Магистратураға түсушілер үшін мамандық бойынша емтихан сұрақтары 6M0808 – Топырақтану және агрохимия



жүктеу 113.87 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі113.87 Kb.
Магистратураға түсушілер үшін мамандық бойынша

емтихан сұрақтары

6M0808 – Топырақтану және агрохимия
Агрохимия


  1. Өсімдіктің химиялық құрамы.

  2. Өсімдіктердің өсіп-дамуына, өнім қалыптастыруына және оның сапасына кейбір макро- және микроэлементтердің әсері.

  3. Өсімдік құрамындағы әр түрлі органикалық қосылыстар мөлшері және олардың рөлі.

  4. Өсімдік тіршілігі үшін азоттың рөлі, өнім мен оның сапасына әсері, азотпен қоректену кезеңділігі;

  5. Өсімдік тіршілігі үшін фосфордың рөлі, өнім мен оның сапасына әсері, фосформен қоректену кезеңділігі;

  6. Өсімдік тіршілігі үшін калийдің рөлі, өнім мен оның сапасына әсері, калиймен қоректену кезеңділігі;

  7. Өсімдіктің аммонийлі және нитратты азотпен қоректену ерекшеліктері.

  8. Өсімдіктің қоректік заттарды қабылдауына қоршаған орта жағдайларының (топырақ температурасы, ылғалдылығы, аэрациясы, топырақ ерітіндісінің концентрациясы, орта реакциясы, жарық) әсері.

  9. Өсімдіктің қоректенуінде иондардың кереғарлық (антагонизм) пен мүдделестіктің (синергизмнің) мәні және рөлі.

  10. Тұздардың физиологиялық реакциясы және өсімдіктің қоректенуіне әсері.

  11. Өсімдіктің қоректік элементтерді сіңірудегі тамырдың рөлі.

  12. Тамырдың синтетикалық әрекетінің мәні.

  13. Өсімдіктің ауа және тамыр арқылы қоректенуінің бір-бірімен байланысы.

  14. Өсімдік қоректенуінің кезеңділігі. Өсімдіктің өсіп-даму, қоректену жағдайларын реттеуде тыңайтқыштардың рөлі.

  15. Өсімдіктің қоректену жағдайларын реттеу тәсілдері.

  16. Қоректік элементтерді шығару, егіншіліктегі заттардың айналымы және теңгерімі (балансы).

  17. Агрохимия ғылымының тарихы. Өсімдіктің қоректену мәселелерін зерттеуде агрохимия негізін қалаушылардың рөлі. Қазақстанда агрохимия ғылымының қалыптасуы мен дамуында отандық ғалымдардың еңбектерінің маңызы.

  18. Әр түрлі топырақ құрамындағы қоректік заттардың жалпы және өсімдікке сіңімді түрлерінің мөлшері.

  19. Топырақтың құрамы. Топырақтың минералды және органикалық бөлігі - қоректік элементтердің көзі.

  20. Топырақтың минералды бөлігінің әр түрлі фракцияларының құрамындағы қоректік элементтердің мөлшері. Өсімдік қоректенуі үшін топырақтағы химиялық қосылыстардың формалары.

  21. Топырақтың қарашіріндісі және оның маңызы.

  22. Топырақтың тиімді құнарлылығын арттыруда топырақтағы химиялық және биологиялық процестердің рөлі.

  23. Топырақтың сіңіру қабілетінің түрлері және өсімдік қоректенуі мен тыңайтқыш қолдануда олардың рөлі.

  24. Физикалық-химиялық немесе алмасу реакциясындағы катиондарды сіңіру құбылысының негізгі заңдылықтары.

  25. Топырақтың сіңіру сыйымдылығы, сіңірілген катиондардың құрамы және арақатынасының өсімдіктің қоректенуі мен топырақтың тыңайтқыштармен әрекеттесуі үшін маңызы.

  26. Топырақ қышқылдығының түрлері (актуалды, потенциалды), негіздермен қанығу дәрежесі мен буферлігі.

  27. Топырақ құрамындағы N, P, K қосылыстарының мөлшері мен түрлері және олардың айналымы.

  28. N, P, K әр түрлі қосылыстарының өсімдіктер үшін сіңімділігі.

  29. Солтүстік Қазақстан топырақтарының азот құбылымы және оны реттеу тәсілдері. Топырақтың азотпен қамтамасыз етілуінің диагностикалық көрсеткіштері.

  30. Солтүстік Қазақстан топырақтарының фосфор құбылымы және оны реттеу тәсілдері. Топырақтың фосформен қамтамасыз етілуінің диагностикалық көрсеткіштері.

  31. Солтүстік Қазақстан топырақтарының калий құбылымы және оны реттеу тәсілдері. Топырақтың калиймен қамтамасыз етілуінің диагностикалық көрсеткіштері.

  32. Топырақтың қоректік құбылымына (режіміен) агротехникалық және климаттық жағдайлардың әсері.

  33. Топырақтың азот құбылымына агротехникалық және климаттық факторлардың әсері;

  34. Топырақтың фосфор құбылымына агротехникалық және климаттық факторлардың әсері;

  35. Топырақтың калий құбылымына агротехникалық және климаттық факторлардың әсері;

  36. N,P,K қосылыстарының қандай түрлері топырақтың осы элементтермен қамтамасыз етілуінің диагностикалық көрсеткіштері болып саналады?

  37. N,P,K -мен қамтамасыз етілуіне қарай топырақтарды жіктеу.

  38. Аммоний сульфаты, алу жолдары, физикалық қасиеттері, топырақпен әрекеттесуі мен айналымы, өсімдіктер үшін сіңімділігі, ауыспалы егісте енгізу мөлшері, мерзімі, әдістері, технологиясы.

  39. Натрий селитрасы, алу жолдары, физикалық қасиеттері, топырақпен әрекеттесуі мен айналымы, өсімдіктер үшін сіңімділігі, ауыспалы егісте енгізу мөлшері, мерзімі, әдістері, технологиясы.

  40. Хлорлы аммоний, алу жолдары, физикалық қасиеттері, топырақпен әрекеттесуі мен айналымы, өсімдіктер үшін сіңімділігі, ауыспалы егісте енгізу мөлшері, мерзімі, әдістері, технологиясы.

  41. Аммиак селитрасы, алу жолдары, физикалық қасиеттері, топырақпен әрекеттесуі мен айналымы, өсімдіктер үшін сіңімділігі, ауыспалы егісте енгізу мөлшері, мерзімі, әдістері, технологиясы.

  42. Мочевина, алу жолдары, физикалық қасиеттері, топырақпен әрекеттесуі мен айналымы, өсімдіктер үшін сіңімділігі, ауыспалы егісте енгізу мөлшері, мерзімі, әдістері, технологиясы.

  43. Жай суперфосфат, алу жолдары, физикалық қасиеттері, топырақпен әрекеттесуі мен айналымы, өсімдіктер үшін сіңімділігі, ауыспалы егісте енгізу мөлшері, мерзімі, әдістері, технологиясы.

  44. Қос суперфосфат, алу жолдары, физикалық қасиеттері, топырақпен әрекеттесуі мен айналымы, өсімдіктер үшін сіңімділігі, ауыспалы егісте енгізу мөлшері, мерзімі, әдістері, технологиясы.

  45. Фторсызданған фосфат, алу жолдары, физикалық қасиеттері, топырақпен әрекеттесуі мен айналымы, өсімдіктер үшін сіңімділігі, ауыспалы егісте енгізу мөлшері, мерзімі, әдістері, технологиясы.

  46. Преципитат, алу жолдары, физикалық қасиеттері, топырақпен әрекеттесуі мен айналымы, өсімдіктер үшін сіңімділігі, ауыспалы егісте енгізу мөлшері, мерзімі, әдістері, технологиясы.

  47. Фосфорит ұны, алу жолдары, физикалық қасиеттері, топырақпен әрекеттесуі мен айналымы, өсімдіктер үшін сіңімділігі, ауыспалы егісте енгізу мөлшері, мерзімі, әдістері, технологиясы.

  48. Хлорлы калий, алу жолдары, физикалық қасиеттері, топырақпен әрекеттесуі мен айналымы, өсімдіктер үшін сіңімділігі, ауыспалы егісте енгізу мөлшері, мерзімі, әдістері, технологиясы.

  49. Калий сульфаты, алу жолдары, физикалық қасиеттері, топырақпен әрекеттесуі мен айналымы, өсімдіктер үшін сіңімділігі, ауыспалы егісте енгізу мөлшері, мерзімі, әдістері, технологиясы.

  50. Калий тұзы, алу жолдары, физикалық қасиеттері, топырақпен әрекеттесуі мен айналымы, өсімдіктер үшін сіңімділігі, ауыспалы егісте енгізу мөлшері, мерзімі, әдістері, технологиясы.

  51. Калий селитрасы, алу жолдары, физикалық қасиеттері, топырақпен әрекеттесуі мен айналымы, өсімдіктер үшін сіңімділігі, ауыспалы егісте енгізу мөлшері, мерзімі, әдістері, технологиясы.

  52. Аммофос, алу жолдары, физикалық қасиеттері, топырақпен әрекеттесуі мен айналымы, өсімдіктер үшін сіңімділігі, ауыспалы егісте енгізу мөлшері, мерзімі, әдістері, технологиясы.

  53. Диаммофос, алу жолдары, физикалық қасиеттері, топырақпен әрекеттесуі мен айналымы, өсімдіктер үшін сіңімділігі, ауыспалы егісте енгізу мөлшері, мерзімі, әдістері, технологиясы.

  54. Нитрофос, нитрофоскалар, алу жолдары, физикалық қасиеттері, топырақпен әрекеттесуі мен айналымы, өсімдіктер үшін сіңімділігі, ауыспалы егісте енгізу мөлшері, мерзімі, әдістері, технологиясы.

  55. Дақылдардың азотты тыңайтқыштарға қажеттілігін анықтау әдістемелері;

  56. Дақылдардың фосфорлы тыңайтқыштарға қажеттілігін анықтау әдістемелері;

  57. Дақылдардың калийлі тыңайтқыштарға қажеттілігін анықтау әдістемелері;

  58. Топырақтың азотпен қамтамасыз етілуінің аймақтық индекстері үшін тыңайтқыштардың мөлшерін атаңыз.

  59. Топырақтың фосформен қамтамасыз етілуінің аймақтық индекстері үшін тыңайтқыштардың мөлшерін атаңыз.

  60. Топырақтың азотпен қамтамасыз ететін диагностикалық көрсеткіштерін атаңыз.

  61. Топырақтың фосформен қамтамасыз ететін диагностикалық көрсеткіштерін атаңыз.

  62. Органикалық тыңайтқыштардың түрлері.

  63. Көң - ең маңызды органикалық тыңайтқыш. Көң құрамы.

  64. Көңнің топырақ пен өсімдікке әсері.

  65. Топырақ-климат жағдайларына байланысты әр түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарына көң енгізу тәсілдері.

  66. Көңді сақтау әдістері және оны сақтау кезінде болатын өзгерістер.

  67. Әр түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарына көң тиімділігі және оны анықтайтын факторлар.

  68. Көң садырасы, оның құрамы, қасиеттері және қолдану ерекшеліктері.

  69. Төсенішсіз көң, оның құрамы, қасиеттері мен сақтау және қолдану ерекшеліктері.

  70. Қордалар, оларды даярлау және қолдану ерекшеліктері.

  71. Солтүстік Қазақстан жағдайында эрозияға қарсы тәсіл және тыңайтқыш ретінде сабанды пайдалану.

  72. Жасыл тыңайтқыш. Топырақ құнарлылығы мен ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін арттыруда оның маңызы.

  73. Құс саңғырығы, оның құрамы, қасиеттері және қолдану ерекшеліктері.

  74. Топырақ құнарлылығын арттыруда органикалық тыңайтқыштардың маңызы.

  75. Органикалық тыңайтқыштарды қолданудың экологиялық қауіпсіз технологиялары.


Топырақтану


  1. Механикалық элементтер және оның жіктелуі. Топырақтың гранулометриялық құрамының жіктелуі және маңызы.

  2. Қарашрінді пайда болуы. Қарашірінді заттарының түрлері.

  3. Қарашіріндінің өсімдіктер қоректенудегі және топырақ құнарлығын қалыптастырудағы маңызы.

  4. Топырақ түзуші жыныстардың топырақ қасиеттеріне әсері. Топырақ құралу үрдісінде ағзалардың маңызы.

  5. Топырақтың негізгі морфологиялық белгілері - кескіннің құрылысы, түсі, түйіртпектілігі, жайласуы, жаңа жаралындылар мен кіріспе заттар.

  6. Коллоидтардың құрылысы және қасиеттері. Коагуляция және пептизация үрдістері.

  7. Топырақтың қышқылдығы, сілтілігі және буферлігі.

  8. Топырақ түйіртпектілігінің бұзылуы және оны қайта қалпына келтіру шаралары.

  9. Топырақ тұздалуының себептері. Қайта тұздану.

  10. Топырақтың жалпы физикалық қасиеттері (топырақтың тығыздығы қатты бөлігінің тығыздығы, қуыстылығы).

  11. Топырақтың физика-механикалық қасиеттері (иленгіштігі, жабысқақтығы, ісінуі, отыруы (шөгуі), байланыстығы, қаттылығы, меншікті кедергісі). Олардың агрономиялық маңызы.

  12. Топырақ ылғалының маңызы.

  13. Топырақ ылғалының негізгі категориялары, қасиеттері. Су құбылымы және оларды жіктеу.

  14. Топырақ құралуында және өсімдік тіршілігінде жылудың маңызы. Топырақтың жылу сіңіру қабілеті.

  15. Топырақ құнарлығы туралы түсінік. Табиғи, тиімді және жасанды құнарлылық түрлері. Топырақ құнарлығын арттыру жолдары.

  16. Топырақтың жіктелуінің (тип, типше, тек, түр және т.б) таксономиялық бірлігін жазып, оларға мысалы келтіріңіз.

  17. Су эрозиясының түрлері және пайда болу себептері. Су эрозиясына қарсы күрес шаралары.

  18. Топырақтың жел эрозиясына шалдығу себептері. Жел эрозиясына қарсы күрес шаралары.

  19. Қазақстанның негізгі топырақтары типтерінің құнарлығын жоғарлатуда топырақтанудың маңызы.

  20. Топырақ және құнарлық туралы түсінік. Құнарлықтың түрлері.

  21. Топырақтанудың негізін қалаушы ғалымдар, олардың еңбектері және оның дамуындағы рөлі. Топырақтың негізгі қызметтері.

  22. Топырақтың түзілуі. Топырақ түзілу үрдісінің жалпы нұсқасы.

  23. Ресейде генетикалық топырақтанудың дамуы (В.В. Докучаев, Н.М. Сибирцев, К.Д. Глинка, В.Р. Вильямс) және оның Қазақстанда дамуы.

  24. Агрономиялық топырақтанудың дамуы (П.А. Костычев, В.Р. Вильямс, К.К. Гедройц, Д.Н. Прянишников, А.Н. Соколовский). Топырақ құнарлығының көбеюіне адам әрекетінің әсері.

  25. Топырақ – табиғи дене, негізгі ауыл шаруашылығы өндірісінің құралы және еңбек өнімі. Ғылым ретінде топырақтанудың маңызы.

  26. Топырақ туралы түсінік және оның құнарлығы. Адам өндіріс әрекеті нәтижесінде топырақ құнарлығының өзгерісі.

  27. Топырақ қасиетіне топырақ түзуші жыныстардың гранулометриялық, минералогиялық және химиялық құрамының әсері.

  28. Туынды және туынды минералдар, олардың топырақ генезисінде, топырақ құнарлығында маңызы.

  29. Топырақтың және жыныстардың гранулометриялық құрамының агрономиялық қасиеттерге әсері.

  30. Гранулометриялық құрамы бойынша топырақ жіктелуі (Н.А. Качинский). Механикалық элементтердің минералогиялық, химиялық құрамы және физикалық қасиеттері.

  31. Гранулометриялық құрам және оның топырақтың ылғал, ауа және жылу қасиеттеріне әсері.

  32. Топырақ түзуге қатысатын топырақ фаунасының негізгі топтары және олардың рөлі.

  33. Топырақ түзілу үрдісінде жасыл өсімдіктердің және микроағзалардың маңызы. Топырақ түзілу үрдісіне түсінік беру.

  34. Топырақта органикалық заттардың көзі. Органикалық қалдықтардың қарашірінді түзілуіне әсері.

  35. Қарашірінді түзілу жылдамдығына топырақ түзілу жағдайының әсері.

  36. Қарашірінді туралы ілімнің дамуы туралы қысқаша түсінік (П.А. Костычев, В.Р. Вильямс, С.П. Кравков, И.В. Тюрин, С. Ваксман және басқалар).

  37. Топырақтың кескінің түзілуі, оның құрылысы және морфологиялық белгілері.

  38. Топырақтың морфологиялық белгілерін атаңыз.

  39. Топырақтың сіңіру қабілеті туралы түсінік және осы ілімнің дамуының негізгі кезеңдері.

  40. Физикалық-химиялық немесе алмасалы сіңіру қабілеті және оның заңдылықтары. Топырақтың сіңіру қабілеттерінің топырақ құнарлығына әсері.

  41. Сіңіру көлемі және топырақтың негіздермен қанығуы туралы түсінік. Негіздермен қаныққан және қанықпаған топырақтар.

  42. Топырақтың реакциясы және оны реттеу шаралары.

  43. Топырақтың қышқылды реакциясы, оның пайда болуы. Қышқылдылық түрлері. Топырақтардың қышқылдылығын өзгерту шаралары.

  44. Топырақтың сілтілігі, олардың түзілуі және түрлері. Топырақтың сілтілік реакциясын реттеу жолдары.

  45. Топырақтағы су түрлері. Ауыл шаруашылық өсімдіктеріне әр түрлі формадағы топырақ ылғалдарының тиімділігі және олардың топырақта жылжуы. Топырақтың негізгі ылғалылық қасиеттерін атаңыз.

  46. Топырақ ауасы, оның құрамы және өзгеруі. Топырақ ауасының, аэрациясының топырақтағы үрдістерге, өсімдіктерге және микроағзаларға әсері.

  47. Топырақтағы жылу қасиеттері туралы түсінік, жылу режиміне әсер ететін жылу көздері. Жылу режиміне ықпал етуші факторлар.

  48. Топырақ ертіндісі (құрамы, концентрациясы, реакциясы). Топырақ ертіндісін алу әдістері. Топырақ түзілуде, құнарлығында және өсімдіктердің қоректендіруінде топырақ ертіндісінің маңызы.

  49. В.В. Докучаевтің топырақ түзілуінің факторлары туралы ілім. Топырақ түзілу факторларының арасындағы байланыс туралы мысалы келтіріңіз.

  50. Топырақ жіктелуінің негізгі принциптері (В.В. Докучаев, Т.С. Коссович, К.К. Гедройц және басқалар). Заманауи жіктелудің негізін көрсетіңіз.

  51. Топырақ-географиялық бірлігін (топырақ-биоклиматтық белдеулер, облыс, аймақ, аймақша, өлке, аудан) жазыңыз.

  52. Топырақ жамылғысының құрылымы.

  53. Тундрада негізгі топырақ түзілу үрдісі. Топырақ типтері олардың құрылысы және қасиеттері. Тундра аймағының топырақ түзу үрдісіне табиғи жағдай ерекшелігінің әсері.

  54. Шымды топырақ түзу үрдісінің заманауи сипатталуы. Шымды топырақтардың жіктелуі. Шымды топырақтардың құрылысы, қасиеттері, және агрономиялық бағасы.

  55. Шымды-күлгін топырақтар. Құрылысы және жіктелуі. Шымды-күлгін топырақтардың құнарлығын көтеру шаралары және оларды пайдалану. Батпақты топырақ түзу үрдісі оның ерекшеліктері. Батпақтардың негізгі типтері.

  56. Орманды дала топырақтары және табиғи жағдайлары (орманның сұр топырағы). Орманның сұр топырағының генезисі туралы заманауи түсінік. Олардың құрылысы, қасиеттеріі және жіктелуі.

  57. Орманды дала және дала аймақтарындағы қара топырақтың ерекшеліктерін айтыңыз. Қара топырақтың түзілуі туралы қысқаша түсінік (Ф. Рупрехт, В.В. Докучаев, П.А. Костычев, В.Р. Вильямс).

  58. Орманды дала аймағы қара топырақтарының құрылымы, қасиеті және жіктелуі.

  59. Дала аймағы қара топырақтарының құрылымы, қасиеті және жіктелуі. Олардың құнарлығын көтеру шаралары.

  60. Қуаң дала және шөл дала аймағының табиғи ерекшеліктері және олардың топырақ түзілуіне әсері. Қара-қоңыр топырақтар. Құрылысы, қасиеттері, жіктелуі және агрономиялық бағалануы.

  61. Қуаң дала аймағының шалғынды қара қоңыр топырақтары. Олардың түзілуі, қасиеттері және пайдаланылуы.

  62. Сор. Олардың таралуы және тұздардың жиналу жағдайлары. Сор топырақтардың жіктелуі. Олардың қасиеттері және ауыл шаруашылығында қолдану шаралары.

  63. Кебірдің түзілу үрдісі. Таралуы, құрылысы, қасиеттері. Мәденилендіру шаралары.

  64. Шақаттардың таралуы және генезисі және олардың қасиеттері, жіктелуі және ауыл шаруашылығында пайдаланылуы.

  65. Шөлдің қоңыр-сұр топырақтарының түзілуі, олардың жіктелуі, құрылысы, қасиеттері және агрономиялық бағасы. Құнарлығын көтеруде жүргізілетін шаралар.

  66. Тақырдың түзілуі және жіктелуі, құрылысы, құрамы және агрономиялық қасиеттері. Құнарлығын көтеруде жүргізілетін негізгі шаралар.

  67. Тау етегі шөлді-дала аймағы топырақтарының табиғи жағдайы. Бұл аймақтың топырақтарын ауыл шаруашылығында пайдалану ерекшеліктері.

  68. Қызыл топырақтар, олардың құрылысы, қасиеті және жіктелуі. Қызыл топырақтарды пайдалануда жургізілетін шаралар.

  69. Сары топырақтар, олардың құрылысы, қасиеттері және жіктелуі. Оларды ауыл шаруашылығында пайдалану. Су эрозиясының пайда болуы және онымен күрес.

  70. Өзен жайылмасы топырақтарының таралуы және құрылысы, қасиеттері, жіктелуі және агрономиялық бағасы. Бұл топырақтарды мәденилендірудің негізгі шаралары.

  71. Таулы өлке топырақтары және таралуы. Ауыл шаруашылығында пайдалану ерекшеліктері.

  72. Топырақ эрозиясы олардың типтері және таралуы. Әр түрлі табиғи аймақтарда эрозиямен күрес шаралары.

  73. Топырақ рекультивациясы.

  74. Топырақ бонитировкасы туралы түсінік. Өндірісте және жер бағалауда оның маңызы. Топырақты экономикалық бағалау. Жер кадастры.

  75. Топырақ картасы және картограммасы. Оларды шаруашылықтарда қолдану.


©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет