Мазм ұ н ы кіріспе



жүктеу 2.47 Mb.
бет5/13
Дата02.05.2016
өлшемі2.47 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
: userfiles
userfiles -> Внутренний контроль производства и контролируемые испытания продукции
userfiles -> Технические правила
userfiles -> 2010 жылдың ІІІ тоқсанына арналған жоспарының орындалуы Шілде Облыс әкімдігінің мәжілісіне енгізілген мәселе Жамбыл облысының 2010 жылдың қаңтар-маусымында
userfiles -> Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына қарасты емдеу-алдын алу ұйымдары бас дәрігерлерінің жеке табысы және мүлкі туралы декларацияны жариялау
userfiles -> Конкурстық құжаттаманы бекіту туралы
userfiles -> Шу ауданының әкімі І.Ә. Тортаевтың ауданның 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есебі
userfiles -> Шортанова алшайым ахылбековна қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы
userfiles -> Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сенімді өкілдерінің сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар тізбесі

Инвестициялар


Негізгі капиталға салынған инвестиция негізгі құрал-жабдықтарды жасауға, ұдайы жаңғыртуға бағытталған шығындар жиынтығы 2010 жылы 5 млрд 684 млн. 234 мың теңгені құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты индекс көлемі 29,9 пайызды құрап, 12 млрд. 425 млн теңгеге кеміп отыр. Оның ішінде: республикалық бюджет есебінен 771,1 млн теңге, жергілікті бюджет есебінен 367,5 млн теңге есебінен, кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаражаты есебінен 3221,5 млн. теңге, шетел инвестициясы 1293,9 млн теңге. Инвестиция салымының басты себебі өткен жылы аудан көлемінен «Қазақстан-Қытай» транзитті газ құбырының өтуіне байланысты инвестиция салымы артқан, ал биылғы жылы «Батыс Европа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің аудан көлемінен өтуі де бұл жағдайға жету мүмкіндігін тудыра алмады.

Инновациялық белсенділік


Аудан инновациялық процестерді белсендендіруге, жаңа технологиялық тәртіп енгізуге, өңдеу өнеркәсібінде жаңа белестерді игеруге, ғылыми ізденістер жүргізу үшін материалдық базаны нығайтуға, ғылыми-технологиялық әлеуетті дамытуға, ғылым мен өндіріс арасындағы алшақтықты жақындатуға, инновациялық қызметті ынталандыруға халықаралық стандарттарды енгізуге бағытталған.

2010 жылы аяқталған инновацияларды көрсеткен кәсіпорындар

1 кесте



Кәсіпорындар атауы

Технологиялар атауы



«Амангелді ГӨЗ» ЖШС Тараз филиалы

100-МӨҚ шикі мұнайды өңдеу қондырғысының құрылысы.

Көптеген отандық зерттеулер мен зерттемелер нақты нарықтық талаптарға бағытталмаған және импорттық ғылыми сыйымды өнімдер мен қызметтермен бәсекелесе алмайды. Өндіріске дайын ғылыми зерттемелерді ендіру механизмі жоқ.

Қазіргі кезде ғылыми зерттемелердің біршама үлесі коммерциялық қолданыс табуда. Көптеген қазақстандық зерттемешілер мен компаниялар тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар сатысындағы арнайы қызметтердің жоқтығы мәселесімен кездесіп отырады, бұл оларды ендіру процесін кешеуілдетеді.

Ауданның бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оның ұзақ мерзімді болашаққа даму әлеуетін жасау, экономикалық өсімнің инновациялық бағытын қамтамасыз ету төмендегі стратегиялық қимылдарды іске асыруды көздейді:

- инновациялық инфрақұрылым объектілерін құру және дамыту, инновациялық қызмет саласындағы кеңес беру қызметін көрсету жөніндегі желілерді ұйымдастыру, шағын инновациялық кәсіпорындардың ғылыми-техникалық саласындағы дамуына ықпал ету;

- 2011-2014 жылдарға арналған жеделдетілген индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инновациялық салаға инвестициялар салу мен инновациялық қызмет үшін жағымды қаржылық-экономикалық жағдайды қамтамасыз ету.
Сауда

Сауда саясатын тиімді жүргізу аумақтың дамуының және халықтың әл-ахуалының көтерілуінің негізі болып табылады. Аудандағы тұтыну рыногы тауар айналымының бірқалыпты өсуімен, тауарлар мен заттардың ассортиментінің кеңейуімен сипатталады.

Аудан көлемінде бөлшек тауар айналымына барлық меншік түрлерінде арнайы халық тұтынатын тауарлар кіреді. 2010 жылы бөлшек сауда тауар айналымы 1 млрд. 003 млн 785 мың теңгені құрап, бұл көрсеткіш былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 77 млн 299 мың теңгеге артқанымен нақты индекс көлемі 94,9 пайызды құрап отыр.

Ал, көтерме сауда айналымы 21 млн 984 мың теңгені құрап, 65,3 пайызға немесе 41 млн 393 мың теңгеге кеміп отыр. Көтерме сауда айналымы жеке кәсіпкерлік саласы арқылы болып отыр.



2005-2009 жылдардағы көтерме сауда динамикасы, млн. теңге

мың теңге




2005

2006

2007

2008

2009

2010

Көтерме тауар айналымы

1169,8

242,6

47340

57008

63377

21984

Бөлшек тауар айналымы

2524,9

2736,0

2294,9

2074,1

926486

1003785


2.2.2 Әлеуметтік сала
Денсаулық сақтау

Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау жүйесі мен халықтың бүгінгі жағдайдағы денсаулығын талдау, әлеуметтік-экономикалық даму барысы жөнінен өзімен деңгейлес басқа мемлекеттермен салыстырып бағалау жүргізу барыстарының қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамыту мемлекеттік бағдарламасының (Әрі қарай-Бағдарлама) басым стратегиялық бағыттары мен оны іске асыру механизмдері анықталған болатын.

Бағдарламада саланы заңдық, инвестициялық, құрылымдық, экономикалық жақтарынан және кадрлармен қамтамасыз ету шаралары қарастырылған. Сонымен қатар денсаулық саласын нарықтық қатынастарға бейімдеу: меншіктің түрлі нысандарына негізделген тұрпатын, нарықтық медициналық қызмет көрсетуді, медицина ұйымдарының арасында бәсекелестік қатынастарды дамыту жолдары қарастырылған.

Ауданда 44 денсаулық сақтау мекемесі халыққа қызмет көрсетеді. Оның ішінде 1 орталық аурухана, 1 туберкулезге қарсы диспансер, 1 орталық емхана, 2 бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығы, 17 дәрігерлік амбулатория мен 19 медициналық пунктер, 1 тіс емханасы, 1 салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мен «Сенім» жеке емдеу орталығы.

Барлық емдеу мекемелерінде 95 дәрігер, 329 орта буын медицина қызметкерлері жұмыс атқаруда. 2005 жылға қарағанда медицина саласының қызметкерлері, дәрігер мамандар 24 бірлікке, орта буын мамандары 52 бірлікке өскен.

2008-2009 жылдары Еңбек, Жұма, Бірлесу-Еңбек, Қызыл-абад, Шөлдала, Рахат елді мекендерінде жаңа фельдшерлік пунктер салынды.

Бағдарламаны іске асыру кезеңінде демографиялық жағдайдың жақсарғаны байқалады. 2005 жылмен салыстырғанда аудандағы халық саны 10499 адамға артып 2011 жылдың 1 қаңтарына 86627 адам болып отыр.

Соңғы жылдарда балалардың туылу көрсеткіші өсуде. Егер 2005 жылы 1000 адамға шаққанда ауданда 23,1 болса 2010 жылы бұл көрсеткіш 28-ді құрап 21,2 пайызға өскен. Қайтыс болғандар саны тұрақты сақталуда 2005 жылы 1000 адамға шаққанда ауданда 6,5 болса, 2010 жылы 6-ні құрап 7,6 пайызға төмендеген. Жалпы халық санының табиғи жолмен өсуі жақсы.

Демографиялық жағдайда оң өзгеріс болғанымен ана мен бала денсаулығының төмен екендігі әлі сақталып келеді. Оның басты себептері азаматтардың өсімпаздығының төмендігі, яғни некеге тұрғандардың 9 пайызында бедеулік байқалады. Ана өлімінің негізгі себебіне ана денсаулығының нашарлығын жатқызуға болады.

Ауданда бала өлімінің көрсеткіші 2005 жылмен (20) салыстырғанда 2010 жылы (13) 35 пайызға төмендегені байқалады.

2005-2010 жылдарда Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласын реформалау мен дамыту Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында кейбір ауру түрлері мен соның салдарынан кісі өлімінің болуын төмендетуге қол жеткізілді. Атап айтқанда туберкулезбен ауыратындар саны төмендеді. Сонда да туберкулезді жұқтырудың эпидемиологиялық жағдайына бақылау жасау, тұрақты дәрі дәрмекпен қамтамасыз ету мен кісі өлімі әлі де көкейкесті мәселе.

Ауылдық жерлерде жарақат алу деңгейі жоғары. Соның салдарынан көптеген науқастар біршама уақыт жұмысқа жарамсыз болады немесе қатты жарақат салдарынан мүгедек болып қалу, қайтыс болу фактілері де бар. Барлық ауруларды талдау барысында жарақат алуына байланысты науқастар екінші орында тұр.

Экологиялық жағдайдың нашарлығы медициналық қызмет пен көмекке жиі тәуелді болуға әкеліп соқтырады, тыныс алу органдарының қабынуы, онкологиялық, аллергиялық және басқа аурулардың қозу санының көбейтуге әсер етеді.

Денсаулықтың жақсы болуына күнделікті адам организміне қажетті ауыз судың таза болғаны да жақсы. Сондықтан аудан көлемінде ауыз су бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар баршылық. Жалпы аудан тұрғындарының 40 пайызы таза ауыз сумен қамтамасыз етілген.

Жалпы медицинаның адам денсаулығына әсер ету көрсеткіші 10-12%. пайыз екені белгілі. Қалған мүмкіндіктің бәрі адамдардың өздерінің қолында, яғни таза жүріп-тұру, уақтылы әрі құнарлы тамақтану, тынығып дем алу, спортпен айналысу, ішімдік пен темекі және басқа наркологиялық зиянды заттардан бас тарту ережелерін сақтап жүрсе болғаны. Сонымен қатар аурудың алдын алу, техникалық қауіпсіздікті сақтау, салауатты өмір салтын ұстану керек.

Аудан бойынша 10 000 адамға шаққанда дәрігерлермен қамтылу көрсеткіші 10,6 орта буынды медицина қызметкерлерімен 42,2 ал ауруханалық төсекпен қамтылу 20,1 пайызды құрайды.

Медицина саласына бөлініп отырған қаржы көлемі жылдан-жылға артуда. 2007 жылы денсаулық сақтау мекемелеріне 346 млн 800 мың теңге бөлінген болса, 2008 жылы 401 млн 176 мың теңге, 2009 жылы 524 млн 435 мың теңге, ал 2010 жылы 567 млн 145 мың теңге бөлінгені дәлел болады.

«100 мектеп, 100 аурухана құрылысы» бағдарламасының шеңберінде 2011 жылы Аса ауылында орталық аудандық емханасының құрылысы аяқталады. Сонымен қатар Өрнек ауылында бір мезетте 40 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріледі.



денсаулық сақтау саласындағы мәселелер ана мен бала өлімі деңгейінің өсуі, инфекциялық жұқпалы аурулардың жоғарылауы, медицина саласы мамандарының жетіспеушілігі, медицина мекемелерінің соңғы үлгідегі жетілген қондырғылармен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі, медицина мекемелері орналасқан ғимараттардың табиғи және моральдық тозуы мен саланың қосымша қаржы ресурстарын қажет етуі.
Білім беру

Білім беру жүйесінде компьютерлермен, жаңа үлгідегі және кең ауқымды Интернеті бар кабинеттермен жабдықтау негізінде мектептерді материалдық-техникалық жарақтандыру деңгейін арттырудың тұрақты үрдісі байқалуда, бұл сапалы білімге қол жетімділікті арттырады.

Кәсіби лицейлерді бітірушілердің жұмысқа орналасу деңгейінің артуы жұмыссыздық деңгейін және өңірдегі халықтың өз бетінше жұмыспен қамтылуын қысқартуға мүмкіндік беруде.
Мектепке дейінгі білім беру

2010 жылы ауданда мектепке дейінгі білім беретін мекемелер саны 10-ға жетіп, 2005 жылға қарағанда 6 бірлікке артып отыр, аудандағы бала-бақшаларда 1043 бала және 9 шағын орталықта 250 бала тәлім тәрбие алуда.

Демографиялық өсім балабақшалардағы орынның жетімсіздігіне алып келуде, ауданда 2011 жылдың 1 қаңтарына 4440 мектеп жасына дейінгі бала бар. Аудан бойынша 561 бала мектепке дейінгі ұйымдарда тәлім тәрбие алуға кезекте тұр. Қазіргі таңда 6 жасқа дейінгі балаларға білім беру мен тәрбиелеуге көптеген жанұялар кірістерінің аздығынан қол жеткізе алмауда. Мектепке дейінгі білім берумен қамту мәселесі әсіресе ауылдық жерлерде өзекті болып тұр. Бүгінгі таңда 35 ауылдық елді мекендерде балабақшалар жоқ. Ауылдық балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту аудан бойынша орташа 42,7 %. Сұраныс жоғары болғанымен, мектепке дейінгі білім беру қызметіне бірдей деңгейде қол жеткізуге мүмкіндік жоқ.

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Балапан» бағдарламасымен 850 баланы қамту жоспарланып, толығымен қамтылды.

Атап айтқанда 15 білім беру мекемесінде 24 топтық шағын орталықта 600 бала, бала-бақшалар ішінен қосымша ашылған 7 топта 175 бала және жаңадан ашылған 1 балабақшаға 75 бала тәрбиеленуде.

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде тәрбиеленуші балалар саны 2005 жылмен салыстырғанда екі есе өсіп отыр.

Балабақша жүйесінде 136 педагогтар қызмет етеді, оның ішінде жоғары және бірінші санаттағылары – 8,0%.

Жағымсыз жағдайларды, күрделі ұйымдастыру, құрылымдық қайта құру сияқты жағдайларды жеңіп шығу үшін мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту, республика дамуының қазіргі заманға әлеуметтік-экономикалық талаптарына сай мектепке дейінгі білім беру мамандарының дайындық сапасын жетілдіру қажет.


Орта білім беру

2005-2010 жылдарға арналған білім беру саласын дамыту бағдарламасы аясында және білім беру мекемелерін күрделі жөндеуден өткізу, материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында біршама жұмыстар жүргізілді.

Бекітілген мемлекеттік, аймақтық бағдарламалар аясында білім саласын дамыту бойынша міндеттемелер толық орындалуда. Оның ішінде жастарға тәлім тәрбие беру мен сапалы білім алуына жергілікті атқарушы органдар тарыпынан барынша көңіл бөлініп тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Оның нақты дәлелі білім беру саласы аудан бюджетінің 70-75 пайызын құрайтындықтан бюджеттің көп мөлшері осы салаға жұмсалынады.

2010-2011 оқу жылында аудандағы жалпы білім беретін 28 орта, 1 негізгі және 13 бастауыш мектепте 15456 оқушы білім алуда, 2005 жылға қарағанда оқушылар саны 119 балаға өскен.

Аудандағы 42 білім беру мекемесінің 12-де мультимедия және лингафонды кабинеттер жұмыс істесе, 7 мектепте 35 интерактивті тақта орналастырылған.

Аудан көлемінде 20 елді мекеннен 12 мектепке оқушылар тасымалданып оқытылады.

Елбасының ауылдық жерлерге жұмыс істеу үшін жас мамандарды тарту және оларды ауылға бекіту бойынша тапсырмасын орындау мақсатында «2008-2010 жылдарға арналған білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет салаларының жас білікті мамандарын бекіту туралы» аудандық бағдарлама аясында «Дипломмен ауылға» атты жастар акциясымен 2008 жылы 6 жас маман жұмысқа орналастырылып 150,0 мың теңгеден көтерме ақы төленді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес 2009 жылы 15 жас маманға 1 млн  910 мың теңге әлеуметтік көмек төленді (8 білім беру, 5 денсаулық сақтау, 1 мәдениет және 1 спорт сала мамандары). Ал, 2010 жылы 10 жас маманға (4 білім, 5 денсаулық сақтау, 1 мәдениет салысына) әлеуметтік көмек көрсетуге республикалық бюджеттен 989,1 мың теңге бөлініп 7 адам қамтылған, Ал, 0,1 пайызбен жеңілдетілген 15 жылға тұрғын үй алуға бөлінген 8 млн 945 мың теңге 5 адамға (4 білім, 1 денсаулық сақтау саласына) берілген.



Проблемалар. барлық білім мекемелерін лингафондық, мультимедиялық (ЛМК) және пәндік кабинеттермен қамтамасыз ету, интерактивті жабдықтар қолданатын мектептер санын арттыру, 2014 жылға дейін мектеп асханаларының материалдық базасын нығайту, аудан бойынша білім беру мекемелеріне қажетті 326 класс-комплект орнату. (жихазбен қамтамасыз ету), аудан бойынша 22 мектеп ыңғайластырылған ғимаратта орналастырылған, оның ішінде 4 мектептің ғимараты апатты жағдайда (М.Әуезов, Көлтоған, Еңбек және Т.Рысқұлов), аз қамтылған отбасы балаларын тегін ыстық тамақпен қамту, киім және оқу-құрал жабдықтарын алу, сауықтыру лагерімен қамтамасыз ету үшін, аудандық жалпы білім беру қорына бөлінетін қаржы көлемін жыл сайын 2-3 пайызға арттырып отыру, бастауыш сынып оқушыларын жергілікті бюджеттен тегін тамақтандыру, оқушыларды қауіпсіз тасымалдау үшін жаңа автобустар алу.
Балалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау жүйесі

Ауданда 185 жетім және ата-аналарының қарауынсыз қалған балалар бар, бұл туылғаннан 18 жасқа дейінгі балалардың барлық санының 0,7%-ын құрайды, оның ішінде 154 бала –қорғаушыларының қамқорында. 2009 жылы 1, 2010 жылы 6 бала қазақстандық азаматтардың отбасыларына патронаттық тәрбиесіне берілген ( 2008 жылы – 1), 154- бала 42 мемлекеттік білім беру мекемелерінде оқиды. Ата-аналарының қамқорынан айырылған балалар саны жылдан жылға артуда, 2007 жылы - 111, 2008 жылы - 121, 2009 жылы - 132, 2010 жылы - 148 бала.
Кәсіби білім беру

Техникалық және кәсіптік білім беру бойынша 1 нысан бар, ол мемлекет меншігі болып саналады.

Бүгінгі таңда №17 кәсіптік лицейде 3 мамандық бойынша (фермер, тігінші, газбен-электр дәнекерлеуші) 125 адам дәріс алуда.

Сонымен қатар №17 кәсіптік лицейде Дағдарысты еңсеруге бағытталған «Жол картасы» бағдарламасына сәйкес 2009 жылы 200 жұмыссыз 4 мамандық бойынша оқу курстарынан өтсе, 2010 жылы 70 жұмыссыз 3 мамандық бойынша (үйлер мен ғимараттарды салу және жөндеу, электрмен дәнекерлеуші, тігінші) кәсіби және қайта даярлау курсынан өтіп тиісті куәліктерін алды.



Проблемалар. Жұмыс берушілердің өз қаржыларына кадрлар даярлауға қызықпауы кедергі болуда, оның негізгі себептері материалдық-техникалық базаның, әдістемелік және бағдарламалық қамсыздандырудың қазіргі заманғы талаптарға сәйкес еместігі, инженерлік-педагогикалық персоналдың құзыреттілігі мен біліктілік деңгейінің төмендігі болып табылады.
Жұмыспен қамту құрылымы

Жамбыл ауданында халқының құрылымында экономикалық белсенді халықтың үлесі орташа облыстық көрсеткіштен жоғары, алайда жұмысқа жарамдылардың үлесі орташа облыстық деңгейден төмен болып қалуда.

Мемлекеттің демографиялық жағдайды жақсартуға, әлеуметтік кепілдіктер мен міндеттемелерді іске асыруға бағытталған саясаты іс жүзінде жүзеге асырылып келеді.

Аудандағы халық саны 2011 жылдың 1 қаңтарға 86627 - ке жетіп, 2005 жылмен салыстырғанда 13,7 пайызға артып отыр. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 43448 адам, оның ішінде 15743 адам жалдамалы қызметкерлер, 25762 адам өз бетінше жұмыс істейтіндер. Белсенділік деңгейі 81,5 пайызды құрайды.

2010 жылы 162 адам ресми жұмыссыз ретінде тіркелген. Жалпы аудан бойынша жұмыспен 4346 адам қамтылған. Оның ішінде, әлеуметтік жұмыс орындарына 237 адам, бос жұмыс орындарына 495 адам, жаңадан ашылған жұмыс орындарына 114 адам, мерзімдік жұмысқа 3500 адам орналастырылды.

Жұмыспен қамту құрылымында экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмысшылар санының өсуі ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларында байқалуда.

Әлемдегі қаржы дағдарысының салдары аудан жұртшылығына ауыртпалығын тигізбеу мақсатында 2009-2010 жылдарға арналған аудан экономикасын тұрақтандыру жоспарына сәйкес, жұмысшылардың еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету бойынша кәсіпорын басшылары мен Жамбыл облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департементі арасында үш жақты 23 меморандумға қол қойылды. Оның ішінде 11-і өнеркәсіп, 12-сі ауылшаруашылығы саласы бойынша.

Еңбек нарығы дамуының проблемалары:

Еңбек рыногында ауылдық жерлерде қажетті дәрігер, мұғалім, бағдарламашы мамандықтары жетіспеушілігінен үйлесімсіздік сақталуда.

1. Еңбек нарығындағы тепе-теңсіздік салдарынан ауданда дәрігер, мұғалім, ауыл шаруашылық саласының мамандары бойынша тапшылығы;

2. Өз кәсіпкерлігін ұйымдастырамын деген азаматтарға әлеуметтік көмек көлемінің жеткіліксіздігі.


Халықты әлеуметтік қорғау.

Мемлекет тарапынан халықты әлеуметтік қорғау шаралары мен жұмыссыздық пен кедейшіліктің деңгейін төмендетуге ерекше көңіл бөлініп, Үкімет пен жергілікті билік өкілдерінің алдында осы мәселелер басымдық берілген бағыттардың бірі болып табылады.

Соның дәлелі ретінде Үкіметтің қабылдаған бағдарламалары халықтың әлжуаз санаттарын қолдау жүйесінің одан әрі дамуына, қоғамдық тәуекелді төмендетуге және кедейлікті белсенді еңсеру мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған.

Мемлекеттік демографиялық жағдайды жақсартуға, әлеуметтік кепілдіктер мен міндеттемелерді іске асыруға бағытталып төленетін қаржы көлемі жыл санап артуда, атап айтар болсақ, әлеуметтік көмекке, тұрғын үй және 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін жәрдемақы көлемі 2006 жылға қарағанда 90 пайызға артқан.

Аудан тарапынан ұйымдастырлып жатқан іс-шаралардың арқасында жұмыссыздар санының жағдайы тұрақты түрде сақталып, бүгінгі таңда жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайыз болса, 2005 жылы 8,6 пайызды құрап, 4 пайызға кеміген.

Қабылданған іс-шарлар нәтижесінде кедейшілік деңгейінен төмен тұрып жатқан халық санының қысқаруы байқалады, егер жыл басында 2,8 пайыз болса бүгінгі таңда кедейшілік деңгейі 1,5 пайызды құрап отыр.

Экономиканың барлық қызмет түрлері бойынша еңбеккерлердің орташа айлық шеңбері 2005 жылы 18692 мың теңге болса, бүгінгі таңда 43527 теңгені құрап 132,8 пайызға артып отыр.

Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2005-2009 жылдары 1-2 пайызға өсу байқалатын болса, 2010 жылы 11958 теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 8,5 пайызға артып отыр.

Барынша мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуді қамсыздандыру мақсатында әлеуметтік төлемдер қарастырылған: атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар, бюджет есебінен қаржыландырылады.

Мемлекеттік емес көздерден аз қамтамасыз етілген азаматтардың, мүгедектердің, ардагерлердің және жалғыз басты аналардың жанұяларына қосымша қолдау көрсетіледі.



Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы проблемалар:

1. Ауыз судың сапасыздығы, еңбек ақының нақты деңгейінің, тұрғын-үй жағдайының төмендігі, жұқпалы аурулардың жоғарылауы адамдардың өмір сүру деңгейінің негізгі көрсеткіштеріне кері әсер етеді;

2. Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жалпы санында еңбекке жарамды азаматтар үлесінің жоғарылығы;

3. Кедейшіліктен шығу жөніндегі белсенді шаралардың тиімділігінің төмендігі, жұмыссыздық негізгі мәселе болып отырған ауылдағы кедейшілікті оқшаулау.


Дене шынықтыру және спорт

Ауданда барлығы 149 спорт кешені бар. Оның ішінде 1 орталық стадион, 84 спорт алаңдары, 32 спорт залдары, 20 нысана көздеу тирлері, 12 дене тәрбиесі бөлмелері бар.

Аудандағы 42 білім беру мекемесінің 32 спорт залдарында 15 спорттық секцияда мен үйірмелеріне 4456 оқушы қатысады.

Аудан аймағында 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істеп онда Аса ауылындағы спорт мектебінде спорттың 14 түрімен 656 бала, Түрксіб ауылындағы спорт мектебінде спорттың 11 түрімен 456 бала шұғылданады.

Сонымен қатар, ауданда «Геккон» спорттық-туристік клубында 22 бала жартасқа өрмелеп жаттығумен айналысады.

Жыл санап спорт кешенінің саны да артуда. 2009 жылы Айшабибі ауылындағы стадион күрделі жөндеуден өткізіліп коммуналдық меншікке алынып іске қосылса, биылғы жылы аудандағы елді мекендерде жаңадан 3 кіші футбол, 2 волейбол алаңдары пайдалануға берілді, Жасөркен ауылында жеке кәсіпкердің қолдауымен бұрынғы машина-трактор шеберханасы ағымды жөндеуден өткізіліп, спорт кешені ретінде қайта жабдықталып пайдалануға берілді.

Бүгінгі таңда дене тәрбиесімен шұғылданатын адамдар саны 2005 жылмен салыстырғанда 4-5 пайызға артып, 6772 адамды құрап отыр.

Аудан көлеміндегі спорттық жарыстарды ұйымдастырып өткізуге, оның ішінде әр түрлі спорт түрлерінен ауданның құрама команда мүшелерін дайындап және оларды жарыстарға қатыстыруға, ұлттық және бұхаралық спорт түрлерін дамытуға қаржы көлемі жылдан жылға артуда.



Проблемалар: Материалдық-техникалық база мен спорттық инфрақұрылымдардың төмен деңгейі. Жалпы және балалар мен жасөспірімдер спортының әлсіз дамуы. Кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру деңгейнің әлсіздігі және спорт саласындағы базаның жоқтығы.
Мәдениет

Аудан халқына 47 мәдениет ұйымдары қызмет көрсетуде, оның ішінде 1 аудандық, 3 ауылдық мәдениет үйі мен 14 ауылдық клубтар, 1 «Зерде» бейнемобиль автоклубы және 1 орталық, 1 балалар және 28 ауылдық кітапхана.

Аудандағы мәдениет ошақтарында 82 түрлі көркемөнерпаздар үйірмесі жұмыс істеп оған 920 адам қатысады, 8 қызықтыру клубтарының жұмысына 76 адам қатысты. Жыл бойы ауданда 489 түрлі мәдени іс-шаралар өткізіліп, оған 61798 аудан тұрғындары қатысты. Аудан кітапханаларының кітап қоры 156349 дана, оның 45256 данасы мемлекеттік тілдегі кітаптар. Кітап берілімі 265 993 дана кітапты ал оқырмандар саны 16 120 адамды құрады. 2008 жылға қарағанда 2010 жылы оқырмандар саны 7 % пайызға, кітап қоры 3% пайызға өсті. Мұражайлардың жалпы қоры 825 экспонаттан тұрады. Есепті кезеңде аудан мұражайында 14 экскурсиялар өткізілді.

«Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша аудан аумағында орналасқан 69 археологиялық ескерткіштің 37-ін қорғау тақтайшалары орнатылды. Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай 27 Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған ескерткіштерге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Мәдениет салсын дамытудың басты проблемалары: Мәдениет мекемелерінің материалдық - техникалық базаларын нығайту, жаңа ақпараттық – технологиялық құралдармен жабдықтау, жоғарғы кәсіби деңгейдегі қызметкерлердің жетіспеушілігі, аудандық өлкетану мұражайын ашу.

Жүргізілген талдау нәтижесінде мәдениет саласының дамуына кедергі келтіретін негізгі мәселелер анықталды:

- ауылдық елді мекендердегі мәдениет мекемелері желілерінің жеткіліксіздігі;

- ауылдарда білікті мамандардың жеткіліксіздігі және ауылдық жерлердегі жұмыстың тартымсыздығы.

Сонымен қатар, мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базалары нашар дамыған, бұл жергілікті бюджеттен мәдениет саласын қаржыландырудың шектеулі деңгейімен байланысты.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет