М. А. Молдашева


  ҚОСЫМША ҚҰНҒА САЛЫНАТЫН САЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет9/12
Дата10.02.2020
өлшемі1.44 Mb.
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

9.2.  ҚОСЫМША ҚҰНҒА САЛЫНАТЫН САЛЫҚ 
Қосымша  құнгға  салынатын  салық  (ҚҚС)  әлемдегі  көптеген 
елдерде  кеінен  таралған.  Қазақстанда  ҚҚС  айналымнан  болған 
салық пен сатуға салынған салықтардың орнына келді.  
ҚҚС  тауардың  бағасына  жоғарылата  келіп  енгізіледі.  Сон-
дықтан,  салық  тауарды  сатып  алған  тұлға  тарапынан  төленеді. 
Салықтың  «қосымша  құнға  салынатын»  деген  аталуы  қосымша 
құнның  мөлшерімен  сәйкес  ол  тауарды  өндіретін  кәсіпорындар 
арқылы бюджетке оның төленуімен байланысты.  
Мысалы,  кәсіпорын  жеткізушілерден  11400  теңгеге  мате-
риалдар  алып  оларды  өндіріске  жұмсады,  оның  ішінде  бұл 
материалдардың ҚҚС-ы 1400 теңгеге тең деп есептейік. 
Бұл  материалдарды  пайдаланып,  кәсіпорын  80000теңгеге 
өнім өндірді  және олардың сату құнына 12%  мөлшерде  ҚҚС-ын 
енгізді.  Яғни,  тауарлардың  сату  бағасы  мынаған  тең: 
80000+80000*12 %/100%=89600теңге(ҚҚС=10752теңге) 
Бюджетке кәсіпорын тек қана өткізілетін тауарларға есептел-
ген  салық  пен  сол  тауарды  өндіру  үшін  пайдаланған  материал-
дарға бұрын есептелген салықтың арасындағы айырмасын төлеуі 
тиіс.  Кәсіпорын  аударатын  ҚҚС-тың  сомасы  9352  теңгеге  тең 
болады. 
Қазіргі  уақытта  қосымша  құнға  салынатын  салық  бойынша 
мөлшерлеме  12%-ға тең. 
ҚҚС есебінің жүргізілуін төмендегі мысалда қарастырайық 
                  1310  
Дт «Шикізат пен материалдар»Кт    
  
1) 
10000 
3)10000 
 
1210«Сатып алушылардың қысқа мерзімді 
Дт    дебиторлық  берешегі      Кт 
4) 89600 
5)89600 
Дт 1420«Өтелуге тиіс ҚҚС» Дт 
1) 1400 
6)1400 
 

 
104 
1030«Ағымдағы банктік шоттардағы  
Дт  теңгемен ақша қаражаттары»Кт 
 
 
Дт 3130 «Төленуге тиісті ҚҚС»Кт 
6)1400 
7) 9352 
4)10752 
 
3310 «Жеткізушілерге қысқа мерзімді  
Дт кредиторлық берешеек»  Кт 
2) 11400 
1)11400 
 
6010 «Өнім, жұмыстар, қызметтер  
Дт өткізуден алынатын кіріс» Кт 
 
4)78848 
Дт  8110 «Негізгі өндіріс»     Кт 
3) 10000 
 
 
1.  Жеткізушіден  жалпы  сомасы  11400  теңге,  оның  ішінде 
ҚҚС  1400 теңге   көлемінде материалдар келіп түсті; 
2.  Материалдар  үшін  жеткізушінің  шоттарына  11400  теңге 
төленді; 
3. Өндіріске материалдар 10000 теңге жұмсалды; 
4.  Алушыға  дайын  өнім  жалпы  сомасы  89600    теңге,  оның 
ішінде ҚҚС 10752 теңгеге тең өткізілді; 
5.  Өткізілген  өнім  үшін  жалпы  сомасы  89600  теңге,  оның 
ішінде ҚҚС 10752 теңге көлемінде ақша келіп түсті; 
6. Өтелуге тиіс ҚҚС 1400 теңге аударылды 
7. Бюджетке ҚҚС-ы 9352 теңге аударылды. 
ҚҚС  Қазақстан  Республикасының  «Салық  және  бюджетке 
төленетін  басқа  міндетті  төлемдер  туралы»  2001жылғы  12  мау-
сымдағы №209-11 кодексі (Салық кодексі) бойынша ұсталады. 
Қосымша құнға салынатын салықтан босатылғандар: 
1.  Мыналардан  басқа:  қонақ  үйлерде  тұрғаы  үшін  төлем, 
автомобильдер  мен  басқа  көлік  құралдарының  тұрағы  мен  оны 
сақтау үшін берілген учаске төлем,  соғылған обьектінің бірінші 
5) 89600 
2) 11400 
7) 9352 

 
105 
рет  өткізілуі  жерді  пайдалану  құқығын  жалға  беру  мен  сатылуы 
немесе үйлердің жалға берілуі мен оның сатылуы; 
2.  Қаржылық қызметтер; 
3.  Пошталық  маркалар  (коллекциялықтардан  басқа),  маркі-
ленген конверттер мен ашық хаттар; 
4.  Мемлекеттің  меншігіндгі  заңда  тұлғалардың  мүлкін 
жекешелендірумен байланысты операциялар; 
5.  Коммерциялық  емес  ұйымдармен  жүргізілетін  жұмыстар 
мен қызметтердің кейбір түрлері; 
6.  Мемлекеттік  баж  алынуға  байлансыты  өкілетті  орган-
дардың атқарылатын қызметтері; 
7.  Жерлей қызметтері, зират пен кераматорийлер қызметтері; 
8.  Геологиялық барлау мен геологиялық іздей жұмсытары; 
9.  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  банкімен  оның 
бөлімшелерімен  жүзеге  асырылатын  тауарлар  өткізу,  жұмыстар, 
қызметтер жасау бойынша айналымдар; 
10.  Лоторея билеттерін өткізу бойынша айналымдар
11.  Қазақстан  Республикасының  мүгедектер  ерікті  қоғамы, 
соқырлардың Қазақстан қоғамы, кереңдердің Қазақстан қоамы, сон-
дай – бұл қоғамдардың меншігіндегі болатын өндірістік ұйымдар; 
12.  Мектеп оқу құралдарын өткізу бойынша айналымдар; 
13.  Ұлттық және шетелдік валюталар (нумизматикалық мақсат-
та қолданылатынан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздардың импорты; 
14.  Акциздерден  босатылған  тауарлардың  тізіміне  кіретін 
тауарлардың импорты; 
15.  ҚР  Министрлері  Кабтнеті  бекіткен  тауарлардыңбажсыз 
шеттен  әкелу  нормаларымен  сәйкес  нормалар  бойынша  жеке 
тұлғалар тарапынан жасалатын тауарлардың импорты; 
16.  Бюджеттің  қаржылары  есебінен  сатып  алынған  және 
мемлекеттік  бюджет  есебіндегі  ұйымдардың  алып  келетін 
тауарлары,  сондай-ақ  мемлекеттік  кепілмен  қамтамасыз  етілген 
шетелдік  несиелік  линиялары  бойынша  сатып  алынатын 
тауарлардың импорты; 
17.  ҚР  Ұлттық  банкі  және  оның  бөлімшелерімен  жасалатын 
тауарлардың импорты; 
18.  Мектеп оқу құралдарының импорты. 
9.3. КОРПОРАТИВТІК ТАБЫС САЛЫҒЫ 
Корпоративтік табыс салығы, бұл – шын мәнінде мемлекетке 
экономикалық  кеңістік,  еңбек  ресурстары,  өндірістік,  әлеуметтік  

 
106 
және  басқа  инфроқұрылымдарды  пайдалану  үшін  төлем.  Атал-
мыш салық өндірістің дамуына, оның әр түрлі жұмыстар, қызмет-
тер  орындаудағы  ынтасын  арттыратын,  мемлекет  тарапынан 
кәсіпорынға  қаржылық  жағынан  ықпал  жасаудың  құралы  болып 
табылады. 
Салық төлеушілер – заңды тұлға болған барлық кәіпорындар 
мен ұйымдар. 
Салық  салатын  табыс  бухгалтерлік  есептің  мәліметтері 
бойынша  есептеледі.  Оған  төмендегі  операциялар  бойынша 
шығыстардың  сомасына  кемітілген  өнім  (жұмыстар,  қызметтер) 
өткізуден  түскен табыс, мүлік, бағалы қағаздар, шетелдік ваюта, 
материалдық емес акивтерді сатудан түскен табыс, өткізуден тыс 
операциялардан  түскен  табыстар  енгізіледі.  Өткізуден  түскен 
табыс  есептеген  кезде  нарықтық  бағалар  ҚҚС  және  акциздерсіз 
пайдаланылады. 
Табысқа салық салу бойынша бірқатар жеңілдіктер бар. 
Корпоративтик  табыс  салығы  Қазақстан  Республикасының 
«Салық  және  бюджетке  төленетін  басқа  міндетті  төлемдер 
туралы»  2001  жылғы  12маусымдағы  №  209  –  11 кодексі  (Салық 
кодексі)  бойынша  (соңынан  енгізілген  өзгерістер  мен  толық-
тыруларды қоса) ұсталады. 
 
 
9.4. АКЦИЗДЕР МЕН ОЛАРДЫҢ БЮДЖЕТКЕ  
АУДАРЫЛУЫ 
Акциз  өнімнен  есептелетін  және  тауардың  бағасына  енгізі-
летін  жанама  алық  болып  табылады.  Акцизді  болып  Қазақстан 
Республикасы территориясына алып келінген төмендегі тауарлар 
саналады: 
1.  Этил спирті 
2.  Арақ 
3.  Ликер – арақ бұйымдары 
4.  Спирт  қосып  күшейтілген  ішімдіктер,  шырындар  мен 
бальзамдар 
5.  Винолар 
6.  Коньяктар 
7.  Шампан винолары 
8.  Сыра 
9.  Вино материалдары 

 
107 
10.  Темекі өнімдері 
11.  Темекі қосылған басқа өнімдер 
12.   Бекіре  және  қызыл  балықтар,  бекіре  және  қызыл 
балықтың  уылдырығы,  бекіре  және  қызыл  балықтар  олардың 
уылдырығынан жасалған деликатестер 
13.  Алтын,  платина,  және  күмістен  жасалған  зергерлік 
бұйымдар 
14.  Иленген  және  иленбеген  аң  терілері  (көртышқан,  үй 
қояны, ит, бұғы ен қойдың терілерінен басқа) 
15.  Табиғи аң терісінен жасалған әшекей бұйымдар 
16.  Аң терісінен жасалған быұйымдар 
17.  Табиғи былғарыдан жасалған киім 
18.  Хрустальдан жасалған бұйымдар, жарық беретін аспаптар 
19.  Бензин, дизель отыны 
20.  Жеңіл автомобильдер (мүгедектер үшін арнайы тағайын-
далған,  қолға  бейімделген  басқару  арқылы  басқарылатын 
автомобильдерден басқа) 
21.  Дәрімен  және  газбен  атылатын  қару  (мемлекеттік  билік 
органарының  мұқтаждықтары  үшін  сатып  алынған  қарудан 
басқа) 
22.  Шикі мұнай 
23.  Ойын бизнесі 
Акциздер  өндіруші  өнімнің  сату  бағасына  енгізіледі.  Акциз-
дердің мөлшері өткізу бойынша айналымға негізделіп есептеледі. 
Егер еркін бағалар қолданылатын болса, онда топтың келісім 
құны  салықтық  мөлшерінен  ҚҚС-ын  шегеріп  тастап  және 
қалдықты акциздер үшін қолданылатын салықтық мөлшерлемеге 
көбейту  қажет.  Акциздерді  салуға  дейін  өткізу  бойынша 
айналымнан сауда жеңілдігі шегеріледі. 
Өткізу  бойынша  айналымды  есептеу  кезінен  бастап 
алушыларға  жөнелкен  өнім  үшін  шот  –  төлем  талабын  ұсыну 
күніне  дейіенгі  уақыт  өткізудің  мезеті  болып  табылады.Барлық 
тауарлар  бойынша  акциздер  ҚР-ның  бюджетіне  төленеді. 
Төлеушілер  акциздер  бойынша  есептерін  өздерінің  орналасу 
орындары бойынша салық органдары тапсыруы тиіс. 
9.5. ЖОЛ ҚОРЫНА КІРЕТІН САЛЫҚТАР 
Жол  қоры  туралы  Қазақстан  Республикасының  заңнамалары 
мен  ережелеріне  сейкес,  жол  қорын  қалыптастыру  көздері 
болатындар: 

 
108 
- автомибиль жолдарын пайдаланушылардың қаржылары; 
- ҚР-ның  территориясына  кіру,  шығу,  және  транзитті  жүріп 
өту; 
- ұсақ  сақтаудада  өткізілетін  бензин  мен  дизель  отынан  сату 
үшін алым; 
- ақылы  мемлекеттік  автомобиль  жолдары  бойынша  журіп 
өту үшін жол ақысы. 
Жол  қорына  автомобиль  пайдаланушылардың  ай  сайынғы 
қаржы төлеушілері болып заңды тұлғалар саналады. 
Төлемдерді есептеудің мөлшері болатындар: 
1. биржалық  қызмет  жасайтын  заңды  тұлғалардан  оларға 
көрсетілген қызметтері үшін ақшасының көлемі; 
2. сақтандыру қызметін көрсететін заңды тұлғалардан төлем-
дер  мен  сақтандыру  резервтерін  қоса  арасындағы  айырмасының 
сомасы; 
3. банк  қызметін  көрсететін  заңды  тұлғалардан  былтырғы 
жылдағы жиынтық табыстың көлемі; 
4. дайындау, сауда, жеткізу - қызметімен айналысатындардан 
төлеуден  бір  ай  алдындағы  көтерме,транзитті,  қойма,  ұсақ  тағы 
басқа айналым; 
5. өндірістік  қызмет  жасайтын  заңды  тұлғалардан  өткізу 
бойынша  нақты  бағалармен  өткізілген  өнім,    орындалған 
жұмыстар, көрсетілген қызметтердің нақты көлемі
Автомобиль  жолдарын  пайдаланушылардың  ішінде  төлем 
төлеуден төмендегі заңды тұлғалар босатылады: 
-  Қазақстан  Республикасының  мүгедектер  ерікті  қоғамы, 
Қазақстан  соқырларының  қоғамы,  Қазақстан  кереңдерінің 
қоғамы, ақыл-ой және дене дамуының кемістігі бар балалар мен 
жасөспірімдердің  әлеуметтік  үйренуі  мен  еңбек  реабилитациясы 
орталығы  және  Ауғанстан  соғысы  ардагерлерінің  Қазақстан 
республикалық  ұйымы,  Қызыл  Жарты  Ай  мен  Қызыл  крест 
қоғамының  Ұлттық  комитеті,  балалар  қайырымдылық  қорлары, 
сондай  -  бұл  қоғамдардың  меншігіндегі  және  олардың 
қаржылары есебінен құрылған өндірістік ұйымдар; 
-  Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі; 
-  Қазақстан  Республикасы  Үкіметі  тізімімен  белгіленген 
халықаралық ұйымдар, т.б.; 
Қазақстан  Республикасының  территориясына  кіру,  шығу 
және  транзитті  жүріп  өту  үшін  ақылы  төлеуді  халықаралық 

 
109 
тасымалдау жасайтын заңды және жеке тұлғалар жүргізіледі, ақы 
төлеуді  есептеу  тәртібі  мен  мөлшері  Қазақстан  Республикасы 
Үкіметімен белгіленеді. 
Ақылы мемлекеттік автомобиль жолдары бойынша жүріп өту 
үшін  төлемақының  мөлшерлемелері,  тәртібі  мен  шарттары 
Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленеді. 
Көлік құралдарының иелерінен салықты көлік құралдары бар 
кәсіпорындар мен азаматтар жыл  сайын  төлейді. Салықты төлеу 
туралы  квитанция    немесе  төлем  тапсырмасын  көрсетпей,  көлік 
құралдарының  тіркеу,  қайта  тіркеу  мен  технткалық  байқау 
өткізілмейді.  Бұл  салық  №3170  "Көлік  құралдарыа  салық" 
пассивті шотында бейнеленеді. 
 
 
9.6. КӘСІПОРЫНДАР МҮЛКІНІҢ САЛЫҒЫ 
Мүлік  салығы  Қазақстан  Республикасының  "Салық  және 
бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы" 2001жылғы 
12 маусымдағы №209 - II кодекcі бойынша ұсталады және қолда 
бар мүлікті тиімдірек пайдалануды ынталандыруға шақырады. 
Негізгі  құралдар  -  құны  40  айлық  есептік  көрсеткіштерден 
жоғары  қызмет  мерзімі  бір  жылдан  астам  активтер  болып 
саналады.  
Мүлік  салығы  үшін  салық  кезеңі  болып  бір  қаржылық  жыл 
есептеледі. Салық төлемдері әр тоқсан сайын есептеліп төленеді, 
ал жыл соңында қажет болған кезде қайта есептеу жүргізіледі. 
Салықтың 
төленуі 
есептер 
бойынша 
бір 
жылдық 
бухгалтерлік  есеп  үшін  белгіленген  күннен  бастап  10  күндік 
мерзім ішінде төленеді. 
Кәсіпорынның  мүлкіне  салық  мөлшерлемесінің  шекті 
мөлшері негізгі құралдардың қалдық құнының 1%- ынан аспауы 
тиіс.  Салық  төлемінің  сомасын  есептеу  кезінде  мүліктің  құны 
орташа жылдық есебі бойынша алынады. 
Мүлік  салығы  №  3180  "Мүлік  салығы"  пассивті  баланстық 
шотында бейнеленеді. 
 
9.7. ӘЛЕУМЕТТІК САЛЫҚ 

 
110 
Әлеуметтік салық Қазақстан Республикасының "Салық және 
бюджетке  төленетін  басқа  міндетті  төлемдер  туралы"  2001 
жылғы 12 маусымдағы № 209 - II кодексі бойынша ұсталады. 
Әлеуметтік салықты төлеушілер болып мыналар саналады: 
   заңды тұлғалар 
   әлеуметтік  салық  салыну  обьектілері  бар,  заңды  тұлға 
құрусыз кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар. 
Әлеуметтік  салық  төлеушілер  салықтың  төлеуін  өздерінің 
тұратын орындары бойынша жүргізеді. 
Әлеуметтік  салықтың  обьектісі  болып  еңбекақы  қоры 
саналады. 
Еңбекақы қорының құрамына еңбекақы, әр түрлі сыйақылар, 
қосымшалар, қосымша төлемдер, төлемдер және қызметкерлерге 
заңдарға сәйкес атқарылмаған уақыт үшін ақшалай немесе заттай 
түрде есептелген ақшалай сомалардың барлық түрлері енгізіледі. 
Әлеуметтік  салық  қаржыландыру  көзінен  тәуелсіз  тиісті 
салықтарды ұстауға дейін есептеледі. 
Әлеуметтік салықты төлеу тәртібі: 
-  заңды тұлғалардың арнайы есептер бойынша; 
-  әлеуметтік  салық  бойынша  декларация  салық  органдарына 
тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-жұлдызынан кеш 
емес арнаулы белгіленген үлгілер  бойынша тапсырылады. 
Әлеуметтік салық №3150 пассивтік шотта бейнеленеді. 
Әлеуметтік салықтың есептелуі мен төленуінің уақыттылығы 
үшін  бақылауды  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына 
сәйкес салық органдары жүргізеді. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1. Баланстық табыс (залал) қандай бөліктерден құралады? 
2. Өткізуден  түскен  табыс  қандай  шоттардың  мәліметтері 
бойынша есептеледі? 
3. №60 пен №62 бөлімшелердің шоттарында не бейнеленеді? 
4. №70 пен №74 бөлімшелердің шоттарында не бейнеленеді? 
5. ҚҚС нелерге салынады? 
6. Сатып  алынған  материалдардың  құнына  енгізілген  ҚҚС-ы 
қандай шотта бейнеленеді? 
7. Өткізілген  өнімдердің  құнына  енгізілген  ҚҚС-ы  қандай  шотта 
бейнеленеді? 
8. ҚҚС-ты төлеуден кімдер босатылған? 

 
111 
9. Корпоративтік табыс салығын кімдер төлейді? 
10.  Корпоративтік  табыс  салығын  төлеу  кезінде  қандай 
құжаттарды басшылыққа алу қажет? 
11.  Қандай тауарлар акцизді болып табылады? 
12.  Жол қорына төленетін салықтарды атап өтіңіз? 
13.  Көлік құралдарына салықтың есебі қандай шотта жүргізіледі? 
14.  Кәсіпорынның мүлкіне салық неліктен салынады? 
15.  Әлеуметтік салық төлеушілер кімдер? 
 
Тәжірибелік жұмыс тақырыбы:  
«Қаржылық нәтиже  есебі. Салықтар» 
 
№1 тапсырма 
Берілгені: 
КТС декларациясындағы есептеулер бойынша салық жылын-
дағы КТС 400 000 теңгені құрады. Компания есепті жылда алдын 
ала 350 000 теңге КТС төлемдерін төледі. 
Орындау керек: 
Корпоративтік  табыс  салығын  (КТС)  есептеу  мен  төлеу 
операция  ларын  бухгалтерлік  есеп  шоттарында  көрсету  қажет 
(25-кесте). 
 
Операцияларды тіркеу журналына жазу керек 
№ 
Операциялардың мазмұны 
Дт 
Кт 
Сомасы 

КТС  бойынша  алдын  ала  төлем 
төленді 
 
 
 

КТС  бойынша  төленген  алдын 
ала төлем есепке алынды 
 
 
 

Ағымдағы жылға КТС есептелді   
 
 

Табыс  көзінен  ұсталынған  табыс 
салығы  есеп  айырысу  шотынан 
бюджетке аударылды 
 
 
 
 
№2 тапсырма 
Берілгені: 
1. Амортизациялық төлемдердің есептелуі 20000 теңге, оның 
ішінде салық есептеулері 25000 теңге шамасында. 
2. Негізгі  құралдарды  жөндеу  шығындары  80000  теңге, 
салықтық шектік нормалар бойынша 100000 теңге. 

 
112 
3. Есептелген  салықтар  бойынша  шығындар  110000  теңге, 
олардың ішінде төленгені 80000 теңге. 
4. Тегін берілген мүлік 120000 теңге. 
5. Төленген  айыппұлдар  300000  теңге,  соның  ішінде 
бюджетке төленгені 300000 теңге). 
Орындау керек: 
Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация құрған кезде 
фирма қай шығындарын алып тастай алатынын анықтау керек 
 
№3 тапсырма 
Берілгені: 
Фирма 2006 жылы келесі салықтарды есептеді: 
1.  Корпоративтік  табыс  салығы  -380000  теңге,  төленгені  -
380000 теңге. 
2. Жеке табыс салығы -200000 теңге, төленгені -180000 теңге. 
3. Әлеуметтік салық -950000 теңге, төленгені -900000 теңге. 
4. Жер салығы -80000 теңге, төленгені -75000 теңге. 
5. Мүлік салығы -150000 теңге, төленгені -130000 теңге. 
6. Көлік салығы -80000 теңге, төленгені -50000 теңге. 
Орындау керек: 
Осы  есептелген  салықтардың  қайсылары  корпоративтік  та-
быс  салығы  бойынша  декларация  құрған  кезде  алынып  таста-
латынын, алып тасталған сома қандай болатынын анықтау керек. 
Салықтарды  есептеу  мен  аудару  жөніндегі  бухгалтерлік 
есептеулерді құру керек. 
 
№4 тапсырма 
Берілгені: 
Есептік  мерзім  ішінде  фирма  қайта  сату  үшін  1000 000 
теңгеге  тауарлар  сатып  алды.  Оның  үстіне  12%  ҚҚС  бар. 
Тауарлар  үшін  корреспонденциялық  ағымдық  шоттан  ұлттық 
валютамен төленді.  
Есептік  мерзім  ішінде  фирма  өзіндік  құны  900 000  теңгені 
құрайтын тауарларды сатты. Сатылған тауарлардың келісім шарт 
бағасы  1100 000  теңге.  Оның  үстіне  12  %  ҚҚС  бар.  Тауарларды 
өткізуден түскен қолма-қол табыс корреспонденциялық ағымдық 
шотқа ұлттық валютамен аударылды. 
Орындау керек: 
Фирма қосымша құн салығы бойынша бюджетпен есептесті. 
Бухгалтерлік  есептің  шоттарына  шаруашылық  операцияларын 
көрсетіп түсіру керек. 

 
113 
X тарау 
МЕНШІКТІ КАПИТАЛ ЕСЕБІ 
 
 
10.1. ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛ ЕСЕБІ 
Меншікті капитал - бұл міндеттемелерді шегеріп тастағаннан 
кейінгі  активтер.  Меншікті  капитал  құрылымы  шаруашылық 
жүргізуші  ұйымдардың  ұйымдық  -  құқықтық  формаларына  қа-
тысты ажыратылады.  
Жарғылық  капиталдың  құрылған  көлемі  мен  қозғалысы 
туралы  ақпараттарды  жинақтау  үшін  бухгалтерлік  есеп  шотта-
рының жұмыс жоспарында 5 бөлімінің «Капитал мен резервтер» 
шоттары қарастырылған.  
Кәсіпорынның  жарғылық  капиталы  кызметті  бастауды  қамта-
масыз  ету  үшін  жаңадан  құрылған  кәсіпорынның  жасаған 
қаражаттарының сомасы болып саналады. 
Ол  акцияларды  орналастырудың  немесе  сатудың,  жеке 
капиталын  салудың,  мемлекеттің  қаражаттарының,  материалдық 
емес активтердің және негізгі құралдардың есебінен құрылады. 
Сонымен  қоса,  жарғылық  капитал  жаңадан  құрылған  занды 
түлғалар  өз  қызметін  бастау  үшін  бастапқы  материалдық  базасы 
болып  та  табылады,  ол  құрылтайшылардың  (акционерлердің, 
қатысушьшардың)  қатысу үлесін және кепілдік сипатын анықгайды. 
Шаруашылық  серіктестіктердің  жарғылық  капиталына 
салынатын  салымдары,  ақша  да,  бағалы  қағаздар  да,  мүлік  те, 
мүліктік құқық та және басқа да мүліктер болуы мүмкін. 
Құрылтайшылардың  (қатысушылардың)  жарлық  капиталына 
натуралды нысанда салынатын салымдары немесе барлық құрыл-
тайшалардың  келісімі  бойынша  немесе  барлық  құрылтайшы-
лардын.  жалпы  жиналысының  шешімі  бойынша  мүліктік  құқығы 
ақшалай  нысанда  бағаланады.  Осындай  салымдардың  құнының 
сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асып түсуі керек, 
бірақ сол бағалауды тәуелсіз эксперт қуаттауы керек. 
Шаруашылық  жүргізуші  субъектілер  қайта  тіркелген  кезде 
қатысушылардың  ақшалай  салымдары  бухгалтерлік  құжаттармен 
не  болмаса  аудиторлық  есеп  берулерімен  қуатталып  бағалануы 
мүмкін. 

 
114 
Осындай бағалау кезеңінен бастап, бес жыл бойы шаруашылық 
жүргізуші  субъектілердің  құрылтайшылары  өздері  қосқан 
сомаларының  шегінен  артық  бағаланған  салымдарына  субъекті 
кредиторларының алдында бірлесіп жауап береді. 
Егер  де  салым  ретінде  субъектіге  мүлікті  пайдалану  құқы 
берілсе,  онда  бүл  салым  үшін  төленетін  төлемнің  мөлшері, 
қүрылтайшылардың  құжаттарында  көрсетілген  барлық  мерзімі 
үшін есептелген сомадан анықталады. 
Қосымша  және  жауапкершілігі  шектелген  серіктестіктердің 
жарғылық  капиталының  бастапқы  мөлшері  кұрылтайшылардың 
салым сомасынатең болады және құжаттарын мемлекеттік тіркеуден 
өту  үшін  берген  күнінде,  оның  мөлшері  жүз  айлық  есепті 
көрсеткіштен кем болмауы керек. 
Аталған  серіктестіктер  тіркеуге  дейін  өздерінің  жарғылық 
капиталының  жалпы  сомасының  25%-тей  мөлшерінде  соманы 
төлеуге  міндетті.  Бірақ  ол  жарғылық  капиталының  минималды 
сомасынан  кем  болмауы  керек.  Жалпы  жиналыстың  шешімімен 
бекітілген мерзімде серіктестіктің барлық қатысушылары жарғылык 
капиталына берешегін толығьшен өтеуі тиіс. 
Ол мезгіл серіктестіктің тіркелген күнінен бастап саналады және 
ол  бір  жылдан  аспауы  керек.  Егерде  серіктестіктердің  қатысу-
шылары  белгіленген  мерзімде  өз  үлестері  бойынша  міндеттемесін 
орындамаса,  онда  қатысушылар  езінің  есебінен  бермеген  үлесінің 
бір  бөлігін  қосуы  керек,  болмаса  олардың  жарғылық  капиталы 
қосатын үлесіне дейін азайтылады. 
Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталының 
мөлшері  бірыңғай  валютада  көрсетілген  барлық  шығарылған 
акцияның  номиналды  (атаулы)  құнына  тең  болады.  Қоғам  өзінің 
шығады деп жариялап қойған акцияларының барлығын немесе тек 
бір белігін ғана шығаруы және орналастыруы мүмкін. Ол жағдайда 
жабық  акционерлік  қоғамы  мемлекеттік  тіркеуден  етпес  бұрын 
жарияланған  жарғылық  капиталының  толық  төленуін  қарас-
тырады. Ашық акционерлік қоғамы өзінің жарияланған жарғылық 
капиталының кем дегенде 25% тіркеместен бұрын төлеуі тиіс. 
Жарияланған жарғылық капиталының минималды көлемі ашық 
акционерлік қоғам үшін - бес мың минималды есептік көрсеткішін, 
ал  жабық  қоғам  үшін  -  жүз  минималды  есептік  көрсеткішін 
құрайды. 

 
115 
Акционерлердің  жалпы 
жиналысында 
анықталған 
әрі 
жарияланған  санының  шегінде  акцияны  шығарудың  жағдайы, 
мерзімі, саны директорлар Кеңесінің шешімімен белгіленеді. 
Қоғамның шығарылған (төленген) жарғылық капиталының 
деңгейі  шығарылатын акцияның  номиналдық (атаулы) құнына  тең 
болады.  Шығарылған  (төленген)  жарғылық  капитал  жаңадан 
шығарылған  немесе  сатып  алынған  және  жойылған  акцияларына 
сәйкес өзгеруі мүмкін. Бұл жерде шығарылған акцияның номиналды 
қүнының  жиынтық  сомасы  әрбір  қоғам  түріне  белгіленген 
минималды деңгейден төмен болмауы керек. 
Қоғамның  жарияланған  жарғылық  капиталы  түгелдей 
төленіп  және  орналастырылып  біткен  соң  ғана,  ұлғайтуға  рүқсат 
беріледі;  жарияланған  капитал  мен  шығарылған  капиталдың 
арасында  айырмасы  болса,  онда  сол  сомаға  жарғылық  капитал 
азайтылады. 
Жарияланған  жарғылық  капиталын  ұлғайту  және  азайту 
туралы шешім акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады, 
бірак, оларды минималды деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді. 
Жарғылық  капиталдың  нақты  барын  және  қозғалысын  есепке 
алу  үшін  бухгалтерлік  есеп  шоттарының  үлгілік  жоспарының  5000 
«Жарғылық  капитал»  бөлімшесінің  мынадай  пассивтік  шоттары 
арналған: 
5010 «Артықшылықты акциялар» 
5020 «Қарапайым акциялар» 
5030 «салымдар мен пайлар» 
Акционерлік  қоғамның  жарғылық  капиталына  салынатын 
салымдар  бойынша  құрылтайшылармен  есеп  айырысуды  есепке 
алу  5110  «Төленбеген  капитал»  шотында  жүргізіледі.  Бұл  шот 
«Капитал  мен  резервтер»  бөлімінде  қарастырылса  да, 
экономикалық мазмұнына байланысты активтік шот. Бұл шоттың 
дебеті бойынша құрылтайшылардың жарғылық капиталға салған 
салымдарының  сомасы  көрсетіледі.  Мекеме  өзінің  жарғылық 
капиталын  құрылтайшы  құжаттарда  белгіленген  мөлшерде 
қалыптастырғанда, бұл шот толығымен жабылады. 
Жарғылық капиталдың талдамалық есебі №13 журнал ордерде 
жүргізіледі 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет