“Математика – Экономика” факультеті



бет1/8
Дата28.04.2016
өлшемі1.6 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі




«Сырдария» университеті


Математика – Экономика” факультеті

Экономика” кафедрасы

Бухгалтерлік есеп және аудит ” пәнінен
ОБСӨЖ мәтіні және тапсырмалары

Жетісай 2008ж



Алғы сөз
050509 “Қаржы” 2--курс студенттеріне 3 семестрде “ Бухгалтерлік есеп және аудит ” пәнінен оқу бағдарламасының жоспарына сәйкес 3-кредит (135 сағат) берілген. Оның 45-лекция, 45-ОБСӨЖ, 45-СӨЖ-ге бөлінген.

Кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру маңызды орын алады. Оқытушылардың СӨЖ ұйымжарыстырудағы негізгі функциялары:



  • студенттерге бағыт, бағдар беру,

  • студенттерге консультациялық көмек

  • студенттердің білімін бақылау, бағалау.

Студенттердің өзіндік жұмыстағы негізгі міндеттері:




  • сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау;

  • оқытушының кеңесін негізге ала отырып, өз бетінше дайындалу;

  • күрделі проблемалық ситуацияларды, күрделі мәселелерді меңгеруде оқытушыдан дер кезінде түсініктеме, кеңес, көмек алу.

Оқытушының басшылығымен өтетін студенттің өзіндік (ОБСӨЖ) жұмысының көлемі типтік жоспарына, пәннің жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес анықталып уақыты, аудиториясы көрсетіліп оқу кестесіне енгізілген.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

“Сырдария” университеті

“Математика - Экономика” факультеті

“Экономика” кафедрасы


“Бекітемін”

Кафедра меңгерушісі

__________Үмбетаев И.

(қолы)

“26” желтоқсан 2009 ж



КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР
«Бухгалтерлік есеп және аудит» пәнінен
_____________Қаржы ________________________мамандығына арналған
____________Қар-18 _____тобы үшін
оқытудың формасы күндізгі

Курс_2_

Семестр_3__

Кредит саны 3


Барлық сағат саны: 135


Лекция: 45

СӨЖ: 45


ОБСӨЖ:45

1.А Б – 30

2.А Б --30

3.Е Б-- 40

∑ -- 100

Лектор: Дүйсебеков Ш.



«Бухгалтерлік есеп және аудит»

ОБСӨЖ – сабақтарының күнтізбелік – тақырыптық жоспары және тапсырмаларды қабылдау кестесі
050509 - «Қаржы», 2 – курс, 4– семестр. 45сағат




Лекцияның тақырыбы



Өткізілетін мерзім

Тапсырмалар, бақылау түрлері және ұпайлары

КБЖ

ЖБЖ

Реф

Глос.

Тест

Колл

(ауыз сабақ айту)

1

2




3

4

5

6

7

8

9

1

Бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушылар және олардың ролі.

1





1 атпа

2 б
















2

Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын өлшем түрлері.

























3

Шаруашылық операцияларына сәйкес баланс баптарының өзгеріске ұшырауы.

2







1 апта















4

Екі жақты жазу жүйесі.

























5


Материалдарды есептеуді ұйымдастыру

3










2 апта












6

Шоғарландырылған қаржылық есеп беруді жасау.

























7


Топтастырылып – нығайтылған қаржылық есебі.

4













3 апта









8

Инвестициялық қордың мақсаты және анықтамасы.

























9

Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қызметі.

5
















3 апта

3 б




10

Шаруашылық үдерістерінің есебі және кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштері.

























11


Бухгалтерлік есептің мемориалдық-ордер нысандары.

6



















4 апта

3 б

12

Ақшалар есебі.

























13


Валюталық шоттардағы ақшалар қозғалысының есебі.

7



















5 апта

3 б

14

Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру.

























15


Күмәнді дебиторлық борыш.

8



















5 апта

3 б

16


Негізгі құралдардың жіктелуі.

























17

Негізгі құралдарды кіріске алудың есебі.

9
















6 апта

3 б




18


Жалға алынған және жалға берілген, негізгі құралдардың есебі.

























19

Негізгі құралдарды істен (есептен) шығарудың есебі.

10



















7апта

3 б

20

Банк және банктен тыс мекемелер несиелерінің есебі.

























21

Дивиденттер бойынша есеп айырысу операцияларының есебі.

11



















7апта

3 б

  1. аралық қорытынды-30 балл







3

3

3

3

6

12

22

Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің алашақ (кредиторлық) қарыздарының есебі.

























23

Жабдықтаушы және қызмет көрсетулермен есеп айырысу есебі.

12




8 апта

3 б
















24

Қызметкерлерінің құрамы мен жұмыс уақытын пайдалану есебі.

























25


Өнім өндіру есебі.

13







9 апта

3 б













26

Еңбекақы есебі.

























27

Қосымша еңбекақы есебі.

14










9 апта












28

Еңбекақыдан ұсталынатын шегерілетін соммалар есебі.

























29

Капитал туралы түсінік.

15













10апта

3 б







30

Резервтік капиталдың есебі.

























31

Аудит оның пайда болуы және дамуы.

16
















11апта






32

Аудит пәні және оның құрамы.

























33

Аудиттің кәсіпорындарда басқару функциясы.

17



















11 апта

3 б

34


Аудит және экономикалық талдау.

























35

Аудит субъектісі, олардың құқы, міндеттері және жауапкершілігі.

18



















12 атпа

3 б

36


Сыртқы аудит және оның ерекшелігі.

























37

Негізгі құралдарды сақтаудың есепке алудың және пайдаланудың аудиті.

19
















13апта

3 б




38


Материалдық емес активтерді талдау және бағалау есебінің аудиті.

























39

Ұзақ мерзімді енщілес (тәуелді) серіктестіктердегі және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардағы нақты инвестициялардың есебінің аудиті.

20













13 апта









40

Материалдық құндылықтар, оларды жіктеудің бағалаудың және түгендеудің аудиті.

























41

Дебиторлық борыштар, оларды жіктеу және түгендеудің есебінің аудиті.

21










14 апта












42

Ақша қаражаттарының иексерудің бағдарламасы және оларды түгендеу жүргізуді тексеру.

























43

Меншікті капиталдың есебінің аудиті ұйымның құрылымдық – құқықтық нысанына қарай ұйымдастыру.

22
















15апта





44

Ұзақ мерзімді міндеттемелерінің есебінің аудиті.

























45

Шығындар есебінің аудиті.




























2 аралық қорытынды –30 балл

3

3

6

6

6

6




1-2 аралық қорытынды-60 балл

6

6

9

9

12

18




  1. Кіріспе бақылау жұмыс.

Тақырып: Бухгалтерлік ақпаратты пайданушылар және олардын ролі


  1. Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде

  2. Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі.

  3. Бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушылар және олардың ролі.




  1. Бухгалтерлік есеп жумысын жүр ізудеқолданылатын елшем түрлері.

Кәсіпорындар мен ұйымдарда құнделгкті болып отыратын барлық операцияларды, шаруушылық үдерісері мен шаруашылық құраддарының қозғалысын олардың өнім өндіруге қатысуы мен оның нәтижесін есептеу үшін үш түрлі қолданылады.

• Заттай өлшем

• Еңбек өлшемі.

• Ақшалай өлшем.

Заттай (номиналдық) өлшем кәсіпоры таың кіріске алынуға, есептен шығаруға және сонымен қатар түгендзукде тиісті өнімдерді мен заттарын, материалдары мен негізі құралдарын өлшеу, санау көлемін анықтау үшін қолданылады. Бұл заттай өлшімнің шаруашылық құралдарының түріне қарай әр түрлі болып келеді.

Мұндай елшемді қолдану сандық өлшем арқылы есеп жұмысын жүргізу барысында қажет. Алайда өндірілен өнімдерді заттай өлшемді пайдалану арқылы өлшеумен қатар огардың сапасына және түріне қарай есеп жүргізудің маңызы зор. Заттай өлшеммен қоса өнімнің сапасын сипаттайтын сапалық өлшемдерді пайдалану арқылы өндірілген өнімнің төменгі жоғарғы дәрежедегі сапасын анықтауға болады.

Еңбек өлшемі өнім өндіруге және қызмет көрсетуге жұмсалынған жұмыс уақытының санын өлшеуге арналған. Басқаша айтатын болсақ еңбек өлшемі бір дана өнімді өндіруге қажетгі уақытты арналған немесе белгілі бір уақыт аралығында еддіріліп шығарылатын өнім санын анықтауға арналған. Бұл еңбек өлшемі жұмыс күшінің саны, сағаты мен минуты сияқты уақыт өлшемлерін қолдану арқылы жүргізіледі. Жұмыс уақытының көрсеткіптері кәсіпорындағы жұмысшылар мен қызметкерлерге тиесілі еңбек ақы сомаларын және еңбек нормаларын оның өтімділігін есептеу үшін кажет.

Ақшалай өлшем кәсіпорындағы жұмслған шығындар мен алынған табысы, өндірілген өнімдер мен тағы басқалардың есебін жүргізу үшін кажет. Бухгалтерлік есеп жүргізу барысында ақшалай өлшем көбіне заттай өлшем және еңбек елшеммен бірігіп барлык мәліметтерді жинақтап қорытындылау үшін колданылады.


3. Жазбаша бақылау жұмыс.

Тақырып: Шаруашылық операцияларына сәйкес баланс баптарының өзгеріске ұшырауы.


  1. Екі жақты жазу жүйесі және ағымдағы есеп мәліметтерін қорытындылау.

  2. Екі жақты жазу жүйесі.

  3. Ағымдағы есеп мәліметтерін қорытындылау.


4. Екі жақты жазу жүйесі.

Бухгалтерлік есептің басты мақсаты құжаттарда бейнеленген шаруашылық операциаларына бақылау жүргізу. Кәсіпорындарда орындалған әрбір шарушылык операцияларын шотта бейнелеу үшін бухгалтерлік есептің ерекше тәсілі қолданылады. Ол тәсіл екі жақты жазу әдісі деп аталады. Екі жақты жазудың кажеттілігі экономикалық кұбылыстардың өзара байланыстылығынан туындайды. Екі жакты жазу әдісі шарушылык операцияларының нәтижесіде бухгалтерлік есеп обьектілеріндегі болатын өзара өзгерістерді көрсетеді.

Шаруалык операцияларды "екі жақты жазу" әдісімен есепке алу алдында мынандай жағдайларды ескеру керек:

Аталған шарушылық операцияларының кандай обьектілерге қатыстылығын, Шарушылық операцияның обьектіне қандай әсер ететіндігін,

Аталған обьектілердің есебі бухгалтерлік еселті.ң қай шоттарында есептелетінін,

Операцыияларды шоттардың қандай бөлігіне жазу керек екендігін (дебитіне немесе кредитіне).

Активті шотта құралдардың көбеюі шоттың дебитіне, ал пассивті шотта қорлану көздерінің көбеюі шоттың кредитіне жазылады. Соған сәйкес бұл операция бойынша мынандай екі жақты жазу жазылады:

Д-т: «Материалдар» шоты 25000 теңге К-т: «Жабдықтаушы-мердігерлермен есеп айырысу» шоты 25000 теңге.

Шаруашылық операцияларды бейнелеуде шоттардың арасында пайда болған экономикалық өзара байланысты - шот корреспон-денциясы деп атайды,/ал шоттың өзі корреспонденцияланушы шот болып табылады. Корреспонденцияланушы шоттардың дебит пен кредитте көрсетілуі бухгалтерлік жазу немесе өткізбе деп аталады.

Бухгалтерлік жазу (өткізбе) жай немесе күрделі деп аталатын екі түрге бөлінеді.

Жай өткізбе деп шаруашылық операциялары сомасының бір шоттың дебитіне, екінші шоттың кредитіне жазуын айтамыз.

Күрделі өткізбе деп орындалған бір шаруашылық операциясына ең аз дегенде екі шот дебиттелініп, бір шоттың кредиттелуін немесе керісінше, бір шоттың дебиттеліп, екі шоттың кредиттелуін айтамыз.


5. Реферат.

Тақырыптар:


  1. Материалдарды есептеуді ұйымдастыру.

  2. Бухгалтерлік есептің міндеті мен мақсаты және оның қолданылатын өлшем түрлері.

  3. Бухгалтерлік есептің міндеті мен мақсаты.

  4. Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын өлшем түрлері.

  5. Бухгалтерлік баланс.


6. Шоғырландырылған каржылық есеп беруді жасау.

Негізгі серіктестіктін жеке бухгалтерлік балансында көрсетілген сабақтас серіктестік тобының инвестициялық есебін жасау кезінде, сабақтас серіктестіктің таза активтерінің мәліметтерімен өзгертіледі. Бұл үшін негізгі серіктестіктің инвестициялық баланстьщ құнынан әрбір сабақтасжәне негізгі серіктестіктің үлесін, әрбір сабақтастықтың меншік капиталынан алып тастау қажет.

Сатып алған серіктестіктің таза активтер үлесінен сатып алған құны асып түссе, сатып алынған активтердің ағымдағы құны мәміле боиынша ауысқан міндеттемелерден шегерілген гудвиллден (фирма бағасымен) аиқындалады және шоғырландырылған бухгалтерлік баланста актив ретівде жеке баппен көрсетіледі.

Дебиторлық және кредиторлық қарыздар шоттары боиынша шоғырландырылған балансқа сыртқы ұйымдар тобьша қатысы боиынша саналатын сомаларғада көрсетілуі тиіс, ал топқа жататын серіктестік араларындағы есептесу сомалары керсетілмеиді.

Қаржылық-шаруашылық қызметгердің қорытындылары туралы шоғырландырылған есеп беру топтан тыс жасалған операциялардың қаражатгық қорытындыларын көрсетуі тиіс.


7.Глоссарий.

Тақырып:Топтастырылып – нығайтылған қаржылық есебі.



  1. Пассив.

  2. Актив.

  3. Дебет.

  4. Кредит.

  5. Баланс.

  6. Меншікті капитал.

  7. Ұзақ мерзімді активтер.



  1. Инвестициялык қордын мақсаты және анықтамасы.


1. Бұл стандарт инвестициялық қорлардың қызметі мен инвестициялык хабарларды ашу және есепке алудың ерекшеліктерін аиқындаиды.

2. Инвестициялық қор - акционерлік қоғам түріндегі типті қүқықтық тұлға, ол - езінің акцияларын шығаруға және орналастыруға қаржы қорларын жүмылдыру мен және кеиінгі мақсаты мен инвестиция жасау.

3. Ашық инвестиция қоры - бұл сатып алынатын өзінің акцияларын шығаратын қор болып табылады.

4. Инвестициялық қызмет - бұл табыс табу мақсатында бағалы қағаздарды инвестициялау, тарату және сатып алу болып табылады.

5. Инвестициялық бағалы қағаздар - қордың өздері шығаратын бағалы қағаздардан басқа; инвестицияланған қаржыларды инвестициялық қорларға тартатын бағалы қағаздар болып табылады.

6. Бағалы қағаздар қазынасы - бұл инвестицияланған бағалы қағаздардың қор иелік ететін жиынтығы.

7. Бағалы қағаздардың қазынасын басқару - сатып алынған, сатылатын бағалы қағаздармен басқа да инвестициялық келісімдер жүргізуде соңғы шешімді қабылдаитын басқарушыньщ қызметі.

8. Инвестициялық қордың басқарушысы - бағалы қағаздар қазынасының қорымен кәсіби қызмет жүргізетін қүқықтвіқ тұлға.

9. Кастодиан - тапсырушылардың бағалы қағаздары және акшалаи қорлары сеніп тапсырылған оның есебі мен сақталуына жауапты кәсіби қызметті жүргізетін занды тұлға.

10. Депозитарии - клиринг қызметін атқаратын, лицензия болған жағдаида бағалы қағаздармен іс жүргізетін (есептеу және бағалы қағаздардың ағымындағы мүліктік қүқыкты тізімдеу), олардың клиенттерінің мүддесін

қорғаитын бағалы қағаздарды сақтау мен және техникалық қызмет көрсетумен аиналысатын нарыққа қатысушы кәсіби адамдардан құралған арнаиы ұйым.

11. Бөлу - инвестиция қаржыларын таратудан алынған қаржы инвестициясының таза түсімдерінен төленетін және таза түсімдерінен төленетін дивидендтер.

12. Қайта инвестициялау - барлық қаржы корынан косымша акциялар түрінде акционерлер қорын бөлу.

13. Қайта инвестициялаудың бағасы - бұл бөлімдердің төленген құні акциялар есептеуге қатысты активтердің таза бағасы. Қайта инвестициялаудың бағасы ақша қорын шығарумен аикындалады.

14. Таза активтердің бағасы - міндеттерінен өзге активтер қорының бағасын көтеру.

Инвестициялық қордың акцияларын сату бағалары және олардың сатып алу бағалары өзінің акционерлерінен сатып алған жағдаида таза активтердің операция жасалған құнгі бағасы боиынша анықталады.





  1. Тест сұрақтарға жауап беру.


Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қызметі.
1.Бухгалтерлік қорытынды есебін пайдаланушылар неше топқа

бөлінеді?

А. екі топқа.

В. төрт топқа.

С. топтпрға бөлінбейді.

D. үш топқа.

Е. бес топқа.



2. Жасалау уақытында қарай бухгалтерлік қорытынды есеп қандай

түрлерге бөлінеді?

А. айлық және тоқсандық.

В. ағымдық және жылдық.

С. өткен жылғы және ағымдағы жылғы.

D. бір жылдық және екі жылдық.

Е. қаржылық және несиелік.



3. Шетелдік валютадағы операцияларды есепке алғанда бағамдық

айырма субъектінің несіне жатқызылады?

А. құрал жабдықтарына.

В. синтетикалық шоттарға.

С. табысы мен шығынына.

D. өзіндік құнына.

Е. үстеме шығынына.



4. Күрделі құрылысқа арналған мердігерлік шартына байланысты

қандай шығындар бар?

А. мемлекеттің тауар алуына кеткен шлығындар.

В. мемлекеттің қорғанысына кеткен шығындар.

С. мемлекеттік басқару ақпаратына кеткен шығындар.

D. жұмысшыларды еңбек ақы мен қамтамасыз етуге кеткен шығындар.

Е. тікелей, үстеме, мәдени-тұрмыстық, еңбекті қорғау және қауіпсіздік

техникасы жөніндегі шығындар.

5. Сабақтас серіктестіктердің инвестициясын бақылау дегеніміз не?

А. серіктестік қызметінің қаржылай пайда түсіру мақсатын айқындау

құқығы.

В. дайын өнімдерді сату құқығы.

С. еркін баға белгілеу құқығы.

D. сатушы мен сатып алушылар құқығы.

Е. шикі заттар мен материалдарды сату құқығы.

6. Шоғырландырылған қаржылық есеп беру дегеніміз не?

А. өндіріс бойынша есеп беру.

В. материалдық құндылықтар бойынша есеп беру.

С. шығындар бойынша есеп беру.

D. жеке топтың қаржылай есеп беруі.

Е. табыс бойынша есеп беруі.



7. Бірлескен қызмет қандай нысанда жүзеге асырылуы мүмкін?

А. бірлесіп бақыланатын қосымша құн.

В. бірлесіп бақыланатын өндіріс, активтер және заңды тұлға.

С. бірлесіп бақыланатын дивидент төлемі.

D. бірлесіп бақыланатын корпорация салығы.

Е. бірлесіп бақыланатын капитал айналымы.



8. Құжат көрсеткіштерін не деп атайды?

А. анықтамалар (определение)

В. айқындамалар.

С. деректемелер (реквизиттер)

D. ақпараттар (известиция)

Е. хабарламалар.



9. Құжаттар қандай ерекшеліктері бойынша жіктеледі.

А. шетелдермен жүргізілген тауар операцияларының көлемі бойынша.

В. ішкі базарда орындалған операциялардың көлемі бойынша.

С. Республикада шығарылған стандарттардың көлемі бойынша.

D. халықралық стандарттағы көлемі бойынша.

Е. мақсаты бойынша, құрастырылған орнына байланысты, көрсету тәсілі

және операция мазмұнының көлемі бойынша.

10. Мақсаты бойынша құжаттар қандай түрлерге бөлінеді?

А. үкімдік, атқарушылық, бухгалтерлік толтыру

және құрамдастырылған.

В. анықтылық, сапалық, дәйектілік және қорытынды.

С. ақпараттық, салыстырмалы және бағдарламалық.

D. жоспарлы – программаланған.

Е. бухгалтерлік сараптау және втоматтандыру.

11. Толтырылатын орнына байланысты құжаттар қандай түрлерге

бөлінеді?

А. облысаралық біріктірілген.

В. ішкі және сыртқы.

С. жеке және топтастырылған.

D. салықтық және кедендік.

Е. бюджеттік және зейнеткерлік.



12. Құжат айналымының кестесін кім бекітеді.

А. кәсіпорын басшысының орынбасары.

В. кәсіпорынның бас есепшісі.

С. кәсіпорын басшысы.

D. кәсіпорынның бас маманы.

Е. кәсіпорынның маман бөлімінің бастығы.



13. Кәсіпорынның бухгалтерлік баланстары мен оған қосымша

құжаттарының сақталу мерзімі неше жылды құрайды?

А. 3 жылдан 9 жылға дейін.

В. 2 жылдан 8 жылға дейін.

С. 3 жылдан 12 жылға дейін.

D. 2 жылдан 10 жылға дейін.

Е. 3 жылдан 10 жылға дейін.



14. Қамту көлеміне қарай түгендеу қандай түрлерге бөлінеді?

А. айлық, тоқсандық және жылдық түгендеу.

В. қарапайым және қатаң түгендеу.

С. бір жақты және жалпылама түгендеу.

D. толық, ішінара, іріктеп және тұтас түгендеу.

Е. жекелеген және орталықтандырылған түгендеу.



15. Бағалау кәсіпорнының қандай көрінісі?

А. номиналдық.

В. натуралдық.

С. ақшалай.

D. заттай.

Е. өндірістік.



16. Кәсіпорындардағы өндірістік қызметтің нәтижесін түсініп, бақылау

отыру үшін қандай есептік көрсеткіш пайдаланады?

А. сандық және сапалық.

В. жоспарлы және дәстүрлі.

С. цикілді және табиғи.

D. нарықтық және натуралдық.

Е. еркін бәсекелі нарықтық.



17. Таза табыс қандай көрсеткіш?

А. абсолютті абстракциялық.

В. абсолютті экономикалық.

С. абсолютті дедукциялық.

D. абсолютті дидактикалық.

Е. абсолютті дедукциялық және логикалық.



18. Рентабельдік қандай көрсеткіш?

А. ауыстырмалы.

В. жандану.

С. өрлеу.

D. салыстырмалы.

Е. құбылмалы.



19. Есеп жазбалары тіркелім түрлері бойынша қандай тіркемелерге

бөлінеді?

А. алдын ала және операция орындалған соң тіркеу.

В. уақытша және тұрақсыз.

С. тұрақты және айнымалы.

D. абсолюттік, жүйесіздік және бөлектенген.

Е. хронологиялық, жүйелік және біріктірілген.



20. Мазмұны бойынша тіркемелер қандай бөлінеді?

А. синтетикалық, аналитикалық және біріктірілген тіркеме.

В. біріктірілген және жүйелік тіркеме.

С. жүйелік және хронологиялық тіркеме.

D. түзетпелі және қосымша жазылу тіркеме.

Е. машинограммалар және компютерлік тіркемелер.



21. Бухгалтерлік есеп нысандары қандай формаларда жүргізіледі?

А. бас кітап, кассалық кітабы.

В. касса шығыс ордері және кіріс ордері.

С. бас журнал, мемориалдық және журнал ордерлері.

D. табель және ведомствалар.

Е. синтетикалық және аналитикалық.


22. Ұйымдардың өз қызметін іске асыру үшін таңдап бекіткен есеп

саясаты қандай талаптарға сай болуы қажет?

А. жауапкершілік, сенімділік, дәйектілік және тиянақтылық.

В. толықтылық, уақыттылық, сақтық, қарама-қайшылықсыздық және

орындылық.

С. ұқыптылық, толассыздық және көрнектілік.

D. активтік, пассивтік және үстемдік.

Е. есептілік, үнемшілдік және топтпмалық.

23. Кәсіпорныдар шығындарды есептеу мен өнім құнын

калькуляциялаудың негізгі қандай әдістерін қолданады?

А. шығындарды топтау әдісі.

В. жанама шығынды анықтау әдісі.

С. дайын өнімді кірістеу әдісі.

D. нормативтік, өндірістік өңдеу сатысы және тапсырыстық әдіс.

Е. тікелей шығындар және жұмсалған материалдық құндылықтар

бойынша.

24. Ақша баламаларына (эквивалентті) нелер жатады?

А. акциялар және облигациялар.

В. жай акциялар және артықшылығы бар акциялар.

С. чектер және банкоматтық карточкалар.

D. акредивтер мен депозиттер.

Е. қазыналық вексельдер, коммерциялық қағаздар және депозиттік

сертификаттар.

25. Эмитенттің кім болғанына байланысты құнды қағаздар қандай

түрлерге бөлінеді?

А. мемлекеттік, муниципалдық және корпоративтік.

В. жеке меншіктік, коммуналдық және ұлттық.

С. кооперативтік және акционерлік қоғам.

D. өндірістік және аграрлық.

Е. әлемдік, ұлтаралық және ұлттық.



26. Мемлекеттік құнды қағаздар қандай мақсат үшін шығарылады?

А. кәсіпорныдардың ішкі және мемлекеттен алған қарыздарын қайтару

үшін.

В. мемлекеттің сыртқы және ішкі қарыздарын қайтару үшін.



С. халықаралық қаржы ұйымынан алған қарыздарды қайтару үшін.

D. инвестициялық қарыздарды қайтару үшлін.

Е. шетелден алынған несиелерін қайтару үшін.

27. Инвестициялық құнды қағаздар шығарылу мақсатында байланысты

қандай түрлерге бөлінеді?

А. варианттар және вексельдер.

В. фьючестер және бондар.

С. қорлы құнды және саудалық құнды қағаздар.

D. акциялар және облигациялар.

Е. жай акциялар және артықшылығы бар акциялар.



28. Сатып алыну құны бойынша акциялар кіріске алынғанда қайсы шот

кредиттеледі?

А. Дт 7410 Кт 1140.1150

В. Дт 1050 Кт 6210.6220

С. Дт 1120 Кт 1040,1010.

D. Дт 7430 Кт 1120.1060

Е. Дт 1150 Кт 1150,1010.


29. Банк мекемесінен алынған нақты ақша кәсіпорын кассасына кіріске

алынғанда қандай құжат толтырылыды?

А. касса кірісі ордері.

В. касса шығыс ордері.

С. еңбек ақы төлеу ведмосты жазылады.

D. табель жазылады.

Е. төлеу тапсырмасы жазлады.



30. Барлық «негізгі құралдар» өздерінің өндіріске қатысуына байланысты

қандай топтарға бөлінеді?

А. жұмысшылар пайдаланатын және пайдалвнбайтын.

В. өндіріске жарамды және жарамсыз

С. өндірісте қоланылатын және қолданбайтын.

D. өндірістік және өндірістік емес.

31. Материалдық активтер сатып алыну мақсатына қарай қалай бөлініп

есептеледі?

А. жұмыс және өнім малдары.

В. көп жылдық өсімдіктермен көшеттер.

С. жихаздар және сейфтер.

D. контейнер және құрал жабдықтар.

Е. негізгі құралдар, тауарлық – материалдық қорлар және қаржылық

инвестициялар.

32. Қайта бағалау нәтижесінде негізгі құралдардың бағасы өскенде қайсы

шот дебиттеліп қайсы шот кредиттеледі?

А. Дт 5320 Кт 1320-1360

В. Дт 2410 Кт 5320.

С. Дт 5320 Кт 2420

D. Дт 2420 Кт 2510.

Е. Дт 2410 Кт 2410.



33. Салынып біткен құрылыстар үшін ол объектілерді қабылдап алуға

тағайындалған коммисия қандай құжат түзеді?

А. хаттама.

В. хабарлама.

С. бұйрық.

D. қабылдау актісі.

Е. кіріс накладнойын.



34. Ұйымның салынып жатқан құрылысы аяқталып кіріске алынғанда

қайсы шот дебеттеліп, қайсы шот кредиттеледі?

А. Дт 2410 Кт 2930

В. Дт 2410 Кт 2810.

С. Дт 2410 Кт 5020

D. Дт 2410 Кт 2410

Е. Дт 2410 Кт 2510



35. Негізгі құралдардың тозуын қандай бөліктерде бөледі?

А. моральдық тозу.

В. материялдық тозу.

С. табиғи және сапалық тозу.

D. циклды және табиғи тозу.

Е. фрикциондық және сапалық тозу.



10. Шаруашылық удерістерінін есебі және кәсіпорын қызметініц негізгі көрсеткіштері.

Кәсіпорындағы өндірістік немесе комерциялық қызметтің нәтижесінде болып отыратын әр түрлі өзгерістерді түсініп отыру үшін сандық және сапалық деп аталатын есеп көрсеткіштері паидаланады.

Сандық көрсеткіштерге мыналар сатады:

Өнеркәсіп саласында - өндірілген өнім көлемі, сатып алынған өндірістік қордың көлемі және тағы басқалар.

Маркетинг және сауда саласында - көтерме және бөлшек саудадағы тауар аиналымының көлемі, тауар қорының ғөлемі және тағы басқалар.

Қоғамдық тамақтану саласында - тауар аиналымылың көлемі, бұл өзі өндіретін өніммнің аиналымнаң және сатылып алынған тауарлардың көлемінен қалыптасады.

Тасымалдау қызметімен аиналысатын салаларды - жол аралығында қараи тасымалданатын адамдар мен жүктің сакы, көлемі.

Құрылыс саласында - орындалған немесе «аидалануға тапсырылған күрылыс-монтаж жұмысының көлемі.

Таза табыс (паида) - бұл абсолютті экономикалық көрсеткіш. Рентабельділік - салыстырмалы көрсеткіш.
11. Коллоквиум.

Тақырып:Бухгалтерлік есептің мемориалдық-ордер нысандары.


  1. Бухгалтерлік есептің мемориалдык-ордер нысандары.




  1. Бас журналдың құрылуы.




  1. Журнал – ордер нысаны.


12. Ақшалар есебі.

Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалар мен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізіп отырады.

Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшалар арқылы есеп айырысу опперацияларының бухгатерлік есебін жүргізгенде маныларды басшылыққа алу керек:

• Ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақтылы дер кезінде есептеу;

• Кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың түгелділігін және олардың тиімді пайдалануын бақылау;

• Есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорын ақшаларының кіріске алынуы мен шығыс етілуін дұрыс есептеу.



Ақша баламалары (эквиваленті) - бұл ақшаларға ұқсас, бірақ баскаша жіктелген активтер болып табылады. Оларға қазыналық вексельдер, коммерциялық қағаздар және депозиттік сертификаттар жатады.

Овердрафт - дегеніміз кәсіпорынның иелігіндегі, яғни активті шоттың қалдығындағы сомадан артық сомада төлем төлеу нәтижесінде пайда болған қалдық.
13. Коллоквиум.

Тақырып: Валюталық шоттардағы ақшалар қозғалысының есебі.


  1. Валюталық шоттардағы акшалар қозгалысынын есебі.




  1. Есеп айырысу шоты бойынша жүргізілетін операциялар. Банктердегі валюталық және арнаулы шоттардығы ақшаның есебі.




  1. Кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу шоты бойынша жүргізілетін операциялардың есебі.



14. Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарлары, көрсетілген қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары - Дебиторлық борыштар (Алынуға тиісті шоттар) деп аталады.

Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын (өтелінетін) дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептеледі. Олардың қатарына жататындар:

• Ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төленген) төлем;

• Тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;

• Вексльдер бойынша алынуға тиісті борыштар;

• Негізгі ұйымдармен оның негізгі еншіліс серіктестігі арарсындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;

• Ұйымның лауазымы адамдардың (тұлғаларының) дебиторлық борышы;

• басқадай дебиторлық борыштар;



"Дебиторлық борыш" - дегеніміз, бұл - иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.

Бір жылдам астам уақыт бойы алынбаған дебиторлық борыштар "Ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар" болып есептелінеді.

Халықаралық тәжірибеде баға жеңілдіктері (скидки) терминімен (сөзімен) бірге сауда жеңілдігі термині (сөзі) катар қолданылады. Өз экономикасын нарықтық жолмен жүргізіп келе жатқан елдердегі сауда жеңілдігін тауарларды сатудағы жарнама ретінде пайдаланылады.

Кәсіпорындардың бухгалтериясы дебиторлық борыштар есебін жүргізу барысында мына теменде аталған құжаттарды қолданады:

Нөмері 7 - Журнал-ордер - "Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борышы " деп аталатын шотының кредиті бойынша;

Немері 8 - Журнал-ордер - "Алынуға тиітсті қосылған құн салығы", "Есептелген пайыздар", "Басқадай дебиторлық борыштар", "Берілғен аванстан " деп аталатын шоттардың кредихі бойынша.

Нөмері 9 - Журнал-ордерге қосымша тізімдеме - "Берілген аванстар" шотының девиті бойынша.

Номері 10 - Журнал-ордері - "Күдікі қарыздар бойынша резерв", "Алдағы кезең шығындары" шоттарының несие (кредиті) бойынща;

Нөмері 11 - Журнал-ордері - "Сатып алушылар және тапсырыс берушілердің борышы" шотының және "Еншілес (тәуелді) серіктестік-тердің дебиторлық борышы" шотының кредиті бойынша.

Дебиторлык борыштар келесідей бөлімдерден тұрады:

• Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы;

• Күдікті қарыздар бойынша резерзтер;

• Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің деиторлык борышы;

• Басқадай дебиторлық борыш;

• Адағы кезең шығындары;

• Берілген аванстар.

Яғни осы жоғарвгда аталған баптар бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан алашақ сомалары дебиторлық борыш болып табылады.

15. Коллоквиум.

Тақырып: Күмәнді девиторлық борыштар.


  1. Күмәнді және еншілес серіктестіктердің дебиторлық борыштарының есебі.




  1. Күмәнді дебиторлық борыш.




  1. Еншілес серіктестіктердің есебі.



16. Негізгі құралдардың жіктелуі.
Кәсіпорындар өздерінің паидалануындағы, яғни меншігіндегі негізгі құралдарын есептен басқа заңды немесе жеке тұлғаларға тегін бергенде, сатқанда, ұрланғанда, жолғалғанда, табиғи апат, зілзала жағдаиында бұлініп жоғалғанда шығарады. Сонымен қатар өздерінің меншігіндегі негізгі құралдарың басқаларға аиырбастағанда немесе ұзақ мерзімге жалға берген кезде де кәсіпорындар өздерінің балансын-нан негізгі құралдарды есептен шығара алады. Кәсіпорындарда негізгі қүрадардың іске жарамсыздығын, оларды бастапқы қалпына келтіру үшін жүргізілетін күрделі жендеудің тиімсіздігін немесе мүмкін еместігін аныықтау үшін, совдаи-ақ негізгі құралдарды есептен шығаруға қажетті құжаттарды толтыру үшін ұиым басшысының бұйрығымен тұрақты комиссия күрылады. Бұл комиссияңың құрамында мынадаи қызметкерлер болуы тииіс:

  • кәсіпорынның басшысы немесе оның орынбасары (комиссияның

төрағасы ретінде)

  • бас бухгалтер немесе бухгалтерияның басқа қызметкері

  • негізгі құралдың сақталуына жауапты адам

  • негізгі құрал қызмет ететін бөлім немесе цех басшысы

  • мемлекетгік көлік инспекциясы екілі (егер ккөлік құралын есептен шығаратын жағдаида)

  • тағы да басқа жұмысшы - қызметкерлер болуы мүмкін.

Кәсіпорындарда негізгі құралдары есептен шығару үшін үлгілі түрі НҚ-3 "Негізгі құралдарды есептен шығару актісі" немесе үлгілі түрі НҚ-4 "Көлік құралдарын есептен шығару актісінің" тиістілері толтырылады.

Бұл жоғарыда аитылған актілерде негізгі құралдарды сипат-таіһын мынадаи деректер көрсетіледі:



  • объектінің салынып біткен (өндірістен шығарылған) уақытты

(құні, аиы, жылы);

  • ұйымға келіп түскен, кіріске алынған уақыты (құні, аиы, жылы);

  • паидалануға берілген уақыты уақыты (құні, аиы ,жылы);

  • объектінің бастапқы құны (қалыпына келтіру құны);

  • бухгалтерлік есептің деректері боиынша есептгелген тозу сомасы;

  • жөндеулердің жүргізілген уақыты уақыты (құні, аиы ,жылы);

  • көлік құралын есептен шығарады, сонымен қатар көліктің жүрген

  • жолы (км) көрсетіледі;

  • негізгі құралдардьщ істен шығарылуы себебі және оньщ

материалдарының, белшектерінің сипаттамасы көрсетіледі;

  • аварияға баиланысты есептен шығарылған негізгі құралдарға

жасалған актіге, болған аварияға жасалған актінің көшірмесі

тіркеледі;



  • сондаи-ақ осы негізгі құралдардың істен шығуына жауапты

адамдарға қолданылатын шараларды актіге жазады.

Комиссия жұмысыньщ нәтижесінде жасалған негізгі құралдарды есептен шыығару актісі кәсіпорынның басшысы бекітеді. Акт екі дана етіліп толтырылады. Актінің бірінші данасы негізгі құралдарды есептен шығару үшін ұйымның бухгалтериясына табыс етіледі, ал актінің екінші данасы негізгі құралдарға жауапты адамға беріліп, негізгі құралдардың бүзғанынан алынатын - іске жараитыи бөлшектерді, детальдарды, металл сынықтарын тағы да басқаларды қоимаға тапсыру үшін негіздене болады.

Ұиымдарға есептен шығарылған негізгі құралдардың құны "Негізгі құралдарды сату боиынша шығындар" шотының дебитіне, "Негізгі құралдар" деп аталатын шоттың тиістілерінің кредитіне жазылады. Ал негізгі құралдардың есептен шығарылған құнге деиінгі жинақталған "есептелген" тозу сомасына "Негізгі құралдардың тозуы" деп аталатын шоттың тиістілері дебиттелініп, "Негізгі құралдар" деп аталатын шоттың тиістісі кредиттелінеді.

Баска заңды немесе жеке тұлғаларға тегін берілетін негізгі құралдарға үлгілі түрі НҚ - 1 "Қабылдау - табыс ету (ақысыз) актісі екі дана етіліп толтырылады.


17. Тест сұрақтар.

Негізгі құралдарды кіріске алудың есебі.
1. Негізгі құралдарға жүргізілетін жөндеу жұмыстары өзінің

ұйымдастырылуына қарай қандай түрге бөлінеді.

А. қысқа және ұзақ мерзімді.

В. жай және күрделі.

С. тиімді және ұтымды.

D. өткен жылғы және ағымдағы жылғы.

Е. ауылдық және аймақтық.



2. Негізгі құралдарды қысқа мерзімге жалға бергенде, халықаралық

стандартта бұны не деп атайды?

А. рейтинг немесе чартер.

В. бартер немесе чертер.

С. лизинг немесе хайринг.

D. логика немесе дедукция.

Е. инструкция немесе абстракция.



3. Негізгі құралдарды бір жылмен үш жыл мерзімі аралығында жалға

берілуін халықаралық стандартта не деп атайды?

А. лизинг.

В. чартер.

С. рейтинг.

D. абстракция.

Е. хайринг.



4. Кәсіпорын негізгі құралдарын үш жылдан артық уақытқа яғни ұзақ

мерзімге жалға бергенде халықаралық стандартта не деп атайды?

А. монотомия.

В. дуотомия.

С. лизинг.

D. омигополия.

Е. хайринг.



5. Қысқа мерзімге жалға алынған негізгі құралдарға есептелінген жал

төлеміне қандай бухгалтерлік проводка беріледі?

А. Дт 7210 Кт 7110.

В. Дт 7110 Кт 8040.

С. Дт 4170 Кт 1050.

D. Дт 7110 Кт 4170

Е. Дт 1050 Кт 7110.



6. Нарықтық экономика жағдайында несие қандай болып бөлінеді?

А. коммерциялық және банктік.

В. ұйымдық және банктік.

С. акционерлік және коммерциялық.

D. саудалық және кәсіпорындық.

Е. шаруашылық және өндірістік.



7. Бухгалтерлік несие кәсіпорындарға не үшін беріледі?

А. өндірісін жабуға.

В. өндірісін сатуға.

С. өндірісін құлдыратуға.

D. өндірісін шығынға батыруға.

Е. өндірісін ұлғайтуға.



8. Банк несиелері қандай мерзімдерге беріледі?

А. ағымдағы және келесі жылға.

В. қысқа және ұзақ мерзімдерге.

С. бір айлық немесе үш айлық мерзімге.

D. үш айдан, алты айлық мерзімге.

Е. алты айдан он жылдық мерзімге.



9. Халықаралық валюталық қордың мүше – елдеріне берілетін несиенің

атауы қандай?

А. «FTП».

В. «НОУ-ХАУ».

С. «СТЭД-БАЙ».

D. «ЖӨӨ».

Е. «ОПЕК».



10. Алынған банк несиелері кассаға немесе есеп айырысу шотына келіп

түскенде қандай бухгалтерлік проводка беріледі?

А. Дт 1010,1040 Кт 4010

В. Дт 1040 Кт 1010

С. Дт 1060 Кт 4010.

D. Дт 4110 Кт 4010.

Е. Дт 4010 Кт 1040.



11. Мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып не есептелінеді?

  1. Каталог: CDO -> OBSOJ -> Econ
    Econ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
    Econ -> Сабақ эмр-дің теориалық астарымен оның объектісі
    Econ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау; оқытушының кеңесін негізге ала отырып, өз бетінше дайындалу
    Econ -> “Математика және экономика” факультеті
    Econ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау; оқытушының кеңесін негізге ала отырып, өз бетінше дайындалу
    Econ -> Обсөж тапсырмалар мәтіні
    Econ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау; оқытушының кеңесін негізге ала отырып, өз бетінше дайындалу
    Econ -> ОбсөЖ мәтіндері мен тапсырмалары


    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет