Магний өндірісі кезіндегі өнеркәсіп қауіпсіздігінің талабы Требования промышленной безопасности при производстве магния Астана 2009


тарау. Электр құрылғыларына қойылатын талаптар. Жарықтандыру. Сигнализация және байланыс



жүктеу 1.02 Mb.
бет6/12
Дата17.04.2016
өлшемі1.02 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

7 тарау. Электр құрылғыларына қойылатын талаптар. Жарықтандыру. Сигнализация және байланыс

294. Өндірістік және қосымша ғимараттар мен имараттар, ұйымның аумағын жасанды жарықтандыру тұтынушылардың электр құрылғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздігі және құрылғыларды пайдалану талаптарына сәйкес болады.

295. Өндірістік ғимараттарда электр жарықтандырудың келесі түрлері қолданылады:

1) жұмыс;

2) авариялық (немесе эвакуациялық).

Авариялық электр жарықтандыру көздері электр құрылғыларын пайдалану талаптарына сәйкес таңдалады.

296. Электролиз корпустарының жертөлесі, хлор құбырларының туннелдері, өтетін желдеткіш және кабелдік каналдардың 42 В артық емес тұрақты жұмыс істейтін электр жарығы болады.

Жарықтандыру желісі сымдармен немесе оқшауланған қабығы бар кабелдерден жасалады.

Электролиз корпустарындағы және хлор құбырларының туннелдеріндегі тасымалданатын жарықтандырғышты қоректендіру үшін 12 В артық емес кернеулік қолданылады.

Тасымалданатын жарықтандырғыштарда ұзындығы 10 м кем емес сымдар болады.

Оларды желіге қосу үшін розеткалар орнатылады. Барлық көрсетілген жағдайлар үшін жарықтандырғыштарды қоректендіру таратушы трансформаторлар арқылы жүргізіледі.

297. Кернеулігі 42 В артық жарықтандырғыш орғыштарды бекітуге арналған конструкциялар ғимараттар конструкцияларынан оқшауланған және талаптар сақталған.

298. Магний электролизі цехында телефон байланысы, өрт сигнализациясы, радиофикация құрылғылары тұрақты ток шиносымдарынан 6 м кем емес қашықтықта немесе қосу дәліздерінде орнатылады.

299. Хлор өндіретін немесе пайдаланатын цехтар мен учаскелердің диспетчерлік және газ құтқару қызметтерімен тікелей телефон байланысы болады.

300. Барлық өндірістік ғимараттар қатты сөйлеуші және телефон байланысымен жабдықталады.

_______________

Магний өндіру кезіндегі өнеркәсіп қауіпсіздігі Ережесіне

қосымша



Магний өндіріс кезінде шектік жіберілетін концентрация (ШЖК)

және қауіпті өндірістік факторлар деңгейі






Заттардық атауы

Қауіптілік класы

Адам ағзасына әсер ету сипаты

12.1.005-88 ГОСТ шектік жіберілетін концентрация

1

2

3

4

Магний

II

Металлды Mg «құйма безгегін» тудырады. Созылмалы атрофикалық назофарингит, мұрын қанау, жиі тұмаурату, шаштың түсуі, қолдың терлеуі, тіл және қастың көгеруі, қызыл дермофрагизм байқалады. Магний өндірісінің электролиздің цехтарында дем алу мен асқазан органдары ауруларының артуы. Ауырмалы ісіктер немесе баяу жазылатын асқынған – іріңді процесстер байқалады.

10 мг/м3

Карналлит

III

Терінің іріңді ауруларын, жүйке жүйесінің перифериялық аурулары, гипотония, вегетативті жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлімінің бұзылуы, байқалады. Калий рудасының шаңдары терідегі жараға түскен кезде жазылуды баяулатып, терінің жақсы бөліктерінің шекаралас учаскелерінің мацерациясын тудырады, іріңді инфекцияның дамуына мүмкіндік береді. Терінің ісуі және гиперемиясы түріндегі везикулезды қозу дерматитері, көз ауруларының асқынуы байқалады.




Хлор

II

Тұншықтыратын газдарға жатады. Көздің сонымен қатар жоғары дем алу жолдарының жедел тітіркенуін шақырады. Өзіне тән тітіркендіргіш иісі болады. Жоғары концентрациялармен уланған кезде дем алу орталығының рефлекторлық тежелуіне байланысты кенеттен өліп кетуге әкеліп соғады. Орта және төменгі концентрациялармен уланған кезде – қатты кеуде аурулары, қыжыл және көздегі шаншу, жас ағу, қатты құрғақ жөтел байқалады.

1 мг/м3

1

2

3

4

Хлорлы сутегі

III

Жоғары концентрациялар кезінде кілегейлердің, әсіресе мұрын тітіркенуі, конъюнктивит; көз қарашығының бұлдырлауы. Тұншығу сезімі, дауыс қарлығуы, кеуде шаншуы, тұмаурату, жөтел, қан араласқан қақырық

5 мг/м3

Күкірт қышқылы

II

Тыныс алу органдарын тітіркендіреді, қан араласқан қақырық болады, көздің ашуы және ауыр жағдайларда құсу болады. Теріге түскен кезде химиялық күйдіру болады, ауыз қуысының аурулары, тістердің бұзылуы, жоғары тыныс алу органдарының атрофикалық өзгеруі, бронхиты, пневмосклероз, бронхиалды демігу, гастриты, жаралы аурулар.

1 мг/м3

Калии бихроматы

I

Улы қосылыстар. Тыныс алу органдарының, бүйрек, бауырлар, жүрек-тамыр жүйесінің зақымдануы.

0,01 мг/м3

: laws -> law -> nnic
nnic -> Теңіздің стационарлық қабаттарында жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары
nnic -> 2 бөлім 1 тарау. Жабдық 1 параграф. Жалпы талаптар
nnic -> Терең қада белгі станцияларында тау жыныстарының қабаттарының жылжуын бақылау әдістемесі Жалпы талаптар
nnic -> Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
nnic -> Асинхронды қозғалтқышы бар шахталық көтергіш қондырғыларды сынау, жөндеу және тексеру бойынша методикалық нұсқаулықтар
nnic -> Химия өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1 тарау. Жалпы талаптар
nnic -> Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
nnic -> Геологиялық барлау жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
nnic -> 1-тарау. Жалпы талаптары 1-параграф. Талаптардың қолдану саласы және тағайындалуы
nnic -> Домна өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары Жалпы талаптар


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет