Магистратура



жүктеу 0.52 Mb.
бет1/2
Дата28.04.2016
өлшемі0.52 Mb.
  1   2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ



МАГИСТРАТУРА
МАМАНДЫҚ 6N0205 – Филология




Енгізу күні
1 Қолдану саласы
Осы стандарт магистратурадағы білім беру бағдарламасы мазмұнының міндетті минимумына және оны бітірушілерді даярлау деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді.

Стандарттың ережелері барлық магистратура бойынша мамандар даярлау ұйымдарында олардың ведомстволық бағыныштылығы мен ұйымдық кұқықтық нысандарына тәуелсіз қолдануы және сақталуы тиіс.

Стандартты, сонымен қатар мемлекеттік басқару, білім беру және ғылым ұйымдарын аттестаттау және лицензия беру комиссиялары, оқу-әдістемелік бірлестіктер, тапсырыс берушілер мен жұмыс берушілер пайдалана алады және ол магистрлерді дайындаудың сапасын саралауда негізгі құжат болып табылады.
2 Нормативтік сілтемелер
Осы стандартта төмендегі нормативтік құжаттарға сілтемелер пайдаланылған:

ҚР ПР 40.1.01-2008 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесі. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын құруға, мазмұндауға, рәсімдеуге, мазмұнына және белгілеуіне қойылатын жалпы талаптар;

ҚР МЖМБС 5.04.019-2008 Жоғары білім. Негізгі ережелер.

ҚР МЖМБС 5.04.033-2008 Магистратура. Негізгі ережелер.


3 Терминдер мен анықтамалар
Осы стандартта Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына, ҚР МЖМБС 5.04.019-2008, ҚР МЖМБС 5.04.033-2008 сәйкес қысқартулар, терминдер мен анықтамалар. Сонымен қатар, бұл стандартта төмендегідей қысқартулар қолданылған:
_____________________________________________________________

Ресми басылым

МЖМБС – Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты

БП – базалық пән

ПП – профильдік пән

МК – міндетті компонент

ТК – таңдау компоненті

Т – тәжірибе

ҒЗЖ – ғылыми-зерттеу жұмысы

ЭЗЖ – эксперименттік-зерттеу жұмысы

ҚА – қорытынды аттестация

МЕ – мемлекеттік емтихан

МДҚ – магистрлік диссертация қорғау

PhD – философия докторы

4 Даярлау бағыттарының жалпы сипаттамасы
4.1 Магистратураның білім беру бағдарламалары ведомстволық бағыныштылығы мен меншік түріне қарамастан, магистратураның тиісті мамандықтары бойынша білім беру құқы және лицензиялары бар білім және ғылым ұйымдары (бұдан әрі - мекемелер) арқылы жүзеге асады.

4.2 Магистратурада мамандар даярлау төмендегі талаптарға сәйкес іске асады:

- осы стандарт негізінде;

- Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының Классификаторы негізінде;

- оқу-бағдарламалық құжаттары негізінде;

- магистранттардың жеке жұмыс жоспары негізінде;

- белгіленген тәртіпте бекітілетін басқа да құжаттар негізінде;

4.3 Магистратурада 6N0205 – Филология мамандығы бойынша мамандарды даярлау екі бағытта жүреді:

- бейіндік;

- ғылыми және педагогикалық.

4.4 Магистратураның білім беру бағдарламасын меңгерген және магистрлік диссертация қорғаған тұлғаға 6N0205 – Филология мамандығы бойынша «магистр» академиялық дәрежесі тағайындалады.

4.5 Осы стандарт ережелерінің негізгі мақсаты:

- магистранттар даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдары жұмысының тиімділігін арттыру;

- магистранттардың өз бетімен оқу, ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметін ынталандыру;

- «магистр» академиялық дәрежесін тағайындау туралы ҚР құжаттарының халықаралық білім беру кеңістігінде және халықаралық еңбек нарығында танылуын қамтамасыз ету.

4.6 Кәсіби қызметінің объектілері.

Магистратура бітірушілерінің кәсіби қызметінің объектілері бейіндік даярлық бойынша жоғары оқу орындары, орта мектептер (оның ішінде гимназиялар, лицейлер), орта кәсіптік оқу орындары (колледждер, училищелер), басқару органдары, мемлекеттік және мемлекеттік емес бейіндегі ұйымдар, мекемелер;

Ғылыми және педагогикалық даярлық бойынша жоғары оқу орындары, орта мектептер (оның ішінде гимназиялар, лицейлер), орта кәсіптік оқу орындары (колледждер,техникумдар, училищелер), ғылыми-зерттеу институттары және ЖОО-ның ғылыми-зерттеу бөлімдері.

4.7 Кәсіби қызметінің түрлері:

6N0205 – Филология мамандығы бойынша магистратураны бітірушілер келесі кәсіби іс-әрекеттерді атқара алады:

профильдік даярлық бойынша:

- педагогикалық-ұйымдастыру;

- әкімшілік-басқару;

- мәдени-ұйымдастыру;

ғылыми және педагогикалық даярлық бойынша:

- ғылыми-педагогикалық;

- ғылыми-зерттеу;

- білім беру-педагогикалық;

- педагогикалық-ұйымдастыру.

4.8 Оқу мерзімі

Магистратураның білім беру бағдарламасын меңгерудің нормативті мерзімі:

ғылыми және педагогикалық дайындау бойынша 2 жылды құрайды.

кәсіби дайындау бойынша 1,5 жылды құрайды.

4.9 Магистратурада білім беру үдерісін аяқтаудың негізгі критерийлері магистранттың:

- профильдік даярлауда 36 кредиттен кем емес

- ғылыми және педагогикалық даярлауда 47 кредиттен кем емес кредитті меңгеруі болып табылады.


5 Магистратураға түсушілерге қойылатын талаптар
5.1 Магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгеруге тілек білдіруші тұлғалардың алдыңғы білім деңгейі:

жоғары білім, филология бакалавриаты (немесе гуманитарлық) бейіні бойынша мамандықтар: 050205 (521230) – Филология, 050117 (021240) – Қазақ тілі мен әдебиеті, 050118 (021340, 030940, 521235) – Орыс тілі мен әдебиеті, 021540 – Шетел филологиясы, 521430 – Лингвистика, 021740 – Қолданбалы лингвистика, 050207 (021440) – Аударма ісі және т.б.

5.2 Магистратураға азаматтарды қабылдау тәртібі жоғары орыннан кейінгі білім беру кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының Типтік қабылдау ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
6 6N0205 – Филология мамандығы бойынша магистрлік білім беру бағдарламасының негізгі міндеттері
бейіндік даярлықта:

- өзгеріс үстіндегі әлемде кәсіби компетенттілік пен әлеуметтілік мобильділікті қамтамасыз ететін филологиялық іргелі теориялық-әдістемелік, сондай-ақ іргелес ғылымдар саласы бойынша түбегейлі дайындықтың болуы;

- лингвистикалық / әдебиеттанушылық зерттеулерді жүргізу мен ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру, кәсіби қызметтің түрі мен сипатының өзгерісіне, пәнаралық жобалармен жұмыс істеуге бейімділікті дамыту;

- педагогикалық қызметті іске асыру үшін психологиялық-педагогикалық (ұйымдастыру-педагогикалық, білім беру-педагогикалық) білімді меңгеру;

- қазіргі заманғы редакциялау мен баспа құралдарын пайдалана отырып, жұмыс қорытындысын есеп, реферат, мақала түрінде таныстыра білуді қалыптастыру;

- кәсіби қызметте қазіргі компьютерлік технологияларды, қазақ/орыс тілінің Ұлттық корпусы ресурстарын және т.б. пайдаланудың практикалық машықтары мен дағдыларын қалыптастыру;

- магистранттардың өзін-өзі жетілдіру, дамыту қабілетін ашуды және өздігінен жаңа білім жолдарын шығармашылықпен игеру талабын төселдіру;

ғылыми және педагогикалық даярлықта:

- өзгеріс үстіндегі әлемде кәсіби құзіреттілік пен әлеуметтілік мобильділікті қамтамасыз ететін филологиялық іргелі теориялық-әдістемелік, сондай-ақ іргелес ғылымдар саласы бойынша түбегейлі дайындықтың болуы;

- зерттеуге қажетті ғылыми әдістерді игеру, нақты филологиялық зерттеудің міндеттерін шешу үшін Интернет электронды қоры мен қазақ/орыс тілінің Ұлттық корпусы мәліметтерін іске қоса отырып, бұрыннан бар әдістерді жаңарту және жаңа әдіс-тәсілдерді зерттеп дайындау біліктілігін қалыптастыру;

- ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызмет барысында туындайтын міндеттерді шешуге және түсіндіруге, өзіндік ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық қызмет дағдыларын меңгеруге қажетті жағдайды қамтамасыз ету;

- лингвистикалық / әдебиеттанушылық зерттеулерді жүргізу мен ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру, кәсіби қызметтің түрі мен сипатының өзгерісіне, пәнаралық жобалармен жұмыс істеуге бейімділікті дамыту;

- ғылыми проблеманы тану, түсіндіру және шешу қабілеттілігін, филология ғылымының қажетті саласына сәйкес әңгімені өрістете алу біліктілігін дамыту;

- педагогикалық қызметті іске асыру үшін психологиялық-педагогикалық (ұйымдастыру-педагогикалық, білім беру педагогикалық) білімді меңгеру;

- қазіргі заманғы редакциялау мен баспа құралдарын пайдалана отырып, жұмыс қорытындысын есеп, реферат, мақала түрінде таныстыра білуді қалыптастыру;

- қазіргі заманғы компьютерлік технологияны, оқытудың интерактивті әдістерін, орыс тілінің Ұлттық корпусы қорын т.б. пайдалана отырып, жоғары және орта оқу орындарында тілді/әдебиетті оқытудың кәсіби-практикалық біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру;

- оқушылардың өзін-өзі жетілдіру, дамыту қабілетін ашуды және өздігінен жаңа білім жолдарын шығармашылықпен игеру талабын төселдіру;

- жоғары дәрежелі, білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды, өзін-өзі жетілдіруге, әлеуметтік тұрғыдан икемделуге қабілетті жалпы және кәсіби мәдениетінің деңгейі жоғары кәсіби элитаны дайындау;


7 6N0205 – Филология мамандығы бойынша магистрлік білім бағдарламасының мазмұны

7.1. Магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы әртүрлі білім беру мазмұнын анықтайтын оқу және ғылыми жұмыс, практика түрлерінен құралады, олардың өзара ара қатынасын, өлшемі мен есебін көрсетеді.

Оқу жұмысының еңбегін есептеу меңгерілген материал көлемі мен кредит бойынша өлшенеді. Бұл тұста алдындағы білім беру деңгейлерінде жинақталған кредиттерді есепке алатын жинақтаушы кредиттік жүйе күшінде болады.

7.2. Магистратурадағы оқу жылы жалпы ұзақтығы 30 аптаға созылатын академиялық кезеңдерден (семестрлерден), аралық аттестаттаудан, қорытынды бақылаудан, тәжірибелерден, демалыс және қорытынды аттестаттаудан тұрады.

7.3 Магистратурада оқыту тек қана күндізгі оқу түрі бойынша жүзеге асырылады.

7.4 Теориялық оқыту міндетті және таңдау компонентінен құралады. Міндетті компонент пәндері тізімі мен оған сәйкес кредиттердің минималды көлемі магистратура мамандығының осы және оған сәйкес мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде анықталады. Таңдауы бойынша пәндер тізімі мен оған сәйкес кредиттердің минималды көлемі жұмыс берушілер мен еңбек нарығының сұранысына сәйкес жоғары оқу орнының шешімімен бекітіледі.

7.5 Магистратураның оқу бағдарламаларының мазмұны даярлық бағытына байланысты кестеге сәйкес қалыптасады.

1-кесте


№№

Компонент-тердің қысқаша атауы

Пәннің аталуы

Кредит және сағат көлемі

Магистрлік даярлық бағыттары

Про-

филь-

дік

1,5 жыл

Ғылыми- пед.

2 жыл

1

2

3

4

1

Базалық пәндер (БП)

10

16

1.1

Міндетті компонент (МК)

5

9

1.1.1

Ғылым тарихы мен философиясы

Философия және әдістеме ғылымдары философиялық білімнің саласы ретінде. Өркениет пен мәдениеттегі ғылым. Ғылымның пайда болуы. Ғылымның тарихи дамуының негізгі кезеңдері. Ғылыми білімнің құрылымы. Ғылыми революция (төңкеріс). Ғылыми рационалдық. Ғылым дамуының қазіргі кезеңінің ерекшеліктері. Әлеуметтік институт ретіндегі ғылым. Қазіргі таңдағы ғылыми білімнің құрылымындағы жаратылыстану ғылымдары. Адам, тарих, мәдениет және қоғам туралы ғылымдардың қалыптасу тарихы. Нақты ғылымдардың өзекті философиялық мәселелері.



1

2

1.1.2

Шет тілі (кәсіби)

Бакалавриатта алған білімімен, біліктілігін күнделікті ауызекі сөйлеу үшін, шет тілін күнделікті, сондай-ақ кәсіби қарым-қатынаста жиі қолдану үшін дамытып, тереңдету. Лексика: күнделікті, жалпы ғылыми және кәсіби сипаттағы 5000 мыңнан аса (профильдік мамандығының 500 терминін қосқанда) бірлікті меңгеру. Грамматика: ауызша және жазбаша формаларды қосқанда ғылыми стильдегі грамматикалық құбылыстарды меңгеру; етістіктердің жақсыз формалары (инфинитиф, герундий, есімше) және олардың оралымдары, салалас құрмалас және сабақтас құрмалас сөйлемдер, шартты сөйлемдер, шақтар сабақтастығы. Сөйлеу: кәсіптік деңгейіне байланысты сан құбылған ситуациядағы, күнделікті қолданыстағы және қоғамдық-саяси мәндегі ауызша тілді - диалог пен монологты меңгеру. Жазу: реферат, аннотация, тезистер, баяндамалар, шет тілінде түйіндеме жазу



2

2




1-кестенің жалғасы







1

2

3

4




дағдысын жетілдіру. Тыңдау: тұрмыстық, ақпараттық және кәсіптік мазмұндағы мәтіндерді қабылдау. Аударма: түсіндірме және қос тілдік терминологиялық сөздіктермен, сондай-ақ мамандық бойынша анықтамалық әдебиетпен жұмыс жасай білу, шет тілден ана тіліне және ана тілден шет тілге жазбаша және ауызша аудара алу біліктілігін дамыту.







1.1.3

Менеджмент

Венчурлық (тәуекел) бизнес және жаһандану жағдайындағы бизнесті ұйымдастыру. Өнім сапасын басқару және бәсекеге қабілеттілігі. Басқару функцияларын және олардың өзара байланысын анықтау әдістемесі. Басқару құрылымын қалыптастыру. Ұйым түрлері. Сыртқы ортамен өзара қарым-қатынас жасауы бойынша ұйым түрлері. Бөлімшелердің өзара қарым-қатынасы бойынша ұйым түрлері. Адамдармен өзара әрекеттесуі бойынша ұйым түрлері. Ұйымдардың түрлері мен басқару деңгейіне байланысты басқарудың ұйымдық құрылымын жобалау. Әлеуметтік экономикалық жүйелерді басқару органдарының қызметін “басқару” категориясының психологиялық, жүйелі-мақсаттық және ақпараттық, экономикалық табиғатын ескере отырып жобалау. Басқару қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесі. Жергілікті өзін-өзі басқару. Жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру бойынша озық елдердің тәжірибесі мен оның Қазақстандағы жағдайы. Билік пен басқару. Биліктің жалпы түсінігі және анықтамасы. Ұйымдағы билік көздері. Биліктің ұйымдық негізі. Мемлекеттік билік пен мемлекеттік басқару.



1



1.1.4

Педагогика

Педагогиканың жалпы негіздері. Педагогиканың негізгі түсінігі. Педагогика ғылым ретінде. Педагогика ғылымының әдістемесі. Білім беру педагогика ғылымының нысанасы ретінде. Қазақстандағы педагогика ғылымының дамуы.

Жоғары білім берудегі педагогика. Жаңа дәуірдегі жоғары білімнің рөлі мен алатын орны. Қазіргі әлемдегі жоғары білімнің даму тұжырымдары мен негізгі бағыттары. Білім берудің жаңа парадигмасы. Қазақстан Республикасындағы жоғары білім беру.




3




1-кестенің жалғасы







1

2

3

4




Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінің қалыптасуының негізгі кезеңдері. Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігі мен Болондық үдерістің бірігуі. Қоғам дамуындағы университеттік білім берудің рөлі. Жоғары мектепте ғылыми-педагогикалық мамандарды даярлау.

Жоғары мектептегі оқытушының жеке тұлғасы және педагогикалық қызметі. Педагогикалық қызметтің мәні және құрылымы. Жоғары мектеп оқытушысының жеке тұлғасы және кәсіби мүмкіндіктері. Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзыреттілігі. Кәсіби-зерттеушілік мәдениет педагогтың өзіндік шығармашылық тұрғыдан дамуының негізі.

Жоғары мектептегі оқыту теориясы (дидактика). Жоғары мектеп дидактикасының жалпы негіздері. Кәсіби білім берудің мәні және құрылымы. Жоғары мектепте оқытудың қағидалары мен қозғаушы күштері. Жоғары білім берудің мазмұны. Жоғары мектепте білім беру үдерісін ұйымдастыру. Жоғары мектептегі оқытудың әдістері мен белсенді үлгілері (ОӘБ).

Жоғары мектептегі тәрбие жұмысы. Жоғары мектеп маманды қалыптастыру мен тәрбиелеудің әлеуметтік институты ретінде. Жоғары мектептегі тәрбие жұмысының мәні мен негізгі бағыттары. Жоғары мектептегі кураторлық жұмыс.

Жоғары мектептегі қазіргі заманғы білім беру технологиялары. Жоғары мектептегі білім беру технологияларының ғылыми негіздері. Білімдендіру технологияларының мәні. Жоғары мектептегі жаңа білім беру технологиялары: кредиттік оқыту жүйесі негізінде жоғары мектепте білім беру үдерісін ұйымдастыру. Оқытушы-профессорлардың академиялық дәрежесінің өзгеруі: эдвайзер, тьютер мен офис регистратор, фасилитаторлар және олардың жоғары оқу орындары үдерісіндегі оқу-тәрбие қызметі. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша СӨЖ және педагогикалық бақылауды ұйымдастыру. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша оқу-әдістемелік материалдарды құрастыру технологиясы.

Жоғары мектептегі білім беру сапасының менеджмент жүйесі, оның ұстанымдары мен












1-кестенің жалғасы







1

2

3

4




ұйымдастырылуы.







1.1.5

Психология

Жоғары мектеп психологиясының пәнi мен мiндеттерi. Жоғары оқу орнындағы психологиялық білім беру мазмұнының мәселелері. Білім беру ортасының психологиясы. Ақпараттық орта психологиясы. Нарықтық экономика жағдайындағы білім беру процесінің гносеологиялық және онтологиялық мәселелері.

Оқытудың кредиттік технологиясының талаптарын ескере отырып, жоғары оқу орындарының білім беру үрдісіне жүйелі психологиялық талдау жасау.

Қазіргі заман талабына сай оқытудың сапасы мен тиімділігін арттырудың психологиялық құралдары мен әдістері. Жоғары оқу орнындағы оқытушының профессиограммасы және психограммасы. Қазіргі заманғы студенттің жеке және топтық психологиялық портреті.

Оқыту процесінің психологиялық құрылымының динамикалық сипаты. Оқытушы мен студент арасындағы өзара тұлғааралық мәселесі. Оқытудың интерактивті әдістерінің психологиясы және бірлескен-диалогтық танымдық іс-әрекет.

Оқыту процесіндегі студенттің танымдық іс-әрекетінің психологиясы. Танымдық процестерді (қабылдау, ес, ойлау) біріктіру әдістері оқытудың инновациялық технологиясының негізі ретінде. Келіспеушілік жағдайларда оқытуды басқару процесі. Педагогикалық қарым-қатынас психологиясы.

Білім беру процесіндегі субъектілердің психологиялық бейімделуі мен эмоциялық жай-күйінің мәселелері. Педагогикалық әсер ету психологиясы. Білім беру кеңістігінің экопсихологиясы. Ғылыми-педагогикалық ұжымының қалыптасуы мен даму психологиялық ерекшеліктері.

Жоғары оқу орнындағы психологиялық қызмет: мақсаты, міндеттері, ұйымдастырылу түрлері, жұмыс жасау тәжірибесі. Тұлға және студенттік топ психодиагностикасы. Студенттер мен оқытушыларға психологиялық кеңес беру. Педагогикалық іс-әрекет кезіндегі психологиялық алдын-алу жұмыстары.



1

2




1-кестенің жалғасы







1

2

3

4

1.2

Таңдау компоненті (ТК)

5

7

2

Кәсіби пәндер (КП)

18

18

2.1

Міндетті компонент (МК)

6

6

2.1.1

Тіл білімінің / қазақ, орыс тіл білімінің // әдебиеттанудың / қазақ, орыс әдебиеттануының өзекті мәселелері

Тіл білімі іліміндегі парадигма ұғымы. Е.С.Кубрякова бойынша қазіргі тіл білімінің парадигмалық айырықша белгілері (экспансионизм, адамға бағытталғандық, функционалдылық, экспланаторлық). Функционалдылық және функционалдық грамматика. Мәтіннен дискурсқа. Дискурс және дискурстық зерттеулер. Генеративтік лингвистикадан психолингвистикалық, нейролингвистикалық және когнитивтік зерттеулерге. Тілдік қабілет және менталдық лексикон. Тіл және тілдік білім. Әлемнің қарапайым (аңғал) бейнесінен тілдік бейнесіне.

Бұқаралық мәдениет пен әдеби иерархиялар мәселесі. Қазіргі әдебиеттанудағы модернизм, авангардизм және реализм мәселелері.

Қазіргі салыстырмалы әдебиеттану мәселелері. Әлемдік феминистік әдебиеттану мәселелері. Постмодернистік әдебиеттану мәселелері. Герменевтика мәселелері. Пәндер тоғысындағы әдебиеттану мәселелері. Проза поэтикасының мәселелері. Поэзия поэтикасының мәселесі. Ырғақ мәселесі. Әдебиеттанудың қазіргі категориялары.

Тіл білімі тарихындағы ғылыми парадигмалардың ауысуы. Қазақ / орыс тіл білімі жалпы тіл білімінің табиғи бөлігі ретінде. Тіл біліміндегі басымдықпен қолданылатын принциптер және олардың қазақ / орыс тіл білімінде жүзеге асуы. Антропоцентризм принципінің қазақ / орыс тіл білімінде қалыптасуы, мәтінді функционалды талдау, қазақ / орыс тіл біліміндегі семантикалық, лексикографиялық, терминографиялық зерттеулердің өзектенуінің, жүзеге асуының ғылыми негізінің қалыптасуы; Аталым мәселесі: аталымның лингвистикалық табиғаты; аталымның антологиялық және гносеологиялық мәселелері; аталым, референттілік, мағына, мән, аталымның когнитивтік аспектісі; аталым теориясы және сөзжасам мәселелері. Екінші


2

2




1-кестенің жалғасы







1

2

3

4




аталым, тілдік семантика, лексикалық таксономия; функционалды грамматика; функционалды синтаксис мәселелері.

Түркі әдебиетінің тарихи синхрондылығын дамытудың өзекті мәселелері: ежелгі қазақ әдебиетінің алғашқы кезеңі (ілкітүркілік, түркілік). Ежелгі түркі әдебиетіндегі образдар генезисі, образдар, мотив және сюжеттер мәселесі. Әдеби дәстүрдің қалыптасуы мен құрылуындағы ежелгі әдеби және көркем шығармалардың типологиялық байланысының ролі. Орта ғасырдағы түркі әдебиетіндегі компаративистиканың өзекті мәселесі. Қазіргі кезеңде әдебиетті оқытудың теориялық және ғылыми-әдістемелік негізі.

Интермәтінділік: негізгі концепциялар, теориялық интерпретацияның ұғымы. Гумантарлық пәндердегі гендерлік зерттеу (социология, антропология, философия, лингвистика және т.б.). Әдебиеттанудағы гендерлік зерттеулер. ХХ ғ. әдебиеті мен өнеріндегі мифтік поэтика және оның ролі. ХХ ғ. мәдениетіндегі ең басты бағыттардың бірі неомифологизм (символизмнен постмодернизмге дейін). Ғылыми зерттеудегі семиотиканың ролі, негізгі ұғымдары мен категориялары. Семиотиканың негізгі және басқа да бағыттары. Семиотикадағы таңба жүйесі және таңба ұғымы. Ғылым мен мәдениеттегі семиотиканың даму бағыттары. Дін, сәулет өнері және кино семиотикасы. Нарраталогия. Нарратив қызметі, формасы және табиғаты. Нарратологияның негізгі ережелері. Нарратология және дискурсивті талдаулар. Дискурс тұжырымдамасы.








2.1.2

Тілтанудың / әдебиеттанудың // қазақ, орыс тіл білімінің / қазақ, орыс әдебиеттануының философиялық-әдістанымдық мәселелері

Тіл анықтамасының онтологиялық және гносеологиялық аспектілері (жайлары). Тіл білімінің дамуындағы үдерістер ғылым дамуының жалпы үдерістерінің көріністері ретінде. Лингвистика және тіл философиясы: ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Лингвистикалық білімнің жалпы ғылыми және философиялық аспектілері. Тіл антиномиялары және тіл білімі антиномиялары. Тіл,



1

1




1-кестенің жалғасы







1

2

3

4




ойлау және тұрмыс. Тіл және қоғам. Тілдік және тілден тыс деректер туралы мәселелер. Ассоциативтік-психологиялық түсініктер және феноменология. Мағына және мән. Сөз жөнінен философиялық рефлексия және оның лингвистикалық ілімдердің дамуына әсері. Уақыт диалектикасы және тіл. Ғылыми термин гносеологиялық пәннің таңбалық түрленісі ретінде. Тілді талдау әдістері: талаптарға жарамдылық, репрезентативтілік (сыпаттылық); әдістер қоспасы (синтезі); сандық және сапалық әдістер; интроспекция; контент-талдау, интент-талдау және басқалары. Жеке лингвистикалық пәндердің (әлеуметтік лингвистиканың, психолингвистиканың, когнитивтік лингвистиканың, этнолингвистиканың т.б.) әдістері.

ХІХ ғасырдағы неміс философиясы – ХІХ ғасырдағы әдебиеттанушылық әдіснамалық бағыттардың философиялық базасы. Еуропалық әдебиеттанудағы өмірбаяндық, мифологиялық, салыстырмалы-тарихи әдістер. Марксизм философиясы және әлеуметтік бағдарлы әдебиеттану. Соцреализмнің типологиялық ерекшеліктері. Соцреализм реализм теориясындағы неоклассицизм, сиапттарының қалыптылығы. Соцреализм теориясының қазіргі зерделенуі. Бахтиннің философиялық әдебиеттануы. Людвиг фон Витгенштейннің аналитикалық философиясы – феноменология, герменевтика, қабылдау эстетикасы, ақпарат теориясы, семиотика, құрылымдық лингвистика, философиялық (көркемдік) антропология, футурология, мәдениеттану идеяларындағы әдебиетті зерттеу әдістерінің плюрализмдік негізі.

Қазақ / орыс тіл білімінің философиялық-әдістемелік негіздерінің тілдің ролі мен маңызын, қызметін, тіл мен ойлаудың байланысын, ойды жеткізу мен мазмұндаудың тілдік құралдарын, тілді меңгеруді анықтау аспектісіндегі ролі. Қазақ / орыс тіл біліміндегі қазіргі жаңа бағыттар мен мектептердің философиялық негіздерін саралау: когнитивтік лингвистика, экологиялық лингвистика, функционалдық және коммуникативтік грамматика, психологиялық және әлеуметтік лингвистика, т.б.











1-кестенің жалғасы







1

2

3

4




Зерттеудің жалпы ғылыми және арнаулы әдістері: іріктеу және технология мәселелері.

Халықтық философия мен кәсіби классикалық философиялық прозаның сабақтастық мәселелері: Ежелгі түркі әдебиеті ескерткіштеріндегі және орта ғасыр түркі әдебиетінің даму кезеңі шығармаларының генезисі, философиялық, этикалық-эстетикалық түсініктердің қалыптасуы. Қазіргі қазақ философиялық прозасындағы жеке тұлға мен қоғамның экзистенциялық мәселесі.

Орыс әдебиетінің тарихи кезеңдеріндегі философиялық-эстетикалық ізденістер. Классиктердің философиялық-эстетикалық ойлары. Орыс вольтершілдері. ХIХ ғ. 20-30 жылдардағы орыс әдебиеті және неміс идеализмдеріндегі философия және эстетика. Л.Н.Толстойдың діни және философиялық көзқарастары: руссоизм, Л.Н.Толстой және Шопенгауэр. Ф.М.Достоевскидің антропологиясы жазушының “христиандық натурализмі”, руссоизм және шиллеризм. Достевский және Ницше. Танымшылдық жаңа халықтық прозадағы философияның негізі. Натурализм оның философиялық негізі, теориясы, поэтикасы. Натурализм эстетикасы, өнер саласындағы позитивтік ұстанымдар. И.Тэн ағайынды Ж.Гонкуровтардың, Э.Золяның философиялық идеялары және натурализм. ХIХ ғ. соңғы ширегіндегі ХХ ғ. басындағы орыс әдебиеті мен мәдениетіне, батыс европа мен орыс философиясының тигізген әсері. Ницше және көркемдік сана (символистер мен акмеистер). А.Бергсонның философиялық идеялары және импрессионизм. 1920-30 жж. орыс әдебиетіндегі философиялық ізденістер. Н.Федоровтың “Философия общего дела” еңбегіндегі идеялар. Еуразияшылдық концепцияның эстетикалық негіздері. Экзистенциализм ХХ ғасырдағы философиядағы ірі бағыттардың бірі ретінде жән оның әдебиет пен өнерге ықпалы. Постмодернизмдегі философиялық әдіс ерекшеліктері. Қазақ / орыс және әлемдік жаңа үрдістермен байланыс.








2.1.3

Тіл білімінің, әдебиеттанудың // қазақ, орыс тіл

2

2




1-кестенің жалғасы







1

2

3

4




білімінің жаңа бағыттары / Орыс әдебиетінің поэтикасы

Лингвистикалық идеялардың (бастамалардың) эволюциясы және тіл біліміндегі жаңа бағыттар: талдамалылық және функционалдылық, постструктурализм, жаңа зерттеу парадигмалары. Компьютерлік лингвистика және интеллектуалдық технологиялар: табиғи тілді автоматты өңдеу, компьютерлік лексикография және машиналық аударма, ақпараттық-іздеу тілдері және тезаурус, қарым-қатынасты моделдеу, гипермәтіндік технологиялар, тілдерді оқытудағы компьютерлік технологиялар, тілдердің ұлттық корпусы, зерттеушілерге арналған ресурстар (қорлар), лингвистикалық порталдар мен лингвистика бойынша блоктар. Психолингвистика: тіл онтогенезі, сөйлеудің өңделіп шығуы, сөйлеуді қабылдау (түсіну), психолингвистикадағы эксперименттер, этнолингвистика, патопсихолингвистика, психолингвистиканың қолданбалы аспектілері. Нейролингвистика: мидың зақымдануы кезіндегі сөйлеу үдерісінде болатын өзгерістер; афазия және оның түрлері; нормадан ауытқушылық және норма. Қарым-қатынас теориясы, сөйлеу актілерінің теориясы, прагматика. Лингвистикалық гендерлік зерттеулер. Этнолингвистика: тіл және этнос, этнолингвистика және антропологиялық лингвистика, диахрониялық және синхрониялық этнолингвистика, тіл және мәдениет, объективтік шындық және тілдік таңбалау, кеңістік, уақыт және тілдік таңбалау, халықтық таксономия, әлемнің тілдік бейнесі, тіл және стереотиптер (таптаурындар). Лингвопоэтика. Семиотика. Құрылымдық поэтика және мотив бойынша талдау. Неомифологизм поэтикасы. Әдеби туындыдағы психо-аналитикалық мотивтер мен мәселелерді талдау. Қазіргі медицина мен психология жетістіктерін пайдаланатын зерттеулер стратегиясы. Ықтимал әлемдер семантикасы, логикалық семантика, прагматика – әдебиеттанудағы философияның жаңашыл теорияларын қолданатын жаңа бағыттар. Сөйлеу актілері мен тілдік ойындар теориясының ойындық әдебиеттануда қолданылуы.












1-кестенің жалғасы







1

2

3

4




Характерология – психопатология жетістіктерін қолданатын бейнелерді әдебиеттанушылық тұрғыда зерттеу бағыты. Деконструкция – постмодернизмнің ғылыми-зерттеу стратегиясы. Тарихи-типологиялық және салыстырмалы-типологиялық бағыттар. Феминисттік және постмодернистік бағыттар.

ХХ ғасыр соңы мен ХХІ ғасыр басындағы лингвистикадағы басым бағыттар. Антропоцентризм: тілдік тұлға ұғымы, оның когнитивтік және прагматикалық позициядан талдануы. Тілдік семантика қазақ тіл білімінің басым бағыттарының бірі ретінде. Семантикалық зерттеулерді жүргізудің логика-семантикалық амалы. Қазақ/орыс тілінің лексика-фразеологиялық семантикасындағы «концепт» ұғымы, концептілердің типтері. Функционалды грамматика мәселелері, функционалды-семантикалық өріс проблемасы, функционалды-синтаксис, сөйлем түрлерінің және оның мағыналарының функционалдық сипаты. Қазақ/орыс тіл біліміндегі паралингвистикалық, прагмастилистикалық, семантикалық, когнитивтік, лингвомәдениеттану бағыттары. Қазіргі Қазақстандағы әдебиеттану ғылымы мен әлеуметтік-тарихи фактор құбылысы олардың жан-жақтылығы мен толымдылығы болмысты көркем қабылдау және шығармашылық мазмұндаудың әдіснамасы. Әдеби бағыттар: постмодерн, авангард, постструктурализм, мифологизм, сюрреализм сияқты формаларды бағалы негіз ретінде қабылдануы. Көркемдік әдіс және жазушы шығармашылығы. Жазушы шеберлігі және әдеби тектер мен түрлер, ағымдар мен бағыттар поэтикасы. Көркемдік жүйелердің дамуы және ХІХ-ХХ ғғ. орыс әдебиеті ірі өкілдерінің шығармашылығы (А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, Н.В. Гоголь, И.С. Тургенев, Л.Н. Толстой, Ф.М. Достоевский, А.П. Чехов, И.А. Бунин, И.С. Шмелев, “күміс ғасыр” прозасы мен поэзиясы, А.К. Платонов, М.А. Булгаков, М.А. Шолохов және басқалар). Орыс әдебиетіндегі психологизм. Мифопоэтикалық бастау. Суреткер шығармашылығының макро- және микроконтексті. Суреткерлер шығармашылығындағы орыс әдебиетінің жанрлық эволюциясы. Көркем шығарма құрылымындағы жал-












1-кестенің жалғасы







1

2

3

4




пы теориялық поэтиканың («макропоэтика») және жеке поэтиканың («микропоэтиканың») ерекшеліктері. Шығарма көркем бірлік ретінде. Сюжет және оның бағдарлануы. Баяндау поэтикасы. Уақыт және кеңістік. Кейіпкерлер жүйесі. Поэтика және бейнелілік. Шығарманың мотивтік құрылымы.







2.1.4

Корпустық лингвистика // Қазіргі қазақ / орыс тіліндегі белсенді үдерістер // Көркем мәтін теориясы // Көркем мәтін интерпретациясы (зерделенуі)
Тіл корпусы ұғымы ақпараттық-анықтамалық жүйе ретінде. Тілдің ұлттық корпусы. Тіл корпусының басты белгілері: сыпаттылық, мәтіндердің қалыптанған теңбе-тең (пропорционалды) құрамы, түрлі мақсаттардағы статистикалық өңдеудің мүмкіндіктері және басқалар. Тіл құрылымы және корпус құрылымы. Ұлттық корпустардың түрлері: BNC (Британ ұлттық корпусы), Чех ұлттық корпусы, ruscopora және басқалар. Ғылыми қызметте және оқытушылық тәжірибеде тілдің ұлттық корпусын пайдалану амалдары мен ережелері. Іздеу түрлері (дәл формаларды іздеу, грамматикалық және семантикалық категориялар бойынша іздеу, мәнмәтіндік іздеу, корпусішілік қалыптасу және басқалары).

Мәтін негізі сипатындағы аналитикалық философия. Логикалық позитивизм – аналитикалық философияның алғашқы түрі. Аналитикалық философия ұстанымдары. Қиял философиясы. Өркениет. Дәйектілік және ақиқат. Шындық. Уақыт-кеңістік. Тілдік ойындар. Поэзия және проза – көркем мәтіннің түрлері. Көркем мәтін және өнердің басқа түрлері. Көркем мәтіннің құрылымы мен өзіндік ерекшеліктері. Көркем мәтін композициясының мәселелері. Көркем мәтін стилі оның барлық қырларының, эмоциялық мәнері жағынан образдық түрлерінің эстетикалық бірлігі ретінде. Семиотикалық, мәдениеттанушылық, филологиялық мәтін ұғымы. Мәтіннің әдебиеттанушылық ұғымы. Постмодернистік концепциялардағы мәтін. Авторлық емес сөз. Аралас сөз және төлеу сөз. Мәтін және интертекст. Гипермәтін. Подтекст. Дәйексөз, аллюзия.

1

1




1-кестенің жалғасы







1

2

3

4




Әдебиеттегі әдебиет. Стилизация, пародия, әлқисса. Реминисценция. Интертекстуалдылық. Мәтіннің теориялық негіздері – мәтіннің тұжырымдамасы, ХХ ғасыр ғылыми және философиялық әдіснамасының бірқатар қосылымдық ыңғайлары. Ю. Лотман, К. Юнг, М.Бахтин теориялары.

ХХ ғасырдың екінші жартысы мен аяғындағы қазақ тіліндегі мәдени-тарихи жаңа тенденциялар. Қазақ тіліндегі соңғы жылдардағы тіл дамуының динамикасы. Қоғамдағы тілден тыс жағдаяттар. Мың жылдықтар шегіндегі қазақ тіліндегі динамикалық үдерістердің комуникативті-прагматикалық сипаты. ХХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы тілдің стилистикалық динамизмі. Ақпараттық құралдар тілі және сөйлеушілнр тіліне әсері. Қазіргі қазақ / орыс сөзжасам үдерістерінің жылдамдығы.

Қазіргі қазақ / орыс тіліндегі термин қабылдау үдерісі және варианттылық, оның тілдік нормаға әсері. Лексикадағы жүйелі үдерістер: кейбір лексикалық топтарды деидеологизациялау, саясаттандыру, метафоризациялау – қоғамдық-саяси жағдайлардың бағасын көрсететін кұрал. Лексикалық семантика және үйлесімділік трансформациясы: тілдің пассив құрамындағы лексиканы қолдану ерекшеліктері. Сыртқы және ішкі алмасулардың тілді таратушылар өміріндегі динамикалық үдерістерге жауап беруі. Қазіргі қоғамдық өмір контексіндегі шетелдік сөздер. Жаргондық лексиканы қолданудың ерекшелігі. Қазіргі қазақ / орыс тілінің лексикалық жүйесіндегі неологизация типтері. Ғасырлар шегіндегі тілдегі жаңа фразеология, грамматикадағы актив үдерістер: септік функцияларының әлсіреу тенденциялары, синтаксистік ережелердің бұзылуы, морфологиядағы аналитизмнің өршуі. Екпін саласындағы актив үдерістер. Тілдегі жеке бастаманың күшеюі. Ауызша көпшілік коммуникациясы және оның сөйлеу мәдениетіне әсері.

Қазіргі кезде мәтін ұғымын пайымдау – әдебиеттанушылық және көркем эстетикалық мәселе және оны әдеттегідей «белгілер жүйесі» ретінде түсіндіру шегін толықтыру. Мәтіннің табиғи жағынан семантика-мағыналық негізде қайтадан












1-кестенің соңы







1

2

3

4




мазмұндау мәселесі. Оның шығармаға қатыстылығы. Интерпретация мәселесі және интерпретатордың деңгейі.

Көркем мәтінді талдау барысындағы теория мен практика, әдіс пен әдістеме бірлігі. Көркем мәтінді талдаудағы жүйелік ыңғай, мазмұн мен пішін бірлестігі. Талдау субъектісі мен объектісі. Көркем мәтін және көркем әлем: ұйымдастыру мәселелері. Көркем мәтінді ұйымдастырудың сюжеттік-фабулалық деңгейі. Көркемдік кеңістік және уақыт. Тақырып поэтикасы, эпиграф және сыртқы композицияның басқа элементтері, олардың көркемдік тұтастықты ұйымдастырудағы рөлі. Көркем шығарманың пәндік әлемі. Көркем мәтінді талдау тәсілдері және әдебиеттанудағы мектептер мен бағыттар. Биографиялық және психологиялық әдебиеттанудың әдіснамасы. Тарихи поэтика және салыстырмалы-тарихи әдебиеттанудың әдіснамасы: сараптау әдістері және теория. Формальды және құрылымдық-семиотикалық әдебиеттанудың әдіснамасы. Мифопоэтиканың қазіргі әдебиеттанудағы зертеу стратегиясы ретіндегі әдіснамалық мәселелері. Классикалық және қазіргі заманғы әлемдік және қазақ, орыс әдебиетіндегі көрнекті өкілдер шығармашылығы бойынша көркем мәтінді зерделеу теориясы мен тәжірибесі.









2.2

Таңдау компоненті (ТК)

12

12

3.

Тәжірибе (Т)*

5

6

3.1

Педагогикалық

-

4

3.2

Зерттеу

-

2

3.3

Өндірістік

5

-

4.

Магистранттың магистрлік диссертациясын есептегендегі ғылыми-зерттеу жұмысы (ҒЗЖ)

6

11

5.

Қорытынды аттестация (ҚА)

2

2

6.1

Мемлекеттік емтихан (МЕ)

1

1

6.2

Магистрлік диссертация қорғау (МДҚ)

1

1




Барлығы

36

47

* Ескерту − Тәжірибеге бөлінетін кредит саны жалпы жұмыс көлеміне енбейді. Қажет жағдайда ЖОО тәжірибеге бөлінетін кредит санын көбейте алады.


  1   2


©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет