Мазмұны кіріспе і-тарау



жүктеу 0.95 Mb.
бет1/3
Дата01.05.2016
өлшемі0.95 Mb.
  1   2   3
: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Жылдарга “Кургак учук-iv” программасы
2013 -> Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
2013 -> Создание информационной системы движения ценных бумаг на примере атф банка
2013 -> 1 Геологическая часть
2013 -> Оригинал: Политическая деятельность Урус-хана и его место в истории казахской государственности // Отан тарихы (Отечественная история). 2006, №1, стр. 89-95
2013 -> «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты
2013 -> I тарау. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
2013 -> Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды
2013 -> Мазмұны кіріспе
2013 -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!



Мазмұны
КІРІСПЕ…..…………………………………………………….........………….......3
І-ТАРАУ Серіктестік туралы жалпы сипаттамасы және оның ұғымы, түрлері………………………………………………………………………..............5

1.1. Шаруашылық серіктестік ережелері, құрылтай құжаттары, құқықтары мен міндеттері……………...…..........................................................................................5

1.2.Толық серіктестік …………………………………………………...................11

1.3. Сенім (коммандиттік) серіктестігі………………………………....................14


ІІ-ТАРАУ Жауапкершілігі шектеулі серіктестік…………………...…................17
2.1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құқықтық қабілеті...…...................17

2.2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері…………………………………………………………….......................22

2.3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді құру, қайта ұйымдастыру мен тарату…………..……………………………,……………………….......................22

2.4. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік…………………………................48


ІІІ-ТАРАУ Бірлескен қызмет туралы шарт (жай серіктестік)…….....…............49

3.1.Жай серіктестік ұғымы……...………………………………………................49

3.2. Бірлескен қызмет туралы шарттың мазмұны……………...………...............51
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………….............…...........54

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...……………………...............................56

Кіріспе
Заң Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің құқықтық ережелерін, оларға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін, серіктестіктердің құрылу тәртібін, қызметін, қайта ұйымдастырылуЗаң Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің құқықтық ережелерін, оларға қатысушы мен таратылуын белгілейді. Шетелдің қатысуымен құрылатын жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің ерекшеліктері шетелдік инвестициялар туралы заң актілерімен белгіленуі мүмкін. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктердiң ерекшелiктерi банк заңдарымен белгіленуi мүмкiн. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестікке осы Заңның ережелері қолданылады, өйткені осы Заңның 3-бабында өзгеше жағдай көзделмеген.

Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады; жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты зияндарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді. Бұл ережеден ерекше жағдайлар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және осы Заңда көзделуі мүмкін. Егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында оның белгілі бір мерзімге немесе нақты бір мақсатқа қол жеткізу үшін құрылатыны көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестік белгіленбеген мерзімге құрылған болып есептеледі. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлға болып табылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді.1Серіктестік өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Серіктестіктің жарғылық капиталға салымдарын толық енгізбеген қатысушылары оның міндеттемелері бойынша әрбір қатысушының салым енгізбеген бөлігінің құны шегінде ортақ жауапты болады.

Серіктестіктің құрылтайшылары (қатысушылары) осындай баға берілген кезден бастап бес жыл бойы серіктестіктің несие берушілері алдында салым бағасы арттырылған сома шегінде бірлесіп жауап береді.

Серіктестікке салым ретінде мүлікті пайдалану құқығы берілетін жағдайларда бұл салымның мөлшері құрылтай құжаттарында көрсетілген барлық мерзімге есептелген осы мүлікті пайдалану төлемімен анықталады.

Салымдарды мүліктік емес жеке құқық және өзге де материалдық емес игілік түрінде, сондай-ақ қатысушылардың серіктестікке қойған талаптарын есептеу жолымен енгізуге жол берілмейді.

Серіктестікті басқаруды жоғары және атқарушы орган жүзеге асырады. Іс жүзінде кейде заңцы тұлғалардың құратын органдарын арнайы рұқсатсыз белгілі бір топқа жатқызу едәуір қиындық туғызады. Мысалы, бақылау кеңесін және өзге де бақылау органдарын атқару оргаңдарына жатқызу жөніндегі мәселе азаматгық құқық ғылымыңдағы айтарлықтай даулы мәселе болып келеді. Алайда, заң шығарушылар қазіргі уақьпта осы ұстанымға бейім. Әдетте, құрылтайшьшар атқарушы органдарды, олардың түрлерін, құзіреті мен қызмет тәртібін өз қалауы бойынша анықтайды.

Жоғары орган міндетті түрде құрылады, оның мәртебесі заң актілерімен белгіленген.

І-ТАРАУ Серіктестік туралы жалпы сипаттамасы және оның ұғымы, түрлері


    1. Шаруашылық серіктестік ережелері, құрылтай құжаттары, құқықтары мен міндеттері

     Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады; жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты зияндарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді. Бұл ережеден ерекше жағдайлар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және осы Заңда көзделуі мүмкін. Егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында оның белгілі бір мерзімге немесе нақты бір мақсатқа қол жеткізу үшін құрылатыны көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестік белгіленбеген мерзімге құрылған болып есептеледі. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлға болып табылады.


Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Серіктестік өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Серіктестіктің жарғылық капиталға салымдарын толық енгізбеген қатысушылары оның міндеттемелері бойынша әрбір қатысушының салым енгізбеген бөлігінің құны шегінде ортақ жауапты болады.

Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша жарғылық капиталға қосқан өздерінің салымдарымен, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздері енгізген салымдардың еселенген мөлшерінде өздеріне тиесілі қосымша мүлікпен жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады. Қатысушылар жауапкершілігінің шекті мөлшері жарғыда көзделеді. Қатысушылардың бірі банкрот болған жағдайда қосымша жауапкершілігі бар серіктестік міндеттемелері бойынша оның жауапкершілігі, егер құрылтай құжаттарында жауапкершілікті бөлудің өзгеше тәртібі көзделмесе, қалған қатысушылар арасында олардың салымдарына бара-бар бөлінеді.

Шаруашылық серіктестік туралы жалпы ережелер. Жарғылық капиталы

құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне (салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестік деп танылады (АК-ның 58-бабының 1-тармағы). Қазақстан Республикасының заңдары 1998 ж. 10 шілдеге дейін шаруашылық серіктестіктердің мынадай 5 түрін көрсетті: толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік және акционерлік қоғам. Олардың ішінен біздің республикамызда жән елемде барынша кең таралғандары — жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен акционерлік қоғамдар. Дүние жүзінің көптеген елдерінің (мысалы, Ресей Федерациясында, АҚШ-та, Англияда) заңдарында акционерлік қоғамдар шаруашылық серіктестіктің түрлері болып есептелмейді. Сонымен қатар, Ресей Федерациясьшда жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктерді серіктестіктерге емес, қоғамдарға жатқызады. Коммерциялық ұйымдарды түлғалардың (серіктестіктердің) бірлес-тіктеріне және капиталдардың (қоғамдардың) бірлестіктеріне бөлу бастапқы бөлу болып табылады. Мұның бірінші санатында түлғалық жағдай айтарлықтай маңызды болады. Сондықтан жаңа серіктерді қабылдау жалпы жиналыстың келісім беруін талап етеді. Екінші санатга тұлғалық жағдайдың айтарлықтай маңызы болмайды. Сондықтан қатысушылар құрамының өзгеруін еш нөрсе шектемейді және капитал айтарлықтай еркін ауысатын болады2.

"Акционерлік қоғамдардың мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң акгілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1998 ж. 10 шілдедегі заңы акционерлік қоғамдарды серіктестіктердің қатарьшан шығарып, оларға коммерциялық ұйымның дербес түрі рөлін берді. Тиісінше, АК-ның 2-тарауының 2-параграфының "Шаруашылық серіктестік" деп аталатьш II бөлімінің, "Жалпы ережелеріңдегі" 1-бөлім тармақшасы осы уақыттан бастап акционерлік қоғамдарға таралмайды. Осыған қарамастан, шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдардың құқықтық жаратылысында айырмашылықтардан гөрі ортақ нәрселер әлдеқайда көп болады. Шаруашылық серіктестіктер туралы заңдардың жалпы бөліміндегі нормалардың негізгі бөлігі акционерлік қоғамның құқықтық режиміне барынша сай келеді. Сондықтан акционерлік қоғамды "Шаруашылық серіктестік" ұғымының ауқымьшан шығару қисынсыз және шетелдік заңдарды көшірудің жеткіліксіз дәлелі болады. Ағылшын-американ жүйесі елдеріңдегі компаниялардың (акционерлік қоғамдардың) құқықтары занды тұлғаның мәртебесін алуы арқылы сріктестіктерден өзгешеленіп тұрады. Сондықтан оларда акционерлік қоғамды серіктестіктерден ажыратудың Қазақстанда кездеспейтін маңызды негізі бар.

Шаруашылық серіктестіктің мүлкі оның дербес балансында көрсетіледі. Баланста көрсетілген заттар шаруашылық серіктестікке меншік құқығында тиесілі болады. Олардың құқықтық режимі АК-ның 2-бөлігіңде баянды етілген. Баланста көрсетілген қалған активтер мүліктік құқықтар болғандықтан, серіктестікке меншік құқығында тиесілі болмаса да, шаруашылық серіктестік мүлкінің құрамына кіреді. Меншік иелері мен олардың мүлкін айқын жіктеу заңгерлердің маңызды міндеті болып саналады. Даулы жағдайларда мүліктің меншік иесін анықтау қажет болады. Әрбір меншік иесі өз мүлкінің кездейсоқ жойылып кету қаупін сезеді және тек өз борыштары бойынша және тек өз мүлкімен жауап береді. Іс жүзінде, өкінішке қарай, бұл қағида кейде бұзылып жатады. Мысалы, мемлекет кейде өзі қатысатын коммерциялық ұйымдарды әлде бір іс-әрекеттер жасауға міндеттейтін шешімдер қабылдайды.

Шаруашылық серіктестікті азаматгық құқықтың дербес субъектілері құрады. Заң шығарушылар оларды бір жағдайларда құрылтайшылар деп, келесі жағдайларда — қатысушылар деп атайды. "Құрылтайшы" және "қатысушы" ұғымдары жақын болғанымен, бірдей ұғымдар емес; олар едәуір дәрежеде біріне-бірі таңылады. Үлес алуға құқығы бар адам қатысушы болып саналады. Тіркеуден өткен соң барлық құрылтайшылар қатысушылар болады. Серіктестік тіркеуден өткен соң одан үлес алу құрылтайшы деп танылуға құқық бермейтіндіктен, қатысушылардың барлығы бірдей құрылтайшы бола алмайды. Заң шығарушылар осы қатысушының шаруашылық серікгестікті құрғанын атап көрсеткісі келгенде, "құрылтайшы" терминін пайдаланады.

Серіктестіктің жарғылық капиталының барлық үлесін бір адам сатып алатын жағдайда жауапкершілігі шектеулі жөне қосымша жауапкершілігі бар серіктестікті бір адам құруы мүмкін немесе олар бір адамнан тұруы мүмкін (ЖПІС туралы заңның 1-бабының 3-тармағы, 2-бабының 1-тармағының 1-бөлігі; Шаруашылық серіктестіктер туралы жарлықтың 3-бабының 5-тармағы). Алайда бұл жағдайда да мүліктің меншік иесі, бір ғана қатысушы емес, серіктестіктің өзі болуға тиіс. Толық және сенім серіктестіктерінде қатысушьшардың саны екеуден кем болмауы тиіс (АК-ның 71-бабының 1-тармағы, 72-бабының 1 жөне 4-тармақтары, 76-бабының 1-тармағы; Шаруашьшық серіктестіктер туралы жарлықтың 3-бабының 3-тармағы, 36-бабы)3.

Жалпы ереже бойынша жеке тұлға, занды тұлға және мемлекет шаруашыпық серіктесгіктің қатысушысы бола алады. Мүнда заң бойынша кейбір шектеулер қойылған. Азаматгар ғана толық серіктестіктердің катысушылары және сенім серіктестігінің толық серіктері бола алады (АК-ның 58-бабьшың 3-тармағы). Бүл шаруашылық серіктестіктерінің осы түрлерінің ерекшелігі болып табылатын олардың толық жауапкершілігі қажеттігіне байланысты. Шаруашылық серіктестік заң құжаттарьшда көзделген жағдайлардан басқа реттерде, өзге шаруашылық серіктестіктердің құрылтайшысы бола алады. Мысалы, ЖШС туралы заңның 10-бабының 1-тармағы "жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бір ғана қатысушы ретінде бір адамнан тұратын басқа шаруашылық серіктестігі бола алмайды" деп белгіледі.

Шаруашылық серіктестіктің құрылтай кұжаттары — құрылтай шарты жөне жарғы. Егер серіктестікгі бір адам құратын болса, онда құрылтай шарты жасалмайды да, мұндай серіктестік жарғының және заңды тұлғаны құру жөніңдегі жазбаша түрде рәсімделген шешімнің негізінде ерекет етеді (АК-ның 41-бабының 1-тармағының 1-бөлігі). Акционерлерінің саны жүз және одан да асатын акционерлік қоғамды шаруашылық серікгестікке айналдыратьш жағдайда да құрылтай шарты жасалмайды. Акционерлік қоғамнан өсіп шыққан серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлесіне құқығын делелдейтін құжат шаруашылық серіктестік қатысушыларының тізілімінен алынған көшірме болып табылады (АК-ның 58-бабының 9-тармағы).4

Шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаттарын нотариат куәлан-дыруға тиіс (АК-ның 58-бабының 4 және 5-тармақтары). Занды тұлғаларға арналған, АК-ның 41-бабының 4,4—1 және 5-тармақтарыңца аталған жалпы мәліметтерден басқа, шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаттарында әрбір қатысушы үлесінің мөлшері туралы; олардың серіктестіктің жарғылық капиталына салатын салымдарының мөлшері, құрамы, мерзімі жөне тәртібі туралы; серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар салу жөніндегі міндеттемелерін бұзғаны үшін қатысушылардың жауапкершілігі туралы, соңцай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де мәліметтер болуы тиіс (АК-ның 58-бабының 6-тармағы). Заңды тұлғаның құрылтай шарты мен жарғысы арасында қайшылықтар туатын жағдайда:

— егер олар құрылтайшьшардың ішкі қатынастарына қатысты болса, құрылтай шартының;

— егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның үшінші тұлғалармен қатынастарында маңызы болса, жарғының ережелері қолданылуы тиіс (АК-ның 41-бабының 6-тармағы).

Жарғылық капиталға салым салу. Қатысушының үлесі. Шаруашылық серіктестіктің бастапқы мүлкі қүрылтайшылардың салымдарынан құралатын жарғылық капиталдан тұрады. Ақша, бағалы қағаздар, заттар, интеллектуаддық қызметтің нәтижелеріне құқықты қоса алғанда, мүліктік құқықтар және өзге де мүлік жарғылық капиталға салатын салым бола алады. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғылық капиталға заттай немесе мүліктік құқықтар түріңде салатын салымдары барлық құрылтайшылардың келісімі бойынша немесе серіктестіктің барлық қатысушыларьшың жалпы жиналысының шешімімен ақшамен бағаланады. Егер мұндай салымның құны 20 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне тең сомадан асатьш болса, оның бағасын тәуелсіз сарапшы растауға тиіс. Шаруашылық серіктестікгі қайта тіркеуде оиың қатысушысының ақшалай салымьш серіктестікгің бухгалтерлік құжаттары не аудиторлық қорытьшды растай алады. Жалпы ереже бойынша, заңцы түлға өз міндеттемелері бойынша өзі жауап береді. Алайда шаруашылық серіктестіктер үшін бүл ережеден ерекшеліктер бар. Мысалы, серіктестіктің құрылтайшылары (қатысушылары) осындай баға берілген кезден бастап бес жыл бойы серіктестіктің несие берушілері аддында салым бағасы арттырылған сома шегінде бірлесіп жауап береді (АК-ның 59-бабьшың 1-тармағының 1—4-бөліктері).

Салым ретінде мүлікгік құқық, мысалы, мүлікгі пайдалану қүқығы берілуі мүмкін. Мұндай салымның көлемі құрылтай құжаттарында көрсетілген бүкіл мерзім үшін есептелген осындай мүлікті пайдаланғаны үшін төленетін ақымен анықталады. Салымдарды мүліктік емес өзіндік құқық және өзге де материалдық емес игілік түрінде, сондай-ақ қатысушылардың серіктестікке қойған талаптарын есептеу жолымен енгізуге жол берілмейді (АК-ның 59-бабы). Соңғы ереже айтарлықтай пікірталас туғызады және мамандар арасында оның жақтастары да, қарсыластары да жеткілікгі. Жарғылық капиталға салым салудың тәртібі мен мерзімі, соңдай-ақ жарғылық капиталды қүру жөніңдегі міңцетгемелерді орындамағаны үшін жауапкершілік заң құжаттарында және (немесе) құрылтай құжаттарында белгіленеді (АК-ның 59-бабының 3-тармаіы)5.

Егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғылық капиталдағы барлық қатысушылардың үлестері жөне тиісінше олардьщ шаруашылық серіктестігі мүлкінің құнындағы үлестері (мүліктегі үлес) жарғылық капиталдағы салымдарына барабар болады. Алайда құрыл-тайшылар құрылтай құжаттарында өзгеше мақсатгы көздеуі мүмкін. Шаруашылық серіктесгікке қатысушы серіктестік мүлкіңцегі өз үлесін, егер заң құжаттарында немесе құрылтай құжаттарыңца өзгеше көздел-месе, салып қоюға және сатуға қүқылы (АК-ның 59-бабының 2-тармағы).

Жарғылық капиталды өзгерту — іскерлік тәжірибеде жиі кездесетін әдеттегі іс және ол өрбір серіктестікте дерлік байқалады. Жарғьшық капитадды арттыру коммерциялық ұйымның қызметіндегі игі сет больш табылады, несие берушілердің мүдделеріне нұқсан келтірмейді. Сондықтан оның құқықтық реттелуі айтарлықтай шартты реттеуші сипатта болады. Ал жарғылық капиталды азайту қажетсіз шара болып саналады,ол ең алдымен серіктестіктің несие берушілерінің мүдделеріне жағымсыз есер етеді. Сондықтан шаруашылық серікестшнің жарғылық капиталын азайтуға оның барлық несие берушілеріне хабарлағаннанкейін жол беріледі. Олар бұл жағдайда серіктестіктің мерзімінен бұрьш тоқтатылуын немесе тиісті міндеттемелерін орыңдауын және оның зиянды өтеуін талап етуге құқылы (АК-ның 59-бабының 4-тармағы).

Шаруашылық серіктестіктері қатысушьшарьшың жалпы жиналысы (өкілдер жиналысы) серіктестіктің жоғары органы болып табылады. Бір тұлға құрған шаруашылық серіктестіктерде жалпы жиналыстың өкілетгігі оның бірден-бір қатысушысьша тиесілі болады (АК-ның 60-бабының 1-тармағы).

Шаруашылық серіктестікте оның қызметіне күнделікті басшылық жасайтын және оның қатысушыларьшың жалпы жиналысына (өкідцер жиналысына) есеп беріп отыратын атқарушы орган (алқалық және (немесе, жеке-дара) құрылады. Басқару оргавдарының мүшелері оның қатысушылары арасынан сайланбауы мүмкін. Серіктесгіктің алқалы органдары ретінде басқарма (дирекция) және бақылау кеңесі құрылуы мүмкін. Заң актілерінде немесе шаруашылық серіктестігі қатысушыларының жалпы жиналысының (өкілдер жиналысының) шешімінде көзделген жағдайларда басқа да алқалық атқарушы органдар құрылуы мүмкін (АК-ның 60-бабының 2-тармағы).

Шаруашылық серіктестік органдарының құзіреті, оларды сайлау (тағайындау) тәртібі, сондай-ақ олардың шешімдер қабылдау тәртібі АК-ға, заң құжаттарына және құрылтай құжатгарына сәйкес белгіленеді (АК-ның 60-бабының 3-тармағы).

Шаруашылық серіктестіктердің акциялар шығару құқығы жоқ. Мұны өздеріне белгіленген тәртіп бойынша акционерлік қоғамдар ғана істей алады. Акционерлік қоғам түріндегі коммерциялық ұйым капиталды барынша мол жинақтай алатындықтан, заң акционерлік қоғамдар үшін ғана қаржы есебін жүргізуді көздеген. Алайда, заң актілері мен құрылтай құжаттары бойынша мұндай жағдайлар кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлерін жүзеге асыратын жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктесіікгер үшін көзделуі мүмкін (ЖШС туралы заңның 60-бабы). Шаруашылық серіктестіктің қызметін мемлекеттік органдар тексере алады. Олардың бұл саладағы қүзіретін заң актілері белгілейді. Шаруашылық серіктестігі қаржы есеп-қисабының дұрыстығына көз жеткізу үшін серіктестіктің немесе оның қатысушыларының мүдделерімен байланысы жоқ кәсіби аудиторды шақыра алады (мүны сыртқы аудит деп атайды). Шаруашылық серіктестігін аудиторлық тексеру серіктестіктің бір немесе бірнеше қатысушының талап етуі бойынша соның (солардың) есебінен кез келген уақытта жүргізілуге тиіс. Шаруашылық серіктестігінің қызметіне аудиторлық тексеру жүргізу тәртібі зандармен және серіктестіктің құрылтай құжатгарымен белгіленеді (АК-ның 60-бабының 4-тармағы).

Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері. Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың:

— құрылтай құжаттарында белгіленген тәртіппен шаруашылық серіктестіктің істерін басқаруға қатысуға;

— шаруашылық серіктестікгің қызметі туралы ақпарат алуға және құрылтай құжаттарында белгіленген тәргіппен оның құжатгамаларымен танысуға;

— таза табысты бөлісуге қатысуға құқығы бар. Құрылтай құжаттарының бір немесе бірнеше қатысушыны пайданы бөлісуге қатысудан шеттетуді көздейтін ержелері жарамсыз болып табылады;

— шаруашылық серіктестік таратылғаи жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған серіктесгік мүлкіңдегі өздерінің үлесіне сәйкес мүліктің бір бөлігін немесе оның құнын алуға құқығы бар:

Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың заң құжаттарында және құрылтай құжаттарында көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкін (АК-ның 61-бабының 1-тармағы).

Шаруашылық серіктестікке қатысушылар:

1) құрылтай құжаттарының талаптарын сақтауға;

2) салымдарды құрылтай құжатгарында көзделген тәртіп, мөлшер, әдістер жөне мерзімдер бойынша салып отыруға;

3) шаруашылық серіктестік коммерциялық құпия деп жариялаған мәліметгерді жария етпеуге міндетгі.

Шаруашылық серіктестіктің құрылтайшылары құрылтай құжаттарында көзделген басқа да міңдеттерді атқаруы мүмкін (АК-ның 61-бабының 2-тармағы)6.

Серіктестіктерді қайта құру және тарату. Шаруашылық серіктестік оның қагысушыларының шешімімен ерікті түрде қайта құрылуы немесе таратылуы мүмкін. Оларды қайта құру мен таратудың өзге негіздерін АК, Шаруашьшық серіктестік туралы жарлық, ЖШС туралы заң және басқа заң құжаттары анықтайды. Мысалы, несие берушілерге жарғылық капиталды азайту туралы хабарламау шаруашылық серіктестіктер үшін осындай негіз болып табылады (АК-ның 59-бабының 4-тармағы).

Шаруашылық серіктестіктер заң құжаттарында белгіленген реттер мен тәртіп бойынша қатысушылардың жалпы жиналысының шешімімен шауашылық серіктестіктің бір түрінен екінші түріне акционерлік қоғамдар немесе өңдірісгік кооперативтер болып қайга құрылуы мүмкін. Толық серіктестік немесе сенім серіктестігі акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі немесе қосымша жауапкершілігі бар серіктестік болып қайта құрылған жағдайда акционерлік қоғамның, жауапкершілігі шектеулі немесе қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің қатысушысы болған әрбір толық серіктес толық серіктестіктен немесе сенім серіктестігінен акционерлік қоғамға, жауапкершілігі шектеулі немесе қосымша жауапкершілігі бар серіктестікке көшкен міндеттемелер бойынша екі жыл бойы өзінің барлық мүлкімен субсидиялық жауапты болады. Бұрынғы толық серіктестіктің өзіне тиесілі акцияларды (үлестерді) иеліктен шығаруы оны мұндай жауаптылықтан босатпайды (АК-ның 62-бабы).


1.2.Толық серіктестік
Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп танылады (АК-ның 63-бабының 1-тармағы). Қатысушылары жауапкершілігінің ерекшелігіне байланысты ҚР-дың кәсіпкерлік практикасьшда толық серіктестіктер кең қолданыс таппаған. Сонымен бірге, көптеген батыс елдерінде сауда серіктесін немесе клиентті таңдауда толық серіктестікке басымдық беріледі. Несие берушілерге жоғары кепілдікті сақтау мақсатыңда азамат бір ғана толық серіктестіктің қатысушысы бола алады (АК-ның 63-бабының 2-тармағы).

Толық серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерін оның құрылтайшылары белгілейді, бірақ ол қатысушылардың жарғылық капиталға салымдарын салатын кезде Қазақстан Республикасында заң жүзінде белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 25 мөлшерінен кем болмауы тиіс (Шаруашылық серіктестік туралы жарлықтың 13-бабының 1-тармағы). Толық серіктестіктің ең жоғары органы — қатысушылардың жалпы жиналысы болып табылады. Толық серіктестіктің, ішкі мәселелері жөніндегі шешім барлық қатысушылардың жалпы келісімі бойынша қабылданады. Серіктестіктің құрылтай шартында қатысушылардың көпшілік даусымен шешім қабылданатын реттер көзделуі мүмкін. Егер құрылтай шартында оның қатысушыларының санын анықтаудың өзгеше тәртібі көзделмесе, толық серіктестіктің әрбір қатысушысының бір даусы болады. Құрылтай шартында қатысушылар алатын дауыс санын олардың жарғылық капиталдағы үлесіне сай белгіленетіндігі көзделуі мүмкін. Толық серіктестікті басқаруды осы серіктестіктің атқарушы органдары жүзеге асырады. Басқару органдарының түрлері, құрылу тәртібі жөне олардың құзіреті құрылтай құжаттарында белгіленеді. Серіктестіктің ісін жүргізу тапсырылған толық серіктестікгің органдары барлық қатысушыларға олардың талап етуі бойынша өз қызметі туралы толық ақпарат беріп отыруға міндетті (АК-ның 65-бабының 1, 2, 4-тармақтары).

Серіктестіктің қалған түрлерінен өзгеше, толық серіктестікте тұлғалық жағдай барынша маңызды болады. Бұл серіктестердің толық жеке жауапкершілігіне байланысты. Сондықтан толық серіктестікке қатысушының өз үлесін (үлесінің бір бөлігін) оның басқа қатысу-шыларына немесе үшінші жақтарға қалған барлық қатысушылардың келісімімен ғана беруіне болады. Үлес (үлестің бір бөлігі) үшінші жаққа берілген жағдайда сонымен бірге толық серіктестіктен шыққан қатысушыға тиесілі қүқықтар мен міңдетгердің бүкіл жиынтығы соған ауысады. Толық серіктестіктің қатысушысы қайтыс болған ретте қалған барлық қатысушылардың келісуімен қүқықты мирасқор (мұрагер) серіктестікке кіре алады. Құқық мирасқор (мұрагер) қатысушының толық серіктестік алдындағы борыштары бойынша, сондай-ақ серік-тестіктің үшінші жақтары аддындағы бүкіл серіктестік қызметі кезінде пайда болған борыштары бойынша жауапты болады. Құқық мирасқор (мұрагер) толық серіктестікке кіруден бас тартқан немесе құқық мирасқорды (мұрагерді) қабылдаудан серіктестік бас тартқан жағдайда, оған қатысушы қайтыс болған күні белгіленген серіктестік мүлкіндегі үлестің құқық мирасқорлық негізінде өзіне тиесілі қүны төленеді. Бұл реттерде тиісінше құрылтай құжаттарында (жарғысьшда) көзделген мерзімде құрылтай шартыңда аталған серіктестік мүлкінің мөлшері азайтылады, бірақ ол үш айдан кешіктірілмеуге тиіс (АК-ның 66-бабы).

Толық серіктестіктің қатысушысы серіктестіктен кез келген уақытта шыға алады, ол бұл жөнінде қалған қатысушыларға іс жүзіңде шығатын мерзімінен кемінде 6 ай бұрын ескертеді. Бес жылға дейінгі мерзімге құрылған толық серіктестіктен мерзімінен бұрын бас тартуға дәлелді себептер болғанда ғана жол беріледі. Толық серіктестіктің құрылтай құжаттарында қатысушылардың серіктестіктен шығуы туралы өтініш беруінің өзгеше мерзімі көзделуі мүмкін. Серіктестіктің қатысушылары арасында серіктестіктен шығу құқығынан бас тартуға келісім жасау жарамсыз деп танылады (Шаруашылық серіктестік туралы жарлықтың 16-бабы).

Толық серіктестікке қатысушылар қалатын қатысушылардың бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша және оған дәлелді себептер болған жағдайда, атап айтқанда, оның (олардың) өз міңдетгерін дөрекі бұзуы немесе іс жүргізу қабілетсіздігі байқалған жағдайда қатысушылардың біреуін немесе бірнешеуін серіктестіктен сот тәртібімен шығаруды талап етуге құқылы. Толық серіктестіктен шығарылған қатысушыға шығатын кездегі балансқа сәйкес салған салымына қарай оның серіктес мүлкіндегі үлесінің құны төленеді (АК-ның 68-бабы).

Толық серіктестікке қатысушының жеке борыштары пайда болуы мүмкін. Қатысушының толық серіктестіктің жеке борыштары бойынша өз үлесін өндіріп алуға өтініш жасауына борыштарды өтеу үшін оның басқа мүліктері жеткіліксіз болған жағдайда ғана жол беріледі. Мұндай қатысушының несие берушілері толық серіктестіктен серіктестік мүлкінен ақы өндіріп алу мақсатымен борышқордың жарғылық капиталдағы үлесіне сәйкес мүліктің бір бөлігін бөліп беруді талап етуге құқылы. Серіктестік мүлкінің бөліп берілуге жататын бөлігі немесе оның қүны несие берушілердің бөліп беру туралы талаптары қойылған кезде жасалған баланс бойынша анықталады. Қатысушының толық серіктестік мүлкіндегі үлесінен ақы өндіріп алу оның серіктестікке қатысуын тоқтатады (АК-ның 69-бабы).

Толық серіктестіктің занды тұлғалардың басқа түрлерінен мәнді айырмашылықтары бар. Тарихи тұрғыдан қарағанда, занды тұлғалар жеке тұлға-кәсіпкердің кәсіпкерлік тәуекелде тұрған мүлкін өзге мүліктен айыруға мүмкіңдік беретін құқықтық нысан ретінде пайда болған. Серіктестіктің біз қарастырып отырған нысанында жағдай өзгеше. Егер толық серіктестік таратылған жағдайда, оның барлық борыштарын өтеу үшін нақтылы мүлкі жетпейтін болса, серіктестік үшін жетпейтін бөлігі жөнінен оған қатысушылар ортақ жауапкершілікті өздерінің заң құжаттарына сәйкес ақы өндіріп алынатын барлық мүлкімен өз мойнына алады. Толық серіктестіктің қатысушысы серіктестіктің борышы бойынша, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, оған өзі кіргеннен кейін немесе кіргенге дейін пайда болғанына қарамастан жауап береді. Алайда заң құжаттарында бүл ережеден ауыткушылық та көзделген. Серіктесіік мүлкіңдегі өз үлесінен астам бөлігіндегі толық серіктестіктің борыштарын өтеген қатысушы өзінің алдында серіктестік мүлкіндегі өз үлесінің мөлшеріне тең үлестік жауапкершілікті мойньша алатьш өзге де қатысушыларға таісті бөлігінде кері талап қоюға құқылы (АК-ның 70-бабының 1, 2-тармақтары).

Толық серіктестіктен өз қалауымен шыққан немесе серіктестіктен соггың шешімі бойынша шығарылған қатысушы, соңдай-ақ қайтыс болған қатысушының серіктестікке кіруден бас тартқан құқық мирасқоры (мұрагері) серіктестіктен өздері шыққан кезге дейін пайда болған серіктестік міндеттемелері бойынша серіктестіктің өздері серіктестіктен шыққан жыл ішіндегі серіктестік қызметі туралы есеп бекітілген күннен бастап, екі жыл бойы жауап береді. Өз үлесін бір қатысушыға немесе үшінші жаққа беру арқылы серіктестік мүлкіңдегі өз үлесінен несие беруші (несие берушілер) ақы өндіріп алу арқылы шыққан қатысушы, сондай-ақ қайтыс болған қатысушының серіктестікке қабылдаудан қалған қатысушылар бас тартқан құқық мирасқоры (мүрагері) серіктестік міндеттемелері бойьшша жауап бермейді. Толық серіктестік тоқтатылғаннан кейін қатысушылар серіктестік тоқтатылған күннен бастап екі жыл бойы ол тоқтатылған кезге дейін пайда болған серіктестік міндеттемелері бойынша жауапты болады. Толық серіктестіктің осы бапта көзделген міндеттемелері бойынша өздерінің жауапкершілік тәртібін өзгертетін қатысушылардың келісімі жарамсыз болып табылады (АК-ның 70-бабының 3—6-тармақтары).

Занды тұлғаны таратудың жалпы негіздерінен басқа, серіктестікте жалғыз қатысушы қалып, ол 6 ай ішінде серіктестікті қайта құрамаса немесе жаңа қатысушылар қабылдамаған жағдайда да толық серіктестік таратылады. Толық серіктестікке қатысушылардың жеке жауапкершілігінің ерекшеліктеріне байланысты тұлғалық фактор төтенше маңызды болады. Бір-біріне деген жеке сеніміне сүйеніп, серіктерінің іскерлік қасиетгері мен материалдық мүмкіндіктеріне үміт арта отырып, толық серіктер кәсіпкерлік қызметпен айналысады. Сондықтан, жалпы ереже бойынша, қатысушылар құрамының өзгеруі серіктестіктің тоқтатылуына әкеп соғады. Алайда қатысушылар өз кәсіпорындарының өмір сүруін тұрақтандыра алады. Толық серіктестікке қатысушылардың қайсыбіреуі шығып кеткен немесе қайтыс болған жағдайда, олардың бірі хабар-ошарсыз кетті, әрекет қабілеттілігі жоқ немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі не банкрот деп танылған немесе несие беруші бір қатысушы жарғылық капиталдағы оның үлесіне сәйкес келетін мүлкінен ақы өндіріп алған реттерде, егер ол серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделсе немесе қалған қатысушылар келісетін болса, серіктестік өз қызметін жалғастыра береді. Егер қатысушылардың бірі осы аталған негіздер бойынша серікгестіктен шығып кетсе, серік-тестікгің жарғылық капитальшдағы өзге де қатысушылардың үлестері, егер қүрылтай құжатгарыңда өзгеше көзделмесе, олардың салымдарьша қарай көбейеді. Сонымен бірге қүрылтай құжатта — өзге ереже де көзделуі мүмкін (АК-ның 71-бабы).



  1   2   3


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет