Мазмұны бағдарламаның ТӨЛҚҰжаты



жүктеу 3.02 Mb.
бет8/18
Дата01.04.2016
өлшемі3.02 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
: upload -> files
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Ұлттар жіктеуіші
files -> Деректі фильмнің беташары
files -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама «Сұйық отын және аи-92 жанар жағар майын сатып алу»
files -> Жоба сайлау учаскелерін құру туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»
files -> Сайлау учаскелерін құру туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»

2.1.4. Инфрақұрылым

2.1.4.1. Байланыс және коммуникация

2010-2014 жылдар аралығындағы кезеңде байланыс және коммуникация нарығы түсім көлемі 2014 жылы 384,5 млрд. теңгені құраған. 2012-2014 жылдардағы байланыс қызметтерінің нақты көлемінің 112,5% құраған.



2.1.4.1.1 кесте. Байланыс қызметтері нарығы көлемінің даму динамикасы




Өлш.бір.

2012

2013

2014

Байланыс қызметінің кірістері

млн.теңге

458 352

371 525

384 584

Байланыс қызметтері көлемінің нақты индексі

%

110,9

118,3

108,4

Дерек көзі: «2014 жылғы алдын ала мәліметтер» Алматы қаласы Статистика департаментінің Санақ жинағы, 2015 жылғы,

2014 жылғы жағдай бойынша байланыс және коммуникация нарығының негізгі құрауыштары :



  • Ұялы байланыс – 45,9%

  • Ғаламтор-қызметтер – 24,3%

  • Телефон байланысы – 6,5%

  • Басқа да қызметтер (пошта байланыстарын қоса алғанда) – 24,3%

Төменде әрбір негізгі бағыт бойынша ағымдағы жағдайдың сипаттамасы ұсынылған:

Ұялы байланыс

2012 – 2014 жылдар аралағындағы кезеңде ұялы байланыс нарығының пайдаланушылардың саны мен кірістері біршама төмендеген. Кірістердің және пайдаланушылардың санының орташа жылдық өзгерісі 2012-2014 жылғы кезеңде сәйкесінше -15% және -8% құраған. Бұл ірі (32%) ұялы оператордың («Билайн») Астанаға қоныс аударуымен байланысты болды.

Пайдаланушылар санының төмендеуін ескере отырып, халықтың арасына ұялы байланыстың таралу деңгейі 88% құрайды, бұл салыстырылатын қалалардың көрсеткіштерінің төменгі шегі деңгейінде болады: Варшава – 87%, Будапешт – 116%, Мәскеу – 220%, Сидней – 130%.

Сонымен қатар, Алматы қаласындағы ұялы байланыстың таралу деңгейі Қазақстан бойынша орташа статистикалық көрсеткіштерден жоғары болады.

Алматы қаласының байланыс нарығындағы негізгі қызметтер жеткізушілері: «Алтел 4G» (59%1), «Кселл» (21%2), «Билайн» (13%) және «Теле 2» (5%) компаниялары болуы табылады. Бұл желілердің республика деңгейінде таратуынан біршама өзгеше болып табылады, мұнда 2015 жылы абоненттердің ең жоғары үлесі «Кселл» желісіне тиесілі.

Нарық дамуының қалыптасқан құрылымы мен серпінінде ойыншылардың саны аз және аумақтық қамту, ұялы байланыс сапасын арттыру және тарифтік саясат мәселелерін шешу үшін әкімшілікті қатыстыру қажет болмайды.



2.1.4.1.2 кесте. Ұялы байланыс нарығының негізгі көрсеткіштері

Мақсатты индикаторлар

Өлш.бір.

2012

2013

2014

Кірістер3

млн.теңге

297 470

191 335

183 446

Пайдаланушылар саны1

мың адам

23 102

28 731

18 143

1 пайдаланушыға орташа түсім

мыңтеңге

12,9

6,7

12,1

Дерек көзі: «2014 жылғы алдын ала мәліметтер» Алматы қаласы Статистика департаментінің санақ жинағы, 2015 жылғы, «Профит» АТ-порталы

Ғаламтор

2012-2014 жылдар аралығындағы кезеңде ғаламтор-провайдерлерінің кірісі 50% артты. Кірістердің артуының негізгі себептері ғаламтор-пайдаланушылар санының 2 есеге дерлік көбеюі болып табылады.

Кіріс пен пайдаланушылар санының орташа жылдық өсу ырғағы (CAGR) сәйкесінше 16% және 27% құрады. Нәтижесінде қала тұрғындары арасында ғаламтордың таралу деңгейі 22 пайыздық тармаққа шамамен 2 есеге жоғарылады және 46,7% құрады.

Дегенмен, Алматы қаласы салыстырып отырған қалалардан әлі де артта қалып отыр: Мәскеу – 78%; Варшава – 73%; Куала-Лумпур – 80%; Торонто – 83%.

Алматы қаласындағы ғаламтор-байланыстың орташа жылдамдығы 2014 жылы 19 Мбит/сек құраған, бұл Қазақстан қалаларының ішінде 14 –көрсеткіш болып табылады және республикадағы орташа көрсеткіштен сәл жоғары (18,8 Мбит/сек). Тұтас алғанда Қазақстан дүние жүзінде ғаламтор-байланыс жылдамдығы4 бойынша 56 орынды иеленеді. Ғаламтор жылдамдығы ШПД5 арналарының таралуы есебінен қамтамасыз етіледі, олардың үлесіне барлық ғаламтор-қызметтерінің 83% тиеді.

Ғаламтор-қызметтер нарығында 20 ғаламтор-провайдерлері бар. Бұл жағдайда ұлттық «Қазақтелеком» компаниясы нарық көшбасшысы болып табылады және нарықты 80% иеленеді.

Таралудың салыстырмалы төмен деңгейі мен төмен жылдамдыққа қарамастан пайдаланушылар саны артуының ағымдағы жағдайы және қызметтер нарығында ірі ойыншының болуы нарықтың аталмыш сегменті өз бетімен дамитындығын және әкімдік тарапынан араласуды қажет етпейтіндігін білдіреді.

2.1.4.1.3 кесте. Интернет қызметтерінің нарығы




Өлшем бірлік

2012

2013

2014

Кірістер6

млн. теңге

60 485

72 587

93 503

Пайдаланушылар саны

мың. адам

360

553

736

Дерек көзі: «Алматы қаласы бойынша 2014 жылғы алдын ала деректер» статистикалық жинағы, Алматы қаласы Статистика департементі, 2015 жыл.
2.1.4.1.4 кесте. Интернет қызметтерінің еніп кету деңгейі




Өлшем бірлігі

2012

2013

2014

100 тұрғынға арналған Инетернет желісіне белгіленген кең ауқымда қол жеткізу абоненттерінің тығыздығы

мың теңге

24,6

37,1

46,7

Дерек көзі: жұмыс тобының талдамасы.

Белгіленген телефон байланысы

Белгіленген телефон байланысы қызметінің кірісі 2010 жылдан 2014 жылға дейін 47%-ға өсті, ал пайдаланушылардың саны - 7%-ға. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының нарықтағы үлесі телефон байланысының сегментінде 92%-ды құрайды.

Кірістер өсімінің орта жылдық қарқыны (CAGR) мен пайдаланушылар саны тиісінше 12% және 4% құрады. Телефон байланысын пайдаланушылардың жалпы санының өсуі қала халқының өсу қарқынымен тепе-тең жүрді. Бірақ халық арасында еніп кету деңгейінің өсуі 1,7% құрап, нәтижесінде халық арасында еніп кету деңгейі есептік кезеңде телефондандыру деңгейі жалпы қалалықтан төмен жаңа аумақтардың2 қосылуына байланысты төмендеді.

Бірақ Алматы салыстырылып отырған қалаларға қарағанда белгіленген байланыстың еніп кетуі бойынша барынша артта қалып қойып отыр: Мәскеу – 51%; Будапешт – 33%; Торонто – 56%; Сидней – 39%. Наурызбай ауданының ең артта қалып қоюы анықталып отыр.

Жалпы алғанда байланыс және телекоммуникация нарығы ірі коммерциялық компаниялардың (нарықтың негізгі үлесін иеленуші) үлкен ықпалында тұр және оның әрі қарай дамуы Алматы қаласы бойынша олардың даму стратегиясына көп байланысты болады.

2.1.4.1.5 кесте. Кірістер және телефон байланысы қызметін пайдаланушылардың саны




Өлшем бірлік

2012

2013

2014

Кірістер

млн. теңге

21 379

28 854

31 467

Пайдаланушылар саны

мың. адам

678

700

728

Олардың ішінде халық арасында

мың. адам

449

449

463

100 тұрғынға арналған телефон байланысының белгіленген желісінің тығыздығы

100 тұрғынға

30,4

29,8

28,2

Дерек көзі: «Алматы қаласы бойынша 2014 жылғы алдын ала деректер» статистикалық жинағы, Алматы қаласы Статистика департементі, 2015 жыл.

Сандық сауаттылық – адамның күнделікті және кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана білуі. Ақпараттық технологиялармен жұмыс дағдыларының деңгейін көтеру барлығы үшін ақпараттық қоғамның ашық болуын ұлғайтады.

Халықтың 6-15 жас аралығындағы балаларды сандық сауаттылық дағдыларына үйретуі білім беру мекемелерінде білім берудің тиісті деңгейінің жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес жүргізіледі.

16-74 жас аралығындағы халықтың компьютерлік (сандық) сауаттылығын ерте көтеру «Ақпараттық теңсіздікті төмендету» бағдарламасын іске асыру барысында жүргізілді. Бағдарлама шеңберінде барлығы 28115 адам оқытылды. 2012 жылдан бастап жергілікті бюджет есебінен компьютерлік сауаттылықты көтеру курстары өткізілуде. 2012 жылдан 2015 жылға дейін 81970 адам оқытылды. 2015 жылы 15000 адам оқытылды.

Халыққа базалық компьютерлік дағдыларды оқыту мақсатында білім басқармасы оқу бағдарламасын әзірледі, оқытушылар құрамы қамтамасыз етілуде, жалпы білім беру мектептерінде оқытуға арналған компьютерлік сыныптары ашылды. Оқу үдерісін қамтамасыз ету үшін жыл сайын қаржы бөлінеді (оқулықтар таратылымы, оқытушылардың жалақысы, компьютерлік сауаттылықты үйренушілерге арналған куәлікті әзірлеу).

Орта мектептердің оқу сыныптарында тәжірибелік сабақтарды орындау арқылы базалық және негізгі оқу жоспарының үлгісінде оқыту семинарлары ұйымдастырылған. Семинарды өткеніне байланысты тыңдаушыларға куәлік беріледі.



Күшті жақтары:

- ақпараттық қоғамды дамыту.



Әлсіз жақтары:

- оқытушылардың кәсіби дайындығының төменгі деңгейі.



Мүмкіндіктер:

- өңір тұрғындарының ақпараттық технологияларды пайдалануға қызығушылық танытуы.



Қауіп-қатерлер:

- халықтың электронды мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігінің жоқтығы.

Сондай-ақ, халықтың аталған курстарға келу мәселесі өзекті болып қалып отыр.



1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет