Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Бейнеу ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің жарғысы



Дата03.05.2016
өлшемі99.67 Kb.


1-қосымша

Маңғыстау облысы әкімдігінің

2012 жылғы «24» тамыз

№ 207 қаулысымен бекітілген



Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат

пайдалануды реттеу басқармасының Бейнеу ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің

ЖАРҒЫСЫ

Ұйымдық – құқықтық нысаны: мемлекеттік мекеме (ММ)
Мемлекеттік меншік түрі: коммуналдық
Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы,

Маңғыстау облысы,

Бейнеу ауданы, 130106,

Сыңғырлау селолық округі,

Сыңғырлау селосы

2012 жыл


  1. Жалпы ережелер

1. Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Бейнеу ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) тұрақты жер пайдалану құқығымен берілген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсіру және жануарлар дүниесін қорғау бойынша функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.

2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2005 жылғы 21 ақпандағы № 78 қаулысының негізінде мемлекеттік мекеме қайта аталды.

3. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Маңғыстау облысының әкімдігі болып табылады.

4. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған байланысты мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы болып табылады.

5. Мемлекеттік мекеменің атауы :

мемлекеттік тілде: Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Бейнеу ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: Бейнеуское государственное учреждение по охране лесов и животного мира Управления природных ресурсов и регулирования природопользования Мангистауской области.

6. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, 130106, Сыңғырлау селолық округі, Сыңғырлау селосы.


  1. Мемлекеттік мекеменің заңды мәртебесі

7. Мемлекеттік мекеме ол әділет органдарында мемлекеттік тіркелген кезден бастап құрылды деп есептеледі және заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.

8. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.

9. Мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

10. Мемлекеттік мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша билігіндегі ақшамен жауап бередi. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған жағдайда, оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапкершілік артады.

11. Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді.



3. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары
12. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаты ормандарды күзету, қорғау, молықтыру, орман өсіру және жануарлар дүниесін қорғау болып табылады.

13. Мемлекеттік мекеме көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін мынандай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру бағдарламаларын әзірлеуге және оларды орындауға қатысады;

ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсіру, тұрақты орман тұқымдары учаскелері мен орман тұқымдары плантацияларын күтіп-ұстау, орман тұқымдарын дайындау, ұқсату мен сақтау жөніндегі іс-шараларды орындайды;

орман орналастыру жобасына сәйкес орман пайдалану орындары мен олардың көлемін айқындайды;

орман ресурстарын тендерге қою үшiн материалдар әзiрлейдi;

орман ресурстарының ұтымды пайдалануын қамтамасыз етеді;

орман пайдалануға арналған ағаш кесу және орман билеттерін береді;

Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдары құқық бұзушылықтардың алдын алу мен олардың жолын кесу жөнінде іс- шаралар қабылдайды;

мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың, орман орналастырудың мемлекеттік мониторингін жүргізу жөніндегі жұмыстарға қатысады;

Қазақстан Республикасының орман және азаматтық заңдарына сәйкес, аяқталған объектілер мен орман пайдаланушылардың орман шаруашылығы іс- шараларын жүргізу нәтижесінде өндірілген дайын өнімді қабылдауды жүзеге асырады;

өзіне орман иелену құқығымен берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жануарлар дүниесін күзет жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;

ормандарды өрттерден күзетуді, ормандарды зиянкестер мен аурулардан қорғауды жүзеге асырады;

тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөнінде мынадай ақылы қызмет түрлерін жүзеге асырады:

жеке және заңды тұлғаларға:

егу материалын өсіру мен орман тұқымдарын жинау;

көгалдандыру, қорғаныштық, плантациялық және өзге де екпелер егу;

оқу практикаларын өткізу жөнінде ақылы қызметтер көрсету;

мыналардан:

аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуден (орманды күтіп-баптау мақсатында ағаш кесу, іріктеп санитарлық мақсатта ағаш кесу және құндылығы төмен орман екпелерін, сондай-ақ қорғаныштық, су сақтау және басқа қасиеттерін жоғалтқан екпелерді қайта жаңғыртуға байланысты ағаш кесу, жас шыбықтарды жекелеп кесу) және өзге де мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуден (жаппай санитарлық мақсатта ағаш кесу, су тораптарының, құбырлардың, жолдардың құрылысына байланысты, орман соқпақтарын тарту, өртке қарсы жыралар жасау кезінде орман алаңдарын тазарту; өтімді үйінділерді жинау; өзге де мақсаттар үшін ағаш кесу, оның ішінде халықты отынмен қамтамасыз ету үшін ағаш кесу);

жанама орман пайдаланудан (шөп шабу, мал жаю, аң шаруашылығы, бау-бақша шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, дәрілік шөптер мен техникалық шикізаттар, орман жамылғысы мен түскен жапырақтар, қамыс дайындау мен жинау) тауарлар өткізу;

мемлекеттік мекеменің аумағы шегінде халыққа жүк тасымалдау жөнінде көлік қызметтерін көрсету.

14. Мемлекеттік мекеме өзінің функцияларын жүзеге асыруы үшін заңдарда белгіленген тәртіпте:

өз құзіреті шегінде, өзіне үнемі пайдалануға берілген орман қоры аумағының шекарасында орындалуға міндетті бұйрықтар шығаруға;

мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан өз функцияларын орындау үшін ақпаратты сұрауға және алуға;

өзіндегі жедел басқару құқындағы болатын мемлекеттік мүлікті пайдалануды жүзеге асыруға;

Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына орман және аңшылық ресурстарын пайдалану көлемі туралы ұсыныстар жасауға;

белгіленген тәртіпте орман ресурстарын пайдалануға рұқсаттар беруге;

орман ресурстарының өсімін молайту және тиімді пайдалану жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;

заңнамамен белгіленген тәртіпте орман және жануарлар дүниесі туралы туралы заңдарды бұзушыларды жауапкершілікке тартуға және әкімшілік жазаларды қолдануға;

талап арызбен сотқа жүгінуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте олардың қаралуына қатысуға;

қызметінің түрлерінен табыс алу мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатысуға;

Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

15. Мемлекеттік мекемеге жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.

16. Мемлекеттік мекеме қызмет мақсаттарына қайшы жасалған, Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасалған мәміле тиісті саланың уәкілетті органының не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

17. Мемлекеттік мекеме басшысының мемлекеттік мекеменің жарғыға сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекеті еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік және материалдық жауапкершілік шараларын қолдануға әкеп соғады.



4. Мемлекеттік мекемені басқару
18.Мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.

19.Тиісті саланың уәкілетті органы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мынадай функцияларды жүзеге асырады:

мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;

мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;

мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

мемлекеттік мекеменің жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, жасақталу тәртібін және өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;

мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін, оны атқарып отырған қызметінен босату негіздерін анықтайды;

мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;

мемлекеттік мекеме басшысының ұсынысы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын) қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

20. Мемлекеттік мекеменің басшысын Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, тиісті саланың уәкілетті органымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

21. Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, тікелей тиісті саланың уәкілетті органына (Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда) бағынады және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларының жүзеге асырылуына жеке жауапкершілік артады.

22. Мемлекеттік мекеменің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы жарғыда айқындалған құзыретіне сәйкес дара басшылық қағидатында іс-әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін дербес шешеді.

23. Мемлекеттік мекеме басшысы мемлекеттік мекемеменің қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;

шарттар жасасады;

сенімхаттар береді;

мемлекеттік мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың басқа да түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

банк шоттарын ашады;

барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органы) тағайындайтын қызметкерлерден басқа, мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;

мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазаларға тартады;

өз орынбасарының (орынбасарларының) және мемлекеттік мекеменің басқа да басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;

мемлекеттік мекемедегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысқа жеке жауапты болады;

оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен және тиісті саланың уәкілетті органымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.



5. Мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі
24. Мемлекеттік мекеме мүлкін, құны оның теңгерімінде көрсетілетін заңды тұлғаның активтері құрайды. Мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналардың:

оған меншік иесі берген мүліктерден;

өз қызметі нәтижесінде ие болған мүліктерден (ақшалай кірістерді қоса алғанда);

Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.

25. Мемлекеттік мекеменің өзіне бекітілген мүлікті және смета бойынша бөлінген қаражат есебінен алынған мүлікті, дербес иеліктен алуға немесе өзгедей тәсілмен билік иелік етуге құқығы жоқ.

26. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен мемлекеттік мекемеге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттік мекемелер өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыстық бюджеттің есебіне жатқызылады.

27. Егер Қазақстан Республикасының заңымен қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, мемлекеттік мекеменің қызметін тиісті саланың уәкілетті органы бюджетінен қаржыландырады.

28. Мемлекеттік мекеменiң қаражатын пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік мекеменiң қаражатын ормандарды күзетуге, қорғауға, молықтыруға және орман өсiруге, жанама орман пайдалануға байланысты емес мақсаттарға пайдалануға тыйым салынады.

29. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізеді және есептілігін береді.

30. Мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеруді және тексерісін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.

31. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен белгіленеді.



6. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
32. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

33. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған мемлекеттік мекеменің мүлкін Маңғыстау облысының әкімдігі қайта бөледі.

34. Кредит берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған, мемлекеттік мекеменің мүлкін сату нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, таратылған мемлекеттік мекеменің ақшасы, облыстық бюджеттің кірісіне есептеледі.
14. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
35. Мемлекеттік мекеменің Жарғысына барлық өзгерістер мен толықтырулар Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысымен енгізіледі.

36. Мемлекеттік мекеменің Жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.




Каталог: media -> uploads
uploads -> І. Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің 2013 жылғы жұмысының қортындысы
uploads -> Таушық селосы әкімінің 2014 жылға әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алда тұрған міндеттері туралы «Таушық селосы әкімінің аппараты»
uploads -> МАҢҒыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұНЫ
uploads -> Регламенті Жалпы ережелер > «Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
uploads -> Регламенті Жалпы ережелер «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру»
uploads -> «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті
uploads -> Маңғыстау облысының 2015 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс 2015 жылы Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
uploads -> Элементы экологизации контроля вредителей агробиоценоза
uploads -> Қызылөзен ауылы әкімінің 2014 жылғы әлеуметтік- экономикалық даму қортындылары және іс-қимыл жоспарының орындалысы туралы есебі


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет