«Мақта қолхаттарын беру арқылы, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты



жүктеу 227.37 Kb.
Дата03.04.2016
өлшемі227.37 Kb.
: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Жылдарга “Кургак учук-iv” программасы
2013 -> Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
2013 -> Создание информационной системы движения ценных бумаг на примере атф банка
2013 -> 1 Геологическая часть
2013 -> Оригинал: Политическая деятельность Урус-хана и его место в истории казахской государственности // Отан тарихы (Отечественная история). 2006, №1, стр. 89-95
2013 -> «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты
2013 -> I тарау. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
2013 -> Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды
2013 -> Мазмұны кіріспе
2013 -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!


«Мақта қолхаттарын беру арқылы, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Мақта қолхаттарын беру арқылы, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) стандартын әзірлеуші мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі.

2. Мемлекеттiк қызмет мекенжайлары осы стандартқа  1-қосымшада көрсетiлген облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен (бұдан әрi – жергiлiктi атқарушы орган), сондай-ақ www.e.gov.kz «электронды үкімет» веб-порталы арқылы немесе www.elicеnse.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

3. Мемлекеттiк қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетiледi.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:

1) жергілікті атқарушы органда:

көрсетілетін қызметті алушы өтінген сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

лицензияны беру үшін – он жұмыс күнінен кешіктірмей;

лицензияны қайта ресімдеу үшін – жеті жұмыс күнінен кешіктірмей;

лицензияның телнұсқасын беру үшін – екі жұмыс күні ішінде;

қажетті құжаттарды тапсыру кезіндегі кезекте күтудің ең жоғары шекті уақыты – отыз минуттан аспайды;

мемлекеттік қызметтің нәтижесін алу кезіндегі кезекте күтудің ең жоғары шекті уақыты – отыз минуттан аспайды;

2) порталда:

көрсетілетін қызметті алушы өтінген сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

лицензияны беру үшін – он жұмыс күнінен кешіктірмей;

лицензияны қайта ресімдеу үшін – жеті жұмыс күнінен кешіктірмей;

лицензияның телнұсқасын беру үшін – екі жұмыс күні ішінде.

Жергілікті атқарушы орган көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарын тапсырған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактілері анықталған жағдайда жергілікті атқарушы орган көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді түрде бас тартады.

5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: электрондық және қағаз түрінде.

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын (бұдан әрі лицензия) беру не уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі ЭЦҚ) қойылған электронды құжаттар нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді түрдегі жауап болып табылады.

Көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті органға лицензияны қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда лицензия электронды форматта ресміделеді, басып шығарылады, мөр басылады және оған жергілікті атқарушы органның басшысы қол қояды.

Егер жергілікті атқарушы орган белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензияны бермеген не лицензияны беруден дәлелді түрде бас тартуды ұсынбаған жағдайда, оны беру мерзімі өткен күннен бастап лицензия берілді деп есептеледі.

Жергілікті атқарушы орган лицензияны беру мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге тиісті лицензияны беруге міндетті.

7. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету (лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру) үшін көрсетілетін қызметті алушы «Салық және бюджетке төленетің басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде белгіленген мөлшерде және тәртіппен бюджетке қызмет айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымды қолма-қол немесе қолма-қол емес тәсілмен төлейді.

Лицензия және лицензияның телнұсқасын беруге лицензиялық алымның мөлшерлемесі 10 айлық есептік көрсеткішті құрайды, лицензия қайта ресімдеуге – лицензия беру кезіндегі мөлшерлемеден 10%, бірақ 4 айлық есептік көрсеткіштен артық емес.

Лицензиялық алымды төлеу бюджеттік жіктеуіш коды – 105402, төлем тағайындау коды – 911 деректемелері бойынша екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

Портал арқылы лицензия алуға электронды түрде сұрау берілген жағдайда, төлем «электронды үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы жеке кабинетіне лицензиялық алымның төленгені туралы үшін электронды чек жіберіледі. Төлем туралы ақпарат қызметтерге төлем жасау тарихында сақталады.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі жұмыс кестесі:

1) құжаттарды жергілікті атқарушы органдарда уәкілетті органа қабылдау пошта арқылы немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген жұмыс кестесіне сәйкес мекенжайлар бойынша.

Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

2) порталда – тәулік бойы.  

9. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн көрсетілетін қызметті алушы мыналарды ұсынады:

жергiлiктi атқарушы органдарға:

1) лицензия алу үшiн:

осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

өтініш берушінің заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiк* немесе анықтама;

уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және мемлекеттік алушының өкілі өтініш берген кезде өкілдікке уәкілдікті куәландыратын құжат;

жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған нұсқасы);

біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар.

Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінде қамтылған лицензия және ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы ақпарат құжаттарының мәліметтерін Портал арқылы уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ қойылған электронды құжаттар нысанында алады.

Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы берілген куәлік заңды тұлғаның қызметiн тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады;

2) лицензияны қайта ресiмдеу үшiн:

осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған нұсқасы).



3) лицензияның телнұсқасын алу үшін:

осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған нұсқасы).

Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелеріндегі лицензия туралы мәліметтерді Портал арқылы уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭЦҚ кәуәландырылған электронды құжаттар нысанында алады.

Құжаттарды қабылдау кезінде жергілікті атқарушы органның жұмыскері түпнұсқасын көшірмесімен және мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтермен түпнұсқалығын салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқасын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

Порталда:

1) лицензия беру үшін:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы ақпарат.

осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес қызметтің тиісті кіші түріне мәліметтер нысаны түрінде біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы ақпарат.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерінде қамтылған лицензия және (немесе) ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы ақпарат құжаттарының мәліметтерін жергілікті атқарушы орган Портал арқылы уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ қойылған электронды құжаттар нысанында алады;

2) лицензияны қайта ресiмдеу үшiн:

мемлекеттік қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы ақпарат;



3) лицензияның телнұсқасын алу үшін:

мемлекеттік қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы ақпарат.

Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінде қамтылған лицензия және ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы ақпарат құжаттарының мәліметтерін Портал арқылы уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ қойылған электронды құжаттар нысанында алады.

10. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту үшiн негiз:

1) осы субъектiлер санаты үшiн қызмет түрiмен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынуы;

2) қызмет түрiне лицензия беруге өтiнiш берiлген жағдайда жеке қызмет түрiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық жарнаның төленбеуi;

3) көрсетілетін қызметті алушының бiлiктiлiк талаптарына сәйкес болмауы;

4) көрсетілетін қызметті алушыға лицензияны беруi тиiс мемлекеттiк органмен келiсiлмеуi;

5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған жеке қызмет түрлерiмен айналысуға тыйым салатын заңды күшiне енген сот үкiмiнiң болуы;

6) сот орындаушысы ұсынымының негiзiнде соттың мемлекеттiк қызмет алушыға лицензия алуға тыйым салуы;

7) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 40-бабында көзделген негiздер негiз болып табылады.

Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты көрсетілетін қызметті алушы жергiлiктi атқарушы органда не порталдағы «жеке кабинетiнде» электрондық құжат түрiнде алады.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге шағымдану тәртібі
11. Жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсіндіруді, сондай-ақ шағымды дайындауға көмек көрсетуді осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайларда орналасқан жергiлiктi атқарушы органдардың заң қызметiнiң мамандары жүзеге асырады.

Портал жұмысына шағымдану тәртібі туралы ақпаратты call-орталықтың: (1414) телефоны арқылы алуға болады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген немесе сыпайы қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым тиісті әкімнің атына көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша:


  1. осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген жұмыс кестесіне сәйкес мекенжайлар бойынша жергілікті атқарушы органның кеңсесіне;

  2. осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген тиісті жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналасқан әкімнің блогына жүгіну арқылы беріледі.

Портал дұрыс жұмыс істемеген жағдайда шағым call-орталықтың: (1414) телефоны бойынша беріледі.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

Шағым шағымда көрсетілген мәселелерді шешу құзыретіне кіретін лауазымды тұлғаның атына беріледі.

Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), пошталық мекенжайы, шағым берген күні және көрсетілетін қызметті алушының қолы көрсетіледі.

Шағым берген кезде әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағым берілетін лауазымды тұлғаның лауазымы, тегі мен аты-жөні, өтініш білдіру себептері және талаптары көрсетіледі.

13. Шағым жергілікті атқарушы органның кеңсесіне берілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға күнi мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды тұлғаның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талонды беру шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты тиісті жергілікті атқарушы органның кеңсесіндегі лауазымды тұлғалардан алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде, шағымның қаралу барысы (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы, қарастырылу нәтижесі туралы белгі) туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» қол жетімді болады.



Шағымдарды қарау «Мемлекеттік қызмет туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіпте және мерзімде жүзеге асырылады.

4. Өзге талаптар
14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат:

  1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minаgri.kz интернет-ресурсында;

  2. осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген жергiлiктi атқарушы органдардың интернет-ресурстарында;

  3. порталда орналастырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты call-орталықтың 1414 телефоны бойынша алуға болады.

15. Көрсетілетін қызметті алушы қосымша ақпаратты жергілікті атқарушы органдардың кеңселерінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсынан ала алады.




«Мақта қолхаттарын беру арқылы,

қойма қызметі бойынша қызметтер

көрсетуге лицензия беру, қайта

ресімдеу, лицензияның

телнұсқасын беру» мемлекеттік

қызмет стандартына

1-қосымша



Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының мекенжайы мен телефондары


Рет№

Жергілікті атқарушы органның атаулары

Орналасқан жерінің мекенжайы, жұмыс кестесі

Байланыс деректері

Интернет- ресурс

1

2

3

4

5

1.

«Ақмола облысы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекеме

Көкшетау қаласы,
Абай көшесі, 85.

Жұмыс күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 18:30-ге дейін, үзіліс 12:30-ден 14:00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндері



телефон: 8(7162)25-07-72, 25-55-11;

электрондық пошта: economy_cx@ mail.ru,


kanz_akim@akmo.kz

www.akmo.kz

2.

«Алматы облысы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекеме

Талдықорған қаласы,
Тәуелсiздiк көшесі, 38.

Жұмыс күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 18:30-ге дейін, үзіліс 12:30-ден 14:00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндері



телефон: 8(7282)27-08-18;
электрондық пошта: obl_dsh@ almaty-reg.kz, tkoblakimat@ global.kz

www.zhetysu-gov.kz

3.

«Атырау облысы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекеме

Атырау қаласы,
Әйтеке би көшесі, 77.

Жұмыс күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 18:30-ге дейін, үзіліс 12:30-ден 14:00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндері



телефон: 8 (7122)35-45-03;
электрондық пошта: atirauagro@mail.ru

www.atyrau.gov.kz

4.

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекеме

Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы, 40.

Жұмыс күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 18:30-ге дейін, үзіліс 12:30-ден 14:00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндері



телефон: 8 (7132)56-03-07, 54-17-39;

электрондық пошта: sh_zemledelie@ mail.ru,


do.aktobe@ minagri.kz

www.akto.kz

5.

«Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты»

Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40.

Жұмыс күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 18:30-ге дейін, үзіліс 12:30-ден 14:00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндері



телефон: 8 (7232)
26-42-48,24-23-04, 20-42-42;
электрондық пошта:
ispaevt@yandex.ru

www.akimvko.gov.kz

6.

«Жамбыл облысы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекеме

Тараз қаласы,
Абай көшесі, 119.

Жұмыс күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 18:30-ге дейін, үзіліс 12:30-ден 14:00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндері



телефон: 8 (7262)43-28-94, 45-88-31;

факс:45-42-05,

45-46-28


www.zhambyl.kz

7.

«Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекеме

Орал қаласы,
Қ.Аманжолов көшесі, 75.

Жұмыс күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 18:30-ге дейін, үзіліс 12:30-ден 14:00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндері



телефон: 8 (7112)51-35-41,45-29-27;
электрондық пошта: dshzko-zemotdel@

rambler.ru, dshko-admotdel@rambler.ru



www.westkaz.kz

8.

«Қарағанды облысы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекеме

Қарағанды қаласы,
Мир бульвары, 39.

Жұмыс күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 18:30-ге дейін, үзіліс 12:30-ден 14:00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндері



телефон: 8 (7212)42-10-80;

электрондық пошта: dsh_canc@ krg.gov.kz



www.karaganda-region.kz

9.

«Қостанай облысы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекеме

Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66.

Жұмыс күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 18:30-ге дейін, үзіліс 12:30-ден 14:00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндері



телефон: 8 (7142)57-50-03;
электрондық пошта: dsh-zem@kostanay.kz

www.kostanay.gov.kz

10.

«Қызылорда облысы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекеме

Қызылорда қаласы,
Ы.Жақаев көшесі, 76.

Жұмыс күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 18:30-ге дейін, үзіліс 12:30-ден 14:00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндері



телефон: 8 (7242)26-26-44;

электрондық пошта:


sh_kyzyl@mail.ru

www.e-kyzylorda.gov.kz

11.

«Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекеме

Ақтау қаласы, 14-шағын аудан, 1.

Жұмыс күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 18:30-ге дейін, үзіліс 12:30-ден 14:00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндері



телефон: 8 (7292)31-17-77;
электрондық пошта: so.mangistau@ rambler.ru

www.mangystau.kz

12.

«Павлодар облысы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекеме

Павлодар қаласы,
Ак. Сәтпаев көшесі, 49.

Жұмыс күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 18:30-ге дейін, үзіліс 12:30-ден 14:00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндері



телефон: 8 (7182)32-25-67;

электрондық пошта: kense.dsh@pavlodar. gov.kz



www.pavlodar.gov.kz

13.

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекеме

Петропавловск қаласы,
Қазақстан Конституциясы көшесі, 58.

Жұмыс күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 18:30-ге дейін, үзіліс 12:30-ден 14:00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндері



телефон: 8 (7152) 46-24-52, 36-07-45;

электрондық пошта: akimat@sko.kz,


dshag@mail.ru

akimat@petr.kz



www.sko.kz

14.

«Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекеме

Шымкент қаласы,
Тәукехан көшесі, 17.

Жұмыс күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 18:30-ге дейін, үзіліс 12:30-ден 14:00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндері



телефон: 8 (7252) 53-03-33;

электрондық пошта:dsh_uko@ mail.ru



www.ontustik.gov.kz

15.

«Астана қаласы әкiмiнiң аппараты» Мемлекеттiк мекеме

Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесі, 11.

Жұмыс күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 18:30-ге дейін, үзіліс 12:30-ден 14:00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндері



тел.: (7172)55-69-80, 55-69-79, 55-54-85;

электрондық поштасы: usx@astana.kz



www.astana.kz

16.

«Алматы қаласы әкiмiнiң аппараты» Мемлекеттiк мекеме

Алматы қаласы, Республика алаңы, 4.

Жұмыс күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 18:30-ге дейін, үзіліс 12:30-ден 14:00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндері



тел.: 8 (727) 272-58-17, 271-65-89;электрондықпоштасы: vet_otdelalmaty@ rambler.ru

www.almaty.kz

«Мақта қолхаттарын беру арқылы,

қойма қызметі бойынша қызметтер

көрсетуге лицензия беру, қайта

ресімдеу, лицензияның

телнұсқасын беру» мемлекеттік

қызмет стандартына

2-қосымша 

___________________________________________________________________

(лицензиардың толық атауы)

___________________________________________________________________

(заңды тұлғаның толық атауы, БСН деректемелері)


Өтiнiш

____________________________________________________________________ (қызметтiң түрi көрсетiлсiн)

___________________________________________________________________
_______________________________________________________ жүзеге асыруға арналған лицензияны беруді, лицензияны қайта ресімдеуді, лицензияның телнұсқасын беруді сұраймын (қажетінің астын сызу керек), лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруiңiздi сұраймын.

Мекенжайы __________________________________________________________


                (индексi, қала, аудан, облыс, телефон, факс, е-mail)

___________________________________________________________________


Банк шоты __________________________________________________________
              (шот нөмiрi, банктiң атауы және орналасқан жерi, телефон, факс, е-mail)

Филиалдары (өкiлдiктерi, объектiлерi, пункттерi, учаскелерi) ________________


__________________________________________________________________
 (орналасқан жерi және деректемелерi)

Қоса берiлетін құжаттар: ______________________________________________


__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Басшы ____________   _______________________________________________


         (қолы)     (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)–(бұдан әрі–Т.А.Ә.)
Мөр орны                      20 __ жылғы _____________
Өтiнiш 20 __ жылғы __________________ қарауға қабылданды

___________________________________________________________________

(жауапты адамның қолы, Т.А.Ә.)

«Мақта қолхаттарын беру арқылы,

қойма қызметі бойынша қызметтер

көрсетуге лицензия беру, қайта

ресімдеу, лицензияның

телнұсқасын беру» мемлекеттік

қызмет стандартына

3-қосымша 




Мақта қолхаттарын бере отырып, қойма қызметi бойынша

қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны

Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысу шартының нөмірі және берілген күні _________________

Мақта тазалау зауытының меншік құқығын растайтын жылжымайтын мүлікке және онымен жасалған мәмілелерге және заңнамада белгіленген нысан бойынша үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша оған ауыртпалықтың жоқтығына құқықты тіркеу органы анықтамасының нөмірі және берілген күні ____________________________________________________________________

Мақта тазалау зауытында болуы туралы мәліметтер:




Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

«___» ____ 20__ жылы бары

Жағдайы

1

2

3

4

Мақта қабылдау пункті

дана







Шиттi мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөнiндегi технологиялық операцияларды жүзеге асыруға арналған жабдық

сағатына дана/тонна







Таразы жабдығы

дана







Белсенді желдету жабдығы

дана







Тиеу-түсіру механизмдері

дана







Мақтаның сапасын анықтауға арналған өндiрiстiк-технологиялық зертхана

дана






Мақта тазалау зауыты тұрған жерден тыс орналасқан мақта қабылдау пунктiнде болуы туралы мәліметтер:




Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

«___» ____ 20__ жылы бары

Жағдайы

1

2

3

4

Шиттi мақтаны қоймаға жинауға және сақтауға арналған ашық (жабық) алаң

шаршы метр







Таразы жабдығы

дана







Сынамаларды iрiктеуге және шиттi мақтаның сапасын анықтауға арналған зертханалық жабдық

сағатына дана/тонна







Тиеу-түсіру механизмдері

дана








Мақта тазалау зауытында, сондай-ақ мақта тазалау зауыты орналасқан орыннан тыс жердегi мақта қабылдау пунктiнде өткiзу режимiнiң, аумақтың қоршалуының болуы туралы мәліметтер _________________________________
Тиісті білімі бар техникалық басшылар мен мамандардың бiлiктi құрамының болуы туралы мәліметтер:


р/с



Маманның Т.А.Ә.

Лаузымы


Білімі бойынша

мамандығы



Мамандығы бойынша жұмыс өтілі

1

2

3

4

5













































______________________________________







©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет