Мазмұны кіріспе 4 1БӨлім. ҚАланың ҚЫСҚаша сипаттамасы



жүктеу 0.86 Mb.
бет3/5
Дата03.04.2016
өлшемі0.86 Mb.
1   2   3   4   5
: public -> uploads -> OBNOVLENIE SAITA 2015 -> DIPLOMY
DIPLOMY -> «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты» рмм
DIPLOMY -> Дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау бойынша тапсырма мамандығы 5В 100100 «Өрт қауіпсіздігі»
DIPLOMY -> Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Мамандығы 5В100100 «Өрт қауіпсіздігі» Диплом жазушы: А. И.Қуандық Көкшетау-2015
DIPLOMY -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті «Көкшетау техникалық институты» рмм
DIPLOMY -> Өрт кезінде аса қауіп палаталар орналасқан қабаттардан төнеді, өйткені онда тәулік бойымен әртүрлі жағдайдағы науқастар болады
DIPLOMY -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдай комитеті Көкшетау техникалық институты
DIPLOMY -> Өрттер әр қашан адамдарды өлтіретін,миллиардтаған теңгеге соғылған материалдық құндылықтарды (ғимарат, имарат, техника, шығармашылық заттары және т б.) жоятын ауыр қиыншылықтарды алып келеді
DIPLOMY -> Қазақстан Республикасында сауда саласы азаматтардың өмірінде үлкен мәнге ие. Жылдан жылға сауда орындары көбейіп келеді
DIPLOMY -> Күндізгі оқу бөлiмi
DIPLOMY -> Кіріспе Қазіргі заманда білім беру мекемелерінде адамдар көп болады, олардың көбісі өрт болған кезде істейтін іс-шараларын біле бермейтін жас өспірімдер және бұл мекеме адамдар жаппай келетін объектке жатады

Жаңақорған ауданы — Қызылорда облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөліктік, 1928 ж. құрылған.
Жерінің аумағы 15,4 мың км². Тұрғыны 67,5 мың адам (1999). Аудандағы 39 елді мекен 1 қалалық, 1 кенттік және 12 ауылдық әкімшілік округтерге біріктірілген.

Орталығы — Жаңақорған кенті. Аудан жерінің солтүстік-шығыс бөлігін Қаратау жотасының солтүстік-батыс сілемдері алып жатыр. Ең биік жері 1419 м (Бесарық өзенінің бастауында). Орталық бөлігін Сыр бойы жазығы, оңтүстігін, оңтүстік-батысын Қызылқұм шөлі алып жатыр. Ауданның жер қойнауы кен байлықтарына бай. Қаратаудың Өгізмүйіз тауы етегінде Шалқия кеніші орналасқан.


Климаты — континенттік. Қысы біршама жұмсақ, жылы күндер жиі болып тұрады. Жазы ыстық, аңызақ. Қаңтар айындағы ауаның орташа температурасы –6 — 7°С, шілдеде — 27 - 28°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 150 — 200 мм. Өзен жүйесін Сырдария өзені және оның оң салалары (Бесарық, Ақұйық, Жиделі, т.б.) құрайды. Борықтыкөл, Нарсоққан, Бозкөл, Қандыарал, Шұқырой, т.б. көлдері бар. Топырағы аллювийлі-шалғынды, шалғынды-батпақты, сор, сортаң, оңт-ке қарай құмды келеді.
Халқы мен өнеркәсібі
Халықтың орташа тығызд. 1 км²-ге 4,5 адамнан келеді. Жаңақорған мен Шалқия кенттеріндегі қала халқы 33,6%. Ірі ауылдық елді мекендері: Бірлік, Бесарық, Келінтөбе, Төменарық. Өнеркәсіп орындарынан Шалқия кен өндіру кешені, Тас ұнтақтау зауыты, т.б. шағын кәсіпорындар (май, нан зауыттары) бар. Жаңақорған ауданындағы бұрынғы күріш, қаракөл қойын, етті-сүтті ірі қара, бау-бақша, жеміс жидек өсіруге маманданған 14 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі 1997 жылдан бері акцион. қоғамдар, серіктестіктер, өндірістік кооперативтер және шаруа қожалықтары болып қайта құрылған. Одан басқа құрылыс, көлік, телекоммуникация, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары бар.
Қазба байлықтары
Кен орнынан мырыш, қорғасын, күміс, кадмий, т.б. сирек кездесетін металл кентастары кездеседі. Сондай-ақ, ауданда құрылысқа жарамды тас, қиыршықтас, құм, саз (бентонит), т.б. кен қорлары бар.
Халқы мен өнеркәсібі
Халықтың орташа тығызд. 1 км²-ге 4,5 адамнан келеді. Жаңақорған мен Шалқия кенттеріндегі қала халқы 33,6%. Ірі ауылдық елді мекендері: Бірлік, Бесарық, Келінтөбе, Төменарық. Өнеркәсіп орындарынан Шалқия кен өндіру кешені, Тас ұнтақтау зауыты, т.б. шағын кәсіпорындар (май, нан зауыттары) бар. Жаңақорған ауданындағы бұрынғы күріш, қаракөл қойын, етті-сүтті ірі қара, бау-бақша, жеміс жидек өсіруге маманданған 14 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі 1997 жылдан бері акцион. қоғамдар, серіктестіктер, өндірістік кооперативтер және шаруа қожалықтары болып қайта құрылған. Одан басқа құрылыс, көлік, телекоммуникация, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары бар.
Ауыл шаруашылығы
Егін егуге жарамды жері — 1,4 млн. га, оның ішінде: жыртылған жері — 16,2 мың га, шабындығы — 30,8 мың га, жайылымы — 1,3 млн. га. Негізінен, күріш өсіріледі. 2000 жылдың басында ауданда 22,6 мың ірі қара (оның ішінде 7,0 мың сиыр), 131,1 мың қой мен ешкі, 5,7 мың жылқы, 0,6 мың түйе болды. Ж. а-нда жалпы білім беретін 40 мектеп, 2 музей, 20 мешіт, 32 кітапхана, 29 мәдениет үйлері мен клубтар, қонақ үйі, 2 спорт сарайы, 9 спорт кешені, стадиондар мен спортзалдар бар. 5 аурухана, 1 емхана, 22 фельдш.-акушерлік және 6 дәрігерлік пункттер жұмыс істейді. Аудандағы елді мекендерге 78,6 км су құбыры тартылған.




Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті

Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті республикалық, өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасақтарын қоспағанда, облыс аумағындағы азаматтық қорғау органдары мен бөлімшелеріне басшылық жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Төтенше жағдайлар Комитетінің аумақтық бөлінісі болып табылады.

Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Міндеттері:

1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйелерінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;

3) өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

4) өрттің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру.

Функциялары:

1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйелерінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;

2) азаматтық қорғау күштерінің қызметін қамтамасыз ету;

3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және облыс аумағында азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға бағытталған азаматтық қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу кезінде азаматтық қорғау күштеріне басшылық жасау;

4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүргізу;

5) Департамент пен мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз ету;

6) жергілікті атқарушы органның құзыретіне кіретін азаматтық қорғау саласындағы мәселелер жөніндегі ұсыныстардыжергілікті атқарушы органға енгізу;

7) азаматтық қорғау саласында ақпараттық-талдау қызметін жүзеге асыру;

8) азаматтық қорғау саласында іргелес мемлекеттердің шекара маңы өңірлерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

9) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлараймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтау, қалпына келтіру және оңалтуды қамтамасыз ету;

10) комиссиясының құрамында өз құзыреті шегінде төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалалар мен апаттарды тергеуді ұйымдастыру және жүргізу;

11) қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды жою кезінде ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру;

12) азаматтық қорғау құралдарына қажеттілікті айқындау үшін Комитетке және жергілікті атқарушы органға ұсыныстар дайындау;

13) қорғаныш құрылыстарын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру;

14) азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерін даярлау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

15) Азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу және оны азаматтық қорғаныстың бастығы – облыс әкіміне бекіту үшін енгізу;

16) облыстың қалалары мен аудандарының азаматтық қорғаныс жоспарларын келісу;

17) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу және оларды облыстың әкіміне бекітуге ұсыну;

18) облыстың қалалары мен аудандарыныңтөтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын келісу;

19) азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын айқындау жөнінде Комитетке ұсыныстар енгізу;

20)Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі және мазмұны жөнінде Комитетке ұсыныстар енгізу;

21) қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші және жылжымалы басқару пункттерін құру бойынша ұсыныстарды азаматтық қорғаныстың бастығы – облыс әкіміне енгізу;

22) елді мекендер мен аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің аумақтарын өрттерден қорғауды қамтамасыз ету;

23) өртке қарсы ерікті құралымдардың тізілімін жүргізу;

24) төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі жоспарларды әзірлеу;

25) облыстың, қалалар мен аудандардың қауіпсіздік паспорттарын және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатерлерінің каталогтарын әзірлеу;

26) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар кезінде облыс әкімінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауы туралы ұсыныстарды жергілікті атқарушы органға енгізу;

27) төтенше жағдайлар кезінде авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстар жүргізу;

28) суда құтқару және сүңгуірлік-іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

29) облыстың аумағындағы өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қызметін үйлестіру;

30) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу;

31) аттестаттау комиссияларының құрамында авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын, құтқарушыларды аттестаттаудан өткізу;

32) су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;

33) өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органымен бірлесіп басқару, құлақтандыру мен байланыс жүйелерін дамыту және оларды облыстың аумағында пайдалануға әзірлікте ұстау;

34) халыққа, азаматтық қорғаудың басқару органдарына төтенше жағдайдың туындау қатері туралы болжам болған кезде күні бұрын және (немесе) төтенше жағдай туындаған кезде жедел хабар беруді және оларды құлақтандыруды қамтамасыз ету;

35) облыстың аумағында бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметін дамыту және жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

36) облыстың аумағында бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметімен автоматтандырылған жүйелердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру;

37) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің корпоративтік ақпараттық-коммуникациялық жүйесінің, ахуалдық-дағдарыс орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

38) азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастыру;

39) төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлауды ұйымдастыру;

40) ерікті өрт сөндірушілерді кейінгі даярлаудың бағдарламасын бекіту;

41) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

42) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

43) елді мекендер мен объектілерде өртке қарсы күреске өрт сөндіру бөлімшелерінің әзірлігін бақылауды жүзеге асыру;

44) су айдындарында қауіпсіздік қағидаларының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

45) өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер жүргізуді жүзеге асыру;

46) анықталған бұзушылықтарды жою және өрттерді болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;

47) анықталған бұзушылықтарды жою және азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды орындау туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;

48) су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын сақтамағаны үшін азаматтарға және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;

49) субъектiлер өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымды, объектiнi, құрылысты, ғимаратты салу, реконструкциялау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезiнде жобаларда көзделген өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары орындалмаған кезде ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұру, ғимараттарды, құрылыстарды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт шығу қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге тыйым салу;

50) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;

51) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды Комитетке енгізу;

52) өз құзыреті шегінде терроризммен күрес жөніндегі облыстық штабтың жұмысына қатысу;

53) өз құзыреті шегінде облыстық Терроризмге қарсы комиссияның жұмысына қатысу;

54) облыс бойынша мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының лауазымына тағайындалған және жауынгерлік есептен белгіленген тәртіпте шығарылған әскери міндеттілерді арнайы есепке алуды жүргізу;

55) өтініш берушінің азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде лицензия беруді келісу;

56) өртке қарсы нормалар мен қағидалар талаптарына сәйкестігіне құрылысы аяқталған кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар мен жекелеген қондырғыларды пайдалануға қабылдау жөніндегі жұмыс, қабылдау және мемлекеттік қабылдау комиссияларының жұмысына қатысу;

57) өз құзыреті шегінденормативтік құқықтық актілерге, нормативтік актілерге және стандарттарға өзгерістер, толықтырулар енгізу жөнінде Комитетке ұсыныстар енгізу;

58) азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және заңға тәуелді актілерінде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.

Құқықтары:

1) өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;

2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан және азаматтардан қажетті ақпаратты және мәліметтерді заңнамада белгіленген тәртіпте сұрату және алу;

3) заңнамада белгіленген тәртіпте Департаменттің мүдделерін сотта қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

4) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу;

5) қызметтік жұмысты және орындаушылық тәртіпті бұзу фактілері бойынша қызметтік тексерістер жүргізу, олардың себептерін анықтау, талдау және бұзушылықтарды болдырмау бойынша шаралар қабылдау;

6) белгіленген тәртіппен азаматтық қорғау мақсаттары үшін мемлекеттік ведомстволық және мемлекеттік емес жүйелерді, желілерді, байланыс және ақпарат беру құралдарын пайдалану;

7) облыстың құлақтандыру жүйесіне техникалық тексерулер және азаматтық қорғау бойынша оқу-жаттығулар жүргізу кезінде облыстың құлақтандыру жүйесін қосу туралы өкім беру;

8) әрекеті немесе әрекетсіздігі төтенше жағдайлар қатеріне немесе туындауына және азаматтық қорғау саласында бұзушылықтарға әкелген лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы белгіленген тәртіпте ұсыныстар енгізу;

9) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

«Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2014 жылда төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бағытында атқарған жұмыстары және 2015 жылға алға қойылған мақсаттар»

Қазақстан Республикасы «Азаматтық қорғау туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар Комитетінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары шеңберінде Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен оларлардың салдарларының алдын алуға және оларды жоюға, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, облыс аумағында өрт қауіпсіздігің қамтамасыз ету және азаматтық қорғаныс шараларын ұйымдастыруды мемлекеттік саясатын жүзеге асырады.

2014 жылға арналған Комитеттің Операциялық жоспары негізінде Департаментке 61 тармақ жүктелген, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жұмыс жоспарында 114 тармақ көзделген және осы уақытта бекітілген барлық 114 тармақтағы жұмыстар толығымен уақытысында орындалды.

Комитеттің Стратегиялық жоспары шеңберінде мақсатты индикаторға қол жеткізу жұмыстарына тоқталсақ:

- тіркелген төтенше жағдайлар саны 85, 2013 жылмен салыстырғанда 4,7 % ға төмендеген (2013 ж - 89 жағдай).

- тіркелген төтенше жағдайларда зардап шеккен адам саны 207 бұл көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 52,1 % көбейіп отыр ( 2013 ж. - 63);

- тіркелген төтенше жағдайларда қайтыс болған адам саны 69, былтырғы жылмен салыстырғанда 8,7 % өскен (2013 ж - 63).

Жыл басынан Департамент бастығының жанындағы Кенесінің 8 жиыны өткізілді (4 жоспарлы, 4 жоспардан тыс жиындар).

Департаментте құжаттама айналымы 13 427 (2013 жылы – 15 699) құжат құрайды. Оның ішінде 5872 (2013 жылы -6794) кіріс және 7374 (2013 жылы - 8689) шығыс құжаттар, 2013 жылымен салыстырғанда кіріс құжат 4 % төмендеген, шығыс құжат 3 % төмендеген.

Жеке және заңды тұлғалардан 954 (2013 жылы - 774) өтініш түскен, 2013 жылмен салыстырғанда, 2014 жылы 4 % көбейген.

Табиғи және техногенді төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардабын жою

Облыстың, қала және аудандардың қауіпсіздік паспорттары әзірленді. Облыстың акватория паспортына толықтырулар мен өзгерістер енгізілді, облыстың табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар қауіп-қатер каталогіне түзетулер енгізіліп, облыс әкімімен бекітілді.

Аумақтағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі шараларды өткізу үшін облыс, қала және аудандардағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссияларымен өзара іс-әрекеттерді қамтамасыз етуде және гидротехникалық құрылыстарға өткізіліп жатқан жөндеу қалпына келтіру жұмыстарына мониторинг жасалды.

Су тасқының зардабын азайту үшін мемлекеттік органдармен жедел ақпаратты алу үшін мүдделі орталық атқарушы органдармен іс-әрекеттер жасалған, соның ішінде Сырдария өзені су ағысының басқаруын реттеу бойынша шешім қабылданып, уақытылы Шардара су қоймасынан және Көксарай контрреттегішінен жұмыс режимінің кестесі уақытылы түзетіледі.

Көлік инфрақұрылым объектілерінде су жібергіш құрылыстары және тұрғын аумақтарда арықтарды тазалау бойынша жергілікті атқарушы органдармен іс-шаралар өткізілуде, су шаруашылығы объектілерінде гидротехникалық құрылыстар жөнделуде, көл жүйелеріне магистралдық каналдар арқылы өзен суларын өткізу бойынша іс-шаралар бекітілді, су жиегіндегі қорғаныс учаскелеріне жауапкершілік зоналары белгіленді.

Гидротехникалық құрылыстардың және қорғаныс бөгеттерінің жағдайларына мониторинг жасалуда, Сырдария өзенінің жағалауында 30 су тасқыны қауіпі бар учаскелер белгіленді.

Осы мақсатта облыстық бюджеттен 2014 жылы 452 млн. теңге бөлінді, осы учаскелерінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.

Төтенше жағдайларды алдын ала болжау және қауіп-қатерін бағалау және олардың өсуі мен динамикасына бақылау мақсатында:

2014 жылы өрт қауіпсіздігі мақсатында дала өрттеріне ғарыштық мониторингіне облыстық әкімдігінен 2,1 млн теңге бөлінді.

Облыс, қала және аудандық төтенше жағдайларды алдын алу және жою комиссияларының жұмысын жоспарлау кезінде Департаментпен су тасқыны саласы, жер сілкіністері, Конго-қырым геморрагиялық безендіру, өрт қауіпті кезеңіне дайындық, судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қысқы кезеңге дайындық бойынша өзекті мәселелерді қарастыру бойынша ұсыныстар жолданды.

2014 жылы облыс, қала және аудандардағы төтенше жағдайлар комиссияларымен 99 отырысы өткізілді:

оның ішінде, 9- облыс, 90- қала мен аудан көлемінде өткізілді және олардың шешімдеріне бақылау жүргізілуде.

Жыл басынан осы отырысында 32 өзекті мәселелер қаралды:

Облыс көлемінде 2013-2014 жылдардың қыс-көктем мезгілдерінде болуы ықтимал су тасқынының алдын алу туралы; облыс аумағында құрылыс нысандарының салынуы барысында және құрылысы аяқталған нысандарды меншік түріне қарамастан мемлекеттік қабылдау кезінде талапқа сай, соның ішінде құрылыс нормаларына сай нысан шатырларының беріктігі туралы; облыс көлеміндегі шалғай орналасқан елді мекендерде өрт сөндіру іс-шараларын ұйымдастыру мәселесі туралы, облыстағы мемлекеттік органдар, ұйымдар мен кәсіпорындардың төтенше жағдай орын алғандығы хабардар ету тәртібі туралы, жазғы кезеңде облыстың су айдындарында судағы қауіпсіздік шаралары туралы.

Авариялық құтқару жұмыстарын жүргізу

2014 Төтенше жағдайлар департаменті үшін жайлы жыл болған жоқ, айта кететін болсақ 2014 жылы орын алған ең күрделі төтенше жағдайлар, атап айтқанда:

- Жаңақорған ауданы Қаратау бөктеріне қардың көп жаууынан 2014 жылдың 22 ақпанында күннің күрт жылуы мен нөсерлі жаңбыр болды. Осы болған жаңбырлы нөсердің кесірінен Қаратау бөктеріндегі қардан еріген мол су, Батыс Европа – Батыс Қытай автобаны бойында орналасқан Шалқия-Жаңақорған көпірінен төмен құйып, Жаңақорған кентіне қауіп төндірді. Орын алған жағдайға байланысты ауданда орналасқан Азаматтық қорғаудың барлық қызметтерінің құрылымдары дабыл бойынша көтеріліп, жоғарыда аталған көпірдің алдынан тоған соғылып, судың ағу бағыты өзгертілгесін су басу қаупі сейілді. Кенттің шет жағалауындағы тұрғын үйлердің ауласынан (110 үй) Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мотопомпаларымен жиналған суды қауіпсіз жерге айдау жұмыстары жүргізілді.

2014 жылдың 20 желтоқсанында Шиелі ауданы Жөлек және 21 желтоқсанында Ботабай елді мекендері тұсында Сырдария өзенінде судың деңгейі 1,4 – 1,5 метрге көтеріліп, су басу қаупін төндірді. Осы бағытқа Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының, яғни менің шешімімен аталған елді мекендерге мониторинг жүргізу және жергілікті атқарушы органға көмек көрсету мақсатында мобильдік топтар оқиға орнына жөнелтілді. Сонымен қатар, ҚР ІІМ ТЖК «Қазавиақұтқару» АҚ-ның МИ-8 тікұшағымен жағдайды жоғарыдан көріп бағалау үшін төңіректі аралап ұшып шықты. Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің аумақтық құрылымдарының мобильдік топтары мен жергілікті атқарушы органның қызметтерінің орын алған оқиғаға дер кезінде шұғыл әрекет етуінің арқасында Шиелі ауданы Жөлек және Ботабай елді мекендерінде адамның, малдың және материалдық шығынысыз уақытында төнген қауіпті сейілтті. Тасқын суға қарсы іс-шараларды жүргізу барысында 45 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді, оның 15 бала және су басқан аймақтан 14 жылқы, 24 ірі қара мен 5 уақ мал шығарылды. Сонымен қатар, Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің күшімен 4 үйдің ауласын басқан суды мотопомпа арқылы сору жұмыстары жүргізілді.

- Шиелі, Жаңақорған аудандарының малшылары мал қыстату, мал төлдету науқанын сапалы жүргізіп, межелі төлді орындағанымен мамыр айында шопандар уақ малдардың қыстан шыққан жабағы жүндерін қырықтырып, жылдағы мерзімінде «Қаратау» жайлауларындағы жазғы жайылымдарға көшіп қонды. Дегенмен жаңа қырқылған уақ мал (қой, ешкі) 2014 жылдың 29-30 мамырында толассыз жауған қар аралас бұршақ жауын шашыны мен қатты желдің салдарынан Шиелі, Жаңақорған аудандарында ауа температурасы күрт төмендеп табиғат апатынан мал шаруашылығындағы 5754 бас уақ мал өліп, шаруа қожалықтары шығынға ұшырады. «Шиелі және Жаңақорған аудандарында қар аралас жауған жаңбырдың салдарынан өлім жітімге ұшыраған уақ малдарды өртеп көму арқылы жою жұмыстарының санитарлық талаптарға сәйкес ұйымдастыру бойынша жұмысшы тобы» құрылды. Осы құрылған топқа қажетті құрал-жабдықтар мен техникалар бөлініп, 2014 жылдың 30 мамыры мен 3 маусымы аралығында өлім жітімге ұшыраған уақ малдардың санын нақтылау жұмыстары жүргізілді және маусым айының 3-10 аралығында өртеп көму арқылы жою жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталды.

2014 жылы «Қызылорда-Жезқазған» автожолынан 96 автокөлік, 278 адам қар құрсауынан қауіпсіз аймақтарға көшірілді. Аталған автожолдағы өзекті мәселе бұл ұялы байланыстың жоқтығынан зардап шеккен халық уақытылы 112 телефонына хабар бере алмауы болып отыр.

Жоғарыда аталған жағдайларға 112 телефонына келіп түскен алғашқы ақпаратты Департаменттің жедел кезекшісі дер кезінде зерделеуінің, басшы құрамның уақытылы дұрыс шешім қабылдауының және оқиға орнында авариялық-құтқару құрылымдарының үйлесімді әрекет етуінің арқасында орын алған оқиғалар адам өмірінің шығынысыз жойылып отыр деп айтуға болады.

Сонымен қатар, болуы мүмкін табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында «КазГидромет» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен ҚР ІІМ ТЖК Республикалық дағдарыс орталығынан 2014 жылы 84 дабылды ескерту келіп түсті. Келіп түскен дабылды ескертуді жергілікті атқарушы органдарға, тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріне және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа уақытылы жеткізілді.

Тағы да айта кететін жағдай, облыс аумағында Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің авариялық құтқару қызметтерімен 987 авариялық құтқару жұмыстары жүргізілді. Авариялық құтқару жұмыстарына 3233 адам және 1247 техника жұмылдырылды. Авариялық құтқару жұмыстары кезінде 790 адам (оның ішінде, 126 бала) құтқарылды, 166 зардап шеккендерге (оның ішінде 3 бала) алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Төтенше жағдайлар аумағынан 351 адам (оның ішінде 15 бала) және 137 техника көшірілді. 50 мәйіт шығарылды, соның ішінде 7 бала.

Азаматтық қорғаныс саласы бойынша мемлекеттік бақылау

2014 жылда Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы бойынша 38 нысандарда жоспарлы тексерулер жүргізілуі жоспарланған, оның ішінде 2014 жылдың 12 айында 5 нысанда жоспарлы тексерулер жүргізілді, 5 мекеме басшысы Азаматтық қорғаныс сұрақтары бойынша тындалды, Азаматтық қорғаныс саласында нормативті-құқықтық актілері орындалмауына байланысты 34 заң бұзушылық анықталды, 5 лауазымды тұлғаға әкімшілік құқық бұзушылық туралы істері қаралып, әкімшілік шара қолданды, жалпы айыппұл соммасы 146 308 теңге, барлығы өндірілді. 4 мекемеде жоспардан тыс бақылау бағытында тексерулер жүргізілді.

Өрт қауіпсіздікті қамтамасыз ету

2014 жылы өрт оқиғаларының алдын алу, болдырмау бағытындағы іс-шараларға Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен жүргізілетін профилақтикалық үгіт - насихат жұмыстарының жүргізілуі, оның ішінде аймақтағы бекітілген нысандардың өрт қауіпсіздігіне бақылау жұмыстарын жүргізу болып табылады. Бұл бағытта есепті кезеңде облыс көлемінде түрлі шаруашылық бағыттағы барлығы 861 нысандарға бақылау жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 18 онеркәсіптік және тіршілікті қамтамасыз ету нысандар, 843 әлеуметтік-мәдени бағыттағы нысандар. Тексеру кезінде 2651 кемшілік анықталып, 61 нысанның жұмысы ауданаралық экономикалық сотының шешімімен уақытша тоқтатылды.

Өрт қауiпсiздiгi қағидасы талаптарын бұзған 640 жеке және заңды тұлғаларға қатысты әкімшілік өндіріс қозғалып, 10 млн 973 мың 100 теңге айып пұл салынды оның ішінде: 6 жеке тұлғаларға «ескерту» жасалып, 153 жеке тұлғаға 622 мың 272 теңге, 470 лауазымды тұлғаға 9 млн 578 мың 544 теңге, 11 заңды тұлғаға 772284 теңге әкімшілік айыппұлдар көлемінде салынды.

2015 жылдың 10 қантары жағдайы бойынша 571 айыппұл өндірілді, жалпы сомасы 9 млн 323 мың 780 теңге, мәжбүрлі түрде 37 айыппұл жалпы сомасымен 950 мың 076 теңге сотқа жолданды.

2014 жылы Қызылорда облысы бойынша 513 өрт оқиғасы орын алды, бұл көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 8,8% көбейіп отыр (2013 жылы - 468 өрт), материалдық шығын 160 млн 989 мың 114 теңгені құрады (2013 жылы - шығын 322 млн 463 мың 256 теңге, - 50,1% азайып отыр), адам қазасы 9 адам, оның ішінде 3 бала (2013 жылы – 9 адам, оның ішінде 3 бала), зардап шеккендер– 17 адам (2013 жылы – 14 адам).

Халыққа психологиялық және жедел медициналық көмек көрсету

2013 жылдан бастап республикалық маңызы бар авариялық қауіпті жолдардың учаскелерінде трассалық-медициналық құтқару бекеттері тәулік бойы кезекшілікті жүзеге асырады, облыста жедел медициналық көмек көрсету үшін 3 трассалық-медициналық құтқару бекеттері құрылған (Шиелі, Жосалы және Әйтеке би кенттерінде). Трассалық-медициналық құтқару бекеттерінің бригадасына жедел әрекет ету үшін 50 шақырым қызмет жасау көлік жолдардын учаскілері бекітілген. Трассалық-медициналық құтқару бекеттерінің бригадасы шамамен 30 минут ішінде қызмет жасау орнына жетеді.

2014 жылда аппатар медицинасы орталығы және трассалық-медициналық құтқару бекеттері төтенше жағдайларға 117 рет шықты. 147 зардап шеккендерге (оның ішінде 1 балаға) медициналық көмек көрсетілді және 28 адам ауруханаға жатқызылды.

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен бағыныстағы құрылымдық бөлімшелері – 721 штаттық бірлікті құрайды, атап айтқанда:

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті – 105;

«Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ – 580;

«Суда құтқару қызметі» ММ – 36;

Слайд – 36 ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтының 2014-2015 оқу жылдары күндізгі оқу бөліміне Қызылорда облысы бойынша мектеп бітіретін толық орта білімді түлектерді оқуға шақыру бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үгіт насихат жұмыстарының нәтижесінде, күндізгі оқу бөліміне 12 талапкер, сырттай оқу орнына 5 қызметкер түсті.

Жалпы тәртіптік жауапкершілікке тартылған қызметкерлердің саны 52 (ТЖД-21, ӨСжАҚЖҚ-28, СҚҚ-3) 2013 жылмен салыстырғанда 35 % төмен.

Сыбайлас жемқорлық сипатында құқық бұзушылықтардың алдын алу, оны болдырмау, жағымсыз әрекет, дөрекі мінездерден өзін тыйып ұстау мақсатында Департаменттің инспекторлар құрамын психологиялық жағдайын зерделеу жұмыстары жүргізіліп тұрады.

Азаматтардан арыз-шағымдарды қабылдау үшін департаментте тәулік бойы сенім телефоны жұмыс істейді. Сонымен қатар департаменттің және оған қарасты мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің құқықтық-тәрбиелік жұмыстарына, олардың жауынгерлік және дене дайындығын нығайтуға, тапсырылған жұмыстың жауапкершілікпен орындалуына қатаң бақылау жасалуда.

Департамент басшыларының азаматтарды қабылдау кестесі мен сенім телефондары көпшілік үшін жергілікті облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарияланып келеді.

Жыл басынан жалпы біліктілігін арттырған қызметкерлер саны 301 (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласындағы басшы құрамның біліктілігін арттыру республикалық курсында» - 12 қызметкер, «Көкшетау техникалық институтының біліктілігін арттыру курсында» - 18 қызметкер, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы – 9, Беларусь Республикасында -10, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ Кәсіби даярлау мектебінде - 111 қызметкер, «Өңірлік тілдерді оқыту орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорында 141 қызметкер білімдерін көтерді).

Департаменттің позитивтік имджін құруы:

Азаматтық қорғау саласында белсенді үгіт насихат жұмыстары жүргізілді. Бұқаралық ақпарат құралдар арқылы 585 мақала жарияланды, 193- теле бағдарламалар көрсетілді, 139- радиобағдарламалар дайындалды, ҚР ІІМ ТЖК веб-сайтында 286 мақалалар жарыққа шықты.

2013 жылдан бастап, департаменттің ведомствалық «Сыр құтқарушы» журналы жарыққа шықты. Апта сайын департаменттің сайты (dchs-kyzylorda.kz) толықтырылады және жаңартылады.

2014 жылдың қыркүйек айында облыс әкімшілігімен Төтенше жағдайлар департаментіне жалпы көлемі 3029,0 шаршы метр көлемінде жаңа әкімшілік ғимарат бөлінді.

Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен 2014 жылы 311 млн теңге бөлініп, келесі заттар алынды:

Төтенше жағдайларға тез арада жету үшін аудандық Төтенше жағдайлар бөлімдеріне 8 автокөліктер SSANGYONG KYRON алынды.

- 8 шалшық су айдайтын мотопомпалар;

- 24 «HOLMATRO» маркалы құтқару құрал жабдықтар;

- 1 контейнерлік типті жылутүтін камерасы;

- Азаматтық қорғаныс саласына құтқару құрал-жабдықтар (2 дизометр- радиометр, химиялық барлауға әскери құрал «ЛИМБ», 7 -20- орындық палаткалар)

- Жедел әрекет ететін 2 өрт сөндіру көлігі, 1 авариялық құтқару көлігі алынды.

Комитеттің Операциялық жоспарының орындалуы мақсатында 2014 жылы қыркүйек айында «Нептун -2014» республикалық оқу-әдістемелік жиыны өтті. Осы жарысқа Республикадан 14 команда және Ресей Федерациясының ТЖМ Байқоңыр қаласынан да команда қатысты.

Жарыстың қорытындысы бойынша қызметтің үлгілі көрсеткіштері үшін басшылық пен жеке құрамға алғыс сөздер айтылып, белсенді қатысқан қызметкерлер тиісті марапаттауларға ие болды.

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Жас құтқарушы» клубының оқушылары 2014 жылдың 22-28 маусым аралығында Әзербайжан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ұйымдастыруымен Габала қаласында «Жас құтқарушы» балалар мен жасөспірімдер арасында өткізілген ІІ Халықаралық жарыста 24 команда арасында құрметті 3 орынға ие болды.

Тәртіпті нығайту және сыбайлас жемқорлық туралы заңнамалардың талаптарын қатаң сақтау мақсатында департамент басшылығымен «тәуекел топқа» жатқызылған тұлғалар мен жеке-жеке әңгімелесу тәжірибеге енгізілді.Әңгімелесу барасында олардың қызметке тұрмыстық және әлеуметтік жағдайы және қызметте өзекті мәселелер туралы қатынастары анықталды. Сонымен қатар, қызметкерлерге Республика бойынша соңғы айларда жасаған қызметкерлермен жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы ақпараттар айтылып, сыбайлас жемқорлық заңнамаларының талаптары түсіндірілді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу сұрақтары департаменттің қоғамдық кеңесінің және департамент бастығы жанындағы Кеңесінің жиындарында қарастырылады.

2015 жылға Департаменттің негізгі және алға қойған мақсаттары:

- Азаматтық қорғау аясында мемлекеттік саясатты, Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулылары, ҚР ІІМ алқа шешімдерін және ТЖК басшылығының талаптарын жүзеге асыру;

- Су тасқыны кезінде өзен суын апатсыз өткізу;

- Бұқаралық ақпарат құралдар арқылы өрт қауіпсіздік саласы бойынша профилактикалық іс-шараларды қамтамасыз ету;

- ТЖ болған аймақтарда Авариялық құтқару қызметтері мен азаматтық қорғау құрылымдарымен тез арада уақытылы және тиімді құтқару жұмыстарын атқару;

- Соғыс және бейбіт уақытында азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің күштерін және құралдарын тиісті деңгейде ұстау;

- Төтенше жағдайлардың санын азайтуға, зардап шекендер мен қайтыс болғандардың, материалдық шығын туындаған жағдайда көлемін азайтуға бағытталған алдын алу жұмыстарын жандандыру;

- Департамент қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын және мәдениетін көтеру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарауды қамтамасыз ету, департамент қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын болдырмау;

- Мемлекеттік өртке қарсы қызмет құрылымдары жоқ жергілікті атқарушы органдарға өрт бекеттерін құруға тәжірибелік көмек көрсету;

2014 жылы Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің облыстық жүйесімен облыс аумағында ТЖ азайту бойынша 2013 жылмен салыстырғанда айтарлықтай жұмыстар атқарылды.



1   2   3   4   5


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет