Мазмұны кіріспе ғылым. Ғылым әдістері, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары



бет1/5
Дата16.01.2020
өлшемі0.81 Mb.
  1   2   3   4   5
Тақырыбы: Қазіргі жаратылыстану концепциясы

 

Мазмұны

 

КІРІСПЕ

1. Ғылым. Ғылым әдістері, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары

2. Жаратылыстану

3. Физикаға сабақ

4. Табиғатты сипаттаудың корпускулярлық концепциясы

5. Табиғатты сипаттаудың континуальды концепциясы

6. Кванттық физиканың үздіксіз дискреттік әлемі

7. Статикалық физика – нақты әлем обьекті.

8. Әлемнiң эволюциясы.

9.  Химия-күрделі жүйелер туралы ғылым

10. Күрделі жүйелер туралы ғылым-синергетика

11. Қазіргі жаратылыстанудағы биология.

12. Клеткалар мен организмдер.

13. Адам.Организм және жеке тұлға

14. Биосфера және цивилизация

15. Информациялық цивилизация негізі

16. Дүниенің қазіргі табиғи-ғылыми бейнесі және ғылымның болашағы

Пайдаланған әдебиет

 

 



КІРІСПЕ

 

Қәзіргі жаратылыстану концепциясы Қазақстан Республикасы университетері гумантарлық факультетерінің оқу жүйесінде ендірілген жаңа пәндер қатарына жатады. Бұл пән болашақ мамандаға жаратылыстану мен гуманитарлық салаларға біріккен  мәдениеттен бөлуге келмейтін тұсарына жүйелі қосымша мәліметтер беріп, бізді қоршаған шексіз Әлемнің құрылымы туралы саналы көзқарастың қалыптасуына әсерін тигізеді.



Жаратылыстану ғылымының озық әдістері гуманитарлық аймаққа кеңінен еніп, қоғам санасын қалыптастыруда философия, психология, әлеуметтану мен мәдениетте универсал тіл қолданылған кезеңде пәннен қажеттілігі өмір талабынан туындап отыр. Әлемнің біртұтастығын түсіну үшін бұрыннан қарсы тұрып келген дәстүрлі екі мәдениеттің гармониялық синтезделу тенденциясы пайда болған уақытта «Қәзіргі жаратылыстану концепциясының» актуалдылығы айқындала түседі. Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құрал бұрыннан белгілі физиканың, химияның, биологияның және экологияеың арасындағы қарым-қатынасты жай түсініп қана қоймай, жарпатылыстануға қатысты тарихи философиялық, эволюциялық –синэнергиялық және мәдениеттану сияқты пәндердің пәнаралық байланыстарынан туындайтын және осы байланыстарды негіздейтін пән болып отыр. Сондықтан, бұл пәнді оқытудың құндылығы, жаратылыстану және гумантарлық компоненттерді (құрылымды) байланыстыру, жаратылыстанудың, философияның және синергетикалық фундаментальды заңдылықтарын талдау үшін жаңа парадигма негізінде жасалған. Қәзіргі кезеңде «Қәзіргі жаратылыстану концепциясының» біренеше оқу құралы және осы курс бойынша бірнеше оқу бағдарламасы бар. Әрбір оқу құралының өзіндік жетісіктері бар, бірақ студенттердің дайындығы кезінде қәзіргі жаратылыстану шыққан оқу құралдарының барлығын қолдану мүмкін емес, ал бір ғана оқу құралын пайдалану жеткіліксіз. Осыған байланысты беріліп отырған оқу-әдістемелік құралдың авторлары семинар сабақтарына берілген тақырып бойынша теориялық кіріспеден, нақты сұрақтардан, рефераттар тақырыптарынан және әдебиеттер тізімінен тұратын оқу құралын ұсынып отыр. Пәнге қажет материалдарды таңдағанда физика, химия семинар сабақатрына дайындалу  үшін 2-3 оқу құралын пайдалануға болатын бағытты ұстады.

«Қәзіргі жаратылыстану концепциясының» екі оқу бағдарламасы бар:

1.     В.Г. Буданов О.П. Мелехова Современное естествознание. Программа курса. Университет РАО., 1995

2.     З. Г. Бияшева., Биящева, В.В.  Вышинский др. Примерная типовая программа курса «концепция современного естествознания». Алматы 1998.

Бірінші бағдарлама оқу курсын біртұтас парадигма бойынша құруды қажет етеді, бірақ бұл оқу құралының авторлары дәл қәзіргі кезеңде осы оқу бағдарламасына сәйкес келетін оқу құралын кездестірмей отыр. Екінші бағдарлама «Қәзіргі жаратылыстану концепциясы» курсының мәні мен мақсатына сәйкес келмейді, себебі, бұл бағдарлама курсты бірнеше пәнге бөлген, сондықтан, бұл бағдарлама бойынша біртұтас оқу курсын құру мүмкін емес. Авторлар оқу-әдістемелік құралды жазғанда «Қазақстан Республикасының Жоғарғы білім беру жүйесін арналған стандартты» басшылыққа алды.

 

1. Ғылым. Ғылым әдістері, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары

 

Ғылым –табиғат, қоғам және сана туралы білімдерге бағытталған зерттеулер сферасы. Ғылым көп салалы және өзіне білімнің барлық кезеңдері мен шарттарын: ғалымдардың білімі мен қабілетін, тәжірибесі мен мамандық іскерлігін, ғылыми еңбектің бөлінуі мен корпорациясын, ғылыми мекемелерді, ғылыми –зерртеу жұмыстарының әдістемесін, түсініктерігі мен санаттылық аппараттарын, ғылыми информациялық жүйені және барлық білімдердің қосындысын қамтиды.



Ғылым мәдениетінің бір саласы, дүниені тану әдісі және арнаулы институт ретінде қолданылады.

Ғылымның негізгі белгілері: оның жан-жақтылығы мен фрагментарлылығы, жалпыға тәңділігі мен жеке еместігі, жүйелілігі мен аяқталмайтындығы, үйлесімділігі мен сыншылдығы, ақиқатшылдығы мен моральдан тысқарлығы, рациональдылығы мен сезімталдылығы.

Бұл қасиеттер бір-біріне қатысты диалектикалық алты жұпты құрайды.

Ғылымның жан –жақтылығын адамның тапқан –мағынасында түсінуге болады. Ғылымның фрагментарлылғы дегеніміз, ғылым жалпы тұрмысты емес, шанайылықтың немесе оның көрсеткіштерінің (параметрлерінің) әртүрлі фрагменттерін зерттейді, және өзі бөлек салаларға бөлінеді. Ғылымының жалпыға тәңдігі одан алынған білімінің барлық адамға жарайтындығын, ал оның тілінің бір жақтылығын, ғылымның өз терминдерін мүмкіндігінше өте анық көрсетуге тырысатындығын анықтайды. Ғылымның жеке еместігі ғылыми танымның соңғы қортындысының ғалымның өзіне тән қасиеттеріне, оның ұлтына, оның өмір сүріп отырған ортасына байланысты еместігінен көрінеді. Ғылымдарды қалыптасқан жүйелілік, ондағы құрылымды сипаттайды. Ғылым жетістіктеріне ешуақытта соңғы нүкте қойылған емес, білімге деген құштарлық артқанмен, абсолют шындыққа жету мүмкін емес. Ғылымда әрдайым үйлесімдік сақталады, соңғы жетістіктер ертеде алынған нәтижелерден сабақтасып жатады. Онда талғампаздық та қалыптасқан, ақиқатқа көз жеткізу үшін ғылыми нәтижелер жан-жақты тексеріліп және талқыланып барып жарияланады. Ғылым қашанда моральды-этикалық тұрғыдан нейтральдылылықты қалайды, яғни моральдан тыс болады. Ғылымдағы рациональдық нәтижелер эмпирикалық деңгейге сәйкестенбеген жағдайда логикалық заңдар және теория мен қағидаларды тұжырымдағанда байқалады. Ғылым сезімтал, объекті эмпиркалық әдіспен бірнеше рет тексеріп барып, дәлділікті анықтайды.     



 

2. Жаратылыстану

 

Жаратылыстану –табиғатты жанжақты, әрі біртұтас зерттейтін жаратылыстану ғылымдарының жиынтығы. Оның құрамына физика, химия, биология және психология енеді.  Табиғат туралы ғылымдар, комплексті болғандықтан, ол натур-философиядан туындаған еді., жаратылыстану тек нақты деректер мен білімді тәжрибеге сүйене отырып тексереді және мұны өзінің негізгі принципі деп санайды. Ірі ғылымдар тобын құрайтын және бағалы жетістіктері бар қоғамдық ғылымдармен салыстырсақ жаратылыстану ғылымы объективтік эталоны болып саналады. Техникалық ғылымдар сияқты әлемді өзгертуге кіріспейді, оны тұтас тануды мақсат етеді, математика ғылымы тәрізді белгілер жүйесін зерделемейді, табиғат жүйесін тануды мақсат етеді. Жаратылыстану ғылымның танып білу құрылымы төмендегідей: тәжрибелік дерек –ғылыми дерек бақылау –нақты тәжрибе –модельдік тәжрибе –нақты тәжрибе нәтижелерінің тіркеу –тәжрибе нәтижелерін жинақтап қорыту қалыптасқан теориялық білімдерді тиімді пайдалану –бейне –ғылыми болжам қалыптастыру –оны тәрибеде тексеру –қажет болған кезде қосымша болжамдар енгізу. Ғылыми зерттеу кұрылымы –ғылыми таным тәсілін береді. Қажетті нәтижелерге қол жеткізу үшін әртүрлі әрекетпен қимыл жасап, түрлі әлістерді қолданылады. Табиғатты танып білуге адамзат баласы ертедегі заманнан бастап бүгінге дейін үш кезеңнен өтіп, төртінші кезеңге көшетіндігін ғылым шежіресі дәлелдейді. Бізді қоршаған дүниедегі құбылыстарды қарастыратын синкретикалық (бөлінбейтін) қөзқарасқа негізделген, болмыстың сыртқы көрінісіне ғана мән беретін натурфилософия пайда болды, ХІІІ –ХV  ғасырларды ғылымның іргетасы қаланып аналитикалық кезең басталды. Бұдан кейін жинақталған мәліметтерге сүйене отырып табиғат туралы тұтасталған қөзқарас қалыптастыру, яғни синтездеу кезеңі келді. Қәзіргі уақытта бүкіл жаратылыстың тұтастығын (интегралдығын) негіздеуімен қатар, жеке ғылыми салалардың қалыптасу себептерін түсіндіретін интергралды –дифференциялық кезең басталды. Жаратылыстану табиғат туралы шын мәніндегі тұтас ғылым ретінде тек кәзір ғана қалыртаса бастады деуге болады. Бүгінгі кезеңге ғана табиғатты (өмірді, әлемді және сананы) жаратылыстанудың объектісі деп қарастыру мүмкіндігі туды. Табиғатты зерттеудегі бұл төрт кезең –натурфилософия, табиғатты тануда тәжірбиге негізделмей, тек бақылау тәсілімен шектеледі. Бұл мерзімде әлемнің эволюциялық дамуы туралы қөзқарас қалыптасты. Дегенмен, тәжрибелік әдістің пайдаланбауы дәл мәліметтерді алуға мүмкіндік бермегендіктен, жаратылыстану (астрономия мен геодезияны қоспағанда) ғылымның ХV – ХVІІ ғасырлардағы жетістіктер де осы кезеңге сәйкес келеді. Табиғат құбылыстары мен объектілерін саяхатшылар, дәрігерлер, астрогтар мен астрономдар, алхимиктер мен химиктер, кәсіпкерлер мен өнертапқыштар т.б. зерттеді. Олар назарларын өсімдік пен жануарларға, жер мен аспанға бағыттан тек пассивті бақылаумен шектелмей, жүйелі эжимпиркалық зерттеулер жүргізді. Аналитикалық кезеңде физика, химия, биология, география мен геодезия негізінде жинақы, мол ғылыми деректер алынды. Табиғат объектілерін жан-жақты зерделеу нәтижесінде ғылымдардың дифференциялаудың пайда болды, бұл аналитикалық кезеңінің негізгі бағыты болып саналады.

Аналитикалық кезеңнің тағыда бір ерекшелігі эмпиркалық білімнің теориядан басымдылығында. Бұл кезде көптеген деректер жинақтау қажет болды, табиғаттағы денелерді зерделеп, олардың құрамы мен құрлыстары анықталды, яғни эмпиркалық тәсілдің талабы орындалды. Жаратылыстануға белгіленген шекараны сызуға болмайды. Оларды салаларға бөлгенмен ылғыда тұтастық барын есте сақтау керек. Жүйелі түрде пәнаралық байланыс байқалады, оларда оинетика қалыптасады. Мысалға қәзіргі кезеңде ғылымның физикалық химия, биофизика, биохимия, психофизика т.б. салалары дамуда. Табиғатқа натурофилософиялық жалпы түсініктердің қалыптасқан алғашқы кезеңінің өзінде ол біртұтас, біріккен, немесе бір-бірімен қалайда байланысқан деп қабылданған болатын. Табиғат туралы белгілі бір құбылыстарды немесе заттарды зерттегенде физика, химия, биология және психология жаратылысатнудың бөліктері ретінде қалыптасқан алғашқы кезеңінің өзінде ол біртұтас, біріккен, немесе бір-бірімен қалайда байланысқан деп қабылданған болатын. Табиғат туралы белгілі бір құбылыстарды немес заттарды зерттегенде физика, химия, биология және психология жаратылыстанудың бөліктері ретінде қалыптаса бастады. Қәзіргі жаратылыстану өзіне тек физика, химия, биология және психологияны ғана қоспайды, натурфилософияны, орта ғасырдағы  классикалық жаратылыстануды және «постклассикалық» ғылымдарды да біріктіреді. Ғылымның айтылған бұл салалары бір мезгілде пайда болған жоқ, біртіндеп дамып барып тұтасты. Табиғат туралы біріккен ғылым түзуде олардың формалары үнемі жаңарып, мазмұндары тереңдене түсті. Тарих пен оның даму логикасының арасында өзара күрделі қатынас қалыптасқан. Ғылым тарихы анық көрініп тұрса, оның даму логикасы құпия болады. Оны ашып түсіну үшін белгілі бір жүйелілік қажет болады. Ғылымның даму логикасы оның програссивті заңдылықтарын және даму динамикасының қозғаушы күші мен себептерін білуден шығады. Жаратылыстану ғылымының тарихында үлкен жетістіктерге жеткен тұлғалар баршылық. В. Оствальд (1898-1932): «ұлы жаңалықтардың кездейсоқ жағдайда ашылғандығы мәлім» –дейді. К.А. Тимирязев (1843-1920) «мұндай кездейсоқтыққа жету үшін  мүмкін болған ізденісті жасаған ғалымдар ғана ұшырайды» -дейді. Адамның өзі де табиғаттың саналы объектісі. Ертедегі грек философы К. Протагор (біздің деуірге дейінгі У. ғ.) былай деген: Адам барлық заттың өлшемі –тіршіліктің тіршілігі үшін және тіршілікке жоқтың тіршіліксіздігі үшін». Бұл көргенділік космологияның негізіне ендірілген тұңғыш антороптық принципі болжау еді.   Белгілі философ К. поппер айтқандай «Саналы адамзатты қызықтыратын бір философиялық проблема бар». Ол космология проблемасы және біздің біліміміз, бізді қоса Әлемді түсіну проблемасы. Бұл аумақты проблема жалпыға бірдей, онымен қатар көптеген басқа да комплексті проблемалар бар. Бұл мәселелерді жеке бір ғылым шеңберінде шешу мүмкін емес. Биосфера, ноосфера және сана сферасы туралы ілімді ұсынған атақты ғалым В. И. Вернадский «Кәзіргі кезде ғылыми жұмыс пен оны зерттеушінің ғылыми ой-өрісін тармақталған жеке ғылымдар шеңберімен шектеу мүмкін емес. Зерттеушілер қарастыратын мәселелер көбіне қалыптасқан шеңберден шығып жатады. Қәзір ғалымдар ғылым салалары бойынша емес, проблемалар бойынша маманданады, яғни ғылымның, оның ішінде жаратылыстанудың негізгі құрамдас бөлігі –ғылыми проблема және оны шешу жолы», -деп тұжырымдаған.

 

3. Физикаға сабақ



 

Табиғат туралы ғылымдардың жиынтығы жаратылыстану –дүниені біртұтас деп санайтын натурфилософиядан өсіп, өркендеген. Табиғаттағы оймен сипаттаудың орнына оның даму заңдарын тәжрибелік әдіспен шешу басымдылық танытты. Материалды Әлемнің қарапайым және жалпы қасиеттерін зерделейтін жекеғылым саласы –физика бөлініп шықты.  Физикадағы заңдардың барлығы тәжрибеден қортылған және тек біздің Жерге ғана тән универсал заңдар емес, барлық материалды Әлемге де орындалады. Физикалық заңдылықтар басқа да жаратылыстану салаларына орындалады. Және бұрыннан осы кезге дейін өзгеріп келген кеңістік, уақыт және материя туралы түсінік береді. Ертедегі философтар Әлем бұрыннан болған және болады да, онда периодты түрде әртүрлі катаклизма болып тұрады деп есептелген. Діни аңыз бойынша Әлем ертеде, бір уақытта пайда болған делінеді.



Кеңістік, уақыт және материяның алғашқы ғылыми анықтамасын англия физигі Исаак Ньютон (1642-1727) берген болатын. Ғылымның ұйғарымы бойынша абсолют кеңістік –материяны ендіруші, абсолют уақыт –узақтылық, ал материя жеке кірпіштер мен бостықтан тұрды дейді. Ньютонның тұжырымы бойынша, кеңстік уақыт және материя өзгермейді, ол мәңгілік; кеңістік біртекті (изотропты) үш өлшемді; уақыт үздіксіз және бірқалыпты өтеді делінеді. Сонымен, Ньютонның өзі және оның идеясын жақтаушы ғалымдар: абсолют уақыт деген абсурд, яғни абсолют кеңістікке ешқандай нақты денелер жоқ, абсолют уақытта нақты қозғалыс пен процестер болмайды деген. Абсолют кеңістік пен абсолют уақыт тек қана нақты денелер нақты қозғалыстар мен процестерде сақталатын «қуыс» деген тұжырымға келген еді. Ұлы ғалым денеорнын және оның қозғалысын анықтау үшін заттармен толтырған салыстырмалы кеңістік, яғни санақ жүйесі ретінде алынған басқа бір денемен салыстыру керек дейді. Кеңістік, уақыт және материя туралы жаңа түсінік А. Эйнштейннің салыстырмалық теориясы мен В. Гейзенберг (1901-1971) пен Э. Шредингердің (1887-1961) кванттық механикасынан туындады. Эйнштейн теориясы бойынша кеңістік -өзгермейтін абсолют бостық, созылып, иіледі және майысып өзгереді. Уақыт пен кеңестік материямен, уақыттың өтуі материя қозғалысымен және кеңістік материямен, уақыттың өтуі материя қозғалысымен және кеңістік қасиеті материның таралуымен байланыстырады. Сонымен, кеңістік, уақыт және материя туралы түсінік біздің білім жүйеміздегі күрделі мәселелер қатарына жатады. өйткені, физикалық заңдылықтар мен негізгі принциптер кеңістік пен уақытқа сүйенеді. Кеңістік біртекті, изотропты, үздіксіз, евклидті және үш өлшемді. Бертектілерде кеңістіктің барлық нүктелеріндегі қасиеттер өзгермейді, изотроптықта –кеңістіктің барлық бағыты бірдей; үздіксіздік –нүктелер аралығында үзіліс болмайды; евклидтікте –біздің кеңістігіміз жазық болып келеді деген мағынаны сипаттайды. Жалпы салыстырмалық теория бойынша материя бір бағытта өтеді. Жалпы салыстырмалық теория бойынша уақыттың жүрісіне гравитациялық массаның таралуы әсер етеді. Физикалық заңдардың сипаттамалары зерттелетін құбылыстарға юайланысты болады. Сондықтан, микро –макро, -мегаәлемдер туралы сөз қозғау ретті. Микродүниенің объектісі молекулалар, атомдар, элементар бөлшектер; макроәлемде –тірі клеткаларды, адам мен жерді; мегаәлемге –галлактикалар мен жұлдыздарды, яғни барлық әлемді жатқызуға болады. Микроәлемге классикалық физика заңдары; микроэлемге кванттық физика заңдары; мегаәлемге арнаулы және салыстырмалық теория орындалды. Сонымен, физикалық теориялардың белгілі –бір қолдану шекарасы болады. Дене мен оның қозғалыс жылдамдығы онша үлкен болмаған кезде классикалық физика заңдары пайдаланылады. Масса өте үлкен және жылдамдық көбірек болса –салыстырмалылық теориясын, ал микробөлшектерді зерделенгенде –кваннтық физиканы қолданамыз. Ұзындық пен уақыттың эталондық бірліктері метр мен секунд және олар туралы түсініктер өзгертіп отырғанын ғылым көрсетеді. Қәзіргі кезде 1 метр дегеніміз жарықтың ваккумдегі 1/299792458 секундта жүрген жолын сипаттайды, яғни жарықтың вакуумдағы жылдамдығы 299792458 м/с тең болады. Секунд дегеніміз электромагниттік сәулелеудегі цезий атомның екі аса жіңішке негізгі күйлерден өтеуге бөлінеді. Бұрынғы кезде, 1 метрге Жер экваторының 1/4х107  бөлігі алынатын және эталон платина мен иридий қоспасынан жасалынған стержень алынған еді. Секунд үшін алынған орташа күндік тәуліктің 1/86400 (жер айналасының периодына жақын шама) бөлігі белгіленген болатын. Салыстырмалық теорияда бүкіл Әлемге тән, ал кванттық механикада –микроәлемдік физикалық универсал заңдар тұжыфрымдалғанмен оларды танып, түсінуге белгілі бір жүйелілік пен байланыс қажет. Бұл ілімдер қашанда жетіліп отырады және өте нәзік құбылыстарды түсінуге мүмкіндік береді. Физика табиғаттағы құбылыстарды зерттейтіндіктен, физикадағы модельдеу дәл суреттеме бере ала ма? –деген сұрақ туындайды. Бұл сұрақ тек ойлау арқылы шешілмейді, біз ғылым нәтижесіне сенеміз, өйткені ол табиғаттағы құбылыстарды түсінуге мүмкіндік береді. әлемдегі барлық заттар бірдей элементтен түзілген, табиғат заңы бәріне ортақ. Табиғатта өтіп жатқан эволюция тірі организм тәрізді, физикалық түсініктер мен теорияларды өзгертіп, жаңартып  отырады. Ғылымда да табиғаттағы сияқты тұрақтылық пен тұрақсыздық бой алады. Эволюция жолы бірде біркелкі болса, кейде кенеттен үлкен өзгеріске түсетін процесстерден тұрады. Мысалы, ХІХ –ХХ ғасырларда физикадағы ғылыми төңкеріс аса жаңа жұлдыздағы қопарылыспен пара –пар деуге болады. Сонымен, Әлемнің қәзіргі бейнесі орнықты, әрі тұрақты, тұзу емес және ешқашан қайталанбайтын процестерден тұратындығын естен шығармауымыз керек.         

  

4. Табиғатты сипаттаудың корпускулярлық концепциясы



 

Физика материялық бөлшектердің, заттардың, өрістің және басқа денелердің қасиеттері мен қозғалыс заңдары туралы ғылым. Бұл анықтамадағы «бөлшектер» мен «өріске» ерекше мән беріледі, физикада материя өріс пен зат деп екіге бөлінеді. Барлық заттар бөлшектерден құралады, яғни материя құрылысы үздік-үздік, дискретті. Левкипп Демокрит пен Эпикур философиясында «бөлуге», «кесуге» болмайтын атомдар ең кіші, әрі ең соңғы, жасауға немесе жоюға болмайтын бөлшектер ретінде қарастырылған. Ньютон физикасында да осындай бөлшектер туралы айтылады. Ұлы физик бастапқыда ең қарапайым қозғалыс бөлшектердің механикалық қозғалысын зерттеген Физиканың прогресі тікелей көрнекіліктен біртіндеп бас тартуға негізделген еді, ал бұл қазіргі физиканың тәжірибеге сүйенуіне қайшы келетін секілді. Мәселен, нақтылықтың кейбір жақтары бақылауға келмейтіндіктен көрнекілік қате нәтижелерге әкеліп соғуы мүмкін. Аристотель механикасы мына принциптерге негізделген, «егер денені итеруші күш әсерін тоқтатса, қозғалыстағы дене тоқтайды немесе ауыр денелер жылдамырақ құлайды». Үйкеліс күші ескерілмегендіктен бұл принциптер нақтылыққа сәйкес келеді деп есептеледі. Дұрыс қорытынды жасау үшін идеал тәжірибе, яғни нақтылықтан абстракцияға көшу қажет болды. Бөлшектің геометриялық өлшемі жоқ, тек массасы бар деу –бөлшектің моделін сипаттайды. Үйкеліс күшін жою мәселесі идеал жылтыр дене және идеал жылтыр бет түсініктерін ендіруді қажет етті. Мұндай тәжірибелерді Галлилео Галлилей іске асырды және ол Аристотель принциптерінің қате екендігін көрсетті. Галлилей Пиза қаласындағы ең биік мұнаралардан әртүрлі салмақты денелерді тастаған деген сөз бар. Шын мәнінде зерттеуші жылтыр көлбеу бетпен салмақтары әртүрлі жылтыр шарларды жылжыту арқылы тәжірибе жасады. Галлилей өлшеулерінің нәтижесінде салмақтары әртүрлі денелердің жылдамдығы бірдей заңдылық бойынша артатындығы анықталды. Ньютон өзінің механикалық қозғалыс заңдарын Галлилей тәжірибелерінің нәтижелеріне сүйеніп қорытқан болатын. Ұлы физиктің тәжірибесінде көлбеу жазықтық бойымен домалаған денелерге үнемі бірдей күш әсер етеді де, олардың жылдамдықтары артады. Осыдан барып денеге әсер етуші күш оны қозғалтумен қатар оның жылдамдығын өзгертеді деген қорытынды жасалды. Сонымен қатар, денеге күш әсер етпесе ол түзу бағытта, тұрақты жылдамдықпен қозғалатындығы тұжырымдалды. Ньютон тұңғыш рет дене күйін, яғни физикалық жүйені зерттеді. Ол дененің орнын координаттармен және орналасудың өзгерісімен, яғни жылдамдықпен және жылдамдықтың өзгерісі –үдеумен сипаттады. 1687 жылы И. Ньютонның «Натурфилософиясының математикалық бастамасы» деп аталатын ғылыми еңбегі жарық көрді. Онда Ньютонның үш заңы деп аталатын, механикалық қозғалыс заңдары берілген еді. Бірінші заң: Галлилей тәжірибесіне негізделген, екінші заңда –денеге күш әсер еткендегі ондағы өзгеріс айтылған, яғни дене үдей қозғалады және дене массасы артса, үдеу кемиді делінген болатын. Ньютон «Мен алыстағыны көру себебім алыптардың иығында тұрғандығымнан» деп бекер айтпаған. 1543 жылы Н. Коперниктің «Аспан сферасының айналуы жөнінде» атты кітабы шықты. Онда әлемнің гелиоцентрлік ілімі дамытылды. Г.Галлилей өзінің жердегі қозғалыс заңдарын аспан денелеріне пайдаланып Коперник ілімін қолдады. Ал И.Кеплер өзінің назарын шексіз аспанға бағыттады. Ол 1609-1619 жылдағы планеталар қозғалысының үш заңын тұжырымдады. (Кеплердің эмпирикалық заңдары) Ньютон динамика заңдары мен Кеплер заңдарының негізінде өзінің Бүкіл әлемдік тартылыс заңын қорытындылады. Ньютон негізін салған механика заңдары XYIII-XIX ғасырда механиканың қарқындап дамуына себепкер болды және бұл кездегі философия түгелімен механикалық еді. 1845 жылы Нептун планетасының ашылуы Ньютон ашқан механика заңдарының дұрыстығын дәлелдеді. ХХ ғасырдың басында механика заңдарын жемісті пайдалану нәтижесінде Пьер Лаплас (1749-1825) ғылымының детерменизм доктринасын енгізді. Онда Әлемнің бастапқы моменттеріндегі күйі бойынша оның келешектегі процессін сипаттайтын заңдар жүйесін тұжырымдауға болады делінген. Лапластың бұл доктринасы Архимедтің «Маған тіркеу нүктесін көрсетіңіз, мен Жер шарын төңкеремін» дегенннің аналогиясы. Лаплас дененің бір кездегі орны, жылдамдығы және үдеуі белгілі болса, оның өткендегі немесе келешектегі, яғни кез келген моментте пайда болатындығын есептеуге болады деп қарастырды. Денелердің механикалық қозғалыстарын қарастырған кейбір физикалық шамалар тұрақты деп  алынған, яғни уақытқа байланысты өзгермейді деп есептелген. Бұл шамалар қозғалыс өлшемдері ретінде қабылданған. Ең баста физика тарихында, импульс және тірі күш, соңынан энергия қабылданды. ХVІІ ғасырда денелердің бір-бірімен соқтығысуын зерттегенде импульс пен тірі күш ендірілді, ал ХІХ ғасырда энергия туралы түсінік қалыптасты. Сонымен, жаратылыстану ғылымының бір саласына жататын физиканың аумағы өте кең және практикада өте көп қолданылады. Микроәлемдегі құбылыстар кванттық механикада, ал кеңестік, уақыт және материя тұтастығы жалпы салыстырмалылық теориясында қарастырылады. Макроәлем үшін классикалық физиканың заңдары жеткілікті.

 

5. Табиғатты сипаттаудың континуальды концепциясы

 

Дыбыс пен жарықтың таралуы туралы көзқарастардың қалыптасуына байланысты бөлшектер моделімен қатар, тұтас орта моделі де пайда болды. Бүкіл кеңістік жарық тасымалданатын эфирмен қамтылып, аспан денелері осы ортада жүзіп жүреді деп саналды. Жарық көзінен қабылдағышқа жарық аралығындағы эфир арқылы таралады деп ұйғарылды, яғни дыбыстың ауада таралу аналогиясы қабылданды.



И. Ньютон жарықты бөлшектер немесе корпускулалар ағыны, ал Гюйгенс оны толқын деп ұйғарды. XYII ғасырда Рене Декарттың «Бастамалар» («Начала») және одан ертеректе «Жарық туралы» («О свете») деген ғылыми трактаттары жарық көрді. Ертедегі атомистерден өзгеше көзқарастағы Декарт материя шексіз, бөлінеді деп есептеп, оның ұсақ бөлшектерін «элементтер» деп атады. «Элементтерге» от, ауа және Жерді жатқызды. Жер бөлшектері – еңі ірі, баяу қозғалатын, өзара оңай бірігеді. Ауа бөлшектері – ұсақ, қозғалғыш, жылтыр және шар тәрізді бір-біріне қатысты жылжығыш. От бөлшектері – оңай бөлінетін, ауа мен жер бөлшектері арасын толтыратын белгілі бір формасы жоқ ең жұқа материя деп саналады. Бұл «элементтер» , яғни бөлшектер қозғалып орын ауыстырады және әлемдегі барлық қозғалыстар механикалық орын ауыстыруға жатады деп ұйғарылды. Декарт бойынша, «жасырын» әсерлесу күш мүлдем болмайды, физикадағы әсерлесу – денелер немесе бөлшектердің өзара әсерінен болады. Осының нәтижесінде олардың қозғалыс күйі өзгерілді деп есептелді. И. Ньютон механикасында денелердің өзара әсерлесуі күш арқылы сипатталды. Бастапқыда келген нүктесіндегі бір  бөлшек тербеліске түссе, ол көрші жатқан екінші бөлшекке беріліп, оны да тербетеді. Бұл процесс ары қарай белгілі бір жылдамдықпен таралады. Кеңістікте тербелістің таралу процесін серпімді толқын деп атайды. Орта бөлшектері тепе-теңдік қалыпта тербеліп тұрады, толқынмен ілесіп ілгері қозғалмайды. Серпімді толқындар қума және көлденең толқындарға бөлінеді. Қума толқындарда бөлшектер толқынның таралу бағытында тербеледі, ал көлденең толқындар оған перпендикуляр тербеледі. Жиіліктері 16 мен 2000 Гц дейінгі серпімді толқындар адамның мүшесіне әсер етіп, есту қабілеттілігін туғызады, оны дыбыс дейміз. Жиілігі 16 Гц-тен кем серпімді толқындар инфрадыбыс, ал 2000 Гц-тен артығы ультрадыбыс деп аталады, яғни дыбыс пен жарықта толқындардың табиғаты бар. Электромагниттік толқындар жиілікке байланысты гаммарентген, ультракүлгін, көзге көрінетін инфрақызыл және радиотолқындарға бөлінеді. Дифракция, интерференция және поляризация құбылыстары жарықтың толқындық табиғатымен смпатталады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет