Мазмұны кіріспе І бөлім



жүктеу 0.62 Mb.
бет5/5
Дата02.05.2016
өлшемі0.62 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4   5
: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Жылдарга “Кургак учук-iv” программасы
2013 -> Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
2013 -> Создание информационной системы движения ценных бумаг на примере атф банка
2013 -> 1 Геологическая часть
2013 -> Оригинал: Политическая деятельность Урус-хана и его место в истории казахской государственности // Отан тарихы (Отечественная история). 2006, №1, стр. 89-95
2013 -> «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты
2013 -> I тарау. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
2013 -> Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды
2013 -> Мазмұны кіріспе
2013 -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!

Тіл дамытудағы ойынның ролі

Ойын арқылы да оқушылардың тілін дамытуға болады. Тіл дамытуда ойынның алар орны ерекше. Ойын балалардың айналасын тану қызметіндегі белсенділігімен шығармашылдық және имандылық қасиеттерінің қалыптасуына жол ашады. Мұның бала тәрбиесімен айналысып жүргендердің барлығының естерінде болуы керектігін көптеген ғалым-педагогтар, әдіскер ұстаздар өз еңбектерінде талайретатап көрсеткен болатын. Қараңыз (Көбеев, Алтынсарин, Сухомлинский, Амонашвили т.б.)

Бастауыш мұғалімдері оқыту процесінде оқушылардың өз беттерінше орындалатын жаттығуларға оқушыларды қызықтырып, әр-түрлі ойындарды пайдалану арқылы тартымды элементтерді енгізудің қаншалықты тиімді екенін біледі. Дегенмен, ойындардың тиімділігі мұғалімнің оларды сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін және мақсатын дәл анықтауына, онеы пайдаланудың теориясы мен тәжірибесін жетік игеруіне, шеберлік танытуына, қажетті материалдардың жиынтығын күні бұрын дайындап алуына , оқушыларды сабаққа қатыстыруына байланысты екендігі үнемі есте болған абзал.

Дидактикалық ойындардың шартын орындау процесінде балалар көптеген мағлұмат алады, әр түрлі дағдылар мен шеберліктерді меңгереді. Кейбір ойындарды оқушылардың орындау іс-әрекеті басым болады, себебеі олар мұғалімнің нұсқауын басшылыққа ала отырып әрекет етеді.

Шығармашылдық, сюжетті-рольдік, тұрмыстық, спорттық қимылды сөздік ойындардың ішінен қажеттісін іріктеп ала білу ұстаз шеберлігіне байланысты. Алайда, ойынның қайсысын болмасын, әр оқушының белгілі бір деңгейде қатысуына ерекше көңіл бөлу керек. Ойынды іріктеп алуда тек қана оқушының орындайтын іс-әрекетімен шектелу жеткіліксіз. Мұндай да ойындарды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мол жолдары да жан- жақты ойластырылуы қажет. Сонымен бірге, ойын кезіндегі көрнекілік түрлерін де, оларды сабақтың қай кезінде өткізілуіне орай өзгертіп отыруды да ескеру керек.

Ойынды сабақ процесіне енгізе отырып, мұғалім “ойна, бірақ ойла” деген халқытық қағиданы үнемі есте сақтауға тиіс. Мұндай ойындарда мынадай қасиеттер: мазмұнының тәрбиелік-тианымдық құндылығы; ойын барысының дұрйс түсіндірілуі; таңдалып алынған ойын түрінің оқушыларға үйретері молдығы және шығармашылық сипаты; жеке балалардың және барлық ойнаушылардың мүдделерін ескере отырып, ойын ережесіне бағыну және соларды басшылыққа ала білу; ойыншықтар мен ойын материалдарын белгілі бір мақсатқа пайдалану; балалардың бір-бірімен достық қарым-қатынастары және көңіл-күйлері ескеріледі. Ойынды басқара жүріп, мұғалім баланың жжеке басына, сезіәміне, ерік-жігеріне, мінгез-құлқына ықпал жасайды және олардың қазақы үрдісте қалыптасуына көп әсер етеді. Ойынды негізінен, эстетикалық және дене мүшелерінің дұрыс қалыптасуына, ақыл-ой, адамгершілігін, имандылығын арттыру мақсаттары үшін пайдаланады.

Ойын үстінде қайсыбір рольді орындау үшін бала өзінің түсінігін ойын әрекетінде көрсетеді. Баланың ойын кезіндегі әңгімелеріне құлақ түріп, дұрыс сөйлеуге, пікірін жатық та анық, дәл бере білуге көмектесуі керек. Ойын балалардың алған білімдері мен түсініктерін баянды етіп қана қоймай, олардың өзінше белсенді танымдық іс-әрекет формасы да болып табылады. Мысалы, “Кім қандай мамандықты қалайды?” ойынын алайық. Сиқырлы қалтаның ішіне мамандық иелері бейнеленген кесте суреттер салынады. Тақтаға шығарылған оқушы бірнеше суреттің ішінен өзіне ұнайтын мамандықты бейнеленген суретті таңдап алады.Қалтада ұшқыштың, жүргізушінуң, шахтердің, шопанның, дәрігердің, мұғалімнің, шаштараздың, азпаздың т.б. суреттері бар. Ойынға қатысушы оқушылар “Бұл кім? Не істейді?” – деген сұраққа жауап береді. Ойын жарыс түрінде өткізіледі. Соңында мамандық туралы тақпақтар оқылады.

Ойынның мақсаты: Үлкендердің еңбегін құрметтеуге, еңбек сүйгіштікке баулу. Мамандықтың бәрі жақсы, оқу, білім алу еңбекпен келеді, еңбекті сүй деген ұғымды меңгерту.

Тағы бір ойын түрі “Сөйлем ойла” деп аталады. Бұл ойынға арнаулы орын іздеудің қажеті жоқ. Себебі бұны барлық бастауыш сыныпта өткізуге болады.

Ойынның мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын молайтып, жүйелі, мәнерлі сөйлей білуге дағдыландыру, яғни сөз таңдап, орынды қолдану, ойды дәл жеткізуге жаттықтыру.

Ойын ережесін мұғалім былай түсіндіреді. “Мен бір сөз айтып, қасымдағы балаға доп беремін”. Ол бала мен айтқан сөзді қосып бір сөйлем айтуы керек. Мысалы: “қызыл” деген сын есім оқулықта жиі кездеседі.Сол сөзді айтамын. Ол “Апам қызыл көйлек сатып әкелді”,– дейді де “көйлек” деп допты өз көршісіне береді. Көршісі: – Қызыл көйлек маған ұнады, - дейді де, кез келген бір сөз айтып, допты көршісіне ұсынады. Ойын әрі қарай жалғасады. Бұл ойын алғашқы кезде мұғалімнің басшылығымен өткізіледі де, балалар ойын шартын дұрыс түсініп, ойнауға жаттыққан соң ойынды әрі қарай өз беттерімен жүргізеді.

Сюжетті ойындар: “Қай ертегі қонақта?” ойыны. Ойын бастауыш сыныптардың “Ана тілі” сабағында жүргізіледі.

Ойын тәртібі: Қатысушы оқушыларға ертегі кейіпкерлеріне жасалған сурет не ойыншықтар үлестіріп беріледі.

Мақсаты: “Түлкі мен бөдене”, “Қарға мен түлкі”, “Балықшы мен балық”, “Аңқау арыстан”, “Қызыл телпек” және т.б. ертегілердің суреттерін балаларға үйлестіріп беріп, қай ертегінің кейіпкері екенін тапқызу, әр кейіпкердің іс-әрекеті жөнінде үзінділер, әңгімелер айтқызу.

Қай оқушы өзіне тиісті кейіпкерді іс-әрекетіне қарай дұрыс сипаттап, жүйелі әңгімелесе,сол оқушы жеңген болып есептеледі.

Тағы бір ойынның түрі – грамматикалық ойындар. Грамматикалық ойындар арқылы бастауыш сыныптардағы “Қазақ тілі” сабағының қайсысына болса да аз-кем өзгеріс енгізуге болады. Осы ойын элементтерін сабақта орынды пайдалану 1-4 сынып оқушыларының материалды терең де жан-жақты игеруіне көп себін тигізеді.

“Қазақ тілі” сабақтарында грамматикалық ойын элементтері жаңа сабақты түсіндіру, өткенді қайталау кезінде 2-5 минуттың көлемінде жүргізіледі. Алғашқы кезде ойынды мұғалім өзі өткізеді. Кейін оқушылар ойынға жаттыққан соң ойынды өздері жүргізетін болады. Грамматикалық ойынға қажетті кесте, тілше, суреттерді қол еңбегі, бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың өздеріне жасатқан жөн.
Сөздік жұмыстары арқылы тіл дамыту

Сөздік жұмыс сөйлем құрауға материал береді. Сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға, шығарма жазуға көмектеседі.

Сөз – тілдің негізгі өлшемі. Сөзбен нақты нәрселер аталады. Адамның сезімі мен мақсаттары беріледі.

Бастауыш сыныптарда “Ана тілі” мен “Қазақ тілі” сабақтарында оқушылар күн сайын дерлік мағынасы таныс емес жаңа сөздерге кездесіп отырады. Мұндай сөздерді түсіндіру мақсатымен сөздік жұмыстары жүргізіледі. Мектептегі сөздік жұмысының ерекшелігі тіл дамытудың тағы басқа түрлері сияқты оқу-тәрбие жұмысының барлық саласында жүргізіледі. Оқушылар сөздік лексикалық мағынасын ұғынады. Сөздік жұмысының мәнісі – оқушыларға таныс емес сөздерді арнайы дәптерге жаздырып, ол сөздің жанына түсініктемесін жаздыру. Мысалы:



Бөле – анамның әпкесінің не сіңілісінің баласы.

Автовакзал – автобус тоқтайтын жер.

Жиен – әпкемнің баласы.

Беймәлім – белгісіз т.б.

Сөздік дәптерлерін бұл сөздерді әліпби (альфавит) ретімен жазғызып үйреткен жөн. Әр әріпке дәптердің бір-екі парағын арнап, жаңа сөзді сол әріп тұсына жазып отыру керек.

Балалар жасына қарай әр кезеңде әр-түрлі сөздер біледі. 3-7 жасқа дейін – үш жарым төрт мың сөз, бастауыш сыныпты бітірген соң оқушылар 7-12 мыңға дейін сөз білетін болады (қараңыз: молдабеков, 1985). Күніне орта есеппен алғанда 5-8 жаңа сөз үйренеді. Бастауыш сыныптың балаларының өлең, әңгіме, мысал, мақал-мәтелдер, фразелогиялық сөз тіркестерін білу арқылы тілі дамиды.

Қазақ тілінде де жазылуы қиын сөздер аз емес. Жазды гүні немесе жаздыгүні деп жазатын оқушылар жиі кездеседі. Міне, осындай сөздердің дұрыс жазылуын сөздік дәптерге тігіп отыру керек. Мысалы: түзу, (дүзу емес), жүзік (дүзік емес), аяз (айаз емес) т.б.

Оқу сабақтарында сөздік жұмыстарына уақыт бөлінбейді, дегенмен ол үшін сабақтың өн бойынан орын бергені мақұл, немесе үйде өз бетінше орындайды. Оқушылардың мәтінді дұрыс қабылдауы үшін, сөздік жзұмысын жүргізбейінше мақсатқа жету мүмкін емес. Мысалыға, 1-сыныптың “Әліппе”, “Қазақ тілі” оқулықтарында кездесетін автовокзал, перрон, метро, вокзал, эксковатор, фонтан тағы сол сияқты сөздерді түсіндірмесе біраз оқушылар осы сөздері бар мақалаларды, жаттығуларды дұрыс қабылдай алмайды.

Сөздік жұмыста сөз мағынасын түсіндіріп қана қоймай, балаларға сол сөздерді өмірден мысалдар келтіре отырып, байланыстыра сөйлеуді үйрету басты мақсат.

Міне, сондықтан да бастауыш сыныптарда мәтінді кездесетін түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру үш кезеңде жүргізіледі.


  1. Мәтінді оқуға дайындық кезеңінде.

  2. Шығарманы оқу барысында.

  3. Оқып болғаннан кейін.

Мәтінді оқуға дайындық кезінде шығарманың мазмұнын

ұғынуға қиындық келтіретін сөздер түсіндіруге болады. Ол үшін көбінесе синонимдер арқылы түсіндірлетін сөздер іріктеліп алынады. Мысалы, 3-сыныпта “Африкадан хат” әңгімесін оқығанда құрма ағаштары-жеміс ағаштары, лашық-үй, қаршадай-кішкентай, дүмше молда-шала молда; отаршылар-басқыншылар т.с.с Алайда, сөз мағынасын оқу барысында сөзді түсіндіргенде оны байқампаздықпен, үлкен дайындықпен жүргізу керек.

Ал енді оқу барысында мағынасы қиын сөздердің оқушыларға түсіндірілмегені дұрыс, өйткені қандай түсінік болса да шығарманың негізгі оқиға желісі үзіледі. Оқушылар зейіні басқаға ауады. Мұндай сөздердің шығарманы талдау барысында түсіндірілгені мақұл. Мысалы, плантация, азап шеңгелі т.б. сөздер.

Сөздік жұмысы мәтінде кездесетін сөздерді түсіндірумен ғана бітпей, ол жаңа ұғымдарды жасау, заттың жаңа қасиеттерін табу жаңа көріністер байқау сияқты жұмыстармен де тығыз байланысты болады. Бұл оқушының ойын, тілін дамытады.

“Ана тілі” хрестоматиясындағы материалдар негізінен оқушылардың өз бетінше оқуына арналады. Ана тілі хрестоматиясында, “Туған елім”, “Қазақстан”, “Туған жер келбеті”, “Күн ортақ”, “Ай ортақ”, “Жақсы ортақ”, “Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен”, “Атадан қалған асыл сөз”, “Еңбек тұрі-береке”, “Театрға саяхат”, Оқпық, ойналайық, деген тарулардан тұратын шығармаларды мұғалім оқулықтағы материалдарды толықтыру мақсатында оқушыларға өз бетінше сабақтан тыс уақытта оқып өз білімдерін толықтырып терең білім алуға бейімделеді. Ана тілі хрестоматиясын оқытуда оқушылар үйде өз бетінше мәтінді, берілген шығармаларды сыныпта өтілген тақырыпты толықтыру мақсатында мұғалімнің нұсқауыменг жетекшілігімен оқып, өз білімін толықтырыпотырады. Негізінен алғанда хрестоматиямен өздігінен жұмыс істеу кіші мектеп жасындағы оқушыларға өте қиын, күрделі болып келеді. Сондықтан хрестоматиямен өз бетінше жұмыс жасауда ата-аналар, ересектер тарапынан көмектер қажет.


Қортынды.

Сонымен, оқыту барысында кіші мектеп жасындағы оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау біліктерін қалыптастыру– күрделіде шығармашылық жұмысты қажет етеді. Бұл жастағы оқушылардың тілін дамытуда өзіндік жұмыс барысында мына мәселелерге баса назар аудару керек:



  1. оқушылар орындаған жаттығулардың мазмұндылығы.

  2. граматикалық қатесіздігі.

  3. орфографиялық , пунктуациялық , орфоэпиялық қажетсіздігі.

Кіші мектеп жасындағы оқушылардың тілін дамытудың декті бір саласы–оқу. Ол оқуға ана тілі сабақтары арқылы баланың өзіндік жұмыстары арқылы қол жеткізеді. Ана тілі пәнінде оқу арқылы оқушы қоршаған ортадан қандай оқиғалар болып өткендігін, не болуы мүмкін екендігін байқайды, сезінеді. Солардан үлгі–өнеге алады, дүниетаным кеңейе түседі. Оқу арқылы бала әлемнен, адамдардан, сан-алуан мінез-құлық , іс-әрекет т.б. қасиеттермен танысады. Ана тілі оқулықтарында берілген идеялық мазмұны жағынан оқушылардың түсінуіне, менгеруіне жол ашады. Мысалы:

  1. 3-ші сыныптарда оқу техникасын жетілдіруге көп көңіл бөлінеді.

  2. Ана тілі сабақтарында өз бетінше мәтінді мәнерлеп оқуға жаттығады.

Кіші мектеп жасындағы өз бетінше оқуға үйретудің сапалы болуы оқу сабағын дұрыс ұйымдастыруға байланысты. Өз бетіндік жұмысты дамытуда кітап материалының пайдасы аса зор. Ана тілі сабақтарында өз бетінше жұмыстар мынадай мақсаттарда көздейді:

  1. Оқушылардың ойлау қабілеттері мен тілін, дүниетанымын дамыту.

  2. Оқушы әдеби тіл нормасына сай өз сезімін ойын дұрыс айтып беретін дәрежеге жету;

  3. Ана тілі, қазақ тілі сабақтарында оқушылардың жазу тілін дамытуға, сөйлеу шеберлігінің де өзіндік ерекшелігі бар.

  4. Тіл дамыту жұмыстары арқылы өз бетінше жұмыс жасау біліктерін қалыптастыруға болады.

  5. Оқушыларды ана тілін сүюге, нәзік сөз байлығын әсерлі қолдануға тәрбиелеу.

Қорыта айтқанда тіл дамыту жұмысына қойылатын талаптар да оқушыға білім беру, іскерлікке үйрету және олардың білімін дамыту мақсаттарына бағынуы тиіс. Ана тілі сабағы арқылы тіл дамыту жұмысы- күрделі де шығармашылық процес. Бала тілін дамытуда басты назар аударылатыны өз бетінше жұмыс жасау біліктерін қалыптастыруы болып табылады. Бастауыш мектепте ана тілін оқу сабағы арқылы және жаңа жүйелі оқу әдістері арқылы ізденгіш, зерттегіш, шығармашыл, проблеммаларды шеше алады, қиын жағдайларда тығырықтан шығу жолдарын таба білетін есейген, талғамы зор, білім мен тәлім-тәрбие бастамасын жүзеге асыруды өз бетінше жұмыс жасау біліктерін қалыптастырудың нәтижесінен байқауға болады. Өздігінен ана тілді оқу барысында оқу материалының жүйелі түрде менгерту, граматикалық схеманы шешу, іздену, салыстыру, зерттеу, әртүрлі шығармашылық жұмыстарды өз бетінше жұмыс орындау барысында менгереді. Сонымен өзіндік жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар мыналар:

  • жұмыстың көлемін шамадан айырмай, оның санасын арттыруға көңіл аудару;

  • өзіндік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлері мен дұрыс ұштастыра білу;

  • оқушының дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

  • өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;

  • оқушыларды алған білімдерін іс-жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;

  • оқушыларды оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, белсенді әрекет жасауға баулу;

  • оқушыда өздігінен жұмыс істеу, еңбек ету дағдысына қалыптастыру.


Қосымша:

Біздер, бастауыш сынып мұғалімдері кемшек ұрпақты тәрбиелеуде үлкен де, жауапты міндеттеріміз тұрғаны баршамызға белгілі. Оқыту барысында қол жеткен жетістіктерді айтар болсақ , оқушымен орындалатын әрбір өз бетіндік жұмыс өз нәтижесін беруде. Әрине, бұл мұғалімге де, балаға да өте үлкен жауапкершілікті артады. Мектепте заман талабына сай білім беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бала біздің болашағымыз, білім көзі–бастауышта екенін ескере отырып оқушы білімінің сапалылығын арттыру үшін, өз бетінше жұмысты жолға қоюдың маңызы зор. Әрбір мұғалімнің басты міндеті оқушының жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, талантын, шығармашылығын ашуда өз бетінше іздену, талпыну, өз нәтижесін береді. Баланы бастауыштан бастап шығармашылық ойлауға, шешімдер қабылдауға, ізденіп жұмыс орындауға машықтандыру қажет. Бастауыш сыныпта оқушыларды оқыту барысында өз бетімен жұмыс жасау біліктерін қалыптастыруда ана тілі, математика, қазақ тілі, дүниетану, еңбекке баулу, бейнелеу өнері сабақтарын шығармашылық жұмыстар арқылы да қалыптастыруға болады. Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәні арқылы оқушы сабақта, сабақтан тыс кезде үйде мынадай шығармашылық жұмыстар орындай алады: Мысалы:



І. Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі пәнінен оқушының өз бетінше жұмыс жасауда шығармашылығын дамыту.

  1. Сөздік әрбір жұмысынан сөз тудыру жұмысы.

Баланың сөздік қорын молайтып, жаңа сабақты менгеруде өте көп пайдасы тиеді. Оқушылар өз бетінше жұмыс орындайды. Мысалы:

Әсем қандай қыз?

Ә–әдемі, әдепті.

С–сұлу, сүйкімді.

Е–еңбекқор, елгезек, епті.

М–мейірімді, мәдениетті. Осы жұмысты оқушы тақтадағы сұраққа қарап отырып өз бетінше құрастыру. Сонымен мұғалім оқушыларға Әсемнің бойындағы жақсы қасиеттерін тауып жаздыру арқылы сын есім туралы түсінігінің дұрыс қалыптаса бастағанын байқап, осы жұмыс нәтижесінен мәтін құратуды да өз бетінше орындауға таңсырады. Мысалы: оқушылар “Әсем” деп ат қойып мәтінді құрастырады.

“Әсем”

Әсем әдемі , әрі әдепті қыз. Әсемнің жаны да, өзі де сұлу. Оның сүйкімді, қылықтары өте көп. Айтар болсам ол епті, елгезек. Ол үлкенге де, кішіге де мейірімді. Ол мәдениетті қыз. Әсемнің мінезі жайдары. Әсемнен мықты дос шығады.



Осы жұмыстан кейін оқыушыларға тағы да өз бетінше мәтіннің ішінен сын есімдерді тауып, астын сызу, сұрақ қою т.б. жұмыстарды беруге болады.

ІІ. Салыстыру жұмысы арқылы сөйлем құрату. Тақтаға сиырдың суретін іліп, өлең шумағын айту.

Өзі–ала доптай.

Сүті–балдай тәтті

Мүйізі–қарағайдай иілген

Көзі–көмірдей қап-қара

Даусы–пойыздың дауысындай мөңіреген.

Мұндай жұмыс түрлері арқылы оқушылар біріншіден–сын есімді менгереді,

екіншіден– салыстыру арқылы сөйлем құрап, салыстыру ұғымы,

түсінігі қалыптасады;

Сауаттылығы өз бетінше ойлау дәрежесі арта түседі.



ІІІ. Сөзден сөз тудыру жұмысы.

Мүмкіндік денгейінде орындалады. Мысалы: қар, арық ,тарақ, ана, шындық , нан тағы басқа. Оқушы өз бетінше осы сөздерді сауатты жазып үйрене отырып, ойлау қабілеті, байқампаздығы артады.



ІҮ. Сөйлемдер құрату. Мысалы: Лепті сөйлемдер құра деп өз бетінше тапсырмалар беріледі.

Көктем тақырыбына: Алақай, Көктем келді!

Әттең қар еріп барады!

Көктем ауасы неткен

керемет еді! т.б. енді осы лепті сөйлемді өз бетінше жұмыс орындауда хабарлы сөйлемге айналдыру да жұмысында беруге болады.

Хабарлы сөйлем: Көктем келді. Қар ери бастады. Көктем ауасы тамаша.

Міне осындай қазақ тілі сабақтарында оқушыларға өз бетінше жұмыс орындау біліктерін мұғалімнің шеберлігіне байланысты қалыптастыруға болады.

Жалпыға бірдей білім беретін мектептерге оқу тәрбие жұмысының мазмұны мен санасы көтеру, жақсарту мәселесі бүгінгі күн талабын туындайды. Бастауыш сынып мұғалімдері оқыту процесінде өздігінен орындалатын жаттығуларға оқушыларды қызықтыратын, тартынмды элементтерді енгізудің, әр түрлі ойындарды пайдаланудың қаншалықты тиімді екенін біледі. Өз бетінше жұмыс оқушының сабаққа белсенділігін пәнге қызығушылығын арттырады. Оқушылар математика сабағында түрлі ойын үстінде ойлау, өлшеу, есептеу, табу, зерттеу жұмыстарымен шұғылданады. Оқушыны қызықтыра отырып халықтық педагогика элементтерін пайдалана отырып математикалық есептер, сөз жұмбақтар, ойындар, логикалық есептерді құрастыруда өз бетінше жұмыс орындаудың пайдасы тиеді. Мысалы: Бастауыш сыныптарда “Математикалық” үйірмелер жұмыс істейді.

Осындай үйірмелерге қатысқан оқушыларға карточка, яғни үлестірме қағаздары арқылы жазбаша немесе ауызша тапсырмаларды орындату барысында да өз бетінше жұмыс жасау біліктерін қалыптастыруға болады.

Математикалық өлең-есеп.

Бірге шешу?”

Түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлаң бес ешкі,

Қос лақты қос ешкі,

Төрт қозылы екі қой,

Бәрін бірге ойлап қой.

(жауабы: он жеті бас мал).

Математикалық жұмбақ.

“Бұл не?”

а) Өзі үлкен жануар,

Үстінде екі тауы бар.

(жауабы: түйе).

ә) Екі ағайынды суға қарай үңілер,

Кездесе алмай бірінен-бірі түңілер.

(жауабы: өзен жағалаулары).



Қалжың есеп.

“Топ үйрек”

Бір топ үйрек ұшып барады. Барлығы бесеу.

Біреуін атып түсірсе, нешеуі қалады?

(жауабы: біреуі, қалғандары

ұшып кетеді.).



Тапқырлықты талап ететін логикалық есеп.

  1. “Фигура құрастыру”

Тоғыз шырпыдан 5 үшбұрыш құрастыру керек.





(жауабы: суреттегі).


  1. “Сүт сату”.

6,5 және 3 литрлік бидан бар

6 литр сүттен 4 литр сүтті қалай

құйып алуға болады.

Жауабы: 6 5 3


  1. Экскурсияға 7 оқушы шықса, оның әр қайсысы үш баламен таныс болуы мүмкін бе?

1 2 3 4 5 6

2 3 4 1 3 4 1 2 4 2 3 4 6 7 5 7

Жауабы: (жоқ , суреттен қара).

Матеатикалық ойын.

Ойын ережесі: Екі топқа бірдей тапсырма беріліп, әр топтан бір-бір оқушы шығарылып, 2 , 2 , 1 , 1 және 3 сандарын қосу керек. Квадраттың жатық және тік жолдарындағы сандарды көрсетіп, үзік сызықтар бойынша орналастырылғансандардың қосындысы 6 болсын. Қай топ бұрын тапса, сол ұтады.



Жауабы: (суретте).

3

1

2

1

2

3

2

3

1


Әдебиеттер.

  1. М.И. Махмудов “Мектепте проблемалық оқытуды ұйымдастыру”. Алматы мектеп 1981ж. 247-бет.

  2. А.А. Любинская “Бастауыш мектеп оқушы сының психологиясы жөнінде”. Алматы мектеп 1981. 238-бет.

  3. А.А. Любинская “Бастауыш кластарда оқытудың актуалды проблемалары” Алматы мектеп 1977. 160-бет.

  4. С. Мұқанов “Таңдамалы шығармалары” Алматы жазушы 1980. 412-бет.

  5. С. Мұқанов “Таңдамалы шығармалары” 15 том 1979. 377-бет.

  6. Н. Елікбаева “Ұлттық психология” Алматы Қазақ университеті 1992. 96-бет.

  7. С. Мұқанов “Таңдамалы шығармалары” 13 том Алматы жазушы.

  8. Ғ. Мүсірепов “Таңдамалы шығармалары” 4 том Әңгімелер. Алматы жазушы. 1973. 263-391 бет.

  9. Т.Тәжібаев “Қазақстанда ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ағарту ісі мен педагогикалық ойдың дамуы ”. Алматы Мектеп 1958. 24-25 бет.

  10. Ә. Сыдықов “Ы. Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметі”. Алматы мектеп 1969. 156 бет.

  11. Г. Бегалиев “Бастауыш мектептегі оқу сабағы”. Қазақ мұғалімі 1988. 12-16 бет.

  12. С. Ұзақбаева “Тамыры терең тәрбие” Алматы білім. 1995 269-бет.

  13. М. Жұмабаев “Шығармалар” 2-3 том Алматы білім 1996. 512-бет

  14. М. Жұмабаев “Педагогика” Алматы Ана-тілі 1992. 160-бет.

  15. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев “Қазақ тәлім-тәрбиесі” Алматы Санат 1995. 352-бет.

  16. Қ. Бержанов “Дидактиканың осы кездегі кейбір актуальды мәселелері" Қазақстан мектебі, 1968. N 11 23-27 бет

  17. С.Рахметова “Бастауыш класс оқушыларының тілін дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері” Алматы, 1994 432-бет.

  18. Ж.Әуелбаев “Қазақ тілі пәнінің мазмұны және оны жоспарлау” Алматы Мектеп, 1980 136-бет.

  19. М.Мұқанов “Жас және педагогикалық психология” Алматы Қаз.П.И. 1982 248-бет.

  20. Т.Тәжібаев “Жалпы психология” алматы Қазақ Университеті, 1993 239-бет.

  21. В.А.Сухомлинский “Балаға жүрек жылуы” Алматы Мектеп, 1978 222-бет.

  22. Аманашвили “Педагогикалық ізденіс” Алматы Рауан 1990 574-бет.

  23. И.А.Аллаяров “Оқу белсенділігінің дидактикалық негіздері” Мектеп, 1988 48-бет.

  24. Т.Сабыров “Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары” Алматы Мектеп, 1978 110-бет.

  25. Т.Сабыров “Оқу теориясының негіздері” Алматы. Республикалық баспа комитеті, 1993 59-77бет.

  26. Б.Тұрғанбаева “Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту” Қазақстан мектебі N 7-8, 14-19 бет.

  27. Л.А.Төкеева – Бектұрғанова «Ана тілі”


1   2   3   4   5


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет