Математика сабағында жобалау әдісі арқылы оқушыларды шығармашылықҚа баулу. Талипова Улбосын Темирхановна математика пәні мұғалімі



Дата10.02.2020
өлшемі82.93 Kb.
МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ЖОБАЛАУ ӘДІСІ

АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА

БАУЛУ.

Талипова Улбосын Темирхановна

математика пәні мұғалімі

«Ш. Уәлиханов атындағы №2 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жетісай қаласы.

Бүгінгі қоғамның ұстаздар алдына қойып отырған басты міндеті, артар жүгі – сапалы білім берумен қатар жан-жақты дамыған, өзіндік ой-пікірі қалыптасқан, өмірде ойын жүзеге асыра алатын тұлға қалыптастыру. Тұлға қалыптастыруда – оның тәні мен жанын қатар дамыту, танымдық қызығушылығын дамытудың әдіс-тәсілдерін іздеу, анықтау, жүйелеу, қолдану.

Жобалап оқыту технологиясы өткен ғасырдың басында АҚШ-та дүниеге келген. Оны проблемалар әдісі деп те атаған, америка философы әрі педагогы  Дж. Дьюи және оқушысы У.Х. Килпатри ойлап тапты. Дж. Дьюи оқудың белсенді формасын ұсынды.

Жобаның бірнеше түрлері бар:



  1. Зерттеушілік

  2. Шығармашылық

  3. Рөлдік ойын

  4. Практикалық

Ұзақтылығы жағынан да жобалар әртүрлі болуы мүмкін:

  • қысқа мерзімді (бір,екі сабақ);

  • орташа( жұмадан айға дейін);

  • ұзақ мерзімді ( айдан бірнеше айға дейін).



     Қатысушы саны да әртүрлі болуы мүмкін: -- жекелей;

  • топпен;

  • жұппен. 

Жобалау технология бойынша оқушылар жұмыстардың бірнеше түрлерін орындайды.

Жобалау технология бойынша оқушылар жұмыстардың бірнеше түрлерін орындайды.

Мысалы: доқлад, реферат дайындап, баяндау; әртүрлі шығармашылық жұмыстарды дайындау; пән бойынша апталықтың бағдарламасын жасау, мерейтойлардың ашылуларын дайындау (ұйымдастырылған жоба); шағын қойылымдар, концерттер дайындау (проект – инсценировка); жобалар бойынша жасаған моделдерін пайдаланып көрме ұйымдастыру (проект – выставка); жоба бойынша видеофильм түсіру (проект – видеофильм); компьютерді қолданып, видеоклип, слайд, музыкамен сүйемелдеу (проект – мультимедийный). 

Математика сабақтарын өткізу кезінде әр түрлі деңгейде ұйымдастыру арқылы, жеке тапсырмалар беру арқылы, ойлау қабілеттерін және танып білу белсенділігін арттыру негізінде жүзеге асады.

Өз іс-тәжірибемде сабақ беру үрдісінде өзіндік жұмыстар көмегімен төмендегі талаптарды жүзеге асыруды мақсат тұтамын:


  • Оқушылардың теориялық сауаттылығын арттыру;

  • Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету;

  • Оқушыларды жекелей, жұппен, топпен жұмыстар жүргізуге баулу;

  • Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту;

Математика пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін төмендегі жұмыстарды үнемі жүргіземін:

7 сыныпта жаңа тақырыптар өткен кезде оқушылар өз ойлары бойынша түрлі тақырыптарға ребустар, аннаграмалар, сөзжұмбақтар салуды орындатамын.

PowerPoint бағдарламасын пайдаланып 7 сынып оқушыларын тақырыпты қорытындылау сабақтарында әр оқушыға өзін қызықтыратын мәселелер бойынша презентациялар көрмесін ұйымдастыруды алдын ала жоспарлаймын.

Сыныпта оқушылар бір бағдарламамен және бір оқулықпен оқығанмен, олардың материалдарды игеру деңгейі әртүрлі болады. Осы жағдайды ескере отырып, оқушылардың қабілеті мен бейімділігін дамытуда білім дәрежесіне қарап деңгейлік тапсырмалар бойынша оқытудың маңызы зор.ЁЁЁ333НТ

Айталық, 7 сыныпта «Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері» бөлімімен жұмыс істеу дағдылары қалыптастыру дәрежесіне байланысты оларға берілетін деңгейлік тапсырмаларда күрделене түседі. Сондай мақсатты көздеп өткізілген сабақтардың бірі төмендегідей жоспарланып өткізілді.

Сабақтың тақырыбы: Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері

Сабақтың түрі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.

Сабаққа қолданылатын әдістер: Көрнекілігі, түсіндіру, ізденіс, проблемаларды зерттеу.

Сабақтың барысы:

1.Сабақтың басы.

Ситуациялық проблемалар туғызу.

2. Сабақ ортасы.

Жаңа білім дағдыларын қолдануға арналған деңгейлік тапсырмаларды орындау.

1 – деңгей.

- Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері

2 – деңгей.

- Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттерін практикада (есеп шығаруда) қолдану жолдарын түсіндіру

3 – деңгей.

- «Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері» бөліміне презентация дайындау, қорғау.

Әр тапсырмаға бағалау критерийлері мен дескриптор құрылған.

Сабақтың соңы. Қортындылау.


Геометрия сабағында «Тыңда, ойлан, жаса» әдісі арқылы өтетін тақырыбымызға байланысты бұрыш, бұрыштың түрлері, бұрыштың биссектрисасы ұғымдарды ауызша қайталауға болады. Берілген сұрақтарға жауап беру үшін әрқайсымызға бірнеше санағыш беремін, алдымызға қоямыз. Берілген сұрақтарға анықтамамен жауап беріп қана қоймай, сол геометриялық фигураларды қолымыздағы бар құралдардан жасап көреміз. Дұрыс қателігін жауаптары бойынша жұппен тексереміз.

Мысал ретінде бірнешеуіне тоқталайын:

1. Бұрыш деп қандай фигураны айтамыз? Жасап көр.

Жауабы: Бұрыш деп бір нүктеден шығатын екі сәулемен шектелген жазықтықтың бір бөлігін айтамыз.

2. Бұрыштың қандай түрлерін білеміз?

Жауабы. Бұрыштың түрлері: 1) сүйір бұрыш.

2) тік бұрыш

3) доғал бұрыш

4) жазыңқы бұрыш.

3. Сүйір бұрыш деп қандай бұрышты айтамыз? Жасап көр.

Жауабы: 900 тан кіші бұрышты айтамыз.

4. Доғал бұрыш деп қандай бұрышты айтамыз? Жасап көр.

Жауабы: 900 тан артық, ал 1800 тан кем бұрышты айтамыз.

5. Жазыңқы бұрышты жасап көр?

Жауабы:

А

6. Жазыңқы бұрыштан 900 тең тік бұрышты қолдарыңыздағы құралдармен қалай жасауға болады? Жасап көр.

Жауабы. Жазыңқы бұрыш төбесінен перпендикуляр тұрғызу арқылы 900 тық екі бұрыш жасауға болады.

7. Бұрыштың биссектрисасы деп нені айтамыз? Жасап көр.

Жауабы: Биссектриса деп бұрыштың төбесінен шығып, бұрышты тең екіге бөлетін сәулені айтамыз.




Бағалау критерийлері:

Дескриптор

Берілген сұрақтарға анықтамамен жауап бере алады және сол геометриялық фигураларды қолымыздағы бар құралдардан жасап көрсете алады.

Бұрышты өзінде бар құралмен жасап көрсетеді.

Бұрыш түрлерін атайды.

Сүйір, доғал, жазыңқы және тік бұрыштарды өзінде бар құралмен жасап көрсетеді.

Бұрыштың биссектрисасын өзінде бар құралмен жасап көрсетеді.

Бөлімді қорытындылау барысында оқушылардың баспа материалдарынан сканер арқылы алған және Интернеттегі арнайы сайттардан алынған мәліметтерді пайдаланып презентация, схема құрастыруға міндеттеймін жеке тапсырмаларды орындатамын. Өз үйінде компьютерлері бар оқушыларға Интернет мүмкіндіктерін пайдалануды ұсынамын.

Оқушылар берілген тапсырмаларды ізденіп әкелген сценарий текстін және дыбыс қосуды орындатамын және тарауды қортындылау сабағында өз жұмыстарын жеке қорғауды ұйымдастырамын. Қорғалған әр жұмыс мазмұны, орындалу сапасы және тақырыпты ашу шеберлігіне байланысты жеке бағаланады.



Оқушылар мұндай шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында төмендегідей өзекті мәселелер шешімін табады:

  • Оқушы өз бетімен оқуға, ізденуге дағдыланады.

  • Өзіне деген сенім артады.

  • Өз ісіне сын көзбен қарауға, өз жұмысын басқалармен салыстыруға үйренеді.

  • Өз ісін жобалауға және қорғауға үйренеді.

Ең басты білім дайын күйінде ұсынылмай, оқушы мектепте алған біліміне өз тәжірибесінде талқыға салып, оны қандай өнім күйінде ұсынуға болатынын ойластыратындығында. Сол өнімді дайындау барысында өз көзқарасын дәлелдеудегі әрі нақты пікірін білдіруге, топ ішінде жауапкершілігін сезінуге тәрбиеленеді.

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет