Мақсаты: оқушыларға оқулықтың шығу тарихынан қысқаша мағлұмат беру, қазіргі заманғы кітап түптеу, баспа орындарымен, кітапханалармен сырттай саяхат жасау арқылы оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын дамыту; оқулықты құрметтей білуге



жүктеу 73.59 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі73.59 Kb.
: 2016
2016 -> А. С. Макаренконың өмірі мен педагогикалық қызметі
2016 -> Ян Амос Коменскийдің педагогикалық қызметі мен теориясы. (1592-1670жж)
2016 -> «абай жолы» романындағы тарихи шындық эволюциясы
2016 -> Келісілді бекітемін
2016 -> Ердембеков бауыржан аманкелдіұлы абайдың әдеби ортасы және ақындық мектебі
2016 -> «Үштілде білім беру – көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың негізі»
2016 -> Махамбет аудандық білім бөлімі Тақырыбы
2016 -> «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы еншілес ұйымдарының тізімі
2016 -> Тақырыбы: Абай Құнанбаев Сабырсыз, арсыз, еріншек
2016 -> Қосымша 1 «1 наурыз – Алғыс айту» күнін мерекелеу бойынша
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

№2 Аманқарағай орта мектебі» ММ

«Кітап – ақылшы досың»
(ертеңгілік)

Орындаған: Бесенова А.А.

Кітапхана белсенділері

2013-2014 оқы жылы


«Кітап – ақылшы досың»


Мақсаты: оқушыларға оқулықтың шығу тарихынан қысқаша мағлұмат беру, қазіргі заманғы кітап түптеу, баспа орындарымен, кітапханалармен сырттай саяхат жасау арқылы оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын дамыту; оқулықты құрметтей білуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулу; оқушының білімдік танымын өмірмен байланыстыра отырып арттыру; кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру

Көрнекілігі: кітаптар көрмесі, нақыл сөздер, слайд.

  

Кітап – адам өмірінің таусылмас қазынасы мен дүниенің айнасы, ғылым – білімнің көзі, өнер мен тәрбие құралы, өмір күресінің ең мықты қаруы болатын ақылшы досың. (2-слайд)

 

Кітапханашы: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін «Кітап – ақылшы досың» атты ертеңгілігімізді тамашалауға келіп отырсыздар.

Балалар, бұл жол басы даналыққа,

Келіңдер, оқып байқап қаралық та.

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,

Соларды көре тұра қалалық па?

Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық,

Жүріңдер іздеп, тауып алалық та! (3 – слайд)

Кітап – адам баласының ақыл – ойынан туған рухани байлықты сақтап қалатын, оны ұрпақтан – ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал. Кітап – араб сөзі. Ол қазақша «жазу», «жазба» деген мағынаны білдіреді. (4-слайд)

1 – жүргізуші:

Адамның досы – кітап, өмір кілті,

Тең келмес оған жиған дүние-мүлкі,

Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,

Асыл ой қазынасы, өмір көркі.

2- жүргізуші:

Тұрады басын құрап әріп неден,

Басталған білім басы Әліппеден.

Қарасақ шалқар теңіз, түпсіз мұхит,

Оқысақ, кітап сырын ашып терең.

1- жүргізуші: Кітап алғаш саз балшыққа үшкір ағашпен жазылып, күнге кептіріліп жүрді. Кейін Мысыр елінде балшық орнына папирус өсімдігі пайдаланылды да, кітап қолжазба түрінде тарады. (5, 6 слайдтар)

2 – жүргізуші: 1041- 48 жылдары Қытайда Би Шэн тұңғыш рет кітап басып шығарды.

Кітап басу – қолжазбаны дайын кітап етіп шығаратын полиграфиялық өндіріс процесстерінің жиынтығы. Кітап басу негізін әріп теру және оны қажетті бетке көшіру процестері құрайды.



1 – жүргізуші: Еуропада кітап басу ісі 15 ғасырдың 40 жылдарында неміс өнертапқышы И. Гутенбург баспа станогын ойлап тапқаннан кейін қолға алынды. 1461 жылы Бамбургте баспаханашы А. Пфистер ағаштан жасалған шрифтімен суретті кітап шығарды. Алғашқы кітап басу станогі өздеріңіз көріп отырғандай түрде болған. (7-слайд)

 

1 – жүргізуші: Ресейде «Апостол» атты тұңғыш кітапты 1554 жылы И.Федоров пен П. Мстиславец басып шығарды. Алдарыңызда осы алғашқы орыс кітабының нұсқасын көріп отырсыздар. (8-слайд)

 

2- жүргізуші: Қазақ даласында мектеп салған, қазақ балаларына арнап «Әліппе» жазған кім деп ойлайсыңдар? (көрерменге қойылатын сұрақ).

Жауабы: Ы. Алтынсарин.

Тұңғыш қазақша кітаптар 1800 жылы шығарыла бастады.

 

1 – жүргізуші:

Кітапты оқымайды сыйламаған,

Білімге жанын жанып қинамаған.

Өсірген кімнің болсын ой-өрісін,

Сол кітап сырын ашып терең.

 

2-жүргізуші:

Түлекті тәрбиелер кітап – мектеп,

Өседі сол кітаптан бұрақ көктеп.

Молайтып ақылыңды сан еселеп,

Береді білім нәрін кітап көптеп.

 

1- жүргізуші:

Музыкалық өнер:

1477 жылы Флоренциялық баспаханашы Ли Лоренцо мәтін мен суреттерді бір қалыпқа құрастырып кітап басып шығарды.



2-жүргізуші:

16-18 ғасырларда баспа станогінің қолмен атқарылатын жұмыстары механикаландырылып, оның ағаш қалыптары металмен ауыстырылды.



1- жүргізуші:

1814 жылы неміс өнертапқышы Ф. Кениг машинка ойлап тапты, сол машинканың арқасында жаңаша басылымда Таймс газетін басып шығарды.



2-жүргізуші:

19 ғасырдың аяғында өндіріске теру және брошюралап түптеу машиналары қосылды. 1867 жылы алғаш автоматты теру машинасы жасалынды.



1- жүргізуші:

20 ғасырдың орталарында кітап басуда электроника техникасы кеңінен қолданыла бастады.

 

2 – жүргізуші:

Көрініс. «Кітаптың киесі».

Автор: Әсет кітап оқымайтын. Тек ойыншықтармен ойнап, компьютерде отыратын. Кітаптарын жыртып – жыртып, лақтырып тастайтын. Ол таңертең тұрып, анасының кітап арқылы жасаған түрлі – түрлі дәмі тіл үйіретін тағамдарын жеп болып, ойынға кететін. Осылайша алтындай уақытын босқа өткізетін.

Кешкі уақыт болды. Ол әлі компьютер алдында. Әсет «шіркін, менің түсіме періште келсе екен. Ол арманымды орындайтын болса, кітап жоқ болсын дер едім. Кітап деген немене. Әшейін - ақ зат, оқитын түгі жоқ.» деп ойланып отырып, сол күйінде ұйқыға кетеді.

 

Кенет түсіне періште келеді. Ол Әсеттен:



Періште: Саламатсың ба, балақай! – дейді жай үнмен.

Автор: Әсет ұйқылы – ояу көзін ашып:

Әсет: О – о – о, періште! Сәлеметсің бе?, – деді таңырқаған үнмен.

Періште: Жағдайың қалай?

Әсет: Жақсы.

Періште: Әсетжан, мен сенің бір ғана арманыңды орындаймын. Өзіңнің қиялыңды айта ғой. Тек жақсылап ойлан.

Әсет: Менің арманым – кітап жоқ болсын.

Періште: Ай, балақай, сен жақсылап ойландың ба? Ойыңды өзгертпейсің бе?

Әсет: Жоқ, өзгертпеймін. Менің жалғыз арманым – осы.

Періште: Жарайды, балақай, бірақ кейін өкініп қалма.

Автор: Таң атты. Әсет ұйқыдан тұрып, жуынып келіп, үстелге отырады. Алдына анасы үнемі тамақ әзірлеп қоятын. Бірақ бүгін тамақ жоқ. Неге?

Әсет: Мама, мама! Тамақ қайда?

Мамасы: кітап болмаса, тамақ қайдан болсын?

Автор: Әсет біраз ойланып тұрып, басын төмен салбыратып, мұны

ұмытқандай болып, бөлмесіне кетеді. Бөлмеге келіп ойыншық ойнайын десе ойыншық жоқ. Қайда кетті?

Әсет анасынан: Мама, мама, менің ойыншықтарым қайда?

Мамасы: кітап болмаса, ойыншық қайдан болсын?

Автор: Әсет бұған да көніп, енді компьютер ойнайын десе, компьютер істемейді. Неліктен?

Әсет: Мама, мама. Компьютер неге істемейді?

Мамасы: кітап болмаса компьютер қайдан істесін?

Автор: Әсет өзінің қылығына қатты өкінеді.

Әсет: «Шіркін тағы періште түсіме енсе, мен өмірде кітап болсын дер едім. Әттең, мен өз қолымда болған мүмкіндіктен айрылдым. Кітап қадірін мен неге ертерек ұқпадым екен?» – деп қатты өкінеді.

Автор: Кітап арқылы әр адам әлемдегі бар нәрсені біле алады. Кітап – білім бұлағы. Кітап – асыл мұра, дара тұлға.

 

1- жүргізуші:

20 ғасырдың соңында техникада пайда болған жоғары баспа машиналары Қазақстанда офсеттік және цифрды баспаның кең өріс алуына ықпал жасады. Офсеттік құрал дегеніміз компьютермен теру, фото теру автоматтары. Осының негізінде Қазақстанда қазіргі заман талабына сай бірнеше типографиялар іске қосылды.

Қазір Қазақстанда 200-ден астам типография кітап басу ісімен айналысады. (9 – слайд)

 

2- жүргізуші:

Кітап графикасы – графиканың бір түрі. Кітап графикасына кітапты иллюстрациялау мен құрылымын үйлестіру, яғни мұқаба, ішкі беті – титул және кітаптың басқы беттері мен соңғы беттерін безендіру жатады. Графикалық безендіру мәтіндік материалдарды толықтырып, кітап құрылымының макетін құрайды. Кітап графикасы Қазақстанда 1920-30 жылдары қалыптаса бастады. (10 – слайд)

 

1- жүргізуші:

«Кітапханадағы ой»

Кітапхана – бар білімнің ордасы,

Ала білсең таусылмайтын қазынасы.

Оқу, білім сәуле құйса санаңа,

Өміріңе аз емес қой пайдасы.

«Ақыл азбас, білім тозбас кен», – дейді,

Іздемесең – бақыт өзі келмейді.

Білім жолын таба білсең ерінбей,

Ол жаққан от өмір бойы сөнбейді.

 

 

2 – жүргізуші:  



Ортамызға періштені шақырамыз өзінің жасыратын жұмбақтары бар.

 Періште:

Ашылып, жабылады,

Әр үйден табылады. (Есік)


Алуан түрлі із салғанның өзі еді,

Өзінен де пайдалысы өзегі. (Қарындаш)


Суға батпайды,

Отқа жанбайды. (Мұз)


Арықта бар

Сезімде жоқ.,

Балықта бар,

Теңізде жоқ.         Бұл қай әріп ? ( А )


Жұпар исі еседі,

Бастап тұрған қай әрі

Жайнап бақта өседі.

Қайсы әріптен басталған,

Аты не кім шешеді ?   ( Г )
Аюда бар,

Қасқырда жоқ.

Оюда бар,

Басқұрда жоқ. (Ю)


Әкеңде бар,

Атаңда жоқ.

Тәтенде бар,

Апаңда жоқ. (Ә)


1 – жүргізуші:

Оқы талмай, түй санаңа, оқырман,

Сыр құяды, нұр құяды бойыңа.

Таза ұстап, кітап оқы қастерлеп,

Бар білімді егеді ол миына.

 

2- жүргізуші:

Есіңде болсын! (11 – слайд)

Кітабыңды құрметте.

Кітапты оқығанда ойға сақтауға, өмірге пайдалануға әдеттен.

Кітапты ұқыпты, таза ұста.

Кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме.

Кітап беттерін жыртпа.

Кітапқа сурет салма, жазба.

Тамақ ішіп отырып кітап оқыма.

Кітап арасына қалам салма.

Кітапты жоғалтып алма.

 

1- жүргізуші:

Кітап – қымбат дос. Ол сенің айыбыңды ашпайды, сырыңды сыртқа шашпайды. Саған әр уақытта үндемей көмектеседі. Әрдайым айтқаныңа көнеді, айдауыңа жүреді, ақы сұрамайды, бірақ сен де кітапқа қайырымды бол. Оны сүй! Кітаптан үйренген жақсылығыңды жұртқа үйрет! Кітап – көп ақылдың құйылған көлі, ортақ мүлік, халық қазынасы, сарқылмас білім бұлағы.



Кітапханашы:

Балалар, біздің ата-бабаларымыз «Кітап – көп ақылдың құйылған көлі», «Кітап – білім бұлағы», «Кітап – ғажап дос» деп бекер айтпаған. Кітап – шебер ұстаз, тілсіз мұғалім. Кітап – адал пейіл, асыл дос. Барлық білімді кітаптан аламыз. Кітап бізді қайырымдылыққа, адалдыққа, әділдікке үйретеді.



Осымен, «Кітап – ақылшы досың» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Сау болыңыздар. (12-слайд)



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет