Мазм ұ н ы кіріспе



жүктеу 2.47 Mb.
бет7/13
Дата02.05.2016
өлшемі2.47 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
: userfiles
userfiles -> Внутренний контроль производства и контролируемые испытания продукции
userfiles -> Технические правила
userfiles -> 2010 жылдың ІІІ тоқсанына арналған жоспарының орындалуы Шілде Облыс әкімдігінің мәжілісіне енгізілген мәселе Жамбыл облысының 2010 жылдың қаңтар-маусымында
userfiles -> Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына қарасты емдеу-алдын алу ұйымдары бас дәрігерлерінің жеке табысы және мүлкі туралы декларацияны жариялау
userfiles -> Конкурстық құжаттаманы бекіту туралы
userfiles -> Шу ауданының әкімі І.Ә. Тортаевтың ауданның 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есебі
userfiles -> Шортанова алшайым ахылбековна қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы
userfiles -> Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сенімді өкілдерінің сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар тізбесі

2.4. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатына талдау жасау

Жамбыл ауданында 2010 жылы 20 аумақтық бағдарламалар жұмыс істейді.

1. Жамбыл ауданында ұлтаралық келісімді қамтамасыз етудің 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасымен Жамбыл ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 27 мамырдағы «Жамбыл облысында ұлтаралық келісімді қамтамасыз етудің 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі аудандық іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» №364 қаулысы қабылданып, бағдарламаны орындау бойынша аудандық іс-шаралар бекітілген. Іс-шаралар-жоспары негізінде жергілікті бюджеттен 2008 жылға 190,0 мың, 2009 жылға 200,0 мың, 2010 жылға 270,0 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Аудандық іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы аудандық филиалының қолдауымен дүнген, күрді ұлттық-мәдени орталықтарының қатысуымен «Ұлттар достастығы» фестивалі өткізілді. Іс-шара мақсаты ұлттар достастығы мен ынтымағын нығайту, ұлттардың мәдениеті, өнері және салт-дәстүрлерін таныстыра отырып, жастар арасында насихаттау болды.

Жамбыл ауданында ұлтаралық және конфессияаралық қатынастарды қамтамасыз ету мақсатында атқарылған қоғамдық-саяси, мәдени шаралармен 10450 адам қамтылған.

2. Жамбыл ауданының 2008-2016 жылдарға арналған «Салауатты өмір салты» бағдарламасымен Жамбыл облысы әкімдігінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы №1260 қаулысымен «Салауатты өмір салтын қалыптастырудың 2008-2016 жылдарға арналған» аймақтық бағдарламасы аясында тұрғындардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және аурулардың алдын алу үшін қабылданған іс-шараларға сәйкес тұрақты түрде жұмыстар атқарылуда.

3. Жамбыл ауданында ана мен бала өлім-жітімін азайту жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасымен Жамбыл ауданы әкімінің 2009 жылдың 22 қаңтарында ауданда ана мен бала өлімін азайту жөнінде №06ө өкімімен жұмыс тобы құрылған. Ағымдағы жылы жұмыс тобы 13 штаб отырысын өткізген. Республикалық бюджеттен жүкті әйелдерді тегін емдеуге 7 043,0 мың теңге және «Д» есепте тұрған ауру балалар мен жасөспірімдерге 2 396,0 мың теңге бөлінген.

4. Жамбыл ауданында халықты туберкулезден қорғау шаралары жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасымен Жамбыл облысы әкімдігінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы «Жамбыл облысында туберкулезбен күресудің 2008-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын» бекіту туралы №327 қаулысына сәйкес ағымдағы жылы осы шараларды іске асыру мақсатында медициналық құрал жабдықпен қамтуға 2,0 млн теңге бөлінген.

Туберкулезбен ауыратын барлық науқастар стационарлық және амбулаториялық емделу кезеңдерінде өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Туберкулезге қарсы шаралар іс-шараға сәйкес жүргізілуде.

5. Жамбыл ауданында қан қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 179 донор облыстық қан құю орталығына жолданды.

6. Жамбыл ауданы бойынша даму мүмкіндігі шектеулі балалар арасынан шыққан білім беру ұйымдарының түлектерін әлеуметтік қолдау жөніндегі 2008-2009 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы аясында Жамбыл ауданы әкімдігінің №224 қаулысымен іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыстар атқарылуда. Қазіргі уақытта жалпы білім бөліміне қарасты білім мекемелеріне үйде оқытылатын және тәрбиеленетін 116 кемтар мүгедек балаларға 3 млн 363 мың теңге қаралып, төленуде.

Кемтар балаларға үйде қызмет көрсететін 11 қызметкер 10 ауылдық селолық округтер бойынша 74 мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуде.

7. Мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасымен ауданда мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың 2008–2010 жылдарға арналған Бағдарламасы туралы аудан әкімдігінің 2007 жылғы 4 желтоқсандағы № 963 қаулысы қабылданып, аудандық мәслихаттың 2007 жылы 25 желтоқсанындағы №4/6 шешімімен бекітілген. Аудандық Бағдарламада көзделген іс-шараларды ұйымдастыруға және «Жастар орталығына» 2008 жылға 5 млн 460 мың теңге, 2009 жылға 12 млн 864 мың теңге, 2010 жылға жастар саясаты бағдарламасына 10 млн. 500 теңге қаржы бөлініп тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Жас шаруа қожалық иелеріне, кәсіпкерлерге несие беру бағдарламасы шеңберінде облыстық ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қорынан бүгінгі күнге 16 жас азамат кәсіпкерлікпен айналысу мақсатында 3 млн 200 мың теңге қаражат несие алған. Іс-шараға сәйкес фестивальдар мен акциялар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Жалпы алғанда, Жамбыл ауданында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мақсатында атқарылған қоғамдық-саяси, мәдени-рухани шаралармен аудан жастары қамтылған.

8. 2005-2010 жылдарға арналған білім беру саласын дамыту бағдарламасымен қабылданған іс-шараға сәйкес жұмыстар тұрақты түрде атқарылуда.

Ауданда білім бөліміне қарасты 54 білім мекемесі жұмыс істейді. Оның ішінде 42-сы жалпы білім беретін мектептер (28 орта, 1 негізгі, 13 бастауыш, 10 бала бақша, 1 саз мектебі, 1 кешкі оқыту мектебі).

Жалпы аудан мектептерінде 1853 ұстаз оқушыларға білім мен тәрбие беруде. Олардың: 1556-сы жоғарғы, 296-сы арнаулы орта білімді мамандар. Оның ішінде жоғарғы санаттысы-208, бірінші санаттысы-535, екінші санаттысы -567, санатсызы -533.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Балапан» бағдарламасы» аясында жаңадан 15 білім беру мекемесінде 24 топтық шағын орталық және 5 бала-бақша ішінен қосымша 7 топ ашылып, жалпы тапсырыс бойынша 850 бала толығымен қамтылды. Осы бағдарламаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен бөлінген 42 млн 058 мың теңге бөлінген, оның ішінде мектепке дейінгі мекемелерге 22 млн 965 мың теңге және орта мектептер жанынан шағын орталық ашуға бөлінген 19 млн 092 мың теңге.

9. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет саласының білікті жас мамандарын ауылда тұрақтандыру бағдарламасымен аудан әкімдігінің 2009 жылғы 13 мамырында №254 қаулысымен бекітілген. Ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік саладағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға бөлінген бюджеттік кредитттер бойынша 2009 жылы 1 млн. 262 мың теңге 16 маманға көтерме жәрдемақы төленді (9 білім беру, 5 денсаулық сақтау, 1 мәдениет және 1 спорт сала мамандары). 2010 жылы 898,1 мың теңге көлемінде қаржы бөлініп 10 маманға көтерме жәрдемақы төленді (5 денсауылық, 4 білім, 1 мәдениет). Ал берілетін бюджеттік кредиттер бойынша 8 лн 945 мың теңге бөлініп, 10 жас маманға құжаттарын рәсімдеу жүргізілуде.

10. Жамбыл ауданының 2008-2009 жылдарға арналған «Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес Жамбыл ауданының әкімдігінің 26 мамыр 2009 жылы «2008-2009 жылдарға арналған Жамбыл облысының «Мәдени мұра» бағдарламасының орындалу барысы туралы» №259 қаулысы қабылданды.

Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру барысында Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі төртінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихаттың 2007 жылғы 12 желтоқсанындағы №3-28 шешімімен бекітілген 2008-2009 жылдарға арналған облыстық «Мәдени мұра» бағдарламасын басшылыққа алып 2009 жылы 16 ақпандағы аудандық «Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық бағдарламасы бекітіп, осы бағдарлама аясында жұмыстар жүргізілуде

Аудан көлеміндегі тарихи-мәдени мұраларды таныстыру, насихаттау жұмыстары да жақсы деңгейде атқарылады. Әр ауылдық округтердің әкімдеріне өз аумақтарында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштердің тізімі беріліп, қорғау міндеттемелері толтырылған.

2009 жылы аудандық мәдениет үйінің жанынан құрылған Аудандық өлкетану мұражайы аудандық жастар орталығының ғимаратынан орын алды. 2008 жылы аудандық бюджеттен мұражайға экспонаттар алуға 140,0 мың теңге және кеңсе, мұражай жиһаздарын алуға 735,0 мың теңге бөлініп игерілсе. 2009 жылы аудандық бюджеттен 1 млн. теңге бөлініп эспонаттар алынды.

11. Жамбыл ауданы бойынша Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары аудан әкімиятының 2009жылғы 24 ақпандағы №61 қаулысымен бекітілген.

Аудандағы барлық мекемелер мен ұйымдарда іс-қағаздары қазақ тілінде жүргізіледі. Аудандағы әрбір этностың тілін салт- дәстүрін, ділін насихаттау мақсатында жоспарлы түрде іс- шаралар өткізіліп тұрады.

Жамбыл ауданы әкімиятының 2008 жылы 29 қазанда №666 қаулысымен қайта құрылған Ономастика комиссиясы әкімшілік-аумақтық бірліктерге ат қою және олардың атын өзгерту, атауларының транскрипциясын нақтылау жөніндегі жұмысты ретке келтіру мақсатында тұрақты жұмыс атқаруда.

12. Халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан жаңа жұмыс орындарын құру жөнінде мониторинг жүргізіліп отырады. Еңбекке қабілетті жастағы оралмандарды ақылы қоғамдық жұмысқа тарту жұмыстары ұдайы жүргізіледі. Сонымен қатар нысаналы топтағы және мүгедектерді жұмыспен қамту жұмыстары да бақылауда.

13. Жамбыл ауданында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2008-2011 жылдарға арналған бағдарламасымен Жамбыл облысында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2008 – 2011 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 2009 жылы Айша бибі ауылындағы спорттық комплексті коммуналдық меншікке сатып алынып, жұмыс ітеуде. Биылғы жылы олимпиадалық спорт түрлерінен 8 облыстық, 28 аудандық жарыстар, сонымен қатар, 43 спорттық, көпшілік іс-шаралары өткізілді. Сондай-ақ елді мекендерде жаңадан 3 кіші футбол, 2 волейбол алаңдары пайдалануға берілді.

14. Жамбыл ауданында қант қызылшасы шаруашылығы мен қант өндіруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған бағдарламасымен облыс мәслихатының 2008 жылғы 1 сәуірдегі №5-6 шешімімен бекітілген. 2009 жылы егілген 220 га. қант қызылшасынан 3114 тонна өнім алынды. 2010 жылы 1200 га қант қызылшасының, көктем мезгілінде құрғақшылық салдарынан 600 гектары есептен шығарылып, қалған 600 гектары жиналып, жалпы түсім 7368 тоннаны құрап отыр.

15. 2008-2010 жылдарға арналған «Жасыл ел» бағдарламасымен Жамбыл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 27 мамырдағы №211 қаулысымен 2009 жылы Пионер ауылына жоспар бойынша барлық көлемі 22,2 жерге жоспарланған 30000 терек көшеттері отырғызылса, 2010 жылы Ақбастау ауылдық округ аумағына 22 га жерге 25 000 терек көшеттері отырғызылып, бапталуда.

16. Жамбыл ауданында 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй бағдарламасымен Жамбыл облысының 2007 жылғы 19 қарашдағы 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы бағдарламасының №253 қаулысы жобасы негізінде Жамбыл ауданының 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру жөнінде аудандық іс-шаралар жоспары жасалынған.

17. Жамбыл ауданындағы аудандақ мәндегі автомобиль жолдарын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасымен аудан әкімдігінің 2009 жылғы 25 тамыздағы Жамбыл облысындағы облыстық және аудандық мәндегі автомобиль жолдарын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасы №403 қаулысымен бекітілген. 2009 жылы аудандық бюджеттен 14,7 млн теңге қарастырылса, 2010 жылы 15,5 млн теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жасалса, Айшабибі ауылынан Қаратау бөлімшесіне дейінгі 18 шақырым автомобиль жолын орта жөндеуден өткізуге облыстық бюджеттен 113 млн 708 мың теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

18. Жамбыл ауданында жер қатынастарын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасымен 2009 жылы аудан аумағындағы жер телімдерін конкурс арқылы беруді ұйымдастыруға аудан бюджетінен 152 мың теңге бөлінген. Ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жалпы 14 жер учаскесі немесе 549,25 гектар жер көлемі конкурсқа қойылды, оның ішінде 33,15 гектар суармалы, 67,1 тәлімді егістік, 130,0 шабындық, 319,0 жайылымдық.

19. Жамбыл ауданының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасымен аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 ақпандағы №18/4 шешімен бекітілген.

20. Жамбыл ауданының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізілуде. 2009 жылы комиссияның 3 отырысы өткізіліп, 7 мекеме басшысының есебі тыңдалды.

ҚР Заңдарын, өзге де заңнамалық актілерін түсіндіруге арналған кең көлемді 6 семинар-кеңестер, саяси партия, қоғамдық ұйым өкілдерінің және жастардың қатысуымен 4 дөңгелек үстел өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық жасағаны үшін 11 (2008 - 18, оның ішінде 3 қылмыстық іс) лауазым иелері тәртіптік жауапкершілікке тартылды (8 мемлекеттік қызметші (оның 3 ауыл әкімі), 2 мектеп директоры және мәдениет үйінің басшысы).


3. Өңір дамуының болашақ көрінісі

Жамбыл ауданы Жамбыл облысының құрамында өнеркәсібі мен аграрлық секторы серпінді әрі бәсекелестікке қабілетті, облыс көлемінде ыңғайлы көлік дәлізі бар, ішкі нарықта бәсекелестікке қабілетті, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін, өмір сүруге жақсы жағдай жасалған, тұрғындарының денсаулығы мықты әрі білімді, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы, жергілікті басқару органдарында жоғары білікті әрі тиімділігі мол мамандары бар аумақ болады.

1 БАҒЫТЫ: «Агроәнеркәсіп кешенінде өнімділігі жоғары инновациялық технологиялар ендіру негізінде өңір экономикасын жеделдетіп дамыту»


  • ЖШӨ нақты өсімі 2015 жылы қарай 2011 жылдың деңгейіне қатысты 106,6% құрайды (2010 ж. – 100%);

  • ЖШӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесінің 2015 жылға кем дегенде 7,0% ұлғаяды (2009 ж. – 52,3%);

  • Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 2015 жылы 4464,6 млн. теңге (2009 ж. – 2028,7 млн. теңге);

  • Өңдеу өнеркәсібінің еңбек өнімділігі 2015 жылы кем дегенде 1,4 есеге ұлғаюы, мың теңге/адам;

  • Инновациялық өнім өндіру көлемі 2015 ж. – 1650 млн. теңге;

  • Өңдеу өнеркәсібіндегі инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесі 13,2% дейін (2009 ж. – 4,4%);

  • Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, жүйе құрушы кәсіпорындардың тауарлар сатып алуларындағы қазақстандық үлестің 64% дейін өсуі (2009 ж.-58%);

  • 2015 жылы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, жүйе құрушы кәсіпорындардың жұмыстар мен қызметтерді сатып алуларындағы қазақстандық үлестің 10,8% дейін өсуі (2009 ж.-85,0%);

  • Менеджмент жүйесін (ИСО және ХАССП) ендірген және сертификаттаған кәсіпорындар санының 8 бірлікке дейін өсуі (2009 ж.- 3 бірлік);

  • Құрылыс материалдары отандық өндірісі үлесінің артуы 2015 жылға 8,63% (2009ж. – 1,24);

  • Мұнай өнімдері өндірісі көлемдері 2015 жылы 1851 млн. теңге;

  • ЖШӨ құрылымындағы мұнай өнімдерін шығару үлесі 2015 жылы 13% (2009 ж. – 0,2%);

  • Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің НКИ 2015 жылы 2014 жылдың деңгейіне 106,5% немесе 9566,2 млн. теңгені құрайды (2009 жылы – 106,7% немесе 7512,8 млн. теңге);

  • 2015 жылы етті қайта өңдеу үлесі 37%, сүт - 42%, жеміс пен көкөніс – 3,3% артады (2009ж.: ет – 25,5%, сүт – 16,0%, жеміс пен көкөніс – 0,01%);

  • Жер үсті көздерінен су алу 0,8 млн. м³ қысқарылады;

  • Каналдардың пайдалы іс-әрекет коэффициенті 30,7 құрайды;

  • Жер ресурстарын басқару тиімділігі артады;

  • Белсенді жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпорындар саны 1000 тұрғынға шаққанда 2015 жылға 39 бірлікке көбейеді;

  • Сауданың алдыңғы жылға НКИ 2015 жылы 104% (2009 жылы -44,6% ).


2 БАҒЫТЫ: «Әлеуметтік саланы және адами әлеуетті дамыту, халықтың өмір сүру сапасының деңгейін арттыру, сапалы әлеуметтік қызметтердің барлық түрлерімен қамтамасыз ету».


  • Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту – 2013 жылы – 52,3% және 2015 жылға қарай – 58,5%;

  • Табиғи-математикалық пәндер бойынша білім беру бағдарламаларын табысты меңгерген оқушылар үлесі 2013 жылы - 41%, 2015 жылға қарай - 50%;

  • Инклюзивтік білім беру үшін жағдайлар жасаған білім ұйымдарының олардың жалпы санындағы үлесі 2013 жылы – 40,5%, 2015 жылға қарай – 33,3%;

  • ТжКБ оқу орындары түлектерінің оқуды аяқтағаннан соң бірінші жылы жұмысқа орналасқандарының және жұмыспен қамтылғандарының үлесі 2013 жылы-60%, 2015 жылға қарай-62%;

  • Жұмыс берушілердің бірлестігіне біліктілігін тәуілсіз бағалаудан бірден өткізген ТжКБ оқу орындары түлектерінің үлесі 2013 жылы - 55%, 2015 жылы - 60%;

  • 2015 жылға жұмыссыздық деңгейі - 4,1% құрайды;

  • Жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналастыруға ықпал етуге өтініш білдірген тұлғалар санынан жұмысқа орналасқандар үлесі 2015 жылға қарай 78% құрайды;

  • Жамбыл ауданы бойынша жұмыспен қамтылғандар құрамындағы біліктілігі жоғары жұмысшы күшінің үлесі 2015 жылға қарай деңгейі 38,5% жетеді;

  • «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының іс-шараларымен қамту, 2011 жылы 11 адам;

  • Ең төменгі күнкөріс деңгейінен табысы аз тұрғындардың жалпы халықтың санындағы үлесі 2009 жылы 2,5% құраған, 2010 жылы 2,3% құрайды, аудан бойынша 2015ж-9% төмендейді;

  • Аудан бойынша атаулы әлеуметтік көмек алатындардың құрамындағы еңбекке қабілетті халықтың үлес салмағы 2009 жылы 4,3% құраған, 2010 жылы 4,1% құрайды, ал 2015 жылға қарай 30% төмендейді;

  • Арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған тұлғалар әлеуметтік қызмет көрсетілетін тұлғалардың жалпы санындағы үлесі 2009 жылы 100% құраған, 2015 жылы – 100%;

  • Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтар саны - 2013 жылы – 18,0%, 2015 жылға қарай – 21% (2009 жылы – 12%);

  • Аудандық спорт мекемелеріндегі 6 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер саны 2013 жылы – 10,4%, 2015 жылға қарай – 12,1% (2009 жылы-5,6%);

  • Аудан халқының мәдениет саласы қызметтерінің сапасына қанағаттану деңгейі (2009ж. – 45%) 2013 жылы - 70%, 2015 жылға қарай - 90%;


3 БАҒЫТ: «Экономиканы үдемелі индустрияландыруға және сапалы тұрғын үй коммуналдық және көліктік қызметтерді қамтамасыз етуге ықпал ететін инфрақұрылым кешенін модернизациялау».


  • Орташа алғанда жергілікті мәндегі автомобиль жолдарының 50% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда;

  • Орташа алғанда облысық мәндегі автомобиль жолдарының 60% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда;

  • Орташа алғанда республикалық мәндегі автомобиль жолдарының 100% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда;

  • Қаржыландырудың барлық көздері есебінен тұрғын үй енгізу 2015 жылға қарай (2011-2015 жж. ішінде) 114,9 мың шаршы м. жетеді;

  • Азаматтық қолданыстағы нысандарды сейсмотұрақтылыққа зерттеу;

  • Ауылдық жерлердегі орталықтандырылған сумен қамтуға қолжетімділік 2015 жылға қарай – 75,5% құрайды (2009 ж. – 13,3%);

  • 50% кем емес әлеуметтік-елеулі мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыруды қамтамасыз ету;


4 БАҒЫТ: «Ауылдық аумақтарды жеделдетіп дамыту және экологияны жақсарту есебінен облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымдарының әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерін теңестіру».


  • 2015 жылға қарай халықтың компьютерлік сауаттылығын 40% көтеру;

  • Даму әлеуеті жоғары ауылдық елді мекендердің саны артатын болады;

  • Стационарлық көздерден ауаға зиянды заттардың жалпы шығарылуы нормативтерінің белгіленген көлемі 2015 жылы 62 тоннаны құрайды;

  • Ластағыш заттардың жалпы шығарылуының белгіленген көлемі 2015 жылы 46 тоннаны құрайды;

  • Ауданның ормандануы артады;

  • Мемлекеттік орман қоры аумағындағы тұяқты жануарлардың жалпы санының өсімі 2015 жылы -100 га-ға 0,3 бірлікті құрайды;


5 БАҒЫТ: «Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту».


  • Қоғамдық санада мемлекеттің даму Стратегиясын және мемлкеттің саясатын қолдау деңгейі 2009 жылы 82% құраған; 2015 жылға қарай 86,5% құрайды;

  • Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым – қатынасын оңды бағалаған халық үлесі 2009 жылы – 85% құраған, 2015 жылға қарай 87% құрайды;

  • Тұтынушылардың өңірлік ақпараттық өнімге қажеттілік деңгейі 2009 ж. - 41,8%, 2015 жылға қарай 45,0% құрайды;

  • Мемлекеттік тапсырысты орындайтын БАҚ арқылы халықтың ел дамуының негізгі басымдықтары және жүргізіліп отырған мемлекеттік саясат туралы ақпараттандырылу деңгейі 2009 ж. – 85,5%, 2015 жылға қарай 91% құрайды;

  • Жастар ұйымдарының қызметіне қатысатын жастар үлесі 2009 жылғы 16%-дан 2015 жылы 28%-ға дейін ұлғаяды;

  • Жастар саясатын іске асыруға қатысатын жастар ұйымдарының үлесі 2015 жылы 37%-ға дейін ұлғаяды;

  • Жастар отансүйгіштігінің деңгейі (социологиялық сауалнаманың мәліметтері бойынша) 2009 жылғы 75,0%-дан 2015 жылы 80%-ға дейін ұлғаяды;

  • 14 жастан 29 жасқа дейінгі халық арасындағы жастарға қатысты мемлекеттік саясатқа қанағаттану деңгейі 2009 жылғы 7,3 баллдан 2015 жылы 8,5 баллға дейін ұлғаяды;

  • Жастар арасындағы нашақорлық деңгейі 2009 жылғы 7%-дан 2015 жылы 2%-ға дейін төмендейді;

  • Жастардың жастар саясаты саласындағы бағдарламалық құжаттар және мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы ақпараттану деңгейі 2009 жылғы 75%-дан 2015 жылы 82%-ға дейін ұлғаяды;

  • Мемлекеттік тілді меңгерген аудан халқының үлесі (2009ж.-85,5%) 2013 жылы - 94,0% , 2015жылға қарай 96 % құрайды;

  • Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген халық үлесі (2009ж.4,5%, 213 жылы – 7,0%, 2015 жылы - 8%);

  • Атқарушы және өкілетті билік органдарындағы әйелдер үлесі 2013 жылы – 45,7%, 2015 жылы -46,5% құрайды, 2009 жылы 44,0% құраған;

  • 2011-2015 жылдары әйелдердің орташа жалақысының ерлердің жалақысынан кем дегенде 75% қатынасын қамтамасыз етіледі;

  • Азаматтардың ішкі істер органдарына сенімінің болжамдық деңгейі 2015 жылы 55% деңгейден кем емес (2009 ж. – 50%);

  • Жалпы қылмыстардың болжамдық деңгейі (10 мың тұрғынға шаққанда) 2015 жылы 35-тен жоғары емес (2009 ж. – 38,7);

  • Халқы 5 мың және одан көп адамды құрайтын елді мекендердің төтенше жағдай кезінде шұғыл әрекет ету күштерімен қамтылуы;

  • Мұрағат ақпаратын пайдаланушылар сұрақтарына оңды жауаптар беру үлесі 2015 жылы 78% құрайды (2009 жылы– 68%).


4. Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және іске асыру мерзімдері көрсетілген тиісті шаралары
4.1. БАҒЫТЫ: «Агроәнеркәсіп кешенінде, химия, жеңіл өнеркәсіпте өнімділігі жоғары инновациялық технологиялар ендіру негізінде өңір экономикасының жеделдетілген дамуы»
4.1.1. Мақсаты. Экономиканың сапалы және тұрақты өсімін қамтамасыз ету

Индикаторлар, көрсеткіштер атауы

Өлшем бірлігі

1 кезең

2 кезең

2011

2012

2013

2014

2015

ЖШӨ көлемі

млн теңге

10557,4

11608,9

12349,8

13155,0

14030,8

ЖШӨ алдағы жылға %

%

111,6

109,9

106,3

106,5

106,6

4.1.1.1. Міндет. ЖШӨ жыл сайынғы нақты өсімін қамтамасыз ету

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өсімі алдыңғы жылға %

%

104,2

104,0

106,1

106,3

106,5

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2010 жылғы бағамен

млн тенге

7658,0

7964,3

8450,1

8982,4

9566,2

Өнеркәсіп өнімінің НКИ алдағы жылға %

%

137,8

125,7

107,0

107,0

107,0

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2010 жылғы бағамен

млн тенге

2899,4

3644,6

3899,7

4172,6

4464,6

Сауданың жыл сайынғы нақты өсімі, НКИ алдыңғы жылғы %

%

105,0

104,0

104,0

104,0

104,0


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет