Манғыстау облысы Түпқараған ауданы Баутин поселкесі «Ақбота» балабақшасы



жүктеу 50.27 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі50.27 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
Манғыстау облысы

Түпқараған ауданы

Баутин поселкесі

«Ақбота» балабақшасы

Тәрбиеші:Сисенбекова Алия

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған іс-әрекеті:Тіл дамыту

Тақырыбы: «Ата көрген оқ жонар, шеше корген тон пішер»

Мақсаты:Ата –бабамыздың дәстүрлі ұлттық тәрбиесінің балалар санасын

жан-жақты ақыл-ойын өсіру, адамгершілік ізгі қасиеттерді сіңіру

барысында халқымыздың салт-дәстүр, әдет –ғұрыпын,мәдениетін,

өнерін үйрету,бойларына сіңіру дамыту.



Әдіс- тәсілдер:Әңгімелеу,шешендік сөздер,мақал-мәтелдер,әдептілік сөз-дер,ырым-тиым сөздер.

Көрнекіліктер:Ұлттық бұйым суреттері,торсық,түскиіз,келі-келсап,т,б, киіз үй бөліктері.

Сабақтың барысы:Балалар барлығымыз ортаға шығып,мына шаңыраққа байланған уықтарды бір-бірден ұстап жақсы тілектер айтамыз.

Аспанымыз ашық болсын!

Күніміз жарық болсын!

Көк туымыз желбірей берсін!

Еліміз тыныш болсын!

Отбасымыз аман болсын!

Достарымыз көп болсын!

Деніміз сау болсын!

Балалар қазақ халқының негізгі кәсібі мал бағу болғандықтан бір жерден екінші жерге жаз жайлауға,қыс қыстауға көшіп жүрген.Олар малмен күн көргендіктен бар өмірі малмен айналысуымен өткен.

-Қандай мал баққан.

-Сиыр,қой,жылқы,түйе,ешкі.

-Малдың пайдасы қандай?.

-Етін жейді,сүтін ішеді,терісін пайдаланады.(слайдтан көрсету).

Ата-бабамыз көшіп қонып жүруге ыңғайлы болу үшін киіз үйді пайдаланған.Ал енді қараңдаршы мынау киіз үй.

-Киіз үйдің бөліктерін атаңдар?

-Кереге,уық,шаңырақ,сықырлауық.

-Киіз үйдің ішіндегі заттарға көңіл аударайық.Киіз үйдің ішінде қоржын,сандық,бесік,текемет, алаша,түскиіз,торсық, келі-келсап бар екен.

-Балалар біреу келе жатқан сияқты асығыс екен.(Тазша бала кіреді).

-Сәлеметсіздерме балалар!Әрең жеттім-ау.Айтпақшы бұл қай жер?.

Тәрбиеші: «Ақбота» балабақшасы. Тазша бала сен қайдан жүрсің, бүгін біздің балалармен бірге ата-бабамыздың өмір тарихымен салт-дәстүрін,тілін,әдет-ғұрыпын әңгімелесіп жатыр едік. Сен отыр сағанда бір өлеңдер оқып берейік.

Киіз үй дөп-дөңгелек

Жыққан кезде он бөлек

Тіккен кезде топ етіп

Қала қалар дөңге кеп

Әлди-әлди ақ бөпем

Ақ бесікке жат бөпем

Айыр қалпақ кигізіп

Ақырып жауға тиісіп

Батыр болар ма екенсің?

Бармақтарың майысып,

Түрлі ою ойысып

Ұста болар ма екенсің?

Таңдайларың тақылдап,

Сөйлегенде сөз бермей

Шешен болар ма екенсің?

-Бұл біздің бесік жырымыздан а лынған.

Тазша бала: Ой қандай тамаша өлең. Мен жолда келе жатып бірнеше мақал ойлап едім,жартысын ұмытып қалдым.Басын бастап білсемде, аяғың ұмытып қала беремін.

1.Әке көрген –оқ жонар,

Шеше көрген тон пішер.

2. Әдепті бала – арлы бала

Әдепсіз бала – сорлы бала

3. Әдептілік белгісі –иіліп сәлем бергені.

4. Жақсы бала жол сілтейді.

Жаман бала қол сілтейді.

5. Үлкенге құрмет, кішіге ізет.

6. Атаның баласы болма,халықтың баласы бол.

Ойпырмай мына балалар мененде асып кетті-ау.Мен сендерге қиын тапсырма берейін.Қоржынның ішінде көп суреттер бар,сол суреттерді атап не үшін қолданатынын,неден жасағанын айтып беріңдерші?.

-Мынау торсық: Түйенің, жылқының терісінен илеп жасалған,оған ою жапсырады.Алыс жолға шыққанда,әсіресе көшкенде торсыққа қымыз,айран,шұбат құйып алып жүрген.

Бұл аяққап:Аяққап киізден жасалады.Оған аналарымыз ыдыс-аяқ салып қоятын болған.Күбі – ағаштан жасалып, сүтті ұйытып,піспегені пісіп,сары май жасалған.

Бұл түскиіз:Түскиізді Киіз үйдің керегесіне іліп,жылылық,әрі әдемілік үшін пайдаланған оны түрлі- түсті кесте жіппен әшекейлеген.

Тазша бала:Мәссаған мына балалар тіпті ақылды, білімді балалар екен ғой. Жарайды мен жаңа сендерге келе жатқанда жолдағы ауылдың жанынан өтіп бара жатып, бір топ балапанды көрдім, өздері сондай сүп-сүйкімді қоржыныма салып алдым. Міне көрдіңдер ме,қандай балапандар.

Тәрбиеші:Ой тазша бала.Неге сен ұрлық жасайсың? Балапандарды анасынан неге айырдың?

Жамандық жасамау керек.Балалар саған қазір тиым сөздер айтып жақсы,әдептілікке үйретеді,ал сен құлақ салып тыңда.

-Қане балалар тазша балаға тиым сөздерімізді айтып әдептілікке шақырайықшы.

1.Малды теппе, ақты төкпе.

2.Үйге жүгіріп кірме.

3.Бас киімді лақтырма.

4.Тізеңді құшақтама.

5.Бүйіріңді таянба.

6.Үйді айналып жүгірме

7.Есікті қатты жаппа.

8.Ұрлық жасама.

Тазша бала: Дұрыс екен,мен енді білетін болам. Көп рахмет.Мен алған затымды орнына апарып қояйын.Сау болыңдар .(Тазша бала кетеді).Есікті қағып би ата келеді.

Би ата:Сәлеметсіңдер ме, балалар.Осы жаққа Тазша бала келмеді ме?.

-Иә келіп кетіп қалды.

-Иә ол мақал-мәтелдерді дұрыс жаттай алмай қазақтың салт-дәстүрлерін әдет-ғұрыптарын үйренейік деп сіздерге кетіп еді ғой.

-Ал сендер білесіңдер ме?

Тәрбиеші: Бұл ата біздің балалар халқымыздың барлық салт-дәстүрін, әдет –ғұрыптарын, шешендік сөздерін жақсы біледі.

-Ал қандай қазақтың салт – дәстүрін білесіңдер?

-Шілдехана,тұсаукесер,сүндет той,қыз-ұзату,үйлену тойларын жатқызамыз.

Әдет-ғұрыпымызға баланы бесікке салу, балаға ат қою,жөн жоралғы беру,жар-жар айту,сыңсу, шашу-шашу, бет ашу т.б.

Балалар ата-бабамызда 7 деген сан өте қасиетті сан болып есептеледі.Жеті атамызды білемізбе?.

Балаларға жеті атасын айттыру.

Би ата: Жарайсыңдар балалар! Ертеде аталарымыз өте шешен болған.Әр айтар сөзді,берер жауапты шешендік үйлесімді сөзбен жеткізген.

Тәрбиеші:Иә ,Би ата біздің балаларда сол аталарымыздан қалған шешендік сөз өнерін жаттап біліп үйреніп өсіп жатыр.

Әйтеке би: Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.

Ашу деген – ағын су.

Алдың ашсаң арқырар.

Ақыл деген-дария

Алдын тоссаң тоқырар.

Бұқар жырау: Көш бастау қиын емес

Қонатын жерде суы бар

Қол бастау қиын емес

Шабатын жерде жау бар

Шаршы топта сөз бастау,қиын

Шешімін таппас дауы бар,-

Ой балалар неткен,керемет шешен балалар екенсіңдер кәне, күштеріңді сынап көрсетінші. Белімді бұған бір арқан бар еді. (Ортаға арқан тасталып балалар «Арқан тарту» ойынын ойнайды).

Би: -Көп рахмет балалар. Өнерлерің үстем болсын.Ақылды,адал,еңбекқор адам болыңдар.Мен жолға щығайын. Сау болыңдар. (Би ата кетеді).

Тәрбиеші: Балалар бүгін сабағымызда,ата-бабамыздан мирас болып қалған әдет –ғұрпымызды салт-дәстүрімізді есімізге түсіріп одан ары білімдерімізді толтырдық.

Енді алдарыңызда тұрған қағазда көп нүктелер бейнеленген сол нүктелерді жаңылмай сызып шықсақ қазақтың ою-өрнектері шығады. Сол оюларды атап айтып беріңдерші.



(Балалардың жұмысы, істелген жұмыстар бойынша сұрақ – жауап алу. Балаларды мадақтау). Сабақты қорытындылау. Сабақ аяқталды



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет