МАҢҒыстау облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұНЫ



жүктеу 3.43 Mb.
бет1/21
Дата28.04.2016
өлшемі3.43 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


Маңғыстау облыстық мәслихатының

2015 жылғы «___» желтоқсандағы

№_____ шешіміне

қосымша


МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫН

ДАМЫТУДЫҢ 2016-2020 ЖЫЛДАРҒА

АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ

Ақтау, 2015 жыл
МАЗМҰНЫ


2.1.1. бағыт. Экономика. 11

2.1.2. бағыт. Әлеуметтік сала 38

...134

3.4. бағыт. Инфрақұрылым................................................................................................136

3.4.1. Байланыс және коммуникациялар…………..........…..……………………..……136

3.4.2. Құрылыс…………………………………...….........................................…..….…..137

3.4.3. Жолдар және көлік………………………................................……………….......138

3.4.4. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық……..…….........................…..…….…...139

3.5. бағыт. Экология және жер ресурстары......................................................................140

3.5.1. Қоршаған ортаны қорғау.........................................................................................140

3.5.2. Жер ресурстары…………....………………....................................………………142

3.5.3. Ауылдық және шекара маңындағы аумақтар ……….....................….…......…...143

3.6. бағыт. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер............................................................144

4. ҚАЖЕТТІРЕСУРСТАР...............................................................................................145

1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ


Атауы

Маңғыстау облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы

Әзірлеуге негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» және 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Жарлықтары

Өңірдің негізгі сипаттамалары

Маңғыстау облысының аумағы 166 мын км2 құрайды (Қазақстан Республикасы аумағы ауданының ≈ 6%-ы) Қазақстан Республикасының оңтүстік-батыс бөлігінде, Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан.

Маңғыстау облысының әкімшілік-аумақтық бөлінісі 2 қаладан (Ақтау қаласы, Жаңаөзен қаласы), 5 ауданнан (Форт-Шевченко шағын қаласын қоса алғанда), 44 ауылдық округтен, 61 ауылдық елді мекеннен тұрады.

01.07.2015 жылға облыс халқының саны – 616,0 мың адам. Халықтың тығыздығы 1 шаршы километрге 3,7 адамды құрайды.

Маңғыстау облысы Қазақстан мұнайының 25%-ы өндірілетін өнеркәсіптік өңір. Кен орындарының көпшілігі Жаңаөзен қаласының маңында және Бозашы түбегінде шоғырланған. Маңғыстау облысының аумағында мұнай мен газдың 60-тан аса кен орны барланған.

Маңғыстау облысы Атырау облысымен және Алматы қаласымен қатар елдің үш донор өңірінің бірі.

Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ көлемі бойынша Маңғыстау облысы республикада төртінші орын алады. 2014 жылы халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ 3815,9 мың теңгені құрады (ҚР – 2258,1 мың теңге).



Бағыттар

Экономика

Әлеуметтік сала

Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

Инфрақұрылым

Экология және жер ресурстары

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер



Мақсаттар

Экономиканың тұрақты өсуін, халықтың әл-ауқатын көтеруді қамтамасыз ететін өңірдің бәсекеге қабілетті мамандандырылуын қалыптастыру

Өңдеу салаларын және баламалы энергия көздерін дамыту

Мұнай-газ саласының орнықты дамуын қамтамасыз ету

Өңірдің өңдеу өнеркәсібіндегі машина жасау үлесін арттыру

Бәсекеге қабілетті металлургия өнімін өндіру

Мұнай өңдеу өнімдерін ішкі тұтынуды және олардың экспортын арттыру

Химия өнімдерін өндіру және экспорттау көлемін арттыру

Металл емес минерлды өнім өндіруді арттыру

Өңірдің өңдеу өнеркәсібіндегі жеңіл өнеркәсіптің үлесін арттыру

Өңірле дәрілік заттар өндірісін құру

Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру көлемін арттыру үшін жағдайлар құру

Шағын және орта бизнесті, қазіргі заманғы сауда форматтарын белсенді дамыту

Республиканың басқа өңірлерімен экономикалық және әлеуметтік-мәдени байланыстарды дамыту

Өңірдегі инвестициялық ахуалды жақсарту

Білім берудің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту

Облыс халқының денсаулығын нығайту

Жұмыспен қамтуды, әлеуметтік көмектің және әлеуметтік қызметтерді көрсетудің тиімділігін көтеру

Облыс кәсіпорындарында еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету

Мәдениет қызметтерінің халық үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету

Бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту

Мемлекеттілікті және ел бірлігін одан әрі нығайту, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету

Туристік кластерді және туризм инфрақұрылымын дамыту

Мемлекеттік-, орыс және ағылшын тілдерін оқып-үйрену үшін жағдай жасау

Құқықтық тәртіпті және өңірдің жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою жүйесінің тиімділігін көтеру

Инфокоммуникация саласын дамытуды, ақпараттық қоғамқа өтуді қамтамасыз ету

Құрылыс саласын, оның ішінде тұрғын үй құрылысын белсенді дамыту

Көлiктiк қол жетiмдiлiктi, өңірдің транзиттік әлеуетін көтеру

Тұтынушыларды коммуналдық қызметтермен қамтамасыз етуді жақсарту

Табиғи ресрусртарды сақтау және қоршаған ортаны жақсарту

Жер ресурстарының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету

Тірек ауылдық елді мекендердің және шекара маңындағы аудандардың серпін дамуын қамтамасыз ету



Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін көтеру

Нысаналы индикаторлар

Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлемінің индексі, алдыңғы жылға %-бен

Халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім

Жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны

Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлемінің индексі

Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі

Өңір экспортының жалпы көлеміндегі шикізат емес тауарлардың көлемін экспорттау үлесі

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көлемінің индексі

Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған нақты көлемінің индексі

Ұйымдастырылған шаруашылықтардағы ірі қара мүйізді және ұсақ қара мүйізді малбасының үлесі

Тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің қолданыстағы субъектілерінің үлесі

Бөлшек сауданың нақты көлемінің индексі

Сауда алаңы 2000 шаршы метрден кем емес сауда объектілерінің санын ұлғайту («Бөлшек сауда» қызметі түрімен)

Басқа өңірлерге жөнелтілген өндірілген өнім көлемі (жұмыскерлер саны 50 адамнан астам өнеркәсіптік кәсіпорындар бойынша)

Резиденттерден сатып алынған тауарлардың жалпы қарағандабасқа өңірлерде сатып алынған тауарлардың үлес салмағы (жұмыскерлер саны 50 адамнан астам көтерме кәсіпорындар бойынша)

Халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқыны

Негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлеміндегі сыртқы инвестициялардың үлесі

Шикізаттық емес секторының негізгі капиталына салынған инвестицияның өсуі (мемлекеттік бюджеттен инвестицияларды қоспағанда)

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың ішіндегі инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі

Жалпы өңірлік өнімнің жалпы көлеміндегі инновациялық өнімнің үлесін ұлғайту

Жұмыс істеп тұрған авариялық және үш ауысымдық мектептер саны

Жаратылыстану-математика пәндері бойынша мектеп бітірушілердің арасында білім беру бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) меңгерген оқушылардың үлесі

2020 жылы мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының ішінде балалардың инклюзивтік біліммен қамтылуы

Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, оның ішінде жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар желілерін дамыту есебінен

15-28 жастағыжастардың жалпы санындағы NEETүлесі, % (NEET – ағыл. Not in Education, Employment or Training)

Мемлекеттік тапсырыс бойынша техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары түлектері мен оқуды аяқтағаннан кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналастырылғандарының үлесі

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда 14-29 жастағы тұрғындардың қанағаттанушылық деңгейі

Типтік жастағы (14-24 жас) жастардың техникалық және кәсіптік біліммен қамтылу үлесі

Мемлекеттік желілер нормативіне сәйкес жалпы орта білім беру ұйымдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

100 мың тірі туылғандарға шаққандағы аналар
өлім-жітімін төмендету


1000 тірі туылғандарға шаққандағы балалар
өлім-жітімін төмендету


100 мың тұрғынға шаққандағы қатерлі ісік аурулардан болатын өлім-жітімді төмендету

15-49 жас ерекшелігі тобындағы адамның иммун тапшылығы вирусының таралуы, 0,2-0,6 % шегінде

Жұмыссыздық деңгейі

Жастар жұмыссыздығының деңгейі (15-28 жас)

Әйелдер жұмыссыздығының деңгейі

Жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жүгінген адамдардың ішінен жұмысқа орналастырылғандардың үлесі

Жүгінген нысаналы топтардың ішінен тұрақты жұмысқа орналасқандардың үлесі

Жұмыспен қамтылуға жәрдемдесу үшін жүгінген еңбекке жарамды жастағы жұмысқа орналастырылған мүгедектердің саны

Өндірістік жарақаттану деңгейі (1000 адамға шаққандағы жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті)

Еңбек заңнамасының жойылған бұзушылықтарының үлес салмағы, жалпы санға %-бен

Заңды тұлғалар тартатын шетелдік жұмыс күшінің құрамындағы білікті мамандардың үлес салмағы (шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота бойынша)

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішіндегі еңбекке жарамды адамдардың үлесі

Ең төменгі күнкөріс шамасынан төмен табысы бар халықтың үлесі

Ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен өмір сүретін жалпы халық санындағы АӘК алушылардың үлесі

Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсете отырып қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санының ішінде)

Әлеуметтік және көліктік инфрақұрылымның паспортталған объектілерінің жалпы санының ішіндегі мүгедектер үшін қолжетімділікпен қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің үлесі

1000 адамға шаққандағы мәдениет ұйымдарына келушілердің(келу) орташа саны: кітапханаға келушілер, театрға келушілер, концерттік ұйымдарға келушілер, мұражайларға келушілер

Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту

Балалар мен жас өспірімдер жалпы санына қатысты
балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде және спорт клубында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын балалар мен жас өспірімдерді қамту


Өткен жылмен салыстырғанда ішкі туризм бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өсуі (резиденттер)

Өткен жылмен салыстырғанда сырттан келу туризмі бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өсуі (резиденттер емес)

Өткен жылмен салыстырғанда ұсынылған төсек-тәулік санының өсуі

Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі

Ағылшын тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі

Үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген ересек тұрғындардың үлесі

Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы

100 зардап шеккен адамға шаққандағы жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар санын төмендету

Жас өспірімдер жасаған қылмыстардың үлес салмағы

Бұрын қылмыс жасаған адамдардың жасаған қылмыстарының үлес салмағы

Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі

100 тұрғынға телефон байланысының тіркелген желісінің тығыздығы

Интернетті пайдаланушылардың үлесі

Халықтың цифрлық сауаттылығының деңгейі

Құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің индексі

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі

Жолаушылар автокөлігі қатынасымен қамтылмаған елді мекендер үлесі

Күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесін төмендету

Қалалардағы орталықтандырылған сумен жабдықтауға және су бұрумен жабдықтауға қолжетімділік

Ауылдық елді мекендердегі орталықтандырылған сумен жабдықтауға және су бұрумен жабдықтауға қолжетімділік

Жалпы ұзақтықтан жаңғыртылған желілердің үлесі: жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау

Жануарлар дүниесін қайта өндірудің негізгі капиталына тартылған мемлекеттік емес инвестициялардыңнақты көлемінің индексі

Пайда болған тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату үлесі

Облыс халқын қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтермен қамту

Экологиялық және санитариялық қағидалар талаптарына сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі (орналастыру орындарының жалпы санынан)

Ластаушы заттардың: атмосфераға шығарындылардың, су объектілеріне төгінділердің нормативті көлемі

Жергілікті атқарушы органдардың қарамағында орналасқан мемлекеттік орман қоры аумағындаорманмен жабылған алқап ауданы

Жергілікті атқарушы органдардың қарамағында орналасқан мемлекеттік орман қоры ауданында 1 орман өртінің орташа ауданы

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ауыл шаруашылығы айналымына тартылған үлесін ұлғайту

Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қанағаттанушылық деңгейін арттыру

Қажетті ресурстар

Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджеттер, инвесторлардың меншікті қаражаты, қарыз қаражат.

Қаржыландыру көлемі:

2016 жыл – 90270,7 млн. теңге;

2017 жыл – 152219,2 млн. теңге;

2018 жыл – 65310,9 млн. теңге;

2019 жыл – 22684,6 млн. теңге;



2020 жыл – 19700,4 млн. теңге.

Барлығы: 350185,8 млн. теңге.




2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

Өңірдің жалпы сипаттамасы
Облыс 1973 жылы құрылды және Қазақстан оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, солтүстік-шығыста – Атырау және Ақтөбе облыстарымен, батыста теңіз бойымен – Ресей Федерациясымен, Әзірбайжанмен және Иранмен, оңтүстікте – Түрікменстанмен және шығыста – Өзбекстанмен шектеседі.

Облыстың аумағы 165,6 мың шаршы километрді құрайды (Қазақстан аумағының жалпы ауданының 6,1 %-ы, 14 өңірдің ішінде – 7-орын). Облыс халқы 2015 жылғы 1 шілдеге 616,0 мың адамды немесе Қазақстанның бүкіл халқының 3,5%-ын құрады. Облыс бойынша орташа алғанда халық тығыздығы (аумақтың 1 шаршы километріне) 3,7 адамды құрайды, бұл – орташа республикалық көрсеткіштен біршама төмен (1 шаршы километрге 6,4 адам).

Облыс аумағының бедері әр түрлі. Солтүстік бөлігін өз шегінде Желтау (221 м), Мыңсуалмас (148 м) таулары, құм алқаптары (Қарақұм, Сам және басқалары), кеңбайтақ сорлар (Өліқолтық, Қайдақ, Қаратүлей, Қаракешу және басқалары) және Бозашы түбегі орналасқан Каспий маңы ойпаты алып жатыр. Орталық бөлігін Маңғыстау таулары (Ақтау – 556 м, Қаратау – 562 м), Маңғыстау үстірті мен ТМД-дағы ең терең Қарақия ойпаты (132 м) орналасқан Маңғыстау түбегі қамтиды. Оңтүстік-батысында Кендірлі–Қаясан үстірті, оңтүстігінде Қарынжарық ойысы орналасқан.

Жер қойнауы мұнай, газ, фосфорит, көмір, марганец, әр түрлі тұздар, ұлутас қорларына бай.

Климаты – континентті. Қаңтар айының орташа температурасы – 14, –19 °С, шілде айында + 26, +40 °С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері – 100-150 миллиметр.

Маңғыстау облысының әкімшілік-аумақтық бөлінісі 2 қаладан (Ақтау қаласы, Жаңаөзен қаласы), 5 ауданнан (Форт-Шевченко шағын қаласын қоса алғанда), 45 ауылдық округтен, 61 ауылдық елді мекеннен тұрады.

Облыс орталығы – Каспий теңізіндегі порт болып табылатын және 1963 жылы құрылған Ақтау қаласы. Қалада 2015 жылдың басында 182,4 мың адам немесе облыстың бүкіл халқының 30%-ы тұрды. Ақтау қаласынан Астана қаласына дейінгі арақашықтық – 2 413 км.

Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасына сәйкес, Маңғыстау облысы Батыс макроөңіріне кіреді және мал шаруашылығы мен мұнай-газ өнеркәсібіне маманданған.

Облыс Каспий өңірінің мультиұлттық жүйесіне шығатын Қазақстан Республикасының шекара маңындағы облысы ретінде қуатты транзиттік, көлік-логистикалық және халықаралық маңызы бар инфрақұрылымдық-сервистік әлеуетке ие. Облыс аумағы арқылы Шығыс Еуропаны Орталық Азиямен және Солтүстік Еуропаны Парсы шығанағының елдерімен қосатын ТРАСЕКА және «Солтүстік- Оңтүстік» екі халықаралық көлік дәлізі өтеді.

Облыстың Каспий теңізінің жағасында географиялық ыңғайлы орналасуы негізгі туристік ағындарды шығаратын елдерге жақындауын қамтамасыз етеді. Көлік логистикасы және туризм облыстың маңызды бәсекеге қабілетті басымдықтарымен анықталған, олар экономиканы әртараптандыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етпек.

Ақтөбе, Орал және Атырау, қалаларымен бірге Батыс макроөңірінің бірыңғай қоныстандыру жүйесінің тірек кеңістіктегі қаңқасын қалыптастыратын облыс орталығы – Ақтау қаласы негізгі өсу орталығы болып белгіленді.

Жаңаөзен моноқаласы экономикасының перспективалы экономикалық мамандануының негізгі бағыты мұнай мен газ өндіру болып қала береді. Мұнай мен газды қайта өңдеу дами бермек.

Форт-Шевченко шағын қаласын таяу келешектегі жемісті дамуы балық өнерксәбін, құрылысты және кемелерге қызмет көрсетуді дамытумен байланысты болмақ. Туризмді дамыту мақсатында «Форт-Шевченко мұражай қаласы» бірыңғай туристік-рекреациялық кешені құрылуы мүмкін («Тамшалы» шатқалымен бірге).
2.1. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау


: media -> uploads
uploads -> І. Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің 2013 жылғы жұмысының қортындысы
uploads -> Таушық селосы әкімінің 2014 жылға әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алда тұрған міндеттері туралы «Таушық селосы әкімінің аппараты»
uploads -> МАҢҒыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұНЫ
uploads -> Регламенті Жалпы ережелер > «Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
uploads -> Регламенті Жалпы ережелер «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру»
uploads -> «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті
uploads -> Маңғыстау облысының 2015 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс 2015 жылы Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
uploads -> Элементы экологизации контроля вредителей агробиоценоза
uploads -> Қызылөзен ауылы әкімінің 2014 жылғы әлеуметтік- экономикалық даму қортындылары және іс-қимыл жоспарының орындалысы туралы есебі


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет