Макроэкономика



жүктеу 372.96 Kb.
Дата17.04.2016
өлшемі372.96 Kb.
: attachments -> article -> 714
article -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама
article -> Регламентін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
article -> Аты-жөні (жұбайы, зайыбы)
article -> ҚазақТҰтынуодағЫ
article -> 1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі
article -> Комбинаторика и текст Целые числа
714 -> СӨЖ (СӨЖО) бойынша әдістемелік нұсқаулар
ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

МАКРОЭКОНОМИКА

Д.В. Жусупбекова

Қарағанды 2007 ж

ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


Экономикалық теория және халықаралық экономика кафедрасы


Д.В. Жусупбекова

МАКРОЭКОНОМИКА
Оқу құралы

Қарағанды 2007 ж

ББК 65.012.2я7

Ж 93
Д.В. Жусупбекова

Макроэкономика. Оқу құралы

Қарағанды 2007 – _____бет


ISBN 9965 – 794 – 34 – 0

Экономикалық мамандықтар бағдарламасы бойынша макроэкономиканың толық курсы. Экономикалық ережелер мен мәселелердің баяндауы атақты шетел экономистері мен отандық ғалымдардың көзқарастары мен пікірлерін есептей отыра жүргізіледі. Құрал макроэкономикадағы қазіргі замаңғы жетістіктер жөнінде толық мағлұмат береді, сондықтан ЖОО экономикалық факультетінің студентеріне, мемлекеттік басқару аясының мамандарына және кәсіпкерлерге пайдасын тигізеді.


ББК 65.012.2я7
Құрастырушы: э.ғ.к., ҚҚЭУ доценті Д.В. Жусупбекова

Пікір білдіргендер: э.ғ.к., ҚарМУ доценті Ж.К. Бопиева

э.ғ.к., ҚҚЭУ профессоры М.К. Жетпісбаева

© Жусупбекова Д.В.

©Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, 2007
ISBN 9965 – 794 – 34 – 0

Экономикалық теория және халықаралық экономика кафедрасының оқу-әдістемелік семинарында талқыланып, мақұлданды: хаттама №7 15.03.2007 ж.


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ТАРАУ. МАКРОЭКОНОМИКА ПӘНІ. ҰЛТТЫҚ ШОТТАР ЖҮЙЕСІ

1.1 Макроэкономика пәні

1.2 Макроэкономикалық талдаудың әдістері мен қағидалары

1.3 Макроэкономикалық модельдер (үлгілер), олардың түрлері мен көрсеткіштері

1.4 ІЖӨ, ЖҰӨ және ... басқа көрсеткіштері

1.5 Өнімнің, шығындар мен табыстардың айналымы (айналымдылығы)

Сұрақтар мен тапсырмалар
2 ТАРАУ. ИГІЛІКТЕР НАРЫҒЫ

2.1 Жабық экономикадағы жиынтық сұраныс және оны құрастырушылары

2.2 Мемлекеттік шығындар. Кейнс мультипликаторы

2.3 Игіліктер нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік. Бюджеттік – салық саясаты және жиынтық сұранысқа оның әсері. IS моделі (үлгісі)

Сұрақтар мен тапсырмалар
3 ТАРАУ. АҚША НАРЫҒЫ

3.1 Ақша функциялары. Ақша агрегаттары

3.2 Ақшаға деген сұраныс. Ақшаның классикалық сандық теориясы

3.3 Ақшаға деген сұраныстың кейсиандық теориясы. Сұраныс функциясы

3.4 Баумоль – Тобин моделі (үлгісі)

3.5 Ақша нарығындағы тепе-теңдік. LM моделі (үлгісі)

3.6 Ақша сұранысы мен ақша саясатының құралдары. Ақша мультипликаторы

Сұрақтар мен тапсырмалар



4 ТАРАУ. «IS – LM» МОДЕЛІ (ҮЛГІСІ) ЖӘНЕ ЖИЫНТЫҚ СҰРАНЫС

4.1 Тауар және ақша нарықтарындағы тепе-теңдік. «IS – LM» моделі (үлгісі). Жиынтық сұраныс қисық сызығын шығару

4.2 Жабық экономикадағы жиынтық сұранысқа макроэкономикалық саясатының әсері

Сұрақтар мен тапсырмалар


5 ТАРАУ. ЖИЫНТЫҚ ҰСЫНЫС. АD – AS МОДЕЛІ (ҮЛГІСІ)

5.1 Өндіріс фактолары. Өндірістік функция

5.2 Еңбек нарығы. Еңбекке сұраныс және шығару ұсынысының функциясы

5.3 Жабық экономикадағы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдер үшін жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігі

Сұрақтар мен тапсырмалар
6 ТАРАУ. АШЫҚ ЭКОНОМИКА

6.1 Ашық экономика: түсінігі, түрлері

6.2 Төлем балансы: ағымдағы операциялар шоты, капитал қозғалысының шоты және ресми қорлар шоты

6.3 Валюталық бағам. Сатып алу мүмкіншілігінің тепе-теңдігі

6.4 Ашық экономикада жиынтық сұранысты анықтау

6.5 IS – LM моделі ашық экономика үшін. Айырбас бағамының IS – LM қисық сызықтардың жағдайына тигізетін әсері.

Сұрақтар мен тапсырмалар
7 ТАРАУ. АЙЫРБАС БАҒАМЫНЫҢ ТӘРТІПТЕРІ ЖӘНЕ ЖИЫНТЫҚ СҰРАНЫС

7.1 Кесімді, белгіленген валюталық бағам және капиталдың ұтқырлық жағдайында ашық экономикадағы макроэкономикалық саясат

7.2 Капитал қозғалысын реттеу жағдайларында ашық экономикадағы макроэкономикалық саясат

7.3 Өзгермелі, құбылмалы валюталық бағамы бар үлкен ашық экономика. Ел ішінде және шетелде өткізілетін макроэкономикалық саясаттың тепе-теңдігіне ықпалы

Сұрақтар мен тапсырмалар
8 ТАРАУ. ИНФЛЯЦИЯ ЖӘНЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ

8.1 Инфляция және ұсыныс «талдырулары». Нақты жалақы және жұмыссыздық деңгейі. Оукен заңы.

8.2 Филлинс қисық сызығы

8.3 Инфляциялық күтулер. Өзгерген Филлинс қисық сызығы

8.4 Ашық экономикадағы инфляциямен күрес. Инфляция шығындары. Сенім кредиті

Сұрақтар мен тапсырмалар


9 ТАРАУ. БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯ

9.1 Бюджет тапшылығы және оны қаржыландыру тәсілдері

9.2 Лаффер қисық сызығы

9.3 Кесімді, белгіленген және өзгермелі, құбылмалы валюталық бағамдардағы бюджет тапшылығы. Төлем балансының дағдарысы

9.4 Инфляциялық салық және сеньораж. Инфляциялық салық үшін Лаффер қисық сызығы

Сұрақтар мен тапсырмалар


10 ТАРАУ. ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ

10.1 Қазіргі замаңғы экономикалық өсудің алғышарттары мен сипаттары

10.2 Экономикалық өсудің негіздері (көздері) өсудің факторлық моделі (үлгісі)

10.3 Экономикалық өсудің Солоу моделі

10.4 Халықтың өсу қарқыны экономикалық өсу факторы ретінде. Солоу моделіне технологиялық өзгерістердің әсері

10.5 Ашық экономикадағы экономикалық өсу

10.6 Ашық экономика және экономикалық конвергенция (жақындасу, бірігу жолымен даму)

Сұрақтар мен тапсырмалар



ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ







КІРІСПЕ
Қазіргі замаңғы жағдайларда экономикалық ғылымының рөлі маңызды екені бәріне де мәлім. Экономиканы өзгерту тәжірибесі, нарық байланыстары мен қатынастарына нәтижелі көшуін іске асыруы, экономиканың дүниежүзілік шаруашылық жүйесіне енуін қамтамсыз етуі осы үдеріс қатысушыларының экономикалық білімдеріне жоғары талап қояды.

Аталмыш оқу құралы макроэкономикалық теорияның көптеген сұрақтарын қарауға бағытталған. Ол макроэкономикадағы қазіргі замаңғы жетістіктер жөнінде толық мәлімет береді, сол себептен колледждер ЖОО, студенттеріне, мемлекеттік басқару аясының мамандарына, кәсіпкерлерге және макроэкономикалық мәселелерге қызығушылық білдіретіндерге пайдалы. Оқу құралы материалды баяндау қисынымен, дәйектілігімен ерекшеленеді. Құрал 10 тараудан тұрады 1 тарауда бірқатар макроэкономикалық түсініктер, солардың ішінде макроэкономикада экономикалық қызметтің нәтижелерін бағалайтын көрсеткіштерді өлшеу қағидалары, тасқындар мен қорлар араларындағы айырмашылықтары, экономикалық модельдер берілген. Бұл түсініктердің теорияны ары қарай зерделеу үшін маңызы зор. 2-5 тараулар жиынтық сұраныс пен ұсыныстың, макроэкономикалық тепе-теңдіктің, игіліктер нарығындағы тепе-теңдіктің, ақша нарығындағы тепе-теңдіктің, IS – LM моделінің (үлгісінің) негізгі көзқарастарына арналған. Ақшаның рөлі және ақша саясатының экономикаға тигізетін әсері (ықпалы) қаралады. Ақша көлемінің өзгерістері инфляцияның пайда болуында басты рөл атқарып, көптеген елдердегі бюджеттік қаржыландыру үшін маңызды. 6-7 тарауларда ашық типті экономикадағы макроэкономикалық саясатқа назар аударылған, себебі дүниежүзінің барлық елдері әр дәрежеде халықаралық сауда үшін ашық. Осындай ашықтықтың экономикалық саясат нәтижелеріне үлкен ықпал бар. 8-9 тарауларда «инфляция-жұмыссыздық» диллемасы, (макроэкономикалық саясаттың ең күрделі мәселесі – инфляция мен жұмыссыздықтың бір уақытта реттеу қажеттілігі бәріне мәлім) және бюджет пен инфляция тапшылығы мәселелері көтеріледі. Мұнда жұмыссыздық пен инфляцияға қарсы саясаты араларындағы байланыстар талданады. Соңғы тарауда қазіргі замаңғы экономикалық өсудің алғышарттары мен сипаттары, өсудің факторлық үлгісі арқылы экономикалық өсу көздері және Солоу өсу моделі (үлгісі). Бұл тарауда ашық экономикадағы экономикалық өсумен байланысты әртүрлі аспектілер көрініс тапты. Оқулықтың шектелген көлемі типтік бағдарламаға енгізілген макроэкономика курсының сұрақтарын тыңғылықты қарастыруға мүмкіндік бермейді. Келтірілген материалды шектес экономикалық пәндердегі макроүдерістерді тереңдетіп зерделеумен және студенттердің өзіндік жұмыстарымен толықтыруға болады.



1 ТАРАУ. МАКРОЭКОНОМИКА ПӘНІ. ҰЛТТЫҚ ШОТТАР ЖҮЙЕСІ
1.1 Макроэкономика пәні

Микроэкономика сияқты, макроэкономика да экономика теориясының бөлімі. Грек тілінен аударғанда: «макро» – үлкен, «микро» – кішкентай, кішкене, «экономика» – шаруашылықты жүргізу. Сонымен, макроэкономика – тұтастай экономиканың немесе оның ірі жиынтықтарының (агрегаттарының) тәртібін зерделейтін ғылым.

«Макроэкономика» терминін ең алғашқы болып 1933 жылы белгілі норвегиялық ғалым – экономист-математик, эконометриканың негізін салушыларының бірі, Нобель сыйлығының лауреаты Рагнар Фриш қолданды. Бірақ қазіргі макроэкономикалық теория атақты ағылшын экономист, Кембридж мектебінің өкілі, лорд Джон Мейнард Кейнстің басты (іргелі) еңбегінен басталады. 1936 жылы оның «Жұмыстылықтың, пайыздың және ақшаның жалпы теориясы» деп аталатын кітабы жарық көрді. Онда Кейнс макроэкономикалық талдаудың негізін қалады. Кейнс еңбегінің маңызы өте зор, тіпті экономикалық әдебиетте «Кейнсиандық төңкерісі» деген термин, кейнсиандық макроэкономикалық модель (үлгі) пайда болды. Оның алдындағы – микроэкономикалық талдау (классикалық модель, үлгі) Микроэкономика жеке шаруашылық жүргізетін субъектілердің (тұтынушы немесе өндіруші) жеке нарықтағы экономикалық тәртіптерін (мінез-құлықтарын) зерделейді, ал макроэкономика экономиканы біртұтас ретінде зерделеп, барлық экономика үшін ортақ жалпы мәселелерді зерттейді. Макроэкономика жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс, жиынтық сұраныс, жиынтық сұраныс, жиынтық тұтыну, инвестициялар, бағалардың жалпы деңгейі, жұмыссыздық деңгейі, мемлекеттік қарыз деген жиынтық шамаларды қолданады. Макроэкономиканың негізгі мәселелері: экономикалық өсу және оның қарқындары; экономикалық цикл және оның себептері; жұмыстылық деңгейі мен жұмыссыздық мәселесі; бағалардың жалпы деңгейі мен инфляция мәселесі; пайыз мөлшерінің деңгейі мен ақша айналымының мәселелері; мемлекеттік бюджеттің жағдайы; бюджеттік тапшылығын қаржыландыру мәселесі мен мемлекеттік қарыз мәселесі; төлем балансының жағдайы мен валюталық бағам мәселелері; макроэкономикалық саясаттың мәселелері.

Барлық осы мәселелер макроэкономикалық талдау тұрғыларынан, яғни жеке тұтынушы, жеке фирма, тіпті жеке сала деңгейінде шешілмейді. Осындай бірқатар жалпы – немесе макроэкономикалық мәселелердің болуына байланысты экономика теориясының жеке бөлімі, жеке пәні – макроэкономиканың пайда болу қажеттілігі туды (туындады). Макроэкономиканы зерделеудің маңыздылығы:



  1. ол макроэкономикалық құбылыстар мен үдерістерді жай ғана баяндамай, олардың араларындағы заңдылықтар мен тәуелділіктерді тауып, экономикадағы себеп-салдар байланыстарды зерттейді.

  2. макроэкономикалық тәуелділіктер мен байланыстарды білу арқылы экономикадағы жағдайды бағалап, оны жақсарту үшін не істеу керегін көрсету, ең алдымен саяси қайраткерлердің іс-қимылдары, яғни экономикалық саясатының қағидаларын әзірлеуге мүмкіндік береді.

  3. макроэкономиканы білу арқылы келешекте үдерістердің дамуын болжауға, яғни болашақ экономикалық мәселелерді көріп, болжам жасауға болады.

Макроэкономикалық талдаудың 2 түрін айырады: ex post талдауы және ex ante талдауы. Макроэкономикалық талдау ex post немесе ұлттық есеп жүргізушілік, яғни статистикалық мәліметтер талдауы экономикалық қызметтің нәтижелерін бағалауға, мәселелер мен жағымсыз құбылыстарды тауып шығаруға, оларды шешу мен жеңу бойынша экономикалық саясатты әзірлеуге, әр елдердің экономикалық әлеуетінің салыстырмалы талдауын өткізуге мүмкіндік береді. Макроэкономикалық талдау ex ante, яғни белгіленген теориялық тұжырымдамалардың негізіндегі экономикалық үдерістер мен құбылыстардың болжамдық модельдеуі. Бұл экономикалық үдерістердің даму заңдылықтарын анықтап, экономикалық құбылыстар мен ауыспалылар арасындағы себеп салдар байланыстарын табуға мүмкіндік береді. Осы ғылым ретіндегі макроэкономика.
1.2 Макроэкономикалық талдаудың әдістері мен қағидалары
Өз талдауында макроэкономика микроэкономикада пайдаланатын әдістер мен қағидаларды қолданады. Экономикалық талдаудың осындай жалпы әдістері мен қағидаларына жатады: ойша жіктеу (экономикалық үдерістер мен құбылыстарды зерттеп түсіндіру үшін үлгілерді пайдалану); дедукция мен индукцияны үйлестіру; нормативтік және позитивтік талдауды үйлестіру; «басқа да тең жағдайларда» қағидасын пайдалану; экономикалық агенттер мінез-құлқының (іс-әрекеттерінің) оңтайлылығы, тиімділігі жөніндегі болжам және т.б.

Макроэкономикалық талдаудың ерекшелігі – оның ең маңызды қағидасы ретінде ойша жіктеу болып келеді. Тұтастай экономика деңгейінде экономикалық тәуелділіктер мен заңдылықтардың зерделуі мүмкін, егер жиынтықтарды немесе агрегаттарды қарастырса. Макроэкономикалық талдау агрегаттауды талап етеді. Агрегаттау – ол жеке элементтердің біртұтас, агрегатқа, жиынтыққа бірігуі. Агрегаттау әрқашан ойша жіктеуге негізделеді, яғни экономикалық үдерістер мен құбылыстардың ең маңызды қасиеттерін, заңдылықтарын көрсетеді. Агрегаттау макроэкономикалық агенттерді, макроэкономикалық нарықтарды, макроэкономикалық өзара қатынастарды, макроэкономикалық көрсеткіштерді атап айтуға мүмкіндік береді. Экономикалық агенттер мінез-құлқының типтік қасиеттерін табуға негізделген агреттау 4 макроэкономикалық агентті атап көрсету мүмкіндігін қамтамасыз етеді:



  1. үй шаруашылықтары

  2. фирмалар

  3. мемлекет

  4. шетел секторы

1) Үй шаруашылықтары – ол жеке, тиімді, оңтайлы жұмыс жасайтын агент, оның экономикалық қызметінің мақсаты – ең жоғары пайдалыққа жету. Олар: а) экономикалық қорлардың (еңбектің, жердің, капиталдың және кәсіпкерлік қабілеттіліктердің) иесі болып келеді. Экономикалық қорларды сатып, үй шаруашылықтары табыс табады, олардың көбін тұтынуға (тұтыну шығындарға) ұстап, сол себептен олар: б) тауарлар мен қызметтердің негізгі сатушысы болып келеді. Табыстың қалған бөлігін үй шаруашылықтары сақтайды, сондықтан олар: в) негізгі сақтаушы немесе несие беруші (кредитор) болып келеді, яғни экономикада несие қаражаттарының ұсынысын қамтамасыз етеді.

2) Фирмалар жеке дербес, оңтайлы әрекеттегі макроэкономикалық агент, оның экономикалық қызметінің мақсаты – пайданың өсуі. Фирмалар: а) өндіріс үдерісін қамтамасыз ететін экономикалық қорлардың сатып алушысы ретінде; б) экономикада тауарлар мен қызметтердің негізгі өндірушісі болып келеді. Өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтерді сатудан алынған түсімді фирмалар үй шаруашылықтарына факторлық табыстар түрінде төлейді. Өндіріс үдерісін кеңейтіп, капиталдың қорын өсіруге және капиталдың тозуының, ескіруінің орнын толтыруын қамтамасыз ету үшін инвестициялық тауарлар қажет (бірінші кезекте, жабдық), сондықтан фирмалар; в) инвестолар, яғни инвестициялық тауарлар мен қызметтердің сатып алушылары болып табылады. Әдетте фирмалар өз инвестициялық шығындарын қаржыландыру үшін қаржы құралдарын пайдаланады, яғни олар; г) экономикадағы негізгі қарыз алушы болып келеді, өйткені несие құралдарына сұраныс береді.




Үй шаруашылықтары мен фирмалар экономиканың жеке секторын (бөлігін) құрайды

3) Мемлекет – экономиканы реттеуге, экономикалық процестер (үдерістер) барысына әсер ету саяси және заң құқығы бар мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар жиынтығы. Мемлекет – ол дербес (жеке), оңтайлы әрекеттегі макроэкономикалық агент, оның негізгі міндеті – нарықтың сәтсіздікке ұшырауын болдырмау және қоғамдық игілігін жоғарлату – сондықтан ол: а) қоғамдық игіліктердің өндірушісі; б) өзінің көптеген міндеттерін атқару үшін және мемлекеттік секторының (бөлігінің) қызметін қамтамасыз ету үшін тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алушысы ретінде табылады; в) ұлттық табыстың (салықтар мен трансферттер жүйесі арқылы) қайта үйлестірушісі; г) мемлекеттік бюджеттің жағдайына байланысты – қаржы нарығында қарыз, несие беруші немесе қарыз алушы. Бұдан басқа мемлекет; д) нарық экономикасы қызметінің реттеушісі мен ұйымдастырушысы болып табылады. Ол экономика қызметінің институционал негіздерін (заңнамалық базасы, қауіпсіздік жүйесі, салық салу жүйесі, сақтандыру жүйесі және т.б.) құрып, қамтамасыз етеді, яғни «ойын ережелерін» әзірлейді; елде ұсынысын қамтамасыз етіп, бақылайды, себебі ақша эмиссиясына (ақшаның шығарылуы мен айналымына) монополиялық құқығына ие, макроэкономикалық саясатын өткізеді. Макроэкономикалық саясат бөлінеді:

- экономикалық өсуді қамтамасыз ететін құрылымдық

- экономиканың мерзімдік құбылуларын (тұрақсыздануын) басуға, ресурстардың жұмыспен толық қамтылуына, бағалардың тұрақты деңгейін және сыртқы экономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған конъюктуралық (тұрақтандыру) саясатына.

Тұрақтандыру саясатының негізгі түрлері:

а) Фискалдық (немесе бюджеттік-салықтық) саясат

б) монстарлық (немесе ақша-несиелік) саясат

в) сыртқы экономикалық саясат

г) табыстар саясаты



Жеке және мемлекеттік сектор (бөлік) жабық экономиканы құрайды

4) Шетелдік сектор (бөлік) – дүниежүзінің барлық басқа елдерін біріктіріп, жеке оңтайлы әрекеттегі (қызмет жасайтын) макроэкономикалық агент. Ол осы елмен келесілер арқылы өзара әрекеттестікті іске асырады:

а) халықаралық сауда арқылы (тауарлар мен қызметтердің экспорты мен импорты);

б) капиталдардың ауысуымен (капиталдың экспорты мен импорты, яғни қаржы активтердің).

Талдауға шетел секторының (бөлігінің) қосылуы ашық экономиканы алуға мүмкіндік береді. Нарықтардың агрегаттауы әрқайсысының қызмет атқару заңдылықтарын табу, атап айтқанда – нарықтың әр қайсысына сұраныс пен ұсыныстың қалыптасу ерекшеліктерін, олардың тепе-теңдік жағдайларын зерттеу, сұраныс пен ұсыныс ара қатынастарының негізінде тепе-теңдік баға мен тепе-теңдік көлемді анықтау, әр нарықтағы тепе-теңдіктің өзгеру салдарын талдау мақсатымен өткізіледі.

Нарықтардың агреттауы 4 макроэкономикалық нарықты айыруға мүмкіндік береді:


  1. тауарлар мен қызметтер нарығы (шынайы нарық)

  2. қаржы нарығы (қаржы активтер нарығы)

  3. экономикалық ресурстар (қорлар) нарығы

  4. валюталық нарық


1.3 Макроэкономикалық үлгілер, олардың түрлері мен көрсеткіштері
Модельдеу мен дерексіздендіру (абстракциялау), ойша жіктеу макроэкономикалық талдаудың негізгі әдісі болып табылады. барлық макроэкономикалық үдерістер модельдерді (үлгілерді) салу негізінде зерделенеді. Макроэкономикалық модельдер араларындағы негізгі өзара қатынастарды табу мақсатымен экономикалық үдерістер мен құбылыстардың графикалық немесе алгебралық баяндалуы. Модельді салу үшін әр зерттелетін құбылыстың ең маңызды сипаттарын айырып, мәні, маңызы аз құбылыстар мен факторлардан дерексіздену қажет. Сонымен, модель (үлгі) дүниенің, шындықтың қарапайым көрінісі, ол экономикалық үдерістер дамуының негізгі заңдылықтарын тауып, экономикалық өсу, инфляция, жұмыссыздық сияқты күрделі макроэкономикалық мәселелердің шешу нұсқаларын әзірлеуге мүмкіндік беретін жеңіл түріндегі көрініс болып келеді. Макроэкономикалық модельдердің түрлері көп: функциялар, графиктер, сызбалар мен кестелер, олар макроэкономикалық шамалар араларындағы, экономикалық құбылыстар араларындағы, экономикалық құбылыстар араларындағы себеп – салдар байланыстарын түсінуге мүмкіндік береді. Макроэкономикада функциялардың әр түрлерін айырады.

а) іс-қимылдық олар экономикалық агенттердің мінез-құлқын, жүріс-тұрысын сипаттайды (мысалы, тұтыну функциясы): ,

мұнда a – табыс деңгейінен тәуелсіз жеке тұтыну;

(V - T) – қолдағы табыс;

b – іс-қимылдық коэффициент, ол тұтынуға шекті бейімділік деп аталады да қолдағы табыс шамасының бірлікке өзгеруіндегі тұтыну шамасының өзгеруін көрсетеді.

б) технологиялық, олар өндіріс технологиясын баяндайды (мысалы, өндірістік функция): ,

мұнда Y- жиынтық шығарудың шамасы, ол капитал қоры (К) және еңбек қорымен (L) анықталады, яғни негізгі экономикалық ресурстардың (қорлардың) санымен.

в) институционалдық, олар институционалдық факторлардың (мемлекеттік басқару параметрлерінің) макроэкономикалық шамаларға жасайтын ықпалын көрсетеді, мысалы, салықтар функциясы: ,

мұнда Т – салық түсімдерінің шамасы,

- табыс деңгейінен тәуелсіз ерікті салықтар,

t – салық мөлшері,

Y- жиынтық табыс деңгейі (шығару);

г) дефинициондық, олар кез келген макроэкономикалық шаманың анықтауын көрсетеді (мысалы, жиынтық сұраныс функциясы, анықтау бойынша, ол барлық макроэкономикалық агенттер сұранысының сомасы):

мұнда С – үй шаруашылықтардың сұранысы (тұтыну шығындары),

I – фирмалар сұранысы (инвестициялық шығындар),

G – мемлекет сұранысы (тауарлар мен қызметтердің мемлекеттік сатып алулары) мен

Xn – шетел секторының сұранысы (таза экспорт).

Барлық функцияларды графиктер мен кестелер түрінде көрсетуге болады. Модельдерге (үлгілерге) көрсеткіштердің 2 түрі кіреді: экзогенді және эндогенді.

Экзогенді шамалар – ол сырттан берілетін, үлгіден тыс қалыптасатын көрсеткіштер. Экзогенді шамалар тәуелсіз болып келеді. Эндогенді шамалар – үлгінің ішінде қалыптасатын көрсеткіштер.

Э
Үлгі
кзогенді эндогенді

ауыспалы ауыспалы

Сурет 1.1
Үлгі экзогенді шамалардың (сыртқы күш, қозғалу) өзгеруі эндогенді шамалардың өзгеруіне әсер етуін көрсетуге мүмкіндік береді (Сурет 1.1). мысалы егер тұтыну функциясының түрі С=C (Yd,W) болса,

мұнда С-жиынтық тұтыну шығындардың шамасы,

Yd-қолдағы табыс және

W-байлық


онда Yd және W – экзогенді шамалар, ал С – эндогенді болып табылады. Бұл үлгі қолдағы табыстың немесе байлықтың өзгеруі тұтыну шығындар шамасын қалай өзгертетінін талдауға мүмкіндік береді. Сонымен, тұтыну тәуелді шама ретінде (функция), ал қолдағы табыс пен байлық шамасы – тәуелсіз шамалар (функцияның негізі) ретінде саналады. Әр түрлі үлгілерде бір шаманың эндогенді де, экзогенді де болуы мүмкін. Солай, тұтыну үлгісіндегі тұтыну шығындары (С) эндогенді (тәуелді) шама ретінде, ал жиынтық сұраныс үлгісінде тұтыну шығындары (С) экзогенді (тәуелсіз) шама, яғни ауыспалы болып келеді, ол жиынтық шығару мен жиынтық табыстың шамасын анықтайды. Бұған мемлекеттік басқарудың ауыспалылары жатпайды, олар, әдетте, экзогенді болып келеді. Мысалы: тауарлар мен қызметтердің мемлекеттік сатып алулары, аккордты салықтар, салық мөлшерлері, трансферттердің шамасы, пайыздың есептеу мөлшері, міндетті резервтер (қорлар) нормалары, ақша базасы. Ауыспалылардан басқа, үлгілерге параметрлер мен константалар кіреді. Олар тұтынуға деген шекті бейімділік, сақтауға шекті бейімділік, депозит ретінде енгізу нормасы, артылып қалған резервтер (қорлар) нормасы және икемділік көрсеткіштері, мысалы, инвестициялардың (қаржы салымының) пайыз мөлшерінің өзгеруіне икемділігі, табыстың өзгеруіне ақшаға деген сұраныс икемділігі, капитал ұтқырлығының дәрежесі және т.б.

Макроэкономикалық ауыспалылардың маңызды ерекшелігі – олардың 2 топқа бөлінуі: ағындар көрсеткіштері мен қорлар көрсеткіштері. Ағын – ол белгіленген мерзім ішіндегі сан. Макроэкономикада уақыт бірлігі ретінде жыл саналады. Ағындар көрсеткіштеріне жатады: жиынтық шығару, жиынтық табыс, тұтыну, инвестициялар, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, жұмыссыздардың саны, экспорт, импорт және басқалар, олар жыл сайын есептеседі. Қор – уақыттың белгіленген сәтіне келетін сан, яғни белгіленген уақытқа (мысалы, 2000 жылдың 1 қаңтарына). Қорлардың көрсеткіштеріне жатады; ұлттық байлық, жеке байлық, капитал қоры, жұмыссыздардың саны, өндірістік әлеует, мүмкіндік, мемлекеттік қарыз және т.б. Макроэкономикалық көрсеткіштер абсолюттік және салыстырмалы деп бөлінеді. Абсолюттік көрсеткіштер ақша (құндық) түрінде (бұған адам санымен өлшенетін жұмыссыздар санының көрсеткіштері енбейді), ал салыстырмалы – пайыздарда немесе салыстырмалы шамаларда өлшенеді. Салыстырмалы көрсеткіштерге жұмыссыздық деңгейі, дефлятор (бағалардың жалпы деңгейі), инфляция қарқыны, экономикалық өсу қарқыны, пайыз мөлшері, салық мөлшері және т.б. кіреді.

Тұрақты тепе-теңдік тұрақсыз тепе-теңдік бейтарап

Сурет 1.2 Тепе-теңдіктердің түрлері

Макроэкономикада тепе-теңдік жағдайларды зерделеудің зор маңызы бар. Тепе-теңдіктің 3 түрін айырады: тұрақты, тұрақсыз және бейтарап (сурет 1.2). Жүйедегі тепе-теңдік тұрақты деп саналады, егер тепе-теңдік жағдайдан шығарылып, жүйе өз бетімен оған қайтакелсе, тұрақсыз – орнына қайтпаса және бейтарап – жүйе алғашқы жағдайына келе ме, жоқ па – анық айтуға болмаса. Макроэкономикалық үлгілерде уақыт факторының маңызы зор. Талдауда осы фактор қалай есептелуіне байланысты макроэкономикалық үлгілердің 3 түрін айырады: статикалық, салыстырмалы статиканың және динамикалық. Статикалық модельдер уақыттың белгіленген сәтіндегі экономикалық ахуалды сипаттайды. Салыстырмалы статика модельдері экономикалық жүйенің бір тепе-теңдік жағдайдан екінші жағдайға көшу нәтижесін көрсетеді, бірақ, бұл көшудің қалай болатындығын зерттемейді. Бұл процестің (үдерістің) механизмі динамикалық үлгілерде зерделенеді. Динамикалық үлгілерде дисконттау қағидасы маңызды рөл атқарады, яғни болашақ табыстардың құнын қазіргі мерзімге келтіру (PV). Дисконттау әдісі инвестициялық жобалардың қаржыландыруына қаржыларды салу нәтижелілігін анықтауында, құнды қағаздарды сатып алғанда, тұтынудың уақытаралық таңдауында пайдаланады. Дисконтталған құн мына формула бойынша есептеледі:



мұнда х1, х2...хn – әр болашақ кезеңдерінде экономикалық агент ұйғаратын (болжайтын) табыстар (біріншіден n - дейін),

r – дисконт нормасы, макроэкономикалық үлгілерде ол пайыз мөлшеріне тең. Пайыз мөлшерінің макроэкономикалық мәні: ақшаны басқаша пайдаланудың баламалы шығалары (шығындары).
1.4 ЖІӨ, ЖҰО және ҰШЖ басқа көрсеткіштері
Қазіргі замаңғы экономиканың санаты – жаһандану. Халықаралық экономикалық бірлестіктердің пайда болуы және дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуы экономикалық терминологияны, экономикалық қызметі мен экономикалық көрсеткіштерді есепке алу ережелерін жаңартуға себеп болды. осыған байланысты ХХ ғасырдың ортасында халықаралық ұйымдар ұлттық есептер Жүйесі (ҰЕЖ) құрылды.

ҰЕЖ – ұлттық және халықаралық деңгейде пайдаланатын бірыңғай экономикалық терминдер, жүйелер және есепке алу ережелерінің жиыны.

ҰЕЖ келесі міндеттерді атқарады:


  • макроэкономикалық есептілік үшін, ағымдағы макроэкономикалық ахуалды талдау үшін және болжауларды, негіздеу үшін дерекқор мәліметтерін жинақтайды;

  • әр елде экономиканың жағдайын және қызмет нәтижелерін салыстырып, аналитикалық ақпарат береді;

  • елдердің, аймақтардың және халықаралық экономикалық бірлестіктердің ағымдағы экономикалық саясатын, белгіленген экономикалық стратегияны (түбегейлі жоспарды) іске асыру үшін мәліметтер көзі болып табылады.

Экономикалық қызмет нәтижелерін бағалайтын негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер: жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) және жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ). Жалпы ішкі өнім уақыттың белгіленген мерзімінде сол елдің резиденттері өндірген соңғы өнім құнын өлшейді (есептейді). Соңғы тауарлар мен қызметтер ретінде тек қана тікелей тұтынатын (ары қарай қайта сату үшін емес) тауарлар мен қызметтер саналады. Жалпы ішкі өнімге (ЖІӨ) өндіріс процесінде (үдерісінде) шығындалған (отын, шикізат, көлік қызметі және т.б.) аралық (шыққан) тауарлар мен қызметтердің құны кірмейді. ЖІӨ анықтауындағы «жалпы», «валдық» деген термин ЖІӨ есептегенде оның құнынан негізгі капиталдың тұтынуы алынбайтынын білдіреді.

ЖІӨ ішкі өнім болып саналады, себебі осы елдің резиденттерімен өндіріледі. Бір елдің экономикалық аумағында экономикалық мүддесінің орталығы бар, олардың ұлтынан тәуелсіз барлық экономикалық бірліктер (кәсіпорындар, үй шаруашылықтары) резиденттер болып саналады.

ЖІӨ өлшеудің 3 тәсілі бар:


  • қосымша құн бойынша (өндірістік әдіс)

  • шығындар бойынша (соңғы пайдалану әдісі)

  • табыстар бойынша (бөлу, үлестіру әдісі)

ЖІӨ өндірістік әдіспен есептегенде соңғы өнім өндірісінің әр сатысында қосылған құн сомаланады (қосылады). Ол шаруашылық қызметтің әр қатысушысының үлесін көрсетеді.

Қосымша құн – ол барлық фирмалар өнімдерінің нарықтық бағасы, өнімнің өндірісіне осы фирмалармен сатып алып шығындалған шикізат пен қосымша материалдың құнын санамағанда. Қосымша құн осы кәсіпорын қызметкерінің еңбегімен атқарылған жұмыстар құнының көрсеткіші болып келеді.

Елдің барлық экономикасымен шығарылған (құрылған) қосымша құндардың жалпы сомасы – барлық өндірілген тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны. Шығындар бойынша ЖІӨ есептегенде үй шаруашылықтардың, мемлекеттің тауарлары мен қызметтерінің түпкілікті тұтынуына, валдық (жалпы) инвестицияларға, таза экспортқа шығындар жинақталады. Жинақталған шығындарды бірнеше құрамдас бөлікке бөлуге болады:



,

мұнда С – тауарлар мен қызметтерді сатып алуға елдің тұтыну шығындары, бірақ оларға үй-жай сатып алуға кететін шығындар кірмейді.

І – валдық, жалпы инвестициялар, оларға өндірістік капитал жұмсау немесе негізгі өндірістік қорларға инвестициялар, тұрғын үй құрылысына инвестициялар, қорларға салынған инвестициялар кіреді. Валдық (жалпы) инвестицияларды таза инвестициялар мен амортизациялардың сомасы ретінде көрсетуге болады.

G – тауарлар мен қызметтердің мемлекетік сатып алулары – мысалы, құрылысқа кететін шығындар, мектептерді, жолдарды, армияны, мемлекеттік басқару аппаратын ұстауға кететін шығындар.

Xn – экспорт пен импорттың айырымы ретінде есептелетін шетелге жіберілетін тауарлар мен қызметтердің таза экспорты.

Табыстар бойынша ЖІӨ есептелуі факторлы табыстардың барлық түрлерінің (жалақы, сыйақылар, пайдалар, пайыздар, рента табыстары) және амортизация мен бизнеске таза жанама салықтар жиынтығымен іске асырылады.

ҰШЖ (ұлттық шоттар жүйесі) шығын шығыс бөлігіне табыс бөлігіне тең болуы тиіс: осы жылдың өнім өндірісінен алынған ақша табысы осы жылы өндірілген тауарлар мен қызметтердің сатып алуына жұмсалған шығындар көлеміне тең, немесе:

Бұл теңеу негізгі макроэкономикалық үйлестік деп аталады.

Валдық (жалпы) ұлттық өнім (ЖҰӨ) – белгіленген мерзім ішінде осы елдің тұрғындары алған табыстың жиынтық бағалауы, ол ЖІӨ (жалпы, валдық өнімге) жақын. Тауар мен капиталдың сыртқы ағындары жоқ жағдайындағы жабық экономикада ЖІӨ мен ЖҰӨ шамалары тең. Бірақ, нақты алғанда, ел ішінде өндірілген өнімнің белгіленген бөлігі шетел азаматтарының иелігінде, ал шетел өнімдерінің қайсыбір бөлігі осы ел азаматтарының иелігінде. Сондықтан, қазіргі барлық экономикалардың ЖІӨ мен ЖҰӨ айырмашылықтары бар, кейбір елдер үшін бұл айырмашылық аз ғана шаманы құрайды. Кез келген экономикада өндіріс факторларының кей бөлігі шетел азаматтарының иелігінде болғандықтан табыстың белгіленген бөлігі солардың меншігінде. Оны шетел жұмыскерлердің немесе негізгі капиталдың қайсыбір иелерінің мысалында оңай көруге болады. Сонымен бірге осы ел тұрғындары өз табысының жартысын шетелден алуы мүмкін, егер олар шетелде жұмыс істесе немесе шетел компанияларының акцияларына ие болса.

Осы табыстарды нақты кім тапқанына байланыссыз ЖІӨ ұлттық шекара шеңберінде өндіріс факторларымен тапқан табыстардың көлемін көрсетеді. ЖҰӨ – ол қай экономикада (ұлттық немесе шетел) алынғанына байланыссыз осы ел тұрғындарының табыстары.

Келесі көрсеткіш – ол таза ұлттық өнім (ТҰӨ).

ТҰӨ = ЖІӨ - амортизациялық ақша аударулар

ТҰӨ халықтың тұтынуына және жеке инвестицияларға кететін ЖІӨ құнын шамасын көрсетеді. ТҰӨ жанама салықтар кіреді, оның ішінде акциздер мен кеден баждары. Егер ТҰӨ жалпы көлемінен жанама салықтарды алып тастасақ, алынған сома ұлттық табыстың (ҰТ) шамасы болады.



ҰТ= ТҰӨ - жанама салықтар

ҰТ өндіріс факторлар иелері табыс түрінде алатын ЖІӨ құнының бөлігін көрсетеді:

жер иелері – рента түрінде

капитал иелері – фирмалардың табысы түрінде

жұмыс күші иелері – жалақы түрінде

Өндіріс факторларының иелері тапқан қаражаттарының бәрін де жеке тұтыну мен жинақтарға кетіре алмайды. Жеке табысты (ЖТ) анықтау үшін ҰТ алу қажет:



  • азаматтардың әлеуметтік сақтандыруына жарналарды

  • мемлекеттік кәсіпорындар мен жеке фирмалардың табысына салықтарды

  • олардың шоттарында қалған кәсіпорындар мен фирмалардың пайдалары.

Және қосу:

  • дивиденттерді

  • трансферт төлемдерін

  • алынған пайыздарды

Егер ЖТ азаматтар төлейтін жеке салықтарды алып тастасақ, тұтыну мен жинақтарға ұсталатын жеке табысты аламыз.

Тұтыну (С) – бұл ЖІӨ маңызды құрастырушысы. Ұзақ мерзімді келешекте ЖІӨ және тұтыну шығындарының өзгеруі бірдей, алайда қысқа мерзімді кезеңде тұтыну шығындары ЖІӨ қарағанда, аз дәрежеде құбылады, себебі олар негізінде қолдағы табыстан тәуелді. Ал қолдағы табыс ЖІӨ сәйкес келмейді. Мысалы салықтар мен трансферттер (қолдағы табысқа кіретін) құлдырау және даму кезеңдерінде автоматты стабилизатор (тұрақтандырушы) ретінде әрекет жасайды: салықтар құлдырау кезінде төмендейді де, трансферттер өседі, сондықтан қолдағы табыс ЖІӨ сияқты тез азаймайды.

Жинақтар (S) – тұтынуды шығарғаннан кейінгі табыс ретінде анықталады.



Көрсетілген (нақтылы) және шынайы көрсеткіштер. ЖІӨ көрсеткішіне бағалар деңгейінің өзгеруі маңызды ықпал жасайды. ЖІӨ көрсетілген (нақтылы) және шынайы болады. Көрсетілген (нақтылы) ЖІӨ осы ағымдағы жылғы бағаларды өндірілген тауарлар мен қызмет көрсетулердің көлемін көрсетеді. Көрсетілген (нақтылы) ЖІӨ шамасына 2 үдеріс ықпал жасайды (әсер етеді): - өндірістің көлемінің өсуі; - бағалар деңгейінің өсуі.

Шынайы ЖІӨ - ол бағалардың өзгеруін есептей отыра түзетілген нақты ЖІӨ немесе базалық жылдың бағаларында көрсетілген. Базалық деп өлшеу басталатын немесе ЖІӨ салыстырылатын жылды айтады.

Өнімнің миллиондаған әртүрлі және бағалардың әртүрлігі ЖҰӨ дамуын бағалардың немесе көлемдердің өзгеруі анықтайды деген сауалға жауап беруді қиындатады. Осы мәселені шешу үшін бағалар мен өнімдердің адам айтқысыз сандарын жай, қарапайым индекстерге агрегаттау, яғни бірегей көрсеткішке біріктіру қажет. Енді экономикадағы тұтыну шығындардың жиынтық шамасын қарайық. Жиынтық нарық тұтыну шығындары тұтыну тауарлар түрлерінің нарық құндар сомасына тең. Экономикада тұтыну тауарлардың N түрлері бар дейік. Олардың әр қайсысы үшін баға деңгейі Рi және тұтыну көлемі Сi белгіленген. Сонымен, РсС деп белгіленген тұтынудың көрсетілген (нақты) құны тең:

Сонан соң, Рс деп белгіленген тұтыну тауарларға бағалардың барлық түрлерінің орташа шамасын білдіретін бағалар индексін жасап, тұтыну тауарлардың орташа бағасын шығарамыз. Әдетте t жылы үшін Рct индексі мына формуламен шығарылады:



Бұл жағдайда W1, W2, W3…WN салмақтары жеке бағалар маңыздылығының әр деңгейін көрсетеді. Үлкен салмақты бағалардың жиынтық бағалар индексіне әсері зор. W1 салма сомасы 1 тең. Р10, Р20, Р30 және т.б. бағалар нөмірі 0 деп алынған базалық жылдағы тауарлардың бағаларын көрсетеді. Осылай құрылған бағалар индексін кейде тұтыну бағалардың индексі немесе дефляторы деп атайды.

Көрсетілген (нақтылы) және шынайы ЖІӨ өзара байланыстары келесі формуламен білінеді:

ЖІӨ индексі (дефляторы) = көрсетілген ЖІӨ/шынайы ЖІӨ

ИПЦ мен ЖІӨ дефляторы араларындағы айырмашылық келесіде:


  • ЖІӨ дефляторы өзгерілетін тауарлар жинағына есептеліп, Пааше индексі болып келеді, ал ИПЦ тауарлардың өзгермейтін жинағына есептеліп, Ласнейрес индексі деп аталады.

  • ЖІӨ дефляторы экономикада өткізілетін өнімдер және қызмет көрсетудің барлық атаулар тізімі бойынша бағалардың өзгеруін, ал ИПЦ тек қана тұтыну тауарларына бағалардың өсуін, көрсетеді.

  • ЖІӨ дефляторы ұлттық факторлары өндірген өнімдерге бағалардың өзгеруін, ал ИПЦ шетел тауарларға бағалардың өзгеруін көрсетеді.


1.5 Өнімнің, шығындар мен табыстардың айналымы
Экономикалық агенттер мінез-құлықтарының (жүріс-тұрыстарының) ең таралған сипаттарын табу (агенттерді агрегаттау), бірыңғай көрсеткішке біріктіру және экономикалық нарықтар қызметінің ең маңызды заңдылықтарын табу (нарықтарды агрегаттау, бірыңғай көрсеткішке біріктіру) макроэкономикалық өзара қатынастарды агрегаттауға (бірыңғай көрсеткішке біріктіруге) мүмкіндік береді, яғни макроэкономикалық нарықтарда макроэкономикалық агенттердің мінез-құлық заңдылықтарын зерттеуге. Бұл өнімнің, шығындар мен табыстар айналым сызбасын салудың көмегімен жасалады. Алдымен экономиканың 2 секторлы үлгісін қарайық. Ол 2 макроэкономикалық агенттерден – үй шаруашылықтары мен фирмалардан және 2 нарықтан – тауарлар мен қызмет көрсету нарығы мен экономикалық ресурстар (қорлар) нарығынан тұрады. (13 сурет).

Фирмалар өндіретін тауарлар мен қызмет көрсетулерді (ұсынысты қамтамасыз етеді) үй шаруашылықтары сатып алады да (сұранысты қамтамасыз етеді) тауарлар мен қызметтер нарығына апарады. Тауарлар мен қызметтерді өндіру үшін фирмалар экономикалық ресурстарды (қорларды) – еңбекті, жерді, капиталды және кәсіпкерлік қабілеттіліктерді сатып алады (сұраныс ұсынады), яғни экономикалық ресурстарына (қорларына) сұраныс ұсынады, ол экономикалық ресурстарының иелері – үй шаруашылықтары (экономикалық ресурстардың (қорлардың) ұсынысын қамтамасыз етеді). Тауарлар мен қызметтерді сатып алғанда үй шаруашылықтары олар үшін ақша төлейді. Бұл шығындарды тұтыну шығындары деп атайды. Фирмалар өз өнімдерін үй шаруашылықтарына сатып, одан түсім алады. Сол түсімнен фирма үй шаруашылықтарына экономикалық ресурстары үшін төлем жасайды, фирма үшін ол – шығындар, ал үй шаруашылықтары үшін – факторлық табыстар – жалақы (еңбек факторы үшін), пайыз (капитал факторы үшін) төлейді және пайда (кәсіпкерлік қабілеттілік үшін), олардың сомасы ұлттық табысты құрайды. Тапқан (алынған) табыстарды үй шаруашылықтары тауарлар мен қызметтерді сатып алуға жұмсайды (тұтыну шығындары). Табыстар мен шығындар шеңбер бойынша айналады. Әр экономикалық агенттің табысы екінші экономикалық агенттің табысын құра отырып, шығындалады. Жаңағы табыс, өз кезегінде, оның шығындарының негізі болып келеді. Шығындардың көбеюі табыстың өсуіне әкеледі, ал табыстың өсуі шығындардың ары қарай көбеюінің алғышарты. Сондықтан сызбаны айналым үлгісі немесе шеңберлі ағындар үлгісі деп аталады. Материалдық ағындар сағат тіліне қарсы жылжиды, ал ақша ағындары – сағат тілі бойынша. Сұраныс сағат тілі бойынша, ал ұсыныс – сағат тіліне қарсы жылжиды.

Тұтыну шығындары Сатулардан түсім

Тауарлар мен Тауарлар мен

қызметтер қызметтер

Экономикалық Экономикалық

ресурстар ресурстар

табыстар шығындар

Сурет 1.3 Экономикадағы ағындар айналымының диаграммасы
Сызбада көрсетілгендей: 1) әр материалдық ағынның құны ақша ағынның құнына тең; 2) ұлттық өнім ұлттық табысқа тең; 3) жиынтық сұраныс жиынтық ұсынысқа тең; 4) жиынтық табыстар жиынтық шығындарға тең.

Айналымның толық сызбасын талдағанда (сурет 1.4) біз тек қана ақша ағындарын зерттейміз.

Экспорт (Eх) сатудан түскен түсім
Импорт (Im)
Тұтыну инвестициялық

шығындары (С) шығындар (I)

мемлекеттік

сатып алулар (G)


салықтар (Тх) салықтар (Тх)

жәрдемақы-

лар (Тr)

трансферт қарыз (егер бюд

тер (Тr) жеттің тапшылы

ғы болса)

жинақтар (S) инвестициялық

қаражаттар


капитал құйылуы

(егер Im>Ex)

Табыс шығындар

Сурет 1.4 Айналымның толық сызбасы.

Үй шаруашылықтары тиімді болғандықтан, тұтынуға олар табысының бәрін ұстамайды. Табыстың жартысын олар сақтап қояды және де жинақтар табыс әкелуге тиісті. Фирмалар өндірісін қамтамасыз етіп кеңейту үшін қосымша қаражаттарға мұқтаж (несие қаражаттарына). Бұл қаржы нарығының пайда болу қажеттілігін тудырады, онда үй шаруашылықтардың жинақтары фирмалардың инвестициялардың инвестициялық ресурстарына айналады. Бұл 2 жолман іске асырылады: 1) несие үй шаруашылықтары өз жинақтарын қаржы делдарына береді (ең алдымен фирмалар несие алған банктерге); 2) несие үй шаруашылықтары өз жинақтарын фирмалар шығаратын бағалы қағаздарға жұмсайды, сонымен оларды инвестициялық ресурстармен (қорлармен) қамтамасыз етеді.

Бірінші жағдайда үй шаруашылықтары мен фирмалар араларындағы байланыс жаңама түрде – ақша нарығы арқылы, екінші жағдайда – бағалы қағаздар арқылы жүзеге асырылады. Қаржы нарығында алынған қаражаттарды фирмалар инвестициялық тауарларды сатып алуға ұстайды, бірінші кезекте – жабдықтарды. Үй шаруашылықтардың тұтыну шығындары (С) фирмалардың инвестициялық шығындарымен (І) толықтырылады. Мұнда ұлттық табыс рен ұлттық өнімнің тепе-теңдігі сақталады, сондықтан ұлттық табыс пен ұлттық өнім бір әріпнен – Y белгіленеді. Бұл жағдайда ұлттық өнімнің шамасы тепе-теңдік жағдайда жиынтық шығындардың сомасына тең:

Y=E

Экономиканың 2 секторлы үлгісінде жиынтық шығындар (ұлттық өнім) үй шаруашылықтардың тұтыну шығындары (С) мен фирмалардың инвестициялық шығындарынан (І) тұрады:



E=C+I,

Ал ұлттық табыс – тұтынудан (С) және жинақтардан (S):



Y=C+S

Осыдан: C+I = C+S,

Бұл жиынтық шығындар жиынтық табысқа тең екендігін білдіреді, ал I =S,

Яғни инвестициялар жинақтарға тең. Инвестициялар экономика құйылу, ал жинақтар экономикадан алуды білдіреді. Құйылу дегенге шығындар ағынын, демек, табыстар ағынын да көбейтетіндердің бәрі жатады (тұтыну шығындарын санамағанда, олар не құйылуға, не алуға (алып тастауға) жатпайды). Алу (алып тастау) – ол шығындардың, демек, табыстардың да ағынын қысқартатындардың бәрі жатады. Инвестициялардың көбеюі жиынтық шығындарды көбейтеді (жиынтық сұраныс), тұтынушылардың қосымша табыстарын қамтамасыз етіп, ұлттық өнімнің көбеюіне (шығаруына) жағдай жасайды. Жинақтардың өсуі жиынтық шығындарды азайтып, өндірістің қысқаруына себеп болады. Тепе-теңдік экономикада құйылулар алу (алып тастауларға тең).

Мемлекеттің пайда болуы макроэкономикалық өзара байланыстардың пайда болуына және 2 секторлы экономика үлгісінің 3 секторлыға айналуына әкеледі.

1) біріншіден, мемлекет тауарлар мен қызметтердің сатып алуын (G) жасайды, бұл экономиканың мемлекеттік секторын (бөлігін) ұстау қажеттілігімен, қоғамдық игіліктердің өндірісін қамтамасыз етумен, елді басқару және экономиканы реттеу бойынша міндеттерді орындаумен байланысты. мұнда мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы ресурстық нарықтағы экономикалық ресурс үшін төлем сияқты емес, тауарлар мен қызметтер нарығындағы қызметтер төлемі ретінде қаралады, өйткені бұл төлем мемлекеттік бюджет қаражаттарынан жасалатын (алынып) табыстардың қайта үлестіруінің нәтижесі болып табылады. тауарлар мен қызметтердің мемлекеттік сатып алуы ұлттық өнімге жиынтық сұранысты жоғарылатады, яғни жиынтық шығындарды.

2) екіншіден, мемлекет бәрін салықтарды төлеуге міндеттейді (Тх). Олар мемлекеттік бюджет табыстарының негізгі көзі болып келеді. Алайда, ұлттық табыстың қайта үлестірушісі болып, мемлекет салық жинағанымен бірге, трансферттерді төлейді (Tr). Трансферттер – ол үй шаруашылықтары мен фирмалар ақысыз (тауар мен қызметтерге айырбастамай) мемлекеттен алатын төлемдер. Үй шаруашылықтарына мемлекеттің трансферт төлемдері - әр түрлі әлеуметтік төлемдер: зейнетақылар, стипендиялар, жұмыссыздық бойынша жәрдемақылар, жұмысқа жарамсыздық бойынша жәрдемақылар, кедейлік бойынша жәрдемақылар және т.б. Мемлекеттің фирмаларға беретін трансферт төлемдері жәрдемақы деп аталады.

3) үшіншіден, мемлекеттік бюджеттің жағдайына қарай мемлекет қаржы нарығында не қарыз беруші, не қарыз алушы болады. Егер мемлекеттің шығындары (мемлекеттік сатып алулары) (мемлекеттік сатып алулары + трансферттер) мемлекет табыстарынан асса (салықтар), бұл мемлекет бюджетінің тапшылық жағдайына сәйкес келеді, онда мемлекет өз шығындарын төлеу (өтеу) үшін қарыз алушы ретінде қаржы нарығынан ақшаны қарыз алуға тиісті. Ол үшін мемлекет облигацияларды шығарады (ішкі зайымды, қарызды іске асырады) да оларды бағалы қағаздар нарығында үй шаруашылықтарына сатады. Үй шаруашылықтары жинақтарының жартысын мемлекеттік облигацияларын сатып алуға жұмсайды, сонымен шығындарының жартысын мемлекетке төлеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, яғни мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландырады. Сонымен бірге, мемлекет өз облигациялар бойынша пайыз төлейді, оларды тартымды қылу үшін. Мемлекеттік облигациялар бойынша пайыздарды төлеу үй шаруашылықтардың табыстарын көбейтеді, бірақ олар мемлекеттік бюджеттің шығындары болып келеді де «мемлекеттік қарыз қызметі бойынша шығындар» деп аталады. Егер мемлекеттің табыстары шығындардан асып түссе (мемлекеттік бюджеттің артығы (профицит) орын алса, мемлекет жеке фирмалардың бағалы қағаздарын алып, қаржы нарығында несие беруші болып келеді. Экономиканың үш секторлы үлгісі үшін екі секторлы үлгіге жасалға қорытындылар келеді, яғни ұлттық өнім ұлттық табысқа тең, жиынтық шығындар жиынтық табысқа тең, құйылулар алуларға тең. Бірақ жиынтық шығындар енді 3 бөліктен тұрады: тұтынудан (С), инвестициялардан (І), мемлекеттік сатып алулардан (G):



E = C+I+G,

Ал жиынтық табыс тұтынуға (С), жинақтарға (S) және салықтарға (Т) бөлінеді, үлестіріледі:



Y = C+S+T

Мұнда салық дегеніміз – салықтар (Тх) мен трансферттер (Тr) араларындағы айырма болып табылатын таза салықтар.



Т = Tx – Tr

(Айналым үлгісін талдағанда мемлекеттік қарыз бойынша пайыздар төлемі арнайы көрсетілмейді, трансферттер мөлшерінде есептеледі, өйткені, трансферттер сияқты тауар немесе қызмет үшін айырбас ретінде емес төленеді).

Тауарлар мен қызметтердің мемлекеттік сатып алуы құйылулар болып табылады, ал (таза) салықтар – шығындар мен табыстар ағынынан алулар, сондықтан құйылулар мен алулар теңдігінің формуласының түрі келесідей:

I+G = S+T

(Трансферттер мен мемлекеттік облигациялар бойынша пайыздарды төлеу құйылу болып саналады, себебі табыстар және шығындар ағындарын көбейтеді). Экономиканың 3 секторлы (бөлікті) үлгісінің талдауы (жабық экономика үлгісі) көрсеткендей, факторлық табыстар сомасы болатын ұлттық табыстың (Y) үй шаруашылықтары өз еркімен жұмсай алатын табыстардан айырмашылығы бар. Айналым сызбасына сәйкес қолдағы бар табыс ұлттық табыстан үй шаруашылықтары мемлекетке төлейтін салықтар мөлшерімен және мемлекет үй шаруашылықтарына төлейтін трансферттер мөлшерімен өзгешеленеді, сондықтан, қолдағы бар табыстың мөлшерін табу үшін ұлттық табыстан салықтарды (Тх) алып тастап, трансферттерді (Тr) қосу керек (және егер болса, мемлекеттік облигациялар бойынша пайыздар төлемін), яғни таза салықтарды алу (алып тастау)



T = Tx – Tr

Жалпы түрде осылай жазуға болады:



Yd = Y – Tx+Tr

немесе


Yd = Y – T

Қолдағы бар табыстарды үй шаруашылықтары тұтынуға (тұтыну шығындары) және жинақтарға пайдаланады:



Yd = C+S

Айналым сызбасына шетелдік секторын (бөлігін) қосу экономиканың төрт секторлы (4 бөлікті) үлгісін (ашық экономика үлгісін) береді де, ұлттық экономиканың басқа елдер экономикасымен өзара қатынастарын есепке алу қажеттілігін білдіреді, олар тауарлар мен қызметтердің халықаралық саудасы арқылы (тауарлар мен қызметтердің экспорты мен импорты) көрінеді. айналым сызбасында тек қана ақша ағындары көрсетілгендіктен (1,4), экспорт (Ех) дегеніміз – экспорттан (шетел секторынан көрсеткіш) түскен түсім (табыстар), ал импорт (Im) – импорт бойынша шығындар (шетел секторына көрсеткіш).

Экспорт пен импорттың ара қатынастары сауда балансында көрсетілген. Егер импорт бойынша шығындар экспорттың табыстарынан асып түссе (Im>Ex), бұл сауда балансының тапшылық жағдайына сәйкес келеді. Сауда балансы тапшылығын қаржыландыру (импорт бойынша шығындар мен экспорттан түскен табыстар араларындағы айырым) жүзеге асырылады:

а) басқа елдерден немесе халықаралық қаржы ұйымдардан (халықаралық валюталық қор, Дүниежүзілік банк және т.б.) шетел (сыртқы) қарыздар есебінде.

Сыртқы қарызды, сонымен бірге, мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыруға да пайдалануға болады.

б) шетел азаматтарына қаржы активтерін сату (жеке және мемлекеттік бағалы қағаздарды) содан елге ақша қаражаттарының түсу және оларды төлеу есебінен. Осы 2 жағдайда да елге (қаржы нарығына) шетел секторынан (бөлігінен) ақша қаражаттары түседі, бұны капитал түсімі деп атайды.

Бұл сауда баланс тапшылығын қаржыландыруға мүмкіндік береді. Егер экспорт табыстары импорт бойынша шығындардан асса (Ех > Im), бұл сауда балансының артығын (профицит) білдіріп, елден капиталдық қайтуы орын алады, бұл жағдайда шетел азаматтары осы елге өз қаржы активтерін сатады да экспортты төлеу үшін қажет қаражаттарын алады.

Төрт секторлы (бөлікті) үлгіде (ашық экономика үлгісінде) табыстар мен шығындар теңдігі қағидасы сақталады. «Таза экспорт» (Хn) деп аталатын және экспорт пен импорт араларындағы айырым болып келетін шетел секторының шығындарын есептей отыра.



Жиынтық шығындардың формуласын жазуға болады. Олар барлық макроэкономикалық агенттердің (үй шаруашылықтардың, фирмалардың, мемлекеттің, шетел секторының) шығындар сомасына тең:



Жиынтық табыстың формуласы:



(Бұл табыстың тұтынуға, жинақтарға және салықтарды төлеуге пайдаланатынын білдіреді). Тепе-теңдік жағдайда E=Y болғандықтан:



Бұл теңдікті макроэкономикалық бірлестік, ұқсастық деп атайды. Мұнда жиынтық шығындар мөлшері жиынтық (валдық) ішкі өнімнің құнына тең (ЖІӨ):





Макроэкономикалық ұқсастықтан құйылулар мен алулар теңдігінің формуласын шығару үшін таза экспорттың көрсеткішінде құйылулар да (яғни, осы елдің өніміне шетел секторының шығындары сұранысын көрсететін экспорт және соған орай, шығындар мен табыстар ағынын көбейтетін жиынтық шығындардың бөлігі) және алу (яғни елдің шетел секторына «кететін» жиынтық табысының бөлігі, демек ішкі шығындар мен табыстарды қысқартатын, сондықтан құйылу мен алулар теңдігінің формуласы былай жазылу керек:

Айналым сызбасы экономикадағы өзара байланыстар мен өзара тәуелділіктердің барлық түрлерін көрсетеді. Енді макроэкономика пәнін дәлірек анықтауға болады. Макроэкономика макроэкономикалық нарықтарда макроэкономикалық агенттер мінез-құлықтарының заңдылықтарын зерделейді.


Сұрақтар мен тапсырмалар


  1. Макроэкономика мен микроэкономика араларындағы айырмашылық неде?

  2. Макроэкономика зерттейтін өзекті мәселелерді атап айтыңыз.

  3. Макроэкономикада қолданатын экономикалық үлгілерін атаңыз.

  4. Ағындар мен қорлар араларындағы айырмашылық неде?

  5. Мемлекеттік және жеке секторлар деген не? Араларында өзара байланыс бар ма?

  6. ЖІӨ қандай тәсілдермен өлшенеді?

  7. ЧПН не кіреді?

  8. Тұтыну бағалар индексі мен ЖІӨ дефляторы араларындағы айырмашылық қандай?

  9. Экономикадағы шығындар айналымының сызбасын көрсетіңіз?

  10. Жиынтық шығындарға инвестициялар қандай ықпал жасайды?

  11. Негізгі макроэкономикалық ұқсастық неде тұрады?

  12. 3 тауармен қарапайым экономиканы көрейік. Бұл тауарлардың нарық бағалары тең: Р1 = 5, Р2 = 10, Р3 = 15. 2000 жылы әр тауардың өндіру (тұтыну да) көлемі: Q1 = 20, Q2 = 25, Q3 = 10. Бұл жағдайда:

а) нақтылы ЖІӨ мөлшері қандай?

б) жиынтық тұтынудағы әр тауардың үлесін таразы ретінде пайдалана отырып, тұтыну бағалардың индексін салыңыз (жасаңыз):

в) 2001 жылы бағалар Р1 = 6, Р2 = 12, Р3 = 17, ал өндіріс (тұтыну) көлемдері Q = 21, Q = 27, Q = 11 өсті дейік. Базалық (негізгі) ретінде 2001 жылы алып, нақтылы және шынайы ЖІӨ көлемдерін есептеңіз. ЖІӨ дефляторымен өлшенген инфляция деңгейі қандай? Экономикалық өсудің нақты қарқындары қандай?

13. 2005 жылы нақтылы ЖІӨ 600 млрд долл. құрады. Бір жылдан кейін ЖІӨ дефляторы 1,2 көбейді, ал шынайы, нақты ЖІӨ 10% өсті. 2006 жылдың нақтылы ЖІӨ анықтаңыз (2005 ж – базалық, негізгі).

14. Х елінде тауардың тек қана 2 түрін (алма мен банан) өндіреді. Өндіріс көлемдері мен тауарлар бағалары келесі кестеде келтірілген 2-ші жылғы ЖІӨ дефляторын анықтаңыз, егер 1 жыл – базистік.




Өндірісі

Бағасы

Алма

(мың тг)


Банан (мың тг)

Алма

(1т мың тг)



Банан

(1т мың тг)



1 жыл

500

250

12

6

2 жыл

450

300

16

7

15. Дұрыс жауапты таңдап алыңыз. Макроэкономикалық талдауының негізін қалаушысы кім болады?

1) М. Фридмен

2) В. Хоутри

3) И. Шумнетер

4) Дж. М. Кейнс

5) К. Маркс

16. Жетпейтін маңызды өзара байланыстарын қалпына келтіріңіз:



1) Абсолюттік көрсеткіштер өлшенеді...

(адам санымен өлшенетін жұмыспен қамтылған және жұмыссыздар сандарының көрсеткіштерін санамағанда)



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет