Мазмұны бағдарламаның ТӨЛҚҰжаты



жүктеу 3.02 Mb.
бет4/18
Дата01.04.2016
өлшемі3.02 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
: upload -> files
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Ұлттар жіктеуіші
files -> Деректі фильмнің беташары
files -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама «Сұйық отын және аи-92 жанар жағар майын сатып алу»
files -> Жоба сайлау учаскелерін құру туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»
files -> Сайлау учаскелерін құру туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»

2.1.2. Әлеуметтік сала

2.1.2.1. Білім беру



Мектепке дейінгі білім беру

Алматы қаласы аумағының ұлғаюы және халық санының табиғи өсімі мен көші-қон есебінен артуы мектепке дейінгі білім беруге сұраныстың айтарлықтай артуына алып келді. Соңғы 3 жыл ішінде мектепке дейінгі мекемелердегі балалардың саны 44,2 мыңнан 49 мыңға дейін артқан, орташа жылдық өсім 5% құрайды. Балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту соңғы 3 жыл ішінде біршама артқан (53,1%-дан 60% дейін) (№ 2.1.2.1.1 кесте). Аталған серпінге жыл сайын мектепке дейінгі мекемелер санын 14% және 2012 жылы 265-тен 2014 жылы 343 дейін арттыру есебінен қол жеткізілген болатын. Қол жеткізілген қамту деңгейі Варшава мен Будапешт секілді кейбір Шығыс Еуропа қалаларының деңгейіне сәйкес келеді. Сонымен қатар, көрсеткіш Батыс Еуропа елдерінің астаналарынан, мысалы, Берлин мен Стокгольмнен біршама артта қалып отыр, мұнда қамту 94% және сәйкесінше 81% құрайды.


2.1.2.1.1 сурет. Мектепке дейінгі білім берумен қамту көрсеткіштері

Дерек көзі: Алматы қаласы Статистика департаменті, Білім басқармасы, қалалар бойынша статистикалық мәліметтер
Қалада 2014 жылдың қорытындысы бойынша 52 мың орынға1 балабақшалар жетіспейді.

Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде орындар жетіспеушілігі мәселесі жаңа балабақшалар салу, қолданыстағы балабақшалардың аумағын кеңейту, мектептердің аумағында балабақшалар салу, коммуналдық меншіктегі немесе мақсаты бойынша пайдаланылмайтын бұрынғы балабақшалар ғимараттарын қайтару есебінен шешімін табады. Бұл жағдайда жетіспеушілікті азайтуды баяулату факторлары:

- бос жер учаскелерінің жетіспеушілігі;

- жерді жеке меншік иелерінен сатып алу қажеттілігі болып табылады.

Қазіргі кезде балабақшалар құрылымында мемлекеттік мекемелер басым болып отыр – мұнда балалардың 80% оқиды. Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мектепке дейінгі білім берудегі мемлекеттік – жеке меншік серіктестік жүйесі қалыптасып, балалардың жеке меншік мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің желісі кеңеюде.

Сонымен қатар мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырудың ағымдағы тетігі бағдарламаның әлеуетті қатысушыларының шектеулі болуына байланысты әсері осал болып отыр, бұл мектепке дейінгі мекемелер жетіспеушілігінің баяу қысқаруына алып келеді. Жеке меншік балабақшалардың мемлекеттік тапсырысты орналастыруға ниетсіздігі әкімшілік кедергілердің болуымен түсіндіріледі. Олардың қатарында:

- кәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қойылатын талаптар - ЖШС; ЖК қатысуға құқығы жоқ;

- балаларды жан басына қаржыландыру.


Орта білім

2014-2015 оқу жылының басында қалада 244 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс жасаған, мұнда 202,1 мың бала білім алған. Мектеп оқушыларының саны 2012 жылмен салыстырғанда 28 мың адамға артқан. Өткен оқу жылымен салыстырғанда оқушылардың саны 20 мың адамға өскен. Санының күрт өсуінің негізгі себептері халықтың табиғи көшіп-қонуы және қала аумағына 15 мектептің қосылуы болып табылады.

Наурызбай, Алатау, Медеу және Әуезов аудандарындағы жалпы білім беретін ұйымдарда орындардың жетіспеушілігі бар (мектептерде бала санының артық болуы). Қала бойынша жалпы жетіспеушілік 24,7 мың адамды құрайды.

Орындар жетіспеушілігін азайту үшін жаңа мектептер мен қосалқы ғимараттар салынуда. Төрт жыл ішінде 10 мектеп салынған. Мектептерді күрделі жөндеу, мектептердің жанына қосалқы ғимараттар салу бойынша жұмыстар үздіксіз жүргізілуде. Мысалы, 2014 жылы 1 мектеп, сондай-ақ мектепке алты қосалқы ғимарат салынды және пайдалануға берілді. Орта білім беру мекемелері жүктемесінің артуына қарамастан Алматы қаласында бір мұғалімге келетін оқушылар саны (14 адам) дамыған еуропалық елдермен салыстыруға келеді, мұнда бір мұғалімге келетін оқушылар саны 9-дан 15 адамға дейінгі аралықта.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгерген (үздік, үздік/жақсы, жақсы) оқушылардың үлесі 2012 жылы 50,4%-дан 2014 жылы 51,4% дейін артқан.

Алматы қаласының оқушылары жалпы білім беру пәндері бойынша әр түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларына белсене қатысады (мектепішілік, аудандық, қалалық, республикалық, халықаралық). Алматы үш жыл қатарынан ҰБТ және ОЖСБ қорытындылары (2012-2014 жылдар) бойынша республикада бірінші орынды иеленген. Мысалы, ҰБТ бойынша орташа балл 2012 жылы 84,7 балл, 2013 жылы – 87,3 балл, 2014 жылы – 93,4 балл болған.

2014 жылы аз қамтылған отбасылардың оқушылары сапалы және үйлестірілген ыстық тамақпен 100% қамтылған (№ 2.1.2.1.1 кесте).

Мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті білім берумен қамту 2012 жылы 19,5%-дан 2014 жылы 20% дейін жоғарылады.

Қаланың білім беру мекемелерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету мәселесін әкімдік тұрақты бақылауға алған; 2011 жылдан бері жергілікті бюджет қаражаты есебінен 100% оқушыларды тегін оқулықтармен қамту кезең кезеңімен жүзеге асырылуда.

Сонымен бірге негізделген, оның ішінде еңбек өтелімінің қанағаттанарлықсыз болуынан мұғалімдердің уәждемесімен байланысты мәселелер бар:



  • мемлекеттік мектептердегі ұстаздардың еңбек ақысы өмір сүру деңгейіне индекстелмейді;

  • мемлекеттік мектептерде ақылы қызметтер көрсетуді енгізілмеген, бұл мұғалімдердің еңбек ақысын арттыру әлеуетінің іске асырылмауына алып келеді.



Техникалық және кәсіптік білім беру

Қалада 83 колледж жұмыс жасайды, мұнда 62 мың адам білім алады, жеке меншік мекемелер жалпы санының 80% жуығын құрайды.

2012 жылдан бастап колледждер түлектерінен өтініштер қабылданып, өнеркәсіптік және басқа да кәсіпорындарда жұмысқа орналастыру кепілдігімен шарттар жасалуда. Осыған қарамастан, түлектерді, әсіресе жеке меншік колледждердің түлектерін жұмысқа орналастыруда әлі де қиындықтар бар. 2014 жылы түлектердің шамамен 10% жұмысқа орналаса алмады. Оның үстіне, жеке меншік колледждерде қағаз жүзінде жұмысқа орналастыру немесе кейіннен босатумен жұмысқа орналастыру жағдайлары орын алады, бұл жұмыспен қамтылмағандар санын жасанды түрде төмендетеді. Бұл жағдайда мемлекеттік колледждер түлектерінің 90% мемлекеттік тапсырыстар бойынша жұмысқа орналастырылады. Жеке меншік колледждер үшін бұл сан 12% ғана құрайды.

2.1.2.1.2 сурет. Техникалық және кәсіптік білім беру көрсеткіштері

Дерек көзі: Алматы қаласы Білім басқармасы; жұмыс тобының талдауы


Тиісті жастағы (14-24 жас) жастарды техникалық және кәсіптік білім берумен қамту үлесі 2012 жылы 21,8%-дан 2014 жылы 22,4 % дейін артты. Сонымен қатар техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқуын аяқтағаннан кейінгі алғашқы жылы жұмысқа орналастырылған түлектерінің үлесі 2012 жылы 57,9%-дан 2014 жылы 59,8 дейін көтерілген.

2014 жылдың қорытындысы бойынша оқу орнын аяқтағаннан кейінгі алғашқы жылы мамандығы бойынша жұмысқа орналастырылған түлектердің жалпы санынан жалпы үлесі бойынша нысаналы индикатор тек 57% орындалған. 2014 жылы 16 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған болса, оның 9 мыңы ғана нақты жұмыспен қамтылған. Аталған біршама айырмашылық соңғы жылдары колледждер құрамының біршама қысқаруымен және 2014 жылы түлектерді жұмыспен қамту бойынша жоспарланған индикатордың (16 мың адам) тым жоғары болуымен байланысты.

NEET көрсеткіші бойынша (NEET – ағыл. Not in Education, Emloyment or Training, оқу оқымайтын, жұмыс істемейтін және біліктілігін арттырмайтын жастар үлесі) 15-28 жас аралығындағы жастардың жалпы санында 2012 жылы 4,5%-дан 2014 жылы 7,6% өсуі байқалады (2014 жылы 20 мың адам). Сонымен қатар жастар ұйымдарының қызметіне қатысатын жастардың үлесі 2013-2014 жылдары 18%-дан 20% жоғарылағанына қарамастан, көрсеткіш төмен деңгейде қалып отыр.

NEET көрсеткіші бойынша өсім, атап айтқанда жастар арасындағы жұмыссыздықтың өсуі 4 факторға негізделеді:

1) колледждердің кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасауының шектеулі болуы және олардың түлектерге біліктілік беру бойынша ұйымдардың талаптарын қанағаттандыру үшін колледждердің оқу жоспарын жасауға қатысу деңгейінің төмен болуы;

2) кәсіпорындардағы мамандарға қажеттілікті болжау және алмасу бойынша жалпы ақпараттық базаның болмауы;

3) жеке сектор кәсіпорындарының кәсіптік білім беруді дамытуға қаражатты аз бөлуі: жұмысшы мамандықтарындағы мамандарды дайындауға және өндіріс шеберлерін дайындауға қаражат негізінен бюджеттен бөлінеді;

4) еңбек нарығы қажеттіліктерінің жыл сайын артып келе жатқан қалаға көші-қон ағымы есебінен өтелуі, бұл жастарды жұмысқа орналастыруға теріс әсерін тигізеді.

Бастапқы және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарында біліктілігі жоғары инженер-педагог мамандар жетіспейді. Қазіргі кезде колледж оқытушыларына біліктілік санаттары үшін қосымша ақы төленбейді, тәжірибелік режимдегі жұмыс, ғылыми дәрежесі және т.б. үшін үстемеақы төлеу қарастырылмаған.

Санаты бойынша үстемеақының төленбеуі колледждер педагогтарының еңбек ақысының біршама төмендеуіне алып келген және осының салдары ретінде білікті мамандар экономиканың нақты секторларына ауысып, жалпы білім беру пәндерінің озық оқытушыларының мектептерге ауысуы байқалады, бұл мамандар дайындау сапасына теріс ықпал етеді.


2.1.2.1.1 кесте. Алматы қаласы бойынша негізгі білім беру көрсеткіштері

Атауы/жылдар

2012

2013

2014

Мектепке дейінгі мекемелер саны, бірлік

265

293

343

ондағы оқитын балалар, адам

44166

44479

49007

Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі оқу және тәрбиемен қамту, %

53,1

54,8

64,7

Күндізгі жалпы білім беретін мектептер саны, бірлік

235

227

244

ондағы оқушылар саны, мың адам

179,2

181,1

202,1

Білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің саны, адам

24890

25490

27088

Жоғары педагогикалық білімі бар педагогтар үлесі, %

93,3

93,5

93

Жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша білім беру бағдарламаларын ойдағыдай меңгерген (жақсы/үздік) түлектер арасындағы оқушылар үлесі, %

50,4

50,6

50,1

Аз қамтылған отбасынан шыққан балалардың жалпы санындағы сапалы және үйлестірілген ыстық тамақпен қамтылған аз қамтылған отбасы балаларының үлесі, %

96,7

97,1

100

Халықаралық олимпиадалар мен байқаулардың (ғылыми жобалар), ғылыми сайыстардың жеңімпаздары болған оқушылар саны, адам

191

209

274

Жалпы мүмкіндігі шектеулі балалар санындағы инклюзивті білім берумен балалардың қамтылуы, %

19,5

20,0

20

Пайдалануға берілген жаңа мектептер саны, бірлік

6

3

1

Колледждер саны, бірлік

87

89

83

ондағы білім алушылар, адам

66690

64546

61975

халық санынан 10 мың адамға

487

455

427

Оқу орнын аяқтаған алғашқы жылы жұмысқа орналастырылған техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің түлектерінің үлесі, %

57,9

59,5

59,8

15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі, %

4,5

6,9

7,6

Жастардың (14-24 жас) техникалық және кәсіби білім берумен қамтылуы, %

21,8

22,9

22,4

Жастар ұйымдарының қызметіне қатысатын жастар үлесі, %




18

20

Жоғары оқу орындарының саны, бірлік

45

41

40

ондағы студенттер, мың адам

158467

148491

133736

халық санынан 10 мың адамға

1083

996

849

Профессорлық-оқытушылық құрам саны

13660

14599

13803

Докторанттар саны

3

1180

1218

Қала бюджетіндегі білім беру шығындары, млн.. теңге

76199

60396

69312

Дерек көзі: Алматы қаласы Статистика департаментінің «2014 жылғы алдын ала мәліметтер» статистикалық жинағы, 2015 ж., Алматы қаласы Білім басқармасының мәліметтері


Күшті жақтары:

- қалада мемлекеттік білім беру ұйымдарының барлық нысандары мен түрлерінің болуы (бала бақшалар, мектептер, интернаттар, колледждер, қосымша білім беру ұйымдары, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары, девиантты мінез-құлықтағы балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдары, баспаналар);

- қаланың білім беру ұйымдарын тұрақты түрде қаржыландыру;

- дарынды балалармен жұмыс жасайтын ұйымдардың дамыған желісі.


Әлсіз жақтары:

- мектепке дейінгі және жалпы білім беретін білім беру ұйымдарында орындардың жетіспеушілігі;

- дамуында ерекшеліктері бар балалардың оқуы үшін (инклюзтік білім беру) білім беру ұйымдарына төмен деңгейдегі қолжетімділік;

- жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша біліктілігі жоғары кадрлардың жетіспеушілігі;

- арнайы мектепке дейінгі білімі бар мамандардың жетіспеуі.
Мүмкіндіктер:

- қаланың білім беру саласындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарында білім беру қызметтерінің сапасын арттыруды ынталандыратын дамыған бәсекелестік орта (жеке меншік мектептер, бала бақшалар, колледждер);

- қалада педагог қызметкерлерді даярлайтын жоғары оқу орындары мен колледждердің айтарлықтай санының болуы;

- МЖС дамыту үшін жоғары инвестициялық әлеует.


Түйткілді мәселелер:

- еңбек ақысының төмен болуына байланысты мемлекеттік білім беру ұйымдарында педагог кадрлардың тұрақтамауы;

- педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледждер түлектерін даярлаудың төмен деңгейі;

- қала халқы санының өсу қарқынының жоғары болуы.




1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет