Мазмұны ғаббасов 2-15 бет. Болғамбаев 16 Бірімжанов Ғазымбек



бет1/19
Дата18.04.2016
өлшемі4.07 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




МАЗМҰНЫ
1. Ғаббасов 2-15 бет.

2. Болғамбаев 16-

3. Бірімжанов Ғазымбек

4.Юсупов Ахметсафа

5.Есболов Мырзағазы (?)

6. Досмұхамедов Халел 49 бет

7. Ермеков Әлімхан 67-бет

8. Қолжамқұлов

ІО.Әлиханов

10. Битілеуов Дамолла 50-бет

11.Досмұхамедов Халел (екінші аударма) 58 бет

12. Тынышбаев Мұхамеджан 55

1 3.Власова Ализа

14. Мұхтар Мурзин 72

15. Әуезов Мұхтар 68-71

16. Ысқақов Даниал 73

17. Омаров Уәлихан 77

18. Кемеңгеров Қошмұқмед 79

19. Әділев Дінмұхамед 92

20.Аймауытов Жүсіпбек. 108

21. Байділдин Әбдірахман

22. Байғаксқин Есім 126

23 Қашқынбаев Иса 174

24.Досмұхамедов Жаһанша 180

25. Байтұрсынов Ахмет 224

26. Сәдуақасов

27. Қожанов

ЕСКЕРТУ: аударылған не өзгеде бар көрсетінділерге + белгісі қойылды

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ ЖӨНІНДЕ


Жер мәселесімен тікелей айналысқан, Жерге орналастыру басқармасының орынбасары болған Кәрім Әлімбаевтің өзінің тікелей бастығы Тел Қаратілеуовтің және профессор Швецовтың жер межесін анықтау жөніндегі ғылыми экспедициясының жұмысы туралы берген көрсетіндісі. К.Әлімбаев түрмеге қамалмаған, көрсетіндіні «сыртта» жазған.

«1925 жылы Жер жөніндегі комиссарият жер межесін жүргізу және оның мөлшерлі нормасын ғылыми тұрғыдан негіздеу үшін зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылдады. Қаратілеуов Ленинградтағы профессор Швецовқа барып келді, оған дейін ол кісімен келісімді Әлихан Бөкейханов жүргізіп келген болатын, ғылыми экспедицияның жетекшісіне ұсынған да сол кісі. Швецовпен мәселені түбегейлеп шешу үшін Әлихан Бөкейхановты ертіп Қаратілеуов Ленинградқа ертіп барды. Ғылыми экспедицияныың құрамын бекітуді профессор Швецовтың өзі жүргізді, шақырылған адамдардың біразы Жер жөніндегі комиссарият, яғни, Қаратілеуов пен Мурзин арқылы тізімге кіргізілді. Олардың көпшілігі Москва мен Ленинградта оқып жүрген қазақ студенттері еді. Оқушыларды экспедиция жұмысына тартқан Мурзин еді. Әрине бұған Әлихан Бөкейхановтың тікелей қатысқаны сөзсіз. Экспедицияның құрамына тарту жұмысы да және жұмыстың негізгі бағытын да Әлихан Бөкейханов белгілеп берді, жұмыс бөлінуге тиісті жер межесін кеңейтіп алу, сөйтіп Қазақстанда артық жер жоқ екенін ғылыми тұрғыдан негіздеу орайында жүргізілді. Мұның бәрін Әлихан Бөкейханов басқарды, Қаратілеуов оның әр айтқанын дау туғызбайтын шындық деп қабылдайтын.

1926 жылы Швецов Қызылордаға келді, онымен әңгіме кезінде Қаратілеуов: «Сіз қартайған адамсыз, бұл сіздің соңғы ғылыми экспедицияңыз болар. Сондықтан да сіздің есіміңіз езілген қазақ елінің есінде мәңгі сақталуы үшін бұл жұмысты сізбен біз алдын-ала келіскендей, қазақ жерін бұдан әрі отарлай алмайтындай етіп аяқтағаныңыз жөн – деген мағынада сөз қозғады. Бұл әңгіме ЦУЗ –да (жер басқармасында) Қаратілеуовтің кеңсесінде өтті. Жаңағы сөз мен және Жаманмұрынов қатысып отырғанда айтылды. Қаратілеуов Әлихан Бөкейхановтың пікіріне жиі сілтеме жасап, оның жер жөніндегі ең білгір маман екенін, жалпы ерекше талантты адам екенін жиі айтып отырды. Менің іске қатысты бір ауыз сөзіме қарсы Қаратілеуов: «Сен не Бөкейхановтан артық білесің бе? Боқмұрын, онымен қоймай әңгімеге қыстырыласы...» – дегені есімде.

Менің ойымша, Қазақ жер комитетінің жерге орналастыру жөніндегі барлық нұсқауларын Әлихан Бөкейханов беріп отырды ғой деймін. Бірде мен Қаратілеуов пен сол кездегі (1925 ж.) Жер жөніндегі халық комиссары Әлібековтің өзара әңгімесінде, Әлібековтің өзі: менің көзқарасымды Әлихан Бөкейханов қостамады деп айтып қалғанын естідім. Қандай мәселе жөнінде айтылғанын білмеймін. Қорыта айтсам, Жер жөніндегі халық комиссарының қызметкерлері Москваға барған сайын Әлихан Бөкейхановпен кездесіп, кеңес алып тұратын» деп жазды.

Профессор Швецов анықтаған жерді межелеу нормасы Ү партконференцияда талқыланып, бекітілді. Бұл қазақ жерін телімнен аман алып қалды және сол жылы Қазақстанға 360 мың қоныс аударушының келуіне тосқауыл қойды. Міне, Әлихан Бөкейхановтың сонау Москвада жүріп қазақ пен қазақ жерінің қамын ойлаған қам-қаракетінің бірі осындай.

АШТАРҒА КӨМЕК КОМИССИЯСЫ
«Аштарға көмек» комиссиясы ВЦИК-тің жанынан 1921жылы 18 маусымда құрылып, 1922 жылдың қыркүйегіне дейін жұмыс істеді. Оның бөоімдері барлық республикаларда ашылды. Қазақстандағы комиссияның басты міндеті еуропалық аштарға азық-түлік жөнелтумен шұғылданды. Бір жарым миллион адамның өмірін үзген ашаршылыққа назар аудармастан Аралдың балығы Поволжьеге жөнелтілді. Павлодар уезінде аштарға деп жиналған ет еуропалықтарға жетпей, сасып жатты. Ал онымен жапсарлас Торғай өңірінің қазақтары аштан қырылып, ел кезіп, «без теріп» кетті. Осыған орай Қазақстан мен Түркістан деңгейінде А.Байтұрсыновтың ұсынысымен «Көмек» комитеті құрылды. Басында бейтараптық танытқан Өлкелік комитет, ел-жұрттың алдындағы беделінен айырылып бара жатқанын көріп, еріксіз араласады. Ол туралы С.Меңдешевтің өзі: «Алашордашылар аштарға көмек көрсетуде белсенділік танытып, дербес қимылдап еді, біз олардың бұл әрекетіне қарсы тосқауыл қойып, іске араластық» – деп жазды.
О.Исаев Ж.Аймауытовтың сотқа тартылуы туралы түсінік бере келіп: «

ӘСКЕР МӘСЕЛЕСІ

ХАЛЕЛ ҒАББАСОВ
«Алашорда» үкіметі мен кеңес өкіметі арасындағы алғашқы «сымсыз байланыспен» сөйлесіп, қазақтың тәуелсіздікке бет алған жолының сүйінші хабарын алғаш жариялаған адам осы Халел Ғаббасов. Баспасөзде жарияланып, ғылыми айналымға түскен бұл құжатты біз де пайдалануды жөн санадық Өйткені барлық тәуелсіздік пен тағдыр тауқыметі осы құжаттан басталады.

«1918 ж. 19 мартта совет үкіметінің мүшесі, ұлт жұмыстарын басқарушы комиссар Сталин Мәскеуден Семейдегі «Алашордасының» бастығы Әлихан Бөкейханов һам оның жолдасы Халел Ғаббасовты ауызша сөйлесетін төте телеграфқа шақырды. Ертеңінде 20 мартта комиссар Сталин мен Халел сөйлесті. Сталин «Алаш» автономиясы туралы сөйлеспекші екен. Екі жағы өз пікірлерін айтысып, ақырында совет үкіметінің атынан халық комиссары Сталин мынаны айтты (Сталин сөзін өзгертпестен түсгелімен тәржіма қыламыз):

Русиядағы халықтардың құқықтары туралы Халық комиссарлары шығарған белгілі ережесі бұл күнге шейін ұлт мәселелесі тақырыпты совет үкіметінің негізгі қызмет жобасы блып келеді. Үшінші советтер сьезі осы ережені жайғастыруға қаулы қылды. Өзіңіз бізге тапсырып отырған жалпы қазақ-қырғыз сьезінің қаулысы түгелімен жоғары жобаға муафық келеді. Бірақ жалғыз-ақ шарт қоямыз: егер сіздің сьезіңіздің қаулысы өкілдеріңіздің совет үкіметін тануға халаф болмаса болғаны. Үшінші советтер сьезі советский федерация низамын жасап һам бұл мизам ІҮ советтер сьезінің бекітуіне салынсын деп қаулы қылынды. Бұған қарағанда енді сөзді қойып, іске кірісу керек, яғни, әрбір тұрмысы, салты басқа халықтар жергілікті советтермен қосылып, автономия, федерация алу құқы, басы байлы бөлініп кету секілді ұлт ниеттерін жарыққа шығаруға сьез шақыратын комиссия құруға тырысу керек. Біз ойлаймыз, жалпы қазақ-қырғыздың өкілдері тез қамданып, ыңғайлы уақытты өткізбей, жергілікті советтермен бірігіп, әлгідей комиссияны құрар. Сізден өтінеміз, біздің жауабымызды «Алашорданың» кеңесіне салып, жауап қайтарсаңыздар екен. Адрес: Мәскеу, Кремль, Халық комиссарларының бастығы Ленинге һам Халық комиссары Сталинге».

Міне, «Алашорда» мен кеңес үкіметінің арасындағы алғашқы және басты келісім құжаты осы. Бұл құжат – қазақ мемлекеттігін құруға мүмкіндік берген ресми құжат. Яғни, Әбілқайырдың Анна Иоановнаға берген бодандыққа кіру туралы тек қана қолы қойылған ашық бетті қағаздың құнын жоятын ұлы құжат. Большевик қазақтардың ойына автономия кірмеген,тіпті, оған қарсы болып жанталасып жүрген шағы. «Алашордамен» екі ортадағы келісімді жүргізген Сталин араға тура он жыл өткен соң екінші «әріптесін» – Халел Ғаббасовты түрмеге қамап, ату жазасына кесті. 21 наурыз күні «Алашорда» үкіметі 11 баптан тұратын келімшартты Кремльге жіберді. Олар:

1917 жылдың желтоқсанының 5-нен 12-не дейін Орынборда өткен жалпы қазақ сьезінің қаулысы бойынша «Алаш» автономиясы жарияланды және оның территориясына – Семей, Ақмола, Торғай, Орал, Сырдария, Ферғана, Жетісу, Бөкей ордасы, Закаспийский облысының Маңғышлақ уезі, Самарқан облысының Жизақ уезі, Амудария бөлімі, Алтай губерниясына қараған Бийскі, Барнаул, Змейногор уездеріндегі қазақтар басым қоныс жайлаған жерлер кіреді.

2. «Алашорда» үкіметіне қазақтан басқа ұлттардың ішінен азынан – аз, көбінен – көп мөлшерде жиыны он адам мүше боп кіреді.

3. Заң шығаратын және билеитін орын – «Алашорда».

4. Облыстық бөлімдердің көмегіне сүйеніп Құрылтайды шақыру «Алашорданың» құқында болады.

5. Өкілдерді уездер, қала тұрғындары сайлайды.

6. Бұл заң күшіне енгенше бұрынғы земстволық және қалалық құрылымдар жұмыс істейді.

7. Қазақ-қырғыздар арасындағы істі сайланған соттар қарайды.

8. Құрылтайдың қаулысына сәйкес қазақ-қырғыз милициясы құрылады.

9. «Алашордаға» байланысты түрмеге қамалғандар босатылсын және оларды қудалау тоқтатылады.

10. Москвадағы «Алашордаға» қатысты істерді елші ретінде Халел және Жаһанша Досмұхамедовтер жүргізеді.

11. Осы шарттарды кеңес өкіметі қарап, келісімге отыруы тиіс – деген мазмұндағы ұсыныс.

Бұл ұсынысқа «мәселені тездетіп шешіп, сөзден іске көшуді» ұсынған Ленин мен Сталин бір айдан астам уақыт жауап бермейді. Азаматтық соғыс жүріп жатқан ел үшін бұл өте ұзақ уақыт. Сондықтан да шұғыл түрде тағы да 1918 жылы 21 сәуірде Алашорданың күншығыс бөлімінің бастығы Халел Ғаббасов Ленин мен Сталинге:



«Қазақ автономиясы мәселесі – қазақ халқы үшін өмір мен өлім мәселесі болып табылады. 2 сәуір күні комиссар Сталин арқылы тура сымсыз тораппен жолданған Халық комиссарлары кеңесінің көзқарасы қазақ халқының арасына аздаған жұбаныш әкелді. Алайда жергілікті халықтың табиғи талабына өктемдікпен қарау жергілікті кеңес депутаттары тұрғысынан тиылмай отыр. Қазақ ұйымдарын қудалау, олардың мүшелерін тұтқындау қазақ жұртын алаңдатып, ұлттық араздықты өршітеді. Бұл отты дер кезінде өшіру керек және ұйымдастыру жұмыстарына шұғыл түрде кірісіп, бас көтеріп келе жатқан аласапыран мен толқулардың алдын алу қажет. Қазақ халық кеңесі – қазақ халқының талабын бұлжытпай орындайды, сондықтан да автономия идеясын тездетіп жүзеге асыруға мүмкіндігінше күш салады және сіздерден шұғыл жауап күтеміз. Ресми мәліметімізді 3 сәуір күні тура сымсыз торап арқылы жолдадық.

«Алашорданың» төрағасының орынбасары Ғаббасов» – деген жеделхат жолдады.

Ал бұл кезде Москвада жүрген Досмұхамедов Халел мен Жаһанша баспасөз арқылы: «Бүкілқазақтық халықтық «Алашорда» кеңесі кеңес өкіметін Россия федеративтік республикасын мойындады.және Халық комиссарлары кеңесімен байланыс орнатты. Халық комиссарлары кеңесі жанынан таяу күндері Қазақ ісі жөнінде комиссариат құрылады, көп өтпей Қазақ автономиялы өлкесі туралы декрет жарияланады. Халық комиссарлары кеңесінің 1сәуір күнгі №335 қаулысына сәйкес Уралдан сыртқы облыстар бұрынғы өзінің қызметіне кіріссін. Бұл туралы төменде қол қойғандар сіздерге хабарлай отырып, мынаны ескертеміз: барлық қазақ жер комитеттері мен ұйымдарын, сондай-ақ Уралдың сыртындағы Орал облысының қазақтарын кеңес өкіметіне қарсы қандай да бір қарсы әрекетке бармауын және ешкімге ешқандай жағдайда көмек бермеуін өтінеміз. Қазақ ағайындар, естеріңізде болсын, сендердің ерікті ұлт болып өмір сүру құқықтарыңды кеңбекшілдердің кеңес өкіметі мойындар отыр, орыс пролетариятының осы саяси парасатын бағалай біліңіздер» – деген үндеу жариялады.



Мұның астарында әскери тұрғыдан арандап қалмасын деген мақсат бар еді.

Кеңес өкіметі майданның аңысын аңдып, егер большевиктер жеңіске жете қалған жағдайда қазақ автономиясынан бас тартуды көздеп отырғаны «Алашорда» қайраткерлеріне де аян еді. Сондықтан да әскер жасақтап, қару алып, майданға шықпаса, арлы-берлі сапырылысқан ақ пен қызыл, атамандар мен партизандар қазақ халқын жусатып салатыны анық еді. 1918 жылдың 6 (19) маусым күні кешкі сағат 6-да «Алашорда» жасағы Семейге келіп, әскери саппен Никольский шіркеуінің алдынан жүріп өтті. Шеруді сол күні қалаға келіп үлгерген «Алашорда» үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханов қабылдады. Алаш жасағының командирі подполковник Тоқтамысов «Алла жар!» деп ұран салды. Барлық жасақ «Аллажарлап!» шеруден өтіп бірден майданға аттанды. Ал «екінші қазақ-қырғыз құрылтайының қаулысы бойынша 11/24 маусым күні «Алашорда» үкіметі Алаш қаласында ресми түрде іске кірісті... Семей мен Ақмола облыстарында милиция жинау ісіне аса шұғыл кірісіп, отряд құрылды. Отрядтардың бісыпырасы атты казак Һам офицерлермен (ақ гвардия) қосылып, Жетісу облысындағы большевиктермен соғысуға кетті…Түркістан жағынан атты казак һам башқұрт жігіттерімен бірге большевиктермен соғысуға аттанғаныңыз ұнайды. Бұл туралы Дутовқа телеграмма берілген. Ахмет Байтұрсынов 29 июньде Қостанайға кетті. Міржақып Дулатов екі жұма шамасында мұнан шығар. Қазақтан шыққан большевиктерге ешбір рақым қылмаңыз». «Кеңес өкіметі шығарған барлық декреттер «Алаш» автономиясы территориясында күшін жойсын». «Алаш» автономиясы территориясында земство мекемесі 1917 жылғы 17 маусым күнгі Уақытша өкімет кіргізген заң бойынша қайтадан іске кіріссін, кеңес өкіметі мекемелері таратылсын». «Алалшорда» үкіметінің жанынан Әскери министрліктің міндетін атқаратын үш адамнан тұратын әскери кеңес құрылсын». Сот пен тергеу комиссиясы құрылсын». «Алашорда» үкіметі – «Алаш» автономиясы территориясында жергілікті Облыстық және уездік кеңестер арқылы билік жүргізеді». «Алашорда» кеңесінің мүшелері – Ә.Бөкейхановтың, М,Тынышбаевтің, Х.Ғаббасовтың атынан жолданған бұл суыт хабарлар берілген кезде кеңес өкіметі тарапынан автономия мәселесі толық ресми түрде шешілмеген еді. Сол күні – 11маусым күні қатаң түрде: «қазақ халқы кеңес өкіметін еш уақытта мойындамаңдар және кеңес өкіметіне бағынбаңдар» – деп (сонда, 171, 191-беттер) нұсқау берді. А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Р.Марсеков, байжігіт болысы Қанағат Сүлейменов сәуір айында Шәуешек қаласына барып, «Алашорданың» шет елдегі бөлімшесін ашуға ұмтылады. Ондағы Ресей консулы арқылы әскери байланыс орталығын ашады. Жетісудағы «Алаш» әскері майданға бел шешіп кірісіп кетеді. Олардың шұғыл түрде әскер құрмасұа амалы да жоқ еді. Жұмысшы-шаруа әскері дегенді сылтау етіп құрылған большевиктер құрамасы 1916 жылғы қазақтарды қырып жазалау және олардың жерін қазақтардан тазалау «әскери серуеніне» барынша жедел кірісіп кеткен еді. Олар үшін бала да, қарт та, жауынгер де бәрібір кәдімгі «қарауыл» ғана болатын. Бұған қызыл комиссар Д.Фурмановтың өзі тосқауыл қоя алмай, өзі құрған қақпанның құрсауына өзі түскен еді. Алаштың алғашқы құрбаны – Қазы Нұрмұхамедов 6 наурыз күні таңғы сағат 9-да қызылдардың қолынан шеру алдында қаза тапты. Ал Мұхамеджан Тынышбаев, С.Ақаев, Садық Аманжолов, Ы.Жайнақов, Отыншы Әлжанов сынды алаш қайраткерлері Жетісу «Алаш» әскеріне жетекшілік етті. Ы.Жайнақов: «Қытай жеріменен Шәуешекке «Алашорданың» Жетісу бөлімінің барша мүшелері келді. Бұл жақта қазақ пен казак-орыстың хал-жайы қатты аянышты. Талау, асып-атудан көзі ашылмайды.Қазақ-орыс қалаларын һам ауылдарын большевиктер тобымен құртып жіберді. Үржар қаласы да таланға шалдығып, 1000-дай қазақты өлтірді. Сібір үкіметінің отряды Аякөз маңынан да естіледі. Жеңген, жеңілгенінен хабар жоқ. Хабар алуға, хабарласуға бүгін келдік. Хабарласуға қазақ отрядын түзеп жатырмыз. Жетісудағы большевиктердің саны 10 мыңнан асады…» – деп хабарлады. Жалпы «Алашорда» әскерінің майданда табанды түрде бетпе-бет соғысқан тұрақты құрамасы осы жетісулық жасақтар. Бұлар қан майданды кеше отырып, кеңес тұсында М.Тынышбаев пен О.Жандосовтың күш-қайраты нәтижесінде қысымға ұшырамай, қызыл қазақ атты әскер полкін құрды. Ағайынды Мамонтовтардың қырғыны Алтай мен Алатау арасын қызыл қанға бояды. Қатыгездіктің ең анайы түрін қолданды. Шекаралық аудан: «Мақаншыда большевикпен соғыс болып, Отыншы Әлжанов айуандықпен өлтірілді (тірідей отқа жағып жіберілді), Салық Амнжолұлы жараланды. Қазақ азаматтары қару-жарақтың аздығынан жеңілді. Соңғы адамды жартылай қаруланған жүздікпен Шәуешекке жібердік. Бұл жақтағы большевик әлі күшті. Сібір үкіметі тез құрал бермесе, Жетісу халқы қырылады. Алматы, Жаркент уездерінде казак – орыс станицалары қалған жоқ. Қапал, Лепсі уездеріндегі қазақ шығыны есепсіз. Пржевальскі, Пішпек уездеріндегі қазақ – қырғыздың не күйде екені белгісіз. Қазақтардан әскер жасақтау мақсатында тау арқылы Сергиопольге келдік, қорытындысын хабарлаймыз. Жайнақов, Жақыпов, Мамытов, Кәдірбеков, Ниязов» – деп жеделхат жолдады. Қару-жарақтың жетіспеуінен қырғынға ұшыраған «Алаш» әскеріне М.Тынышбаев оқ –дәрі, қару-жарақ алып шығады. Ол бұл қаруларды Үшаралдағы Анненковтың әскеріне өткізіп береді. Өзі әскери іске араласудан бас тартады.
Заки Валидов дұрыс айтқандай, Торғайдағы «Алашорда» әскеріне ең басты қауіп ақгвардияшылар да емес, қызылдар да емес, өз ішінен шыққан большевиктер – Жанкелдин мен Аманкелдінің әскері болды. Өйткені екі әскердің сүйенетіні де бір ел, азық-түлікпен қамтамасыз ететін де бір ел, бір-бірінің өмір сүру тәсілі мен айла-амалын да өте жақсы білетін. Негізінен Торғай мен Ырғыз өңірінен жасақ қатарына алынған қосындар сол баяғы ру тәсілі бойынша жасақталып еді. Ашығын айтайық, қызылдар – қыпшақтар, арғындар – алашордашылар армиясын құрады. Он алтыншы жылғы ұлт –азаттық көтерілісі тұсында қару ұстанып, әскери іске жаттығып қалған бұл өңірдің азаматтары майдан заңын тез игеріп кетті. Әрі Каспийден түсірілген оқ –дәрілер мен азық-түлік, қару-жарақ және рулық намыс үгіт-насихаттан көрі шешуші міндет атқарды. Бұл соғыста екі қазақ жасағы үшін алғы шеп те, артқы шеп те біреу ғана болатын. Бір ауылға большевиктер түстеніп, алашордашылар қоналқаға орналасып жүрді. Өкінішке орай, Ойыл мен Жымпитыдағы, Қызылқоға мен Үстірттегі, Созақ пен Сарысудағы, Торғайдағы, Ырғыздағы, Семейдегі сарбаздар мен сардарлардың, большевиктер мен алашордашылардың арақатынасы сол рушылдыққа негізделген екен. Архив деректерін оқып отырып төбе шашың тік тұрады. Біз оны таратып жатпаймыз. Дегенмен де «Алашорда» ісіндегі» тергеуде қамтылатын оқиғалардан хабардар ететін, шындыққа көз жеткізуге себін тигізетін құжаттарды қамти кетеміз. Онсыз кімнің айғағы дұрыс, кімнің айғағы қатер, кім жорта жауап берді, ол жағы толық ашылмай қалады. Біздің мақсатымыз – мәнсіз мағлұматты жиып –теру емес, ақиқатты ажыратып, адам тағдырын аңыздан аршып алу.

Міне, осындай қанды майдан жүріп жатқан кезде А.Байтұрсыновтың кеңес өкіметінің комиссарларына: «Алашорданың» шығыс бөлімшесі әзірше бұл жағдайдан беймағлұм әрі олар Колчак пен атамандардың әскерінің құрсауында. Одан тез арада шыға алмайды» – деп түсініктеме беруінің астарында осындай саяси қадамдар жатыр.



Кеңес өкіметін құрған қайраткерлердің барлығы да патша тұсында жандармереяның қуғынында ысылған, астыртын, құпия, тыңшылық жұмыстарды меңгерген кәнігі «түрмегөлер» еді. Сондықтан да олар тыңшылық жұмысты өте құпия әрі жанкештілікпен жүргізді. «Алашорда» қайраткерлеріне кешірім жасалғанмен де олардың соңынан тыңшылық жасау бір сәтке де тоқталған емес. Ол үшін бұрынғы жандармерея тыңшысынан бастап қарақшылар мен бандыларды да «ақылы қызметке» тартты. Мысалы,1922 жылы ГПК тыңшысы Облыстық өлкелік комитетке «Алашордашылардың» әр қайсысына жеке-жеке мынадай мінездеме берген:

«Қазақстан ақгвардияшыл бандылардан толық тазартылғаннан кейін жаңа ревком техникалық жұмыстарға пайдалану үшін Бөкейхановты Орынборға шақыртты. Ол мұнда аз ғана болды да Семейге қайтып кетті, қазір де сонда. Кеңес өкіметіне қарсы күрескен барлық бұратаналарға жарияланған кешірімнің Бөкейхановқа ешқандай әсері болған жоқ, Байтұрсыновтан бастап алашордашылардың дені РКП(б) мүше болып, кеңес өкіметінде жауапты қызметте істейді. Бөкейхановтың Семейге кетуінің себебі: бастапқыда Монғолия мен Қиыр Шығыстағы жағдай қалай бетбұрыс жасайды, соның аңысын байқап отырғысы келді, кейін Бакичтің бандыларының әскери әрекетін күтті, енді міне, оның Унгернмен байланысы баспасөзде жарияланды. Мұның барлығы Бөкейхановтың кеңес өкіметін құлатуға жатпай-тұрмай күресіп жүргендігін байқатады» – деп мағлұмат берді.

Құпия қызметкердің осы мағлұматында Халел Ғаббасов туралы: « Бұрынғы земство басқармасының меңгерушісі. Семей уезінің Шаған болысының қазағы, 36 (1922 ж.) жаста. Москва университетінің математика факультетін бітірген. Басында ұсақ қарыз, несие банкісінде инспектор, 1917 жылдан «Алашорда» үкіметінің мүшесі, «Сарыарқа» газетінің редакторы, содан кейін «Алашорда» үкіметі төрағасының орынбасары, кейінгі кезде Семей Жер басқармасының мүшесі. Өте ысылған, қунақы, ақылды және өте қауіпті қызметкер, диплома-саясаткер. Ғаббасов Шыңғыстауда өмір сүретін тобықты руынан. Тобықтылар екі жікке бөлінген. 1917 – 1920 жылдардың арасында тобықтыларда аса мықты екі жік болды, Ғаббасовтардың дұшпаны большевиктерді жақтады. Оның басында Шаған болысы, беделді, бірақ сауатсыз қазақ Мұсатай Молдабаев тұрды. Ол жалғыз өзі Ғаббасовпен, Бөкейхановпен күресті. Ғаббасовтың қитұрқы қулығының нәтижесінде бұлар қазір қыспақта.
Дулатов Міржақып Торғай уезінің Сарықопа деген жерінде туған. Арнайы педагогикалық классты бітірген, мұғалім болған және әдебиетпен айналысқан. 1917 жылдан «Алашорда» үкіметінің мүшесі, «Қазақ» газетінің бас қызметкері. Кеңес өкіметіне қарсы соғысқан 1918 жылғы І және ІІ жалпықазақ атты полкін ұйымдастырушылардың бірі. Соңғы төңкеріске дейін Түркістанда болған, ондағы «Ақ жол» газетінде істеді, 1921-1922 жылдары Семейге ауысты, Семей губерниялық халық сотында, соңғы кездері Аштарға көмек комиссиясының жетекшісі. Дулатов жігерлі, алғыр. Ғаббасовқа қарағанда өте батыл қимылдайды. Ғаббасов, Бөкейханов үшеуі қазақ қызметкерлерінің ішіндегі ең баскөтерерлері, жоғарыдағы көрсетілген бағытта істелетін жұмыстардың барлығы да осы үшеуінің ақылымен істеледі» – деп (сонда, 113-114 беттер) жазған.

Бұл мәліметтің біз үшін құндылығы – алаш ардагерлерінің өмірінен, мінезінен қосымша мағлұматтар білеміз. Жоғарыда Х.Ғаббасовтың «қас жауы» Мұсатай Молдабаев тәргіге түсердің алдында арыз жазып, өзінің туған құда баласы – жеңгесінің бауыры Халел Ғаббасовты түрмеге қаматты. Ал оның негізгі дұшпаны, туған ағасы, «Алаш орда» үкіметінің бас демеушісі Ике Әділев болатын. Ал Ике Әділев Халел Ғаббасовтың туған әпкесіне үйленген. Міне, «қазақы большевиктің таптық негізі» осындай рулық күндестіктен туып еді. Мұсатайдың өзі де 1928 жылғы тәргілеу кезінде итжеккенге айдалып кетті. Х.Ғаббасовтың тұтқындалуы жаңағы «большевик Мұсатай Молдабаевтің» ұйымдастырған арызына байланысты еді. Әрине, жағдайды жіті бақылап отырған тыңшылар мұндай сәтті оңтайлы пайдаланды. Тұтқынға қаматқан тағы бір қосымша оқиға – Халелдің жездесі Ике Әділев сол жылдары Шәкәрімнің ұлы Зиятпен, Құнанбайдың немересі Бердеш Әзімбайұлы Тәкежановпен, Мұхтар Әуезовтің немере ағасы Бурахан Әуезовпен, Райымжан Марсековпен бірге Шығыс Түркістанға қоныс аударып кеткен еді. 1931 жылғы Шәкерім қатысқан Шыңғыстау мен Шұбартаудағы «ақ сиырдың көтерілісі» Х.Ғаббасовқа қаратылған үкімді орындатуға белгілі дәрежеде ықпалын тигізген. Әрине, мұның барлығы ебепке себеп қана.

Тыңшылық істің жылдық қорытындысы туралы берген есебінде Каширин мен тергеу бөлімінің бастығы Якубовский:

«Бөкейханов пен Дулатовты Семей губерниялық бөлімі жолдаған ақпараттарға сүйеніп, солардың сұрауы бойынша тұтқындауға рұқсат беріп едік, мұның барлығы да кейін өтірік болып шықты.Губаткомның бұрынғы төрағасы Әуезовтің қазіргі губаткомның төрағасы Досовтан талап еткеніндей, бұл тұтқындау Қарқаралы мен Семейдегі қазақ қызметкерлері арасында қажетсіз керіс туғызуы мүмкін. Мұны ГПУ қызметкерлері кездейсоқтық деп түсіндіруі қажет.Соңғы уақытта бірінші топтың мүшелері Орынборға жиналып жатқаны байқалады» – деген мағлұмат береді. Демек, Семейдегі «саққұлақтардың» шектен тыс сақтығы алаш азаматтарын біраз әбігерге салған. Өйткені Ә.Бөкейханов іске тартылса, онда қалғандарының ешқайсысы аман қалмайтыны белгілі. Ә.Бөкейханов өзгелерді сақтау үшін де өзін сақтау қажеттігін анық түсінген. Сондықтан да Сталиннің қасында «жүрсе» өзгелерге қауіпсіз болады деп шешкен сияқты.

Бұл туралы сол тұстағы Қазақ автономиясының бас чекисі Каширин 1922 жылы 12 желтоқсан күні өте құпия түрде:


Каталог: repository -> history -> 24%20%D1%82%D0%BE%D0%BC.%20%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B%20%D0%BC%D0%B0%D2%9B%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%80 -> %D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Абай мектетебі
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> ҮШінші бөлім: «БҰзылған бесік » «Бізді аямасаң да жолыңда жатқан бесікті аясаң болмай ма?!»
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Абайдың шәкірттері туралы. 1951 жылы, 6-апрель күні Алматыда қорғалған «Абайдың әдебиет мектебі»
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Абай туралы Ә. Бөкейханов,
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Сонымен, 1951 жыл. Жиырма үшінші ақпан. Жазушылар жиналысы. Бұл жолы сөздің кезегі бірінші болып өмірінде бірінші рет Сәбит Мұқановтан бұрын Мұхтар Әуезовке берілді
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Ііі том. 93 бет. 6 түптеме
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> МҰхтар әуезов пен сәбит мұҚанов
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Стенграмма: Талқылау барысында әлі жарияланбаған дастандар да сынға ілініп кетті. Оған Қ. Жармағамбетов өзінің қорытынды сөзінде
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет