Мазмұны кіріспе 1 КӨмірсутегілік шикізатты өндірудің технико- технологиялық ерекшеліктері



бет1/11
Дата01.05.2016
өлшемі1.84 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 КӨМІРСУТЕГІЛІК ШИКІЗАТТЫ ӨНДІРУДІҢ ТЕХНИКО-

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1 Мұнайды өндіру іс-шараларын ұйымдастыру

және жоспарлау

1.2 Мұнай кеніштеріндегі қолданыстағы мұнай

өндіру әдістері ШТС, атқыламалану

1.3 Өндірістің тиімділігін энергияны үнемдеуші технологияларды

енгізудің барысында арттыру

2 МҰНАЙ ӨНДІРУ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ӨНДІРІСТІК

ШЫҒЫНДАРЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

2.1 Мұнай және газ өнеркәсіп кәсіпорындағы өнімнің өзіндік

құнын құрылым ерекшеліктері мен шығындарының топтамасы

2.2 Технико-технологиялық шараларды жүзеге асыруға кететін

өндірістік және пайдалану шығындарының ерекшеліктері

2.3 Мұнай өндіру бойынша көмекші бөлімшелерінің шығындарын

талдау

2.4 Мұнайды жинау мен дайындауға кететін шығындардың



ерекшеліктері

2.5 Қабат қысымын ұстап тұру шараларына жұмсалатын

шығындарының ерекшеліктері

3 КӨМІРСУТЕК ШИКІЗАТЫН ӨНДІРУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН ПАЙДАЛАНУ ШЫҒЫНДАРЫН АЗАЙТУ ЖОЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ

3.1 Өндіріс шығындарының азайтылуын жоспарлау және

олардың экономикалық ынталандыруы

3.2 Мұнай өндірісі өсімінің барысында іс-шаралардың тиімділігін

экономикалық бағалау

3.3 Шығындарды азайту барысында шаралардың экономикалық

тиімі

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Зерттеу мақсаты. Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты мұнай өндіру өнеркәсіптің көмірсутек шикізатын өндіруге жұмсалатын пайдалану шығындарын азайту жолдарын жетілдіруді қарастырамыз.Мұнай өндіруге кететін пайдалану шығындарын тиімді пайдаланса шығындарда азаяды. өнеркәсіпке пайда көп түссе, онда өнеркәсіптің жағдайы да жақсарады. Көмірсутек шикізатын өндіру өнеркәсібінің өндірілетін өнімінің сапасы жоғары болса, ол нарықта жақсы пайда әкелсе, онда пайдасы көбейіп шығындары азаяды. Жұмысшыларды еңбек өнімділігін арттыруға, өнім сапасын арттыру мен оның өзіндік құнын төмендетуге деген материалдық қызығушылығын арттыру үшін еңбекақы төлеудің сыйақылық жүйелері қолданылады, бұл жағдайда жұмысшыларға тікелей кесімді бағалар немесе тарифтік мөлшерлемелер бойынша еңбекақымен қатар жұмыстың белгілі түрдегі сандық және сапалық көрсеткіштерін орындау мен асыра орындағаны үшін сыйақы төленеді. "Қазақстанда өнімнің өзіндік құнындағы энергетикалық шығындардың алатын үлесі басым бола бастауда, осыған орай отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі барған сайын отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеп пайдалануға көбірек байланысты болуда.Өнімнің өзіндік құнын азайтуың үлкен халық-шаруашылық маңызы бар. Өнімнің өзіндік құнының азаюының нәтижесінде ең алдымен кәсіпорындар мен халық шаруашылық салаларындағы пайда арта бастайды және олардың тиімділігі артады.

Мұнай өндірісіндегі материалдық шығындар қосалқы материалдардан, отын мен энергиядан, сондай-ақ геологиялық-барлау жұмыстарына арналған аударымдардан құралады.Қазіргі кезде Қазақстан Республикасындағы мұнай өндіретін өнеркәсіптер шығындарын азайту үшін көптеген мүмкіндіктер жасайды. Өнімнің өзіндік құны бойынша жоспарды құрастырған кезде сол кәсіпорынның өнімін өндіру мен сатумен қатысты шығындар ғана есептеледі. Шығындардың басқа түрлері (мысалы, өнеркәсіптік емес шаруашылықтарды ұстау, материалдардың жетіспеуі және т.б.) үкімет ескерген шешімдерді санамағанда, өнімнің өзіндік құнына енгізілмейді. Өнімді өндірумен қатысты болатын шығындар өндірістік болып табылады, ал өнімді сатумен сондай-ақ кейбір орталықтандырылған аударымдармен қатысты болатын шығындар - өндірістен тыс деп аталады. Өнімді шығару мен сатуға жұмсалатын шығындар аса сан-алуан болып келеді және өзінің құрамы бойынша, экономикалық мәні бойынша, олардың өнімді жасау мен сатудағы ролі бойынша әртекті болып келеді. Сондықтан олардың анық жіктемесі өзіндік құнды жоспарлау мен есепке алуда, сондай-ақ әсіресе өнімнің өзіндік құнының төмендеу резервтерін анықтау мақсатында оның экономикалық талдауы үшін маңызды мәнге ие болады. Өнеркәсіп кәсіпорнының өнімді өндіру мен өткізу саласындағы өндіріс құралдарының, еңбек күшінің, қызметтердің ақысын төлеуге жұмсайтын ақшалай түрдегі шығындары өнімнің өзіндік құны деп аталады. Бұл кәсіпорындардың, құрылыстық, көліктік және басқа ұйымдардың іс-әрекетінің аса маңызды экономикалық көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

Зерттеу объектісі. Мұнай өндіру өнеркәсіптеріне көмекші бөлімшелер, мұнайды жинау және дайындау, қабат қысымын ұстау цехтары, транспорттық, жөндеу, құрылыстық сияқты өнеркәсіптер кіреді. Әр өнеркәсіптер мен цехтардың мұнайды әр түрлі саладан дайын өнім ретінде шығарғаны үшін кеткен шығындары бар.

Цехтық өзіндік құн сол өнімді кәсіпорынның цехтарында шығаруға жұмсалатын барлық шығындарды қамтиды.

Фабрикалық-зауыттық өзіндік құнға кәсіпорынның өнімді жасауға жұмсайтын оның басынан бастап қоймаға дайын өнімді өткізуге дейінгі барлық шығындар кіреді. Цехтық өзіндік құнмен қатар оған тұтастай кәсіпорынды басқару мен оның жалпы шаруашылығын ұстау жөніндегі шығындар енгізіледі. Пайдаланудың сығымдағыш әдісі кезінде тікелей шығындарға ұңғымаға жұмыстық агент ретінде тоғытылатын қысылған ауаның немесе газдың құны жатады. Соған сәйкес бұл шығындар ұңғымаларды сол не өзге түрдегі әдіспен пайдалану арқылы алынған мұнайдың өзіндік құнына жатқызылады.Мұнай өндірісінде өндіріске жұмсалатын барлық шығындардың шамамен алғанда 40%-ы мұнай ұңғымалары бағасының жоғары болуына байланысты негізгі қорлардың өтелу үлесіне тиіп отыр. Энергетикалық шығындардың меншікті салмағы бірқатар факторларға байланысты болады, олардың бастысына кенішті үңгілеу сатысы (мұнайды өндіру әдісі) жатады.

Мұнай мен газдың өзіндік құны негіздемеленген техникалық-экономикалық нормалар мен материалдық, еңбек және ақшалай шығындар жүйесіне негізделген. Мұнай мен газды өндіру шығындары өзгерген жағдайда техникалық-экономикалық және ұйымдастыру факторларының жағымды әсерінің және табиғи жағдайлардың қымбаттатқыш әсерінің есебімен келесідегідей көрсеткіштер есептеледі: салыстырмалы тауарлық өнімнің өзіндік құны, салыстырмалы тауарлық өнімнің өзіндік құнының төмендеуі (қымбаттауы), тауарлық өнімнің жұмсалуы.

Зерттеу заты. Өндірістік өнімге кеткен шығындарды өнеркәсіп есептейді. Шығындар бірнеше түрге бөлінеді. Шығындарды санау үшін өнеркәсіп барлық пайдалану шығындарын жинақтап шығындар сметасын құрайды. Ол шығындар сметасының ішіне энергия, транспорт, қосалқы және негізгі материалды, амортизация, еңбек ақы, әлеуметтік сақтандыруға арналған аударымдар кіреді. Сол арқылы өнеркәсіп ай сайын кеткен шығындарын есептеп шығарады. Өнімнің өзіндік құны – кәсіпорындар жұмысының аса маңызды көрсеткіштерінің бірі – кәсіпорындардың өнімді өндіру мен өткізуге жұмсайтын ақшалай түрдегі шығындары болып келеді. Аз мұнайға тән болатын ұңғымалардың ағымдағы жөндеуіне қатысты шығындардың жоғары меншікті салмағы мұнайдың механикаландырылған өндірісінің ең үлкен көлемімен, сондай-ақ сол аудандағы мұнай коллекторларының ерекшеліктерімен байланысты болып отыр.

Мұнай-газ өндірісіндегі материалдық шығындар мұнай мен газды өндіру процестері бойынша нормативтердің көмегімен есептеледі.Шикізат пен негізгі материалдар мұнай газ өнеркәсібіндегі қолданылмайды. Материалдық шығындарда меншікті салмаққа қосалқы материалдар мен энергия ие болады.

Шығындарды жоспарлаудың негізгі міндеті кәсіпорынның келешек кезеңде күтіліп отырған іс-әрекетінің экономикалық нәтижелерін белгілеуге негізделген.

1 КӨМІРСУТЕГІЛІК ШИКІЗАТТЫ ӨНДІРУДІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1 Мұнайды өндіру іс-шараларын ұйымдастыру және жоспарлау


Мұнай мен газды өндірудің ұйымдастыру әдістері көптеген факторлармен белгіленеді. Көбінесе олар мұнай кенішінің табиғи жағдайларына байланысты болып келеді: шоғырдың көлеміне, қаттың қуаттылығына, оның режиміне, коллекторлардың физикалық қасиеттеріне, ұңғыманың тереңдігіне және т.б. Табиғи-географиялық жағдайлар шоғырды қазу жүйесін, б.а. мұнай алаңындағы ұңғымалардың саны мен олардың орналасуын, оларды пайдалануға енгізу тәртібін, ұңғыманың жұмыс тәртібін және қатты энергияның теңгерімін реттеуді және т.б. таңдауға негіз болады.

Өндірісті ұйымдастыру – бұл еңбек процестері мен өндірістің материалдық элементтерін уақыт пен кеңістікте оңтайлы үйлестіру. Мысалы, егер өндірістік процесс бес еңбек әрекеттерін құралып, олардың барлығы әрқайсысы өз жұмыс орнында бір уақытта орындалатын болса, онда процесс уақыт бойынша толықтай сәйкестендірілген және кеңістік бойынша бөлінген. Егер де олардың барлығы бір жұмыс орнында орындалса, процесс кеңістікте толықтай біріктіріліп және уақыт бойынша бөлінген болып келеді (бұл жағдайда уақыт үйлесімі жоқ). Осылайша, процестерді кеңістік бойынша бөлудің әр түріне оны уақыт бойынша орындаудың белгілі бір тәртібі сәйкес келеді. Бұл ретте еңбек затын бір жұмыс орнынан екінші бір жұмыс орнына беріп отырудың тәртібін ескерген дұрыс. Өндірісті ұйымдастыру – бұл еңбек процестері мен өндірістің материалдық элементтерін уақыт пен кеңістік бойынша оңтайлы үйлестіру әдістерінің жиынтығы.Жоспарлауды ұйымдастыру және жоспарлардың орындалуы барысын бақылау ісі кәсіпорынның жоспарлау (жоспарлау-экономикалық) бөліміне жүктелген. Оған төмендегілер жатады:



  • кәсіпорын үшін міндетті болып табылатын жоспарлардың құрылымын әзірлеу және оларды кәсіпорынның басқару органдарына олардың бекітуіне арнап жөнелту;

  • өздерінің түрін кәсіпорын басшылығы бекіткен жоспарларды құрастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, жоспарлау жұмысына қатысатын кәсіпорынның барлық бөлімдері мен қызметтерінде материалдар мен бастапқы мәліметтерді әзірлеу;

  • кәсіпорынның іс-әрекетінің аса маңызды бағыттары бойынша техникалық-экономикалық болжамдарды құрастыру;

  • кәсіпорынның құрылымдық және қызметтік бөлімшелеріне арнап нормативтік жоспарлау құжаттарын әзірлеу (жоспарлардың түрлері мен құрылымы);

  • кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің жоспарларын сәйкестендіру;

  • тұтастай кәсіпорынның және оның жекелеген құрылымдық және қызметтік бөлімшелеріндегі жоспарлардың орындалуын бақылау.

Еңбекақыны төлеуді ұйымдастыру және оның түрлері.

Мұнай, газ және мұнай химия өнеркәсібінде еңбекақының екі негізгі түрі қолданылады:

1 Мерзімдік

2 Кесімді

Кесімді еңбекақы кезінде жұмысшының еңбекақысын іс-жүзінде шығарылған дайын өнімді (бөлшектерді, әрекеттерді және т.б.) өнім бірлігіне көбейту арқылы анықтайды. Еңбекақының шамасы соған орай сол шығаратын өнімнің саны мен сапасына тұтастай байланысты болады, бұл оны еңбек өнімділігін жүйелі түрде арттырып отыруға мүдделі етеді. Жұмысшының қазіргі кездегі еңбекақысы кезінде оның еңбегі өзінің ұзақтығымен өлшенеді. Жұмысшының еңбекақысы жұмыс істеген уақыт саны мен оның біліктілігіне байланысты болады. Бұл еңбекақы түрін көбінеки өзін дәл есепке алу мен нормалау қиын болатын жұмыстарда және технологиясы қатаң реттелген өндірістерінде қолданады. Өздерінде қатаң реттелген режиммен жұмыс істейтін және жұмысшының өндірімін жеке түрде есепке алып отыруға мүмкіндік болмайтын объектілер басым болып келетін мұнай өндіру, мұнай өңдеу және мұнай-химия кәсіпорындарында жұмысшылардың басым бөлігіне еңбекақы мерзімдік еңбекақы төлеу әдісі бойынша төленеді. Кесімді еңбекақыда мұнай өндірісінде жұмысшылардың (көбінесе жерасты және күрделі жөндеулерде еңбек ететін) 11,5%-ы және мұнай өңдеуде – 11,5%-ы тұр. Бұрғылау кәсіпорындарында кесімді еңбекақы жүйесі басым болуда. Жұмысшыларды еңбек өнімділігін арттыруға, өнім сапасын арттыру мен оның өзіндік құнын төмендетуге деген материалдық қызығушылығын арттыру үшін еңбекақы төлеудің сыйақылық жүйелері қолданылады, бұл жағдайда жұмысшыларға тікелей кесімді бағалар немесе тарифтік мөлшерлемелер бойынша еңбекақымен қатар жұмыстың белгілі түрдегі сандық және сапалық көрсеткіштерін орындау мен асыра орындағаны үшін сыйақы төленеді.Кейінгі жылдары сыйақылық жүйелердің рөлі едәуір дәрежеде артып кетті. Жұмысшылары сыйақыларды мұнай мен газ өндіру мен өңдеу жоспарын орындауы мен асыра орындағаны үшін, ұңғыманы сапалы және мерзімінде және мерзімінен бұрын бұрғылағаны үшін, құрал-жабдықты жөндеу мерзімдерін ұстанғаны және қысқартқаны үшін алады. Жұмысшыларды өнімнің сапасы үшін, шикізатты, материалдарды, отынды, барлық қуат түрлерін үнемдегені үшін сыйақылау шарасы барған сайын кең тарауға ие болуда. Лауазымдық еңбекақылардың деңгейі бойынша кәсіпорындар бұрғылаудың көлемі мен күрделілігіне (бұрғылау жұмыстарын басқарудың үш категориясы), мұнай мен газды өндіру көлемдеріне немесе пайдаланудағы ұңғымалардың санына (мұнай өндіру басқармаларының бес категориясы), мұнай өңдеу және мұнай-химия зауыттарының қуаттылықтарына (зауыттардың бес категориясы) байланысты 3-5 категорияға бөлінген.Сонымен қатар, Мемлекеттік кәсіпорын туралы ережеге сәйкес кәсіпорын біліктілігі жоғары шеберлер мен басқа инженерлік-техникалық қызметкерлерге арнап олардың еңбекақысына еңбекақы қорының жоспарлық қоры шектерінде лауазымдық еңбекақының 30%-ы көлемінде қосып төлеулерді тағайындауы мүмкін, бұл мақсаттарға арнап олар шаруашылық етуші басқарманың рұқсат етуімен кәсіпорынның еңбекақы қорының 0,3%-на дейінгі бөлігін қолданады.

Мұнай-газ өндіру кәсіпорнының (мұнай, газ және газконденсат) негізгі өнімін шығару мен өткізу жоспарына ең алдымен өнім көлемдерінің көрсеткіштері кіреді, бұл ретте кәсіпорынның тек дайын өнімді ғана беретіндігі ескеріледі (аяқталмаған өндіріс пен жартылай фабрикаттар жоқ). Өндірістік қуаттылықты ұңғымалар құрайды, олар мұнай-газ өндіру кәсіпорнының негізгі өндірістік қорларының басым бөлігін құрайды. Мұнай-газ өндіру кәсіпорнының өндірістік бағдарламасы өнім көлемінің көрсеткіштерімен қатар, пайдаланудағы ұңғымалардың саны мен олардың уақыт бойынша қолданылуын сипаттайтын ұңғыма-айлар түріндегі жұмыс көлемінің көрсекіштерін көрсетеді. Мұнай-газ өндіру кәсіпорнының билігіндегі ұңғымалар қорын саны бойынша, сондай-ақ уақыты мен өнімділігі бойынша аса толық және дұрыс пайдалану — мұнай мен газды өндіру жөніндегі тапсырманы орындауға бағытталуы тиіс болатын негізгі мәселелердің бірі. Сол себептен мұнай-газ өндіру кәсіпорнының өндірістік бағдарламасында ұңғымалар қорын пайдалану мен қолданудағы коэффициенттер түріндегі ұңғымалар қорын қолданудың көрсеткіштері көрсетіледі.Мұнай-газ өндіру кәсіпорнының өндірістік қуаттылығы сонымен қатар ұңғымалардың өнімділігімен белгіленеді, ол кең ауқымдарда тербеледі: тәулігіне бірнеше ондаған килограмм мен бірнеше жүз тоннаға дейін. Ұңғымалардың орташа жылдық өнімділігін мұнайды өндіру ісін қарқындандыру жөніндегі ұйымдастыру-техникалық шараларды жүргізумен арттыру — мұнай-газ өндіру кәсіпорындары қызметкерлерінің алғашқы кезектегі жұмысы. Сондықтан бұл кәсіпорындардың өндірістік бағдарламасында сонымен қатар ұңғымалар өнімділігінің көрсеткіштері де көрсетілген.

Өндірістік бірлестік пен МГӨМ-нің (мұнай-газды өндіру мекемесі) өнімінің көлеміне мұнайдың, газ конденсатының, мұнай және табиғи газдың және т.б. өндірісі кіреді. Ол төмендегілерге негізделумен белгіленеді:


  • мұнай кеніштері мен ұңғымалардың категориясы бойынша мұнай

өндірісінің жоспары;

  • ұңғымаларды пайдалану әдістері бойынша мұнайды өндіру мен орташа өнімділік жоспары;

  • өндіруші ұңғымалар қорын пайдалану көрсеткіштері;

  • кеніштер бойынша газ конденсатын, табиғи және мұнай газын өндіру жоспарлары;

  • мұнайды тұрақтандырудан алынған кең ауқымды фракцияны алу мен үлестіру;

  • мұнай және газ ұңғымаларын пайдалануға енгізу жоспары;

  • ұңғымалардың пайдалану қорының қозғалуы;

  • жұмыстық агентті мұнай қаттарына айдау жоспары.

Мұнай-газ өндірісінің ерекшелігі сол, ол тек дайын өнімді – мұнай мен газды береді. Мұнда аяқталмаған өндіріс пен жартылай фабрикаттар жо. Мұнай мен газды өндірудің технологиялық процесі бөлек сатыларға (фазаларға) бөлінбейді. Мұнай-газ өндіру кәсіпорнының өндірістік бағдарламасына жоғарыда аталған барлық көрсеткіштермен қатар ұңғымалар өнімділігінің көрсеткіштері кіреді.Өнім көлемінің көрсеткіштері және оларды жоспарлау.Мұнай-газ өндіру кәсіпорны өнімі көлемінің көрсеткіштері екі топқа бөлінеді:

  1. Өнімді өткізу бойынша - өткізілетін өнімнің көлемі;

  2. Өнімді өндіру бойынша - өндірілетін өнімнің көлемі.

Өнімді өндіру мен өткізу жоспарының, сондай-ақ тұтастай кәсіпорынның бүкіл жоспарының негізгі көрсеткіштерінің біріне өткізілетін өнімнің көрсеткіші жатады. Ол кәсіпорынның жұмыс нәтижелерін ақша түрінде аса толық түрде сипаттайды. Өткізілген деп тұтынушы өзінің ақысын төлеген өнім саналады. Шығарылатын өнімнің көлемі.

1 Өнім көлемінің табиғи түрде көрсетілген көрсеткіштері:

а) мұнайдың тоннамен көрсетілген өндірісі;

ә) газ өндірісі, мың м ;

б) мұнай мен газдың тоннамен көрсетілген жалпы өндірісі;

в) мұнай мен газдың тоннамен көрсетілген тауарлық өндірісі.

2 Өнім көлемінің ақшалай түрдегі көрсеткіштері (мың ақш.бірлік):

а) тауарлық өнім, соның ішінде мұнай мен газ өндірісі;

ә) жалпы өнім, соның ішінде мұнай мен газ өндірісі.

Өнім көлемінің табиғи түрде көрсетілген көрсеткіштері төмендегідей:

1 Мұнай өндірісі Qн, т, жоспарланатын және есепке алынатын, ол ұңғымадан белгілі уақыт мерзімі аралығында алынған барлық мұнайды көрсетеді.

2 Газ конденсатын өндіру Qгк, мың м3, жоспарланатын және есепке алынатын, ол ұңғымадан белгілі уақыт мерзімі аралығында алынған барлық газ конденсатын көрсетеді.

3 Газ өндірісі Qг, мың м3, жоспарланатын және есепке алынатын, ол газ-мұнай және таза газ ұңғымаларынан алынған белгілі уақыт мерзімі аралығында пайдаланылуы (кәдеге жаратылуы) тиіс болатын газдың бөлігі болып табылады, себебі газдың қалған бөлігі пайдаланылмайды (шырақтар түрінде жанып кетеді) және есепке алынбайтын шығындар болып келеді.

4 Мұнай, газ бен газ конденсатының жалпы өндірісі Qв, т, жоспарланатын және есепке алынатын, — бұл белгілі уақыт мерзімі аралығында шығарылған мұнайдың, пайдаланылған газ бен газ конденсатының бүкіл өндірісі. Газ өндірісінің өлшем бірлігін мұнайдың өлшем бірлігімен бір эквивалентке келтіру үшін газдың көлемді мөлшері шартты газдың салмақтың мөлшеріне қайта есептеледі. Бұл ретте өлшем бірлігі ретінде белгілі бір жылу шығару қабілетіне ие шартты газдың мұнайдың 1 тоннасына эквивалент болатын өлшем бірлігі қабылданады. Қайта есептеуді k ауыстыру коэффициентінің көмегімен жүргізеді, оны газдың мөлшеріне байланысты әр жағдайда есептеп отырады.

Бұл ретте өлшем бірлігі ретінде жылу шығару қабілеті 10 000 кал/кг және мұнайдың 1т-на эквивалент болатын шартты газ қабылданады. Қайта есептеу k ауыстыру коэффициентінің көмегімен жүргізеді, оны газдың мөлшеріне байланысты әр жағдайда есептеп отырады.

Осылайша, газдың тоннамен көрсетілген эквиваленттік мөлшері келесіге тең:

Qг= Qг/k (1)
мұндағы, Qг- жоспарланған және есепке алынатын газдың мөлшері;

k - ауыстыру коэффициенті.

Онда мұнай мен газдың жалпы өндірісі берілген анықтамаға сәйкес келесіге тең болады:

Qв-Qн+Qг (2)


5 Мұнайдың, газ бен газ конденсатының тауарлық өндірісі Qт, т, жоспарланып және есепке алынып отырған, өнімнің жалпы өндірісі одан алынған оның мұнай-газ өндіру кәсіпорнының меншікті өндірістік қажеттеріне жұмсалу мөлшері, былайша айтқанда, Qжте өнімнің тауарлық емес жұмсалу мөлшері - осы шамаға сәйкес келеді. Осылайша, мұнайды, газ бен газ конденсатын тауарлық өндіру деп тұтынушыға өткізілген өнім саналады, атап айтсақ:

а) өндірістік-тауарлық (мұнай құбырлық) кеңселерге немесе тікелей мұнай өңдеу зауыттарына, бұл былайша айтқанда, Qө тауарлық мұнайды өткізу;

ә) басқа кәсіпорындарға, мысалы, бұрғылау жұмыстарының басқармаларына, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен басқа да тұтынушыларға - Qгш мұнай мен газдың тауарлық шығыны.

Сонымен қатар, Qок мұнайдың жыл соңына қатысты қалдықтарының Qон жыл басындағы қалдықтарына қарсы мұнай-газ өндіру кәсіпорындарының өткізу сыйымдылықтарымен көрсетілген өзгеруі ескеріледі.Мұнай мен газдың тауарлық өндірісі келесіге тең болады:


Qт=Qв-Qр.нт+(Qо.н-Qо.к) (3)

мұндағы , Qт — мұнай мен газдың тауарлық өндірісі;

Qв — мұнай мен газдың жалпы өндірісі;

Qон — мұнайдың жыл басына қатысты қалдықтары;

Qок — мұнайдың жылдың соңына қатысты қалдықтары;

немесе Qт= Qс+Qр.т (4)

мұндағы , Qс — тауарлық мұнайды өткізу;

Qр.т — мұнай мен газдың тауарлық шығыны.

Өнім көлемінің ақша түріндегі көрсеткіштері.

Табиғи түрінде көрсетілген жалпы және тауарлық өнім мұнай-газ өндіру кәсіпорны өнімінің көлемі туралы толықтай сипаттама бермейді, себебі ол басқа кәсіпорындарға арнап өндірістік қызметтерді ұсынады және өнеркәсіп жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ өзінің күрделі жөндеуі мен құрылыс бойынша жұмыстарды орындайды. Өндірістік қызметтер қосалқы цехтардың дайын өнімі болып табылады. Оларға электр қуаты, бу, су және т.б. жатады. Өндірістік қызметтер өз кәсіпорнының негізгі және қосалқы цехтарына қызмет көрсетуге ғана емес, сондай-ақ күрделі жөндеуді, меншікті күрделі құрылысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ өнеркәсіптік емес шаруашылығына (тұрғын үй-коммуналдық кеңсе, авто-көліктік кеңсе және т.б.) арналған. Қосалқы цехтардың шектес тыс қуаттылығы кезінде олардың өнімі бөгде тұтынушыларға (қалаға, көлікке, іргелес кәсіпорындарға немесе ұйымдарға) сатылады. Өнеркәсіптік жұмыстар — бөгде тапсырыс берушілердің өнеркәсіптік бұйымдары мен құрал-жабдығының бөлшектерін өңдеу (ажарлау, никельдеу және т.б.) мен жөндеу жөніндегі жекелеген әрекеттер. Сонымен қатар, мұнда мұнай-газ өндіру кәсіпорнының негізгі қорларының құрамына кіретін құрал-жабдықты, көліктік құралдарды және керек-жарақты күрделі жөндеу жатады.Ақшалай түрдегі тауар өнімі дегеніміз – бұл мұнай мен газдың тауарлық өндірісінің ақшалай түрдегі сомасы Qт.д оған қосу шетке арнап жүргізілген өнеркәсіптік жұмыстар мен өндірістік қызмет көрсетулердің құны Су, б.а.:

Т= Qт.ду (5)

мұндағы , Т — ақшалай түрде көрсетілген тауарлық өнім;

Qт.д— мұнай мен газдың тауарлық өндірісінің ақшалай түрдегі сомасы;

Су— шетке арнап жүргізілген өнеркәсіптік жұмыстар мен өндірістік қызмет көрсетулердің құны.

Мұнай мен газдың тауарлық өндірісі кәсіпорынның жоспарын немесе есебін құрастыру сәтіндегі әрекетте болған көтерме бағалармен бағаланады. Осы арқылы өндірістің көлемі өндіріске жұмсалған шығындармен және кәсіпорын өндірісінің қаржылық көрсеткіштерімен байланыстырылады.Тауар өнімінің бағасына қарағанда жалпы өнімнің бағасы өзгеріссіз бағалармен көрсетіледі, себебі ол тұтастай алғанда өнеркәсіптік өнімді шығаруға жұмсалған қоғамдық шығындардың бүкіл көлемін (өткендегі және тірі еңбек) көрсетеді. Ол халық шаруашылық жоспарының бірқатар көрсеткіштерін анықтаудың базасы болып табылады және халық шаруашылығының басқа салаларымен салыстырғанда елдің ұлттық табысын белгілеуге арналған база болып келетін қоғамдық өнімді құрайды.

Осылайша, ақшалй түрдегі жалпы өнім – мұнай мен газды жалпы өндірудің ақшалай түрдегі сомасы Qв.д оған қосу шетке арнап орындалатын жұмыстар мен қызмет көрсетулердің бағасы Су, б.а.:


В= Qв.ду (6)

мұндағы , В — жалпы өнім

Су— шетке арнап орындалатын жұмыстар мен қызмет көрсетулердің бағасы.

Осылайша, мұнай-газ өндіру кәсіпорнының жалпы өнімі негізгі, қосалқы және қосымша цехтар мен өндірістердің белгілі бір уақыт кезеңі аралығында шығарған (өз материалдарынан болсын, тапсырыс берушінің материалынан болсын) бүкіл өнімінің (бұйымдарының, қызметтерінің) бағасын құрайды. Өндірістік аймақтық бірлестіктердің жалпы өнімі былайша атағанда зауыттың әдіс бойынша жоспарланып және есепке алынып отырады. Ол аймақтық бірлестіктің барлық кәсіпорындары шығаратын жалпы өнімнің сомасы болып табылады.Сатылатын өнімнің көлемі Тр – бұл сатып алушылар өзінің ақысын төлеген мұнайды, газ бен қызметтердің құны. Өткізу сәтіне сатып алушыға тиеліп жіберілген жіне тапсырылған өнімді сатудан түсімнің түсуі жатады.Өткізілген өнімнің көлемі тауарлық өнімнің жылдың басы мен соңына қатысты ыдыстардағы, кәсіптік коммуникациялардағы және жерасты қоймаларындағы (газ) қалдықтарын, төлеу мерзімі әлі басталмаған тиеліп жөнелтілген және өткізілген жұмыстардың тауарларын, сондай-ақ жөнелтілген, алайда ақысы мерзімінде төленбеген тауарлардың, және акцептіден бас тартуға орай сатып алушының жауапты сақтауында жатқан тауарларды ескерумен жоспарланады. Кейінгі екі жағдайда тиісті өнім жоспарланып отырған кезеңнің басына қатысты ғана ескеріледі.

Мұнай мен газдың өткізілген өнімінің жылдық көлемі келесі формула бойынша анықталады:

Тр=31+ Т12 + Т3-324 (7)

мұндағы , 31 — МГӨК-тың жоспарланған жылдың басына қатысты сол жылдың бағасымен көрсетілгендегі қоры;

Т1— сатып алушыларға сол күнге арнап өткізілген, алайда ақшасы бекітілген ақысын төлеу мерзімінің басталмауына орай төленбеген мұнайдың, газ бен қызметтердің (тиеліп жіберілген тауарлардың) алдыңғы жоспарланып отырған (былтырғы) жылдың көтерме бағаларымен көрсетілген құны;

Т2 — сатып алушы бекітілген мерзімде төлемеген мұнайдың, газ бен қызметтердің былтырғы жылдың көтерме бағаларымен көрсетілген ақысы;

Т3 — тауарлық өнімнің жоспар бойынша жоспарланған жылдың көтерме бағаларымен көрсетілген көлемі;

32 — өзін сатудан түсім келесі жылы түсетін МГӨК-тің жоспарланып отырған жылдың соңына қатысты жобаланған мұнай қоры, дәл сол көтерме бағамен;

Т4 — жоспарланған жылдың соңына қатысты сатып алушыларға өткізілген немесе көрсетілген, алайда келесі жылы төлеуге жататын мұнайдың, газ бен қызметтердің бағасы.

Өнімді өткізу көлеміне қосалқы ауыл шаруашылығының, совхоздардың, автошаруашылықтардың өнімдері мен өнеркәсіптік емес сипаттағы қызметтеер жатпайды. Мұның барлығы басқа түрдегі өткізу деп саналады. Қосалқы цехтармен өндірілген өнеркәсіптік сипаттағы жұмыстар мен қызметтер түріндегі өнім ішкі кәсіптік (ішкі цехтық) тұтынушыға арнап қолданылады, жалпы және тауарлық өнімге жатқызылмайтын ішкі айналым ретінде қарастырылады.Өндірістік бірлестіктер (кәсіпорындар) мұнай өндірудің бақылау мен шығарылған ресурстардың цифраларына негізделумен кенорындары бойынша жаңа кенорныдарын пайдалануға енгізудің кезектілігі мен іске қосу мерзімдерін белгілеумен мұнай өндірісін орналастырудың оңтайландырушы есептеулерін жүргізеді және соның негізінде бесжылдық жоспардың жобасы құрастырылады.Мұнай мен мұнай газын өндірудің бесжылдық (жылдық) жоспары ұңғылауда жатқан және техникалық жобаларға (сұлбаларға) негізделумен соған әзірленіп жатқан барлық кеніштер мен пайдалану объектілері бойынша қарастырылады.Өндірудің жылдың деңгейі келесі формула бойынша анықталады:
Qt+1=Qсt+1+Qнt+1 (8)

мұндағы ,Qt+1— жалпы жылдық мұнай өндірісі (жоспар бойынша);

Qсt+1 — былтырғы жылдан ауысқан ескі ұңғымалардағы дәл сол тәрізді көрсеткіш;

Qсt+1 — пайдалануға енгізілген ұңғымалардағы дәл сол тәрізді көрсеткіш; (t мен t+1— соған сәйкес былтырғы және жоспарланып отырған жылдардағы индекстер).

Кеніштер бойынша жаңа ұңғымалардың орташа тәуліктік өнімділігінің шамасы әзірлеудің технологиялық жобасымен белгіленеді.Кеніш бойынша орташа өнімділік өнімділігі тең болып келетін ұңғымалар тобы бойынша орташа өлшенген шама ретінде белгіленеді. Кеніш бойынша жаңа ұңғыманың жұмыс істеу күндерінің саны ұңғымаларды пайдалануға енгізуді айлар бойынша үлестіруге негізделумен оларды салу, жабдықтау мен игеруге қатысты жоспарланып отырған мерзімдерді ескерумен қарастырылады.МГӨМ цехтар бойынша өндіру жоспарын пайдаланудың айлары мен тоқсандары, әдістері бойынша бөлумен есептейді. Мұнай газын өндірудің жоспарлық көлемі сондай-ақ сол кеніш бойынша мұнай өндірісінің көлемдеріне, жұмыстық газ факторына, қолданыстағы газды пайдалану режимі мен оны кәдеге жарату дәрежесіне негізделумен белгіленеді :

Qгt+1=Qt+1г (9)

мұндағы, Qt+1 — мұнайдың жоспарланып отырған жылдағы өндірісі, т; G—орташа газ факторы, 1000 м3/т;

Кг— газды пайдалы қолдану коэффициенті.

Мұнайды әзірлеу мен айдау жұмыстары негізгі бағыттар бойынша жоспарланады. Сондықтан мұнайды айдау жоспарын, мұнайды өткізу жоспарын, сорғыштарды, мұнай құбырларын пайдалану мен жөндеу жоспарларын, мұнайды әзірлеу құрылғылары мен резервуарлық паркті пайдалану жоспары жеке-жеке жасалады.Мұнайды айдау мен өткізу жоспарларында МГӨМ-ның жұмысының ақырғы нәтижелері көрсетіледі, олар келесідегідей көрсеткіштермен көрсетіледі: мұнайдың брутто-тоннасының саны; мұнайдың нетто-тоннасының саны; ластануы, пайыздар және т.б.Мұнайдың брутто-тоннасының санына қабылдау мен айдауға жоспарланып отырған мұнайдың көлемі оның құрамындағы қоспаларды қоса ескерумен жатқызылады.Мұнайдың нетто-тоннасының саны кәсіптік даярлаудан өткізілген және бекітілген сапалық талаптарға сәйкес келетін мұнайдың көлемін ескереді. Бұл көрсеткіш кәсіпорын мұнайының балансына енгізілген тауарлық мұнайдың көлеміне тең болуы тиіс.Мұнайды айдау жоспары өзін тоқсандарға бөлумен бір жылға арнап жасалады.Мұнайды өткізу жоспары екі бөлімнен құралады:


  • мұнайды аудандық мұнай құбырлық басқармасына немесе өңдеуге өткізу;

  • мұнайды басқа тұтынушыларға – бұрғылау жұмыстарының басқармасына, ТКШ-ға және т.б. тапсыру, мұнда сондай-ақ мұнайдың шығындары ескеріледі.

Бұл жоспарды тұтынушылардың талаптарына сәйкес мұнайдың сорттарына қарай құрастырады.Табиғи газдың өндірілу көлемін газ ұңғымаларының санына, олардың орташа өнімділігіне, шығындарды ескерумен белгілейді. Жоспарда газ өндірісінің пайдалану ұңғымаларының бұрғылануымен, ұңғыланған қорлардың өсімімен, сондай-ақ газ құбырларының өткізу қабілеттілігімен, газ өңдеу зауыттарының қуаттылығымен сәйкестендірілуі қамтамасыз етілуі тиіс. Міндетті түрдегі шарт — жоспарланған өндіріс пен қорлардың арасындағы оңтайлы пропорцияларды сақтау.Газды өндіру көлемі +20°С температурасы мен 0,1 МПа қысым жағдайында кубтық метрмен өлшенеді.Табиғи газды өндіру жоспарында оны бұрынғы жылдардан ауысып келе жатқан, қайта әрекетке енгізіліп жатқан ескі ұңғымалардан және жаңадан бұрғыланған ұңғымалардан барынша мүмкін болатындай көп мөлшерде өндіру ескеріледі.

Жоспарланып отырған жылдағы ескі ұңғымалардағы газдың өндірісін келесі формула белгілейді:

Гс = Гt+1Κ (10)

мұндағы, Гt+1 — өткен жылдағы ескі ұңғымалардан газды өндірудің күтілетін мөлшері, м3;

К — геологиялық-техникалық шарттардың өзгеруіне орай газ өндірісінің өзгеру коэффициенті.

Мұнай-газ өндіру бірлестігінде (кәсіпорнында) мұнай балансы мен газ балансы жеке-жеке жасалады.Мұнайдың балансы төмендегілерді белгілейді:



  1. өндірістік-тауарлық (мұнай құбырлық) кеңселерге немесе тікелей мұнай өңдеу зауыттарына өткізуге жоспарланып отырған мұнайдың мөлшері — мұнайды өңдеуге өткізу Qс;

  2. мұнайдың тауарлық шығыны Qр.т;

  3. мұнайдың тауарлық емес шығыны Qр.н

Мұнайдың балансын жасаған кезде мұнайдың тауарлық ыдыстардағы жоспарланып отырған жылдың басы Qо.н мен соңына Qо.к қатысты қалдықтарының айырмасы ескеріледі.

Егер де мұнай-газ өндіру кәсіпорны бойынша мұнай өндірісі мұнайдың Qпл құраса, онда өңдеуге тапсырылатын мұнайдың мөлшерін төмендегідей қатынаспен анықтайды. Мұнайдың балансын құраушының әрқайсысын келесі түрде жоспарлайды:

Qс=Qпл-(Qр.нт+Qр.т)+(Qо.н-Qо.к) (11)

мұнадғы, Qпл — мұнайдың өндірісін техникалық өнеркәсіптік қаржылық жоспардан алады;

Qр.нт — мұнайдың тауарлық емес жұмсалу мөлшерін — мұнай-газ өндіру кәсіпорнының меншікті өндірістік қажеттеріне арнап мұнайды жұмсау қажеттігіне негізделумен. Мысалы, мұнайды ұңғымаларды жууға, қатты сумен үзу жұмыстарына және т.б. арнап жұмсау мөлшерін мұнайдың сол не өзге түрдегі өндірістік қажеттерге арнап жұмсалу нормасына Нм.т.с және өздеріне арнап шығындау нормасы есептелетін жұмыстардың бірліктермен, мысалы, пайдаланудың ұңғыма-айлары Сэ көрсетілген көлеміне сәйкес анықтайды:

Qр.нтм.т.сСэ (12)

Мұнайдың тауарлық емес шығын жоспарлау кезінде мұнайдың оны эмульсиясыздандыру кезіндегі шығындары (Qпл-ның 2—3%) ескеріледі;

мұндағы, Qр.т — УБР, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен басқаларына арналған мұнайдың тауарлық жұмсалу мөлшері жоғары тұрған ұйымның мұнай-газ өңдеу кәсіпорнына беретін шектері түрінде белгіленеді; Qо.н— жоспарланып отырған жылдың басына қатысты мұнай-газ өңдеу кәсіпорнының тауарлық ыдыстарындағы мұнайдың қалдығы мұнайдың есептік жылдың соңына қатысты нақты қалдығы бойынша анықталады; Qо.к — жоспарланып отырған жылдың соңына қатысты мұнай-газ өңдеу кәсіпорнының тауарлық ыдыстарындағы мұнайдың қалдығы мұнайдың тауарлық резервуарларда тұрып қалу күндерінің нормативтік саны Нз бойынша анықталады, ол мұнайды өндіру, өңдеу, сақтау, айдау мен өткізу жағдайларына байланысты.Мұнай-газ өңдеу кәсіпорнындағы мұнайдың тәуліктік өндірілу мөлшері Qпл/365 (366)-ға тең болғандықтан,


Qо.к=Qпл/365(366)Нз (13)

мұндағы, Н3 — 2—3 тәулікке тең.

Мұнайдың балансы сорттар бойынша оны өндіру жоспары бойынша жасалады, себебі мұнай өңдеу зауыттарына қатаң бекітілген сападағы мұнай өткізіледі (сорта). Осыған ұқсас түрде газдың балансы жасалады.Мұнай-газ өңдеу кәсіпорнының өнімді өндіру мен өткізу жоспарын орындауының негізгі шарты — бұл оның барлық бөлімшелерінің өндірістік іс-әрекетін үздіксіз түрде жедел бақылаумен олардың жөнге салынған жұмысын қамтамасыз ету. Мұндай бақылауды мұнай және газ өндіру цехтары жүргізеді. Олар мұнай және газ өндіру бригадаларының жұмысын тәулік бойы басқарады, өндіру процесінің барысын бақылап отырады, сондай-ақ өзінің көмегімен ұңғыманың жұмыс бақылауға алынып отыратын құжаттаманы жүргізеді.Кәсіпшіліктердегі мұнай өндіру жөніндегі шеберлер ұңғымалар бойынша қажетті мәліметтерді ауысымдық журналда тіркеп отырады, онда ұңғымалардың өнімділігі, жұмыс режимінің бұзылулары, тоқтап қалулардың себептері мен ұзақтылығы көрсетіледі. Жинақталған мәліметтерге негізделумен мұнай және газ өндірісі (кәсібі) цехының бастығы тұтастай тәулік бойғы жұмыс нәтижелеріне баға береді.
1.2 Мұнай кеніштеріндегі қолданыстағы мұнай өндіру әдістері ШТС, атқыламалану, газлифт
Ұңғымалардың атқыламалануы жаңадан ашылған мұнай кеніштерінде орын алады, бұл жердегі қаттық энергияның қоры жоғары мөлшерде болып келеді, б.а. ұңғымалардың түбіндегі қысым ұңғымадағы сұйық бағанының гидростатикалық қысымын, ернеуіндегі қарсы қысымды және осы сұйықтың қозғалуымен байланысты қажалуды жеңіп шығуға арнап жұмсалатын қысымды жеңіп шығу үшін жеткілікті дәрежеде жоғары болып келеді. Кез келген түрдегі атқылағыш ұңғыманың жұмыс істеуінің міндетті шартына төмендегідей негізгі теңдік жататын болады:
Рс= Рrтру (14)

мұндағы ,Рс – ұңғыманың түбіндегі қысым;

Рг, Ртр, Ру – тігінен есептелген ұңғымадағы сұйық бағанының гидростатикалық қысымы, ССҚ мен ернеуіндегі қарсы қысымға жұмсалатын қысымның шығындары.Ұңғымалардың атқыламалануының екі түрі бар:


    • құрамында газдың көпіршіктері жоқ сұйықтың атқылауы артезиандық атқылау;

    • құрамында атқылауды жеңілдететін газдың көпіршіктері бар сұйықтың атқылауы – атқылаудың аса кең тараған әдісі.

Артезиандық әдіс мұнай өндірісінде сирек кездеседі. Ол мұнайдың құрамында еріген газ мүлде болмаған жағдайда және забойлық қысым ұңғымадағы газдалмаған сұйық бағанының гидростатикалық қысымынан асқан жағдайда мүмкін болады. Сұйықтың құрамында қанығу қысымынан асатын ернеудегі қысымның арқасында бөлінбейтін еріген газ болған жағдайда және забойдағы қысым екі қысымның: газдалмаған сұйықтың гидростатикалық бағанының қысымы мен ұңғыманың ернеуіндегі қысымның қосындысынан асатын қысым болған жағдайда.Сұйықтың құрамында еркін газ көпіршіктерінің болмауы алдыңғысының тығыздығын, және соған сәйкес, сұйықтың мұндай бағанының гидросатикалық қысымын азайтатын болғандықтан, газдалған сұйықтың атқылауы үшін қажет болатын ұңғыманың түбіндегі қысым артезиандық атқылау кезіндегіге қарағанда едәуір төмен болып келеді.

Газ энергиясының есебінен атқылау.Бұл мұнай ұңғымаларының атқылауының аса кең тараған әдісі. Артезиандық атқылау кезінде атқылау құбырларында газдалмаған сұйық (мұнай) қозғалады, сондықтан мұндай сұйықтың гидростатикалық бағанының қысымын жеңіп шығу үшін забойлық қысым жеткілікті дәрежеде жоғары болуы тиіс.Газ қуатының арқасында атқылау кезінде атқылау құбырларындағы ГСҚ-ның бағанының тығыздығы төмен, сол себептен мұндай қоспаның бағанының гидростатикалық қысымы төмен болады. Демек, ұңғыманың атқыламалануы үшін де төмен забойлық қысым қажет етіледі. Сұйық забойдан ернеуге қарай ССҚ бойынша қозғалған кезде қысым азаяды, және қайсыбір биіктікте ол қанығу қысымына тең бола бастайды, ал одан жоғары барған кезде – қанығу қысымынан төмен бола бастайды.



Сурет 1- Атқылау кезіндегі ұңғымалардың сұлбасы

а – забойдағы қысым қанығу қысымынан төмен болған жағдайда

ә - забойдағы қысым қанығу қысымынан жоғары болған жағдайда.


Атқылау сұйықтың забойға әкелетін энергиясы сол сұйықты ұңғыманың бетіне көтеру үшін қажеті болатын энергияға тең немесе жоғары болатын жағдайда, атқылау көтергіші оңтайлы режимде, б.а. ең жоғары ПӘК режимінде жұмыс істеген жағдайда мүмкін болады. Ұңғыманың забойындағы қысымның арқасында сұйық сол қысымға сәйкес келетін биіктікке көтерілуі мүмкін. 1м3 сұйықты көтеру кезінде орындалатын пайдалы жұмыс сұйық салмағының көтерілу биіктігіне көбейтіндісіне тең. Мұнаймен бірге забойға еркін түрдегі газ келіп түсуі мүмкін, сонымен қатар дәл сол мұнайдан қысымды сирету кезінде газ бөлініп шығады. 1м3 тауарлық мұнайға қатысты болатын және стандарттық жағдайларға келтірілген газдың жалпы мөлшері толық газдық фактор деп аталады. Алайда еркін газдың әртүрлі тереңдіктегі үлесі әртүрлі болады. Кеңейту жұмысын тек еркін газ ғана орындайды. Сол себептен газдың кеңейту жұмысын есептеу кезінде толық газдық факторды емес, газдың аз мөлшерін (еріген бөлігін шегерумен) ескеру қажет, оны тиімді газдық фактор деп атайық.Атқылағыш ұңғымалардың жұмысын реттеу. Реттеу қисықтары сол ұңғымадан өндірудің технологиялық нормаларын және оның тұрақты жұмыс режимін белгілеу негіздерінің бірі болып табылады:

  • Рс забойлық қысымды Рнас қанығу қысымынан немесе оның қайсыбір бөлігінен Рс > 0,75·Рнас төмен болатындай мөлшерге жеткізбеу;

  • ең төмен газдық факторға немесе оның белгілі бір шамадан аспайтын мағынасына сәйкес келетін режимді орнату;

  • ұңғыманың сүзгішінің артындағы қатта қуыстың пайда болуына жол бермеу үшін шығарылатын құм мөлшерінің күрт артуына жол бермеуге сәйкес келетін режимді белгілеу;

  • ұңғыманың өнімінде судың пайыздық мөлшерінің күрт артуына жол бермеуге сәйкес келетін режимді белгілеу;

  • ұңғыманың түбінде қоршаған бағанның майысып қалуы мүмкін болатындай қысымға жол бермеу;

  • буфердегі немесе құбыарасындағы кеңістіктегі қысым арматураның және тұтастай құрал-жабдықтың беріктігі мен оның жұмысының сенімділігі тұрғысынан қауіпті мағыналарға жететін режимге жол бермеу;

  • ұңғыманың буферіндегі қысым мұнай-газ жинақтау жүйесінің лақтырмалы манифоліндегі қысымнан төмен болып шығатындай режимге жол бермеу;

  • белсенді құрғату процесімен қаттың барынша үлкен қалыңдығы немесе өнімді аралық қабаттардың ең үлкен саны қамтылатындай режимді орнату. Бұл ұңғыманың әртүрлі жұмыс режимдерінде құйылымның пішіндерін тереңдіктік өнімділікті өлшегіштермен түсіріп алу арқылы орнатылады.

Атқылағыш ұңғымалардың жұмысындағы қиындықтар және олардың алдын алу

  • сағалық арматура қымтамасының бұзылуының нәтижесінде ашық түрдегі реттелмейтін атқылау;

  • ССҚ-ның ішкі қабырғалары мен лақтырмалы желілерде асфальт-шайырлы және балауыздық шөгінділердің түзілу

  • атқылау кезіндегі лүпілдеу, ол ұңғыманың мезгілінен бұрын тоқтап қалуына әкелуі мүмкін;

  • құм шығаруға бейім келетін тұрақсыз қаттарды пайдалану кезіндегі забой мен ССҚ-ның өзінде құм тығындарының пайда болуы;

  • ұңғыманың түбі мен ССҚ-ның ішінде тұздардың шөгіп қалуы.

Газлифтік ұңғыма дегеніміз – бұл дәл жоғарыдағыдай атқылау ұңғымасы, онда сұйықты газдан арылтуға қажетті жетіспей жатқан газ бетінен арнайы арна арқылы әкелінеді. Құбырлардың қатары арқылы 1 ұңғыманың бетіндегі газ башмаққа 2 қарай беріледі, онда ол ГСҚ құрумен сұйықпен араласады, ол ГСҚ ұңғыманың бетіне көтергіш құбырлар арқылы 3 көтеріледі. Айдалып жатқан газ қаттық сұйықтан бөлініп жатқан газға қосылады. Газдың сұйықпен араласуының нәтижесінде ГСҚ түзіледі, оның тығыздығы ұңғыманың түбіндегі бар қысым сұйықты оның бетіне шығару үшін жеткілікті болатындай мөлшерде болып келеді.

Сурет 2- Газлифтінің түбегейлі сұлбасы

Қақпақтардың барлығын олардың арналуына қарай үш топқа бөліге болады.



  • Газлифтік ұңғымаларды іске қосу мен оларды игеруге арналған іске қосу қақпақтары.

  • Жұмыстық қақпақшалар, олар газлифтік ұңғымалардың үздіксіз немесе мерзімді жұмысына, ұңғымадағы өзгеріп жатқан жағдайлардағы олардың жұмыс істеу режимін ССҚ-ға газды енгізу орнын сатылы түрде өзгерту арқылы оңтайландыруға арналған. Мерзімді түрде пайдаланған жағдайда қақпақтың үстінде белгілі биіктіктегі сұйық бағаны жинақталып осы қақпақтар арқылы газ ССҚ-ға ауысып жылыстайды және бұл қақпақтар ССҚ-дан сұйық ұңғыманың бетіне шығарылғаннан кейін газдың берілуін жабады.

  • Құбыраралық кеңістіктегі сұйықтың деңгейін қақпақтан біршама тереңдікте ұстап тұруға арналған шеттік қақпақтар, бұл қақпақ арқылы газдың ССҚ-ға біркелкі келіп түсуін қамтамасыз етеді және лүпілді болдырмайды. Олар құбырлар қатарының башмағының жанына орнатылады.

Бұл газлифтік ұңғыманы зерттеу шарасын, оның жұмысын реттеу және оңтайлы режимді орнату ісін жеңілдетеді. Өзіне сұйықты көтеру үшін қуатын пайдалануға арнап газ айдалатын ұңғыма газлифтік деп аталады, дәл сол мақсатқа арнап ауаны айдау кезінде — эрлифтік деп аталады.Ауаны қолдану ССҚ-да тұрақты эмульсияның құрылуына ықпал етеді, оны ыдырату оны беттік-белсенді заттармен арнайы өңдеуді, ысыту мен ұзақ уақыт тұндыруды қажет етеді. Айыру кезінде бетіне шығатын газ-ауа қоспасы өрт шығу мағынасында қауіпті болып табылады, себебі белгілі аралық қатынастар кезінде жарылғыш қоспаны құрайды. Бұл газ-ауа қоспасын өзін айырып алғаннан кейін атмосфераға шығарып жіберудің қажеттігін тудырады. Көмірсутегілік газды қолдану эмульсияның түзілуіне ықпал еткенімен, мұндай эмульсия тұрақсыз болып келеді және көбінеки таза кондициялық мұнайды алуға арналған бағасы қымбат өңдеуді қолданусыз-ақ қарапайым тұндыру әдісімен ыдыратылады. Бұл қолданыстағы көмірсутегілік газда оттегінің жоқтығымен немесе оның шамалы ғана мөлшерде болуымен және ортақ көмірсутегілік негізге ие газ бен мұнайдың химиялық тектестігімен түсіндіріледі. Ауадағы оттегі тотығу процестері мен судың глобулаларында судың бірігуіне кедергі болатын тұрақты қаптамалардың түзілуіне, глобулалардың іріленуі мен одан кейінгі тұндыру кезіндегі олардың шөгуіне ықпал етеді. Өзінің салыстырмалы түрдегі жарылу қауіпсіздігіне байланысты пайдаланылған газ айырудан кейін газ жинақтау жүйесіне жинақталып, кәдеге жаратылады. Оның үстіне газлифтік ұңғыманың айырылған газы оны ССҚ бойынша қозғалу кезінде мұнаймен қарқынды түрде араластырған кезде жанармайлық фракциялармен байытылады. Мұндай газды газ-жанармай зауыттарында физикалық өңдеуден өткізген кезде тұрақсыз жанармай мен басқа да құнды өнімдер алынады. Мұнайға келетін болсақ, ол тұрақтандырылады, бұл оны сақтау мен тасымалдау кезіндегі оның буланып кетуін төмендетеді.Газ-жанармай зауыттарында өңдеуден өткізілген (құрғатылған) газ оны кәсіптік сығымдағыш станцияларда қажетті қсымға дейін алдын-ала қысып алғаннан кейін қайтадан газлифтік ұңғымалардың жұмысына арнап қолданылады.Осылайша, газлифт газды пайдалануды жақсартып және кенішті эрлифтімен салыстырғанда оңтайлы пайдалануға мүмкіндік береді. Эрлифтің жалғыз ғана артықшылығы сол, ауа көзінің газ-сұйықтық көтергішке арналған жұмыстық агент ретіндегі шектеусіздігі.

Газлифтік ұңғымалардың жұмысына арнап 4—10 МПа қсымына дейін қысылған көмірсутегілік газ қолданылады. Қысылған газ көздеріне әдетте арнайы сығымдағыш станциялар немесе газ өңдеу зауыттарының қажетті қысымды дамытатын және қажетті берілу мөлшерін қамтамасыз ететін сығымдағыш құрылғылары жатады. Газлифтік пайдаланудың мұндай жүйесін сығымдағыш газлифт деп атайды. Өздерінде газлифтіге арнап таза газ немесе газ конденсаттық кеніштердің табиғи газы қолданылатын жүйелер сығымдағышы жоқ газлифт деп аталады.Сығымдағышы жоқ газлифт кезінде табиғи газ газлифтік ұңғымалар орналасқан жерге дейін тасымалданады және

әдетте арнайы қондырғыларды адын-ала даярлаудан өтеді, ол даярлау конденсат пен ылғалды бір-бірінен айыруға, ал кейде тіпті сол газды оны ұңғымалар бойынша үлестірудің алдында жылытуға негізделген. Артық қысым әдетте газды штуцерлердің бір немесе бірнеше сатылары арқылы дроссельдеумен азайтылады. Газлифтік пайдалану жүйесі бар, ол ұңғыма ішіндегі газлифт деп аталады. Бұл жүйелерде қысылған газдың көзі ретінде мұнаймен қанықтырылған қаттан жоғары немесе төмен қарай орналасқан газдық қаттардың газы қызмет етеді. Қаттың екеуі де ортақ сүзгімен ашылады.Мұндай жағдайда газдық деңгейжиек мұнайлық деңгейжиектен бір немесе екі пакермен оқшауланады (үстінен және астынан), сөйтіп газ ССҚ-ға келіп түсетін газдың мөлшерін мөлшерлеп отыратын штуцерлік құрылғы арқылы құбырларға енгізіледі.Ұңғыманың ішіндегі газлифт газды алдын-ала әзірлеуді қажет етпейді, алайда ол газлифт жұмысын реттеуде қиындықтар тудырады. Бұл әдіс Тюмень облысының мұнай кеніштеріндегі өндіру ұңғымаларын пайдаланудың тиімді құралы болып шықты, оларда мұнай деңгейжиектерінің үстінде газлифтің тұрақты және ұзақ уақыт жұмыс істеуі үшін газы мен қысымының қоры жеткілікті болатындай газбен қанықтырылған қаттар орналасқан. Толқындық технология мұнайды өндірудің газлифтік әдісін жандандырудың жаңа жолдарын ашуда. Белгілі болғандай, толқындар көпіршіктердің ұсатылуына ықпал етеді. Бұл ретте көпіршіктердің қозғалу жылдамдығы төмендейді, ал олардың қалқып шығу уақыты созыла түседі. Бұл әсер газдың аздаған мөлшерін пайдалана отырып сұйықтың сол бір мөлшерін көтеріп отыруға мүмкіндік береді, басқаша айтқанда, ұңғымаларға газ айдайтын сығымдағыштар жұмсайтын энергетикалық шығындарды үнемдеуге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл идеяны тәжірибеде жүзеге асыру үшін стандарттық газлифтік қақпақ жетілдірілген қақпаққа ауыстырылады, ол қақпақтың аузында көпіршіктердің ұсатылуына қажетті толқындардың өндірілуін қамтамасыз етеді.



Сурет 3- Құрал-жабдықтың сұлбасы.


Қарапайымдыланған технологиялық сұлба 3 суретте келтірілген. Жетілдірілген газлифтік қақпақ стандарттық қақпақтан қосымша қондырманың болуымен өзгешеленетіндігін атап кетейік, соңғысы жүйедегі

шығындар мен қысымдар туралы мәліметтерге негізделумен есептеледі. Соған сәйкес өзіндік компьютерлік үлгілеу Ғылыми орталықта әзірленген. Құрылымдық тұрғыдан алғанда қондырманың қозғалмалы бөліктері жоқ, ол өзінің қарапайымдылығымен ерекшеленеді, үлкен шығындарды қажет етпейді және аса берік құрылғы болып табылады.


  
Сурет 4-Кәсіптік сынақтардың нәтижелері (қызыл қисықтар жетілдірілген қақпақ)

Ұңғыма бұрғыланып және игерілгеннен кейін одан мұнай ала бастау қажет. Алайда айта кететін бір нәрсе, барлық, тіпті пайдаланудағы ұңғымалардың барлығынан бірдей мұнай алына бермейді. Былайша атағанда, тоғытқыш ұңғымалар болады. Оларға керісінше мұнай емес, су толтырылады. Бұл тұтастай кенішті пайдалану үшін қажет және бұл жөнінде біз кешірек сөз қозғайтын боламыз. Сіздердің барлығыңыздың жадыларыңызда Сібір мұнайын алғашқы өндірушілер туралы ескі кеңестік фильмдердегі кадрлар сақталып қалған болар: бұрғылау құрылғысы, үстінен мұнай атқылап жатыр, жан-жағында қуанышты адамдар жүгіріп және сол мұнаймен жуынып жүр. Айта кететін нәрсе, ол кезден бері талай нәрсе өзгерген. Және егер де қазір бұрғылау мұнарасының жанынан мұнай атқыласа, оның жанында көптеген адамар жүгіріп жүреді, алайда олар қуанудың орнына мұндай экологиялық зиянды шығарындыны қалай болдырмау керек деген мәселемен бас қатырумен болады. Қалай болғанда да экранда көрсетілген нәрсе – бұл мұнай бұрқағы. Анықталған мұнайдың жер астында сондай күшті қысыммен жататындығы соғұрлым, ол оған ұңғыма түрінде жол ашқан кезде жердің бетіне қарай лап береді. Әдетте, ұңғымалар өзінің өмірлік циклының басында ғана, б.а. бұрғылаудан кейінгі уақытта атқылайды. Біршама уақыттан кейін қаттағы қысым азаяды және бұрқақ таусылады. Әрине, егер ұңғыманы пайдалану жұмысы осымен аяқталатын болса, онда жер астында мұнайдың 80%-нан артық бөлігі қалып қалған болар еді.Ұңғыманы игеру барысында оған сорғыш-сығымдағыш құбырлардың (ССҚ) қатары түсіріледі. Егер де ұңғыма атқылау әдісімен пайдаланылса, онда оның бетіне арнайы жабдық – атқылау арматурасы орнатылады.Бұл жабдықтың бүге-шігесін анықтап жатпай-ақ қояйық. Айта кететіні, бұл жабдық ұңғыманы басқару үшін қажет. Атқылау арматурасының көмегімен мұнайдың өндірісін реттеп отыруға болады – азайтып немесе мүлде тоқтатып қоюға.Мамандардың есептеуінше ұңғымадағы қысым азайғаннан кейін, және ұңғыма мүлде аз мұнай бере бастағаннан кейін ол пайдаланудың басқа әдісіне ауыстырылатын болады. Газды өндіру кезінде атқылау әдісі негізгі әдіс болып табылады. Мұнайды өндірудің газлифтік әдісі.



Қаттық энергия жетіспегендіктен, атқылау тоқтағаннан кейін ұңғымаларды пайдаланудың механикаландырылған әдісіне ауысады, бұл жағдайда сырттан (бет жағынан) қосымша энергияны енгізеді. Энергия қысылған газ түрінде енгізілетін ондай әдістердің бірі болып газлифт әдісі табылады.Газлифт (эрлифт) — құбырлардың пайдалану (қоршағыш) қатарынан және ұңғымаған түсірілген ССҚ-лардан құралған жүйе, ондағы сұйық қысылған газбен (ауамен) көтеріледі. Кейде бұл жүйені газдық (ауалық) көтергіш деп атайды. Бұл жағдайда ұңғыманы пайдалану әдісі газлифтік деп аталады.Беру сұлбасына қарай жұмыстық агент көзіне – газға (ауаға) байланысты сығымдағыш және сығымдағышы жоқ газлифтіні бөледі, ал әрекет ету сұлбасы бойынша – үздіксіз және мерзімді газлифт деп бөлінеді.Құбырдың сыртындағы кеңістікке жоғары қысымды газ тоғытылады, соның нәтижесінде ондағы сұйықтың деңгейі төмендеп, ал ССҚ-да көтеріліп отырады. Сұйықтың деңгейі ССҚ-ның төменгі шетіне дейін төмендеген жағдайда, қысылған газ ССҚ-ға түсіп сұйықпен араласа бастайды. Соның нәтижесінже мұндай газ-сұйықтық қоспаның тығыздығы қаттан келіп түсетін сұйықтың тығыздығынан төмен бола бастайды, ал ССҚ-дағы оның деңгейі арта бастайды. Газ неғұрлым көбірек енгізілсе, қоспаның тығыздығы соғұрлым төмен болады және ол соғұрлым үлкен биіктікке көтеріледі. Газды ұңғымаға үздіксіз түрде берген кезде сұйық (қоспа) ернеуіне дейін көтеріліп, бетіне құйылады, ал қаттан ұңғымаға үнемі түрде сұйықтың жаңа порциясы келіп түсіп отырады.Газлифтік ұңғыманың өнімділігі газдың мөлшері мен оны тоғыту қысымына, ССҚ-ларды сұйыққа батыру тереңдігіне, олардың диаметріне, сұйықтың тұтқырлығына және т.б. байланысты болады.Газлифтік көтергіштердің құрылымы ұңғымаға түсірілетін сорғыш-сығымдағыш құбырлардың санына және қысылған газдың қозғалу бағытына байланысты белгіленеді. Түсірілетін құбырлар қатарының санына қарай көтергіштер бір- және екіқатарлы болады, ал газды тоғыту бағыты бойынша — сақиналық және орталық болуы мүмкін.Бір қатарлы көтергіш кезінде ұңғымаға ССҚ-лардың бір қатары түсіріледі. Қысылған газ қоршағын баған мен сорғыш-сығымдағыш құбырлардың арасындағы кеңістікке тоғытылады, ал газ-сұйықтық қоспа ССҚ бойынша көтеріледі, немесе газ сорғыш-сығымдағыш құбырлар арқылы тоғытылады, ал газ-сұйықтық қоспа сақиналық кеңістік бойынш көтеріледі. Бірінші жағдайда сақиналық жүйедегі бір қатарлы көтергішке, ал екінші жағдайда – орталық жүйедегі бір қатарлы көтергішке ие боламыз.Екі қатарлық көтергіш кезінде ұңғымаға концентрлік түрде орналасқан екі құбыр түсіріледі. Егер де қысылған газ ССҚ-ның екі қатарының арасындағы шеңберлік кеңістікке бағытталып, ал газ-сұйықтық қоспа ішкі көтергіш құбырлар арқылы көтерілсе, онда мұндай көтергіш екі қатарлық шеңберлік жүйе деп аталады. Сорғыш-сығымдағы құбырлардың сыртқы қатары әдетте ұңғыманың сүзгісіне дейін түсіріледі.Шеңберлік жүйенің екі қатарлық сатылы көтергіші кезінде ұңғымаға сорғыш-сығымдағыш құбырлардың екі қатарын түсіреді, оның бірі (сыртқы қатар) сатылы; жоғарғы жағында — диаметрі үлкен құбырлар, ал төменгі жағында — кіші диаметрлі құбырлар. Қысылған газ ССҚ-ның ішкі және сыртқы қатарлардың арасындағы шеңберлік кеңістікке тоғытылады, ал газ-сұйықтық қоспа ішкі қатар бойынша көтеріледі.Егер де қысылған газ ішкі ССҚ-лар бойынша беріліп, ал газ-сұйықтық қоспа сорғыш-сығымдағыш құбырлардың екі қатарының арасындағы шеңберлік кеңістік бойынша көтерілсе, онда мұндай көтергіш екіқатарлы орталық жүйен деп аталады.Шеңберлік жүйенің кемшілігі – ұңғыманың өнімінде механикалық қоспалар (құм) болған жағдайда бағандардың жалғағыш құбырларының қажалып тозу мүмкіндігі.Екіқатарлық көтергіштің бір қатарлы көтергішке қарағандағы артықшылығы сол, оның жұмысы икемді және ұңғымадағы құм қарқынды түрде шығарылады. Екі қатарлы көтергіштің кемшілігі құбырлардың екі қатарын түсірудің қажеттігі, бұл өндіру процесінің металды қажет ету мөлшерін арттырады.

Сондықтан мұнай өндіру кәсіпорындарының тәжірибесінде шеңберлік жүйенің үшінші нұсқасы кеңінен таралған — ол бір жарым қатарлық көтергіш, ол өзінің бағасы төмен болғанымен екі қатарлы көтергіштің артықшылықтарына ие.Ұңғымаларды пайдаланудың газлифтік әдісін жалпы түрінде пайдалану оның артықшылықтарымен белгіленеді.

1 Барлық диаметрдегі пайдалану бағандары жағдайларында сұйықты үлкен мөлшерде алу және тым көп мөлшерде суланған ұңғымаларды жеделдетіп таңдап алу мүмкіндігі.

2 Үлкен газдық факторға ие ұңғымаларды пайдалану, б.а. қаттық газ қуатын пайдалану.

З Ұңғыма оқпаны пішінінің газлифт жұмысының тиімділігіне әсер етуі, бұл қиғаш бағытталған ұңғымалар үшін, б.а. Солтүстік және Сібірдің игеріліп жатқан теңіздік кеніштері мен аудандарының жағдайлары үшін әсіресе маңызды.

4 Ұңғымалардағы жоғары қысымдар мен өнім температурасының, сондай-ақ ондағы механикалық қоспалардың (құмның) ұңғымалардың жұмысына әсерінің болмауы.

5 Ұңғымалардың жұмыс тәртібін өнімділігі бойынша реттеп отырудың икемділігі мен салыстырмалы түрдегі қарапайымдылығы.

6 Газлифтік ұңғымаларды күтімге алу мен жөндеудің қарапайымдылығы және қазіргі заманғы құрал-жабдықты қолдану кезіндегі олардың жұмысының үлкен жөндеуаралық кезеңі.

7 Ұңғымаларды бір уақытта бөлек пайдалану, жемірілумен, тұздар мен балауыздың шөгінділерімен тиімді күресу, сондай-ақ ұңғымаларды зерттеудің қарапайымдылығы.Аталған артықшылықтарға төмендегідей кемшіліктер қарсы қойылуы мүмкін.

1 Сығымдағыш станциялардың құрылысына үлкен бастапқы салымдар салу

2 Газлифтік жүйенің пайдалы әрекет етуінің салыстырмалы түрдегі төмен коэффициенті (ПӘК).

З Ұңғымалар өнімінің көтерілуі барысында тұрақты эмульсиялардың түзілу мүмкіндігі.



Жоғарыда аталғандарға негізделсек, ұңғымаларды пайдаланудың газлифтік (сығымдағыш) әдісін ең алдымен жоғары өнімділікке және атқылау кезеңінен кейінгі жоғары забойлық қысымдарға ие болатын ірі кеніштерде қолданған тиімді.Бұдан әрі ол қиғаш бағытталған ұңғымаларда және өніміндегі механикалық қоспалардың мөлшері көп болып келетін ұңғымаларда, б.а. оңтайлы өнімнің негізі ретінде ұңғымалар жұмысының жөндеу аралық кезеңі (ЖАК) қабылданатын жағдайларда қолданылуы мүмкін.Жанында қоры жеткілікті және қысымы қажетті газ кеніштері (немесе ұңғымалары) болған жағдайда мұнайды өндіруге арнап сығымдағышсыз газлифт қолданылады.Бұл жүйе уақытша шара болуы мүмкін – сығымдағыш станцияның құрылысы аяқталғанша. Бұл жағдайда газлифт жүйесі сығымдағыш газлифтімен бірдей болып қала береді және жоғары қысымды газ көзімен ғана айрықшаланады.Газлифтік пайдалану үздіксіз немесе мерзімді болуы мүмкін. Мерзімді газлифт өнімділігі 40—60 т/тәул. болатын немесе қаттық қысымы төмен ұңғымаларда қолданылады. Газлифт кезіндегі сұйықтың көтерілу биіктігі газды енгізудің мүмкін болатын қысымына және ССҚ колоннасының сұйық деңгейінің астына батырылу тереңдігіне байланысты болады.Пайдалану әдісін таңдау кезінде жүргізілген техникалық-экономикалық талдау газлифті елдің әртүрлі аймақтарында жергілікті жағдайларды ескерумен пайдаланудың артықшылығын белгілеуі мүмкін. Мысалы, газлифтік ұңғымалар жұмысының жоғары АЕК-сі, жөндеудің салыстырмалы түрдегі қарапайымдылығы мен автоматтандырудың мүмкіндігі Батыс Сібірдегі Самотлор, Федоровский, Правдинский кеніштерінде үлкен газлифтік кешендерді құруға негіз болды. Бұл аймақтағы қажетті еңбек ресурстарын азайтып және оларды оңтайлы қолдануға арнап қажетті инфрақұрылымдарды (тұрғын үй және т.б.) құруға мүмкіндік берді.Ұңғымаларды қарнақтық сорғыштармен пайдалану. Қарнақтық сорғыш қондырғы ҚСҚ жерүсті және жерасты жабдығынан тұрады. Жерасты жабдығы төмендегілерден құралады: цилиндрінің төменгі ұшындағы 1 сорғыш қақпағы (қозғалмайтын) мен мінбас-плунжердің жоғарғы ұшындағы 2 тоғытқыш қақпағы (қозғалмалы) бар қарнақтық ұңғымалық сорғыш (ҚҰС), 3 сорғыш қарнақтар және құбырлар.Сонымен қатар, жерасты жабдығына әртүрлі қорғағыш құрылғылар (газ және құмды зәкірлер, құйыршықтар) жатуы мүмкін, олар ҚҰС-тың қабылдағыш келте-құбырға жалғанады және ауыр жағдайларда оның жұмысын жақсартады (құм, газ).Жерүсті жабдығына тербелгіш-білдек (ТБ) кіреді, ол 9 электрқозғалтқыштан, 7 қос иіннен, 8 бұлғақтан, 6 теңгергіштен, 5 сағалық тығыздағыштан, сағалық орама мен 4 үш тармақтан тұрады.Тербелгіш-білдек қарнақтарға синусоидтық қозғалысқа жақын болатын қайтқыш-бірізді қозғалысты береді. ТБ-ның ажарланған сояуыштың жоғарғы ұшымен жалғауға арналған иілгіш арқандық аспасы және жөндеу кезінде түсіру-көтеру механизмдерінің (тальдік блоктың, ілгектің, элеватордың) кедергісіз өтуіне арналған қайырмалы немесе бұрылмалы бастиегі бар.Теңгергіш мойынтіректерге бекітілген көлденең осьте тербеліп тұрады және редуктордың екі жағында орналасқан 8 екі әздектің көмегімен 7 екі ауыр қос иінмен жалғанады. Жылжымалы қарсы салмақтары бар қос иіндер редуктордың білігінің айналу осіне қатысты қос иіндердің бойымен сол не өзге түрдегі қашықтыққа қозғалып отыруы мүмкін. Қарсы салмақтар ТБ-ны теңгермелеу үшін қажет.Тұрақты берілгіш санына ие, маймен толықтырылған, қымталған редуктордың бір ұшында трансмиссиялық білігі болады, оның бір ұшында 9 электрқозғалтқыштың кіші елгезерімен сыналық-белдіктік беріліспен жалғанған трансмиссиялық елгезері болады. Теңгермелегіштің тіректік мойынтірегі металды пирамида-тіреуге бекітілген. Тербелгіш-білдектің барлық элементтері — пирамида, редуктор, электрқозғалтқыш — бетонды іргетасқа бекітілетін ортақ рамаға бекітіледі. Әздектің қос иінмен жалғану нүктесі айналу орталығына қатысты өзінің қашықтығын қос иіннің саусағын сол не өзге тесікке ауыстырып салу арқылы өзгертіп отыруы мүмкін, ондай тесіктер бірнешеу болады. Сол арқылы теңгермелегіштің тербелу амплитудасының, б.а қарнақтар жүрісі ұзақтығы амплитудасының сатылы түрде өзгеріп отыруына қол жеткізіледі.Редуктор тұрақты берілгіш санына ие болғандықтан, тербелулердің жиілігін сыналық-белдіктік трансмиссияның берілгіш санын өзгерту мен электрқозғалтқыштың білеуіндегі елгезерді үлкен немесе кіші диаметрге ауыстырудың арқасында ғана өзгертіп отыруға болады.Өнеркәсіпте теңгермелегіштің бастиегіндегі жүк көтерімділігі өздерін қарнақтың құрылғылармен жабдықтауға тура келетін ұңғымалардың тереңдігі мен өнімділігінің кең ауқымына сәйкес 10-нан 200кН ға дейін жететін әртүрлі типтік көлемдегі тербелгіш-білдектер шығарылады. ТБ-лардың типтік көлемдері мен олардың негізгі параметрлері мемлекеттік стандартпен реттеліп отырады.Қарнақтық ұңғымалық сорғыш құрылымы сол не өзге түрде болып келетін ұзын (2—4 м) цилиндрден тұрады. Цилиндрдің төменгі ұшында қозғалмайтын сорғыш қақпақ орнатылған, ол жоғары қарай жүріс кезінде ашылады. Цилиндр құбырларға ілінеді. Оның ішінде ұзындығы 1—1,5 м болатын дәл жоғарыдағыдай үстіне қарай ашылатын тоғытқыш қақпағы бар ажарланып өңделген құбыр түрінде жасалған мінбас-плунжер қозғалып отырады. Плунжер қрнақтарға ілінеді. Плунжер жоғары қарай қозғалған кезде сұйық сорғыш қақпақ арқылы сорғыштың қабылдағышындағы қысымның әсерімен цилиндрдің ішкі қуысына толады. Плунжер төмен қарай жүрген кезде сорғыш қақпақ жабылады, плунжердің астындағы сұйық қысылып, тоғыту қақпағын ашады. Осылайша, қақпағы ашық плунжер сұйыққа батырылады. Кезекті түрдегі жоғары жүріс кезінде тоғыту қақпағы плунжердің астындағы сұйықтың қысымымен жабылады. Плунжер мінбасқа айналады және сұйықты жүрістің ұзындығына (0,6—6 м) тең биіктікке көтереді. Плунжердің үстінде жиналып қалған сұйық ұңғыманың сағасына жетіп және үш тармақ арқылы мұнай жинағыш желіге келіп түседі.

Сурет 5 Ұңғымалық қарнақтық сорғыштардың негізгі сұлбасы:

а - сояуышы бар НГН-1 типіндегі салынбайтын сорғыш;

ә - ұстағышы бар НГН-2 типіндегі салынбайтын сорғыш;


а - 1 – тоғыту қақпақтары, 2 - цилиндрлер, 3 - плунжерлер; 4 – ұзартқыш-келтеқұбырлар, 5 – сорғыш қақпақтар, 6 – конустардың ертоқымдары, 7 – қармағыш сояуыш, 8 – екінші тоғыту қақпағы, 9 - ұстағыш, 10 – қақпақты қармауға арналған ұштық;

ә - НГВ-1салынбалы сорғыш; 1 - қарнақ, 2 - ССҚ, 3 – отырғызу конусы, 4 – құлыптық тірек, 5 - цилиндр, 6 - плунжер, 7 – бағыттаушы құбыр.



ШТС-ның берілу коэффициентіне тұрақты және құбылмалы факторлар әсер етеді.Тұрақты факторларға төмендегілерн жатқызуға болады:

  • сорып алынатын қоспадағы еркін газдың әсері;

  • сорғыш қарнақтар мен құбырлардың серіппелі деформациялануларының салдарынан қарнақтардың іліну нүктесінің жүрісімен салыстырғандағы плунжердің пайдалы жүрісінің азаюы;

  • сорып алынған сұйық көлемінің оның жоғарыда суытылуы мен айыру құрылғыларында газдан арылуының нәтижесінде азаюы.

  • уақыт бойы өзгеріп отыратын құбылмалы факторларға төмендегілерді жатқызуға болады:

  • сорғының тозу дәрежесі мен сорып алынған сұйықтағы абразивтік қоспалардың орын алуына байланысты болатын цилиндр мен плунжердің арасындағы жылыстаулар;

  • сорғыш қақпақтарындағы олардың лезде жабылмауы немесе ашылмауынан және, көбінесе олардың тозуы мен жемірілуінен болған жылыстаулар;

  • құбылмалы жүктемелерге түседі.




Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Жылдарга “Кургак учук-iv” программасы
2013 -> Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
2013 -> Создание информационной системы движения ценных бумаг на примере атф банка
2013 -> 1 Геологическая часть
2013 -> Оригинал: Политическая деятельность Урус-хана и его место в истории казахской государственности // Отан тарихы (Отечественная история). 2006, №1, стр. 89-95
2013 -> «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты
2013 -> I тарау. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
2013 -> Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды
2013 -> Мазмұны кіріспе
2013 -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет