М. А. Молдашева


ЕҢБЕК АҚЫДАН ҰСТАУ МЕН ҰСТАЛЫМДАР



Pdf көрінісі
бет8/12
Дата10.02.2020
өлшемі1.44 Mb.
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

7.3. ЕҢБЕК АҚЫДАН ҰСТАУ МЕН ҰСТАЛЫМДАР 
ҚР  заңына  сәйкес  жұмыскердің  еңбекақысынан:  міндетті 
зейнетақы,  жеке,  табыс  салығы,  орындаушы  қағаздар  бойынша, 
сонымен  бірге  жұмысшының  жазбаша  келісім  бойынша  немесе 
жұмыс  берушінің  бастамашылығымен  жұмыскердің  келісімінің 
еңбекақы  есебінде  төленген  аванысты  қайтару  үшін  (артық 
төленген  соманы  қайтару  үшін)  және  т.б.  жағдайларда  ұстап 
қалуға болады. 
Қызметкердің  жалақысынан  бухгалтерия  ұсталымдардың 
мынадай түрлерін ұстап қалады: 
1.  Табыс салығын. 
2.  Орындаушы қағаздар бойынша. 
3.  Несие  сатып  алынған  тауарлар  үшін  тапсырмалар  мен 
міндеттемелер бойынша. 
4.  Жазбаша  тапсырмалар,  жеке  сақтандыру  шарттары 
бойынша. 

 
91 
5.  Егер  шаруашылық  субъектісі  кәсіподақтардың  немесе 
тәуелсіз  кәсіподақтардың  федерация  кеңесінде  тіркелген  болса, 
1%-тік кәсіподақ жарнасы.  
6.  Жалақы есебінен берілген авансты өтеу. 
7.  Жеке тұрғын үй құрылысына берілген несиені өтеу есебіне. 
8.  Жұмысшының  жазбаша  келісімі  бойынша  шаруашылық 
субъектісіне тиесілі тұрғын үй үшін пәтерақы төлеу. 
9.  Демалыстың өтелген күндері үшін. 
10.  Кәсіпорынға келтірілген зиянды өтеу. 
11.  Айыппұлдар мен мойнындағы ақша. 
12.  Зейнетақы қорына төлемдер (10%). 
 
 
7.4. ЕҢБЕККЕРЛЕРМЕН ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ  
БОЙЫНША ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ 
Еңбеккерлермен  еңбекке  ақы  төлеу  бойынша  есеп  айыры-
суларды  есепке  алу  үшін  есептік  және  төлем  тізімдемелері, 
сондай-ақ  жұмыскерлер  мен  қызметкерлердің  жеке  шоттары 
пайдаланылады,  сондықтан  онда  жазулар  жүргізу  үшін  келесі 
бағандар қарастырылған: тегі аты, әкесінің аты; табельдік номері, 
жұмыс  істеген  сағаттарының  саны;  есептелген  еңбекке  ақы 
төлеудің  барлық  түрлері;  қолданыстағы  заңдарға  сәйкес 
жүргізілетін  ұсталымдар  мен  шегерімдердің  барлық  түрлері; 
еңбеккердің берешегі; берілетін сома. 
Мекеменің лауазымды тұлғаларының және басқа қызметкер-
леріне  есептелген  еңбекақылар  3350  «Еңбекақы  төлеу  бойынша 
қысқа мерзімді берешек» шотына есепке алынады. 
Қазіргі  уақытта  еңбекке  ақы  төлеуді  есепке  алуды  автомат-
тандырудың  үлкен  әр  түрлі  бағдарламалары  бар  жағдайда  меке-
мелер олардың қажеттісін және ыңғайлысын өздері таңдайды. 
Бухгалтерлік  есеп  шоттарының  үлгілік  жоспарына  сәйкес 
еңбекке ақы төлеу бойынша еңбеккерлермен есеп айырысуларды 
есепке алу үшін 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді 
берешек» пассивтік шот арналған. 
Көрсетілген  шоттың  кредиті  бойынша  есептелген  еңбекақы 
мен  сыйақының  барлық  түрлері,  зейнетақылар,  жәрдемақылар 
және жұмыскерлер мен қызметкерлерге тиісілі сесптелген барлық 
төлемдердің  басқа  да  түрлері  көрсетіледі.  Есептелген  еңбекақы-
лар  мен  сыйақылар  мекеменің  шығындары  болып  танылғандық-

 
92 
тан,  олардың  сомасы  мекеменің  өнімдері  сату  және  қызметтер 
көрсету  бойынша  шығындары  мен  әкімшілік  және  басқару 
шығындарының  және  құрылыс  пен  өндірістік  шығындары 
құрамында есепке алынады. 
3350  «Еңбекақы  төлеу  бойынша  қысқа  мерзімді  берешек» 
шотының  дебеті  бойынша  қолданыстағы  заңдарға  сәйкес 
жүргізілген  ұсталымдар  мен  шегерімдердің  барлық  түрлерінің,  
жұмыскерлер  мен  қызметкерлерге  кассадан  қолма  қол  ақшамен 
берілген  еңбекақы,  жәрдемақы,  зейнетақы  және  басқа 
төлемдердің  барлық  сомалары,  сондай  –  ақ  еңбеккерлердің 
уақытында алмаған еңбекақы көрсетіледі. 
Еңбекке  ақы  төлеу  бойынша  еңбекерлермен  айырысудың 
негізгі  операцияларын  бухгалтерлік  шоттарда  жазулар  жүргізуге 
төлем мен есеп айырысу – төлем тізімдемелер негіз болады. 
Мекеменің  құрылыста,  өндірісте,  өгнімдерді  өткізу  және 
қызмет  көрсету  салаларында  жұмыс  істейтін  жұмыскерлер  мен 
қызметкерлеріне,  жалпы  шаруашылық  және  әкімшілік  –  басқару 
қызметкерлеріне  есептелген  еңбекақы  төлемдері  бухгалтерлік 
есеп шоттарында келесі жазумен көрсетіледі: 
Тиісті шоттардың дебеті: 
2930  «Аяқталмаған  құрылыс»  -  құрылыста  жұмыс  істейтін 
еңбеккерлерге есептелген еңбекақы сомаларына 
7110  «Өнімдерді  сату  және  қызметтер  көрсету  бойынша 
шығыстар» өнімдерді сату және қызметтер көрсетумен шұғылда-
натын еңбеккерлерге есептелген еңбекақы сомаларына 
7210  «Әкімшілік  шығыстыр»  -  жалпы  шаруашылық  және 
әкімшілік  басқару  қызметкерлеріне  есептелген  еңбекақы 
сомаларынаа 
8110  «Негізгі  өндіріс»  -  негізіг  өндірістегі  жұмыскерлерге 
есептелген еңбекақы сомаларына 
8210  «Өз  өндірісінің  жартылай  фабрикаттары»  -  жартылай 
фабрикаттарды 
өндірумен 
шұғылданатын 
жұмыскерлерге 
қатысты есептелегн еңбекақы сомаларына 
8310  «Көмекші  өндірістер»  -  мекеменің  негізгі  өндірісінің 
көмекші  өндірістерінің  жұмыскерлеріне  қатысты  есептелгег 
еңбекақы сомаларына 
8410  «Үстеме  шығыстар»  -  негізгі,  қосалқы  және  жартылай 
фабрикаттар  өндірістеріне  қызмет  көрсететін  еңбеккерлерге 
есептелген еңбекақы слмаларына 

 
93 
3350  «Еңбекақы  төлеу  бойынша  қысқа  мерзімді  берешек» 
шотының кредиті 
Төлеу көздерінде салық салынатын еңбеккерлердің табысына 
белгіленген  ставканы  қолдану  арқылы  еңбеккерлердің  табысы 
бойынша  есептелген  әлеуметтік  салық  және  әлеуметтік 
сақтандыру  бойынша  аударымдар  сомасына  арнайы  есептелуге 
сәйкес келесі бухгалтерлік жасалады: 
Тиісті шоттардың дебеті: 
2930  «Аяқталмаған  құрылыс»  -  күрделі  құрылыста  жұмыс 
істейтін  еңбеккерлердің  еңбекақысынан  есептелген  әлеуметтік 
салық  және  әлеуметтік  сақтандыру  бойынша  аударымдар 
сомасына 
7110  «Өнімдерді  сату  және  қызметтер  көрстеу  бойынша 
шығыстар»  -  өнімдерді  сату  мен  қызметтер  көрсетумен  шұғыл-
данатын  қызметкерлердің  еңбекақысынан  есептелген  әлеуметті 
сақтандыру бойынша аударымдар сомасына 
7210  «Әкімшілік  шығыстар»  -  жалпы  шаруашылық  және 
әкімшілік  - басқару қызметкерлерінің еңбекақысынан есептелген 
әлеуметтік  салық  және  әлеуметтік  сақтандыру  бойынша 
аударымдар сомасына 
8110  «Негізгі  өндіріс»  -  негізгі  өндірістегі  жұмыскерлердің 
еңбекақысынан  есептелген  әлеуметтік  салық  және  әлеуметтік 
салық және әлеуметтік сақтандыру бойынша аударымдар сомасына 
8210  «Өз  өндірісінің  жартылай  фабрикаттары»  -  жартылай 
фабрикаттарды  өндірумен  шұғылданатын  жұмыскерлердің 
еңбекақысынан  есептелген  әлеуметтік  салық    және  әлеуметтік 
сақтандыру  бойынша аударымдар сомасына 
8310  «Көмекші  өндірістер»  -  көмекші  өндірістердің 
жұмыскерлерінің  еңбекақысынан  есептелген  әлеуметтік  салық 
және әлеуметтік сақтандыру бойынша аударымдар сомасына 
8410  «Үстеме  шығыстар»  -  негізгі,  қосалқы  және  жартылай 
фабрткаттар  өндірістеріне  қызмет  көрсететін  еңбеккерлердің 
еңбекақысынан  есептелген  әлеуметтік  салық  және  әлеуметтік 
сақтандыру бойынша аударымдар сомасына 
Тиісті шоттардың кредиті: 
3150 «Әлеуметтік салық» 
3210 «Әлеуметтік сақтандыру бойынша міндеттемелер» 
Еңбеккерлермен  еңбекке  ақы  төлеу  бойынша  есеп  айырысу-
лардың  жинақтау  есебі  №10  журнал  ордер  мен  №5  тізімдемеде 

 
94 
жүргізіледі.  Ай  соңында  бұл  құжаттардың  жиынтық  сомалары 
Бас кітапқа көшіріледі. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1.  Жұмысшылардың дербес шотының карточкасын ашу тәртібі. 
2.  Еңбек ақы жүйесімен формалары, түрлері.  
3.  Жұмыс уақытының есебі.  
4.  Еңбек есебі және еңбекақы бойынша құжаттар.  
5.  Еңбек ақыдан қандай шегерімдер жасалады? 
6.  Табыс салығын шегеру тәртібі 
7.  Салықтарды  бюджетке  аударғанда  қандай  бухгалтерлік  жазу 
беріледі? 
8.  Міндетті зейнетақы қорына төлемдер жүргізу тәртібі 
9.  Журнал ордерді толтыру тәртібі 
10.  Еңбек ақыны есептеу шоты  
 
Тәжірибелік жұмыс тақырыбы:  
«Еңбек және еңбекақы төлеу есебі» 
 
№1 тапсырма 
Берілгені: 
«Батыс» АҚ бойынша мәліметтер, бөлімше 01 
Қызметкердің 
аты-тегі 
Лауазымы 
Оклад 
теңге 
Табель-
дік 
номері 
Жұ-
мыс 
жаса-
ған 
күні 
Жұмыс 
жасаған 
сағаты 
Камиев С.А. 
басшы 
52000 
1341 
 
 
Бекмаганбетова 
А.А. 
Бас есепші 
42300 
1342 
 
 
Сериков Ш.С. 
менеджер 
40000 
1343 
 
 
Сариев Н.К. 
инженер 
40000 
1344 
 
 
Малаева Ж.С. 
есепші 
35000 
1345 
 
 
Алиева С.С. 
Кассир 
30000 
1346 
 
 
Демалыс  және  мейрам  күндері:  7,8,14,21,22,28.  Жұмыс  күні  
7  сағат,  мейрам  күнінің  алдында  6  сағат.    Кәсіпорын  басшысы 
және  кассир  наурыз  айының  барлық  күні  жұмыс  істеді.  Бас 
есепші  1-6  наурыз  аралығында  ауырды.  Менеджер  20  науырыз-
дан еңбек демалысына шықты. Есепшінің мемлекеттік, қоғамдық 

 
95 
міндеттер  атқарған  уақыты  10-12  наурыз.  Жұмыс  жасаған  күні 
және сағатының барын есептеу. Табелді аяқтаңдар. 
Орындау  керек:  Наурыз  айына  берілгендер  бойынша  №12 
Жұмыс уақытын есептеу табелін толтыру   
 
№2 тапсырма 
Берілгені: 
Жұмысшы Б.М.Исабаев қараша айында 7 күн 
ауырды.Алдыңғы 12 айдағы еңбекақы 184 200 теңгені 
құрады.Есеп беру  мерзіміндегі жұмыс күндерінің саны – 302 күн. 
Орындау керек: 
Уақытша еңбекке  жарамсыздығы бойынша жәрдемақы 
сомасын есептеп , шот корреспонденцияларында көрсету қажет. 
 
№3 тапсырма 
Берілгені: 
Бұйрық бойынша сатушы Бекеева 2008 жылдың ақпанынан 
кезекті еңбек демалысына шықты,демалыс күні – 20 күн. 
 
Айлар 
Жалақы 
Сыйақы 
Қаңтар 2010 
30000 
10000 
Желтоқсан 2009 
25000 
15000 
Қараша 
25000 
 
Қазан 
25000 
15000 
Қыркүйек 
20000 
 
Тамыз 
20000 
15000 
Шілде 
20000 
 
Маусым 
15000 
15000 
Мамыр 
15000 
 
Сәуір 
15000 
15000 
Наурыз 
20000 
 
Ақпан 
20000 
15000 
Жиыны 
 
 
 
 
Орындау керек: 
1. Демалыс ақысын есептеу және шот корреспонденциясында  
көрсету. 
2. Егер А. Бекеева сатушы емес бухгалтер болса,онда қандай 
шот корреспонденциясы жазылады? 

 
96 
 
№4 тапсырма: 
Берілгені: 
Кәсіпорында  бес  күндік  жұмыс  күні.  Темір  жонушы  6  раз-
рядты сағаттық тарифтік мөлшерлемесі 172,43теңге фрезеровщик 
мамандығын  бірге  алып  жүр.  Жеке  еңбек  шарты  бойынша 
фрезеровщик  жұмысын  атқарғаны  үшін  оған  тарифтік 
мөлшерлеменің 40 %, сыйақы мөлшері 60 %. Темір жонушы 2010 
ж. сәуірде 22 жұмыс күні-176 сағат жұмыс істеді. 
Орындау керек: 
2010  ж.  сәуір  айына  темір  жонушыға  еңбек  ақы  есептеу 
керек. Қолға алатын ақысын есептеу 
Шоттар корреспонденциясын құру 
 
№5 тапсырма 
 Берілгені: 
“Жансая”    ЖШС  –де  бір  стандартты  парақты  басу  70  теңге 
мөлшерінде тағайындалған.Хатшы А.П.Ахметова күніне 20 парақ 
дайындайды, ақпанда 20 жұмыс күнін атқарды. 
Орындалу керек: 
Ақпан  айындағы  хатшы  А.П.  Ахметованың  еңбекақы 
сомасын есептеу қажет. 
 
№6 тапсырма 
Берілгені: 
Жұмыс  берушінің  кінәсінен  ЖШС-те  материал  болмауына 
байланысты 2010 ж. 3-4 сәуір күніне 8 сағаттан жұмысшысының 
уақытша жұмысы тоқтап қалды. Ұйымда бес күндік жұмыс күні. 
Ұжымдық  шарт  бойынша  жұмыс  берушінің  кінәсінен  тұрып 
қалған  уақытқа  орташа  еңбек  ақының  50%  белгіленген.  Жұмыс-
шы  жұмысқа  4  қаңтар  2010  ж.  Қабылданды  сағаттық  тарифтік 
мөлшерлемесі  3  разрядтың-159,83  теңге.  Сағаттық  тарифтік 
мөлшерлемеге  50%  сыйақы белгіленген.  
Орындау керек: Жұмыс берушінің кінәсінен тұрып қалған 
уақытқа ақы есептеу қажет. 
№7 тапсырма 
Берілгені: 
Кәсіпорында  бес  күндік  жұмыс  күні.  Темір  жонушы  6  раз-
рядты сағаттық тарифтік мөлшерлемесі 172,43теңге фрезеровщик 
мамандығын  бірге  алып  жүр.  Жеке  еңбек  шарты  бойынша 

 
97 
фрезеровщик  жұмысын  атқарғаны  үшін  оған  тарифтік  мөл-
шерлеменің 40 %, сыйақы мөлшері 60 %. Темір жонушы 2010 ж. 
сәуірде 22 жұмыс күні-176 сағат жұмыс істеді. 
Орындау керек: Қосымша міндет атқарғаны немесе уақытша 
жұмыста  жоқ  адамды  ауыстырғаны  үшін  2010  ж.  сәуір  айына 
темір жонушыға қосымша ақы есептеу 
 
№8 тапсырма 
Берілгені: 
Көлік ұйымының жүк көтерушісі 2010ж. сәуір айында 10 са-
ғат артық жұмыс істеді. 
Жеке еңбек шарты бойынша оған 2 разряд сағаттық тарифтік 
мөлшерлемесі  157,21  теңге  белгіленді.  Жұмысы  күрделі 
жұмыстан тыс уақытқа 1,5 мөлшерде төленеді.  
Орындау керек: Жұмыстан тыс уақытқа ақы есептеу. 
 
№9 тапсырма 
Берілгені: 
Мерзімдік  жұмысшы  5  разрядты  2010ж.  сәуір  айында                
16  сағат  түнгі  уақыт  жұмыс  істеді.  Оның  сағаттық  тарифтік 
мөлшерлемесі  168,23  теңге.  Ұжымдық  шарт  бойынша    түнгі  әр 
сағатқа тарифтік мөлшерлеменің 1,5 мөлшерде белгіленген. 
Орындау керек: Түнгі уақыттағы жұмысқа ақы анықтау. 
 
№10 тапсырма 
Берілгені: 
Кесімді-жұмысшы наурыз айының 8 және 22 наурыз мейрам 
күндері  жұмыс  жасап,  10  және  15  тетік  бағасы  150  теңгеден 
жасады.  Ұжымдық  шарт  бойынша    мейрам  күндеріне  ақы  2  есе 
мөлшерде жүреді. Бұл күндердің біреуіне демалыс алды. 
Орындау керек: Еңбек ақы есептеу 
 
 
 
№11 тапсырма 
Берілгені: 
Қызметкер 2009 ж. 1-27 тамыз /18 жұмыс күні/ аралығында 
кезекті еңбек демалысында болды. 
Жұмысшының есептесу кезеңінде есептелген еңбек ақысы: 

 
98 
Есептесу кезеңінің 
айлары 
Жұмыс жасаған 
уақытына еңбек ақы 
Айлық жұмыс 
күнінің саны, 
жұмыс бес 
күндік 
Тамыз 
52000 
22 
Қыркүйек 
52000 
22 
Қазан 
52000 
20 
Қараша 
52000 
22 
Желтоқсан 
52000 
20 
2008 ж. 
 
 
Қаңтар 
52000 
19 
Ақпан 
52000 
20 
Наурыз 
52000 
21 
Сәуір 
52000 
20 
Мамыр 
52000 

Маусым 
52000 
22 
Шілде 
52000 
21 
12 күнтізбелік айға 
барлығы 
 
 
 
Орындалу керек: 
Демалысқа ақы, шегерілетін сомаларды анықтаңдар.   
Корреспонденция шотын құру 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
VIII тарау 
СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ЕСЕБІ 
 
 

 
99 
8.1. СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ЕСЕБІ 
Нарықтық  қатынас  жағдайында  сыртқы  экономикалық  қыз-
меттің  негізгі  бағыттары.  сыртқы  сауда  операциялары:  экспорт, 
импорт,  реэкспорт.  Сыртқы  экономикалық  қызметін  құжаттарда 
көрсету. Тауар, жұмыстар мен қызметтер б/ша операциялар есебі. 
Тауарлар, жұмыстар қызметтер импорты бойынша операция есебі.  
Валюталық  әрекеттер  кәсіпорынның  сыртқы  экономикалық 
қызметімен  тікелей  байланысты.  Сыртқы  экономикалық  әрекет-
тер есебінің ерекшелігі есеп теңгемен де, шетелдік валютамен де 
жүргізіліп тұрады. 
Кәсіпорындарда сыртқы экономикалық қызметтің жүргізілуі-
не  байланысты  барлық  операциялардың  есебі  шоттарда  салыс-
тырмалы түрде (теңгеде және шетелдік валютада) жүргізіледі. 
Саудамен  тығыз  байланысты  кәсіпорындардың  сыртқы 
экономикалық қызметін бухгалтерлік шоттарда бейнелеу кезінде 
сауда әрекеттерінің негізгі үш түрін білу керек. 
Экспорт- тауарды сатып алушының еліне жөнелту мен бірге, 
шетелге тауарларды сату. 
Импорт-  шетелдік  сатушыдан  алушының  еліне  тауарларды 
алып келумен бірге, тауарларды сатып алу. 
Реэкспорт- импортталған тауарды экспорт жасау. 
Оларды есептеу бірлігі- тауарлы топ(партия).  
Экспорттық  әрекеттердің  есебін  экспортқа  өнім  өндіретін 
және  оның  саудасымен  айналысатын,  с.қ  комиссиялық  сыйақы 
үшін кәсіпорындардың экспорт б/ша тапсырмаларын орындайтын 
делдалдық ұйымдар арқылы жұмыс жасайтын к/о жүргізеді. 
Қолма-қол  ақшаға  сатылған  экспорттық  тауар  есебінің 
ерекшелігі. 
Сатып алушыдан тауардың ақшасын алу үшін экспорттаушы 
кәсіпорын өзінің банкісіне келісім шарт пен құжаттарды ұсынады 
(шот-фактура,  жүкқұжаттың  көшірмесін  т.б)  Бұл  құжаттар 
шетелдік  банкке  жіберіледі.  Сатып  алушы  құжаттарды  тексеріп, 
өзінің банкісіне экспорттаушы кәсіпорынның банкісіне валютаны 
аудару  жөнінде  нұсқау  береді.  Сатып  алушының  банкісі  оған 
коммерциялық  қойма  немесе  порттан  алуға  мүмкіндік  беретін 
құжат ұсынады. 
Сатушының  сатып  алушымен  есеп  айырысудың  бұл  түрі 
инкассо деп. аталады.  

 
100 
Импорттық  әрекеттердің  есебін  кәсіпорындардың  мұқтаж-
дықтарына  пайдалану  немесе  қайта  сату  мақсатымен  шетелдік 
сатушылардан тауар сатып алатын кәсіпорындар жүргізеді. 
Тауарлар  нақты  ақшаға,  коммерциялық  несие  бойынша, 
айырбастау  шартымен  және  тб.  сатып  алынуы  мүмкін.  Тауар-
лардың  жеткізушіден  сатып  алушыға  қозғалысы  №1330  «тауар-
лар» шоты бойынша ашылған субшоттарда бейнеленеді. 
1331 «қоймадағы импорттық және шет елге өңдеуге берілген 
тауарлар»;  
1332 «шет ел жолындағы импорттық тауарлар»;  
1333 «қазақстанда қоймаға түскен импорттық тауарлар» 
Шетелдік  фирмадан  Қазақстанға  тауар  жөнелту  туралы 
құжаталынған  соң,  сатып  алушы  кәсіпорынның  бухгалтері 
мынадай жазу жазады: Дт-1332 Кт-1331  
Қазақстандағы  қоймаға  тауар  түсірілген  кезде  «Түсірілудің 
бас  актісі»  деп  аталатын  құжатқа  сәйкес,  мынадай  бухгалтерлік 
жазу  жазылады:  Дт-1333  Кт-  1332  Тауарлар  импорты  тікелей 
немесе делдалдар арқылы ұйымдастырылуы мүмкін. 
Реэкспорт –кәсіпорынның шет елде өндірілген тауарды сатып 
алуы  және  басқа  шет  елге  сатуы  болып  табылады.  Есепте  бұл 
әрекеттер №1330 «Тауарлар» шотында көрсетіледі.  
 
Бақылау сұрақтары: 
1. Сыртқы экономикалық қызметтерге жатады? 
2. Экспорт, импорт, реэкспорт дегеніміз не 
3. Қолма-қол  ақшаға  сатылған  экспорттық  тауар  есебінің 
ерекшелігі 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тәжірибелік жұмыс тақырыбы:  
«Сыртқы экономикалық қызмет есебі» 
 
№1 тапсырма 

 
101 
Берілгені: 
Компания  кедендік  құны  950 000теңге  тұратын  тауарларын 
имрорттады. Кедендік төлемдер 150 000теңге, акциз 290000 теңге 
болды. 
Орындау керек: 
Құжаттарды  кедендік  рәсімдеу  кезіндегі  төленген  қосымша 
құн салығын есептеу керек 
 
№2 тапсырма 
Берілгені: 
2008  жылдың  17  қарашасында  шетел  компаниясы  ҚР-на 
өндірістік  өңдеуге  арналған  тауарларды  импорттады.  Компа-
нияның арызы бойынша 4 000 000 теңге ҚҚС-ын төлеу уақытын 
үш  ай  мерзімге  кейін  төлеуге  созған.  ҚҚС  декларациясы 
бойынша  қазан  айындағы  төлем  -  1 025 000  теңге,  қарашада  -
1 328 000 теңге, желтоқсанда - 1 589 000 теңгені құрады. 
Орындау керек: 
Компанияның төлейтін қосымша құн салығын анықтаңыз 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
IX тарау 
ҚАРЖЫЛЫҚ НӘТИЖЕ ЕСЕБІ. САЛЫҚТАР. 
 

 
102 
 
9.1. КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ 
НӘТИЖЕСІН ЕСЕПТЕУ. БАЛАНСТЫҚ ТАБЫСТЫҢ  
(ПАЙДАНЫҢ) ҚҰРАМЫ 
Кәсіпорын қызметінің қаржылық  нәтижесі олардың кірістері 
мен  шығыстарының  айырмасынан  құралады.  Олар  жылдың 
соңында жабылатын №5410 «Есептік жылдың пайдасы (залалы)» 
жинақтаушы шотында бейнеленеді. 
Кәсіпорындар  ай  сайын  кіріс  пен  шығыс  жақтарын  салыс-
тыру  жолымен  жиынтық  кірістің  (залалдың)  мөлшерін  анықтап, 
сол мәліметтер бойынша салық инспекциясына декларацияларды 
тоқсан сайын беріп тұрады. 
Кірістің  (пайданың)  негізгі  бөлігі,  бұл  -  әдеттегіше,  өнім 
(жұмыстар,  қызметтер)  өткізуден  түскен  кіріс.  Ол  №60  «Өнім-
дерді  сатудан  және  қызмет  көрсетуден  алынатын  кіріс» 
бөлімшесінің  шоттары  мен  №70  «Өткізілген  өнімнің  және 
көрсетілген  қызметтердің  өзіндік  құны»  бөлімшесінің  шоттарын 
салыстыру жолымен есептеледі. 
Кірістің  негізгі  емес  қызметінен  түскен  басқа  бөлігі  №62 
«Басқа  кірістер»  бөлімшесі  шоттарының  нәтижелері  мен  №74 
«Басқа  да  шығыстар»  бөлімшесінің  шоттарымен  салыстыру 
жолымен есептеледі. 
Кірістердің  үшінші  құрамдас  бөлігі,  бұл  –  басқа  кәсіпорын-
дардың  қызметінде  үлес  арқылы  қатысудан,  кәсіпорынның 
меншігіндегі  акциялар,  облигациялар  мен  басқа  да  бағалы 
қағаздар  бойынша  дивиденттер,  өндірілген  айыппұлдар,  орны 
толтырылған  залалдар  және  т.б.  Олар  айыппұлдар,  өсідер  мен 
айып төлеу бойынша шығыстардың сомасынан кемітіледі.  Одан 
соң,  олар  өткізуден  түскен  кірістерге  қосылады  немесе  олардан 
шегерілетін өткізуден түскен кірістерге қосылады немесе олардан 
шегерілетін өткізуден тыс нәтиже пайда болады. 
Бұл  операциялардың  нәтижесінде  баланстық  кіріс  (пайда), 
яғни баланста көрсетілген кіріс есептеледі. Онда ол толық түрде: 
Баланстық  активінде  –  залалдар,  ал  пассивінде  кіріс  (пайда) 
ретінде  жазылады.  Баланстық  (жиынтық)  пайдадан  салықтар 
шегеріледі  (олар  келесі  бөлімдерде  көрсетілген).  Бұл  бөлімдерді 
оқып, білу кезінде кейбір салықтар жиынтық кірістен (пайдадан) 
төленетініне,  ал  басқалары  өндірілетін  өнімнің  өзіндік  құнына 
апарылатынына назар аудару керек.  

 
103 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет