташа  жалақысы  төленсе  немесе  сақталса 
(ҚР заңдарына сәйкес). 
2.  Қызметкер  мемлекеттік  әлеуметтік  сақтандыру  бойынша 
жәрдемақы  алса  (жүктілігі  мен  босануы  бойынша  еңбекке 
уақытша  жарамсыздық)  және  басқадай  болса  орташа  жалақыны 
есептеуге  арналған  есептік  кезеңнен  уақыт,  сондай-ақ  төленген 
сомалар алынып тасталады. 
Ынталандырушы  сипатты  сыйақылар  мен  басқа  төлемдер 
есептеу  уақыты  бойынша  орташа  жалақыны  есептеген  кезде 
қосады,  ал  жылдық  сыйақылар  мен  сыйлықтар  есепті  кезеңнің 
әрбір айы үшін 1/12 мөлшерінде ескеріледі. 
1. Мемлекеттік  және  қоғамдық  міндеттемелерді  орындау 
уақыты.  Төлем  орташа  сағаттық  немесе  орташа  күндік  жалақы 
бойынша  қызметкер  мемлекеттік  немесе  қоғамдық  міндеттеме-
лерді  орындаған  мекеменің  табелінің,  анықтамасының  немесе 
хабарландырушының негізінде жүргізіледі. 
2. Жасөспірімдердің  жеңілдік  сағаттары.  5  күнддік  жұмыс 
күнінде 16 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін күніне 
7  сағат  12  минуттан  аспау  керек  (16-дан18  жасқа  дейін  – 
аптасына 36 сағат, 15-тен 16 жасқа дейін – аптасына 24 сағат). 
3.  Нәрестені  тамақтандыруға  арналған  үзіліс.  Мұның  өзі 
медицина  мекемесі  емізетін  аналар  мен  1  дейінгі  балары 
әйелдерге  берген  анықтамалармен  ресімделеді.  Демалыс  пен 
тамақтануға  берілетін  жалпы  үзілістен  басқа  әрбір  үш  сағат 
сайын нәрестені тамақтандыруға арналған 30 минуттық қосымша 
үзілістер  беріледі.  Бұл  үзілістер  орташа  сағаттық  жалақы 
бойынша төленеді. 
4.  Демалыс  уақытын  төлеу.  Еңбек  заңдарына  сәйкес  жұмыс 
жылына  жұмысшылар  мен  қызметкерлерге  жылына  бір  рет 
демалыс  беріледі.  Демалыс  алу  құқығы  сол  кәсіпорында  11  ай 
үздіксіз  жұмыс  істегеннен  туындайды.  Демалыстың  ұзақтығын 
шаруашылық субъектісі белгілейді және кестеге сәйкес беріледі. 
Демалыс  бұйрықпен  немесе  демалыс  беру  туралы  жазбамен 
ресімделеді  де,  онда  оның  қандай  мерзімге  берілетіндігі  мен 
ұзақтылығы  көрсетіледі.  Демалысты  толеуге  және  пайдала-
нылмаған демалыс үшін өтемақы төлеуге күндік орташа жалақы 
демалысқа  кетер  алдындағы  12  күнтізбелік  айдың  жалақысына 
орай анықталады  

 
90 
Егер  бір  жылдан  кем  жұмыс  істесе,  онда  демалысқа  кетер 
алдындағы  күнтізбелік  айлардың  жалақысына  орай  анықталады. 
Күндік  орташа  жалақы  есепті  кезеңдегі  жалақы  сомасын  жұмыс 
уақытының  жыл  сайынғы  баланысындағы  жұмыс  күндерінің 
айлық орташа санына бөлу жолымен есептеліп шығарылады. 
Демалыс уақытындағы жалақы күндік орташа жалақыны де-
малыс күндерінің санына көбейту жолымен алынған сомаға тең. 
6. Еңбекке  уақытша  жарамсыздық  бойынша  жәрдемақыны 
есептеу.  ҚР  Еңбек  туралы  заңына  сәйкес  еңбекке  уақытша 
жарамсыз  болған  жағдайда  қызметкерлерге  уақытша  жұмысқа 
жарамсыздық  парағы  негізінде  мекеменің  қаражаттары  есебінен 
еңбекке  уақытша  жарамсыздығы  бойынша  әлеуметтік  жәрдем 
ақы тағайындалады. Еңбекке уақытша жарамсыз күндері бойын-
ша әлеуметтік жәрдем ақы негізгі жұмыс орны бойынша еңбекке 
жарамсыздықтың бірінші күнінен еңбекке жарамды күніне дейін 
немесе  медициналық-әлеуметтік  эксперттік  комиссияның  мүге-
дектік  белгілеуіне  дейін  төленеді.  Еңбекке  уақытша  жарамсыз 
күндері  бойынша  жәрдем  ақы  орташа  айлық  еңбек  ақыдан 
есептеледі,  бірақ  еңбекке  уақытша  жарамсыз  күндері  бойынша 
айлық  жәрдемақы  мөлшері  айлық  есептеу  көрсеткішінен 
белгіленген шамадан аспауы керек. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет