Мазмұны Кіріспе I. Тарау. Соттылықтың құқықтық табиғаты


Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау



бет3/4
Дата02.05.2016
өлшемі0.92 Mb.
түріДиплом
1   2   3   4

2.3. Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау
Қылмыстық кодекстің 29-бабыңда қылмысқа қатысушылардың жауаптылығы туралы ғана айтылған. Бұл жерде қатысудың түріне байланысты жазаны ауырлату немесе женілдету мәселесі сөз болмаған. Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау Қылмыстық кодекстің 57-бабында арнайы карастырылған. Осы бапқа сәйкес:

Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау кезінде оны жасауға адамның іс жүзінде қатысу сипаты мен дәрежесі, осы қатысудың қылмыс мақсатына жету жөніндегі мәні, оның келтірілген немесе келтіруі мүмкін зиянының сипаты мен мөлшеріне ықпалы ескеріледі.

Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза олардың іс-әрекеті сараланған Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көрсетілген санкция шеңберінде қатысудын нысаны мен түріне қарамастан тағайындалады.

Сот қатысушыларға жаза тағайындағанда жаза тағайындаудың жалпы бастамаларын (52-бап) және 57-баптың шарттарын басшылыққа алуға міндетті. Қылмыстық кодекстің 57-бабында жазатағайындау көзінде оны жасауға қатысқан адамның 1) қатысу сипатын және дәрежесін; 2) қылмыс мақсатына жетудің мәнін: 3) келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның сипаты мен мөлшерін ескеруді талап өтеді. Катысу сипаты қатысушының атқарған ролімен сипатталады. Бұл жерде қатысушы кім болыл роль атқарады — ұйымдастырушы ма, айдап салушы ма, орындаушы ма әлде кемектесуші ме? Әдетте, ұйымдастырушыларға, айдап салушыларға, орындаушыларға қылмысқа көмектесушілерге қарағанда жаза қаталырақ тағайындалады. Қатысу дәрежесі қылмысты мақсатқа жетудегі қатысушылардың сіңірген еңбегінін, көрінісі арқылы белгіленеді. Ал қылмыс мақсатына жетудің, мәні — алға қойған мақсаты толық орындалды ма, жоқ па осыған байланысты. Келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның сипаты мен мөлшерін анықтағанда оларды туғызуға істелген қатысушының әрекет белсенділігі, атқарған функциясы есепке алынады. Кылмыстық кодекстің 57-бабынын 2-бөлігінде "Қатысушылардың біреуінің жеке басына қатысты жауаптылық пен жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар тек сол қатысушыға жаза тағайындау көзінде ғана ескеріледі"— делінген. Яғни, мұндай ретте ересектерге қарағанда жасы толмағандарға жазаның жеңілдететін түрі қолданылуы айтпаса да түсінікті.


2.4. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау
Сот тәжірибесінде бір адамның қылмыстық заңның әр түрлі баптарыңда көрсетілген екі немесе одан да көп қылмыстарды істеп, осы қылмыстардың бірде-біреуі үшін сотталмаған жағдайлары жиі кездеседі. Сондай-ақ, іс бойынша үкім шығарғаннан кейін, сотталған адамның алғашқы іс бойынша үкім шығарылғанға дейін басқа бір қылмысты істегендігі үшін кінәлі екендігі анықталатын жағдайлар да кездеседі. Мұндай жағдайлар қылмыстың жиынтығын құрайды.

Бір адамның бірнеше қылмыстарды істеуі, оның істеген әрбір қылмысы үшін заңда белгіленген тәртіппен тиісті жаза белгілеуді қажет етеді. Мұндай жағдайда заң қылмыстарды жиынтықтап жаза тағайындау тәртібін белгілейді. Бір адам қылмыстық заңның әр түрлі баптарында көрсетілген екі немесе одан да көп қылмыстарды істегенге кінәлі деп танылып, соның бірде біреуі үшін сотталмаса, онда оның әрекетінде қылмыстың жиынтығы бар деп саналады. Бұл жерде заңда белгіленген негіздөр мен қылмыстық жауашылықтан босатылған адамның бұрыніы істеген қылмысы есепке алынбайды. Қылмыстардың жиынтығында сот негізгі жазаны, ал керекті реттерде және қосымша жазаны әрбір қылмысқа бөлек тағайындап алып, түпкілікті жазаны ауырырақ жазаға сіңіру жолымен немесе тағайындалған жазаларды түгелдөй, не болмаса, ішінара қосу жолымен заңның ауырырақ жаза белгіленген бабындағы шектен асырмай жазаны жиынтықтап, бірақ тағайынданды (58-бап, 1-бөлігі).

Осы заңның талабына сәйкес сот әрбір қылмыс үшін жазаны бөлек-бөлек тағайыңдайды. Оның өзіндік маңызы зор. Өйткені, бұл кассациялық немесе бақылау сатыларында істеген қылмыстардың біреуі үшін үкімді өзгертуге мүмкіндік туғызады. Әрбір қылмыс үшін жазаны бөлек тағайындау рақымшылық актісін қолдануға да қолайлы мүмкіндік туғызады. Өйткені, кінәлінің істеген қылмысының біріне рақымшылық актісі қолданылуы, ал екіншісіне оның қолданылмауы мүмкін немесе бір қылмыс үшін рақымшылық актісі бойынша тұтас алынып тасталуы, ал екінші ісі қылмысы үшін жаза мөлшері сол негізбен қысқартылуы мүмкін.

Қылмыстардың жиынтығы бойынша сот жаза тағайындағанда жаза тағайындаудың жалпы бастамаларын, істелген қылмыстың мәнімен зияндылық дәрежесін, қылмыскердің тұлғасын және істің мән-жайын, жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды тұтастай басшылықка алады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» 1999 жылғы 30 сәуірдегі № 1 қаулысында:

«Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындағанда, соттар заңда көрсетілген жеңілірек жазаны ауырырақ жазаға сіңіру немесе тағайындаған жазаларды түгелдей иә болмаса ішінара қосу принциптерін үкімде дәлелдеуі керек.

Үш немесе одан да кеп қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындағанда, соттың жеңілірек жазаны ауырырақ жазаға сіңіру принципін онша ауыр емес қылмыстар үшін колданып, одан кейін сол жазаға орташа ауырлықтағы, ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жиынтығы үшін тағайындалған жазаларды түгелдей, болмаса ішінара қосып, екі принципті қоса қолдануға қақысы бар.

Жеңілірек жазаны ауырырак жазаға сіңіру принципін колданған кезде, соттар жаза түрлерінің қатаңдық дәрежесі ҚК-тін 39-бабында қандай ретпен көрсетілсе, сондай рет бойынша анықталатынын ескеру керек. Жиынтыққа кіретін қылмыстардың әр қайсысына жазаның бір түрі тағайындалған кезде, олардып, ішіндегі мерзімі мен көлемі көп жаза — неғұрлым қатаң жаза болып саналады. Егер жиынтыққа кіретін қылмыстар үшін түрі және мөлшері жағынан бірдей жаза тағайыңдалса, онда бір жазаны басқа бір жазаға сіңіру жолымен қорытынды жаза тағайындау заңның тиісті баптарының ең жоғары жазалау шаралары шегінде тағайындалса ғана рұқсат етілөді» — деп арнайы көрсетілген. Жаза тағайындаудың осы принциптерін басшылыққа алу қылмыстардың жиынтығы бойынша жазаны жеке қылмыс істегендерге қарағанда ауырырақ етіп тағайындауға мүмкіндік береді. Жазаны әрбір қылмысқа бөлек-бөлек тағайындап алып, сот жазаны барлық қылмыстары үшін жиынтықтап бірақ тағайындайды. Бұл жерде қылмыстық заң бойынша жеңілірек жазаны ауырырақ жазаға сіңіру жолын немесе тағайындалған жазаларды түгелдей я болмаса ішінара қосу жолымен заңның ауырырақ жаза белгілеген бабындағы шектен асырмай жаза белгілөнеді. Сіңіру принципі бойынша сот қылмыстың жиынтығына кіретін әрбір қылмыс үшін біртектес және әртектес жаза түрлерін тағайындағанда жеңілірек жазаны ауырырақ жазаға сіңіру жолымөн жинақтап бірақ тағайыңдайды. Осындай кезде жаза түрлерінің қатаңдық дәрежесі Қылмыстық кодекстің 39-бабында қандай ретпен көрсетілсе, сондай рет бойынша анықталатынын ескеруі қажет. Егер жиынтыққа кірөтін қылмыстар үшін түрі мен мөлшері жағынан бірдей жаза тағайындалса, онда бір жазаны басқа бір жазаға сіңіру жолымен қорытынды жаза тағайындау заңның тиісті баптарын ең жоғарғы жазалау шаралары шегінде тағайындалса ғана рұқсат етіледі. Мысалы, қылмыскер қызғанып өз әйелін өлтіргені үшін алты жылға, кәнігі бұзақылығы үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды делік. Сіңіру принципі қолданыла отырып оған ақырғы жаза 6 жыл бас бостандығынан айыру болып белгіленеді немесе кінәлінің бір қылмысы үшін сот оған 2 жыл түзеу жұмысын тағайындайды, ал екінші қылмысы үшін 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындайды. Жеңілірек жазаны ауырырақ жазаға сіңіру жолымен сот оның ақырғы жазасын 3 жыл бас бостандығынан айыруға деп белгілейді.

Тағайындалған жазаларды түгелдей косып жаза белгілеу дегеніміз әрбір қылмысқа бөлек-бөлек жаза тағайындап алып, сол жазаларды бір-біріне түгелдей қосып, ақырғы жазаны анықтау болып табылады. Жазаларды түгелдей қосу принципі сот тәжірибесінде көп жағдайларда істелген қылмыстардың мәні мен зияндылық дәрежесі өзара ұқсас болған жағдайларда колданылады. Тағайындаған жазаларды ішінара косып, жаза белгілеу дегеніміз сот ауырырақ жазаға басқа қылмыс үшін тағайындалған жазаны ішінара қосып, ақырғы жазаны анықтайды. Қылмыстың жиынтығы бірнеше қылмыс үшін жазаны толық немесе ішінара қосу жолымен тағайындалғанда ақырғы жаза мөлшері ауырырақ жаза белгілеген баптың шегінен асырылмай белгіленуі мүмкін. Мысалы, ұрлық үшін 3 жылға, ауырлататын жағдайдағы бұзақылығы үшін 4 жылға тағайындалған жазаны, сот ішінара қосу жолымен ақырғы жазаны 5 жылдан бас бостаңдығынан айыруға деп белгілейді. Өйткені, ауырлататын бұзақылығы үшін (257-бап, 2-бөлік) жазаның ең жоғарғы шегі заңда 5 жыл деп көрсетілген. Бұл шектен асуға болмайды.

Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындағанда соттың қайсы принципті басшылыққа алатыны (сіңіру жолымен немесе түгелдей, ішінара қосу жолымен) нақты жағдайларға байланысты, істің жағдайына, қылмыскердің тұлғасына, әр қылмыс үшін тағайындалған жазаның түрі мен ауырлығына сәйкес шешіледі. Адам кінәлі деп танылған қылмыстар үшін тағайындалған қосымша жазаны сот негізгі жазаға қоса алады.

Егер іс бойынша үкім шығарылғаннан кейін сотталған адамның алғашқы іс бойынша үкім шығарғанға дейін басқа бір қылмыс істегендігі анықталса, бұл жағдайда да жаза осы ережөлер бойынша тағайындалады. Бұл ретте жазаның мерзіміне бірінші үкім бойынша өтеген жаза есептелінеді. Мысалы, кінәлі адам әйел зорлағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылуға сотталған. Ол осы жазаның екі жылын өтеген соң, оның осы қылмыс үшін сотталғанға дейін бұзақылық істегені анықталады. Сот қылмыскерді бұзақылығы үшін кінәлі деп тауып, сол үшін оны 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кескен. Тағайындалған жазаларды түгелдей қосу арқылы, оның ақырғы өтейтін жазасы 8 жыл бас бостандығынан айыруға деп белгіленген. Соттың бірінші үкім бойынша өтегөн екі жыл жазасын есепке ала отырып; ақырғы өтеу жазасының мерзімін 6 жыл деп белгілеген. Қылмыстық кодекстің 58-бабының 3-бөлігінде: "Егер қылмыстардың жиынтығыңда орташа ауырлықтағы қылмыс, ауыр немесе аса ауыр қылмыс қамтылса, түпкілікті жаза жазаларды ішінара немесе толық қосу жолымен тағайындалады. Бұл орайда бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жаза жиырма жылдан аспауы керек",— деп белгіленген. Ал осы баптың төртінші бөлігінде: "Егер қылмыстардың жиынтығында осы Кодексте жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы не өмір бойы бас бостандығынан айыру көзделген, ең болмағанда, бір аса ауырқылмыс қамтылатын болса, түпкілікті жазалау ішінара немесе толық қосылын тағайындалады. Бұл орайда бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жазалау жиырма бес жылдан аспауға тиіс",—деп көрсетілген. Мұндай ережелер істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігі қандай санатқа жататынына, қылмыскердің жеке басының кім екендігі ескеріле отырып, әділетті жаза тағайындауға мүмкіндік береді. 58-баптың 3-4-бөлігінде көзделген қылмыстардың санатының түсінігі Қылмыстық кодекстің 10-бабында берілген.

Қылмыстар жиынтығы бойынша тағайындалған негізгі жазаға жиынтықты құрайтын қылмыстар үшін тағайындалған қосымша жазалар қосылуы мүмкін. Жекелеп немесе толық қосылған жағдайда түпкілікті қосымша жаза осы Кодекстің Жалпы бөлі мінің сол жазалау түрі үшін белгіленген ең жоғары мерзімінен немесе мөлшерінен аспауы керек (58-бап, 5-бөлігі). Мысалы, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметте болу құқығынан айыру Қылмыстық кодекстің 41-бабына сәйкес қосымша жаза ретінде үш жылға дейінгі мерзімге қосылуы мүмкін.

Соттар мынаны ескеруге міндетті: ҚК-тің 58-бабының 6-бөлігін колданған жағдайда, қылмыс жиынтығы бойынша тағайындалған қорытынды жаза алғашқы үкім бойынша тағайындалған жазадан төмен болмауы керек, өйткені мұндай жағдайда жазаларды сіңірткен немесе қосқан кезде сот алғашқы үкімнің өтелінбей қалған жағын емес, сол үкім бойынша тағайындалған барлық жазалардың мөлшерін басшылыққа алуы керөк.

Егөріс бойынша үкім шығағанан кейін сотталған адамның тағы басқа да қылмыстар үшін айыпты екені, оның біреуі үкімді шығарғанға дейін, ал басқалары үкім шығарғаннан кейін жасалғаны анықталса, екінші үкім бойынша жаза ҚК-тің 58 және 60-баптарын қолдана отырып тағайындалады: алдымен алғашқы үкім шығарылғанға дейін жасалған қылмыстар жиынтығы бойынша, одан кейін ҚК-тің 58-бап 6-бөлімінің ережелері қолданылады, сосын алғашқы үкім шығарылғаннан кейін жасалған қылмыстар жиынтығы бойынша жазалар анықталып, түпкілікті жаза үкімдер жиынтығы бойынша тағайындалады.
2.5. Қылмыстардын қайталануы жағдайында жаза тағайындау

Қылмыстардың қайталануының түсінігі Қылмыстық кодекстің 11-бабында белгіленген. Қылмыстық кодекстің 59-бабының 1-бөлігінде көзделген жағдайлар қылмыстың қайталануы жағдайында жазаның түрі мен мөлшерін тағайындау мәселесін шешуде маңызды роль атқарады. Қылмыстың қайталануы қылмыс істөген адамның іс-әрекетінің қоғамға қауіптілігін және қылмыскердің тұлғасын сипаттайтын белгі болып табылады.

Қылмыстық кодекстің 59-бабының екінші бөлігінде қайталанып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындаудың ерекшелігі көрсетілген. Баптың осы бөлігіне сәйкес: 1) қайталап жасалған қылмыс үшін жазаның мерзімі мен мөлшері жасалған қылмыс үшін көзделген ен қатаң жаза түрінің ең жоғарғы мерзімі мен мөлшерінің жартысынан төмен; 2) қылмыстардың қауіпті қайталанғаны үшін — үштен екісінен төмен; 3) қылмыстардың аса қауіпті қайталанғаны үшін—төрттен үшінен төмен болмауға тиіс. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 169-бабындағы қарулы бүлік жасағаны үшін ең жоғарғы жаза 15 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру болып белгіленген. Қайталанып жасалған қылмыстың түрлеріне байланысты осындай тәртіппен көтеріңкі жаза мөлшері мен түрін белгілеу бұрын қасақана қылмыс жасағаны, сотталғандығына қарамастан тағы да қасақана қылмыс істеп түзелу жолына түспегендерге берілген лайықты жаза болып табылады. Мұндайларға түзелу үшін ауырырақ жаза тағайындау кажеттілігі өзінен-өзі түсінікті.

Егер бұрынғы үкім бойынша ҚК-тің 63-бабын қолдану арқылы сотталған адам сынақ мерзім ішінде жаңа қылмыс жасаған болса, онда сот қылмыстың қайталануы туралы мәселені шешкен кезде ҚК-тің 64-бабының 4-бөлігіндегі талаптарды міндетті түрде ескеруі тиіс. Бұл орайда қылмыстың қайталануын анықтаған кезде ҚК-тің 63-бабы бойынша бас бостандығынан айырылған адамның соттылығы, тек егер сот жаңа қылмысы үшін жаза тағайындаған кезде бұрынғы үкім бойынша шартты соттылығын жою туралы шешім қабылдаған жағдайда ғана ескерілуі мүмкін. Егер сот абайсыз немесе онша ауыр емес қасақана қылмыс туралы істі қараған кезде бүрынғы үкім бойынша шартты соттылықты қалдыру туралы тұжырынға келсе, онда ҚК-тің 63-бабы бойынша соттылығы қылмыстың қайталануын анықтаған кезде ескерілмейді.

Соттар тиісінше қылмыстардың қайталануы кезінде, аяқталмаған қылмыс, сондай-ақ қылмыстардың жиынтығы немесе үкімдердін жиынтығы бойынша жаза тағайындаған кезде осы адамдарға белгіленген жаза мерзімдерінің шеңберін қатаң сақтауы тиіс.

Бұл орайда ҚК-тің 5-бабының үшінші белігіне сәйкес ҚК-тің 59-бабының екінші бөлігіндегі ережелер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі күшіне енгенге дейін жасалған (1998 жылғы 1 қаңтарға дейін) қайталау, қауіпті қайталау немесе аса кауіпті қайталауды құрайтын қылмыс үшін қолданылмайтынын ескеру керек. Егер қайталауды құрайтын соттылықтар ҚР ҚК-інің кушіне енгенге дейінгі және одан кейін жасалған қылмыстар кұрайтын болса, онда ҚК-тің 59-бабының екінші белігіндегі тәртіп тек 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін жасалған қылмысы үшін соттылығын ескере отырып қолданылады. Аяқталмаған қылмыс үшін тиісті қайталау орын алған жағдайда жазаның ең жоғары мелшері ҚК-тің 56-бабында көрсетілген мерзімдер мен көлемдерден аспауға тиіс.


2.6. Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау
1.Егер сотталған адамүкім шығарылғаннан кейін, бір жазаны толық өтегенге дейін жаңадан қылмыс жасаса, сот соңғы үкім бойынша сот тағайындаған жазаға соттың алдыңғы үкімі бойынша жазаның өтелмеген белігін толық немесе ішінара қосады.

2.Үкімдердің жиынтығы бойынша түпкілікті жаза, егер бас Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумынын, «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» 1999 жылғы 30 сәуірдегі № 1 қаулысының 20-24-тармақтарында үкімдердің жиынтығы бойынша жаңа тағайындауда басшылыққа алатын мынадай қағидаларды көрсетіп берген.

20. Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындалғанда, соттар бұрынғы үкім бойынша тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігінің мөлшері мен түрін белгілеуге және көрсетуге тиіс, жазаның өтелмеген бөлігі ҚК-тің 60-бабының негізінде жаңа үкім бойынша тағайындалған жазаға түгелдей немесе ішінара қосылуы керек. Бұрынғы үкім бойынша жазаның өтелмеген бөлігі болып мыналар саналады:

шартты жазаға сотталған кездегі, сондай-ақ ҚК-тің 72-бабында немесе 74-бабының 3-бөлігіндө көрсетілген негіздер бойынша жазаны өтеуді орындауды кейінге қалдырылған кезде немесе ҚІЖК-нің 452-бабында көрсетілген тәртіпте, 73-бабының 3-бөлігін қолданған кезде — ұсталуына немесе бұлтартпау шарасы ретінде тұтқылдалуына байланысты қамауда немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануға байланысты емдеу мекемесінде болған уақытты есептемегенде — жазаның бүкіл мерзімі;

ҚК-тің 70-бабында көрсетілген негіздер бойынша мерзімнен бұрын шартты түрде босатылған кезде—сотталушы оны өтеуден мерзімнен бұрын шартты түрде босатылған жазаның бөлігі;

бас бостандығын шектеуге, сондай-ақ қоғамдық жұмыстарды атқаруға сотталған кезде — міндетті жұмыс мерзімінің бөлігі және сотталушы жұмыстан жалтарған кездегі уақыт.

21.Бұрынғы үкім бойынша тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігін ішінара қосып үкімдердің жиынтығын қолданғанда, егер қорытынды жаза жазаның осы түріне белгіленген ең жоғарғы шегінде тағайындалмаса, сот үкімде осындай шешімнің қабылданғанын дәлелдеу керек. Бұрынғы үкімдегі жазаның өтелмеген бөлігін ішінара қосқанда қорытынды жаза қалайда мөлшері жағынан жаңадан жасалған қылмыс үшін тағайындалған жазадан да, бұрынғы үкім бойынша өтелмеген жазаданда жоғары болуы керек.

22.Егер сотталушы сынақ мерзім ішінде жаңадан қылмыс жасаса, сот жазаны үкімдердің жиынтығы бойынша тағайындау мәселесін талқылаған кезде ҚК-тің 64-бап тертінші бөлігінің талаптарын ескеруге міндетті. Бұл орайда ҚК-тің 60-бабының ережелері сот жаңа қылмыс үшін жаза тағайындаған кезде бұрынғы үкімдегі шартты соттылықты жою туралы шешім қабылдаған жағдайда ғана қолданылады. Егерде сот абайсыз немесе онша ауыр емес қасақана қылмыс туралы істі қараған кезде бұрынғы үкімдегі шартты соттылықты қалдыру туралы тұжырымға келсе, онда жаза тек жаңа қылмыс үшін тағайындалады.

23.Жазаларды қылмыстардың жиынтығы бойынша немесе үкімдердің жиынтығы бойынша толық не ішінара қосқан кездө соттар ҚК-тің 61-бабында бекітілген мерзімдерді қосу көзінде оларды белгілеу тәртібін ескеруі жөн. Бұл баптың мәніне сай бұрынғы үкім бойынша тағайындалған өтелмеген қосымша жаза түгелдей немесе ішінара жаңа үкім бойынша тағайындалған дәл сондай қосымша жазамен бірігеді, бұл қосымша жаза қосымша жазаның дәл осы түрі үшін белгіленген мерзім шегінде тағайындалады! ҚК-тің 61-бап 2 -бөлігінде көрсетілген қосымша жазалар бөлек орындалады. Егер алғашқы үкім бойынша адамбас бостандығынан айыруға, түзету жұмыстарына немесе орындалуға жататын басқа да жазалар бойынша сотталса, ал екінші үкім бойынша жаза ҚК-тің 63-бабын колдана отырып тағайындалса, онда сот жазаларды қосқан кезде олардың бөлек орындалатынын үкімде көрсетуі тиіс. Бұл орайда шартты соттау қолданылған үкімдегі сынақ мерзімі алғашқы үкімдегі жаза қай мекемеде орындалатынына қарамастан, үкім күшіне енген кезден бастап есептеледі.

24. Егер сотталған адам бұрынғы үкімді орындауды кейінге қалдырған кезде басқа қылмыс жасап қойса, сот жаңа қылмыс жасағаны үшін тағайындаған жазаға ҚК-тің 60-бабына сай бұрынғы үкім бойынша өтелмеген жазасын қосуға тиіс. Ондайда бүрынғы үкімді орындауды кейінге қалдыруды бұзу туралы қаулы қабылдаудың керегі жоқ. Егер жаңа қылмыс үкімді орындауды кейінге калдыру мерзімі өтіп кеткеннен кейін және сотталу шыны ҚК-тің 72-бап үшінші бөлігіне сай жазасын өтеу үшін тиісті мекемеге жібергендігі туралы соттың ұйғарымы заңды күшіне енгеннен кейін жасалса, сот жаңа қылмыстың жазасын белгі леп алып, ҚК-тің 60-бабында көрсетілген жазаны үкімдердің жиынтығы бойынша тағайындаудың ережелерін қолдануға міндетті. Егер жаңа іс жөніндегі үкім қабылданған кезге дейін, сот сотталушыны жазасын өтеуден босату немесе оны жазасын өтеу үшін тиісті мекемеге жіберу туралы мәселесін заңға сай шешілген болса, онда сот тек жаңа қылмыс үшін жаза тағайындайды. Бұндай жағдайда орындалмаған үкімдер бола тұра үкімді орындау туралы мәселе КІЖК-нің 453-455-баптарында көзделген тәртіпте шешілуі мүмкін.



2.7. Мерзімдерді қосу кезіңде оларды белгілеу тәртібі және жаза мерзімдерін есептеу және жазаны есепке алу

1. Қылмыстардың жиынтығы және үкімдердің жиынтығы бойынша жазаларды ішінара немесетолық қосу көзінде бас бостандығынан айырудың бір күніне:

а) қамаудың немесе тәртіптік әскери бөлімде ұстаудың бір күні;

б) бас бостандығын шектеудің екі күні;

в) түзеу жұмыстарының немесе әскери қызмет бойынша шектеудің үш күні;

г) қоғамдық жұмыстарға тартудың төрт сағаты сәйкес келеді.

2. Айыппұл салу белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, арнаулы, әскери немесе құрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру, сондай-ақ мүлікті тәркілеу оларды бас бостандығын шектеу мен түзеу жұмыстарымен, қамаумен, тәртіптік әскери бөлімде ұстаумен, бас бостандығынан айырумен қосқан кезде дербес орындалады (Қылмыстық кодекстің 61-бабы).

1.Белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырудың, түзеу жұмыстарының, әскери қызмет бойынша шектеудің, бас бостандығын шектеудің, қамаудың, тәртіптік әскери бөлімде ұстаудың, бас бостандығынан айырудың мерзімі айлармен және жылдармен, ал қоғамдық жұмыстарға тартудың мерзімі сағатпен есептеледі.

2. Осы баптың бірінші бөлігіңде көрсетілген жазаларды ауыстыру немесе қосу көзінде, сондай-ақ жазаны есепке алу көзінде мерзім күндермен есептелуі мүмкін.

3. Үкім заңды күшіне енгенге дейін қамауда ұстау бас бостандығынан айыру, қамау, тәртіптік әскери бөлімде ұстау түріндегі жаза мерзімінің бір күніне бір күн есебімен, бас бостандығын шектеу түрінде ұстауға — екі күнге бір күн, түзеу жұмыстарымен әскери қызмет бойынша шектеуге — үш күнге бір күн, ал коғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазалау мерзіміне қоғамдық жұмыстардың 4 сағаты қамауға ұсталған бір күн есебімен есептеледі.

4.Сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін адамды қамауда ұстау уақыты мен Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерлерге жасалған қылмыс үшін сот үкімімен тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасын өтеу уақыты адам осы Кодекстің 8-бабының негізінде ұстап берілген жағдайда бір күнге бір күн есебімен есептеледі.

5.Сот қарағанға дейін қамауда ұсталған, сотталушы адамға айыппұл, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны тағайындау көзінде сот қамауда ұсталған мерзімді ескере отырып, тағайындалған жазаны жеңілдетеді немесе оны осы жазаны өтеуден толық босатады.

6.Қылмыс жасағаннан кейін психикалық аурумен науқастанған адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған уақыт жаза мерзіміне есептеледі (Қылмыстық кодекстін 62-бабы).
2.8. Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі жеңілірек жаза тағайыңдау

Сот жаза тағайындағанда жаза тағайындаудың негізгі бастамаларын басшылыққа ала отырып, Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің бабы бойынша сараланған нақты қылмыс көлөмінде көрсөтілген жазаның түрі мен шегінен шықпан жаза белгілейді. Заңда белгіленген жазаның түрі мен шегінен шығушылық тек қылмыстық заңда арнайы көрсетілген жағдайда ғана орын алады. Яғни, қылмыстық заңда көрсетілгеннен гөрі жеңілірек жаза тағайындауға мүмкіндік береді.

Сот іс-әрекеттің ауырлығын елеулі төмендететін, істің ерекше жағдайларын, кінәлінің жеке басынын кім екендігін қоса есептей отырып және сол қылмыс үшін заңда көрсетілген жазаның ең төмендөгі шегінен де төменірек етіп тағайындайды. Немесе жазаның басқа бір жеңілірек түрін қолдануды кажет деп тапса, жеңілдетудің дәлелдерін міндетті түрде көрсетіп, жазаны солай жеңілдете алады. Осындай негіздермен сот істелген қылмыс үшін заң бойынша міндетті ретінде көрсетілген косымша жазаны тағайындамауына болады (55-бап, 1 бөлігі). Істелген қылмыс үшін заңда көрсетілген жазаның төменгі мөлшерінен төмен немесе сол қылмыс үшін көрсетілген жазаның түрінен басқа бір жеңілірек түрін қолдану бірнеше жағдайды қоса есептей отырып жүзеге асырылады. Ол жағдайлар қылмыстық заңда: "Әрекеттің мақсаттары мен себептеріне, айыпкердің роліне, оның қылмыс жасау көзіндегі немесе одан кейінгі мінез-құлқыла байланысты ерекше мән-жайлар және әрекеттің қоғамдық кауіптілігі дәрежесін едәуір азайтатын баска да мән-жайлар болған кезде, сондай-ақ топтық қылмысқа қатысушы топ жасаған қылмыстарды ашуға бөлсене жәрдемдескен кезде жаза осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген ең төменгі шектен төмен тағайындалуы мүмкін, не сот жазаның осы бапта көзделгенінен неғұрлым жеңіл түрін тағайындауы не міндетті жаза ретінде көзделген қосымша жаза түрін қолданбауы мүмкін"— делінген (Қылмыстық кодекстің 55-бабы, 1- бөлігі).

Істің ерекше мән-жайлары және әрекеттің қоғамдық қауіптілігі дәрежесін едәуір азайтатын басқа да мән-жайлар дегенге қылмыстық заң жалпы түсінік берген (55-бап, 2-бөлігі). Оларды сот әрбір істің ерекшелігіне, қылмыскердін, жеке басынын, кім екендігіне байланысты шешеді. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 30 сәуірдегі «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» қаулысының 6,7-тармақтарында:

Егер адамды кінәлі деп таныған заң санкциясында жазаның әр түрі (баламалары) көрсетілген болса, онда соттар ҚК-тің 52-бабының екінші бөлігіне сәйкес жасалған қылмыс үшін көрсетілген жазанын неғұрлым ауыр түрі тек, егер оның жеңіл түрі жазалау мақсатын қамтамасыз ете алмаса немесе жазаның ең ауыр түрін тағайындау заңда арнайы көзделсе ғана тағайындалатынын ескөре отырып, соттар олардың арасында неғұрлым жеңілірек жазаны тағайындау туралы мәселені талқылауы және үкімде қабылданған шешімді дәлелдеуі тиіс.

ҚК-тің 55-бабына сәйкес жазаны осы қылмыс үшін тиісті бапта (бап бөлігінде) белгіленген төменгі шектен төмен немесе қылмыс сараланған ҚК бабының (бап бөлігінің) санкциясында көрсетілмеген жазаның неғұрлым жеңіл түрін тағайындау немесе міндетті түрде көзделген қосымша жазаны қолданбау тек әрекеттін қоғамдық кауіптілігі дәрежесін едәуір азайтатын ерекше мән-жайлар анықталған жағдайда, сондай-ақ топтық қылмысқа қатысушы топ жасаған қылмыстарды ашуға белсене жәрдемдескен жағдайда ғана мүмкін болады. Жазаны женілдететік жекелеген мән-жайлар да, сондай мән-жайлар жиынтығы да ерекше мән-жайлар деп танылуы мүмкін. Сот ҚК-тің 55-бабын қолданғанда, іс бойынша анықталған қандай жағдайларды ерекше деп танығанын және оларды айыпталушының жеке басы туралы қандай мәліметтермен бірге негізге алғанын үкімде көрсетуге міндетті.

Бірнеше қылмыс жасаған кінәлі адамға жазаның заңда кезделген неғұрлым жеңіл түрін тағайындаған кезде, әуелі бір немесе бірнеше қылмыстың әркайсысына ҚК-тің 55-бабын қолдану арқылы жаза тағайындалады, сонан кейін ҚК-тің 58-бабының ережелері бойынша түпкілікті жаза белгіленеді.

Ауыр немесе аса ауыр қылмыстың жасалуы ездігінен ерекше мән-жайлар болған жағдайда кінәлі адамға төменгі шектен төмен жаза тағайындауға кедергі болып табыла алмайды. ҚК-тің 55-ба-бын колданын жаза тағайындалған кезде қылмыстардын қайталануы, қауіпті қайталануы немесе аса қауіпті қайталануы болған жағдаңда ҚК-тің 59-бабы 2-белігінің ережелері қолданылмайды. Соттың ҚК 55-бабын колданып белгіленген жазасынын, мелшері қандай жағдайда да заңмен белгіленген осы жаза түрінің ең тәменгі мөлшерінен төмен бола алмайды, — деп түсіндірілген. Осы қаулыға сәйкес белгілі бір қылмыс үшін заңда көрсетілген жазаның төменгі шегінен де төмен жаза немесе заңда көрсетілгендей жеңіліректеу жаза тағайындау ерекше іс жағдайында және кінәлі адамның жеке басын сипаттайтын деректер анықталғанда ғана колданылуы мүмкін.

Бұл жерде ерекшежағдайлар деп жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін кемітетін жағдайлар да, оның ішінде заңда көрсетілген жауаптылықты жеңілдететін жағдайлар да, әрекеттін мақсаттары мен себептері, айыпкердің қылмыс жасаудағы және одан кейінгі ролі, қылмыскердің топ болып жасаған қылмысты ашуға белсене араласуы, т. б. танылуы мүмкін. Қандай жағдайларда ерекше деп танитынын және мұндай жеңіл жазаны айыпкердің жеке басының қандай мәліметтерімен байланыстыруға болатынын сот үкімінің баяндайтын бөлімінде көрсетуге міндетті. Мұндай жағдайларда ауыркулмыс жасағандығы айыпкерге жазаны ең төменгі Шегінен де төмен жаза тағайындауға кедергі бола алмайды. Занда көрсетілген жазадан гөрі әлдеқайда жеңілірек жазаны бірнеше қылмыс істеген қылмыскерге қолданғанда, сот ондай жазаны солардың біреуіне, я болмаса әрқайсысына жеке-жеке тағайыңдап алады, содан кейін оны қылмыстың жиынтығы туралы баптың ережөлері бойынша түпкілікті түрде белгілейді. Сот тәжірибесі ерекше жағдайларға заңда көрсетілген жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлармен бірге, заңда көрсетілмеген, мысалы қылмысты бірінші рет істеуі, қылмысты басқа біреудің қорқытын, зорлауы нәтижесінде істеуі, тұрмыста және жұмыстағы мінсіз мінез-құлқы, қарауында жас балалары мен кәрі ата-анасының болуы сияқты мән-жайлар да жатады.

Ерекше жағдайларға кейбір реттерде істелген қылмыстың қауіптілік дәрежесін шұғыл түрде төмендететін бір ғана жағдайда жатуы мүмкін. Мысалы, заңсыз әрекет жасаған ерінің теріс қылығына шыдамай, жүкті әйелінің оған ауыр жарақат салуын айтуға болады.


: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Жылдарга “Кургак учук-iv” программасы
2013 -> Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
2013 -> Создание информационной системы движения ценных бумаг на примере атф банка
2013 -> 1 Геологическая часть
2013 -> Оригинал: Политическая деятельность Урус-хана и его место в истории казахской государственности // Отан тарихы (Отечественная история). 2006, №1, стр. 89-95
2013 -> «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты
2013 -> I тарау. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
2013 -> Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды
2013 -> Мазмұны кіріспе
2013 -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет