М. О. Байхамурова



жүктеу 77.17 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі77.17 Kb.
: books -> files
files -> ТҮркі және иран халықтары ертегілеріндегі мифологиялық кейіпкерлер түркістан-2007 Редакциялық алқа
files -> Становление европейской науки
files -> Балуан баба аннотация халқымыздың даңқты перзенті, «Қазақ даласының батыры»
files -> Ббк қ Редакция алқасы

АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №3, 2014

ӘОЖ 574.5


М.О. БАЙХАМУРОВА

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты


Г.А.САИНОВА

техника ғылымдарының докторы, професоор


Г.К. ДЖУМАНОВА

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты


Г.Ж.КОЙШИЕВА

химия ғылымдарының кандидаты


АРЫСТАНБАБ КЕСЕНЕСІНІҢ ҚҰДЫҚ СУЛАРЫНА СИПАТТАМА
Бұл мақалада Арыстанбаб кесенесінің территориясындағы құдық суларын сорбенттер мен тазалау нәтижесі келтірілген. Арыстанбаб кесенесінің құдық сулары сульфат пен хлоридтері ШРК-дан жоғары, сондықтан тұзданған суды тұзссыздандыру үшін табиғи минерал мәрмәр қолданылды. Мәрмәрдың құрамында доломит, кварц және магнезит қоспалары және тағы басқа минералдар кездеседі.
Кілт сөздері: сорбент, Арыстанбаб кесенесі, тұзсыздандыру, мәрмәр.
Кіріспе

Оңтүстік Қазақстан облысы «Биологиялық әртүрлілікті сақтау және ұтымды пайдаланудың Ұлттық есебінің» анықтамасы бойынша Қазақстанның экологиялық қауіпті аймақтарының екінші тобына кіреді. Осыған қоса, Отырар ауданы Арал аймағына жатады, яғни, «ҚР шөлейттенуге қарсы күрес әрекеттерінің Ұлттық бағдарламасының» құжаттамасына сәйкес бұл аймақ Аралдың және жергілікті экологиялық мәселелерінің әсерінен тұздану ареалдарының әрі қарай кеңеюі, су қоймаларының ластануы, тозуы, батпақтануы және шөлейттенуі, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің деградациялануы байқалады. Бұл территория шөлді-далалы аймақтың бір бөлігі болып саналады және жауын-шашын мөлшерінің жетіспеушілігінен, жылулық пен күн радиациясының молдылығынан құрғақ субтропикке жатады.

Тарихи құндылығы аса жоғары, елiмiзде республикалық дәрежедегi ескерткiштер қатарына жататын Арыстанбаб кесенесiнiң жағдайы соңғы жылдары күрт төмендеп кеттi. Кесененің есiк пен терезе ойықтары үстiндегi қабырға бөлiктерiне сызаттар, жарықшалар түскен, кейбiр қыштар орындарынан босаған. Бiр бөлмеде қабырға жоғары бөлiгiнен iргесiне дейiн

АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №3, 2014

жарылған. Қабiрхана бөлмесiнiң ешбiр терезе-есiгi жоқ қабырғасында кiрпiштер қақ айырылған жарылған, осы қабырғада жоғарыдан төмен қарай бiрнеше сызықшалар қатар түскен. Яғни, бұл тұтас қыштан қаланған қабырғалардың өзi жарылып жатыр деуге болады.

Қазіргі шақта орын алып отырған кесенедегі өзгерістердің себебін айқындау және қоршаған орта нысандарының әсерінен бар-жоғын білу мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Қарастырылып отырған кесенеге әртүрлі факторлар әсерін тигізуі мүмкін. 1-суретте негізгі назар аударуға тұратын факторлар түрі келтірілген.



Сурет 1 – Арыстанбаб кесенесіне әсер ету мүмкіндігі бар негізгі факторлар


Жұмыстың мақсаты: Арыстанбаб кесенесіне қатысты құдық суларын тұссыздандыру жолын іздестіру.
Зерттеу әдістері

Жерасты суларының химиялық анализі үшін ҚР Қоршаған ортаны қорғау Министрлігі (2007 жылғы 5 сәуірдегі № 100 бұйрығы) бекіткен «Ережелеріне» сәйкес, сынамаларды алу барысында пластикалық сынама ыдыстары қолданылған. Олар тасымалдау барысында зерттелетін судың химиялық құрамының сақталуын қамтамасыз етеді. Судың сапалық және сандық құрамы белгілі әдістермен зерттелген [1, 2].

Зерттеу нысаны ретінде құдық сулары, мәрмәр ұнтақтары (Қаратау кен орны) қолданылған.
Нәтижелерді талдау

Арыстанбаб кесенесінің бұзылуына жер асты суларының қосатын үлесі ауқымды екеніне күмән жоқ. Оның қолайсыз үрдістерге қатысын білу мақсатында құрамдарына анықтау жұмыстары жүргізілді.

Талдауға бес құдықтан: №1 – негізгі қолданыстағы құдық (су шығып жатқан тереңдік 10 м), кесененің оң жақ қанатында орналасқан №2 (6 м тереңдікте), кесененің артындағы №3 (су 5 м тереңдікте) құдықтар, №4 (су

АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №3, 2014

3,8 м тереңдікте) негізгі қақпаға жақын орналасқан кесенеден 350-400 м алшақтықта, №5 (су 5,8 м тереңдікте).

Тәжірибе арқылы құдық суларының сапалы және сандық химиялық, биологиялық, физикалық құрамдарын сипаттайтын болсақ, тұздылығы ең жоғары дәрежедегі су №1 құдықтікі болды, атап айтқанда нормативтік деңгейден жыл мерзіміне қарай ~18 (қыста) және ~20 (жазда) еседей жоғары [3].

Ең тұздылығы жоғары қолданыстағы құдық суының тұздылығын төмендету мақсатында жүргізілген тәжірибелік жұмыстардың нәтижелері кестеде келтірілген.




Құрау

атаулары


Арыстанбаб

суы


Мәрмәрды

сорбент


ретінде

қолданғандағы

нәтиже


Нормативтік

көрсеткіштер




Қолданылған

нормативтік

құжаттар


рН

8,022

8,077

6-9

ГОСТ

26449.1-85



Құрғақ қалдық, мг/дм3

17588

10580

1000-1500

ГОСТ

18164-72


CO32- , мг/дм3





6,5

ГОСТ

26449.1-85



HCO3- , мг/дм3

390

90

6,5

ГОСТ

26449.1-85



Cl- , мг/дм3

4963

4254

350

ГОСТ

4245-72


NO3 -, мг/дм3

94.25

58.62

45

ГОСТ

18826-73


SO2-4 , мг/дм3

8009 8009

3329

500

ГОСТ

4389-72


Ca2+ , мг/дм3

561,12

571

180

ПНДФ 14.1:2:4.188-02

Mg2+ , мг/дм3

1332

24

7,0

ГОСТ 4151-72


NO2- , мг/дм3

0.063



3,0

ГОСТ

4192-82


NH+4, мг/дм3

8.05

2.85

2,0

ГОСТ

4192-82

Кестедегі мәліметтерден көріп отырғандай, құдық суындағы жалпы тұздылығы 17±1,5 есе, сульфат-иондарының мөлшері нормативтік көрсеткіштен 16±0,5 есе, хлорид-иондары – 12±0,5 есе, кальций – ~ 3 есе, магний – ~ 190, аммоний – ~ 4 есе жоғары, ал басқа құрауыштардың мөлшері норматив деңгейінде.

АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №3, 2014

Судың минералдық құрамының талдауына сүйенсек, негізгі тұздар түріне кальций мен магний хлоридтерін, сульфаттарын жатқызуға болады. Арыстанбаб кесенесіне жақын орналасқан жер асты суларының өте жоғары деңгейде тұзданғаны осы нысанның жағдайына қолайсыз әсер тигізетініне күмән тудырмайды.

Минералдық құрамды анықтаумен қатар суларға биологиялық талдау жүргізілген. 1-ші құдық биологиялық ластану жағынан таза, оның суын қолданатын зиярат етушілерге қауіп жоқ. Ал керісінше басқа құдық сулары биологиялық тұрғыда ластанған. Оларда ішек таяқшалары, т.б. микроағзалар табылған.

Сорбция үдерісін қолданғанда алынған мәліметтер сорбент ретінде құдық суын тұзсыздандыру мақсатында зияндығы жоқ мәрмәр ұнтағын тек магнийдің, аммонийдің, сульфаттың, гидрокабонат, нитрат иондарының мөлшерлерін төмендету үшін пайдалануға болатынын айқындалды (кесте).


Тұжырым

Арыстанбаб кесенесінің негізгі қолданыстағы құдығының суы нормативтік деңгейге сәйкес келмейтіні және де оны тікелей ауыз су ретінде пайдалануға жатпайтыны тәжірибелік сынаулар арқылы дәлелденді.

Суды тұзсыздандыру мақсатында сорбент ретінде мәрмәрды қолдану толығымен мәселені шешпейтіні айқындалды.
ӘДЕБИЕТТЕР

1. ГОСТ 18963 – 73. Вода питьевая. Методы санитарно-бактериологического анализа.

2. ГОСТ Р 51232 – 98. Вода питьевая. Общие требования к организации и методы контроля качества.

3. Бекболаткызы А.Б., Тойчибекова Г.Б. Воздействие грунтовых вод на состояние мавзолея Арыстанбаб. Сб. Межд. 3-го студенческого форума. – М., 2013. – http://www.scienceforum.ru/2013/326/6500.


РЕЗЮМЕ

В данной статье рассмотрена возможность применения мрамора для обессоливания воды мавзолея Арыстанбаб.



(Байхамурова М.О., Саинова Г.А., Джуманова Г.К., Койшиева Г.Ж. Характеристика колодезных вод мавзолея Арыстанбаб)
SUMMARY

In this article the possibility of using marble for water desalination of the Arystan Bab Mausoleum is considered.



(Baykhamurova M.O., Sayinova G.A., Dzhumanova G.K., Koyshiyeva G.Zh. Description Water from Wells of the Arystan Bab Mausoleum)



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет