Мазмұны Кіріспе Тарау



жүктеу 0.85 Mb.
бет2/5
Дата25.04.2016
өлшемі0.85 Mb.
1   2   3   4   5
: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Жылдарга “Кургак учук-iv” программасы
2013 -> Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
2013 -> Создание информационной системы движения ценных бумаг на примере атф банка
2013 -> 1 Геологическая часть
2013 -> Оригинал: Политическая деятельность Урус-хана и его место в истории казахской государственности // Отан тарихы (Отечественная история). 2006, №1, стр. 89-95
2013 -> «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты
2013 -> I тарау. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
2013 -> Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды
2013 -> Мазмұны кіріспе
2013 -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!

Сурет 3. Кәсіпорынның активтерінің динамикалық қатарының

компоненттері

* Ескерту автордың құрастыруымен

Айналым капиталдарын басқару саясатының мақсатты бағыты ағымдағы активтердің көлемі мен құрылымын, оларды жабу көздері мен ұзақ мерзімді өндіріске және кәсіпорынның тиімді қаржы қызметіне жеткілікті олардың арасындағы қатынас арқылы анықтау болып табылады. Бұл факторлар мен нәтижелі көрсеткіштердің өзара байланысы көрнекті. Кредиторлар алдындағы міндеттемелерді үнемі орындамау экономикалық байланыстардың үзілуіне, осыдан шығатын көптеген салдарларға әкеп соғады.

Қалыптасқан мақсатты бағдар стратегиялық сипатқа ие. Сонымен бірге ағымдағы қызметті басқаруды тиімді ететін айналым құралдарының мөлшерін қолдау да маңызды. Күнделікті қызмет тұрғысынан алғанда кәсіпорынның қаржы-шаруашылық сипаттамасының ең маңыздысы оның өтімділігі, яғни қысқа мерзімді кредиторлық қарыздарды уақытында жауып отыру қабілеті. Кез-келген кәсіпорын үшін өтімділіктің жеткілікті деңгейі шаруашылық қызметтің тұрақтылығының көрінісі. Өтімділікті жоғалту тек қана қосымша шығындар емес, сонымен бірге өндіріс процесінің ауық-ауық тоқтап қалуына да әкеп соғады. 4-суретте таза айналым капиталының жоғары және төмен деңгейдегі өтімділіктің қауіптілігі көрсетілген. Егер ақша қаражаты, дебиторлык қарыз және өндірістік-материалдық запастар салыстырмалы төмен жағдайда болса, онда төлем қабілетінің жоқтығы немесе рентабельді қызметті іске асыруға қажетгі қаржының жетіспеу ықтималдығы жоғары.

Қауіп деңгейі



Таза айналым капиталының деңгейі

Төмен Орташа Жоғары
Cурет 4. Айналым капиталының тәуекелі мен деңгейі

* Ескерту автордың құрастыруымен

Суретте көрсетілгендей, таза айналым капиталы көлемінің өсуімен өтімділік қаупі азаяды. Сөзсіз, өзара байланыс неғұрлым күрделі түрде. Өйткені өтімділік деңгейіне ағымдағы активтердің барлығы бірдей деңгейде әсер етпейді. Дегенмен, айналым құралдарын басқарудың өтімділікті жоғалту қаупін минимумға жеткізетін қарапайым вариантын жасауға болады: ағымдағы активтердің ағымдағы міндеттемелерден қаншалықты асып тұрса, соншалықты қауіп аз; осылайша таза айналым капиталы өсіруге талпынуға болады.

Пайда мен айналым капиталының деңгейі арасындағы тәуелділік түпкілікті басқа түрге жатады. (5-сурет).

Айналым капиталы төмен дәрежеде болған жағдайда өндірістік қызмет қажетті деңгейде қолдау көрмейді, бұл – өтімділікті жоғалту ықтималдығы, жұмыстың ауық-ауық тоқтауы және пайданың төмендігі. Айналым капиталының бірқатар тиімді деңгейінде пайда максималды болады. Айналым құралдарыньң көлемін одан әрі жоғарылату кәсіпорынның құзырында уақытша бос, қозғалыссыз ағымдағы активтер болуына, сондай-ақ пайданы төмеңдететін қаржыландырудың артық шығындарына әкеліп соғады. Осыған орай айналым капиталдарын басқарудың өтімділік қаупін азайтуға байланысты жоғарыда қарастырылған варианты шындыққа жанаспайды.
Пайда

ТАК деңгейі

Төмен Орташа Жоғары



Cурет 5. Пайда мен айналым капиталының деңгейі арасындағы байланыс

* Ескерту автордың құрастыруымен

Осылайша айналым капиталдарын басқару саясаты ликвидтілікті жоғалту қаупі мен жұмыстың тиімділігі ортасында ауызбірлікке табуды қамтамасыз етуі тиіс. Бұл екі маңызды міндетті шешуге мүмкіндік береді.

1. Төлем қабілетін қамтамасыз ету. Егер кәсіпорын шоттарын төлеуге, міндеттемелерін орындауға қабілетсіз болса, мүмкін банкрот болғанын жарияласа, мұндай шарт жоқ деп есептеледі .

2. Активтердің қол жетерлік көлемін, құрылымын және тиімділігін қамтамасыз ету. Әртүрлі ағымдағы активтердің әртүрлі деңгейі пайдаға әрқалай әсер ететіні белгілі. Мысалы, өндірістік-материалдық запастардың жоғары деңгейі сәйкесінше ағымдағы көп шығындарды қажет етеді. Мұндайда дайын өнімнің кең ассортименті сату көлемін көтеруге және кірісті ұлғайтуға әсер ете алады. Ақша қаражатының, дебиторлық қарыздар мен өндірістік запастардың деңгейіне байланысты әр шешім осы актив түрінің тиімділігі тұрғысынан да, сондай-ақ айналым құралдарының тиімді құрылымы жағынан да қарастырылуы тиіс.

Жоғарыда көрсетілгендей, ағымдағы активтердің өтімділігі мен тиімділігі көп жағдайда таза айналым капиталының деңгейімен анықталады. Қысқа мерзімді қарыз негізгі құралдарды жабудың көзі бола алмайтынын ескерсек, көрсеткіштің бұл мәні нөлден белгілі бір максималды мәнге дейін М өзгеретіні белгілі. Көрсеткіш нөлдік мәнде болғанда «таза айналым» капиталының өтімділігін жоғалту қаупі неғұрлым жоғары мәнге жетеді; бұл көрсеткіштің өсуімен қауіп азаяды. Таза айналым капиталы максималды мәнге М теория түрінде қысқа мерзімді кредиторлық қарыз болмаған жағдайда жете алады. Бұл жағдайда М ағымдағы активтердің құнына тең, ал өтімділікті жоғалту қаупі нөлге тең.

Қаржы менеджменті теориясында ағымдағы активтерді қаржыландырудың әртүрлі стратегиясын атап көрсетеді. Бұл менеджердің оның өзгермелі бөлігін жабу көздерін тандауына тәуелді. Яғни таза айналым капиталының салыстырмалы көлемін талдауына байланысты. Мынандай төрт модель белгілі: мінсіз; агрессивті; консервативті; компромисті. Қаржыландыру стратегиясының осы модельдердің ішінен белгілі бір моделін таңдау ұзақ мерзімді пассивтердің мөлшерін тағайындауға және оның негізінде таза айналым капиталының көлемін есептеуге әкеледі, яғни ұзақ мерзімді пассивтер мен айналымнан тыс активтердің айырмасы (ТАК = ¥МА-АТА). Сонымен әр стратегияның әрекетіне өзінің базалық баланстық тендігі сәйкес. Әр модельдің статикалық және қарқындық сипаттамасы 6-9 суреттерде көрсетілген.

Ыңғайлы болу үшін келесі белгілерді енгіземіз:

АТА — айналымнан тыс активтер;

АА — ағымдағы активтер (АА=ЖБ+ӨБ);

ЖБ — ағымдағы активтерді жүйелі бөлігі;

ӨБ— ағымдағы активтердің өзгермелі бөлігі;

АП — ағымдағы пассивтер (қысқа мерзімді міндеттемелер);

¥МЗК— ұзақ мерзімді займдық капитал;

ЖМК — жекеменшік капитал;

ҰМП — ұзақ мерзімді пассивтер (¥МП = ЖМК+ҰМЗК);

ТАК — таза айналым капиталы (ТАК = ТА-КП);




А ғымдағы активтердің жүйелі бөлігі

Айналымнан тыс активтер Уақыт




Қарқындылық



Cурет 6. Айналым құралдарын басқарудың мінсіз үлгісі

* Ескерту автордың құрастыруымен


Мінсіз үлгіні құрау "ағымдағы активтер" мен "ағымдағы міндеттемелер" категориясының мәніне және олардың өзара сәйкесуіне негізделеді. "Мінсіз" термині бұл жағдайда идеал, оған теңесу керек деген мағынаны емес, активтер мен оларды жабудың көздерінің экономикалық түрғыдан сәйкестілігін білдіреді. Бұл үлгіде ағымдағы активтер көлемі бойынша қысқа мерзімді міндеттемелермен сәйкеседі, яғни таза айналым капиталы нөлге тең. Шын өмірде мұндай үлгі іс жүзінде кездеспейді де. Сондай-ақ өтімділік тұрғысынан бұл неғұрлым қауіпті болып саналады. Өйткені қолайсыз жағдайлар туғанда (мысалы, барлық кредиторлармен бір уақытта есептесу қажет болса) кәсіпорының негізгі құралдарының бір бөлігін ағымдағы кредиторлық қарыздарды жабу үшін сату қажеттігі туады. Бұл стратегияның мәні ұзақ мерзімді пассивтер айналымнан тыс активтер деңгейінде тағайындалады, яғни базалық баланстық тендік (модель) мынандай түрде болады:

¥зақ мерзімді пассивтер-Айналымнан тыс активтер (1)

Белгілі бір кәсіпорын үшін айналым құралдарын басқарудың қаржы стратегиясының келесі үш үлгісі неғұрлым шынайы, олардың негізінде ликвидтілікті қамтамасыз ету үшін жоқ дегенде айналымнан тыс активтер мен ағымдағы активтердің жүйелі бөлігі ұзақ мерзімді пассивтермен жабылуы тиіс. Осылайша үлгілер арасындағы айырмашылық ағымдағы активтердің өзгермелі бөлігін жабу үшін қаржыландырудың қандай көзі тандалатындығымен анықталады. Агрессивті үлгі ұзақ мерзімді пассивтер айналымнан тыс активтерді және ағымдағы активтердің жүйелі бөлігін жабудың көздері екендігін білдіреді. Яғни шаруашылык қызметер жүзеге асыру үшін қажетті оның ең аз мөлшері. Бұл жағдайда таза айналым капиталы осы ең аз мөлшерге дәлме-дәл тең болады (ТАК = ЖБ). Ағымдағы активтердің өзгермелі бөлігі қысқа мерзімді міндеттемелермен жабылады. Өтімділік тұрғысынан алғанда да бұл стратегия қауіпті, өйткені іс жүзінде ағымдағы активтердің минимумымен ғана шектелу мүмкін емес. Базалық баланстық тендік мына түрде болмақ:



¥зақ мерзімді пассивтер=Айналымнан тыс активтер+Ағымдағы активтердің жүйелі бөлігі (2)

Консервативті үлгі бойынша ағымдағы активтердің өзгермелі бөлігі ұзақ мерзімді пассивтер есебінен жабылады. Бұл жағдайда қысқа мерзімді міндеттемелер жоқ, өтімділікті жоғалту қаупі де болмайды. Таза айналым капиталы көлемі бойынша ағымдағы активтерге тең (ТАК = АА). Модель жасанды түрде жасалған. Бұл стратегия ұзақ мерзімді пассивтерді төмендегі базалық баланстык тендеу деңгейінде тағайыңдайды:



Ағымдағы активтердің жүйелі бөлігі +Ағымдағы активтердің өзгермелілігі (3)





Сурет-8. Айналым құралдарын қаржылық басқарудың консервативтік үлгісі

* Ескерту автордың құрастыруымен





Компромисстік үлгі неғұрлым шыңдыққа жақын. Бұл жағдайда айналымнан тыс активтер, ағымдағы активтердің және шамамен ағымдағы активтердің өзгермелі бөлігінің жартысы ұзақ мерзімді пассивтермен жабылады. Таза айналым капиталы көлемі бойынша ағымдағы активтердің жүйелі бөлігінің және оның өзгермелі бөлігінің жартысының сомасына тең ( ОК = СЧ + 0,5 * ВЧ). Жекелеген жағдайларда кәсіпорынның артық ағымдағы активтері болуы мүмкін. Бұл пайдаға кері әсерін тигізеді. Бірақ бұл өтімділікті жоғалту қаупін тиісті деңгейде қолдаудың төлемі ретінде қарастырылады. Стратегия ұзақ мерзімді пассивтерді тағайындауды төмендегі базалық баланстық тендікпен мөлшерлейді:

¥МП = АТА + ЖБ + 0,5 * ӨБ







Сурет-9. Айналым құралдарының қаржылық басқарудың компромистік моделі

* Ескерту автордың құрастыруымен






2 ТАРАУ. Фирманың айналым капиталының жағдайын және қысқа мерзімді міндеттемелер тиімділігін талдау

2.1. ЖШС «Смактың» айналым активтері мен қысқа мерзімді

міндеттемелерінің құрамы мен құрылымын талдау
Құрылымдық талдау мақсаты — кәсіпорын қаржысының құрылымы мен қарқынын және олардың түзілу көздерін жалпы қаржы жағдайымен танысу үшін зерттеу. Құрылымдық талдау алдын-ала жүргізіледі. Өйткені оның нәтижесі бойынша қаржы жағдайына түпкілікті баға беруге болмайды. Оған қол жеткізу үшін арнаулы көрсеткіштердің есебі қажет. Құрылымдық талдаудың алдында ұйым активтерінің қарқынын бағалау жүргізіледі. Ол активтердің өсу қарқыны мен қаржы нәтижелерінің өсу қарқынын салыстыру арқылы есептеледі. Мысалы, түсім мен тауарды, өнімді, жұмысты, қызметті өткізуден түскен пайда. Активтердің, сатудан түскен түсімнің және пайданың өсу арқынын салыстыру 1-кестеде көрсетілген.

Кесте-1

Активтердің және қаржы нәтижелерінің қарқынын салыстыру.

Көрсеткіштер

01.01.04

ӨҚ%

01.01.05

ӨҚ%

Активтердің орташа көлемі

3121582.5

99.45

3187405

102.1

Сатудан түскен түсім

243589

445.97

361679

148.48

Сатудан түскен К/шш (птш)

-92148

440.86

-2496

-30.92

*«Смак» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің есеп мәліметтері бойынша дайындалды.

Түсімнің және пайданың өсу қарқындары активтердің өсу қарқынынан көп болса, есепті кезенде алдыңғы кезеңге қарағанда кәсіпорынның активтерін пайдалану неғұрлым тиімді болған. Пайданың өсу қарқыны активтің өсу қарқынынан көп, ал түсімнің өсу қарқыны төмен болса, онда активтерді пайдалану тиімділігін көтеру тек өнімнің, тауардың, жүмыстың және қызметтің бағасын көтеру есебінен ғана болған4. Қаржы нәтижелерінің (түсім мен пайда) өсу қарқыны активтердің өсу қарқынынан төмен болса, бұл кәсіпорын қызметінің тиімділігінің төмендеуін көрсетеді. Біздің жағдайымызда түсімнің өсу қарқыны пайда мен активтер өсімінің қарқынынан көп (бұл көбінесе бірінші жағдайға келеді), сосын пайданың өсу қарқыны түсім мен активтердің өсу қарқынынан аса бастайды. Бұл жағдайдың тұрақтанып келе жатқандығынан хабар береді. Яғни кәсіпорын қызметінің тиімділігі артып келеді деген сөз. Қаржы нәтижелерінің өзгеруімен салыстырылмаған ұйым активтерінің өзгеруі өзінше аз ақпаратты. Кәсіпорын жұмыстың қаржы схемасын пайдаланған кезде нәтижелік баланстың өзара зачет есебінен төмендеуі басқа себептерге байланысты оның өсуінен асып кетуі мүмкін. Сондықтан қысқа мерзімді (мысалы, тоқсан ішіндегі) активтердің көлемінің азаюы кәсіпорынның жағдайының төмендегендігінің әрқашан дәлелі болады. Әсіресе егер бұған қаржы нәтижелерінің оң қарқыны әсер етсе. Ұйымның активтері айналымнан тыс (АТА) және айналым активтерінен (АА) тұрады. Сондықтан активердің неғұрлым жалпылық құрылымы айналым және айналымнан тыс активтердің қатынас коэффициенті сипаттайды:



Кт = айналым активтері / айналымнан тыс активтер (3)
Бұл көрсеткіштің мәні көп жағдайда талданып отырған ұйымның құралдарының айналым шеңберінің салалық ерекшеліктеріне байланысты. Бұл есеп үшін активтер түрі бойынша абсолютті көлемі, олардың барлық активтер көлеміндегі үлес салмақтары, абсолютті көлемдердің және үлес салмақтарының өзгеруі, айналымдағы және айналымңан тыс активтердің қатынас коэффициентінің есепті мерзімдегі мәні мен өзгерісі бойынша мәліметтер қажет (2-кесте). Кәсіпорынның жалпы активтерінің көлемінің өзгерісіндегі әр актив түрі бойынша (айналымнан тыс, айналымдағы) өзгеріс үлесін көрсету қажет.

Кесте-2



Кәсіпорынның айналымдағы және айналымнан тыс активтерінің қатынас коэффициентінің деңгейі.

Көрсеткіштері

Абсолютті көлемдер, мың тг

Үлес, салмағы, %

Өзгерістер

01.01.04

01.01.05

01.01.04

01.01.05

Абс.көл

Үлес салмақ

%

Айналымнан тыс активтер

2709997

2981911

85,9

86,8

-28086

+0,9

42,1

Айналым активтері

444884

406323

14,1

13,2

-38561

-0,9

57,9

Барлығы

3154881

3088284

100

100

-66597

0

100

Қатынас коэффициенті

0,16

0,15

х

х

-0,01

х

Х




01.01.04

01.01.05

01.01.04

01.01.05

Абс.көл

Үлес.салмақ

%

Айналымнан тыс активтер

2681911

26649448

86,8

81,1

-16963

-5,7

-8,6

Айналым активтері

406323

621578

13,2

18,9

+215255

+5,7

+108,6

Барлығы

3088284

3286526

100

100

+198242

0

100

Қатынас коэффициенті

0,15

0,23

х

х

+0,08

х

Х

*"Смак" ЖШС есептік мәліметтері бойынша құрылды.
Кесте мәліметтері көрсетіп отырғандай, қарастырылып отырған субъектінің айналымдағы және айналымнан тыс активтерінің қатынас коэффициенті төмен дәрежеде: 2004 жылы - 0,16 және 2005 жыпы 0,23. Бұл дегеніміз "Смак" ЖШС-і өндіріс саласына жатады. Алайда осы көрсеткіштің кәсіпорын мүлкіндегі айналым активтерінің үлесін арттыру есебінен өсу қарқыны байқалады, 2004 жылғы 14,1 пайыздан 2005 жылы 18,9 пайызға дейін.

Бұдан соң айналым активтерінің құрылымы мен қарқынына талдау жүргізіледі. Запастардың, дебиторлық қарыздың, қысқа мерзімді қаржылық салымдар, ақша қаражаттарының қарқынының оң немесе теріс бағасы қаржы нәтижелерімен салыстырмалы түрде берілуі тиіс. Айналым құралдарын пайдаланудың тиімділігі әртүрлі болса, бір жағдайда бұл қызмет аясының кеңеюінің себебі деп бағаланса, басқа бір жағдайда — іскерлік белсенділіктің түсуімен және осыған орай қаржының айналым кезеңіңің ұлғаюымен түсіндіріледі. "Смак" ЖШС-інің айналым активтерінің қарқыны мен құрылымын талдау 3-кестеде көрсетілген.



Кесте-3

"Смак" ЖШС-інің ағымдағы активтерінің қарқыны мен кұрылымын талдау



Көрсеткіштері

Абсолютті көлемдер, мың тг

Үлес, салмағы, %

Өзгерістер

01.01.04

01.01.05

01.01.04

01.01.05

Абс.көл

Үлес салмақ

%

Ақшалай қаражат

46742

13037

10,5

3,2

-33705

-7,3

87,4

Дебиторлық қарыз

100915

97109

22,7

23,9

-3806

+1,2

9,9

ТМЗ

297227

296177

66,8

72,9

-1050

+6,1

2,7

Барлық АА

444884

406323

100

100

-38561

0

100




01.01.04

01.01.05

01.01.04

01.01.05

Абс.көл

Үлес.салм

%

Ақшалай қаражат

13037

7589

3,2

1,2

-5448

-2

-2,5

Дебиторлық қарыз

97109

18648

23,9

3

-78461

-20,9

-36,4

ТМЗ

296177

595341

72,9

95,8

+299164

+22,9

+138,9

Барлық АА

406323

621578

100

100

+215255

0

100


*"Смак" ЖШС есептік мәліметтері бойынша құрылды.

3-кестенің мәліметтері көрсетіп отырғандай, 2005 жылы кәсіпорынның ағымдағы активтері 2004 жылға қарағанда 38561 мың теңгеге төмендегені көрінеді, ал 2005 жылы олардың 2004 жылға қарағанда 215255 мың теңгеге немесе 52,98 пайызға өскеңдігін байқаймыз. Бұл ТМЗ-ның өсуімен байланысты, бұл өндіріс көлемінің біршама өскендігін көрсетеді. 1-кесте мәліметтеріне қарасақ, сатудан түскен түсім 148,48 пайызға өскен. Ол шығынның азаюына әкелген. Ағымдағы активтердің құрылымында ТМЗ-ға көп орын беріледі. Сонымен қатар ТМЗ-ның ағымдағы активтердің құрылымындағы үлес салмағының 2004 жылғы 66,8 пайыздан 2005 жылы 95,8 пайызға дейін артқаны байқалады. Дебиторлық қарыздар мен ақша каражаттары қарқыны тұрақты түрде төмендеп, ағымдағы активтер құрылымында аз ғана үлес алады — сәйкесінше 3 пайыз және 1,2 пайыз (01.01.04. мәліметтер бойынша). Айналым құралдарының құрамы деп өндірістік айналым қорлары мен айналым қорларын құрайтын элементтер жиынтығын айтады. Яғни олардың жеке элементтер бойынша орналасуы. Айналым құралдарының құрамы мен құрылымы экономиканың әр саласында әр түрлі болып келеді. Олар өндірістік, экономикалық және ұйымдастырушылық белгілері бойынша көптеген факторлармен анықгалады.

Таза айналым капиталы дегеніміз ағымдағы активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелер арасындағы айырмашылық. Сондықтан оның компоненттерінің құрамындағы кез келген өзгеріс оның мөлшері мен сапасына тура немесе жанама әсер етеді. Әдетте, таза айналым капиталының қалыпты өсуі оң қарқын ретінде қарастырылады. Алайда басқа да жағдайлар болуы мүмкін. Таза айналым капиталын есептеу 4-кестеде берілген.



1   2   3   4   5


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет