Мазмұны Кіріспе 1-тарау. Кәсіпорындағы негізгі капиталды пайдаланудың теориялық негіздері



жүктеу 1.03 Mb.
бет5/5
Дата02.05.2016
өлшемі1.03 Mb.
1   2   3   4   5
: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Жылдарга “Кургак учук-iv” программасы
2013 -> Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
2013 -> Создание информационной системы движения ценных бумаг на примере атф банка
2013 -> 1 Геологическая часть
2013 -> Оригинал: Политическая деятельность Урус-хана и его место в истории казахской государственности // Отан тарихы (Отечественная история). 2006, №1, стр. 89-95
2013 -> «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты
2013 -> I тарау. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
2013 -> Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды
2013 -> Мазмұны кіріспе
2013 -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!

3- тарау. Кәсіпорында негізгі капиталдың тиімділігін көтеру бағыттары

3.1 Негізгі капиталдың тиімділігін арттыруда кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық әлеуетін көтеру.

Қазіргі кезде еліміздегі экономиканың негізгі секторы болып саналатын өнеркәсіп кәсіпорындары мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ете алмай отыр. Себебі ол алыс және жақын елдерден келетін өмірлік маңызы жоғары тауарларға тәуелді.

Ұлттық экономика шикізатты өндіруде техниканың жаңа үлгілерін пайдаланып, автоматтандыырлған, механикаландырылған еңбекті қолданса , шикізатты өңдеуден өнім өндіруге, содан кейін тұтынушыға дайын өнімді жеткізуге дейін барлық технологиялық ізбектілік жаңа техника, технологияға алдыңғы қатарлы инновациялық жетістіктерге негізделуі тиіс. Жаңа техникамен қаруландыру әртүрлі жомен жүруі мүмкін: шет ел және ішкі капиталдарды белсенді түрде тарту, инновациялық үрдістерді басқарудың жаңа нысандарын енгізу.

Еңбек, қор, капиталдың пайдалану деңгейлерін жақсарту еңбек өнімділігінің артуына, өндіріс тиімділігін көтерудің ең басты факторы болып табылады. Өндіріс тиімділігін көтерудің басты шартына өндірістің техникалық деңгейін көтеруді қамтамасыз ететін және еңбек өнімділігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін шикізат, материал, энергия, тауарлар өндіретін салаларды жедел түрде дамыту жатады.

Негізгі қорлардың ұдайы түрде жаңаруы, кәсіпорында бәсеке қабілеттілігі өнім өндіруге ықпалы тиеді, өндіріске инвестиция салудың тұрақты түрде өсуі өнім өндірудегі ағымдық материалдық шығындардың төмен қарқыны мен капитал және қор сыйымдылықтарының тұрақты түрде өсіп отыруымен тығыз байланысты. Сөйтіп, Қазақстан экономикасының шикізаттық бағыты капитал және қор сыйымдылығы жоғары салаларды дамытуға экстенсивті даму жолымен жүретін салалық құрылымды қалыптастыруға алып келеді.

Мұнай өнеркәсіптерін басым бағытта дамыту арқылы осы салалардың өнімдерін өндіруде еңбекті техникамен қаруландыруды жедел жүргізу басқа салалардағы өнімнің бәсеке қабілетттілігін көтеруге көмектеседі.

Қазіргі кезде Қазақстан БСҰ-ға мүше 144 елдің 135 елімен сауда қаарым-қатынастарын жасауда. БСҰ-ға мүше болу өнеркәсіпте жаңа технология мен өндірісті ұйымдастыру әдістерін пайдалануға, ішкі нарықта бәсекелестікті дамытуға, шетелдің инвестиция ағымын оған мұқтаж өңдеу өнеркәсібіне инновациялық қызметке пайдалануға жол ашады. Қазіргі таңда елімізде мысалы, машина жасау саласында станоктардың паркінің табиғи тозуы негізгі қорлар бойынша -55 пайызды, ал оның ішінде белсенді бөлігі – 90 пайызды құрайды. Бұл отандық өнімнің сыртқы нарықта бәсеке қабілеттілікке шыдай алмайтындығын көрсетеді. Мамандардың есептеуі бойынша, зауыттарды жекелей модернизациялау үшін және жеті мыңнан астам станоктарды ауыстыру үшін 75 тен 100миллиардқа дейін теңге қажет болады екен. әрине мұндай қаржыны бюджет көтере алмайтыны белгілі. Сондықтан дамыған меемлекеттерде қолданылатын негізгі қорларды лизинг арқылы жаңарту механизмін қолданған жөн. Батыста оның сегіз бөлігі жағдайында өнеркәсіптік құралдарды лизингтік компаниялар сатып алып, содан кейін оларды кәсіпорындарға жалға өткізеді. Ал Қазақстанда техника мен агрегеаттарды лизингке алу 1 пайыз ғана құрап отыр. Жалға алған өнеркәсіптік құралдарды өтеу үшін 5-7 жыл керек.

Қазіргі таңда жалпы алғанда, отандық өнеркәсіп өнімдерінің әлемдік нарықтағы бәсекелік қөабілеті төмен, оның басты себептеріне:



  • өңдеу өнеркәсіп кәсіпорындарының, мысалы, машина және прибор жасау, жеңіл өнеркәсіп, фармацефтика және тағы басқалардың технологиялық жағынан артта қалуы;

  • кейбір сааларда негізгі қорлардың тозуы 50-60%-ға және тозған құралдардың үлес салмағы 10-20%-ға жетіп отыр.

Мемлекет өнеркәсіп саласының экономикасын жетілдіруде соңғы жылдары бір қатар іс-шаралар дайындады. Оларға импорт алмастыру, экспортқа бағыттылған саясат,экономиканы индустриялық-инновациялық дамыту, әлеуметтік проблемаларды шешу, инвестициялық саясатты жүргізу жатады.

Қазақстанда жалпы негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар 2005 жылы 2205,2млрд.теңге болды, бұл 2004 жылмен салыстырғанда 102 есе көп. 2005 жылы инвестицияның өсуі 2004 жылмен салыстырғанда республиканың 15 өңірінде байқалады. Мұның өзінде ең көп өсуі Солтүстік Қазақстан, Атырау(1,5есе), Алматы,шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан(1,4есе), Қарағанды(1,3есе), Ақмола, Ақтөбе, Қызылорда(1,2есе) облыстарында және Алматы(3,5%)мен Астана(9%) қалаларында тіркеледі.негізгі капиталға қаражат салудың негізгі көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншік қааржаты(56,8%) жәнешетел инвестициялары(25,2%) болды.бюджет қаражаты 12,6%, қарыз қааржаты5,4% құрады. Мұнай және газ өндіру – негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлемінен 33,9%, жылыжымайтын мүлікпен операциялар – 21,1%, көлік және байланыс -14,8%, өңдеу өнеркәсібі -10,4% басым салалар болып табылады.

Әлемде технологияның қарқынды түрде дамуы, нарықтардың жаһандандырылуы,инновациялық теорияны әрі қаарй жетілдіруді талап етуде, мемлекеттік ғылыми және инновациялық танытып отырандығын аңғаруға болады. Шетелдік әлеуетті инвесторлар мен келіссөздер жүргізу арқылы өзара байланысты нығайту және мемлекеттік даму институттарын құру осындай белсенді іс шаралар жүргізуге әкеп отыр.

Стратегияда көзделген мақсатқа қол жеткізу үшін мемлекет бүгінде баяу инвестициялық саясаттан белсенді саясатқа ойысып, инвестицияны үлестіру қызметін өзіне алмақ. Республикадағы барлық даму институттарының мемлекеттік активтері Индустрия және сауда министрлігіне беріліп, бұл қадам жүршізіліп жатқан саясаттың тиімділігін арттыруға септігін тигізуде. Президенттің халыққа жолдауында әртараптандырылған және сапасы жоғары өнімді өндіретін экономиканы, оның секторлары мен жеке салаларын дамыту, бәсеке қабілетті елді қалыптастыруда міндеттер қояды, ол индустриялық иновациялық дамытудағы белсенділік саясатты жүргізуді қаарстырады.

Инновацияны енгізуді жеделдету көзіне инвестция жатады. Бірақ кәсіпорын немесе фирмада инвестиция көлемі көп болғанымен, олар көп жағдайда ескірген құрал жабдықтарды жаңартуға жұмсалады. Керісінше. Инвестицияның аз көлемін кәсіпорын басшылары инновациялық өнім өндіруге жұмсауы мүмкін. Сондықтан инвестицияның көп көлемі әрқашан инновациялық өнім шығаруды көбейтуге алып келе бермейді.

ҚР "Инвестициялық туралы" Заңында инвестцияны мемлекеттік қолдаудың мақсатына экономиканы дамыту үшін қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру және жаңа технологияны қолдана отырып, кеңейтілген және жаңартылған өндірістер құруда инвестциялауды ынталандыру және жаңа жұмыс орындарын құру, қолданыстағы қорларды сақтап қалу, қоршаған ортаны қорғау жатады деп қарастырған.

Қазіргі кезде технологиялық үрдістерді жаңарту мен ресурстарды үн үнемі жетлдіріп отыру өзінің өзектілігін әруақытта сақтап қалады.


3.2 "Торғай Петролеум" АҚ негізгі капиталды пайдалануды жетілдіру бағыттары

Ұлттық байлықты пайдалануды жақсартудың негізі өндірістік қорға негізделеді, оның бастапқы мағынасы қоғамдық өндіріс нәтижелеріне әсер етеді, кәсіпорын жұмысының сапасының және санының көрсеткіштеріне негізделеді, мұны келесідегідей түсіндіруге болады.

Біріншіден, негізгі қорды дұрыс пайдалану өндіріс көлемін қосымша салымдарсыз көбейтеді. Осымен техниканы толық пайдалану ликвидация жолымен, санын қысқарту және жөндеуді жеделдету және басқа да іс шаралар негізгі қордағы бар өнімнің деңгейін көтереді. Осымен өндірісті дамыту уақытын үнемдеу арқылы өндірісті кеңейтудегі қор салмдары босайды, өйткені жаңа қор салымдарына қарағанда бұл жағдайда өнім өндіру қысқа мерзімде кеңейе түседі.

Екіншіден, негізгі қорды пайдалануды жақсарту мен елдің еңбек ресурстарын толық пайдалану және оның еңбек өнімділігі жоғарылайды. Мысалы ауысу коэффициентінің жоғарылауы өндіріске қосымша жұмыс күшін шақырады немесе ынталандырады. Жабдық табысының өсуі тоқтап қалуды қысқартады, ал бұл сондай-ақ еңбек ресурстары мен өнім өсуін қамтамасыз етеді.

Үшіншіден, қорыта келгенде негізгі қорды пайдалануды жақсарту өнімнің өзіндік құныны төмендетеді, бұл өндіріс көлеміне қарағанда амортизациялық тозулар қазғалыссыз қалуымен немесе өсуінің баяу болуымен түсіндіріледі. Сондықтан өнім бірлігіне шаққандағы негізгі қордың амортизациясы төмендейді.

Төртінші, негізгі қорды пайдалануды жақсарту еңбек материал айналымын тездетеді. Жаңа өнімге негізгі қордың ққұны қалай тез көшіріледі, солай тез, яғни қысқа мерзімде жаңару болады. Негізгі қордың физикалық және моральдық тозу уақыты жақындайды, ал бұл қлорытындысында ұзақ мерзімді ескірген техника шығындарын азайтады.

Бесіншіден, негізгі қорды пайдалануды жақсарту айналым құралының айналысын тездетеді. Бұл өнім шығару айналым құралынан алда болады немесе оның өзгермеген көлемінде болады.

Айта келе негізгі қорды пайдалануда жоғары нәтижеге жету үшін, жүйенің өндірістік-техникалық ерекшелігін мінездеу үшін факторлар мен бағыттар қолдану қажет, ал бұл келесіде байқалады – беріген жүйе масштабы, оның динамикасы, ағындағы қуат шоғысы, ресурс бөлігінің өзгеруі, иерархиялық басқару құрылымының күрделілігі, жүйелік, тұтастық, материалдық ресурстарды өзгертуге үлкен қабілеттілік және т.б.

Мұнай өнеркәсібінде ұңғымалар жүйесінің дамуы негізгі қордың жақсаруымен көрініс табады, жаңа техника мен технологияны енгізу арқылы, яғни мұнай және газ өндіріснің экономикалық көрсеткіштерін жақсарту деген сөз(өзіндікқұн, табыс, рентабельділік, еңбек өнімділігі,жеке қор салымдары және т.б.).

Сонымен "Торғай Петролеум" АҚ негізгі қорды пайдалануды жақсартуда келесідей факторларды ескеру керек.

І. жыл ағымында өндіріске қатысатын құрал-жабдықтардың жұмысының уақытын кеңейту, ол дегеніміз:

1. бос тұрған жабдықтар санын қысқарту, жөндеу жұмыстарын ұтымды жүргізу. ойластырылып жүргізілген жөндеу – бұзылған аудандарды қарпына келтірудің мақсаты және экономикалық нәтижелі түрі, өйткені мұнда жөндеу уақыты және пайдалану аудандарына қысқа мерзімде жүреді, жұмыс көлемі азайғандықтан шығын да азаяды. Бұл әдісті қолдану кезінде барлық жұмысты жөндеу комплексі жұмыс істейді, оның құрамына механикаланған колонналар, белгілі операцияны орындайтын бригадалар немесе топтар кіреді. Бұрғылау қондырғылардың техникалық жағдайын зерттегеннен кейін оларға инженерлер баға береді, олар алғашқы жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Жөндеу комплексі өндірістік бөлімдерден қалыптасады: дайындау және жер жұмыстары бойынша бригада, көтерме – тазалық колоналары, монтажды–сварка бригадалары, кіші созылмалы ауданды жөндеуші бригадалар, материалдық-техникалық қамтылған және өмір қажеттілігі бар топтар. Бұл комплекстер әкімшілік және оперативтік жағынан жөндеу комплексі басшысына бағынады.

2. электромеханикалық және техникалық құралдардың пайдалану қауіпсіздігін дамыту және осы арқылы агрегаттар резервін қысқарту, ал бұл негізгі қор пайдалану тиімділігін арттырады. Мұндай факторларға бақылау жүйесін автоматттау және электроэнергияны есептеу, өндіру кезіндегі мұнай жаңалықтарын ескеру жатады және т.б.

3. қазіргі каррозия немесе дат болудан қорғау заттарын пайдалана отырып жөндеу аралық кезеңін созу, мысалы, темір құбырларды пласмасқа ауыстыру немесе полиметиленді ленталармен изоляциялау және т.б. Мұндай шаралар метталлеонструкция эксплуатациясының мерзімін үлкейтіп, өз кезегінде жөндеу жұмыстарын қысқартуға бағытталған.

4. ұңғымалардың капиталды жөндеудегі кемшіліктерін оптималды жөндеуді анықтау.

Жұмыс қабілеттілігін және қауіпсіз пайдалану концепциясы бастапқы түсінік бойынша негізгі қорда болғандай, сондай-ақ экологияға әсері бар деп түсіндіріледі.

Кемшіліктерді жою, қауіптілігі бойынша ранжирлеу, экономикалық және нәтижелі әдісті қолдану – қауіпсіздік кілті болып табылады.

5. артық құралды және резервтегі жоғары лимитті қорларды ликвидациялау. Негізгі қорларды пайдаланудың маңызды жолы артиық құралдардың санын азайтып, тез арада қондырылмаған құралдарды енгізу. Еңбек құралдарының үлкен санының тұрып қалуы өндіріс деңгейін төмендетеді, тікелей шығындарға әкеледі, өйткені материалды ұзақ сақтау керексіздікке немесе жармсыздыққа әкеледі. Ал бастапқы физикалық жақсы жағдайдағы құрал моральды тозған деп есептеледі.

Кәсіпорында өндірістік негізгі қорларды пайдалану нәтижелігін жоғарылатуға бағытталған негізгі бағыттарды келесідей қатүрде қарастыруға болады,


  • ұңғымалар және тасымалдау құбырлар жүйесін жақсарту;

  • өндірудің, көмірсутегі шикізатын сақтау және тасымалдаудың прогрессивті жүйесін енгізу;

  • мұнай шикізатын рационалды дайындау;

  • құрал-жабдықтардың жұмысқа қабілеттілігін қадағалау, экологиялық және өндірістік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • құрал-жабдықтардың техникалық және реконструкциялық жағынан қайта қаруландыру, стратегиялық маңызды бағыттарды өткізу мүмкіндігін жасау;

  • мұнай өнімін және мұнай шикізатын диверсификациялау.

Бұл әрекетте жоспарлы және мақсатты қызмет жүйесі болғанда ғана қол жеткізіледі, яғни кәсіпорында табыстылықтың басты бағыттарын қарастыру керек. Ол үшін келесідей мәселерді қаарстырудың маңыздылығы зор деп ойлаймын.

  1. ғылыми-техникалық саясат:

    • жылдағы капиталды жөндеу салымдарын жоғарылату;

    • жөндеу базасын дамыту және жаңарту, сонымен қатар авариялық-қалпына келтіру бөлімдерді қазіргі жаңа құралдармен қамтамсыз ету;

    • жүйе объектілеріне энергия жинаушы технологияны енгізу, энергия тұтынуды қысқарту;

    • құралда және жабдықтарды жөндеуші жаңа технологияларды енгізу, объектінің техникалық схемасын құру, мұнай өнімдерін тасымалдау параметрлерін жүзеге асыру;

    • жоғарғы экономикалық көрсеткіштер негізінде жабдықтарды тиімді пайдалану;

    • еңбек қорғау және өндіріс қауіпсіздігі облысындағы біртіндеп көтерілуін қамтамасыз ету;

    • техникалық базаны ары қарай дамыту.

  2. стратегиялық маңызды мұнай өнімдерін және аудандарын реконструкциялау және қайта техникалық қарулану.

  3. мұнай өнімдері диверсификациялау жолдары;

  4. көмірсутек шикізатын тасымалдаудың жаңа бағытын құру:

  • тасымалдау режимін технолгиялық оптимизациялау.

  • Мұнай өнімдерін ұзақ сақтау үшін цистерналарды, шикізат сақтайтын резервуардың қажеттілігімен қамтамасыз ету.

Сурет Негізгі қорларды пайдалану жолдары мен резервтері


Негізгі қорды толық пайдалану өндіріс көлемін өзгерту кезіндегі жаңа өндірістік қуат облысында қажеттілікті төмендетеді, ал бұл кәсіпорын табысының жақсаруына алыпкеледі. Негізгі қорды пайдалануды жақсарту қайтарымдылықты тездетеді, бұл физикалық, моралдық тозудың уақыт аралық тоқтап қалуын қысқартады. Негізгі қордың жаңару қарқынын жеңілдетеді. Сонымен негізгі қордың нәтижелі пайдалану экономикалық реформаларын қазіргі кездегі басқа да тапсырмалар мен тығыз байланысты - өнім сапасын жақсарту, өйткені, нарықтық бәсекеде жоғары сапалы өнім сұранысқа ие.

Қорыта келгенде жоғарыда айтылған бағыттар мен факторлар негізгі қорды пайдалану нәтижелігін жоғарылатады,өйткені осы шараларды өткізе отырып біз кәсіпорында және Қазақстан мұнай өндірісі инфрақұрылымын нақты мақсатқа және нәтижелі қорытындыға жеткізіп дамыта аламыз.

Негізгі қорларды пайдаланудың халық шаруашылығындағы нәтижелігін бағалау қиын. Бұл мәселені шешу қоғамға қажетиті өнім көлемін жоғарылатады, халық қажеттілігін толық қанағаттандырады және өндіріс потенциялының қайтарымын көтереді, өндіріс рентабельділік деңгейін, қор жинауын жоғарылатады.

Қорытынды
Қазақстан Республикасының индустриалды иновациялық даму үлгісін қалыптастыру экономика дамуындағы басты бағыт болып отыр. өнім сапасының халықаралық сандарттарға сәйкестендіру, техникалық, амортизациялық саясатты жетілдіру және білікті мамандарды дайындау мен қайта даярлау жүйесін құру, сыртқы нарықта өнімді жылжыту және өндірісті әртараптандыруды қамтаамсыз ететін жаңаша инфрақұрылым құру қазіргі заман талабы.

Өндірісті дамытудың негізі кәсіпорынның техникалық жарақтануы мен технологиялық деңгейінің жоғарылығымен сипаталады. Кәсіпорында үнемі негізгі капиталдарды жетілдіріп отыру, оларды тиімді пайдалануды ұтымды ұйымдастыру, жаңарту, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру шараларын ұдайы жүргізу арқылы сапалы, бәсекеге қабілетті экономикаға қол жеткізуге болады.

Негізгі капитал бұл кәсіпорынның маңызды активері болып табылады. Кәсіпорынның негізгі міндеті болып саналатыны ол негізгі өндірістік қордың шамадан тыс ескіріп қалмауына жол бермеу, себебі, олардың табиғи және моралдық(сапалық) тозуының деңгейі және кәсіпорынның жұмысының нәтижесі осыған байланысты болады. Моралдық тозуы ескірген негізгі қорлар өзінің конструкциялық, өнімділік, үнемділік, шығарылғын өнімнің сапалы жөнінен жаңа үлгіден қалып қоятынын білдіреді. Негізгі қорлардың тозуы олардың құнының экономикалық орнын толтыру амортизациялық аударым түрінде өнім өндіруге кеткен шығындарға қосылады. Ол ақшалай қаражаттың қорлануы мақсатында негізгі қорлардың толық және ішінара қалпына келтіру үшін іске асырылады.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан және қорыынды, қоымшалардан тұрады. Дипломдық жұмыстың бірінші тарауында кәсіпорында негізгі капиталдың теориялық негіздері мен оларды бағалау әдістері, сондай-ақ оларды тиімді пайдалану көрсеткіштері әсер етуші факторлар қарастырылып, Қазақстандағы кәсіпорындарды негізгі құралдарға амортизация есептеу әдістері кәсіпорының амортизациялық саясаты туралы қарастырдым.

Дипломдық жұмыстың екінші бөлімінді зерттеу объектісі мұнай өндіруші кәсіпорын "Торғай Петролеум" АҚ экономикалық қызметі талданды. Жалпы Қазақстанда мұнай-газ өнеркәсібі маңызды сала болып есептеледі, елімізде көптеген өндірістің техникалық жағдайының төмен деңгейі, олардың негізгі құралдарының жоғары тозу дәрежесі мен байқалады, өндірістердің баяу дамуына қарағанда мұнайгаз саласы артықшылықты даму жағдайымен ерекшеленеді. Елімізде инвестицияның көп мөлшері осы салаға тартылуда. Жалпы мұнайгаз саласында негізгі капиталдың маңызы жоғары. Бұл салаларда негізгі құралдар жалпы өндірістік қордың көп бөлігін құрайды. Мұнда әсіресе негізгі құралдардың актив бөлігінің көп болуымен ерешеленеді,яғни негізгі құралдың белсенді бөлігі-90 -95%құрайды.

Сонымен қатар бұл бөлімде кәсіпорынның екі жылғы мәліметері негізінде кәсіпорынның экономикалық белсенділік жағдайы, сондай ақ кәсіпорында негізгі құралдарды пайдалану жағдайына талдау жасалды. өндіріс көлемінің өсуі, табыстың өсу негізгі құралдарды ұдайы жетілдіріп отыру нәтижесінен болса керек. Негізгі капиталды тиімді пайдалану кәсіпорынның қаржылық қызметінің нәтижесінен көрінеді. Негізгі қорладың тозу ысырабын азайту, не өндірісті және еңбекті жетілдіру негізгі қорлардың құрылымын жетілдіру, жабдықтардың әртүрлі бос тұрып қалуын қысқарту арқылы олардың тиімділігіне қол жеткізуге болады.

Сондай-ақ нарықтық қатынастар жағдайында амортизациялық аударымның мөлшері кәспорынның экономикасына елеулі қосылысын білдіреді. Бірінші жағынан, амортизациялық аударымның тым жоғары деңгейі өндіріс шығындарының мөлшерін көбейтеді, осыған орай өнімнің бәсекеге жаармдылығы төмендейді, алатын пайдасының мөлшері азаяды. Сол себепті кәсіпорынның экономикалық дамуының ауқымды деңгейі қысқарады. Екінші жағынан,амортизациялық аударымның кемітілген үлесі негізгі қорларды сатып алуға құралған қаржының айналым мерзімін ұзартады, ал бұл олардың ескіріп қалуына әкеп соғады. Міне осының салдарынан бәсекеге жарамдылығы төмендеп, өзінің рыноктағы жайғасымы ысырап болады.

Дипломдық жұмыстың үшінші бөлімінде негізгі капиталды тиімді пайдалануды жетілдіру қарастырылды. Мұнай саласында негізгі капитарды пайдалнуды жетілдіру мен резервтері ол оперативті-өндірістік жоспарлау мен жабдықтауды жетілдіру, сонымен қатар еңбек мотивациясын дамыту және басқа да іс шаралар жиынтығы.



Жалпы дипломдық жұмысты жазу баоысында көптеген ғылыми еңбектермен таныса отырып,көптеген мәліметермен аныс болдым.


Пайдалыналған әдебиетер көздері





1   2   3   4   5


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет