Материалдары



жүктеу 1.7 Mb.
бет8/10
Дата03.04.2016
өлшемі1.7 Mb.
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
: repository -> repository2013
repository2013 -> Ақылбеков Ә. Т. Кривобоков В. П. Даулетбекова А. К. Радиациялық және плазмалық технологиялар Орысша-қазақша терминология анықтамалығы астана-2012 +544 (038) ббк 24. 5 Я 2 а 38
repository2013 -> Л. Н. Гумилев: этногенез теориясы
repository2013 -> Қазақстан Республикасының ұлттық құқығы мен халықаралық құқықтың арақатынасы (басымдылықтың қалыптасу мәселелері). Астана: ЕҰу рбб, 2010. 300 б
repository2013 -> Ііі дәріс сабақтарының қысқаша конспектілері 1- 2 дәрістер. Программалау технологиясы. Негізгі түсініктер мен ұстанымдар. Программалау технологиясының даму кезеңдері
repository2013 -> [Введите текст]
repository2013 -> Развитие инновационной экономики: теория и практика
repository2013 -> Программалауда қазіргі қолданылып жүрген технологиялар. Объектіге бағдарланған программалаудың негізгі қағидалары
repository2013 -> Н. гумилева ministry of education and science of kazakhstan
repository2013 -> Определение степени поражения различными болезнями ячменя и пшеницы на территории аккайынского района северо-казахстанской области
repository2013 -> Агроөнеркәсіп кешенде инновациялық даму жолдары

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Бейсенова А.С., Карпеков К.Д. «Қазақстанның физикалық географиясы». Алматы, 2004.

2. Чупахин В.М. «Физическая география Казахстана». А., 1968.

3. Бейсенова А.С. «Исследование природы Казахской ССР». А., 1979.

4. «Очерки по географии Казахстана». Под. ред. И.П. Герасимова. А., 1952.

5. Бейсенова А.С. «Физико-географическое исследование Казахстана». А., 1982.



Мухаметжанова Н.А., аға оқытушы, тари ғылымдарының кандидаты

ШОҚАН УӘЛИХАНОВ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУШІ
Биыл қазақтың ұлы ғалымы Ш.Ш.Уәлихановтың туғанына 175 жыл толады. Оның ғылыми, қоғамдық-саяси және әдеби кызметі XIX ғасырдың 50-60-шы жылдарымен тұспа-тұс келді. Отыз-ақ жыл өмір сүргеніне қарамастан тарих, этнография, география, заңтану, әдебиеттану, шығыстану тағы басқа да ғылымның көптеген салаларына бағасын мәңгі жоймайтын үлес қосты. Ш.Уәлихановтың әдеби және ғылыми мұрасы мол ірі сан алуан. Оның жеке еңбектері көзі тірісінің өзінде-ақ орыс және бірнеше европа тілдерінде басылып шықты.

Ұлы ғалым өзіне дейінгі ғылымға үлес қосқандардың енбектерін жоғары бағалай отырып алдына ғылымға қайталанбас жаңалық енгізуді, «өзіне дейінгілердің тек қана жіберіп алғаны немесе байқамағандары жайлы айтуды» мақсат етті.

«Шоқантанудың асқар алыбы» Ә.Х. Марғұлан көрсеткендей: «Қазақстанның және кейінгі дәуірдегі қазақ болып біріккен рулардың ескі тарихын зерттеуге Шоқан өте-мөте көңіл бөлді».

Шоқан Уәлихановтың Қазақстан территориясындағы түркі халықтарының этникалық тарихы мәселелерін талдауға қосқан үлесі орасан. Ол қазақтардың, сонымен қатар, қырғыздар мен ұйғырлардың этногенезі туралы алғашкы болып қызықты әрі дәлелді пікірлер айтты. Онысы бүгінгі күнге дейін өз маңызын сақтап келеді. 1894 жылы Н.А.Аристовтың еңбектері шыққанға дейін, дүниежүзілік ғылымда Ш.Уәлихановтың түркі халықтарынын этногенез мәселелерін көтерген еңбектерінің, теңдесі жоқ еді. Қазақ даласына көрші халықтардың тарихын зерттеу ғалымның туған қазақ халқының ертедегі және ортағасырлардағы тарихының көмескі жақтарын ашуына көмектесті.

XIX ғасырдың ортасына дейін Батыс Еуропа мен Ресей ғылымында (А.Гумбольдт, К.Риттер) XVIII ғасырдағы Ұлы жүз қазақтары мен қырғыздарды бір халық деген қате пікір қалыптаскан еді. Біздің халықтарымыз тарихындағы осынау ақтаңдақ жерді Шоқан түгелдей жазып, тарих ғылымында үлкен төңкеріс жасап, бұлардын екеуінің екі халық екенін, яғни Ұлы жүз халқының қазақ екенін, ал қырғыздар мен олардың тек этнографиялық жағынан ғана емес, сондай-ақ тіл және антропологиялық жағынан да өзгеше, бөтен халықтар екенін батыл түрде дәлелдеді Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов тарихи деректемелердің ғалымдарға беймәлім жаңа қабатын - кең көлемді жазбаша материалдармен бірге эпосты, аңыз - әңгімелерді ғылыми қолдануға енгізді, ол деректер казақ халқы қалыптасуының ертедегі кезенінің бастауларын анықтан, оның құрылу барысында көшіп-қонудың елеулі рол аткарғанын атап көрсетуге мүмкіндік берген еді.

Ұлы ғалымның туған халқының шығу тегі мәселелеріне терең көңіл қойып зергтегеніне токталып өткенбіз. Бұл мәселенің дұрыс шешілуіне де үлкен үлес қосты. XIX ғасырдың ортасына дейін тарихнамада Витзеннің қазақтар енисей қырғыздарынан пайда болған деген пікірі үстем болып келді. П.И.Рычков болса, қазақтар «алатай қырғыздардан» пайда болған, ал Н.Я.Бичурин болса, қазақтар ежелгі Кангюйдің ізбасарлары деп санады. Тіпті Шоқан «қазақ халқының Геродоты» деп атаған А.И.Левшиннің өзі қазақтар түркі тайпаларының бір бөлігін құраған «ежелгі халық» деп санады. А.Вамбери де, Фирдоусидің көрсеткенін негізге ала отырып, қазақ халқының «көнелілігі» туралы пікірді айтты. Бұл авторлар негізінен болжамдарға сүйенді, өйткені тиісті деректерді білмеді.

Шоқан Уәлиханов болса, туған қазақ халқының ежелгі тарихын қайта қалпына келтіру жолында аянбады, қолындағы бар дерекгерді пайдаланды. Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов, этногенетикалык мәселелерді дұрыс шешу үшін, ең алдымен ғалымда жан-жақты, толық деректер болуы және де ғылыми қорытындыларға сүйену кажеттігін жақсы түсінді. Оның қазақ халқының шығу тегі туралы айтқандары өте қызықты әрі маңызды. Шоқан әртүрлі (батыс, шығыс, орыс, Еуропа т.б.) деректерді пайдаланды. Ғылымда ең бірінші болып халық ауыз әдебиеті уындыларын дерек ретінде шебер колданды. Өзінің «Предания и легенды большой киргиз-кайсацкой орды» деген енбегінде қазақтардың шығу тегі туралы бірнеше аңыз-әңгімелерді келтірді.

Шоқаннын халык ауыз әдебиеті шығармаларын манызды дерек ретінде қолданғанын шоқантанушылардын «мектебін» басқарған Ә.Х.Марғұлан: (Ч.Валиханов одним из первых вводит в научный обиход новый пласт исторических источников - устное народное творчество казахов и киргизов. Он впервые ставит и пытается решить ряд узловых проблем истории тюркских гародов Азии, таких, как проблема этногенеза, роль ислама, социально- политическое устройство и др.», - деп көрсетті.

«Киргизские родословие» еңбегінде ол казақ халқының құрамына енген әртүрлі рулардың шығуы мен мекен еткен жерлерін баяндады. Оның казбаларына қарағанда алшын, арғын, найман, жалайыр, қыпшақ, ұзақ, каңлы, керей, маңғыт, қият, түрікмен, қырғыз т.б. да тайпалар осы күнгі түркі тектес халықтардың тууына негіз болған.

Шоқан Шыңғыс Уәлиханов бірінші болып шығыс деректерін, атап айтар болсақ Мұхаммед Хайдардың «Тарихи-Рашиди» деген еңбегін пайдаланды. Бұл алымға қазақ халқының этногенез процесінің аяқталған кезеңін ғылыми тұрғыдан дәлелдеуіне мүмкіндік берді. Аталған мәселе бойынша көптеген материалдарды мұқият зерттеу нәтижесінде Шоқан Уәлиханов қазақтар «ежелгі халық емес» деген қорытынды жасады. Сөйтіп, қазақ халқының пайда болуын моңғолдарға дейінгі кезеңге жатқызатындардын пікірінің дұрыс емес екндігін дәлелдеді. Шоқан Уәлихановтың көзқарастарыньң дәлдігі З.В.Вельяминов-Зернов, В.Н.Харузин т.б. еңбектерінде де көрініс тапты. Шоқаннан кейінгі бұл зертгеушілер де қазақ халқының ұлт болып қалыптасу процесін ХҮ ғасырдың ортасында, яғни моңғолдардан кейінгі кезеңде, аяқталды деген қорытынды жасады.

Шоқан Уәлиханов қазақтардын пайда болу меселесін Қадырғали Жалаиридің «Жеми-ат-тауарих» еңбегін негізге ала отырып зерттеді. Ол өзінің жасаған қорытындыларын нақты деректермен дәлелдеді. Шоқан Уәлиханов Қадырғали Жалаиридін «баяндалған оқиғалардың шындығына көз жеткізетін кітаптың емес, далаларда шығу тегі мен көшіп-қону орындарын айтқандығы» фактісіне баса назар аударды.

Қ.Жалаиридің еңбегін жоғары бағалаған Ш.Уәлиханов:«Произведение представляет единственные памятники прошедшей жизни казахов, хотя

исторических фактов в нем и нет, но полная генеология султанов и ханов казачьих дает нам возможность проверить современными данными хоть одно из исторических сказаний киргиз и проверить достоверность сведений самой книги с известиями русскими» - деп жазды.

Қадырғали би еңбегін қазақ топырағында ғылыми тұрғыдан зерттеу Шоқан Уәлихановтан басталады. Ұлы ғалым «Жинақты» «Киргизское родословие» атты мақаласында, профессор И.Н.Березинге жазған хатында және басқа еңбектерінде кең пайдаланып, ол туралы өте маңызды ойлар түйген. Шоқан Уәлиханов мұңымен шектелмей, Қадырғали би еңбегінің кұндылығын терең түсіне отырып, оның қазак тарихына тікелей катысы бар тарауларын орыс тіліне сапалы түрде аударған.

Бүгінгі таңда ортағасырлық Қазақстан тарихынан көптеген шығыс деректер ғылыми айналымға енгізілді. ІІІоқанды қызықтырған Қ.Жалаиридін шығармасы 1997 жылы ана тілімізде жарык көрді. Сондықтан да енді «Жэми-ат-тауарих» қазақтардың тарихынан «жалғыз ғана ескерткіш емес». Десек те, Шоқан Уәлиханов жоғары бағалаған құнды тарихи дерек көзі ретінде маңызын жоғалтпады.

Тарих ғылымдары үшін этнографияның маңыздылығын: Сонымен қатар, тарихи аңыздарда айтылатын Шыңғысхан, Ақсақ Темір, Тоқтамыс сиякты тарихи тұлғалардың өмір сүрген кезеңдерін зерттегенде Геродот жинаған тарихи аңыздардың маңызы қандай зор болса, тарихты танытуда фольклорлык туындылардың да мәні сондай құнды екенін жазған. «Письмо профессору И.Н.Березину» еңбегінде ол Алтын орда дәуірінің бас қаһармандары - Тоқтамыс, Орақмырза, Ер Көкше, Ер Қосайға қатысты жырларды, Жедек, Көшім Орыс хандарға қатысты аңыз-әңгімелерді қолданып қазақ халқының кейінгі ортағасырлардағы тарихын зерттеді.

Қортыа келгенде өз заманында Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың қазақ халқының тарихын зерттеуге орасан үлес қосты. Оның еңбектері бүгінгі жас ұрпақтарға үлгі және туған халқының тарихының әрі қарай жан-жақты зерттелуіне зор әсер тигізері сөзсіз.
Әдебиеттер тізімі:

1 .Маргұлан Ә.Х. «Ш.Уәлиханов-Орта Азия халықтарының тарихын зерттеуші.» Коммунист 1941 №4. 37-6.

2. Потанин.Г.Н. Биографические сведеиия о Чокане Валиханове. Собраиие сочинении в пяти томах. Т.5 с.358


  1. Дулатова Д.И. ІІІоқан-тарихшы. Алматы.,«Қазақстан» 1976



Оспанова А.К., Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің тарих мамандығы студенті

ғылыми жетекшісі: Атантаева Б.Ж., т.ғ.д.,



ШОҚАН УӘЛИХАНОВТЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ӘКІМШІЛІК

РЕФОРМАЛАРДЫҢ ТАЛДАНУЫ ЖӘНЕ БИЛЕР ИНСТИТУТЫ
Шоқан Уәлиханов- өзінің аз ғана ғұмырында халыққа мәңгілік азық болардай мол мұра қалдырған, білімнің кәусар бұлағымен сусындаған зиялы азамат, ұлы тұлға. Ол өзінің ізденімпаздылығымен, терең білімінің арқасында ғалым ретінде танылды.

Оның еңбектері ғылымның бір ғана саласында емес, тарихты зерттеуде ірі ғылыми жаңалықтарды енгізіп, өзінің көп жылдық саяхатында география саласына да көп үлес қосты. Сонымен қатар, қазақ әдебиетінің асыл қазынасын адамгершілік- эстетикалық идеяларын, бабалардың жыр-дастандарын , әсіресе түркі тілдес халықтардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрін жүйелі түрде зерттеді. Ол өзінің Құлжаға, Қашқарияға барған саяхаттарында көптеген елдердің мәдениетімен, тілімен, өнерімен, салт-дәстүрімен етене танысып этнография саласына да тың жаңалықтарды, ірі ғылыми еңбектерді енгізді. Шоқанның бізге әлі де толық зерттеліп, ашылмаған тұсы оның табиғатынан бойына сіңірген өнері- суретшілік. Оның 150- ге тарта туындысы (суреті) болған. Осындай қазақтан шыққан жас ғалым, тарихшы, ойшыл, этнограф, саяхатшы, суретші Шоқан қазақ мәдениетін өз заманында әлемдік деңгейде таныта алды. Осылайша, табиғатынан парасатты, ақылды, алғыр, білімпаз, сұлу, сегіз қырлы, бір сырлы жас офицер қазақ халқының болашағын ойлап, мәдениетке, білімге шақырды. Қазақтың осындай қайталанбас ірі тұлғасы, ұлы ғалым Шоқанның шығармашылық мұрасы дүниежүзілік шығыстану ғылымында қомақты орын алды. Сондықтан Шоқантану- бұл күнде ғылымның үлкен бір саласы. Шоқантанумен, яғни әйгілі ғалымның еңбектерін жарыққа шығарумен, зерттеумен оның көзі тірісінде және ХІХ ғасырдың ақырына дейін Ресейдің, Англияның және Германияның белді ғалымдары айналысты. Дей тұрғанмен, тарихтың әр бір бетін парақтап шықпасақта, оның әліде ашылмаған тұстарын зерттеп жас ұрпаққа жеткізе білу бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Сол себепті, халқымыздың мақтанышы, ардақты ұлы Шоқан Уәлихановты бүгінгі ұрпақ, жалпы жұрт әлі де толық танып болған жоқ. Сондықтан, бұл олқының орнын толтырып, халқымыздың аяулы перзентінің ғылыми ерлігін кеңінен паш етіп, ғасырға белгісіз жемісті ғұмырын жан-жақты зерттеу бүгінгі күннің абыройлы борышы болмақ.

Енді Шоқанның Отан тарихын зерттеудегі құнды еңбектеріне тоқталсақ. Шоқан еңбектері көп салалы атап айтсақ: «Іле өлкесінің географиялық очерктері», «Алтышардың немесе Қытайдың Нан-лу провинциясының шығысындағы алты қаланың жайы туралы», «Жоңғар очерктері», «Сот реформасы жайындағы хат», «Балқаш көлі мен Алатау жазығының картасы», «Құлжа қаласының жоспары», «Қытай империясының батыс жағалауының картасы» және т.б. Осылардың ішіндегі тарихта алар орны ерекше қазақ халқының болашағын ойлаған «Сот реформасы жайындағы хат» атты еңбегі.

Тарихтан белгілі патша үкіметі, хандық билікті толығымен жойғаннан кейін, қазақ жеріндегі билік жүйесін өз қолына шоғырландырып, қазақ халқына мүлдем түсініксіз, әр түрлі реформаларды жүзеге асыра бастады. Соның бірі 1865 жылы 5 маусым ІІ Александр бұйрығымен қазақ жерін зерттеу сұрақтары дайындалды: жерді иелену түрлері, сот ісі, салық мәселесі және т.б. Осындай әкімшілік басқару жүйесіне Шоқан Уәлиханов қарсы шығып өз ойын білдірген болатын: «біздің заманымызда халыққа етене жақын, ең маңызды, соның мұқтажына тікелей қатысты реформа- экономикалық істерді жүзеге асыратын құрал ретінде көрінбек, өйткені, әрбір жеке адам және бүкіл адам баласы қауымдасып өзінің түпкі мақсаты материялдық әл-ауқатын жақсартуға тырысады. Прогресс дегеніміз де осыған сай келеді. Осы ойға жүгінгенде, адамның тұрмыс қажетін өтетейтін реформа ғана пайдалы да , ал бұл мақсатқа қандай да болса кедергі келтіретін реформа зиянды болып табылады [1,б.68] .

Шоқан Қазақстан территориясында билік жүргізу үшін патша үкіметінің дайын реформасын пайдаланғанына қарсы болып: - Тайпалық организм жағдайында оны қоршаған орта, ауа райы, жер жағдайы бірінші кезекке қойылуы керек, себебі адамның ояну сезімі, қарекеті физикалық құбылыс пен әлеуметтік жағдайдың біртұтас әсеріне байланысты. Реформаны оңтайлы жасағанда, яғни қоғамдық организм жан-жақты дами алатын мызғымыс прогресс заңына негізделіп жасағанда ғана ұтымды реформа болады. Мұндай реформаны ешқандай жағдайда да бөгемей, қайта қолдау керек -дей келе, өзіндік әдет-ғұрпы, ой-тірлігі бар көшпелі сауатсыз халық аты-жөні жоқ, күтпеген жерден толып жатқан сатылы басшылығы, олардың көп бөлшекті бағынышты тармақтары, түрлі атаулы сатысы бар бюрократтық орталыққа бағынды. Бұл әкімшілік жүйесі осыған дейін қазақ былай тұрсын, орысқа да түсініксіз еді. Осындай патша үкіметінің жүргізген сан алуан реформасын қазақ халқы байыбына барып, толық түсіне алмады. Мұндай реформаны біз халықты опатқа ұшыратады, прогресс жолына залалды деп санаймыз [2,б.145] деп, өз ұсынысын ,былайша білдірді:


  • Халықтың өзін-өзі басқару негізінде құру,

  • Әлеуметтік-экономикалық жаңалықтар енгізу

Алайда, Шоқанның бұл ұсынысы қабылданбады. Бірақ, оның тың идеялары бүгінгі таңда жүзеге асқаны жайлы, оның еңбектерінің зая кетпегендігін араға бірнеше мыңжылдықтар сала, ХХІ ғасырда нәтиже берді.

Атап кететін тағы бір мәселе: Шоқан Уәлихановтың қазақтың әділеттік құқық институттарын дәріптеуі «оның материалдық мұқтажына шақтаулы, әрі сол қоғамның ұлттық мінез-құлқына сай келуі қажет» [3,б.42] – деген ұғыммен ұштасқандығы. Міне, сондықтан ұлттық дәстүрге психологияны мүлдем жат, сырттан тілеген әкімшілік құқықтық реформаның ешқандай нәтиже бермейтінін, тек қоғамдық қатынастарды одан бетер шиеленістіре түсетінін қазақ ойшылы көрегенділікпен болжай білді.

Міне, сондықтан Шоқан Уәлиханов демократиялық мазмұндағы әдеттік құқық институттарын сақтап қалу қажеттігін дәлелдеп, былай деп жазды: «Өзіне етене таныс, сонымен тәрбиеленіп, өсіп-өнген заң ғана халық үшін жәйлі болмақ. Бұл заң қаншалық олпы-солпы болғанымен, сырттан тілінген немесе жоғарыдан ұсынылған заңнан гөрі оған етене жақын, түсінікті де айқын екеніне ешқандай да күмән жоқ» [4,б.307].

Шоқан Уәлихановтың осы мағынадағы көзқарастарын Ресейдің Қазақстандағы отарлық-әкімшілік басқару аппаратында қызмет істеген кейбір өкілдері де қолдаған. Орынбор шекара комиссиясының төрағасы болып бірнеше жылдар бойы қызмет атқарған ірі шығыстанушы ғалым, Санк-Петербург университетінің профессоры В.В.Григорьев патша өкіметінің қазақ қоғамына енгізген реформаларын қатаң сынап: «қазақтар орыс заңдарымен басқарыла алмайды, мұндай басқару бізді оларды шеттетеді» - деп ашық пікірін білдірді.

Шоқанның Ресейдің әкімшілік –құқықтық жүйенің енуіне үзілді- кесілді қарсы екенін мына сөзінен анық аңғаруға болады «Қазақтар үшін мировой сот ісін жүргізудің басты статьялары көшпенділердің тұрмыс салтына үйлеспейді қазақты орыс заңымен соттауға болмайды. Оның себебі мынада: өзге тайпалық құрамдағы, өскен ортасы, тіршілігі бөлек қазақтардың қылмыс пен жат қылыққа көзқарасына, түсінігіне орыстармен, өзге европалықтармен қатар қарауға болмайды; ақыры қазақтар тергеу кезінде орыспен қатар заңды білмейтіндіген бас тарта алмағанмен, олар орыс заңдарын білмейді » [5,б.142]

Міне, байқап қарасақ, Шоқан тұжырымдары ғылыми тұрғыдан дәлелді, сол заманда өмір сүрген қазақ халқының ағарту ісінің нашар дамығанын және тіл білмеуін нақты дәлелдей келе, бұл реформаның қазақ халқының басқару жүйесіне сай келмейтіндігін аңғартады.

Шоқанның тағы бір баса назар аударған ірі мәселесі - билер институты. Билер институты жайлы С. Өтениязовтың «Шоқан өскен орта» атты еңбегінде былай дейді: «Би деген сөзді естігенде, осы күнге дейін елең етпейтін қазақ жоқ. Ол қазақ өмірі мен біте қайнасып кеткен тарихи күрделі процесс. Сонау ерте заманнан бері келе жатқан қазақтың би институтын зерттеу соңғы үш ғасыр бойы жалғасып келеді»

Қазақ тарихында бидің алатын орны ерекше сондықтан би институты жалпы мемлекеттің саяси және мәдени өмірінде әрқашан маңызды рөл атқарды. Әрине, хазақ мемлекетті хан басқарды дегенмен, хан мемлекетінің ішкі және сыртқы істерін өз кеңесшілерімен, яғни билермен ғана ақылдасып шешіп отырған.

Қазақтың «Хан ақсұңқар болса, алтын тұғыры би болар» - деген өте құнды халық мақалын мысалға ала отырып, сол кезеңдегі патша өкіметінің негізгі мақсаты қайткен күнде билер орнын қазақ халқы өмірінен аластату болатын, себебі, хан билігін құрту оңай тигенмен би институтын жою оңай еместігін жақсы түсінді. Сол себепті, қазақтың басқару жүйесіне оның ішіндегі би институты, яғни ата-бабамыз саяси өміріндегі билердің алатын орны мен маңызын ұлы ғалым шығыстанушы Ш.Уәлиханов жан-жақты зерттей келе ол бұрынғы заманнан қалыптасып, көшпелі қазақ қоғамының барлық болмыстық қатынастары мен талаптарына сай келетін билер сотының империялық соттардан артық, тиімді екенін былай деп атап көрсеті: «Қазақтарда құрметті би атағы халық тарапынан қандай да сайлау жолымен немесе халықты билеп отырған үкіметтің бекітуімен емес, тек сот рәсімін терең білетін, оған қоса, шенендік өнерін меңгерген қазаққа ғана берілген. Би атану үшін қазақ халық алдында әлденеше шешендік сайысқа түсіп, өзінің заң –жораны білетіндігін, шешендігін танытатын болған. Мұндай адамдардың есімі желдей есіп, жұртқа таралып, біріне емес, бәріне де танылған. Сөйтіп, би атағы сот пен адвокаттық істегі патентке айналады» [6,б.244] делінген.

Шоқан Уәлихановтың пікірінше, билердің жоғарыда көрсетілген жеке қасиеттері сот билігінің ісіне «шынжыр балақ, шұбар төс» үйір иеленушілер мен байлардың қысым жасамауын қамтамасыз етеді және билердің тәуелсіз болуына кепілдік береді. Билер сотының демократиялық сипаттары туралы ол былай деп жазады: «Билер сотының артықшылығы, ол істі некен- саяқ болмаса, жалғыз шешпейді, оған қатысатын адамға шек қойылмайды, ал тіпті кейде олар ақтаушы да болып көрінеді және бидің шешіміне шағым жасауға да құқы бар» [6, б. 264] . Сонымен қатар, қазақ ойшылы билер сотының артықшылығын, құрметтілігін оған ауыл қауымының кез келген мүшесі, өзінің мүліктік, материялдық жағдайына қарамастан талап қоюғанегіз бар. «Қазақтар соттың төрелігіне ие болған бидің кез келгеніне жүгінуге ерікті» [6, б.268] – деген.

Қазақ қоғамында «ежелгі халықтық үлгідегі билер сотын » сол қалыпта сақтап қалуды жөн санады. Сонымен қатар, Шоқан Уәлиханов билер сотының кейбір жағымсыз жақтарында сынға ала отырып, оның қазақ халқының «бүгінгі өсу дәрежесін» ғана қанағаттандыратынына өзіндік пікірін білдірді.

Қазақ ойшылы билер сотының артықшылығына тоқталғанда олардың азаматтық және қылмыстық істерді қарау барысында бірнеше ғасырлар бойы дамып, жетілген әдеттік құқық нормаларға сүйенуін жылы лебізбен қабылдайды. Олардың халықтық тұрмыс-тіршілігіне етене жақын екеніне аса құрметпен сүйіспеншілігін білдіреді. «Тегінде,- деп жазды Шоқан Уәлиханов,- біз әдетте жиі жүгінетін дамудың жоғарғы сатысының төменгі сатысымен үйлесімділігін ескергенде, шығарылған заңдарға, мысалы, мұсылман, қытай және орыстың «Орыс правдасы» заңына қарағанда қазақтың әдеттегі правасының адамгершілік жағы басымдау. Қазақ заңында европалық жаңа кодексте сіресіп тұрған «ескертетін», «сескендіретін» шаралар жоқ. Ру заңы бойынша, туыстардың бірінің ісіне бірі жауап беретін руластық жағдайы ру қатынасында іс жүзінде көп пайда келтіріп отыр,- дейді. Байқап қарасақ, шын мәнінде Шоқан Уәлихановтың ойлары көшпелі қазақ цивилизациясының, қоғамдық өсуінің «түрі нағыз буырқанған кезеңінде, яғни мәдениеті дамыған елдердің дәрежесіне, үйлесімді жағдайдың деңгейінде» деген тұжырымға саяды [7, б.93] .

Қазақ халқы, тарих көшінде қандай ауыр жағдай кездессе де, рухани қазынасын жоғалтпады. Шоқан Уәлихаов осынау бай мұраның жинаушысы, жіліктеп саралаушысы, келер ұрпаққа жеткізуші бола білді. Ол қоғамдық ортаға, тарихи әдеби мұраларға баға беруде, пікірі мүлт кетпес үшін, үнемі ғылымға, ақиқатқа жүгінген. Сондықтан да ғалымның ойының тереңдігіне, пікірінің дәлдігіне көз жеткізу барысында әркімге де зор білім, азаматтық ірілік қажет. Осы орайда қазақтың халық жазушысы Ғ.Мүсіреповтың: «Шоқанның ұлылығы соншама, біз оны енді ғана толық түсіне бастағандаймыз, Шоқанның ойы, еңбегі, арман-тілегі еліміздің тарихымен, оның ішінде кешегі, бүгінгі, ертеңгі мәдени өмірімен, өнер өрімдерімен тікелей сабақтасып жатыр» - деп, Шоқан Уәлихановқа жоғары баға бере отырып, тарихтағы алар орнын айқындап жазғандай.

Ғалымның әдеби мұраларын ғылыми тұрғыда зерттеп- талдау бір дәуірдің, бір ғана ұрпақтың еншісінде ғана емес. Оны сан дәуірде сан ұрпақ өкілдері қастерлей оқып, өз бағасын беретіні, керегіне жарататыны, арындай кіршіксіз сақтайтыны шүбәсіз. Кемеңгер оқымыстының парасатты тұлғасына қараған сайын, оның артына қалдырған асыл, баға жетпес қазынасы мәңгі жасайтындығына сенесіз. Осылайша, ұлы даланың ұлы перзенті ұрпақтарына мәңгілік мұра қалдырды, Шығыс жұлдызының шыңыраудан сыр тартқан асыл қазыналары алмастай түрленіп алыстан мұнарлай көз тарта бермек.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. С.Өтениязов. Шоқанмен қайта кездесу. Алматы, 1990. 240-бет.

  2. Ш.Уәлиханов. Таңдамалы. Алматы, 1985. 560-бет.

  3. С.З.Зиманов. Общественный строй казахов первой половины ХІХ века. Алматы, 1958.

  4. Ч.Ч.Валиханов. Собрание сочинений в пяти томах. Т.1, Алматы, 1984.

  5. Ш.Уәлиханов. Таңдамалы. Алматы, 1985. 560-бет.

  6. Ч.Ч.Валиханов. Собрание сочинений в пяти томах. Т.1, Алматы, 1984.

  7. С.Өзбекұлы. Шоқан Уәлихановтың сот-құқықтық идеялары // Тураби. 2002, №6


Пашенцев А.П., Малущенко Г.В., Манабаева Ж.А.

Преподаватели кафедра истории и права СГУ им. Шакарима


ПРОИЗВЕДЕНИЯ Ч.Ч.ВАЛИХАНОВА КАК ИСТОРИЧЕСКИЙ

ИСТОЧНИК
Чокан Валиханов был современником и участником исторического процесса присоединения казахских земель в состав Российской империи, поэтому его публикации представляют значительный научный интерес.

В 1855 году Ч.Валиханов принимает участие в экспедиции по Семиречью и Восточному Казахстану, где он собрал материалы по истории, праву и религиозным взглядам казахского народа. В 1856-1857 годах Чокан Валиханов был в военно –научной экспедиции, которая должна была исследовать киргизские земли и снять на карту окрестности Иссык-Куля. Здесь он обратил внимание на древний эпос киргизов «Манас», осуществив частичный перевод произведения на русский язык. Также он записал родословные киргизского народа, песни, сказания и легенды.

Результатом этих путешествий явились такие научные труды, как «Записи о киргизах», «Дневник поездки на Иссык –куль», «Западная провинция китайской империи и город Кульджа». Автор не только показал географические особенности этих территорий, но и исследовал хозяйственную жизнь, быт и традиции населения.

Достижения Ч.Валиханова в области истории, филологии и географии стали известны в российской науке, и в 1857 году он был избран действительным членом Русского географического общества. Всеобщую известность принесла ему поездка в Кашгарию в 1857-1859 гг. и фундаментальный труд «О состоянии Алтышара, или шести восточных городов китайской провинции Нан-Лу». В этом труде были отражены история, география и социальный строй народов Восточного Туркестана.

Что касается публикаций, посвященных общественно – политическому устройству, истории, географии, этнографии и фольклору казахского народа, то они объективно показывают особенности развития казахского общества с момента возникновения Казахского ханства вплоть до присоединения к Российской империи. В частности, Ч.Ч.Валиханов приурочивал образование казахского народа ко времени возникновения «политически отдельной общины» из разноплеменных родов независимо от их происхождения, «соединившихся вследствие общих интересов и известных обстоятельств в одно политическое тело»4.

Выступая против произвола российского чиновничества и казахских баев, Чокан Валиханов в 1862 году согласился стать старшим султаном Атбасарского округа, чтобы личным примером показать необходимость просвещения для преодоления общественно-культурной отсталости и защиты законных прав казахского народа.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет