Мазмұны бағдарламаның ТӨЛҚҰжаты



жүктеу 3.02 Mb.
бет7/18
Дата01.04.2016
өлшемі3.02 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
: upload -> files
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Ұлттар жіктеуіші
files -> Деректі фильмнің беташары
files -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама «Сұйық отын және аи-92 жанар жағар майын сатып алу»
files -> Жоба сайлау учаскелерін құру туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»
files -> Сайлау учаскелерін құру туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»

2.1.3. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

Қарастырылып отырған кезең ішінде ішкі істер органдары құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыскерлікпен күреске бағытталған бірқатар ұйымдастырушылық шараларын жүзеге асырған, сонымен қатар, қылмысты есептеу және тіркеу әдістері өзгертілген.

Жалпы қылмыс деңгейінің өсімі 2012-2014 жылдарда жыл сайын 9% құраған және ұрлық пен кісі өлтіру көрсеткіштері ең маңызды мәселе болып отыр.

Ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу бойынша мақсатқа бағытталған жұмыстар жүргізу нәтижесінде 2012-2014 жылдардағы кісі өлтіру саны жыл сайын 12% азайған. Бұл жағдайда ағымдағы деңгей Лондон, Будапешт сияқты қалалардың көрсеткіштерінен екі есе және «Қазақстан 2050» Стратегиясының мақсатты көрсеткіштерінен 5 есе артық (100 мың адамға шаққанда) болып табылады.

Ұрлық деңгейі жыл сайын 6% артып отырған; көрсеткіш салыстырылатын қалалармен (Будапешт және Берлин) бірдей деңгейде қалып отыр. Тонау деңгейі жыл сайын 12% азайған, алайда, әлі де салыстырылатын қалалар деңгейінен жоғары болып отыр. Соңғы 3 жылда қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар саны 2014 жылы 28 мыңнан 30 мыңға дейін 7% артқан. Бұл жағдайда көшеде жасалған қылмыстардың үлес салмағы 2014 жылы 33,7%-дан 29,4% дейін 4 пайызға төмендеген. Аталған жетістікке жол-патруль полициясының қызметін жандандыру арқылы қол жеткізілді.
Ауыр қылмыстарды ашу 2012 жылғы 22,8%-дан 2014 жылы 27,7% дейін жоғарылаған, аса ауыр қылмыстарды ашу сәйкесінше 67,3%-дан 76,2% дейін артқан.

2014 жылдың қорытындысы бойынша кісі өліміне алып келген қылмыстарды ашу 4,1 пайыздық тармаққа жақсарған (80,1% - 84,2%), денсаулыққа ауыр зақым келтірген қылмыстарды ашу 9,3% (66,7% - 76,0%), қарақшылық бойынша 3,5% (50,2% - 53,7%), тонау бойынша 1,4 % (17,3% - 18,7%), өзгенің мүлікін ұрлау бойынша 2,0% (13,5% - 15,5%), пәтер тонау бойынша 3,0% (10,6% - 13,6%).

Қылмыскерлер арасында жүргізілген талдау келесі нәтижелерді көрсетеді:

- қылмыстың 90%-ын жұмыссыздар жасайды;

- қылмыстың 70%-ын 21 - 39 жас аралығындағы адамдар жасайды;

- қылмыстың 40%-ын көшіп келушілер жасайды.


2.1.3.1 сурет. Қылмыс жасаған тұлғалар

Дерек көзі: Алматы қаласы Ішкі істер департаменті, жұмыс топтарын талдау


Аталған серпін жұмыссыздық қылмыстың басты көздерінің бірі екендігін көрсетеді. Бұдан басқа мигранттардың қала ортасына бейімделуінің мәселесі де бар.

Талдау 9354 қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдардың 3733 немесе 40,0%-ы басқа қалалардың тұрғындары екенін көрсеткен, оның ішінде: шетелдіктер – 10,1%, Қазақстанның басқа өңірлерінің тұрғындары –81,7%, тұрғылықты жері жоқ адамдар – 8,2%.

Жасөспірімдер арасындағы қылмыс деңгейі 11% жоғарылаған (2012 жылы 225, 2014 жылы 249). Кәмелеттік жасқа толмағандардың қолымен жасалған қылмыстардың үлес салмағы 2014 жылы төмендеп, 2,2% құраған (2012 жылғы – 3,5%, 2013 жылғы – 3,3%).

Аумақтық көзқарас тұрғысынан Алмалы ауданы қаладағы ең қылмыс көп жасалатын аудан болып табылады – қылмыс саны 100 мың аудан тұрғынына есептегенде 6340-ты құрап отыр. Жетісу, Алатау және Әуезов аудандарында қылмыстың 2012-2014 жылдардағы кезеңде біршама өсуі байқалады, орташа жылдық өсу ырғағы аталған аудандарда сәйкесінше 25%, 22% және 15% құраған.


2.1.3.2 сурет. Аудандардағы қылмыс саны, 2014

Дерек көзі: Алматы қаласы Ішкі істер департаменті; жұмыс тобының талдауы


Сонымен қатар қаланың қауіпсіздікті қамтамасыз ету ресурстарымен жабдықталуы қолайлы деңгейде қалып отыр.

Қаланың полиция қызметкерлерімен және жасырын камералармен жабдықталу деңгейі қолайлы деңгейде және сәйкесінше 4 және 7 құрайды (1000 тұрғынға шаққанда). Полиция қызметкерлерімен қамтылу деңгейі салыстырылатын қалалардың (Варшава, Лондон, Берлин) коэффициенттерімен сәйкес. Сыртқы бақылау камераларына қатысты қала Варшава және Берлинмен бірдей деңгейде (1000 тұрғынға 7 камера), алайда, Лондоннан біршама артта қалады, мұнда аталмыш көрсеткіш 1000 тұрғынға 51 камераны құрайды.


2.1.3.3 сурет. Қаланың полицейлік бейне бақылау камералармен қамтамасыз етілуі, 2014 жыл

Дерек көзі: Алматы қаласы Ішкі істер департаменті, жұмыс тобын талдау
Дегенмен, Алматы қаласындағы қылмыстың жоғары деңгейі салыстырып отырған қалалардағы көрсеткіштерден артық болып табылады. Бұл төмендегілермен байланысты болуы мүмкін:

  • Сыртқы бақылау технологиялары заманауи зияткерлік бақылау талаптарына сәйкес емес;

  • Құқық қорғау органдарының операциялық белсенділігін арттыру қажет.

Сонымен қатар, тәуекел факторларына тұрғылықты қалаларда қаланы жарықтандырудың жеткіліксіздігі де жатқызылады. Тұрғылықты аудандарды жарықтандырудың қолданыстағы стандарттары салыстырылып отырған елдерден біршама төмен – Қазақстанда орташа жарықтандыру 0,2-0,4 кд/м2 құрайды, ал АҚШ мен Жапонияда аталған көрсеткіш 0,8 жетеді. Тұрғылықты аудандарды жарықтандырудың жеткіліксіз болуы апаттардың, қылмыс пен жарақаттанудың артуына алып келеді.


Алматы қаласында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолдағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған бірқатар ұйымдастырушылық-тәжірибелік шаралар жүзеге асырылып, алдын алу және түсіндіру жұмыстары күшейтілген, жол қозғалысы қатысушыларына қойылатын талаптар күшейген.

Сонымен қатар, автокөліктер санының артуы, жекелеген жүргізушілердің көлік жүргізу тәртібінің төмендегі, басқа қалалардан келген жүргізушілердің қала көшелері мен жолдарын білмеуі Алматы қаласындағы апаттар санының, оның ішінде салдары ауыр апаттардың артуына алып келді. 2012 -2014 жылдар аралығында ЖКО 2,3 есе артуы байқалған (2,5 мыңнан 5,5 мыңға дейін), жарақат алғандар саны 3 есе (3 мыңнан 8 мыңға дейін) көбейген.


Ішкі істер органдары қала жолдарындағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған бірқатар ұйымдастырушылық шараларын жүзеге асырған.
Әкімшілік тәжірибені күшейту есебінен 2014 жылы ЖКО саны 18,7% (6872-ден 5588 дейін) және жарақат алғандар саны 20,0% (8198-ден 6558 дейін) азайған.
ЖКО салдарынан қаза тапқандар саны 19,3 % артып, 100 мың адамға 12 оқиғаны құраған, өлімге алып келген әрбір екінші ЖКО жаяу жүргіншілердің қатысуымен болған. Көрсеткіш Шығыс Еуропа қалаларының деңгейінен 30% артық болып отыр. Осыған байланысты жаяу жүргіншілер тарапынан ЖҚЕ бұзуды анықтау және алдын алу бойынша жұмыстар жандандырылған. 2014 жылы 15 мың жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылған (өткен есепті жылмен салыстырғанда 2 есе көп).
ЖҚЕ бұзу жағдайларын тежейтін және алдын алатын факторлардың бірі «Жол қозғалысының қауіпсіздігі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі болып табылады, ол 121 посттан құралады, оның ішінде 104 пост «ЖҚҚ» ААЖ посты, 8 «Red speed» посты және 9 ІІД ОБО бейнекамералары. Олардың көмегімен 457 728 ( 2013 жылғы - 566 421) тәртіп бұзу жағдайлары анықталған. Аталмыш жүйені 2018 жылға дейін дамыту көзделіп отыр.
2014 жылы қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұрмыстық және зорлық көрсету қылмыстарының алдын алу бойынша шаралар кешені жүзеге асырылған. Ішкі істер органдарының, аудандық әкімдіктер мен қоғамның «Қауіпсіз аула» ұстанымы бойынша шараларды жүзеге асыруда бірлескен жұмыстары жүзеге асырылған, ол тұрғын үйлердің подъездері мен аулаларын жарықтандыру, мүлік иелерінің оның сақтауын қамтамасыз ету жұмыстарын қамтиды. 2014 жыл қорытындысы бойынша «Қауіпсіз аула» ұстанымына сәйкес 2 мыңға жуық үй қорғалады, мұнда 8 мыңнан астам бейнекамера орнатылған.
Су тасқыны, сел жүру, лай көшкіні, жер сілкінісі және өртке қарсы әрекет инфрақұрылымымен қамтылу деңгейі 2012-2014 жылдардағы 20%-дан 27%-ға дейін артқан.
Талдау жасалып отырған кезеңдегі су тасқыны, сел жүру, лай көшкіні, жер сілкінісі мен өртке қарсы әрекет инфрақұрылымымен қамтамасыз етілу деңгейі бойынша қызметтер келесі шараларға бағытталған:

- Алматы қаласы Медеу шатқалындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша стратегиялық бағытты жүзеге асыру;

- техногендік апаттар мен зілзалалар, стихиялық апаттардан келетін шығынды төмендету мен шығынды азайту бойынша жағдай жасау мақсатына қол жеткізу.

Сонымен қатар келесі нәтижелерге қол жеткізілді:

- Өзендер сағасынан өтетін инфрақұрылым нысандарының үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілген (Алматы Медеу автожолы, магистралдық су құбыры желілері және кәріз, байланыс жүйелері және т.б.), осы арқылы Кіші Алматы өзені бассейнінің жоғарғы бөлігінде орналасқан барлық нысандардың жұмысы (Медеу стадионы, Шымбұлақ тау шаңғысы базасы және т.б.) тиімді тұрақтандырылған, аталған өзеннің бассейнінің төменгі бөлігінде сел ағындарының әсерінен қорғау күшейтілген. Осы арқылы аталған аумақты үдемелі игеруге қолайлы жағдай жасалған. Жолаушылардың аспалы арқан жолының № 2, 4, 14, 16, 17, 18 тіреулері іргетасының бекітпелерін қайта жаңарту олардың тұрақтылығын қамтамасыз еткен;

- аудандағы әлеуметтік және экологиялық жағдай жақсарған, аталған ауданда тұратын немесе демалатын халықтың қауіпсіздігі артқан;

- қорғалатын аумақтағы адамдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары мен инфрақұрылымдарының қауіпсіздігі жоғарылаған;

- халықты тиімді қорғау қамтамасыз етілген, Алматы қаласының экономикалық әлеуеті мен қоршаған ортасы күшті гидрометеорологиялық құбылыстар мен геологиялық үдерістерден қорғалған;

- аудандағы әлеуметтік және экологиялық жағдай жақсарған.
2.1.3.1 кесте. Қоғамдық қауіпсіздік және құқық тәртібі көрсеткіштері

Атауы/жылдар

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Көшеде орын алған қылмыстың үлес салмағы, %

37,4

33,7

29,4


Көшеде жасалған тонау деңгейінің төмендеуі, %

19,5

16,9

15,0


Көшеде жасалған бұзақылықтың төмендеу деңгейі, %

10,7

18,6

17,5


Жол-көлік апаттарынан қаза тапқандар санының азаюы, %

10,7

10,7

19,2

ЖКО қаза тапқандар, адам




166

198

Жол-көлік оқиғаларының саны (10 мың автокөлік бірлігіне)

48,0

137,0

103,9


Су басу, сел жүру, лай көшкіні, жер сілкінісі, жергілікті өрттен адам шығынының төмендеуі, өткен жылмен салыстырғанда %

-18%

-11%

+24%

Инфрақұрылымның су басу мен сел жүруге, лай көшкіні мен жер сілкінісіне қарсы қамтамасыз етілу деңгейі,%

20

22

27

Дерек көзі: Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің мәліметтері, Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметтері
Күшті жақтары:
- құқық бұзушылықтың нәтижелі алдын алуды болжайтын қылмыстық үдерістерге қарсы іс-қимылдың тиімді жүйесі және қылмыс жасағаны және өзге де құқық бұзушылықтар үшін сөзсіз жауапкершілікті қамтамасыз ету;

- жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесін дамыту және жетілдіру.


Әлсіз жақтары:

- қоғамдық орындарда қылмыстың жоғары болуы, оның 70% астамы көшелерде жасалады;

- ерекше ауыр қылмыстар;

- бүгінгі күні бар бас бостандығынан айырған жерлерден босап шыққан тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу және оңалту жүйелері толық нәтижеге жете алмай отыр;

- жас өспірімдер арасындағы қылмыстық әлеует әлі көп болып отыр;

- болып жатқан көші-қон үдерістері;

- жол-көлік оқиғалары;

- жер сілкінісінің қысқаша болжамы;

Алматы қаласын селден және су басудан қорғаудың бар жүйелері қауіп деңгейіне сәйкес келмейді және жаңғырту мен жетілдіруді талап етеді.

Мүмкіндіктер:
- «Алматы – қауіпсіз қала» қала пайымының төртінші элементіне сәйкес, Алматы еуропалық қалалардағы сияқты, адамдардың өздерін қауіпсіз екенін сезетіндей қала болуы тиіс;

- жұмылдыру дайындығының, аумақтық және азаматтық қорғаныстың, халықты талқандау құралдарынан және террористік актілердің, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан қорғаудың тиімді жүйесі, өңірдің экономикалық әлеуетін сақтау.


Қауіп-қатерлер:
- азаматтардың өмірін, денсаулығын, конституциялық құқықтарын және бостандықтарын, меншіктерін, қоғамның және мемлекеттің мүддесін қылмыстық және басқа заңға қайшы келетін қол сұғушылықтардан сенімді қорғауды қамтамасыз етпеу;

- Алматының жоғары сейсмикалық белсенді аймақта, таудың етегінде орналасуы табиғи апаттардың: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, дауыл және өзге де табиғи катаклизмдердің болу тәуекелімен түсіндіріледі.


Түйткілді мәселелер:
- қоғамдық орындардың қылмыстық жағдайын төмендету;

- өңірлік үлкен көші-қон ағысының мониторингі;

- қаланың жолдарының және тұрғын үй аудандарының жарықпен қамтамасыз етілуін арттыру;

-жол-көлік оқиғаларының салдарының ауыр салдарын қысқарту;

- жол-патрульдік полицияның және Ішкі істер департаментінің метрополитендегі ІІБ полиция Полктерімен ресурстық қамтамасыз етуді арттыру;

- бар өрт деполарының қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайы;

- өрттерге және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге жедел ден қою үшін өрт техникасымен жабдықтану деңгейінің төмендігі;

- өрт деполарының жетіспеуі.




1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет