Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан -2050 стратегиясы



жүктеу 2.62 Mb.
бет4/15
Дата25.04.2016
өлшемі2.62 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
: ntb -> doc
doc -> Қалыптасқан қазақстан- 2050 стратегиясы нұрлан темірбеков, Д. Серікбаев атындағы ШҚмту ректоры, профессор. Айқын да жарқын бағдарлама
doc -> Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан -2050 стратегиясы
doc -> «ҚАЗақстан-2050» стратегиясы
doc -> Ғылыми техникалық кітапхана анықтама библиографиялық және Әдістемелік бөлім білім және ғылым
doc -> Исаак ньютон
doc -> -
doc -> Мазмұны: «НҰр отан» партиясы Доктринасының жобасы талқылануда
doc -> Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан- 2050 стратегиясы
doc -> «ҚАЗақстан-2050» стратегиясы стратегия «Казахстан-2050»
doc -> Қызылорда, 2013 ж. Дүниежүзілік көрме 2017

Маңғыстау «Болашақ» институты неліктен

жабылуы тиіс?
Біз, Маңғыстау «Болашақ» институтының студенттері сіздерге мына бір жағдайды баяндап, көмек сұрауды жөн көрдік.

Біздің оқу орнымыз наурыз айында сот шешімімен жабылатын болды. Естуімізше, сапалы білім беретін жоғары оқу мекемесінде талапқа сай болу үшін онда оқитын студенттердің саны 960-тан кем болмауы тиіс. Ал біз оқып жүрген білім ордасында 817 студент бар. Яғни, оқитын студенттердің саны жетпейді екен. Әрине, біздің жағдайымызды түсініп, ҚР Білім және ғылым министрлігі биылғы жылғы оқуымызды аяқтап шығуға мүмкіндік беріп отыр. Енді жазғы демалыс айларында басқа оқу орындарына ауысуға тиіспіз. Алайда біз қайда барамыз, бізді құшағын жайып кім қарсы алады, төлейтін оқуымыздың ақысы қалай болмақ, ендігі тағдырымыз не болады деген сұрақтар әрқайсымыздың көкейімізде әлде де сейілмей тұр. Олай дейтініміз, институт студенттерінің арасында түсініспестік туғызып отырған мынадай мәселені де айтпасқа болмай отыр.

Біздің қаламызда біз оқып жүрген оқу ордасынан өзге тағы екі жоғарғы оқу орны бар. Атап айтқанда, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология-

лар және инжиниринг университеті (КМТжИУ) және соңғы 1-2 жыл ішінде ашылған Маңғыстау гуманитарлы-техникалық университеті. Естіп, білуімізше аты аталған екі мекеме жабылмайтын болыпты. Әрине, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетіне айтар ешқандай уәжіміз жоқ. Себебі ол мемлекеттің тікелей қарауындағы оқу ор­дасы және бұрыннан қалыпқа түскен, техникалық базасы мықты, талай белгілі азаматтар-дың түлеп ұшқан салихалы білім ұясы.

Оқытушылардың айтуларына қарағанда, мұның бәрі еліміздегі жоғарғы оқу орындарының сапалысын қалдырып, талапқа сай еместерін қысқартып, білім саласын жақсартудың қажеттілігінен туындап отырған көрінеді. Осы мәселені іске асыру мақсатында еліміздегі жекеменшік жоғары оқу орындары қайта-қайта тексерістен өтіп жатқанын естіп те, көріп те жүрміз. Біз бұған қарсы емеспіз. Саны бар да сапасы жоқ оқу орындарында біздің де оқығымыз келмейді.

Алайда, біз оқып жүрген Маңғыстау «Болашақ» институты 15 жылдай тарихы бар, толықтай қалыпқа түскен оқу ордасы деп есептейміз. Олай дейтініміз, бұ­рынғысын айтпағанда (бұрынғы барлық жабдықтармен жарақталған өзінің оқу ғимараттарын айтпағанда), 2011 жылы жаңа-

шағын ауданда «Студенттер қалашығы» бой көтерді. Атап айтқанда, заман талабына сай толық жабдықталған оқу ғимараты (3 қабатты жатақхана, зертханалар, дәрісханалар, кітапхана, асхана, спорт зал т.б.с.с) пайдалануға берілді. Қысқасы, студенттердің сапалы оқуына қажетті бар-лық жағдай жасалған. Сондай-ақ мұнда дәріс беретін біліктілігі жоғары оқытушылар, ғылыми дәрежелері жоғары профессор, доцент, докторлар жетерлік.

Енді бұл оқу орнында не себептен оқуға болмайтынын біз де, ата-аналарымыз да түсінбей аң-таң болып отырмыз. Біз үшін студенттердің саны емес, оқудың сапасы маңызды. Елбасымыз «Қазақстан – 2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында жастарға арнап:

«Сендер – болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер... Сендер тәуелсіз қазақ елінің перзенттерісіңдер. Тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде тәрбие алдыңдар. Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің – елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш» деен болатын. Ал ондай білімді біз тек қана деңгейі жоғары, жақсы жасақталған оқу орнында ғана ала алатынымызды жақсы түсінеміз. Біздің ойымызша, Маңғыстау «Болашақ» институты студенттерге қажетті дәрежеде білім бере алатын оқу орны.

Бізге тағы бір түсініксіз жері, жоғары оқу орындарын азайтамыз деп елге жа-рия етіп жатқанда, Маңғыстау «Болашақ» институтын жауып, оның орнына Маңғыстау гуманитарлы-техникалық университетінің ашылуы таңғалдырып отыр. Сол оқу ордасынан бізге ауысып келген замандастырымыздың айтуын­ша, онда оқитын студенттердің саны біздікінен де аз және техникалық базасы біздікіндей емес көрінеді.

Біздер әу баста өзіміз таңдау жасаған Маңғыстау «Болашақ» институтында оқып, осы оқу орнын бітіргіміз келіп –ақ тұр. Сол себепті, Үкіметтегілер мен жоғарыда отырған білім саласының басшылығы айтылған жанайқайымызды естіп, оң нәтижесін шығарар деген үмітіміз бар.

Осы хатта баяндалған мәселелер институттың оқу топтарында талқыланып, 800-ден астам институт студенттері атынан топ старосталары 25 адам қол қойып жіберіп отырмыз.

//Айқын.- 2013.- 21 мамыр.- 4 б.

Ерман ӘБДИЕВ,



46 студент неге оқуын тастап кетті?
Үкіметтің 2011 жылғы 18 шілдесіндегі «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Қаулысының 47-тармағының талаптары толық орындалмай, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының бірінші бағыты аясында аймақта кәсіби оқуларын тастап кеткен 46 студентке жұмсалған бюджеттік шығынның 2012 жылдың желтоқсан айында өндірілуге жататыны 3452,7 мың теңгені құраған.

Сондай-ақ ағымдағы жылдың наурызында оның 1480 мың теңгесі өндіріліп, қалған 1972,4 мың теңгесі өндірілмей отыр екен. Ал бағдарламаның әкімшісі – облыстық білім басқармасының берген анықтамасына сүйенсек, оқуға жұмсалған шығындарды білімгерлер-ден өндіріп алу жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді. Атап айтқанда, Қаратау қаласы гуманитарлық-техникалық колледжіне «Автомобиль жолдары мен аэродром салу және пайдалану» мамандығы бойынша оқуға жолданған Аида Маргузиеваға жұмсалған бюд­жеттік қаражат 112,2 мың теңге және М.Дулати атындағы ТарМУ-дың көпсалалы колледжіне оқуға жіберілген Т.Эшмуратқа жұмсалған 342,7 мың теңгені өндіріп алу үшін құжаттар дайындалып, сотқа жолданыпты. Алайда бүгінгі күнге әлі шешім шықпай отыр екен. Қалған студенттер бойынша 1519,8 мың теңгеге жазбаша түрде ескерту хаттары ата-аналарына жібе­ріліпті. Яғни бұл студенттер бойынша нысаналы трансферттердің жұмсалғаны­на қарамастан, бағдарламаның түпкі нәтижеге қол жеткізілмегендігін көр­сетеді.

//Айқын.-2013.- 21 май.-3б.

Елдос СЕНБАЙ



Ғылым саласында кімдер жүр?
Ғылым саласындағы былықтар ашылуда. Осыған қатысты ақпар Парламентке хабарланды. Оған жүгінсек, жүргізілмеген ғылыми зерттеулерге ақы төленген, шетелдік әлдебір мекемелерге заңсыз қаржы аударылған. Белгілі болған дерек бойынша материалдар шешім қабылдауы үшін Бас прокуратураға тапсырылған. Бұл мәліметтің шет-жағасын кеше сенаторларға Есеп комитетінің мүшесі Константин Плотников айтып берді.

Бұл күні Жоғарғы палатада арнайы жұмыс тобы Білім және ғылым минис­трлігінің 2012 жылғы бюджетті қалай шығындағандығын жеке қарады. Бұл ретте Есеп комитетінің өкілі «ғылыми зерттеулер жүргізуде» және «олардың нәтижелерін коммерцияландыруда» бірқатар заң бұзушылық орын алғанын мәлім етті. «Ғылыми зерттеулер нәтижелерін ендіру саласында күні бүгінге дейін көзге көрі-нер нәтиже-эффектіні біз көрмедік, – деп ашығын айтты Константин Плотников. – Ол ол ма, жекелеген деректер бойынша мате­риалдарды құқық қорғау органдарына тапсырдық. Бұл шетелдік агенттіктер­мен ақпарат ұсыну бойынша келісімшарттар бекітуге, ғылыми зерттеулер жүргізуге негізсіз ақы төлеуге қатысты. Бұлар бойынша барлық материалдар қазір Бас прокуратурада жатыр».

Жұмыс тобының отырысында айтылғанындай, Есеп комитетінің тексерістері барысында Білім және ғылым министрлігінде шамамен 20 миллиард теңгенің заң бұзушылықтары анықталған.

Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов жақында өздерінің басты бір жетістіктері ретінде «ғылымға жастардың көптеп тартыла» бастағандығын жариялаған еді. Кеше Сенат депутаттары мұның басқа бір құпиясы, астары барлығын айтып қалды. Олардың дерегінше, бүгінде екі жылдық магис­тратурада оқитындар 40-45 мың теңге, докторантурадағылар 90 мың стипендия алатын көрінеді.Осы қаржысына қызығып, кейбір жастар «ғылымға» қызығушылық таныта бастаған! Мұны сенаторлардың бірі тіпті өз туыстары мысалында айтып берді:

– Мен әр уақытта айтып жүрмін, – деді ол министрлік басшылығына, – ғылым­ға шын ден қойғандарды, әсіресе, техникалық мамандықтардағыларды жобалармен жүктеңіздер! Тек «пи-эйч-ди ғылым докторы» деген секілді біл­дей атақ қана алып шықпасын, олардан елге пайда келетін болсын. Олар қандай да бір жоба әзірлесін. Тіпті ол жобасы теріс нәтиже көрсетсе де, соның өзі нәтиже деген сияқты. Мен нақты білемін, менің кейбір туыстарым магистратураны, бірі докторантураны бітіруде, бірақ ғылыми білімі – нөл. Олар ғылымды тастап кетуге бел буған: «Керек емес» деп жатыр. Мен де айттым: «Құрысын! Түк пайдасы жоқ. Одно название! Одан да нақты жұмыс істесін!»

Осыны айта келе, сенатор «кеңес тұсында болған ғылым-кандидаттар қазіргі ғылыми бейіндегі магистрден немесе ескі жүйедегі доктор бүгінгі «доктор PhD»-дан мықты-ау» деген тұжырым түйді. «Ал мыналарда ештеңе жоқ! Түкке оқытпайды. Ертең министрліктерің «Біз бәленбай «PhDдокторын әзірледік!» деп тағы есеп береді» деді депутат.

Білім және ғылым министрлігі басшылығының өкілі жауапты жақсылап ой­ластырып, жазбаша түрде беретіндігін жеткізді.

Жұмыс тобы отырысында отандық кәсіби-техникалық білім беру саласының аянышты кейпі суреттелді. Ал шын мәнінде, бұл сала Елбасы тапсырғанындай, ел экономикасын білікті жұмысшылар-мен қанықтырар қуатты жүйеге айналуы керек еді. «Материалдық-техникалық базасы оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруды толыққанды қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді! – деп,тексеріс нәтижелері бойынша жасаған өз байламдарымен бөлісті Есеп комитетінің өкілі К.Плотников. Оқу құрал-жабдықтарымен жабдықталуы республика бойынша орташа алғанда тек 30 пайызды ғана құрайды. 20 колледж шәкірттерді апаттық ғимараттарда оқытуда. 35 колледжде мемлекеттік тапсырыс бойынша оқып жатқандар да жатақханамен қамтамасыз етілмеген. Орта және жоғары білім берумен салыстырғанда, кәсіби-техникалық білім беруді қаржыландыру «қалдықтық қағидат» бойынша жүзеге асырылады».

Сенатор Ертарғын Астаев білім беру жүйесіндегі мына бір парадоксті жағдайға назар аудартты: «Сіздердің есептеріңізден көретініміз, 2011 жылы республика бойынша 81 мектепте оқушылар үш ауысыммен оқуға мәжбүр болған. 2012 жылы республикалық бюджет есебінен мектептер салыныпты да, үш ауысымды 68 мектеп қалыпты. Бірақ демографиялық жағдайға және көші-қон үдерістеріне байланысты Алматы, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарында және Астана қаласында үш ауысымды мектептер саны 24-ге өсіпті. Яғни 81 болғандығына күрсініп жүрсек, 92-ге жетіп отыр. Сендерде «100 мектеп» бағдарламасы бар емес пе? Перспективті жоспарлау қайда?» Сенатор тіпті БҒМ-нің өзі зерттеп, біле алмаса,ең құрығанда, көші- қон және демографиямен айналысатын арнайы құрылымдарға осы мәселе бойынша неге жүгінбейтіндігіне қайран қалды.

–Үш ауысымды және апаттық мектептер бойынша әдістеме әзірленді,–деді Министрліктің Жауапты хатшысы Ә.Ғалымова. – Мектептер үш критерий бойынша, яғни үш ауысымдылық, апаттық және тапшылыққа орай салынады. Қазіргі кезде 23 мектеп апаттық күйде. 19 мектеп орын тапшылығын тартып отыр.

БҒМ биік лауазымды өкілі бүгінгі таңда «100 мектеп» бағдарламасының аяқталғандығын хабарлады. Оның орнына Президенттің тапсырмасы бойынша 400-ден астам мектеп салу бойынша жоба іске қосылмақ. «Оның ішінде 215 мектеп жергілікті бюджеттер есебінен, ал 230 мектеп республикалық бюджет қаржысына тұрғызыла-ды. Бұл мектептердің құрылысын жоспарлау кезінде әлгі үш өлшем ескеріледі» деді Әлия Ғалымова.

Айтқандай, кеше БҒМ білім беру мекемелерін салу кезінде енді «екпін 4 өңірге түсірілетіндігін» жария етті. Бұлардың қатарына Алматы, Астана қалалары, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстары кіріп отыр. Бұларға демографиясының өсіміне қарай Қызылорда, Жамбыл облыстары қосылуы ықтимал.

//Айқын.-2013.-18 мамыр.-1 б.
Жомарт МОЛДАХМЕТҰЛЫ

Студент жастар логистиканы дамытпақ

Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «Қазақстандағы логистика» деген тақырыппен магистранттар мен студенттердің жоғары оқу орындарыаралық 1-ғылыми-тәжірибелік конференциясы өз жұмысын бастады.

Елбасы Маңғыстау облысында Қазақстан мен Түркіменстан арасында темір жол қатынасының салтанатты ашылуында сөйлеген сөзінде алдағы уақытта Қазақстанда маңызы айрықша логистикалық орталық ашылатынын атап көрсетті. Елімізде қолға алына бастаған логистиканы дамытуға жоғары оқу орындарының студенттері мен магистрлары да жан-жақты ізденіп, өз үлес­терін қосуға ұмтылуда. Осы жағынан алғанда, Қазақ ұлттық аграрлық универ­ситетінің инженерлік факультетінің ұжымы ұйымдастырып отырған 1-ғылыми тәжірибелік конференцияның студент жастарға берер пайдасы өте көп. Мұны біз конференция жұмысына қатысу барысында айқын аңғардық.

– Жалпы, логистика тауар тасымалдау-ды тиімді ұйымдастыру дегенді білдіреді. Қазақстанның ерекшелігі, жеріміз кең. Десек те, ауыл шарушылығы өнімдерін тасымалдауға жұмсалатын шығын 70 пайызды құ­райды. Логистиканы терең меңгерген адам әлгі шығынды анағұрлым азай­тудың тиімді жолдарын іздеп таба алады. Сондықтан логистиканың басты ерекшелігі, жұмсалатын шығынды мүмкіндігінше азайтып, тауарды белгіленген жерге уақытылы жеткізу болып табылады. Шындығы сол, ХХІ-ғасырда Қазақстанның дамуы қалай болатыны логистикаға байланысты болмақ. Еліміздің болашағы жастардың қолында. Осы жағынан алғанда, алғаш рет біздің университеттің бастамасымен ұйымдастырылып отырған логистикаға арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияның студент жастарға берері көп. Біріншіден, олар осы конференцияда логистикаға байланысты өздері дайындаған ғылыми жобаларды ұсынып қана қоймай, жоба туралы танымал ғалым-ұстаздардың пікірін біліп, жобаны алдағы уақытта қай бағытта дамыту қажеттігі туралы жан-жақты бағыт-бағдар алады. Екіншіден, бұл бас­қосуда өзге де жоғары оқу орындарынан келген құрбыларымен танысып, біліседі. Мұндай таныстық болашақта олардың логистика бойынша белгілі бір жобаны бірлесіп әзірлеп қана қоймай, оны іске қосуына жол ашады. Ал бұл – қазақстандық жастардың еліміздің логистика саласында-ғы проблемаларды шешумен қатар, еліміздің экономикалық-әлеуметтік дамуына зор үлес қосуына мүмкіндік береді деп ойлаймын, – дейді Ауыл шаруашылығы ғылым­дары академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор Полатбек Жүнісбеков.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияның алғашқы күні Қазақ-неміс университетінің, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің, Қазақ ұлттық техникалық университетінің және басқа да бірқатар жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары елімізде логистиканы дамытудың сан алуан жолдары қарастырылған жобаларын оқытушы-ғалымдармен қатар өздерінің құрбы-құрдастарына кеңінен таныстыруға мүмкіндік алды. Біз студенттердің өздерімен әңгімелесіп, ой-пікірлерін де білдік.

Ақтоты СӘРСЕНОВА, әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің студенті:

– Мені логистика қатты қызықтырады. Алға қойған мақсатым – логистика және менеджмент саласы бойынша білікті маман болып шығып, тәуелсіз елімнің дамуына үлесімді қосу. Алғашқы қадамымды осы конференцияда бастадым. Жетекші ұстазыммен бірлесе отырып өзім дайындаған ло­гистикаға қатысты жобамды бүгін ғалымдардың назарына ұсынып, пікірін тың­дадым. Мұндай басқосу маған үлкен міндет жүктеп ғана қоймай, болашақта логистиканың қай саласына барынша назар аударуы қажет екендігін айқындауға мүмкіндік береді.

Кристина ОГУРЦОВА, Казақ ұлттық аграрлық университетінің 2-курс студенті:

– Мен бүгін «Гүлдерді тасымалдаудың логистикасы» деген тақырыптағы бизнес-жобамды алып келдім. Жобаны сапалы дайындап, жан-жақты ізденуіме университет доценті, ұстазым Мұхамед-Шәріп Кенжебай мырза ағалық ақылын айтты. Қазір Қазақстанға гүл Голландиядан жеткізіледі. Бұл әрине, өкінішті. Сондықтан жобада өз елімізде қандай гүлді өсіріп, көп пайда алуға болатындығы және алыстан гүл тасымалдаудың ең ыңғайлы да тиімді әрі арзан жолы қандай екендігін жан-жақты таразылауға тырыстым. Конференциядан үлкен шабыт, ерекше тағылым алдым. Бұл үшін ұстаздарыма зор рақмет!

Конференция барысында Қазақ ұлттық аграрлық университеті Инженерлік фа­культетінің деканы Исабек Жанашев, машина пайдалану және кәсіптік оқыту кафедрасының меңгерушісі Нұқтар Үмбетәлиев, Қазақ-неміс университетінің профессоры Дитрих Тесса тәрізді бірқатар оқытушы-ғалымдар сөз алып, студенттер мен магистранттардың ғылым жолындағы ізденістеріне сәттілік тіледі.

Логистика мәселесіне арналған ғылыми-тәжірибелік конференция бүгін Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Алматы облысындағы Елтай ауылындағы ғы­лыми-зарттеу алаңында одан әрі жалғасады.
//Айқын.-2013.-18 мамыр.- 2 б.

Жанна Салимова

Когда в стратегии заложен успех

Руководители среднего и высшего звена казахстанских вузов скоро получат уникальную возможность наладить взаимодействие с признанными международными экспертами в области устойчивого развития.

Евразийский национальный университет им. Л. Гумилева готовится к проведению крупного международного семинара с участием представителей QS Quacquarelli Symonds – известного консалтингового агентства, осуществляющего рейтинг лучших университетов мира, и лаборатории Cybermetrics, реализующей мировой рейтинг веб-сайтов университетов Webometrics Ranking of World Universities. О целях мероприятия, которое пройдет в стенах ЕНУ 27–28 мая, – интервью с первым проректором, членом-корреспондентом НАН РК, профессором Джамилей НУРМАНБЕТОВОЙ.

– Джамиля Нусупжановна, расскажите, пожалуйста, подробнее о предстоящем форуме с нетривиальным названием «Стратегии для высших учебных заведений: глокальный подход».

– Как известно, в Послании народу Глава государства поставил перед вузами страны задачу вхождения в рейтинг ведущих университетов мира к 2020 году. ЕНУ достиг данного показателя уже в 2012 году, будучи первым казахстанским вузом, занявшим 369-е место по версии QS World University Rankings. Этот результат определяет наши позиции не только в топ-400 из 17 000 мировых университетов, но и в пятерке лучших высших учебных заведений стран СНГ.

О положительной динамике продвижения казахстанских университетов в мировых рейтингах свидетельствует и тот факт, что, кроме ЕНУ им. Л. Гумилева, в авторитетный рейтинг вошли еще семь отечественных вузов, в числе которых Казахский национальный университет им. Аль-Фараби, Казахский национальный технический университет им. К. Сатпаева и другие. Это хороший показатель, так как количество вузов в рейтинге – это индикатор развития системы высшего образования в целом, а позиции университета в рейтинге – это результат стратегических подходов к управлению вузом.

Между тем выработка и внедрение эффективных стратегий зависят от профессионализма и опыта менеджеров среднего и высшего звена вузов. В условиях, когда современный мир диктует руководителям всех уровней задачи нового формата, которые требуют нестандартного мышления при принятии управленческих решений, открытости инновационным идеям, умения быстро реагировать на изменения в глобальном контексте и отслеживать последние тенденции в области высшего образования, знания и опыт решают если не все, то многое, поэтому успех деятельности современного руководителя – в постоянном обучении.

В данном контексте предстоящий международный семинар предоставляет руководителям вузов уникальную возможность обучиться эффективным стратегиям продвижения вузов на глобальном уровне и овладеть методологией международных рейтингов. Его формат традиционный для подобных мероприятий – это лекции, тренинги, изучение кейсов и, конечно, дискуссии. Спектр проблем, которые будут обсуждаться, весьма широкий: мировые рейтинги и особенности продвижения вузов, инновационный менеджмент и обеспечение устойчивого развития высших учебных заведений, интернационализация образования и реализация международных образовательных программ, веб-сайт как важный фактор международного имиджа университета…

Зарубежные спикеры этого международного семинара – авторитетные руководители рейтинговых агентств и крупные специалисты в области высшего образования, которые постоянно работают над поиском и внедрением эффективных стратегий и инструментов по ключевым направлениям стратегического управления. В частности, Нунцио Куакуарелли – основатель и генеральный директор QS Quacquarelli Symonds. Он также соавтор методологии рейтинга QS Top University Rankings – думаю, трудно найти кого-либо, кто сможет лучше него рассказать о международных рейтингах. Профессор Кевин Даунинг – признанный мировой эксперт в области внедрения инноваций и повышения конкурентоспособности вузов, директор центра знаний и анализа Городского университета Гонконга (Hong Kong City University). Он непосредственно руководил процессом внедрения инновационных подходов в управлении и развитии Городского университета Гонконга, результатом которого стал выход с уровня регионального вуза и вхождение в топ-100 лучших университетов мира. Это впечатляющий результат, особенно если учитывать, что достигнут он за пять лет.

Не менее актуальны и вопросы эффективного функционирования интернет-представительств университетов. В эпоху главенствования интернет-технологий веб-сайты становятся полноправным инструментом продвижения, коммуникаций и представления результатов работы организации. Учитывая последние тенденции в этом направлении, мы пригласили в качестве спикера Исидро Агилло – руководителя лаборатории Cybermetrics при Высшем совете научных исследований (CSIC) Испании и Международного рейтинга веб-сайтов университетов Webometrics Ranking of World Universities. Он расскажет о стратегиях эффективного функционирования интернет-представительства университета.

Другой наш важный гость – Зоя Зайцева, региональный директор QS по Восточной Европе и Центральной Азии, авторитетный специалист в области повышения узнаваемости университетов на международной арене, интернацио­нализации, рекрутингу студентов и преподавателей.

– В названии семинара упоминается «глокальный подход». Что подразумевает это понятие?

– Идея, заложенная в применении глокального подхода к решению задач в области высшего образования, исходит из нашего собственного опыта при написании стратегии развития ЕНУ до 2020 года. Как показывает практика, при определении своей стратегии развития университеты опираются на опыт вузов-лидеров. Но слепое копирование лучших стратегий бесполезно, потому что наряду с глобальными тенденциями необходимо учитывать реалии на локальном уровне. Между тем имеются успешные локальные практики, которые могут иметь мировое значение. Такой подход мы условно называем глокальным, который подразумевает взаимозависимость глобального и локального опыта, именно им мы руководствовались при разработке концепции семинара. Задача была не просто представить передовой мировой опыт, но и раскрыть данные стратегии для казахстанских вузов с точки зрения локальных особенностей и глобальных перспектив.

– Наверное, именно поэтому семинар проводится совместно с агентством, имеющим мировой авторитет? Чем обусловлен выбор ЕНУ?

– Несомненно, выбор партнера ЕНУ по проведению семинара не случаен. Как известно, нередко ведущие зарубежные вузы прибегают к услугам международных консультантов с целью улучшения деятельности вуза. Для внедрения новых стратегических решений и наш вуз в отдельных случаях обращается к международным экспертам. В частности, впервые на государственном уровне в нашем университете начал функционировать Центр развития академического письма на английском языке, куда привлечен специалист по подготовке преподавателей к публикации статей в международных рейтинговых журналах. Практика показывает, что обращение вузов к экспертам и консультантам требует значительных финансовых затрат, поэтому семинар – это выгодная альтернатива индивидуальным консультациям. Такой формат способствует так называемому нетворкингу – установлению профессиональных контактов и общению коллег из разных вузов страны.

Впервые о международном консалтинговом агентстве QS Quacquarelli Symonds, основанном Нунцио Куакуарелли еще в 1990 году, мы узнали благодаря осуществляемому ими рейтингу университетов мира QS World Universities Rankings в 2010 году, когда ЕНУ первым среди отечественных университетов принял участие в международном рейтинге. Но рейтинги – это только один аспект деятельности агентства. QS – это мировые образовательные выставки, высококвалифицированный консалтинг, ИТ-решения, международные конференции и качественные исследования по вопросам высшего образования. Сегодня QS Quacquarelli Symonds зарекомендовало себя как ведущий мировой поставщик информации и решений. Поэтому у нас есть уверенность, что семинар, проводимый совместно с QS, несомненно, даст импульс новому подходу к управлению в казахстанских вузах, поможет наладить продуктивные контакты, расширит представление о процессах, происходящих в практике мирового высшего образования.

– На ваш взгляд, как велико значение рейтингов для казахстанских вузов?

– Как я уже отмечала, участие казахстанских вузов в различных рейтингах в последние годы – объективная реальность. Сегодня ЕНУ участвует и в национальных рейтингах, занял первое место в генеральном рейтинге университетов независимого казахстанского агентства по обеспечению качества в образовании по результатам 2012 года.

Наряду с опытом участия приходит и осмысление этого феномена. Ведь совершенно очевидно, что повышение качества казахстанского образования – важнейшая задача, ради решения которой проводятся все реформы последних лет: вхождение в европейское пространство высшего образования, переход к автономии вузов, введение многих процедур внешней и внутренней оценки качества образования... Именно поэтому нам важно детально изучить и эффективно применять «рейтинговую» методологию. Уверена, что именно в этом случае участие вузов в рейтингах начнет влиять на их внутреннюю политику, улучшит всю систему управления.

При этом участие в рейтингах не должно быть самоцелью. Их результаты должны быть востребованы государством, обществом, потребителями образовательных услуг и, наконец, самими организациями образования. К примеру, почти все рейтинги придают огромное значение уровню развития науки в вузе, так, в системе средневзвешенных показателей наука занимает не менее 40 процентов любого рейтинга. Оно и понятно: без развитой науки теряется одно из главных предназначений университета как мыслительного центра общества – организации, где рождаются инновации, способные изменить мир.

Получается, при любом раскладе главной целью участия в рейтингах и повышения конкурентоспособности высших учебных заведений остается их развитие по всем параметрам.

– Вы имеете большой опыт работы в ведущем вузе страны, каким вам видится его развитие в следующем десятилетии?

– Несмотря на свою молодость – 23 мая ЕНУ отмечает свое 17-летие – университет сегодня является одним из флагманов отечественного образования. Наше видение его будущего определено в Стратегии развития ЕНУ до 2020 года как национального исследовательского университета, базирующегося на тесной интеграции научных исследований и профессиональной подготовки, использующего результаты исследований в научно-образовательной практике и транслирующего их в национальную экономику. Коллектив прилагает все усилия для достижения данной цели, но прежде всего это, несомненно, обусловлено исторической миссией, возложенной на университет при его основании в 1996 году Президентом Нурсултаном Назарбаевым. Именно поэтому мы заинтересованы в проведении международных мероприятий с участием лучших зарубежных специалистов и признанных экспертов, которые владеют опытом внедрения эффективных стратегий для развития вузов, что, несомненно, позволит повысить качество образования, а это полностью соответствует задаче, поставленной Главой государства.

//Казахстанская правда.- 2013.- 21 мая.-С.6




1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет