Мазм ұ н ы кіріспе



жүктеу 2.47 Mb.
бет6/13
Дата02.05.2016
өлшемі2.47 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
: userfiles
userfiles -> Внутренний контроль производства и контролируемые испытания продукции
userfiles -> Технические правила
userfiles -> 2010 жылдың ІІІ тоқсанына арналған жоспарының орындалуы Шілде Облыс әкімдігінің мәжілісіне енгізілген мәселе Жамбыл облысының 2010 жылдың қаңтар-маусымында
userfiles -> Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына қарасты емдеу-алдын алу ұйымдары бас дәрігерлерінің жеке табысы және мүлкі туралы декларацияны жариялау
userfiles -> Конкурстық құжаттаманы бекіту туралы
userfiles -> Шу ауданының әкімі І.Ә. Тортаевтың ауданның 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есебі
userfiles -> Шортанова алшайым ахылбековна қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы
userfiles -> Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сенімді өкілдерінің сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар тізбесі

2.2.3 Инфрақұрылымдық кешен
Көлік

Аудан 428,9 шақырымға созылған автокөлік жолдар желісімен қамтылған, Оның ішінде республикалық мәндегі 60 шақырым, облыстық 186,9 шақырым, аудандық 182 шақырым. Сондай-ақ 350 шақырымды құрайтын ауыл көшелері бар.

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 182 шақырым, оның ішінде 18,8 шақырымы қара-қиыршық тас, 99,1 шақырымы қара-шағал тас және 64,6 шақырымы шағалды төсем.

Аудандық 50%, облыстық 60%, республикалық 100% автомобиль жолдары жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.

Аудан тұрғындарының жол жүру қауіпсіздігі мен қызметтерін қанағаттандыруға қабілетті көлік-коммуникациялық инфрақұрылымды озық дамыту үшін қозғалыс қарқындылығының перспективалық өсуін ескере отырып, автомобиль жолдарының техникалық жай-күйін нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келтіру қажет.

Автожол кешенінің басты мәселелері мыналар болып табылады:



  • ауыр жүкті автокөліктермен бұзылатын жол жабынының тасымалдау мүмкіндіктерінің жедел төмендеуі;

  • қоғамдық көліктерінің табиғи тозуы;

  • қоғамдық көліктер жұмысына тиісті бақылаудың жоқтығы.


Құрылыс

Елбасының «100 мектеп - 100 аурухана» бағдарламасы аясында 2007-2008 жылдары сметалық құны 944 млн 777 мың теңгені құрайтын Жалпақтобе ауылында Чкалов орта мектебі мен Шөлдала ауылында жаңа орта мектептер пайдалануға берілсе, 2008-2011 жылдары Аса ауылында жалпы құны 1 млрд 800 млн теңге болатын 250 адам қабылдайтын емхана құрылысы жүргізілуде.

2009 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 63 млн 234 мың теңге қаржыға Қызыл-абад, Шөлдала, Рахат елді мекендерінде фельдшерлік пунктер салынса, 2008 жылы Еңбек, Жұма, Бірлесу-Еңбек ауылдарында емдеу мекемелерінің ғимараттары бой түзеді. Осы ғимараттардың ішіндегі Бірлесу-Еңбек ауылындағы емдеу ғимараты «Кнауф-Гипс Тараз» ЖШС-нің жеке қаражатымен соғылды.

2007 жылы аудандық орталық аурухана мен жұқпалы аурулар ауруханасының қазандықтары 10,0 млн теңгеге қайта жаңғыртудан өткізілді.

Бүгінгі таңда аудандағы 45 елді мекеннің 21 ауыз сумен қамтылған. Осы бағытта ауылдық аймақтарды дамыту бағдарламасына сәйкес 2006-2007 жылдары республикалық бюджеттен сметалық құны 314 млн 257 мың теңгеге Қостөбе, Еңбек, Жамбыл ауылдары ауыз сумен қамтамасыз етілсе, 2007-2008 жылдары сметалық құны 114,0 млн теңгеге Бірлесу-Еңбек ауылы ауыз сумен қамтамасыз етілді.

Ал, ауыз су бағдарламасымен 2010-2012 жылдары Пионер, Шайдана және Бесжылдық ауылдарын ауыз сумен жабдықтау жүйесін дамытуға республикалық бюджеттен жалпы 435 млн 299 мың теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде.

Осы бағдарлама аясында республикалық бюджеттен 2011-2013 жылдары Аса, Рахат, Құмтиын ауылдарын ауыз сумен жабдықтауға 1 млрд. 690 млн 988 мың теңге бөлініп отыр.

Ағымдағы жылы елді мекендердің инженерлік - коммуникациялық инфраструктурасын дамыту аясында Бектөбе ауылындағы жаңа тұрғын үйлерді электр қуатымен қамтамасыз етуге 44 млн 433 мың теңге және Аса ауылындағы «Қуат» каналының үстінен көпір салуға 6 млн 25 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жақын күндері аяқталады.

Аудандық мәндегі және ішкі жолдарды қалыпты ұстап тұру жұмыстарына жыл сайын жергілікті бюджеттен 12,0 млн теңге көлемінде қаржы бөлініп отырады. Қазіргі уақытта ауылдық жердегі жолдардың тозығы жетіп, күрделі жөндеуді қажет етеді. Бұл мәселені шешу қомақты қаржыны қажет етеді. Биылғы жылы осы мақсатта облыстық бюджеттен Айшабибі ауылынан Қаратау бөлімшесіне дейінгі 18 шақырым автомобиль жолын орта жөндеуден өткізуге 113 млн 708 мың теңге бөлінді.

Сонымен қатар «Жол картасы» бағдарламасы аясында аудан аумағындағы 6 жолдарды жөндеуден өткізуге 569 млн 719 мың теңге қаралған. Оның ішінде аудандық мәндегі автомобиль жолдарын жөндеуге бөлінген 88 млн 039 мың теңгеге Бесжылдық ауылына кіре беріс және Жасөркен-Пионер лагерь жолдары. Ал, республикалық мәндегі яғни Гродеково-Үшқорған, Ақбұлым-Тараз, Айшабибі-Тараз, Тараз-Аэропорт бағытындағы 4 жолдарға 481 млн. 680 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілді.

Құрылыс индустриясындағы басты ескеретін мәселе жеке тұлғалар тарапынан соғылатын тұрғын үйлер құрылысының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту мен жайластыруға бөлінетін қаржының жеткіліксіздігі, ауылдық жерлерде ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесін күрделі жөндеуден өткізіп, жаңғырту қажет.
Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық

Сумен жабдықтау және су жүргізу

Аудандағы 45 елді мекенде 26 су ұңғымасы қазылған болса соның 12 елді мекеніндегі су ұңғымалары тоқырау кезінде иесіз, қараусыз қалғандықтан бас жабдықтары тоналған. Қазіргі таңда 6 ауыл ауыз сумен қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ Аса, Бірлесу-Еңбек, Айшабибі, Ерназар, Құмшағал, Қаракемер, Жамбыл, Еңбек, Қостөбе, Көлкайнар, Өрнек, Еңбек, Қызылқайнар елді мекендеріндегі су кұбыры желілерінің жөндеу жұмыстарын «Жамбыл коммуналдық кәсіпорындар комбинаты» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны келісім шарт арқылы жүргізсе, Бектөбе, Қызылшарық және Бәйтерек елді мекендерінің су құбырларының қызметімен Тараз қаласында орналасқан зауыт арқылы ал Жалпақтөбе, Шөлдала, Қазарма ауылдары мен Жұма, Құмшағал, Шайқорық станцияларына темір жол мекемелері арқылы қызмет көрсетіледі.

Елді мекендерде су құбырлары әр тұрғын үйге жеке тартылмаған, тұрғындар ауыз суды көшеде орнатылған су колонкаларынан тасып ішетін болғандықтан, ауылдық округ әкімдері мен тұрғындар арасындағы келісім-шарт бойынша төленетіндіктен төлемақы толық мөлшерде жиналмайды.

Ауылдық жерлерді ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында дайындалған жобалық сметалық құжаттарға сәйкес республикалық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен тиісті жұмыстар жүргізілуде. Егер 2006-2007 жылдары бөлінген 314 млн 257 мың теңгеге Қостобе, Еңбек, Жамбыл ауылдарына, 2007-2008 жылдары 114,0 млн теңгеге Бірлесу-Еңбек ауылы тұрғындары ауыз сумен қамтамасыз етілсе, 2010-2012 жылдары бөлінген 435 млн 299 мың теңгеге Пионер, Шайдана және Бесжылдық ауылдары мен 2011-2013 жылдары Аса, Рахат, Құмтиын ауылдарын ауыс сумен қамтамасыз етуге жалпы 1 млрд. 615 млн 988 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар осы жұмыстарды алдағы жылдары жалғастыру үшін, яғни Гродеково, Пригродное Айшабибі ауылдарының Ауыз су жүйесін жаңғырту үшін жобалық сметалық құжаттарын әзірлуге 29 млн 700 мың теңге бөлінді.


Жылумен қамтамасыз ету

Аудан орталығындағы жаңадан пайдалануға берілген 5 қабатты тұрғын үй ғимараты, әкімшілік, пошта, телекоммуникация торабы, қазынашылық бөлімі, халыққа қызмет көрсету орталығының ғимараттары орталықтандырылған жылу қазандығы жүйесімен жылытылады. Орталық аурухана, емхана, 3 орта мектеп, 1 балалар бақшасы, саз мектебі, орталықтандырылған кітапхана, мәдениет үйі мен Жастар орталығының ғимараттарының жылу жүйесі сұйытылған газға ауыстырылған.

Жылу энергиясын өндіруге пайдаланылатын газдың бағасы халық үшін белгіленген бағадан әлдеқайда жоғары, бұл газдың Өзбекстаннан импортталуына байланысты болып отыр.
Газбен қамтамасыз ету

Аудандағы 14 елді мекен табиғи газбен қамтамасыз етілген бұл 9 селолық, ауылдық округтерді құрайды (31%). Аудандағы 15012 ауланың 7447 ауласы табиғи газ пайдалануды, яғни 49,9 пайызға қамтылған.

Аудан аумағындағы табиғи газ құбырының ұзындығы 267,9 км құрайды.

Аудан аумағындағы табиғи газ құбырына техникалық қызметті «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының Жамбыл өндірістік филиалына қарасты Жалпақтобе ауылында орналасқан Жамбыл аудандық экспуатациялық учаскесі қызмет көрсетеді.

2007 жылы бюджеттен бөлінген 24,0 млн теңгеге Аса ауылының тұрғын үйлеріне табиғи газ құбыры жүргізілсе, бүгінгі таңда 1304 абонент газға қосылған. 2010 жылы облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға Бірлесу-Еңбек ауылына 12,0 млн теңгеге табиғи газ жүргізілді.

Жамбыл облысын газдандырудың 2007-2010 жылдарға 2015 жылдарға дейінгі бағдарламасына сәйкес 2011 жылы облыстық бюджет есебінен Қостөбе, Шоқай, Жамбыл, Түркісіб, Шайқорық, Танты, Қапал, Шайқорық бекеті, Қоңыртөбе, Бесжылдық елді мекендерін газдандыру жалпы 557 млн 512 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Амангелді кен орнының арқасында аудан тұрғындары пайдаланылған табиғи газға Республикадағы төмен тариф бойынша төлейді, ол 1 текше метрге ҚҚС қосқанда 9,541 теңгені құрайды.
Тұрғын үй қорын басқару

2009 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 89 млн 945 мың теңгеге, аудан орталығындағы 5 қабатты 70 пәтерлі тұрғын үй қайта жаңғыртудан өткізіліп толығымен пайдалануға берілді.

2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй бағдарламасы аясында жаңа тұрғын үй салу үшін 289 тұрғынға жер учаскесі бөлініп берілді, олар 169 жас отбасыларына және 120 әлеуметтік сала қызметкерлері мен басқа тұрғындарға.

Ал, жеке азаматтар тарапынан 20 мың 338 шаршы метрлі 221 тұрғын үй салынып, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 13 мың 003 шаршы метрге немесе 132 тұрғын үйге кеміп отыр.


Электр энергетикасы

Электр қуатымен аудан тұрғындарын Жамбыл аудандық электр жүйелері қамтамасыз етеді. Электр қуатын тұтынатын 12146 жеке және 410 заңды тұлғалар бар. Бөлім 183 комплекстік трансформаторлық подстанцияға (КТП), жоғары кернеудегі 280,8 км (ВЛ-10кВ), төменгі кернеудегі 336,1км (ВЛ-0,4кВ) желіге қызмет көрсетеді. 2010 жылы пайдаланған электр қуатының көлемі 59 млн 050 мың кВт/сағатты құрады.

Желілер және комплекстік трансформаторлық подстанцияларның 75 пайызы тозған.

Ауданда электр қуатының энерготапшылығы халықтың тұрмыстық мұқтажына электр қуатын жоғары деңгейде пайдалануына, екінші жағынан энергия көздерінің оңтайлы емес құрылымына, оның салдарынан электр қуатының өзіндік өндірісінің бәсекеге жарамсыздығына байланысты.

Электр қуатына тарифтер халықтың табысының жеткіліксіздігін ескере отырып, үй шаруашылықтарының бюджетіне үлкен салым жүктейді.

Жоғары жіберу тарифі электр қуатын өндіруде, таратуда және сатуда туындайтын барлық мәселелерге байланысты.

Электр энергетикасының дамуын тежейтін басты мәселелер:

- энергожабдықтардың жоғары тозуы және оның салдарынан электр қуатын жоғалту мен эксплуатациялық шығындардың жоғары деңгейі, электр қуатын сатуда бәсекелестіктің жоқтығы және жоғары электросыйымдылық;

- өзіндік дәстүрлі отын ресурстарының жоқтығы;

- өзіндік электр қуатының кемдігі.


Телекоммуникация.

«Қазақтелеком» АҚ-ның жоспарлары мен даму стратегиясына сәйкес Жамбыл аудандық телекоммуникация дирекциясының қызметі жаңа желіні ары қарай құруға және ұсынылатын жоғары сапалы байланыс қызметінің спектрін кеңейтуге бағытталған.

Елді мекендерді телефон байланысымен қамтамасыз ету мақсатында есепті жылы біршама жұмыстар атқарылды. Қазіргі таңда аудан бойынша 17 АТС станциясы бар (5-координатты, 15-электронды). Жалпы абонент саны 7520, оның 349 номері координатты АТС, 4657 номері электронды, 2324 номері сымсыз. 2009 жылы телефон нүктесі 1569 абонентке ұлғайды.

2010 жылы Өрнек, Ерназар ауылдарына екі кординаттық АТС, сымсыз жүйеге ауыстырылды және Бектобе, Қаракемер ауылдары электрондық АТС көшірілсе.

2009 жылы аспалы кабелді байланыс Тараз бағытынан Аса ауылының орталығына дейін жер асты кабел желісіне, ауыстырылды. Сонымен қатар Аса ауылы тұрғындарын сұранысын қанағаттандыру мақсатында 2920 метр жер асты кабелдері тартылып, іске қосылды, Абай көшесі бойындағы 4 дана ескі тарату шкафтары қазіргі талаптарға сай сыйымдылығы жоғары тарату шкафтарына ауыстырылды. Шоқай, Бірлесу-Еңбек, Қостобе және Жамбыл елді мекендерінің жұмыс істеп тұрған байланыс желілерінің бөлшектенуіне орай сымсыз байланыс жүйесіне ауыстырылды. Айшабибі ауылындағы 200 номерлі координатты АТС 256 номерлі электронды АТС-ке ауыстырылып, 24 порттық қондырғы арқылы толық МЕГАЛАЙН жүйесіне және Шайқорық ауылында 48 порттық қондырғы орнатылып, 19 абонент МЕГАЛАЙН жүйесіне қосылды.

Аудандағы 42 мектеп толығымен интернет жүйесіне қосылған, оның ішінде 7 мектеп МЕГАЛАЙН жүйесін пайдаланады.

2009 жылғы жоспар бойынша Аса ауылындағы 1024 метр магистралды байланыс кабелі мен 365 метр кабел құдықтары күрделі жөндеуден өткізілді. Ал, Аса-Пионер ауылдарының бағытындағы 500 метр кабеліне, Айшабібі-Бектөбе ауылдарындағы 10 шақырым, Тараз қаласы-Құмшағал ауылдары арасындағы 16 шақырым, Аса-Қаракемер ауылдары арасындағы 10 шақырым байланыс желісіне ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2.2.4. Аумақтық даму
Аудан аумағында халық көп шоғырланып орналасқан қала немесе ауылдық статус алған қала типтес поселкелер жоқ. Аудан аумағындағы 17 ауылдық округтее 45 елді мекен орналасқан.

2010 жылы ауданда тұратын халық саны 86627 мың адамды құрады. ауданның жері 429,3 мың шаршы гектар аумақта орналасқан. Халықтың орналасу тығыздығы – 1 гектарға 4,9 адамды құрайды.

Аудан аумағы Тараз қаласымен, Байзақ, Жуалы, Талас аудандарымен және Қырғызыстан Республикасымен шекаралас орналасқан.

Облыс орталығына жақын орналасқандықтан, басқа елді мекендерге қарағанда Жалпақтөбе, Гродеково, Қаламаңы, Ақбұлым, Шайқорық ауылдарында халықтың көп орналасуына тартатын жарқын тартылыс ортасы бар екені байқалады, себебі осы ауылдар геоэкономикалық жақсы жағдайға және өсу полюсіне жақын орналасқан.

Ауданның, қаламен жақындасу (урбанизациялану) үрдісі Қазақстанның басқа өңірлерімен ұқсас қалыпта дамуда, бұл үрдістің бастапқы, негізгі бастаулары бұрынғы жоспарлы экономика кезінде қалыптасқан.

Алайда ауданның шалғай елді мекендерінен қалаға немесе қалаға жақын орналасқан мекендерге көшу құбылысы сақталуда. Өрнек, Ерназар, Тастөбе, Пионер, Қаракемер ауылдарында бос тұрған үйлер саны көбеюде. Ауылдық жерлерде жұмыс жоқтығына байланысты жастардың қалаға қарай ағылу үрдісі мен осы елді мекендерде халықтың орналасу тығыздығының төмендеуі байқалады. Аудан аумағынан 1990-2000 жылдар аралығында алыс шет елдер мен көршілес Ресей мемлекетіне үдере қоныс аударып кеткендер саны, облыстың шалғай аудандарынан (Талас, Сарысу) және Өзбекстан Республикасынан көшіп келушілер есебінен толықтырылып отыр.

Аудан тұрғындар саны жағынан да, даму бағыттары жағынан да ірі қала деңгейіне жеткен жоқ. Көпсалалы бағытқа маманданған аймаққа Тараз қаласынан кейін Жамбыл ауданы ғана жатады.

Ауылдық елді мекендердің жақсы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін оларды әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдармен тиісті нормативтер деңгейінде, ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, сапалы ауыз су, автокөлік жолдары, электр қуаттары, байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету қажет.

Аумақтарды дамытудағы басты нысаналы өлшеуіш – ауылдық елді мекендердің экономикасының тұрақты өсуі, әлеуметтік-экономикалық деңгейінің дамуы, жоғары әлеуетті даму сатысындағы ауылдық елді мекен сандарының артуы болып табылады.

Мемлекеттік қолдау шаралары ауыл тұрғындарының қажетті табыс деңгейлерін қамтамасыз ету үшін, ең біріншіден, әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары және орта ауылдық елді мекендерге бағытталуда.


Аймақтықтың экологиясы

Ауданның қоршаған орта бойынша экологиялық жағдайы соңғы үш жылда тұрақтанып келеді.

Қоршаған ортаның мониторингі жүйесін дамыту аясында 2008 жылдан бері Тараз қаласында тәулік бойы автоматтандырылған бақылауы бар «Скат» атмосфералық ауа саласын қадағалау станциясында бақылау жүргізіліп келеді.

Шу-Талас экологиялық департаментінің деректері бойынша стационарлық көздердің ауаға шығарындылары 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 47,8 пайызға немесе 13,8 тоннаға азайды. Шығарындылардың төмендеуі «Казфосфат» ЖШС ЖФ бойынша фосфор өндіру көлемінің 60,2 пайызға немесе 48394 тоннаға, «А. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС» АҚ бойынша шығарындылардың 75,3 пайызға немесе 5,95 тоннаға азаюы есебінен болып отыр.

Жамбыл облысында жер үсті сулары саласы жағдайының мониторингісі Жамбыл облыстық гидрометеорология орталығының зертханасымен жүргізіледі, атап айтқанда Шу, Талас, Ақсу, Берікқара, Қарабалта өзендері Билікөл көлі, Тасөткел су қоймасы бойынша 9 гидрохимиялық бекеттерде және 11 створларда.

Трансшекаралық талдау деректері көрсеткендей, 2009 жылы 2005 жылмен салыстырғанда Аса өзені бойынша (СЛИ) сол деңгейде -1,2 бірлік. Ластану индексінің Талас өзені бойынша 1,2-ден 1,42 бірлікке өскендігі байқалады. Су саласының өлшемі бойынша Талас және Аса өзендерінің сулары ластану индексі бойынша орташа ластануға жатады.

Жалпы аудан бойынша ластаушы заттарды тастау алдын-ала деректер бойынша 2009 жылы БМ» ЖШС-152,317 тоннаға азайтқан.

«БМ» ЖШС-інде өндірістің тоқтауына байланысты су көздеріне ластаушы заттарды тастау көлемі азайған.

Қоршаған ортаға әсерін төмендету мақсатында кәсіпорындармен атмосфера шығарындыларын іске жаратуға бағытталған жобалар енгізілуде, мәселен «Қазфосфат» (НДФЗ) ЖШС-гі ағымдағы жылдың сонында «Агломерат және натрий триполифосфат өндірісіне газ пешін іске жарату» нысанын іске қосу жоспарлануда, бұл табиғи газды пайдалану көлемін 3,4 млн.текше метрге азайтуға, қолданыстағы өндірісте ластаушы заттардың шығарындыларын 37 тоннаға, оның ішінде бу газдарын азайтуға мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылы «Т.И.Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС» АҚ-да жұмыстың кезеңділігіне байланысты шығарындыларды төмендетуге арналған іс-шаралар жүргізілген жоқ.

«Амангелді ГӨЗ» ЖШС-де 2009 жылдың желтоқсанында «Амангелді Газ» ЖШС-нің табиғи газды тазалау және конденсатты қалыптастыру кезінде пайда болған газды іске жарату бойынша қондырғы іске қосылды, бұл жыл сайын атмосфераға шығарындыларды 40 тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік береді.

Сала мәселелері. Аудан елді мекендерінде сарқынды суларды тазалау және бөлу мәселелері шешілмей келеді. Жамбыл аудандарында тазалау құрылыстары мен кәріз жүйесі нашар жағдайда тұр.

Тазалау құрылғылары мен кәріз жүйелерінің апатты жағдайы жер асты суларының ластануына және осы қалалар мен аудандардың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайының нашарлауына әкеп соғады.

2008 жылы жергілікті бюджеттің қаржысы есебінен аудандағы жүйке ауруларына арналған интернат үйінің сарқынды суларын механикалық тазалау кешені құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді.
2.2.5 Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесі
Ауданды дамытудың негізгі бағыттарын әлеуметтік - экономикалық инфрақұрылымды, аумақтық даму, сонымен бірге билік институтарының бағыттары Жамбыл облысында қазіргі таңда билік органдары мемлекеттік қызмет көрсетудің тұтынушыларының, ең әуелі азаматтардың алдында міндеттемені тиімді орындай алатынын көрсетеді.

Сонымен қатар, қызмет жүргізу үшін туындаған ортаны сипаттау аудан әкімдіктерінің қызмет көрсетуін бағалау мақсатында облыстың негізгі компаниялар басшыларынан сауалнама жүргізілген.

Егер аудан әкімдігінің түрлі саладағы жағдайды өзгерту бойынша күш - жігерін қарастырсақ, барлық салалардағы әкімдіктің саясатын оңды бағалайды деп көрсетуге болады. Жалпы аудан бойынша әкімдіктің саясаты қоғамдық көлік, құқықтық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздік салаларында ерекше оңды бағаланады.
Мемлекеттілікті және ұлт бірлігін одан әрі нығайту, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Ауданда заңды тіркелген 3 саяси партия, 6 этномәдени бірлестік және 6 қоғамдық ұйымдар қызмет атқарады.

Ауданда «Қазақстан -2030» Стратегиясын, Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламаларын насихаттау мен түсіндіру жұмыстары жүзеге асырады.

Аудандағы ішкі саяси ахуалды сақтау мен нығайту азаматтық қоғам институтымен тығыз байланыста.

Аймақта жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатты ақпаратпен тиімді сүйемелдеу, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау, қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту шаралары болып табылады.

Ауданда 3 саяси партиялары («Нұр Отан» ХДП, «Ауыл» ҚСДП, «Қазақстанның Азат» демократиялық) өз жарғыларына сай әрекет етеді. Партия мүшелері бойынша «Нұр Отан» - 5071 адам, «Ауыл» - 600 адам, «Азат» - 473 адам тіркелген.

Сонымен қатар, «Айналайын» балалар мен жасөспірімдер орталығы, «Қарлығаш» оралман әйелдерді қолдау орталығы, «Гуонлен» жастар ұйымы, «Геккон» жастар спорттық клубы, «Жас отан» жастар қанаты ұйымы, «Ашық жүрек» қоғамдық бірлестігі қызмет атқарады.

Ауданда 3 ұлттық-мәдени орталықтары жұмыс атқарады (дүнген, күрді, түрік). Олар 1993, 1999 және 2002 жылдары құрылып, өз ұлтының салт-дәстүрін, мәдениетін және тілін насихаттау бағытында қызмет етуде.

Ауданда негізгі екі бағыттағы конфессияда: ислам және евангель-христиан баптистерінің діндері бойынша діни орындар жұмыс істейді. Барлығы 33 мешіт, 8 намазхана 1 евангель-христиан баптистерінің шоқыну үйі, Бүгінгі мәлімет бойынша діни орындарға келушілердің жалпы саны 3,5-4 мың адамға жуық.

Өңірлік ақпараттық кеңістікті дамыту

Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру аудандық «Шұғыла-Радуга» газеті арқылы жүргізіледі. Ауданнның әлеуметтік-экономикалық даму барысы, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы және Елбасының Жолдаулары, Жол картасы бағдарламасы, Сыбайлас жемқорлық, нашақорлық, есірткіге қарсы күрес және әр-түрлі қоғамдық саяси, әлеуметтік-экономикалық тақырыптарда үгіт насихаттар жарияланады.



Өңірде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру.

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру нәтижесінде «Жастар Орталығы» КК құрылған, бүгінде орталық аудан жастарына жаттығу залы, компьютерлік пікір сайыс клубы, және құқықтық кеңестер көрсетеді. Аталған орталықтың бастамасымен 17482 аудан жастары қамтылған түрлі тақырыптарда 124 іс-шаралар ұйымдастырылды.



Азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудегі, өңірлік ақпараттық кеңістікті дамытудағы, мемлекеттік жастар саясатын іске асырудағы негізгі проблемалар мыналар:

- үкіметтік емес сектордың аудандық деңгейде дамуының төмен деңгейі;

- ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргізу кезінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану деңгейінің төмендігі;

- аудандық мәслихаттағы жастар санының төмен деңгейі;

- өңірлік ақпараттық саланың бәсекеге қабілеттілігінің төмен деңгейі.
Тілдерді дамыту

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» Заңының, тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының талаптары мен кеңінен түсіндіру, насихаттау жұмыстары, «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесі аясында мемлекеттік және ұлт тілдері жөнінде тақырыптық кештер «дөңгелек столдер», кездесулер, тіл апталықтары, байқаулар мен конкурстар ұйымдастырылады.

Аудан халқының 85,5% астамы мемлекеттік тілді меңгергенін ескере отырып тіл саясаты ең алдымен аймақта тұратын басқа ұлт өкілдерінің қазақ тілін үйренуіне жағдайлар жасауға және мемлекеттік тілге үйретудің тиісті әдістемелік базасын қалыптастыруға бағытталған.

Мемлекеттік органдардағы мемлекеттік тілде іс жүргізу мәліметтерінің мониторингі іс қағаздарының 100% мемлекеттік тілде жүргізіледі.

Аудандық БАҚ «Шұғыла-Радуга» газеті аптасына 2 рет 3150 тиражбен мемлекеттік тілде шығарылады.

Бұдан басқа, аудандағы 5 орта мектептерде дүнген, түрік тілдерінде факультативтік сабақтар жүргізіледі.

Ономастикалық және терминологиялық жұмыстар шеңберінде ауданда елді мекендерінің атауын өзгерту бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Гендерлік саясат

Гендерлік аспектіде ерлер мен әйелдер санының біршама теңдей қатынасы қалыптасты. 2011 жылдың басына ауданда 86627 мың адам тұрады, олардың 52,1% - әйелдер.

Әйелдердің ауданның қоғамдық және саяси өміріне белсене қатысуы байқалады. Әйелдердің атқарушы және өкілеттік билік органдарындағы үлесі 44,0% құрайды.

Аудандық мәслихатқа 1 әйел депутат, 28 мектеп директорлары, 10 бала-бақша меңгерушісі және 13 әйел аудандағы түрлі мекемелерде басшылық қызметтерді атқарады.

Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жұмысын басқаратын әйелдердің үлес салмағы жылдан жылға артуы байқалады.

Ауданда 1 белсенді жұмыс істейтін «Айналайын» үкіметтік емес ұйым тіркелген, ұйым жасөспірім балаларды өнерге баулумен айналысады.

Әйелдер қоғамның қорғалмаған бөлігі – олар тұрмыста, көшеде үлкен қауіптермен жиі ұшырасады. Әйелдерге қатысты жасалған тәртіпсіздіктер халықтың жұмыссыздығынан, алкогольге және нашақорлыққа тәуелділігінен орын алуда.
Құқық тәртібін қорғау

Қауіпсіздікті нығайту және құқық тәртібін қорғау, қылмысқа қарсы күрес ауданның әлеуметтік дамуының маңызды құрамдас бөліктері болып табылады.

2005-2010 жылдары ауданда тіркелген қылмыстар саны 17,8 пайызға артып отыр.

Сонымен қатар 2010 жылы аудан көлемінде қылмыстың барлық түрінен 235 тіркеліп, 2009 жылмен салыстырғанда 4 пайызға артқан (2008 – 226).

Мынадай қылмыс түрлері көбейген ауыр қылмыстар саны 46 –ны құрап, 9,5 пайызға (2009-42), мал ұрлығы 55,9 пайызға (2009-34, 2010-53), кісі тонау 45,5 пайызға (2009 – 11, 2010-16), жасөспірімдермен жасалған қылмыстар 11,1 пайызға артқан (2009-9, 2010 -10).

Есепті жылы 13 кәмелетке толмаған балалардың қатысуымен жасалған барлығы 10 (2009-9) қылмыстық іс тіркелген. Оның, 4 тоқтатылып, 6 жасөспірімге қылмыстық іс қозғалған. Оның ішінде ауданға қарасты білім беру ұйымдарында оқитын 4 оқушы бар (2 студент, 1 оқымайды).

Ауданда құқық тәртібінің жағдайына, азаматтарды, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық институттарды криминалдық қауіптілікпен қорғау жүйесіне бірқатар елеулі сыртқы және ішкі факторлар ықпал етуде. Әлемдік қаржы дағдарысына байланысты экономикадағы қиыншылықтар, халықтың, әсіресе жастардың жұмыспен толық қамтылмауы қылмыстардың, оның ішінде зорлық қылмыстары өсімінің себептерінің бірі болып табылады.

Сонымен бірге жол-көлік кешені күрделі жағдайларда жұмыс істеуде. Автомобиль паркінің және осы заманғы автомобильдердің жылдамдық сипаттамалары өсімінің қарқыны көше-жол желісін дамыту қарқындарынан асып түседі. Жергілікті мәндегі жолдар өте нашар жағдайда.

Жол қозғалысына қатысушылардың, ең алдымен көлік құралдары жүргізушілерінің көліктік тәртібі төмен. Жүргізушілерді дайындау жүйесі айтарлықтай жақсартуды қажет етеді. Осы және басқа себептердің кешені жол-көлік оқиғалары салдарлары ауырлығының жоғарылығын айқындайды.

Шұғыл ахуалды күрделендіретін маңызды фактор ұрлық болып табылады. Жалпы қылмыс құрылымында бірнеше жылдар бойы ұрлық фактілері көрсеткіштің жартысын құрайды, олардың әрбір екіншісі ашылмай қалады. Әрбір үшінші тіркелген ұрлық - пәтерлерді тонау. Соңғы жылдары қымбат автомобильдерді ұрлау және айдап кету жиілеген.

Ауданда жасалған барлық қылмыстардың 90% астамын тергейтін ішкі істер органдарындағы алдын ала тергеудің қазіргі жағдайы қарапайымдалған сотқа дейінгі өндірісті қолдану аясын кеңейту қажеттігін меңзейді.

2010 жылғы қаңтардан бастап мұндай нысан шағын және орташа ауыр қылмыстарды тергеу барысында қолданылуда. Бұдан былай ауыр қылмыстарды тергеу барысында да осындай нысанды қолдану көзделуде, бұл қылмыстық процесске қатысушы азаматтардың құқықтары мен еріктерін қамтамасыз етуге оңды ықпалын тигізетін болады.

Ауданда нашақорлыққа байланысты ахуалдың шиеленісуі жалғасуда. Бірнеше жылдар бойы қылмыстар құрылымындағы нашақорлық қылмыстарының үлесі азаймай отыр. Жыл сайын есірткілік заттар, оның ішінде героиннің елеулі мөлшері алынады.

Тұрғындарды есірткі пайдалануға тарту деңгейі жоғары күйде қалуда. Есірткіге тәуелді тұлғаларды медико-әлеуметтік сауықтыру деңгейі облыстағы ағымдағы нашақорлыққа байланысты ахуалға сәйкес келмейді.


Авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 28 тамыздағы №1298 қаулысын орындау шеңберінде облыста жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар басшылары енетін жергілікті деңгейдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың Мемлекеттік жүйесі құрылған.

Жойқын жер сілкіністеріне және табиғи техногендік төтенше жағдайлардың басқа түрлеріне әрекет жасау мақсатында облыста құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған күштер мен құралдар, олардың өзара іс-қимыл жасау, жан-жақты қамтамасыз етілу және оларды басқару тәртібі айқындалған.

Жергілікті деңгейдегі төтенше жағдайларды жою күштері мен құралдары мыналардан тұрады: өртке қарсы қызмет бөлімшелері, авариядан құтқару және аварияны қалпына келтіру құрылымдары.



Проблемалар. Жамбыл ауданы аумағы жер сілкінісінің табиғи ошағында орналасқан. Жойқын жер сілкінісі болған жағдайда өңірлік сипаттағы төтенше жағдай туындауы мүмкін, халыққа гуманитарлық көмек қажет болады.

Аудан аумағының бүкіл аумағы бойына табиғи өрттерге, Талас, Шу, Аса өзендері арналарының бойында су тасқынына байланысты техногендік авариялар мен апаттарға ұшырау қаупі бар.

Аудан аумағының бүкіл аумағы бойына табиғи өрттерге, Талас, Аса өзендері арналарының бойында су тасқынына, сондай-ақ өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірістік циклдерінде әсері күшті улы және жарылғыш заттардың қолданылуына байланысты техногендік авариялар мен апаттарға ұшырау қаупі бар.

Адамдардың көптеп қаза табуының себептері мыналар болып табылады: халықтың өрттерден, дүлей зілзалалардан, авариялар мен апаттардан жеткіліксіз қорғалуы, медициналық құтқару көмегінің уақтылы көрсетілмеуі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 желтоқсандағы №1383 қаулысымен бекітілген төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың мемлекеттік жүйесін дамыту Бағдарламасын сапалы және тиімді іске асыру шеңберінде жергілікті жерлердегі төтенше жағдайларды жоюдың қолда бар күштері мен құралдарының бүгінгі таңда жекелеген материалдық-техникалық құралдармен жарақтандырылу деңгейі жеткіліксіз.

Өрт бөлімдерін арнайы техника мен жабдықтың жаңа түрлерімен қосымша жарақтандыру (АЦ-40,АЛ-54), ескірген техника мен жабдықтарды ауыстыра отырып штаттық авариялық-құтқару құрылымдарын қолданыстағы нормаларға сәйкес жарақтандыру; ғимараттар мен құрылыстарды сейсмикалық күшейту іс-шараларын орындау; өзендердегі жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізу; Аудан аумағында жергілікті және өңірлік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда халықты жеке қорғаныс құралдарымен және шатырлы қалашықтар салу үшін мүлікпен қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр. Ауданда шатырлы лагерлер салуға арналған жабдық жоқ.


Мұрағат

Ауданда мұрағат қызметін 1 аудандық мұрағат жүзеге асырады. 01.01.2011 жылға Жамбыл облысының мемлекеттік мұрағаттарында сақтауда тұрған Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының көлемі 1226 бірлікті құрады.

Ұлттық мұрағат қорын аудандағы 60 ұйымдардың, оның ішінде 10 мемлекеттік емес меншіктегі ұйымдардың құжаттарымен толықтырылады.

Бүгінгі таңда Ұлттық мұрағат қорының ведомстволарда сақталып жатқан құжаттарының көлемі 2500 сақтау бірлігін құрайды, оның ішінде мемлекеттік емес меншіктегі мекемелерде 100 бірлік, жеке құрам бойынша 1000 сақтау бірлігі.


2.3. Аумақтардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі проблемаларының, тәуекелдіктерінің, тосқауыл болатын факторларының, бәсекелестік артықшылықтарының және мүмкіндіктерінің кешенді сипаттамасы

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Статья І. Ауылшаруашылығы

  • Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу өндірісін тұрақты дамыту үшін қолайлы ауа-райы жағдайлары;

● Табиғи топырақ құнарлылығы жоғары, табиғи шабындықтары мен жайлаулары бар ауылшаруашылық жерлерінің болуы.


Өнеркәсіп

  • Ауданның Қырғызстан республикасына облыс орталық бөлігі арасындағы қолайлы географиялық орналасуы;

  • Бай минералдық-шикізат ресурстары, табиғат-ауа райы жағдайларының әртүрлілігі;

  • Ауданның бір қала, үш аудан және Қырғызстан Республикасымен шекаралас болуы;

  • Өнеркәсіптің күшті базалық салаларының болуы: тау-кен өндірісі;

  • Шағын кәсіпкерліктің белсенді дамуы, өз бетінше жұмыспен қамтылған халық санының өсімі;

  • Қымбат емес тұрақты өсіп отырған жұмысшы күші.

Статья ІІ. Бәсекелестікті дамыту

  • Қолайлы инвестициялық климат;

  • Нарыққа кірудегі біршама төмен күрделі салымдар;

  • Өнімді пайдаланудың сыйымды рыногының болуы.

Статья ІІІ. Шағын және орта кәсіпкерлік

  • «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, «Казагро» ұлттық басқару холдингі АҚ және басқа көздер қаржылары есебінен мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған елеулі қаржылық қолдау;

  • Шағын бизнес саласындағы шағын кәсіпкерлік субъектілері санының, шағын бизнес өндірісі көлемдерінің өсімі;

  • «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ, «Ауылдық кәсіпкерлікті қаржылық қолдау қоры» АҚ, шағын несиелік ұйымдар, кәсіпкерлер қауымдастықтар сияқты шағын кәсіпкерлікті дамытудың нарықтық инфрақұрылымының болуы.

Статья ҮІ. Сауда саясаты

  • Аудан халқына көрсетілген қызметтер көлемінің өсімі;

  • Қызмет көрсетулер саласында негізінен шағын кәсіпкерлік субъектілері қызмет атқарады;

  • Бөлшек және көтерме тауар айналымы көлемдерінің өсімі.

Статья Ү. Туризм

  • Тартымды климат, бай және көркем табиғи әлеует, бай мәдени мұра;

  • Өсімдік және жануарлар әлемінің әртүрлілігі, бірегей ландшафтар мен таулы жерлер пейзаждары;

  • Демалыстың белсенді түрлерімен айналысу мүмкіндіктері: экологиялық, спорттық және этникалық туризм.

Статья ҮІ. Денсаулық сақтау

  • Жоғары туу деңгейі;

  • Жастар арасында бұқаралық спорттың кең таралуы; СӨС орталықтарының қызметкерлермен жақсы қамтамасыз етілуі;

  • Орта медициналық персоналмен жақсы қамтамасыз етілу;

  • Жас мамандардың көптеп келуі.

Статья ҮІІ. Білім беру



  • Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының желісін кеңейту;

  • Балаларды отбасыларына орналастырудың тұрақты үрдісі сақталуда;

  • Кәсіптік лицейлер мен колледждерді бітірушілер санынан жұмысқа орналасқандарының көбеюі.

Статья ҮІІІ. Дене шынықтыру және спорт



  • Бірінші кезекте сұраныс жағынан дене шынықтыру кіші секторының күшті жақтарына оқушылар мен білімгерлер санының өсіп отырғандығын жатқызуға болады, бұл демографиялық келеңсіздіктің аяқталуының салдары.

  • Күшті жақтарының тағы бірі ҚР басқа өңірлерімен салыстырғанда денешынықтыру мұғалімдері білімінің жоғары деңгейі (мұғалімдердің басым көпшілігінің профильдік білімі бар).

Статья ІХ. Мәдениет

  • Ауданда тарихи-мәдени мұрасын сақтау және дамытуда жұмыс жүйелендірілген.

  • Отандық мәдениет өніміне сұраныс дәрежесінің жоспарлы өсуі байқалады;

  • Мәдениет саласында жаңа ақпараттық технологияларды ендіру арқылы халықтың мәдени құндылықтарға қолайлы осы заманғы форматта қол жетімділігі кеңейтілген.

Статья Х. Көлік



  • Аудан аумағынан «Батыс Европа-Батыс Қытай» транзиттік көлік дәлізі өтеді;

  • Жергілікті мәндегі жолдардың біршама жоғары тығыздығы;

  • Қатты төсеніші бар автомобиль жолдарының жоғары үлес салмағы.

Статья ХІ. Сауда

  • Аудан халқына көрсетілген қызметтер көлемінің ұлғаюы;

  • Қызмет көрсетулер саласында негізінен шағын кәсіпкерлік субъектілері қызмет атқарады;

  • Бөлшек және көтерме тауар айналымы көлемдерінің өсімі.

Статья ХІІ. Құрылыс

  • Бастапқы құрылыс материалдарымен қамтамасыз етілу: гипс, шағал тас, құм, топырақ;

  • Құрылыс материалдарын шығаратын өндіріс орындарының қарқынды өсуі;

  • Аудан аумағы арқылы өтетін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізін қайта жаңғырту бойынша мердігерлік жұмыстарға сұраныстың өсімі;

  • Әлеуметтік сала объектілерін пайдалануға енгізу;

  • Мемлекеттік бюджеттен құрылысқа бөлінген қаржыларды мақсатты және толық игеру;

  • Тұрғын үй құрылысы көлемдерінің және оларды пайдалануға берудің артуы.

Статья ХІІІ. Сумен қамтамасыз ету және су бөлу

  • Жер асты сулары қорларының болуы;

  • Сумен қамтамасыз ету жүйелерін қайта жаңғыртуды қаржыландырудың өсуі.

Статья ХІҮ. Жылумен қамтамасыз ету

  • Жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік сала ғимараттарының енгізілуіне байланысты коммуналдық қызметтерге сұраныстың өсуі. Статья ХҮ. Газбен қамтамасыз ету

  • Газбен қамтамасыз ету қызметтеріне сұраныстың тұрақтылығы.

Статья ХҮІ. Тұрғын үй қорын басқару

  • Алмастырушы тауарлардың болмауынан коммуналдық қызметтерге деген сұраныс;

  • Коммуналдық қызметтердің сапасын және коммуналдық кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыруға арналған осы заманғы технологиялар мен жабдықтардың болуы.

Статья ХҮІІ. Электр энергетикасы

  • Электр энергиясын тұтынудың өсуі;

  • Электр станцияларын дамытуға арналған қолжетімді алаңдар.

Статья ХҮІІІ. Аумақтық даму

  • Аумақтық-кеңістік құрылымының ерекшелігі - өңірлік көші-қонды тарту орталықтарының болуы.

Статья ХІХ. Тілдерді дамыту

  • Мемлекеттік тіл мен Қазақстан халқы тілдерін оқыту инфрақұрылымы кеңейтілді;

  • Мемлекеттік тілді оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияларды (лингафондық кабинеттер, компьютерлік бағдарламалар) ендіру қамтамасыз етілді;

  • Іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру процесі белсенді іске асырылуда.

Статья ХХ. Ауылшаруашылығы

  • Механикаландырудың төмен деңгейі және ауылшаруашылық техникасы ескіруінің жоғары деңгейі;

  • Суару инфрақұрылымының ескіруі, суармалы жерлер алқабының азаюы;

  • Тыңайтқыштар себудің төмен деңгейі, топырақ құрамына бақылаудың және тыңайтқыштар себу бойынша ұсынымдардың жоқтығы;

  • Маңызды азықтық жем дақылдары түрлерін (сүрлем, силос) дайындаудың жоқтығы және осыған байланысты малдың өнімділігін төмендететін мал азығындағы қоректі заттардың аздығы;

  • Мал өнімдерін қайта өңдеу саласындағы кәсіпорындардың өндірістік қуаттарының жүктемелерінің әлсіздігі - 1,2%;

  • Инфрақұрылымдық объектілердің тапшылығы (мал соятын пункттер мен көкөніс сақтайтын қоймалар);

  • Малдың 90% жуығы жеке қосалқы шаруашылықтардың үлесінде.

Статья ХХІ. Өнеркәсіп

  • Өңірдің ел экономикасындағы төмен үлесі;

  • Өндірісті модернизациялаудың төмен деңгейі;

  • Инвесторлар үшін төмен тартымдылық;

  • Шағын және орта кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі (өнімділік);

  • Шағын бизнестегі қызмет көрсету саласының жоғары үлесі;

  • Шағын бизнесті ұстау инфрақұрылымының жеткіліксіз деңгейі;

  • Білікті жұмысшы кадрлардың және инновациялық менеджмент саласындағы кадрлардың жеткіліксіздігі;

  • Энергия ресурстары құнының жоғарылығы.

Статья ХХІІ. Бәсекелестікті дамыту

  • Мұнайды қайта өңдеу зауыттарының инфрақұрылымына шектеулі қолжетімділік;

  • Жамбыл ауданында дизельдік отын және бензиннің жоғары октандық маркалары, авиациялық керосин бойынша импорттан тәуелділігі;

  • Әкімшілік тосқауылдар.

Статья ХХІІІ. Шағын және орта кәсіпкерлік

  • Қаржылық проблемалар: кепілдік қамсыздандырудың жоқтығынан, қаржы мекемелеріндегі өсімнің жоғары пайыздық ставкаларынан, құжаттарды қараудың ұзақ мерзімдерінен ауылдық және бастапқы бизнестің кредиттік ресурстарға шектеулі қолжетімділігі; кредиттік қатынастар саласында жеңілдіктердің болмауы;

  • Кадрлық проблемалар: иелері мен қызметкерлерінде тәжірибенің жеткіліксіздігі, білікті кадрлардың тапшылығы;

  • Кәсіпкерлер жолында әкімшілік тосқауылдардың болуы.

Статья ХХІҮ. Сауда саясаты

  • Ауылдық елді мекендерде қызмет көрсету секторы жеткілікті дамымаған;

  • Қызметтер саласында негізінен бөлу-тарату, жеке сипаттағы қызметтер, сондай-ақ инновациялық әлеуеті төмен мемлекеттік қызметтер көрсетіледі;

  • Ақпараттық және ғылыми-зерттеу бағытындағы қызметтер үлесі аз.

Статья ХХҮ. Туризм

  • Туристік және көліктік инфрақұрылымның дамымауы.

Статья ХХҮІ. Денсаулық сақтау

  • Тағаммен толыққанды қамтамасыз етілмеу;

  • Аурулардың асқындауы кезінде көмекке кеш жүгіну;

  • Жүкті әйелдердің тұрақты тексеріліп тұруы үшін ынталандырудың жеткіліксіздігі;

  • Зиянды дағдылардың денсаулыққа әсері туралы атүсті білу;

  • Әлеуметтік проблемалар (кедейшілік) халықтың басым бөлігіне өзінің денсаулығы үшін қамқорлыққа мүмкіндік бермейді;

  • Жоғары мінез-құлық тәуекелдіктері (темекі шегу, ішімдік ішу, нашақорлық);

  • Педиатрлардың тапшылығы;

  • Амбулаторлық деңгейде, әсіресе ауылдық жерлерде жабдықтардың (оның ішінде рентген және УЗИ) және диагностикалық препараттар мен дәрілердің тапшылығы;

  • Ғимараттар мен құрылғыларды жаңартудың жеткіліксіз қарқыны.

Статья ХХҮІІ. Білім беру

  • Мектепке дейінгі балалар ұйымдарында, оның ішінде ауылдық елді мекендерде орын тапшылығы сақталуда;

  • Ауданда мектепке мектепке дейінгі балалар ұйымдарының спорт залдармен, жүзу бассейндерімен, музыкалық сабақтар өткізетін залдармен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі, тиісті жабдықтар (асханалық) мен құрал-саймандардың ескіруі;

  • Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының төмен жалақыға және артық жүктемеге байланысты білікті кадрлармен, оның ішінде тәрбиешілермен қамтамасыз етілуінің төмендеуі;

  • Жыл сайын күрделі жөндеуді қажет ететін мектептер үлесінің артуы;

  • Үш ауысымда оқытатын мектептердің болуы;

  • Ауылдық жерлерде балшықтан соғылған ыңғайластырылған жайларда орналасқан мектептердің болуы;

  • Ауылдық елді мекендерде кең жолақты Интернет желісіне қолжетімділіктің жеткіліксіздігі;

  • Инклюзивтік білім берудің жеткіліксіз дамуы;

  • Мемлекеттік қосымша білім беру ұйымдарының (саз, көркемсурет мектептері, техникалық шығармашылық орталықтары) жеткіліксіздігі.

Статья ХХҮІІІ.Дене шынықтыру және спорт

● Мектептердегі спорт объектілері мен спорт алаңдарының (спорт залдары, киім шешетін жерлер, спорт алаңқайлары) созылмалы жеткіліксіздігі, сондай-ақ құрал-саймандардың айтарлықтай жеткіліксіздігі.



Статья ХХІХ. Мәдениет

  • Мәдени мекемелер желісінің дамуындағы теңсіздіктерге байланысты облыс халқының мәдени ұйымдар қызметіне қолжетімділігінің бірдей еместігі;

  • Саланың нашар материалдық-техникалық базасы және білікті кадрлардың тапшылығы;

  • Отандың мәдени өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі.

Статья ХХХ. Көлік

  • Автожол төсенішінің нашар жағдайы;

  • Жүк автокөлігі үшін сервистік инфрақұрылымның жоқтығы;

  • Тараз қаласынан ауданның елді мекендеріне қатынайтын автобус маршруттары оңтайлы емес.

Статья ХХХІ. Құрылыс

  • Халықтың төмен кірістері;

  • Халықтың сатып алу қабілетінің төмендігіне байланысты азаматтардың тұрғын үйге қолжетімділігінің жеткіліксіз деңгейі;

  • Елді мекендерге құрылыс салу бас жоспарларының жоқтығы;

  • Коммуналдық инфрақұрылымның жеткіліксіздігі.

Статья ХХХІІ. Сумен қамтамасыз ету және су бөлу

  • Тұрғын үй қорының орталықтандырылған сумен қамтамасыз етумен және су бөлумен төмен жарақтандырылуы;

  • Ауылдық жерлерде сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілудің төмен деңгейі;

  • Су құбырлары және кәріздік желілердің тозуының жоғары дәрежесі;

  • Қалдық суларды биологиялық тазалау қондырғыларының жоқтығы.

Статья ХХХІІІ. Жылумен қамтамасыз ету

  • Тұрғын үй қорының және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің орталықтандырылған жылумен жарақтандырылуының төмендігі, қуаттардың көптігі, негізгі қорлардың тозуы.

Статья ХХХІҮ. Газбен қамтамасыз ету

  • Орталықтандырылған газбен қамтамасыз етілудің төмен деңгейі;

  • Өзбекстан газының қымбаттығы және жеткерудің тұрақсыздығы.

Статья ХХХҮ. Тұрғын үй қорын басқару

  • Халықтың төмен төлем қабілеттілігі;

  • Үйлерді күрделі жөндеу үшін тұрғындарды кредиттеудің дамымауы.

Статья ХХХҮІ. Электр энергиясы

  • Халық кірістерінің төмен деңгейі;

  • Шектеулі инвестициялық мүмкіндіктер кезінде энергия жабдықтарының жоғары физикалық және моральдық тозуы;

  • Жоғары энергия сыйымдылығы және электр энергиясына шығыстар тарифті көтеру мүмкіндігін шектейді.

Статья ХХХҮІІ. Аумақтық даму

  • Өндірістік күштерді орналастырудағы аумақтық әркелкіліктер, қосымша құнның өнеркәсіптік буындарының жоқтығы;

  • Ауданның инфрақұрылымдық, әлеуметтік және экономикалық дамуындағы елеулі әркелкіліктер.

Статья ХХХҮІІІ. Тілдерді дамыту

  • Тіл саласының жеткіліксіз нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі;

● Мемлекеттік тілге үйретудің бірыңғай стандарттары жоқ.

Мүмкіндіктері

Қауіптері

Ауылшаруашылығы

  • СДО құру арқылы жеке қосалқы шаруашылықтарды ірілендіру, бұл экспорттық әлеуетті ұлғайтуға мүмкіндік береді;

  • Агроөнеркәсіп кешенін индустрияландыру;

  • Егіс алқабының құрылымындағы жоғары рентабельді дақылдардың үлесін арттыру;

  • Мал табанындағы өнімділігі жоғары асыл тұқымды малдың үлесін ұлғайту;

  • Ауылдық несие серіктестіктер мен ауылдық тұтыну кооперативтерінің желісін кеңейту.

Өнеркәсіп

  • Өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру- қосымша құнның өсімі;

  • Ауданның энергиядан тәуелділігін азайту;

  • Инвестициялық тартымдылықты арттыру;

  • Жаңа менералдық-шикізат ресурстарын игеру;

  • Агроөнеркәсіп кешенін, шағын бизнесті индустрияландыру;

  • Бәсекеге қабілетті өнімнің кең құрамын шығаратын өндірісті дамыту;

  • Шекара маңы инфрақұрылымын дамыту;

  • Кедендік одаққа қатысудан ашылатын өнімді экспорттау мүмкіндігі.

Бәсекелестікті дамыту

  • Анықталған жоқ.

Шағын және орта кәсіпкерлік

  • Аудандағы шағын бизнестің басымды жобаларың одан әрі тұрақты несиелеуді қамтамасыз ету;

  • Франчайзинг және аутсорсинг принциптерінде ірі кәсіпорындар маңайындағы шағын бизнес кәсіпорындарын дамытуды ынталандыру;

  • Шағын кәсіпкерліктің өндірістік инфрақұрылымын дамытуға арналған әлеуеттің болуы;

  • Шағын кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамыту.

Сауда саясаты

  • Халыққа көрсетілетін қызметтер номенглатурасын кеңейту және қызметтердің заманауи түрлерін дамыту;

  • Қызметтер саласының экономиканы дамытудағы ролі мен орнын толық ауқымда зерттеу кәсіпкерлердің осы салаға назар аударуын арттырып, облыс экономикасының сервистік-технологиялық дамуының алғышарттарын қалыптастыруға мүмкіндік берген болар еді.

Туризм

  • Туризмнің бәсекелестікке қабілетті инфрақұрылымын жасау;

  • Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету.

Денсаулық сақтау

  • Стандарттау есебінен медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін арттыру;

  • Ауданда тұрғын үй жағдайларын және көлік жұмысының сапасын жақсарта отырып толық стационарларды күндізгілермен одан әрі алмастыру.

Білім беру

  • Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамтуды 100%-ға жеткізу мақсатында заманауи мектепке дейінгі мекемелер және шағын орталықтар құрылысын салуды бюджеттік және жеке қаржыландыруды кеңейту;

  • Жұмыс істеуі және тұруы үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында жас мамандарды мектепке дейінгі білім беру саласына, оның ішінде ауылдық жерлердегі, тарту және қолдау;

  • Мектеп оқушыларының санын 1 компьютерге 1-2 балаға дейін келетіндей етіп азайту және мектептердің компьютерлік техникамен жарақтандырылу деңгейін жоғарылату және кең жолақты Интернетке қосылуын 100% жеткізу мақсатында орта білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын күшейтуге байланысты шығыстарды бюджеттік қаржыландыруды кеңейту және қаржыландыруға жеке сектордың қатысуын ынталандыру;

  • Мектептерді ыңғайландырылған жайларда орналастыру дағдысын жою, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу үшін жағдайлар жасау мақсатында заманауи орта білім беру объектілерін салу саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту;

  • Жас педагог кадрлардың өз ісіне шынай берілуін және ауылдық жердегі елді мекенге орнығуын ынталандыру;

  • Білікті кадрлардың ауылдық аудандардағы кәсіптік білім беру жүйесіне ағылуын ынталандыру;

  • Мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту арқылы жастардың техникалық және кәсіби білімге қолжетімділігін кеңейту.

Дене шынықтыру және спорт

● Спорт мектептері мен спорттық секциялардың айтарлықтай жетіспеушілігінен осындай ұйымдардың қызметіне қанағаттандырылмаған сұраныс. Бұдан басқа балалар мен жастардың өсіп отырған саны бұқаралық спортты дамытудың мүмкіндігі болып табылады, бұл алда сұраныстың өсетінін көрсетеді;

● Сондай-ақ маңызды мүмкіндіктердің бірі спорттық объектілер салу және ұстау үшін жеке инвесторлардың (жергілікті компаниялардың) қаржыландыруын тарту болып табылады.

Мәдениет


  • Ауданның тарихи-мәдени мұрасын сақтау және дамыту;

  • НПА жетілдіру және желінің қамсыздандырылуының ең аз нормативтерін ендіру арқылы ауданның мәдени инфрақұрылымын дамыту.

Көлік

  • «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автобанының қосылуына атсалысу;

  • Тауар айналымын ұлғайту.

Сауда

  • Халыққа көрсетілетін қызметтер номенглатурасын кеңейту және қызметтердің заманауи түрлерін дамыту;

  • Қызметтер саласының экономиканы дамытудағы ролі мен орнын толық ауқымда зерттеу кәсіпкерлердің осы салаға назар аударуын арттырып, аудан экономикасының сервистік-технологиялық дамуының алғышарттарын қалыптастыруға мүмкіндік берген болар еді.

Құрылыс

  • Тұрғын үй құрылысын республикалық, облыстық бюджетпен қолдауды ұлғайту арқылы аудан халқы үшін тұрғын үйге қолжетімділікті қамтамасыз ету;

  • Пайдалануға енгізіліп отырған объектілерді инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету.

Сумен қамтамасыз ету және су бөлу

  • Жеткілікті қаржыландыра отырып ауданның барлық елді мекендерін ауыз сумен сапалы қамтамасыз ету.

Жылумен қамтамасыз ету

  • Бюджеттік ресурстармен қарқынды қаржыландыра отырып магистралдық және ішкікварталдық жылу желілерін қайта жаңғырту, қалпына келтіру және күрделі жөндеу.

  • Жеке инвестицияларды тарту.

Газбен қамтамасыз ету

  • Алдағы 5 жылда ауылдық елді мекендерді барынша газдандыруға көңіл бөліп, газбен қамтылған елді мекендер санын арттыру.

Тұрғын үй қорын басқару

● Тұрғын үй қоры және коммуналдық қызметтер инфрақұрылымы жағдайының тұрақты жаңартылып отыратын мәліметтер базасын жасау.



Электр энергетикасы

  • Балама көздерден алынған электр энергиясын кепілді түрде өткеру;

  • Экономиканың барлық секторларындағы электр сыйымдылығы және халықтың электр энергиясын тұтыну деңгейінің жоғарылығы;

  • Электр энергиясын тұтынуды қысқартуға мүмкіндік беретін технологиялардың болуы.

Аумақтық даму

  • Ауыл халқы санының басымдылығы ауылшаруашылығын дамыту үшін жақсы база жасауға ықпал етеді.

Тілдерді дамыту

  • Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту;

  • Тілдік көптүрлілікті сақтай отырып әлеуметтік-коммуникативтік кеңістікте мемлекеттік тілді қолдану;

  • Қазақстан халқының рухани және ұлттық бірлігінің басты факторы ретінде мемлекеттік тілдің ролін арттыру.

Ауылшаруашылығы

  • Ауыл шаруашылығында қаржылық және технологиялық мүмкіндіктері шектеулі жеке қосалқы шаруашылықтар (әсіресе мал шаруашылығында) үлесі басым, бұл саланың дамуына, жаңа технологияларды ендіруге кері әсер етеді;

  • Нашар кепілдік базаға байланысты ауыл халқын кредиттеу проблемалары, халықтың ауылдық кооперация және тетіктері мәселелері бойынша ақпараттануының төмен деңгейі.

Өнеркәсіп

  • Облыстың басқа өңірлеріне қарағанда экономикалық даму қарқыны төмен;

  • Ауданның бизнес-ахуалының нашарлау мүмкіндіктері;

  • Үдемелі индустриаландыру жоспарларын іске асыру үшін қолжетімді электр энергиясының тапшылығы.

Бәсекелестікті дамыту

  • Бензин мен дизель отынының тапшылығы;

  • Шикізатқа елеусіз маусымдық тербелістердің соңғы өнімге асыра әсер етуі.


Шағын және орта кәсіпкерлік

  • Бизнестің жабылуы және банкроттыққа ұшырауы, жаңа өндіріс ашуда кәсіпкерлік бастаманың төмендеуі, қолданыстағы өндірістің әртараптануы;

  • Ішкі нарықтың ашылуына және Бүкіләлемдік сауда ұйымына және Бірыңғай экономикалық кеңістікке енуге байланысты облыс кәсіпорындарының бәсекеге қабілетсіздігі, ішкі нарықтың импорттан тәуелділігінің артуы.

Сауда саясаты

  • Көрсетілген қызметтер көлемдерінің қысқаруы;

  • Қызмет көрсету саласына заманауи технологияларды ендірудің төмен деңгейі.

Туризм

  • Күзету шараларын қабылдамаған жағдайда қолда бар объектілер мен ресурстарды жоғалту мүмкіндігі;

  • Туризм саласын қолдаудың шектеулі қаржылық мүмкіндіктері, өз қаржыларының және инвестициялық ресурстардың тапшылығы;

  • Туристік бизнестегі кәсібилік деңгейдің төмендігі, туризм саласындағы сапа мен қызмет көрсету деңгейінің сәйкессіздігі.

Денсаулық сақтау

  • Жүктеменің өсіміне байланысты қызмет көрсету сапасының төмендеуі;

  • Саламатты Өмір Салтын Қалыптастыру бойынша даярланған мамандар санының жеткіліксіздігінен нәтижеліктің төмендеуі.

Білім беру

  • Мектепке дейінгі білім беру саласын мемлекеттік қаржыландырудың жеткіліксіздігі және жоқтығы жаңа мектепке дейінгі балалар ұйымдарын салуда жеке сектор бастамасының жоқтығы, ауданда мектепке дейінгі балаларды қамту деңгейінің төмендігі, мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі орындардың тапшылығы балаларды орта мектепте оқытуға дайындау және олардың қоғамда психологиялық-әлеуметтік бейімделуі бойынша мүмкіндіктерді шектейді;

  • Республикалық, облыстық және аудандық бюджеттерден бөлініп отырған бюджеттік қаржылардың шектеулігі салдарынан аудандағы мектепке дейінгі балалар мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нашарлауда, атап айтқанда бірқатар мектепке дейінгі балалар мекемелерінде спорт залдары, жүзу бассейндері, саз залдары, ыстық су жоқ, бұл балалардың денсаулығын нығайту және олардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау мүмкіндігін төмендетеді;

  • Ауылдық жерлердегі ыңғайластырылған жайларда орналасқан мектептер үлесін сақтау салдарынан жаңа мектептер салу шығыстарын қаржыландырудың жеткіліксіздігі;

  • Ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларды отбасыларға орналастыру бағдарламаларына оқыту бойынша кадрларды қайта даярлау бағдарламаларының жоқтығы;

Дене шынықтыру және спорт

  • Әлемдік тәжірибе көрсеткендей халықтың дене шынықтыру белсенділігі әдетте әл-ауқатының жақсаруына қарай төмендейді.

Мәдениет

  • Табиғи-ауа райы жағдайларының тарихи-мәдени мұра объектілеріне келеңсіз әсері;

  • Мәдениет мекемелері қызметтері құнының өсімі;

  • Саладан білікті мамандардың кетуі.

Сауда

  • Көрсетілетін қызметтер көлемдерінің қысқаруы;

  • Қызмет көрсету саласына заманауи технологияларды ендірудің төмен деңгейі.

Құрылыс

  • Елді мекендер бас жоспарларының бекітілуі мен қабылдануының кешеуілдеуі;

  • Халықтың тұтыну қабілетінің төмендеуі.

Сумен қамтамасыз ету және су бөлу

  • Сумен қамтамасыз ету желілері жағдайының одан әрі нашарлауы және су құбырлары ұзындығының азаюы салдарынан аудан халқының өмір сүру сапасының нашарлау қаупі өседі.

Жылумен қамтамасыз ету

  • Аудандық орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету желілерінің нашарлау қаупі бар.

Газбен қамтамасыз ету

  • Жеткіліксіз қаржыландыру салдарынан елді мекендерді газдандыру үрдісінің баялау қаупі бар.


Тұрғын үй қорын басқару

  • Халықта жалпыүйлік аумақтардың жағдайына, қалдықтарды жинау мен шығаруға жауапкершіліктің жоқтығы.

Электр энергиясы

  • Қуаттардың тозу деңгейінің одан әрі өсімі, авариялар санының өсімі, э/э техникалық жоғалту деңгейінің және пайдалану шығыстарының өсімі;

  • Энергия үнемдеу технологияларын ендіру бағытында тұтынушылар арасындағы төмен белсенділік;

  • Энергия үнемдеу технологияларын іске асыруға қаржылық ресурстарды тартудағы проблемалар.

Аумақтық даму

● Облыс орталығы жақын орналасқандықтан халықтың көшіп кету қаупі;

● Елді мекендердің әлеуметтік және инфрақұрылымдық даму әркелкілігінің тереңдеуі.

Тілдерді дамыту


● Қазақстандықтардың тіл мәдениетінің төмендеу мүмкіндігі.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет