МамандықҚа кіріспе



жүктеу 1.9 Mb.
бет3/7
Дата25.04.2016
өлшемі1.9 Mb.
1   2   3   4   5   6   7
: fulltext -> buuk
buuk -> М ж. КӨпеев шығармаларындағы кірме сөздер тарихы оқУ ҚҰралы
buuk -> Іскери – КӘсіби қазақ тілі
buuk -> Қазақ тілі пәнінен практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау Павлодар Кереку 2009 (07) ббк 81. 2 каз- 9 Қ 17 С. Торайғыров атындағы пму-дың қазақ тілі кафедрасының оқу-әдістемелік кеңесі басуға ұсынған Рецензент
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> М. Аллаберген тарих тудырған тұлғалар
buuk -> МӘШҺҮр-жүсіп шығармалары тілінің морфологиялық ерекшеліктері
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Қылмыстық ҚҰҚЫҚ (Жалпы бөлімі)
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку

6.1 Қазақстандағы металды пайдалы қазбалар

Асыл металдар. Бұл топқа алтын мен күмістен (асыл түсті металдар) өзге платина мен платинойдтар (асыл қара металдар) енгізілген. Қазақстанда алтынның алтынкенді кен орындары бар, ал Торғайдың парагенстиклық темір кендерімен байланысты Павловский кен орнынан өзге күміс пен платиноидтардың кен орындары аталмаған. Қазақстан расталған алтын қоры бойынша алғашқы ондыққа, ал өндіру бойынша үшінші ондыққа кіреді. Баланста 196 кен орны бойынша қор ескерілген (126 түпкі, 47 кешенді, 23 шашыранды). Құрамында алтыны бар кешенді кен орындарындағы алтын қорының үлесі 35,1%, ал шашыранды 0,5%. Баланста тұрған 30-ға жуық кен орындары өңделуде. Алтын алтынның жеке кен орындарынан (61%) және кешенді кен орындарынын (39%) алынады. Өңделетін маңызды жеке алтанкенді кен орындары: Жолымбет, Бестөбе, Ақсу, Ақбеит Орталық және Солт.; Юби­лейді Батыс; Бақыршық, Суздалы және т.б Шығыс; Ақбақай кенорны Оңтүстік Қазақстанда және т.б Жеке платиноидты кен орындары Қазақстанда анықталмаған. Бір текті массивті қабаттасқан ультрамафиттерге байланысты плотиноидтардың белгісі Солтүстік- Аңдасай ерекшеленеді. Бұдан өзге платина мен платиноидтардың болуы мысты никельді және мысты порфир кен орындарымен байланысты белгілі.

Қара металдар. Қазақстанда 1000-нан астам қара металдар кендері мен кенді белгілер анықталған. Темір, хром, маганец және титан кендерінің кенорындары өндіріледі. Баланспен ескерілген (17 кенорны), баланстан тысты (11кенорны) қоса алғанда темір кендерінің қосында қоры 17 млрд. т. Осының 95% бес ірі кен орындарына келеді: Қашар, Сарыбай, Соколов, Аят, Лисаков. Барлық кен орындары Солтүстік Қазақстанда (Торғай иілісінің солтүстік- батыс бөлігі) шоғырланған. Мұнда жалпы қоры 1,3 млрд. т болатын барланған қосалқы жеті кен орындары бар (Шатыркөл, Сор, Оңт-Сарыбай, Ломоносов, Алешин) біреуі сүрленген Қоржынкөл және екеуі баланстан тыс Адай және Бенқалы кен орындары. Қазақстандағы марганец кендерінің балансты қоры 400 млн. т астам. Марганец кенорындарының барлығы 11-ы ескерілген. Болжау қоры 850-900 млн т бағаланып отыр. Негізгі қор (99%) Оррталық Қазақстанның Атасу кенді ауданында шоғырланған (Батыс Қаражал, Үшқатып III, Үлкен Қытай, Қамыс кен орындары). Қалған кен орындарының үлесіне 6 млн. т-ға жуық келеді. Сонғы жылдары бекітілген қоры 10,4 млн. т, жаңа Тур кен орны барланған. Хромит кендерінің қоры бойынша Қазақстан дүние жүзінде екінші орында. Баланстпен 21 кенорны (230 млн. т-ға жуық) ескерілген. Барлық қор Кемпірсай кенді ауданында (Мұғалжар) шоғырланған. Хромиттердің ерекше кен орындарына ( қоры 100 мллн. т-дан астам) Алмаз-Жемчужина кен орны жатады. Миллиоды, Юбилейді, Геофизикалық XII кенорындары ірі болып табылады. Республика титан кендерінің ірі қорына ие. Негізін ильменит-циркон шашырандылары құрайды. Қазақстанда барлығы 300-ден астам титан кендерінің белгілері тіркелген. Олардын 25 кенорындары қатарына жатқызылған. Олар негізінен Батыс Мұғалжар өңірінде шоғырланған: Шоқаш, Сабындыкөл, Ашысай, және т.б., Солтүстік Арал өңірінде Үстүрт, Прогнозды; республиканың солтүстігінде (Обухов және т.б) және шығысында (Қараөткел, Бектемір). Ванадии кенлерінің қоры айтарлықтай, бірақ олар қолданысқа енгізілмеген. Черносланц қалындығымен байланысты ванадидің өндірістік кен орындары Оңтүстік Қазақстанда (Қаратау, Талас). Ең ірілері Баласауысқандық, Құрымсақ, Жабағылы кенорындары болып табылады. Ванадий манғыстаудың мұнай кен орындарына серіктеседі.

Түсті металдар. Қазақстанда түсті металдардың ірі шикізат қоры құрылған. Алдынғы қатарды мыс, қорғасын және мырыш, қор бойынша республика дүние жүзінде сәйкесінше үшінші, екінші және бірінші орында. Түсті металдар бойынша материалды-шикізат потенциалы ерекше және ауқымы бойынша ірі кенорындарына негізделген. Мысты кеннің қоры бойынша дүние жүзінде Қазақстан алдынғы орындарға ие. Баланспен 30 кенорны бекітілген. Осының ішінде республикамыздың мыскенді өндірісінің шикізат орталығы болатын, пайдалы қазбалар қоры мен құрамы жағынан ерекше Жезқазған кенорны. Ірі кенорындарына жататындары Қоңырат, Ақтоғай, Айдарлы, Жаман Айбат, Бозшакөл, Көксай, Қарақамыс, Самара. 70-ке жуық кенорындарының ішінен 30 жеке мыскенді, ал қалғандары кешенді, мысқұрамды болып табылады. Қазақстан қорғасын мен мырыш қоры бойынша дүние жүзінде алғашқы орындардың бірінде. Республикамызда мырыш пен қорғасынның 100-ден аса кенорындары анықталған. Баланспен 58 кенорны ескерілген, осының ішінен 44 кенорнында мыс пен мырыш бір ескерілген (Зорин, 1996). Қорғасынның үлкен қоры (және өндіру), мырыштың аз дәрежеде Орталық Қазақстанда, мыс пен мырыш - Шығыс (Кенді Алтай) Қазақстанда шоғырланған. Қорғасын мен мырыш қоры бойынша Оңтүстік Қазақстан (Қаратау) үшінші орынға ие. Сонғы жылдары қорғасын мен мырыштың 30-ға жуық кенорындары қолданыста болды. Қол жеткізілген қорғасын-мырыштыкендерді өндіру деңгейі барланған 20 жылға жетерлік қормен қамтамассыз етіледі, ол оташа дүние жүзілік деңгейге сәйкес. Қазақстан территориясында 50-ге жуық белгілі. Никель мен кобальттың негізгі минералды-шикізат қоры кобальт-никельді кенорындары Мұғалжарда (Кемпірсай кенді ауданы) шоғырланған. Сарыбай, Соколов және өзгеде Қостанай аймағындағы кенорындарындағы темір (магнетит) кендерінің құрамындағы расталған кобальт қоры маңыздыларының есебінде. Алюминий шикізаты ретінде Қазақстанда боксит кен таралған. Қор анықталған және белгілері бар 200 кенорындарының ішінен 50-ге жуық басымы платформа типті боксит кенорындары бойынша ескерілген. Ескерілгендердің ішінде Торғайдың ірі кенорындары: Краснооктябрь, Белин, Таунсор, Шығыс-Аят, Көктал, Наурызым, Верхнеашут. Бұдан өзге алюминии шикізатының бокситті емес түрлерінің үлкен қоры бар: жоғарыглиноземді сланцы (кианит, андалузит және т.б) және каолинді саз, алунитті және нефелин апатитті кендер.

Сирек металдар Қазақстан – ірі сирек металды провинция. Мұнда көптеген сирек металдар мен сиретілген элементтердің қорлары барланған. Олардың бірі (вольфрам, молибден, бериллий, цирконий, тантал, ниобий, қалайы, стронций) жеке кенорындарын түзеді, өзгелері (висмут, литий, сынап, мышьяк және т.б) кендерде құрамдас компонент ретінде болады. Сирек металдар ішінен Қазақстанда вольфрам алдынғы орынға ие, таралуы бойынша екінші орында молибден, содан тантал, ниобий, қалайы, сирек жер. Сонғылары маңызды болашаққа ие. Тантал, ниобий және берилли бойынша болжамды бағалау анық емес. Қазақстанның жер қойнауында бұрынғы КСРО-ның вольфрам қорының 53% орын тепкен. Баланспен 16 кенорындары бойынша қор ескерілген, соның ішінде 12 баланс және 4 баланстан тыс. Қазақстан молибден қоры бойынша дүние жүзінде төртінші орында, ал Азия елдері арасында бірінші орында. Баланспен 34 кенорындары бойынша қор ескерілген, олардың 26 кенорны балансты, қалғандары баланстан тыс. Танатал мен ниобидің тәжірибелік манызы сілтілеу гранитойдтармен байланысты шашырандылар мен желдетілу коры болып табылады. Қалайыкенді Сырымбет және Донецк кенорындарының ашылу, барлауы мен менгерілуі нәтежиесінде республика қалайы қажеттілігін қамтамассыз етіп қана қоймай, оны экспорттау мүмкіндігі туды. Висмут қоры 27 кенорны бойынша серіктіес компонент ретінде ескерілген. Екі берилли кенорындары барланған – Нұраталды (берилл) Орталық Қазақстанда және Шынғыстағы Қаражал (гильвин, хризоберилл) және төрт сынап кенорындары ескерілген. Орталық Қазақстанда орналасқан Жаман Қарасу және Торғай кенорындары сурьмалы болып табылады. Біреуі Оңтүстік Қазақстанда (Қодар – сурьма мышякпен) және екеуі Шығыста ( Алимбет және Сырымбет – сурьма алтынмен). Барланған мышяк қоры негізінен алтынкенді кенорындарында. Ең ірі стронций кенорындарының бірі Ауыртас (Манғыстау) болып табылады, онда целестинді залеждермен баритті денелер байланысты. Баррит қоры бойынша орташа, ал целестин қоры мен стронции кендерінің сапасы жағынан кенорны ерекшелер қатарында. Қазақстан үшін маңызды өндірістік гоелогиялық типті цирконии кенорыны ильменит-рутил-цирконды (кластогенді титан-цирконды) шашырандылар. Бірнеше ондаған титан-цирконды шашырандылар анықталып, барлынған. Қазақстандағы сирек жер көзі негізінен ванадий, фосфор, уран, молибден-вольфрам және титан-цирконды кенорынары болып табылады.

Пайдалы қосынды элементтер - литий, рубидии, цезий, скандий, индий, таллий, галлий, германий, рений, селен, теллур және т.б колчеданды-полиметалл, қорғасын-мырышты, мысты-молибденді, сирекметалды, уранды, темір-марганецті, бокситті және көмір кенорындарының кендері құрамында болады.


7 Қазақстанның өндіріс орындарында қара және түсті металдар кендерін байыту

7.1 Қорғасын кендерін байыту технологиясы
Галениттің кристалдық құрылымының спецификасы және жаңа жалаңдатылған беттің дәнекерленуі – гидрофобтылығы. Галенит бір көпірткішпен флотацияланады. Оның бетінің тотығуы нәтежиесінде сульфат (рН 6,7), карбонат (рН 6,7-9) және гидрокорбанат (рН 6,7-9) түзіледі. Беттік тотығу кезінде галенит ксантогенаттармен және дитио фосфаттармен рН 9-9,5 болғанда жақсы флотацияланады. Қосындылар, әсіресе мыс галениттің өткізгіштік, кристаллохимиялық және флотациялық ерекшеліктерін өзгертеді.

Галенит депрессоры – күкіртті натрий (1 кг/т дейін). Сулфид иондар жинағышпен әсерлеспейтін тұтас сульфид пленкасын түзіп, беттен сорбирленген ксантогенатты ығыстырады.

Күшті тотықтырғыш болып табылатын, рН 5-6, 20-50 г/т шығын кезінде галенит калий хроматы (К2Сг04) және бихроматымен (К2СЮт) жақсы депрессорленеді. Галенит бетінде қиынеритін қорғасын хроматы түзіледі, минералдың және ксантогенаттың тотығуы бірдей жүреді.

Депрессорлер ретінде еритін фосфаттар (Н3РО4, NaH2PO4, Ca(H2PO4)2 және органикалық қосылыстар (крахмал, декстрин) қолданылуы мүмкін. Галенидті цианид депрессорлемейді, сондықтан оларды мыс сульфидтерін депресорлеу үшін және қорғасын-мысты концентраттарды іріктеу кезінде қолданады.

Тотыққан қорғасын минералдары (церуссит және англезит) сульгидрильді жинағыштармен жаман флотацияланады: олардың флотациялануы рН 8,5-9,3 (церуссита) және 7,8-8,2 (англезита) кезінде сульфидизациялау нәтежиесінде жақсарады. Плюмбоярозит флотацияланбайды және сульфидтелмейді. Кейде оларды флотациялау үшін, егер де кенде доломит, әктас, үшвалентті темір гидроксиді болмаса, майлықышқыл жинағыштарды - олеинді қышқыл, натрий олеаты, нафтенді қышқылды, таллов майын қолданады.

Байыту технологиясын таңдау дақтар, галенит белсенділігімен және пириттің бар болуымен анықталады.

Таза сульфидті қорғасын кендерін байытудың қарапайым сүлбелері бойынша байытады, құрамына минералдардың дақтарға байланысты флотациялау алдындағы көп сатылы ұнтақтау. Галенит әдетте рН 8-8,5 болғанда ксантогенаттар немесе дитиофосфаттар шығыны 30-60 г/т кезінде флотацияланады. Перрит цианидпен депрессияланады. Сүлбе құрамына галенит флотациясымен және ауыр фракцияны ары ұнтақтаумен ауыр ортада байыту кіруі мүмкін.

Егер кеннің құрамында темір оксидтері мен гидрооксидтері болатын болса, онда ұсақ кластарды артынан магнитті айырумен үстелдерде байытады.

Сульфидті тотыққан қорғасын кендер үшін галенит және цессуриттің флотациясын тізбектей өткізген жөн. Сульфидті тотыққан қорғасын кендерін байыту кезінде, РЬсул.:РЬокис. = 1:1 кезінде құрамындағы қорғасын 15-80% тотық түрінде, ксантогенатпен натрий сульфидінің көп емес шығындалып алғашында галенит флотацияланады, артынан тотыққан минералдар сулфидтеледі. Сульфидизатор (негізгі бөлігін) чанға бөледі, қалғанын бірнеше қабылдау ішінде флотацияға. Күкіртті натридің үлкен концентрациясы флотация мен сульфидизацияны төмендетеді. Мұндай сүлбе бойынша Сан-Себастьян, Франция, Ваесбо, Швеция фабрикалары жұмыс жасайды. Егер тотыққан қорғасын минералдары үлкен мөлшерде болатын болса, онда галенитпен бірге флотацияны қолданады. Шет елдердің фабрикаларында қорғасынның 75% сульфидті кендерден, қалған 25% аралас және тотыққан кендерден алады.
7.2 Сульфидті қорғасын-мырышты кендерді байыту технологиясы

Сонғы жылдары қиын байытылатын, кондиционды емес және баланстан тыс кендер саны артуда. Сульфидті қорғасын мырышты вкрапленный кендерді, олардың түрлілігіне қарамастан гравитация-флотациялық және таза флотациялық сүлбелер бойынша байытады. Флотация сүлбесіндегі гравитация АҚШ-тың 60% байыту фабрикаларында, тұндыру мен ауыр ортада байыту – Италияда, Канадада, ТМД елдерінде қолданылады.

Гравитациялық байытуды үрдістің басында Зырян, Красноречье, Лениногор, Текелң және т.б байыту фабрикаларында қолданылады. Кен ірілігі -100 ^ 50+10 орташа ұсақтау мен шаюдан кейін ауыр ортада байытуға түседі. Суспензия тығыздығы 2,6-2,8 г/см3 жыныс тығыздығы мен минералдардың вкрапленостіне тәуелді, ауырлатқыш - құрамында 10-20% Si тығыздығы 6,4-7 г/см3 түйіршіктелген ферро силициум. Сүлбеге кенді алдын ала классификациялау, суспензияны регенерациялау және флотациялау енеді.

Зырян фабрикасында сульфидті және аралас кендерді өңдейді. Орташа ұсақтаудан кейін кен ірілік класы -14мм шығару үшін гүрілге, ол алдымен сусыздандыруға кейін басты корпус шанағына түседі. -50+14 мм класын конусты ауырорташа айыртыштаға бағыттайды. Жеңіл фракцияның шығысы аралас кендер 37-45% және сульфидті кендер 25-35%, олар жуылғаннан кейін ауырлатылып жол салуда қолданылады. Жуу кезіндегі қорғасын, мырыш, мысты жоғалту үлкен емес, сульфидті 3,6%, аралас кендер 4,4% үшін әрқайсысына. Ауыр фракция жууылғаннан кейін 16 мм ары ұсақталады да артынан ұнтақтауға түседі. Суспензия магнитті айыртқыштарда регенерацияланады. Жұқа клас -16+0 мм ұнтақтау корпусынан спираль жіктегіштерге түседі, оның құмдары басты корпусқа ұнтақтауға, ал төгіндісі гидроциклондеуге және қоюлатуға түседі; гидроциклон мен қоюлатқыш құмдары шламды флотациялауға, ал ұнтақталған ауыр фракция колективті қорғасын-мырышты флотациялауға жіберіледі.

Байыту фабрикаларының көбінде тура селективті флотация сүлбесін қолданады. Бастапқада сфалеритті депрессиялаумен қорғасын минералдарын флотациялайды. Оны мыс купаросымен белсендеткен соң мырышты флотация жүргізіледі; пириттің депрессиясы үшін әктас қолданылады; кейде қалдықтардан пиритті флотациялайды. Колективті концентратты кейіннен бөлумен колективті-селекциялы флотация Алтын Топкан фабрикасында, АҚШ-ғы Анаконда фабрикасында қолданылады. Бұл технология кен таралмады өйткені белсендендірілген және депрессорларда қолданылатын бір флотацияланған мырыш алдамшының қиын депрессиялануына байланысты. Бұл селекция алдында колективті коооонцентрат бетінен жинағыштың десорбциясы операциясын қолдануды меңзейді.

Көп жағдайларда қорғасын минералдарының шламдалуын жоққа шығаратын флотацияның жақсы нәтежиелерін қамтамассыз ететін коллективті немесе қорғасынды флотация стадиялды сүлбелерін қолданады. Концентраттардың сапасын жоғарлату үшін оларды ары ұнтақтайды және кайта тазалайды. Кейде цикл арлық флотация орнына көбікті айыруды қолданады.

Егер кенде қорғасын мен мырыштың (30-60%) тотыққан түрлері болатын болса, цианид және цинкті купарос жақсы селекцияны қамтамассыз етпейді. Қорғасын мен мыс катиондарымен белсендірілген сфалерит (мысты мырышты концентраттарды бөлу кезіндегідей) қорғасынды флотация соңында флотациялана бастайды. Цианид шығынының артуы селекция нәтежиесін жақсартпайды. Депрессия дәрежесі негізінен цинк купаросы шығынына тәуелді, оның шығыны 1200 г/т дейін жағдайда қорғасынды флотация кезіндегі сфалериттің флотобелсенділігі төмендейді. Ұнтақтау кезінде натрий сульфиді мен сульфитін беру жақсы нәтежиені қамтамассыз етеді. Бұнда сульфидтер мен қорғасын тотықтары бірігіп флотацияланады. Күкіртті натрий мырышты алдамшының депрессоры және қорғасынның сульфидизаторы, натрий сульфиді сульфидтелген қорғасын минералдарының флотация белсенділігіне әсер етеді (мысты-мырышты кендер үшін ол мыс сульфидтері флотациясын белсендетеді). Депрессорленген мырыш сульфидтері мыс купаросының кішкене мөлшерімен немесе кремнефторлы натримен оңай белсендіріліп жақсы флотацияланады. Қорғасынды флотация қалдықтарынан темір мен мырыш сульфидтерінің флотациясы тізбектей немесе кейін селекциямен бір жүргізіледі.
7.3 Аралас және тотыққан қорғасын-мырышты кендерді байыту технологиясы
Тотықпған галенит беттен жеңіл флотацияланатын минерал. Мыс сульфидтері мен темір болғанда электрохимиялық механизм бойынша жеңіл тотығады. Шектен тыс тотығу немесе тотықсыздану жинағышпен сорбция қабатының тығыздығын азайтады. Ксантогенаттың минералда бекітілуіне химиялық және физикалық сорбция арқылы қол жеткіземіз. Галениттегі сорбция максимумы нейтрал ортада. Қабат тығыздығы екі моноқабат ксантогенат кезінде толық флотация, мұнда рН атуымен ксантогенаттың үлкен шығыны қажет. Егер ерітіндідегі [Sº] жеті ретке >[Кх"], онда галениттің толық депрессиясы жүреді; бұл жағдайда сорбция [Кх]2=0, ал химиялық бекітілген [Кх~] сорбция бір моно қабатқа тең.

Тотыққан немесе аралас кендерді байыту кезіндегі коллективті концентраттарды бөлу үшін әдетте галениттің флотациялануына әсер етпейтін әктасты, цианидті, мырыш купаросын және т.б қолданады. Тотыққан минералдардың флотациясы сульфидтеуден кейін ғана мүмкін. [S2"] мәні әртүрлі тотыққан қорғасын түрлерін сульфидтеу үшін бір емес, өйткені бұл минералдардың бетінде түрлі қабыршақ түзіледі. Судағы карбоноттар иондарының концентрациясы [СО2, ] = 10"5 моль/л болғанда церуссит, вульфенит, англезит, галенит бетінде карбонаттар, рН 9-12 болғанда қорғасын гидрокарбонаттар түзіледі. Пироморфит, мимизит және крокиот бетінде қиын еритін фосфаттар, арсенаттар және қорғасын хроматтары түзіледі, сондықтан рН-тан тәуелді [S2"] жоғары концентрациясы қажет. Галенит және церуссит үшін рН 9,5-10; вульфенит үшін – 8,5-9; англезит үшін – 8-8,5; пироморфит үшін – 6,5-7,5 болғанда сульфидтелу мен флотациялану жылдамдығы максимумы байқалады. Сульфидизатор сорбциясының тығыздығы рН-қа тәуелді, оның төмендеуі ерітінді сілтілігінің төмендеуі кезіндегі тотыққан минералдардың теріс потнециал мәндерінің күрт артуымен сәйкес келеді, бұл беттен қорғасын катиондарын ерітінділеу шарттарын сипаттайды. Қышқылдар және калии мен натрий гидроксидтері сульфидтелу жылдамдығына әсер етеді. [ ]=200 мг/л болғанда сульфидтелу жылдамдығы 6 есе төмендейді. Натрий гидроксидін содамен алмастыру пироморфиттің сульфидтелуін, ал әктас қорғасынның барлық тотыққан минералдарының және тотыққан галениттің флотациясын төмендетеді.

Са2~ және Mg2+ тұздары церусситтің сульфидтелуі кезінде оның бетінде күкіртқышқыл қорғасын (PbSO4) мен көмірқышқыл кальцидің (PbSO4) түзілуіне әсер етеді, ол сульфидтелуді қиындатады және сульфидті пленканың сапасын төмендетеді. Тотыққан минералдардың бетінде сульфидті пленканың өсу жылдамдығы тек қана [S2"] және рН бар болуынан тәуелді емес ол барлық қорғасын тотық қосылыстарының сульфидтелуі артатын температурадан тәуелді. рН 8 болғанда қорғасын фосфатындағы жинағыштың максималды сорбциясы, ал қорғасын арсенатынан өзге қалған тотыққан қосылыстар үшін, рН-тың 12 дейін және температураның артуымен төмендейді. Минералдардың флотациялану реті олардың сульфидтелу ретіне және жинағыштың бетіндегі сорбцияға сәйкес келеді: церуссит>англезит>вульфенит>қорғасын арсенаты > қорғасын хроматы > қорғасын фосфаты. Церусситтің сульфидтелу және флотациялану жылдамдығы өзге минералдардан 10-30 есе артық. Олар [S2"] >100 мг/л концентрациясына сезімтал. Плюмбоярозит мүлде сульфидтелмейді және флотацияланбайды.

Тотыққан минералдарды тиімді жинағыштар – сульфидтелумен немесе сульфидтелусіз рН кең арлығындағы оксигидрилді қосылыстар. Олейн қышқылы церуссит пен англезитке қарағанда пироморфитте көп бірнеше моноқабатқа сорбирленеді. Физикалық сорбция (60-90%) – олеин қышқылы молекуласы үшін аталған.

Сульфидтелу сульфиттегішті бір уақытта толтырумен немесе кезеңді, бөліктеп араластырумен және олсыз болуы мүмкін. Тотыққан минералдарды сульфидтеу үшін кезеңді сульфидтеуді жиі қолданады, оны түйіскен чанға бөледі. Флотацияға жүктеу үлесі кендегі қорғасын құрамымен, оның тотығу дәрежесімен анықталады.

Қорғасын-мырышты кендерді байытатын 25 шет елдік фабрикалардың ішіндегі ең ірілері: Мехерних, ФРГ, Залиджа, Марокко, Монтепони және Монтевеккью, Италия. Байытудың негізгі әдісі – флотация, алдынала сілтілі ортада сульфидтеумен кейін тотыққан қорғасын минералдарын ұзыншынжырлы ксантогенаттармен флотациялау; тоыққан мырыш – аминдермен. Кейде аралас технологияны қолданады.

Тотыққан кендерді байыту сүлбесіне 16 мм (II кезеңнен кейін шламсыздандыру) ірілікке дейін үш кезеңді ұсақтау кіреді, 100% класқа дейін ұнтақтау -0,16мм және қорғасынды флотация. Тотыққан қорғасын минералдарын флотациялау үшін күкіртті натрий (1500 г/т), сода (150 г/т), бос жыныстың депрессиясы үшін сұйық шыны (200 г/т), жинағыш - амил 75% және этил 25% ксантогенаттарының қоспасы, крезил қышқылы 50 г/т қолданылады. Мырышты флотация қалдықтарынан тотыққан мырыш минералдары флотацияланады.

Күкіртті натримен сульфидтеуден кейін флотацияға аминдерді, сұйық шыныны және креозолды береді. Алыну 66% болғанда мырыш концентраты құрамында 38% Zn, алыну 55% болғанда қорғасын концентраты 45% РЬ.

Аралас кендер құрамындағы РЬ 1,3% (0,6% галенит түрінде және 0,7% -церуссит), Zn 5% (3% сфалерит түрінде және 2% - каламина), Fe 5% пирит пен окситтер түрінде. Тотыққан кендер құрамында Zn 4-6% каламин түрінде және РЬ 0,8% церуссит түрінде болады. Аралас және тотыққан кендер ұсақтаудың II кезеңінен кейін ауыр суспензияда байытуға түседі. Тотыққан кеннің жеңіл бөлігі флотацияланып, ауыр бөлігі (класс +6 мм) вельц-пешіне бағытталады. Аралас кеннің ауыр бөлігі ұсақтаудың III кезеңіне түседі, жеңіл бөлігі (шығыс 60%) бетон алуға жіберіледі. Ферросилиций шығыны 250 г/т дейін. Флотация сүлбесі тура селективті.

Аралас кендерді ұнтақтау 80% дейін -0,074 мм класты бір кезеңде жүзеге асырады, кейінен галенит, сфалерит флотацияланады, қалдықтардан мырышты –пирит, цессурит. Алдымен церуссит, кейін каламин алынады. Церуссит күкіртті натримен сульфидтеуден кейін; қалдықтардын дешламдау, сульфидтеу және аминмен түйісуден кейін - кламин флотацияланады. Алынуы 70% (аралас кеннен) және 40% (тотыққан кеннен) болғанда жалпы қорғасын концентраты (гаденитті және церусситті) құрамындағы РЬ 50%. Алынуы сульфидті кеннен 96%, аралас кеннен 92%, тотыққан кеннен 45-60% болғанда цинкті концентрат құрамындағы Zn 59% болады.




7.4 Полиметалл кендерді байыту технологиясы
Бұл кендеде флотациялық қасиеттері жақын минералдар басым. Негізгіминералдар: галенит, сфалерит, халькопирит, пирит, борнит, халькозин, ковеллин, пирротин, марказит; тотығу аймағында: мырыш және қорғасын, мыстың тотыққан минералдары. Мұнда асыл, сирек және сиретілген элементтер бар. Химиялық және минерологиялық құрамдарының тұрақсыздығы тән. Кендері вкрапленный және колчеданды; негізгі элементтердің қатынасы Pb: Zn : Си тұрақсыз және кең шекте ауытқиды.

Сульфидті кендер құрамында 10-15%-ға дейін аралас (олар басым), тотыққан – тотыққан қорғасын 40-85%.

Полиметалл (мысты-қорғасынды-мырышты) кендерді сүлбелер бойынша байытады: құрамында мысы жоқ кендер үшін тура селективті флотация; кейінен колективті концентратты селекциялаумен барлық сульфидтерді коллективті флотациялау; кейінен оларды селекциялаумен дербес концентраттарға басында мысты- қорғасынды, артынан мырышты-перитті минералдарды кезеңді коллективті флотациялаумен коллективті-селективті флотациялау; бөліктеп коллективті-селективті флотация, басында мысты-қорғасынды флотация, кейін мысты-қорғасынды концентраттың мырышты-пиритті қалдықтардың тура селекциясы [19].

ТМД елдері фабрикаларында бұл кендерді байыту сүлбелері: тура селективті, бөліктеп коллективті-селективті, коллективті-селективті. Сүлбені таңдау минералдар құрамымен, минерологиялық құрамымен, ірілігімен, барлық минералдар дақ сипатымен, сульфидтер мен бос жыныс минералдарының флотациялануымен анықталады.

Тура селективті флотация сирек қолданылады, өйткені кенорындарында белсендірілген, физика-химиялық қасиеттері жақын сульфидтердің селекциясы өте қиынға түседі. Егер кендер біріші ретті болып, тотығу үрдістері тимеген болса, селективті флотация қолданылуы мүмкін.

Бөлікті коллективті-селективті флотация кезінде мыс және қорғасын сульфидтерін пирит және мырышты алдамшының депрессиясы кезеңде бірге немесе тізбектей белсенленуден кейін флотацияланатын коллективті концентратқа бөледі. Кейін коллективті мыс-қорғасынды және мыс-пиритті концентраттардың селекциясын жүргізеді. Мұндай сүлбе бойынша Зырян, Березов, Золотушин фабрикалары және де ФРГ фабрикалары жұмыс жасайды.

Коллективті-селективті сүлбе бойынша рН 8-8,5 және бір немесе екі кезеңде классы -0,074 мм 80-85% дейін жүретін ұнтақталуда барлық сульфидтердің флотациясын жүргізеді. Тотыққан минералдарды сульфидтеу үшін ұнтақтауға күкіртті натриді береді (50-100 г/т) цинкті алдамшыны белсендендіру үшін – мысты купарос (20-150 г/т)

Егер пириттің құрамы айтарлықтай болса, оны әктаспен депрессорлейді. Ұнтақтаудан кейін коллективті концентратты қорғасын-мысты флотациялауға бағыттайды, бұдан кеййін қалдықтардан мырыш пен пирит флотацияланады, қорғасын-мысты концентрат селекцияға түседі. Мұндай сүлбені ірі үсақтау кезінде қалдықтардың басым бөлігін ажырататын кедей кендер үшін қолданады. Артықшылықтары: үнтақтауғ шығынның төмендеуі, кішкентай флотация фронты, флотореагенттер шығыны, қоланыс шығынының аздығы. Мұндай сүлбе бойынша Ленинагор, Белоусов фабрикалары және де Жапония фабрикалары жұмыс жасайды.

Құрамында тотыққан минералдар жоқ бай кендер үшін және стратиформды, скарндыжәне жильді кенорындарының қорғасын-мырышты кендер үшін тура селективті флотацияны қолданады. Мұндай сүлбе бойынша Лейк-Джордж, Экстолл, Канада фабрикалары жұмыс жасайды. Бұл сүлбелер кен таралымға ие болмады.

Артынан коллективті концентратты селекциялаумен коллективті-селективті флотация сүлбесі көптеген байыту фабрикаларында қоллданылады (Лениногор, Белоусов, Алмалық, ТМД елдерінде, Керджали, Болгария, Шаканаи, Япония). Сүлбе бірбіріне жұқа өскен және бос кен минералдарында сульфидтердің ірі вкрапленность кедей кендер үшін тиімді. Ол карбонатты және сульфидті тотыққан кендер үшін тиімді, бірақ коллективті концентраттың алдын ала десорбциясын қажет етпейді.

Бөліктеп селекциялаумен кезеңді коллективті-селекциялы флотация құрамындағы сфалерит бірнеше түрлермен берілген кендер және бай кендер үшін арналған. кенде белсендірілген жіне белсендірілмеген сфалериттің болуы жағдайында барлық сульфидтердің толық коллективті флотациясы жинағыш пен белсендендіргіштің жоғары шығынын қажет етеді, ол өз кезегінде коллективті концентрат селекциясы мен сүлбесін күрт күрделендіреді. Сондықтан селективті, бөліктеп коллективті-селекциялы флотация сүлбелері жақсы нәтежиеге қол жеткізуді қамтамассыз етеді. Көп жағдайларда кеннен сфалерит пен пиритті депрессорлеп, мыс пен қорғасынды минерадардың коллективті флотациясын жүргізеді, ал қалдықтардан сфалерит пен пириттің коллективті немесе селективті флотациясын жүргізеді. Мұндай сүлбе бойынша Зырян, Золотушин, Березов, Мизур, Сан-Франциско, Пандора, Булиден, Виханти, Бучане, Тульсеква, Гарпенберг, Раммельсберг және т.б фабрикалары жұмыс жасайды. Кейбір фабрикаларда жеңіл флотацияланатын өзге сульфидтердің және мыс сульфидтерінің кезеңді флотациясын қолданады.

Сульфидтедің вкрапленность ірі кендер үшін алдын ала ауыр ортада пайдалы минералдардың концентрациясын өткізеді ( жеңіл фракцияның шығысы 30% кем емес), асыл металдар мен ірітүйіршікті галенитті алу үшін өзге гравитациялық әдістерді қолданады (Зырян, Текелі, Сулливан, Мегген және т.б фабрикалар).

Сульфидті минералдардың вкрапленності бір текті емес кедерді байыту үшін Алмалық және Белоусов фабрикаларында флотайия мен ұнтақтаудың кезеңді сүлбелері қолданылады.

Көптеген фабрикаларда коллективті концентраттарды ары ұнтақтаудан өзге каралы концентраттарды және өндіріс өнімдерін ары ұнтақтау циклдері бар.

Ленинагор байыту фабрикасы қорғасын-мысты концентратты цианидсіз бөлу технологиясын қолданумен коллективті-селективті флотация сүлбесі бойынша жұмыс жасайды.

Фабрикада Риддер-Сокольный кенорындарының кендерін өңдейді, құрамы, %: сульфидті -85-90, аралас- 10, тотыққан – 2. Негізгі минералдары: галенит, сфалерит, халькопирит, пирит, церуссит, смитсонит, халькозин, тотыққан қорғасын 10%, мырыш 5%, екінші ретті мыс минералдары 20% бозарыңқы кендері. Бос жыныс: кварц, шпаттар, роговиктер, кварциттер, доломит, хлорит, серицит, слюдалар, кенде саз көп.

Байыту сүлбесіне үш кезеңді ұсақтау кіреді. Екінші кезеңнен кейін жуу, оның шламдары жіктеу мен ұнтақтаудан кейін, жуылған кен ұсақтау, ұнтақтау, жіктеуден кейін коллективті бөлу флотациясына түседі. 30%-ға дейін 0,063 мм класты ұнтақтаудың бірінші кезеңінен кейін құрамында алтыны бар өнімді бөлу үшін тұндыруды қолданады. Құрамында 70% 0,074 мм классы бар II кезең ұнтақтаудың жіктеу төгіндісі құрамында алтыны бар өнім алу үшін шоғырлағыш үстелдерге, үстел қалдықтары - коллективті флотацияға, ал өндіріс өнімі - коллективті концентратты ары ұнтақтауғы жіберіледі.

Коллективті флотацияны рН 8,5-9,5 (ұнтақтаудағы сода – 300г/т) болғанда бутил ксантогенатымен (120 г/т), трансформатор майымен (50 г/т), көбіктүзуші - полиэтиленгликолмен (50 г/т) жүргізеді. Барлық сульфидтердің алынуы 95% болғанда оларды қайта тазалайды, кейін екі чанда десорбция және спираль жіктегіште (D 2400 мм) 9 мин ішінде күкіртті натримен (220 г/т) шаюды жүргізеді, оның құмдары спираль жіктегіштерде қосымша жууға түседі, кейін ары ұнтақталады, төгінділері – қойылтқышқа және белсенді көмірмен кондицирлеу үшін әсерлесу чаныға түседі(40 г/т).

Мысты-қорғасынды цикл өндіріс өнімдері кенді-галькалы диірменде ары ұнтақталады.

рН 8,5-8,8 және цианит 25 г/т, цинк купаросы шығыны 160 г/т болғанда мысты-қорғасынды флотация жүргізіледі. Мысты-қорғасынды концентратты үш мәрте тазалап, мысты флотацияға бағыттайды, мысты-қорғасынды флотация қалдықтарын мырышты флотацияға. Мырышты флотацияны мысты купароспен рН10-11,5 болғанда және өткір бумен жылытып жүргізеді. Үш мәрте тазалаудан кейін мырышты концентрат сусыздандыруға жіберіледі.

Ленинагор фабрикасында мысты қорғасынды концентрат селекциясының Механобрде өндірілген циансыз әдісі алғаш қолданылған болатын. Қаттының тығыздығы 45 болатын мысты-қорғасынды концентратты диамері 1500 мм чанда 10 мин ішінде күкіртті натримен (40 г/т) және белседі көмірмен (80 г/т) десорбциялайды. Кейін қойыртпақ басқа түйіскен чанға түседі, оған рН 5,6-6 тудыру үшін күкірт қышқылы, қыздыру үшін бу және Na2SO3 бірге галенит депрессорлары FeSO4·5H2O беріледі. Циансыз технологиы мысты 9-10%, мырышты 1,5-2% концентратқа алуды арттырды, алтынның жоғалуын төмендетіп, үрдісті экологиялық тазалау етті. Құрамы 8% Сu, 40% РЬ, 10% Zn болатын коллективті концентраттан құрамындағы Сu 28%-ға дейін мысты концентрат алады.



1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет