Мак метрология жөніндегі Ғтк 27 отырысы туралы ақпарат



жүктеу 47.47 Kb.
Дата27.04.2016
өлшемі47.47 Kb.
МАК метрология жөніндегі ҒТК 27 отырысы туралы ақпарат
2008 жылғы 21 сәуірден 25 сәуірге дейінгі кезеңде Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңестің (МАК) метрология жөніндегі Ғылыми-техникалық комиссияның (ҒТКМетр) 27-ші отырысы өтті, онда ТМД елдерінің стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі ұлттық органдардың, ТМД Орындаушы комитетінің және МАК стандарттары жөніндегі бюроның өкілдері қатысты:

Әзербайжан Республикасынан - Асланов Сардар Рза оглы,

Беларусия Республикасынан - Нефедов Сергей Николаевич,

Қазақстан Республикасынан - Галицына Любовь Михайловна, Исакова Ольга Леонидовна,

Ресей Федерациясынан - Лахов Владимир Михайлович, Шмелева Наталья Кимовна, Дойников Александр Сергеевич, Кузнецов Владимир Павлович, Иванов Виктор Юрьевич, Налобин Дмитрий Петрович, Корчагина Елена Николаевна, Немиров Михаил Семенович,

Тәжікстан Республикасынан - Рахимов Джурахон Рахмаилович,

Өзбекстан Республикасынан - Абдуллаев Таштемир Бакаевич, Рахмонов Равшан Куддусович, Хакимов Ортигали Шарипович,

Украинадан - Черепков Сергей Тимофеевич, Жалдак Николай Степанович, Величко Олег Николаевич, Проненко Сергей Витальевич, Марков Борис Федорович, Шевченко Александр Иванович, Бордюже Александр Сергеевич, Двирнык Наталья Анатольевна, Красоха Лилия Николаевна.

ТМД Орындаушы комитетінен Бутырев Юрий Иванович қатысты.

Отырысты МАК стандарттары жөніндегі бюроның жауапты хатшысы Сонец Николай Васильевич жүргізді.



Отырыста мынадай мәселелер қаралды:





МАК және ҒТКМетрдің алдыңғы отырыстарында қабылданған ұсыныстарды орындау туралы



Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында ұлттық органдармен жүргізілген жұмыстар туралы (жұмыс, ақпараттық материалдармен алмасу тәжірибесі)



ҒТКМетрдің бүлінбейтін бақылау жөніндегі ЖТ 9-шы отырысын жүргізу нәтижелері туралы



ҒТКМетр ӨБ ЖТ 5-ші отырысын жүргізу нәтижелері туралы



Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келісілген саясатты жүргізу туралы 1992 жылғы 13 наурыздағы келісімге өзгертулер енгізу туралы 2007 жылғы 22 қарашадағы хаттаманы іске асыру туралы



Салыстырып тексеру және метрологиялық аттестаттау мақсатында әкелінетін нормативтік құжаттарды, эталондарды, өлшем құралдарын және стандарттық үлгілерді тасымалдауға кедендік бажды, салықты төлеуден босату және арнайы рұқсаттарды беру туралы 1995 жылғы 10 ақпандағы келісімге өзгертулер енгізу туралы 2007 жылғы 22 қарашадағы хаттаманы іске асыру туралы



«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Модельді заңының жаңа редакциясы туралы



2015 жылға дейінгі кезеңге МАК стратегиялық жобасы туралы



ТМД алдағы даму Концепциясы және оны іске асыру жөніндегі негізгі іс-шаралар туралы



Техникалық реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық және құқықтық актілерге рұқсатты қамтамасыз ету туралы



«2006-2010 жылдарға заттар мен материалдардың құрамы мен қасиетінің мемлекетаралық стандарттық үлгілерін құру және қолдану жөніндегі бағдарламаны» іске асыру барысы және оны актуализациялау жөніндегі ұсыныстар туралы



МСҮ тізілімін актуализациялау туралы



«2007-2012 жылдарға нақты тематикалық бағыттар жөніндегі заттар мен материалдардың физикалық константалары және қасиеттері туралы аттестатталған деректерді әзірлеу жөніндегі жұмыстар бағдарламасын» іске асыру барысы туралы



«2007 – 2009 жылдарға 10-9 ÷ 10- 4 м ауқымдағы қазіргі заманғы ұзындық бірлігінің эталоныны құру» бағдарламасын іске асыру барысы туралы



МӨЖ негізін салатын нормативтік құжаттарды әзірлеу және қайта қарау бағдарламасын іске асыру барысы және оны актуализациялау жөніндегі ұсыныстар туралы



«Мемлекеттік сынаулар нәтижелерін өзара тану және өлшем құралдарының типін бекіту, метрологиялық аттестаттау, салыстырып тексеру және калибрлеу, сондай-ақ өлшем құралдарына сынаулар, салыстырып тексеру және калибрлеу жүргізетін зертханаларды аккредиттеу нәтижелерін өзара тану туралы келісімнің» жаңа редакциясының күшіне енуіне қажетті ішкі мемелекеттік процедураларды орындау туралы



Метрология саласында КООМЕТ және МАК арасындағы ынтымақтастық және өзара әрекет туралы Хаттаманы іске асыру туралы



ГОСТ 8.587-2006 және РМГ 81-2006 енгізу туралы



Отынның барлық түрінің калориялығын өлшеуді метрологиялық қамтамасыз ету жүйесін құру туралы



МАК сайтындағы ақпаратты қосып эталондардың ұлттық тізілімін жүргізу үшін «Ресейдің мемлекеттік эталондар тізілімі» деректер базасын бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдану туралы



1990 жылға дейін әзірленген метрология саласындағы мемлекетаралық стандарттардың іс-әрекеттегі қорларын талдау туралы



МАК қабылданған САД кестелері туралы мәліметтерді жүйелеу туралы



Басқа да



МАК 33-ші отырысының күн тәртібіне ұсыныстар туралы



ҒТКМетрдің 28-ші отырысының, ҒТКМетр ӨБ ЖТ 6-шы отырысының, ҒТКМетрдің бүлінбейтін бақылау жөніндегі ЖТ 10-шы отырысының кезекті отырыстарын өткізу туралы

Отырыстың нәтижелері бойынша шешімдер қабылданды. Олар МАК метрология жөніндегі Ғылыми-техникалық комиссия мүшелерімен қол қойылған отырыстың хаттамасына енгізілді.

Келесі метрология жөніндегі 28-ші ҒТК және 6-шы өлшемдер белгісіздігі жөніндегі ЖТ отырыстарын осы жылдың қазан айында Өзбекстан, Ташкент қаласында өткізу жоспарлануда. 10-шы бүлінбейтін бақылау жөніндегі ЖТ отырысы осы жылдың қыркүйек айында Украина, Днепропетровск қаласында өткізу жоспарлануда.


©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет