Мамандығына арналған «Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ»



бет1/12
Дата17.04.2016
өлшемі2.65 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
ТАРИХ-ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ КАФЕДРАСЫ

Документ СМК 3 дәреже Редакция №1 от__________ У.12.01/2005

ПОӘК

050115 МАМАНДЫҒЫНА АРНАЛҒАН
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ»
ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Семей 2009


Құрастырушылар: Сабалақова А.У., Газизова Н.С., Башаева Н.Д.


Кафедра мәжілісінде бекітілген
Хаттама №_____ «_____»_________________2009 г.
Құқық және экономика негіздері кафедрасының

меңгерушісі э.ғ.к., доцент Алжанов А.К.


Тарих-филология факультетінің оқу-әдістемелік отырысында талқыланған


Хаттама №_____ «_____»_________________2009 г.

Тарих-филология факультетінің оқу Кеңесінде бекітілген


Хаттама №_____ «_____»_________________2009 г.
Тарих-филология факультетінің деканы:____________Адильбаева А.С

МАЗМҰНЫ:



  1. Глоссарий

  2. Пән бойынша жұмыс жоспары

  3. Дәрістердің қысқаша конспектісі

  4. Практикалық сабақтардың әдістемелік нұсқауы

  5. СОӨЖ әдістемелік нұсқауы

  6. СӨЖ әдістемелік нұсқауы

  7. Бақылау түрлері


Глоссарий


  1. Азаматтық құқық принциптері - нормативтік сипаты бар, қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеу бастаасын басшылыққа алатын негіз.

  2. Шарт - шаруашылық қызметінің негізгі құралы.

  3. Азаматтық заң күші - заң күшіне енгеннен бастап, оның күші жойылғанға дейін белгілі бір қатынасқа қолданылуындағы заңдық болмысына тән нысан.

  4. Заңды тұлға - өз атынан мүліктік құқықтар мен міндеттерді еншілейтін, оның құрамына кіретін тұлғалардан тәуелсіз өзі жауап беретін тұлға.

  5. Азаматтық құқық қатынастары - азаматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар.

  6. Азаматтық құқықтық қатынастардың субьектілері - әрбір құқық қатынастарының қатысушылары.

  7. Обьектілер - құқықтар мен міндеттердің қатысы бар мүліктік және мүліктік емес игіліктер.

  8. Заттар - азаматтық құқық қатынастарының обьектілері.

  9. Заттық құқық - заттар жөнінде туатын құқық.

  10. Жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар.

  11. Азаматтық құқық қабілеттілігі - Азаматтық Кодекстің 13 - бабында азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті.

  12. Азаматтық әрекет қабілеттілігі - азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі.

  13. Мүліктік оқшаулық - заңды тұлғаның экономикалық - құқықтың белгісі болып табылады және оның мүлікке заттық құқығын иелену.

  14. Дербес мүліктік жауапкершілік - ол заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап беруі.

  15. Ар - намыс - тұлғаның рухани және әлеуметттік болмысына берілетін қоғам бағасы.

  16. Өкілдік - басқа адамның атынан бір адамның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне ие әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасалған мәміле.

  17. Азаматтардың меншік құқығы - тиесілі мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету өкілеттігі.

  18. Міндеттемелік құқық - міндеттемелік қатынаста реттейтін азаматтық құқықтың қосалқы саласы болып табылатын, азаматтық құқық нормаларының жиынтығы.

  19. Зиян - заңмен қорғалатын игілік атаулының кемуі.

  20. Азаматтық құқық обьектісі - азаматтың құқықтық нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар.

  21. Цивильді құқық – римдік заңгерлер Рим азаматтарының құқығы.

  22. Цивилист – азаматтық құқық саласындағы мамандар.

  23. Мүліктік қатынастар – материалдық игіліктермен байланысы бар қоғамдық қатынастар.

  24. Азаматтық принциптер (қағидаттар)- нормативтік сипаты бар, қоғамдық қатынастарды азаматтық – құқықтық реттеу бастамасын басшылыққа алатын негіз.

  25. Субъектілер - әрбір құқық қатынастарында қатынасатын қатысушылары.

  26. Объект – құқықтар мен міндеттер не нәрсеге бағытталғаны.

  27. Азаматтық заңның күші – заң күшіне еңгеннен бастап, оның күші жойылғанға дейін белгілі бір қатынасқа қолдануындағы заңдық болмысына тән нысан.

  28. Түсіндіру – заңдардағы және басқа да дерекнамадағы жалпы қағидаларды нақтылы жағдайларға қолданудың қажетті негізі.

  29. Доктриналдық түсіндірутеорияда, ғылыми еңбектерде, оқулықтарда берілетін түсіндірме.

  30. Меншік құқығы – субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғанатын өзіне тиесілі мүлікті өз қарауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.

  31. Билік ету құқығы – мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заң мен қамтамасыз етілуі.

  32. Заттық құқық - өкілетті жақтың немесе өзге жақтардың заң актілері арқылы танылатын және қорғалатын құқық.

  33. тарату – заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттерінің мирасқорлыққа өткізбей тоқтату тәсілі.

  34. Заттар – азаматтық құқық қатынастарың объектілері.

  35. Заңдылық салдар – белгілі бір құқық қатынастарын тудыратын тұлғалардың әрекеттері.

  36. Мүліктілік – заңды белгі болып табылмайтын экономикалық түсінік.

  37. Азаматтық құқық қатынастары – азаматтық құқық нормаларырың талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар.

  38. Мүліктік оқшаулық – заңды тұлғаның экономикалық – құқықтық белгісіболып табылады және оның мүлікке заттық құқығын иеленуін білдіреді.

  39. Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз – ол заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап беруі.

  40. Қоғамдық бірлестік – заңдарға қайшы келмейтін, ортақ мақсаттарға жету үшін азаматтардың ерікті бірігуі нәтижесінде құрылған ұйым.

  41. Діни бірлестік – рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өз мүдделерінің ортақтығы негізінде заң актілерінде белгіленген тәртіппен біріккен азаматтардың ерікті бірлестігі.

  42. Бағалы қағаз – түрі мен мазмұнымен заң талаптарына қатаң бағынатын құжат.

  43. Конклюденттік әрекет (лат. Concludere – жасау) – сол арқылы тұлғаның мәмілеге қатысуға ние білдіру әрекеті.

  44. Пайдаланудың өкілеттік құқығы дегеніміз – мүлікпен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай – ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі.

  45. Билік ету құқығы – мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. (АК-тің 188-бабы 2 тармағы).

  46. Жеке кәсіпкерлік – азаматтардың тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған ынталы қызметі.

  47. Міндеттемені тоқтату дегеніміз – міндеттеменің мазмұнын құрайтын оның қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін жою болып табылады.

  48. Жаңғыртылу – міндеттемені тоқтату әдісі ретінде бастапқы міндеттемені жаңа міндеттемемен ауыстыру туралы әр жақтың өзара келісімі.

  49. Принциптер – Азаматтық құқық жүйесінде әр қашанда бастапқы норма.

  50. Азаматтық заңның күші деп – заң күшіне енгеннен басьап, оның күші жойылғанға дейін белгілі бір қатынасқа қолданылуындағы заңдық болмысына тән нысанын айтамыз.

  51. Құқықтық теңдік принципі дегеніміз – азаматтық – құқықтық қатынастарға қатысушылардың бәрі де меншік түріне, азаматтығына қарамастан бірдей құқықтық ахуалды білдіруі болып табылады.

  52. Жеке тұлға дегеніміз – ҚР-ның азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай – ақ азаматтығы жоқ адамдар.

  53. Заттық құқық деп – белгілі бір тұлғаның өз қарамағындағы жеке заттарға үстемдік етуін айтады.

  54. Триада – меншік иесінің өкілеттіктерінің сипаттамасы болып табылады.

  55. Жеке меншік – капиталистік экономиканың темірқағазы, сондықтан да жеке құқық жеке меншік құқығының қорғайды.

  56. Заң актісі – Коститутциялық заң, Қазақстан Республикасының Президентінің Конституциялық заң күші бар жарлығы, Кодекс, Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысы, сенат пен мәжілісінің қаулылары.

  57. Мұрагерлік құқық – Құқықтық жүйеде мұраға ие болу.

  58. Мүліктік оқшаулық – заңды тұлғаның экономикалық құқықтық белгісі және оның мүлікке заттық құқығын иеленуі.

  59. Дербес мүліктік жауапкершілік – заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап беруі.

  60. Тарату – заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттерін мирасқорлыққа өткізбей тоқтату тәсілі.

  61. Банкрот жариялау – заңды тұлғаны таратудың жеке жағдайы.

  62. Мекеме – құрылтайшы басқару, әлеуметтік – мәдени немесе коммерциялық емес сенаттағы өзге де қызметтерді жүзеге асыру үшін құрған және қаржыландыратын ұйым.

  63. Қоғамдық бірлесітік – заңдарға қайшы келмейтін, ортақ мақсаттарға жету үшін азаматтардың ерікті бірігуі нәтижесінде құрылған ұйым.

  64. Бағалы қағаз – түрі және мазмұны мен заң талаптарына қатаң бағынатын құжат.

  65. Конклюденттік әрекет – тұлғаның мәмілеге қатысуға ниет білдіру әректі.

  66. Пайдаланудың өкілеттік құқығы – мүлік пен пайдалы табиғи қаситеттерін алудың, одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі

  67. Билік ету құқығы – мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі.

  68. Жеке кәсіпкерлік – азаматтардың тауарларға сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған ынталы қызметі.

  69. Пайдалану құқығы – мемлекеттік мүліктен мемлекет пен жалпы қоғам мүшесі үшін пайданы алуға байланысты мемлекеттің өзіне тән мүмкіндігі.

  70. Құқықты қорғау – құқықтың бұзылуына жол берілмейтіндей жағдай жасайтын қоғамдық қатынастар тәртібін мемлекеттің қолдауы.

  71. Негаторлық талап – теріске шығару талабы.

  72. Келісім шарт - әр жақтың келісімі бойынша жасалатын шарт.

  73. Айып төлеу – кәсіпкерілік салада пайда болған міндеттемені орындауды қамтамасыз ету

  74. Ипотека – кепілге салынған мүлік кепіл салушының немесе үшінші бір жақтың иелігінде және пайдалануында қалатын кепіл түрі.



ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ




Курстың қысқаша мазмұны:

Азаматтық құқықты оқытудағы негізгі көзделген бағыт студенттерді азаматтық – құқықтық қатынастардың толық мазмұнымен таныстыру, олардың басқа салалардан айырмашылығын ажыратып көрсету. Азаматтық құқықтың қайнар көздерін кезектілікке сай жіктеу. Азаматтық құқық нормаларының мазмұнын дұрыс түсіндіру және оларды тәжірибеде дұрыс қолдануға үйрету.

Студенттер азаматтық құқықты оқып үйренгеннен кейін, күнделікті өмірде азаматтық істерге байланысты туындайтын қатынастардың мазмұнын дұрыс түсініп, азаматтық нормаларды белгілі деңгейде шебер қолдануы тиіс.

ҚР Азаматтық құқығы пәнін оқу барысында студент азаматтық құқықтық нормаларының мазмұнын білуі міндетті. Студент алған білімі бойынша азаматтық құқықтық нормаларды тәжірибеде қолдана алатындай танып білуі тиіс. Студент азаматтық заңдарды қолдану ерекшеліктерін және тәртібін азаматтық құқықтық қатынастарға қолдану ерекшеліктері туралы білуі міндетті. Тыңдаушы сонымен қатар азаматтық, құқықтық нормаларды нақты құқықтық жағдайларға қолдану және тәжірибелік талқылау жүргізе білуге міндетті.




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ ПӘНІНІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ МАЗМҰНЫ





Тақырыптар

Дәрістер

Семинар

СОӨЖ

СӨЖ




Модуль1 Азаматтық құқық ұғымы

1

-

-

-

1

Азаматтық құқығы туралы түсінік

1

1

3

3

2

Азаматтық құқық жүйесі

1

1

3

3

3

Азаматтық құқықтың қағидаттары

1

1

3

3




Модуль 2. Азаматтық құқықтық қатынастар

1

1

3

3

4

Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және қорғау

1

1

3

3

5

Азаматтар-азаматтық құқықтың субьектісі

2

1

3

3

6

Заңды тұлға- азаматтық құқықтың субьектісі

2

3

3

3

7

Мемлекет-азаматтық құқықтың ерекше субьектісі ретінде

1

1

3

3

8

Модуль3

Азаматтық құқықтың обьектілері

2


2


3


3


9

Азаматтық құқықтағы мәміле институты

2

2

3



3

10

Өкілдік және сенімхат

1

1

3

3

11

Мерзімдер. Талап қою мерзімі

1

1

3

3

12

Меншік құқығы

1

1

3

3

13

Меншік құқығының пайда болуы және тоқтатылуы

1

1

3

3

14

Басқа да заттық құқықтар

1

1

3

3

15

Ортақ меншік

1

1

3

3

16

Меншік құқығын қорғау

1

2

3

3

17

Міндеттеменің ұғымы мен тараптары

2

2

3

3

18

Азаматтық-құқықтық шарт. Жалпы ережелері

2

2

3

3

19

Міндеттемені орындау

1

1

2

2


20

Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері

1

1

1

1



21

Міндеттемені тоқтату

1

1

1

1


22

Азаматтық - құқықтық жауапкершілік

1

1

2

2




Барлығы

30

30

60

60




Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет