Мазм ұ н ы кіріспе



жүктеу 2.47 Mb.
бет2/13
Дата02.05.2016
өлшемі2.47 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
: userfiles
userfiles -> Внутренний контроль производства и контролируемые испытания продукции
userfiles -> Технические правила
userfiles -> 2010 жылдың ІІІ тоқсанына арналған жоспарының орындалуы Шілде Облыс әкімдігінің мәжілісіне енгізілген мәселе Жамбыл облысының 2010 жылдың қаңтар-маусымында
userfiles -> Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына қарасты емдеу-алдын алу ұйымдары бас дәрігерлерінің жеке табысы және мүлкі туралы декларацияны жариялау
userfiles -> Конкурстық құжаттаманы бекіту туралы
userfiles -> Шу ауданының әкімі І.Ә. Тортаевтың ауданның 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есебі
userfiles -> Шортанова алшайым ахылбековна қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы
userfiles -> Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сенімді өкілдерінің сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар тізбесі

Ауданның экономикасының жалпы сипаттамасы


Жамбыл ауданында 2010 жылы жалпы өндірілген өнім көлемі 9 млрд 453 млн теңгені құрап, өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 88,8 млн теңгеге кеміп 99,0 пайызды құрады. Оның ішінде, ауылшаруашылығы саласы 2,2 пайызға кемісе, өнеркәсіп саласында өнім өндіру 2009 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 74,9 млн теңгеге артып нақты индекс көлемі 112,7 пайызды құрады.

Ауыл шаруашылығы өнімінің үлесінің төмендеуіне ауа райының қолайсыздығы мен су тапшылығы басты себеп болып табылады.

Тұрғындардың жан басына шаққандағы тұрмыс деңгейі 30 мың 574 теңгеге жетіп өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 116,6 пайызды құрады. Орташа айлық жалақы көлемі 44 мың 244 теңгені құрап өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 19,6 пайызға артқан.
Өнеркәсіп.

Аудан көлемінде 1 ірі (БМ), 4 орта (Шағал, Кнауф Гипс Тараз, Компания инвест МК, Амангелдинский ГПЗ), 11 шағын кәсіпорындар (5 шағын кәсіпорын кірпіш өндірумен, 1- кислород толтырумен, 2- құрылыс материалдарын шығарумен, 2 құм, шағал, 1 асфальт-бетон өндіреді) тіркелген.

Олардың бүгінгі таңда ірі кәсіпорын «БМ» ЖШС-нің жұмысы 2009 жылдың қараша айынан бері толық тоқтаса, 2010 жылдан «Щебень» ЖШС-гі кен орнынан құрылыс тасты өндіру жұмыстарын жүргізуге арналған келісім-шартының бұзылуына орай өз жұмыстарын тоқтатқан.

Әлемдік қаржы дағдарысының салдары өнеркәсіп саласындағы өндірілген өнімнің төмендеуіне өзінің әсерін тигізбей қоймады. Аудандағы ілгері кәсіпорындардың шығарған өнімдеріне сұраныс төмендеген болатын, 2010 жылдан бастап өнеркәсіп саласында ілгерілеу байқалады. 2010 жылы өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 112,7 пайызды құрап, жалпы өнім көлемі 2 млдр 103 млн теңгеге жетіп отыр.

Өнеркәсіп өнімдерін өндірумен айналысатын ірі және орта кәсіпорындар («БМ», «Шағал», «Кнауф-Гипс Тараз») Тараз қаласының жақын маңдарына шоғырланған.

Жалпы өнеркәсіп саласының даму қарқыны 2003-2008 жылдар аралығында өнім өндірудің артқанымен сипатталады, егер 2003 жылы өндірілген өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 1704,2 млн. теңгені құраған болса, 2008 жылдың қолданыстағы бағамен есептегенде жылдық өнеркәсіп өнімдерін өндіру 2 есеге көбейіп (257%) барлығы 4384,8 млн. теңгені құрады. Ал 2009 жылдан бастап өнім өндіру 47,7 пайызға дейін күрт төмендеп 1959,2 млн теңгені құраған болатын. Ал, 2010 жылы бұл көрсеткіш 74,9 млн теңгеге артып, 2 млрд. 103 млн теңгені құрады.

2009 жылдары өндіріс көлемінің мұндай деңгейге дейін төмендеуі «БМ» ЖШС-нің алғашқыда ішнара, кейін толық тоқтап қалуына байланысты болды. Себебі аудан бойынша өнеркәсіп саласындағы өнім өндірудің 75 пайызы «БМ» ЖШС-нің үлесіне тиесілі еді. Соңғы жылдарда бұл серіктестің өнім өндіру динамикасы келесі мәліметтермен дәлелденеді:

2007 жылы -3 млрд 160 млн 270 мың теңге;

2008 жылы - 1 млрд 688 млн 449 мың теңге;

2009 жылы - 125 млн 944 мың теңге.

Объективті және субъективті себептерге байланысты «БМ» ЖШС-нің қызметі толығымен тоқтап қалды. Өткен 2009 жылы серіктестік 2008 жылы өндірілген дайын өнімінің 125 млн 944 мың теңгеге қалған қалдықтарын сатты. Кәсіпорынның 808 жұмысшысы еңбек жалақысы сақталмаған демалысқа жіберілген. Осыған орай «БМ» ЖШС-і қызметінің толық тоқтап қалу салдары өнеркәсіп өнімдерін өндіру оның ішінде қайта өңдеу бойынша көрсеткіштердің төмендеп кетуіне теріс әсер етті.

Кезінде «БМ» ЖШС соңғы үлгідегі жаңа технологиялық қондырғылар орнату арқылы халық тұтынатын тауарлардың көптеген түрлерін шығарумен және әртүрлі қызметтер көрсетумен айналысып ілгерілеп дамыған болатын. Ең алғашқылардың бірі болып халықаралық сауда рыногына шыққан еді. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына көп мөлшерде салықтар мен басқа да міндетті төлемдер төлеу арқылы үлкен үлес қосқан болатын. Алайда 2008 жылдың екінші жартысынан бастап кәсіпорын жұмысы ішнара тоқтауға ұшырады да 2009 жылдан бастап толық тоқтап қалды. Оның басты себебі серіктестік басшысының қылмыстық жауапкершілікке тартылуына байланысты және тергеу жұмыстарының созылуы салдарынан кәсіпорынның келешегі әлі шешілмеген. Салық және құқық қорғау органдары тарапынан жалпы 23 млрд теңгеге талап арыз берілгендігі осыған дәлел болады. Сот талқылаулары толық аяқталмағандықтан бұл кәсіпорынның келешектегі жағдайы туралы алдын ала ештеңе болжап айта алмаймыз.


Өңдеу өнеркәсібі

Ауданның өнеркәсіп саласында өнім өндіру құрылымында өнеркәсіп өнімдерін қайта өңдеу саласы басым болып табылады.

Қайта өңдеу негізінен ауылшаруашылығы өнімдерін, басқа да материалдық емес минералдарды, мұнай және химия өнімдерін өңдеуден тұрады.

Қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындар 2010 жылы жалпы 2103,6 млн теңгенің өнімін өндіріп 2009 жылға қарағанда өндіріс көлемі 112,3 пайызға жетті. Алдағы жылдары бұл көрсеткішті аудан орталығында жаңадан құрылыс жұмыстары аяқталған «Амангелді мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің Тараз филиалы есебінен арттыру көзделуде.


Металл емес өзге минералды өнімдер өндірісі

Металл емес өзге минералды өнімдер өндірісін өндірумен 11 шағын кәсіпорындар айналысады. («Таң» ЖШС, «Ақ-кірпіш» ЖШС «Тараз Профиль» ЖШС, «Щебень» ЖШС, «Аба-қанағат» ЖШС, «Уайт-Бриг» ЖШС, «Аяда-групп» ЖШС, «Фрай» ЖШС, «Стройсервис Эльф» ЖШС және жеке кәсіпкерлер «Косенко» мен «Шоқаев»).

Жоғарыда аталған кәсіпорындар негізінен күйдірілген, силикат және шикі кірпіш шығарумен, түрлі құрылыс материалдарын, шағал, асфальт бетон өнімдерін өндірумен және кислород баллондарын толтырумен айналысады.

Жалпы шағын кәсіпорындар бойынша 2009 жылы 142,4 млн теңгенің өнеркәсіп өнімдері шығарылып, 2008 жылдың өндіріс көлемімен салыстырғанда 122,6 млн теңгеге кеміп кетті.

Оның басты себебі әлемдік дағдарыс 2009 жылы құрылыс индустриясы кәсіпорындарының жұмысы мен құрылыс материалдары өніміне деген сұраныстың болмауынан туындаған.
Мұнай-газ саласы

ҮИИДБ аясында «Амангелді ГӨЗ» ЖШС Жамбыл ауданының Аса ауылында Амангелді кен орнының шикі мұнайын өңдеу зауытының құрылысы аяқталды. Мұнда бензин, дизель отыны, мазут және жеңіл дестилятор өндірілетін болады. Жобаның құны – 3,0 млрд. теңгені құрады.


Тау-кен өндірісі саласы және кеніштерді игеру.

Аудан бойынша жер қойнауын пайдаланушы 31 заңды және жеке тұлғалармен барлығы 34 келісім шарт жасалған. Келісім-шарт бойынша 7 тұлғамен (Тараз Рест Таур, Промхиммонтаж, АДАФ и К, Таразтурбопроводы и транспортные линии, SAT Konstruction, КСС Е&/Zhambyl zhol kyrylys, К-Дострой) барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Атап өтетін жағдай 31 жер қойнауын пайдаланушылардың ішінен 10 субъекті толығымен аудандық салық органының тіркеуіне алынып, барлық салықтары мен басқа да міндетті төлемдерін жергілікті бюджетке төлеп отыр, қалған субъектілер тек жергілікті салықтар бойынша салық төлеуші болып табылады.

Құрылыс материалдарын өндіруді дамыту аудан аумағында табиғи байлықтардың мол қорын өндірумен тығыз байланысты болғандықтан негізінен гипс, қиыршық тас, құм, топырақ және құрылыс материалдарының қорын игеру, барлау жұмыстары жүргізіледі.



Өнеркәсіпті дамытудың басты мәселелері дайын өнімді өткеру, өнеркәсіп өнімдерін өндіру құрылымында шикізат және кен өндіру өнеркәсібінің басымдылығын арттыру, өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің төмендігі, ауданда өнеркәсіптің даму қарқынының баяулығы мен жалпы өнеркәсіп өнімдерін өндірудің құлдырауы, жетілген техникалық мамандықтарды игерген мамандардың жетіспеушілігі, «БМ» ЖШС-нің келешектегі жағдайының шешілмеуі.
Индустриалды-инновациялық даму

Индустриалдандыру картасы

Қазақстанның 2011-2014 жылдарға арналған мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы алдағы жылдары еліміздің экономикалық дамуына жетекшілік жасайтын негізгі құжат болып табылады. Бұл құжаттың бағыты, мақсаты, методологиясы ауданды дамыту бағдарламасын әзірлеуге негіз болды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы «2011-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентінің бірқатар жарлықтарын күші жойылған деп тану туралы» №958 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі №302 Қаулысына сәйкес Өңірлік Индустриалдандыру картасы әзірленді, ол облыс әкімдігінің 2010 жылғы 2 маусымдағы №156 қаулысымен бекітілді.

Индустриалды-инновациялық дамуын тездету мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ауданда экономика салаларын әртараптандыру жөнінде жалғастыру жұмыстары жүргізілуде. Аудан кәсіпорындарында жаңа өнім түрлері игерілуде, жаңа технологиялық желілер ендірілуде, қосымша құны жоғары бәсекеге қабілетті өнім шығару артуда. Өнеркәсіптік кәсіпорындар өндірістік желілердің компьютерлік процестерін қолдануда және өндірісте жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануда.

Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының І-ші кезеңін жүзеге асыру барысында 2004-2006 жылдары ауданда 6 жоба іске асырылса (БМ ЖШС-нің ашытқы өндіру мен крахмал өндіретін биохимиалық зауыты, Уайк-Бриг ЖШС-нің силикат кірпіш зауыты, Казхиминвест ЖШС-нің мұнай өңдеу зауыты, Сенім медициналық орталығының күйдірілген кірпіш цехы мен жеке кәсіпкер Косенконың кірпіш цехы), ал ІІ-ші кезеңінде 2006-2008 жылдары 3 жоба (Музарт ЖШС-нің минералдық су өндіру цехы, Компания Инвест МК мен Өрмесер ЖШС-нің асфальт зауыттары) іске асырылды.

Бүгінгі таңда жоғарыда аталған жобалардың ішінен «БМ» ЖШС-нің ашытқы мен крахмал өндіретін биохимиялық зауыты толық жұмыс істемей тұрса, «Музарт» ЖШС-нің минералдық су өндіру цехының жұмысы серіктестіктің ішкі жағдайының себептерінен тұралап қалған.

2010 жылы Мемлекеттік Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы сәтті іске қосылғанына орай өнеркәсіп дағдарыс кезінде жаңа жетістіктерге қол жеткізді, бағдарламаның шеңберінде Аса ауылында «Амангелді ГӨЗ» ЖШС-нің Тараз филиалы 3,0 млрд. теңге сомасы көлемінде 1 инвестициялық жоба пайдалануға енгізілген, 147 жаңа жұмыс орындары ашылады.

Инвестициялық жоба 2010 жылдың 15 желтоқсанында пайдалануға берілген. Толық жобалық өндіру қуаттылығына (жылына 100 мың тонна мұнай) шығу.

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының Қазақстанды индустрияландыру Картасына 2011 жылы екі жаңа жоба іске асыру үшін тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда. Олар біріншісі «Супер-Фарм» ЖШС-нің фармацевтикалық бұйымдар шығаратын зауыт құрылысы енгізілсе. Жобаның жалпы құны 520,0 млн теңгені құрайды, жылына 15 млн. дана матадан жасалмайтын біржолғы медициналық киімдер мен төсек жамылғылары (медициналық халат, бинт, бахилдер, медициналық бетперделер, төсеніштер) шығарылатын болады. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасымен жеке кәсіпкерлікті қолдау бағытында пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға бағытында 210 млн. теңге көлемінде несие алу көзделуде. Зауыт құрылысын 2011 жылдың желтоқсан айында толығымен аяқтау жоспарлануда.

Екінші жоба «Бином Строй Деталь» ЖШС-гі құрылыс материалдары комбинатының» темір-бетон бұйымдарын шығаратын зауыты. Жобаның жалпы құны 150 млн теңгені құрайды. 2010 жылы кәсіпорын құрылыс материалдары атап айтқанда Г және Т үлгідегі темір-бетон конструкциялары, суландыру жүйесіне арналған лотоктары мен бетон блоктары Тараз қаласындағы қан құю орталығын, «Бәйтерек» мөлтек ауданындағы балабақша және тұрғын-үй құрылыс нысандарын, Мерке ауданындағы «Аспара» каналын, Шу ауданындағы Ақсу су қоймасын, Жуалы ауданындағы «Раис» каналы мен Меркедегі дәрігерлік амбулатория құрылыстарын жүргізуге пайдалануда.
Тездетілген индустриалды-инновациялық даму шеңберінде ауданда іске асырылатын инвестициялық жобалар тізбесі




Жобаның атауы

Кәсіпорын атауы

Жоба басшысының аты-жөні

Орындалу мерзімі

Қаржыландыру көлемі

Ашыл. жұмыс орын-ң саны бір.

млн. АҚШ дол.

млн. теңге

2010 жылы іске асырылатын жобалар

1.

Шикі мұнай өндіретін зауыт құрылысы

«Амангелді ГӨЗ» ЖШС


Исакаев Оралбай Ибрайұлы

2010 жылдың

15 желтоқ

саны


20,0

3000,0

100

2011 жылдың 2 жартыжылдығында іске асырылатын инвестициялық жобалар

1.

Тоқыма емес матадан (стерилденген және стерилденбеген) бір реттік пайдаланымға арналған медициналық киімдер өндіру

«SUPER PHARM» ЖШС,

Директор Амирова Қарлығаш Амирханқызы

2011 жыл

3,6

520,0

50

2.

Темір бетондық бұйымдарды өндіру

«БиномСтрой-Деталь» ЖШС

Директор Позняков Сергей Александрович

2011 жыл

1,0

150,0

130

Ескерту:

* - Аумақтық Қазақстанды индустриаландыру картасына енгізілген жобалар: 1 жоба

** - Республикалық Қазақстанды индустриаландыру картасына енгізілген жобалар: 1 жоба

Қазақстанның Ұлттық Банкінің мәліметі бойынша 1 АҚШ доллары 2010 жылы 147,34 теңге, 2011 жылдың 28 маусымына 146,27 теңге.


Қазақстандық мазмұн

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мақсатында Үкімет қабылдаған дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың негізгі міндеті тауар, жұмыс пен қызметтерді сатып алуда қазақстандық мазмұнның үлесін арттыруға ықпал ету болып табылады.

Бюджеттік ұйымдардың да қазақстандық тауар өндірушілердің ірі тұтынушысы екендігін атап өтуіміз қажет.

Қазан айында облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы «NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агентігі» АҚ бірлесіп отандық тауар өндірушілермен, жерқойнауын пайдаланушы-кәсіпорындармен және «Интернет-портал «Қазақстандық үлес» және «Жерқойнауын пайдалану және оларды өндірушілер бойынша операция жүргізуде пайдалынылатын тауарлар реестрі, жұмыс және қызмет көрсету» ақпараттық жүйесін таныстырушы жүйелік компаниялармен оқыту семинарын жүргізген.

2010 жыл қорытындысы бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындары жалпы сомасы 744,6 млн. теңгеге түрлі жолдармен мемлекеттік сатып алуларды жүргізді, мұнда қазақстандық мазмұнның үлесі 41,0% немесе 305,2 млн. теңгені құрады.

Мәселелердің, қауіптердің, бәсекелестік басымдықтар мен мүмкіндіктердің кешендік сипаттамасы.

Өңірдегі өнеркәсіптің жүйе қалыптастырушы кәсіпорындарының тауарлар сатып алуындағы қазақстандық мазмұн деңгейінің төмендігіне мыналар әсер етеді:

өңдеу саласы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі, бұл бәрінен де бұрын кәсіпорындардың технологиялық деңгейінің төмендігімен, жабдықтардың физикалық тұрғыдан ескіруімен және моральдық ескіруімен байланысты;

аудан көлеміндегі кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің төмен деңгейі;

айналым қаржыларының жеткіліксіздігі мен пайыздық мөлшерлемесі төмен ұзақ мерзімді кредиттердің қол жетімсіздігі.

Сонымен қатар, өнеркәсіптік кәсіпорындардың маркетингтік қызмет деңгейінің әлсіздігі тұтынушылар тарапынан сұраныстың төмен болуына алып келеді.

Бұл мәселені шешу үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып ауданда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жетілдіруге және жаңа өндіріс орындарын ашуға, бәсекеге қабілетті өнім шығаруды қамтамасыз ету.
Менеджмент және стандарттау жүйесі

ИСО сапа менеджменті жүйесіне 2010 жылы 5 аудандық бюджеттік мекеме енгізілді. 2011 жылы «Амангелдинский ГПЗ» ЖШС-нің Тараз филиалы осы жүйеге өтуді көздеуде.

Ауданның өнеркәсіп саласы бойынша «БМ» ЖШС-гі ИСО 9001 халықаралық стандарт сапа менеджмент жүйесіне «Руский регистр» Жамбыл филиалымен былтырғы 2007 жылдың төртінші тоқсанында келісім шартқа отырған болатын, бірақта бүгінгі таңда кәсіпорын белгісіз мерзімге өз қызметін тоқтатқандықтан бұл жұмыстар жүргізілмей отыр.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет