Материалдық құқық нормаларын қолдануда қате жіберілгендіктен жаңа шешім шығарылды ( үзінді)



жүктеу 37.07 Kb.
Дата03.04.2016
өлшемі37.07 Kb.
: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9 -> 22e0f3fb00367ffa462572fb00214a97 -> $FILE
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мүліктік емес өзіндік құқықтарды және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының заңдары Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесіне шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мен мәдениетiне де үлкен залал келтiредi
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Конституции рк – 10 лет
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Ювенальная юстиция
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасының 3АҢЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Адвокаттық қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы №195-1 Заңы
$FILE -> !с қылмстың алдын ала тыңдау өткізу сатысынан қайта қарауға жіберілді
$FILE -> Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасында Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірілгені дәлелденгендіктен
Материалдық құқық нормаларын қолдануда қате

жіберілгендіктен жаңа шешім шығарылды

( үзінді)

Талапкер А., жауапкерлер "К" АҚ және Б-дан денсаулыққа зақым келтір-гені үшін 186 000 теңге материалдық және 5 000 000 теңге моральдық шығындарды өндіру туралы сотқа талап арызбен жүгінген.

Қарағанды қаласы № 2 Қазыбек би аудандық сотының шешімімен А-ның талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылған.

А. өзінің қадағалау шағымында 2006 жылғы 19 маусымдағы сот шешімін заңсыз деп танып, оның күшін жоюды және талапты қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған.

Алқа, азаматтық іс материалдарын және қадағалау шағымының уәждерін зерделеп, олар мынадай негіздерге байланысты қанағаттандырылуға жатады деп есептейді.

АІЖК 387-бабының 3-бөлігіне сәйкес материалдық нормалардың немесе іс жүргізу құқығының едәуір бұзылуы соттың заңды күшіне енген шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қадағалау тәртібімен қайта қарауға негіз болады.

АК 917-бабына сәйкес зиян келтіруші, Азаматтық Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, егер зиян өзінің кінәсінен келтірілмегендігін дәлелдесе, оны өтеуден босатылады.

Бірінші сатыдағы сот 2003 жылғы 4 желтоқсанда болған жол-көлік оқиғасында талапкер А-ны кінәлі деп тапқан.

Жезқазған ішкі істер басқармасының 2005 жылғы 16 сәуірдегі қаулысымен жүргізуші Б-ның жол-көлік оқиғасында кінәсі болмағандықтан қылмыстық іс қысқартылған.

Бірінші сатыдағы сот АК 917-бабын басшылыққа алып, талапкер А-ның талап арызын қанағаттандырусыз қалдыр-ған.

Талапкер А. қадағалау шағымында АК 931-бабына сәйкес заңды тұлғаның жеке меншігіндегі автокөлігінен келген зиянды, сол заңды тұлға өтеуге тиіс деп көрсеткен.

Заңның бұл нормасына сәйкес қызмет айналасындағылар үшін жоғары қауіптілікпен байланысты заңды тұлғалар мен азаматтар (көлік ұйымдары, өнеркәсіп орындары, құрылыстар, көлік құралдарының иелері және т.б.), егер зиян дүлей күштердің немесе жәбірленушінің теріс пиғылының салдарынан пайда болғанын дәлелдемесе, жоғары қауіптілік көздері келтірген зиянды өтеу-ге міндетті.

Бірінші сатыдағы сот талапкердің талап арызын қанағаттандырусыз қалдырып, жол апаты жәбірленуші А-ның қасақана әрекеттерінен болған, яғни ол мас күйінде жол қозғалысы ережелерінің 3.4, 3.6-тармақтарын өрескел бұзған деп көрсетіп, ал автокөлік айдаушының жол апатын болдырмауға техникалық мүмкіншілігі болмағанын жойқын күшке баламайды. Алайда соттың бұл тұжырымдары АК 931, 935, 951-баптарына сәйкес емес.

Егер зиян дүлей күштердің немесе жәбірленушінің теріс пиғылының салдарынан пайда болғаны дәлелденбесе, жоғары қауіптілік көзі келтірген зияндар үшін жауапкершілік қатаңырақ болып табылады.

Жоғары қауіптілік көзі келтірген зиянды өтеу жауапкершілігі туындау үшін тиісті әрекет арқылы зиянның келтірілгені және сол әрекет пен салдардың өзара байланысын анықтау жеткілікті.

Жол-көлік қозғалысы тәртібін бұзған жәбірленушінің теріс пиғылы туралы бірінші сатыдағы соттың тұжырымы қате, өйткені АК 931-бабының ережесі бойынша, жәбірленушінің теріс пиғылы өзіне зиян келтіруге бағытталуы тиіс.

Іс материалдарында жәбірленушінің өзіне зиян келтіргісі келген теріс пиғылы жөнінде қандай да бір дәлелдеме жоқ.

Прокурордың атына жазған шағымында талапкер Жезқазғанға бару үшін жолға шыққанын, алдында ептеп спирттік ішімдік ішкенін жоққа шығармайды және онда өміріне қарсы әрекет жасауға ойы болмағанын көрсеткен.

Сондай-ақ, көлікпен адамды қағып кетпеуге техникалық мүмкіндіктің жоқтығын дүлей күштің әсері деп бағалауға болмайды, алқа бұл мән-жайды қылмыстық жауаптылықтан босатуға негіз болып табылады деп есептейді.

АК 935-бабының 3-тармағына сәйкес жәбірленуші өрескел абайсыздық жасап, зиян келтірушінің кінәсі болмаған жағдайда, оның жауапкершілігі кінәсіне қарамастан туындаған кезде, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, өтеу мөлшері азайтылуға тиіс немесе зиянды өтеуден бас тартылуы мүмкін. Азаматтың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда зиянды өтеуден толық бас тартуға жол берілмейді.

Іс құжаттарынан көрінгендей, талапкер А-ның денсаулығына ауыр дәрежеде зиян келтіріліп, ол емханада 32 күн емделген, сондықтан талапкер өрескел абайсыздық жасағанымен оның денсау-лығына келтірілген зиянды өтеуден қызмет айналасындағылар үшін жоғары қауіптілікпен байланысты заңды тұлға - жауапкер "К" АҚ толық босатылмайды.

АК 951-бабының 3-тармағына сәйкес моральдық зиян келтірушінің кінәсіне қарамастан егер зиян азаматтың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіптілік көзі арқылы келтірілсе өтеуге жатады.

Қадағалау алқасы аталған заңның ережелерін басшылыққа алып және де істің мән-жайларын ескере отырып бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылуға жатады деп есептейді.

Істің мән-жайын сот толық анықтаған, бірақ материалдық құқық нормаларын қолдануда қате жіберген, сол себепті қадағалау алқасы істі жаңадан қарауға жолдамай жауапкер "К" АҚ, талапкер А-ның пайдасына 50 000 теңге материалдық және 50 000 теңге моральдық зиянды өндіру туралы жаңа шешім шығаруға жатады деп тұжырымдайды.



Аталғандардың негізінде, АІЖК 398-бабын басшылыққа алып, Жоғарғы Соттың қадағалау алқасы Қарағанды қаласы №2 Қазыбек би аудандық сотының 2006 жылғы 19 маусымдағы шешімін өзгертуге; шешімдегі талапкер А, жауапкер "К" АҚ-нан 186 000 теңге материалдық және 5 000 000 теңге моральдық зиянды өндіру туралы талап арызын қанағаттандырусыз қалдыру туралы бөлігінің күшін жоюға; жауапкер "К" АҚ-нан, талапкер А-ның пайдасына 50 000 теңге материалдық және 50 000 теңге моральдық зиянды өндіруге қаулы шығарды.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет