Математикалық маятниктің ұзындығы 40м. Осы маятниктің тербеліс периоды неге тең?



Дата11.02.2020
өлшемі13.24 Kb.
Математикалық маятниктің ұзындығы 40м. Осы маятниктің тербеліс периоды неге тең?

Камертонның жиілігі 440 Гц болса, 5 с-та қанша тербеліс жасайды?

Ұзындығы 99,5 см математикалық маятник бір минутта 30 тербеліс жасайды. Еркін түсу үдеуін табыңдар.

Егер ұзындығы 80 см маятник 90 с-та 50 тербеліс жасаса, зертханалық жұмысты орындаған оқушы еркін түсу үдеуі үшін қандай мән алған?

Серіппеде ілулі тұрған жүк 8 с-та 32 тербеліс жасаса, оның тербеліс периоды мен жиілігі қандай?

Қатаңдығы 10 Н/м серіппеге ілінген массасы 0,1 кг жүктің тербеліс периоды қандай?

Серіппеде ілулі тұрған массасы 5 кг жүк 1 мин-та 45 тербеліс жасайды. Серіппенің қатаңдығы қандай?

Қатаңдығы 250 Н/м серіппеге ілінген жүк 16 с ішінде 20тербеліс жасайды. Жүктің массасы қандай?

Массасы 0,2 кг дене қатаңдығы 2 кН/м серіппеге ілінген. Дененің еркін тербелісінің жиілігі қандай?

Гармоникалық тербелістің қозғалыс теңдеуі х=0,06 cos πt (м). Тербелістің амплитудасын, жиілігін, және периодын табыңдар.

Гармоникалық тербелістің қозғалыс теңдеуі х= 0,02 cos πt. Тербелістің амплитудасын, жиілігін, периодын және меншкті жиілігін табыңдар.

Маятник 1 мин 40 с –та 50 тербеліс жасайды. Тербелістің периодын, жиілігін және циклдік жиілігін табыңдар.



Нүкте х = A cos ωt.формуласына сәйкес гармоникалық тербеліс жасайды. Тербелістің амплитудасы 0,02 м болса, қанша уақыттан кейін ығысу 0,01 м-ге тең болады?

Қатаңдығы 160 Н/м серіппеге ілінген массасы 400 г жүктің тербеліс жиілігін таңыңдар.

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет