Мазмұны кіріспе



жүктеу 0.81 Mb.
бет3/4
Дата01.04.2016
өлшемі0.81 Mb.
1   2   3   4
: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Жылдарга “Кургак учук-iv” программасы
2013 -> Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
2013 -> Создание информационной системы движения ценных бумаг на примере атф банка
2013 -> 1 Геологическая часть
2013 -> Оригинал: Политическая деятельность Урус-хана и его место в истории казахской государственности // Отан тарихы (Отечественная история). 2006, №1, стр. 89-95
2013 -> «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты
2013 -> I тарау. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
2013 -> Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды
2013 -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!
2013 -> Мазмұны Кіріспе

2.1 Оқушылараға экологиялық білім беру тәсілдері
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі барынша күрделі, сан қырлы және өте маңызды болғандыктан, алдыңғы катарлы философтердің, психологтердің, педагогтердің назарын ерекше аударып отыр.

Жалпы білім беретін мектептерде окушыларға білім беру мен тәрбиелеудің негізгі жолдарын атап көрсеткен Қазақстандағы табиғат зерттеушілерінің бірі академик Н. Сарыбеков. Оның табиғат қорғауға тәрбиелеу жайлы көптеген еңбектері үлкен жетістіктерімен жалпы білім беретін мектептерде, орта және жоғары оқу орындарында пайдаланылуда.

Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие жұмыстары қоғамның табиғатпен қарым-қатынасыи қамтамасыз ету бағытында, яғни, табиғатты идеологиямен, саясатпен, экономикамен, адамгершілікпен, ғылыми теориямен байланыстыра оқыту арқылы жүзеге асырылуы керек.

Адамзат тарихы табиғат тарихымен тікелей байланысты. Қазіргі кезде адам мен табиғаттың дәстүрлі өзара әрекетінің салдары үлкен экология-лық мәселеге айналуда. Адамды қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға дағдыландыратын экологиялық тәрбиені мектеп жасынан бастау қажет.

Прус королі Вильгельмнің бүл армияның жеңісі емес, австриялықтарды прусс мүғалімі жеңді" деген қанатты сөзі тарихтан белгілі. Басқаша айтқанда, австриялықтарды жеңген прустің білім беру жүйесі деген сөз. Осы сөздің аясында экологиялық дағдарысты қоршаған ортаны қорғау саласының мамандары ғана емес, арнайы экологиялық білім беру жүйесі шешеді деуге болады.

Соңғы 20 жылда ғалымдардың экологиялық білім беру мен төрбиелеу мәселелерін зерттеуге көңіл бөлулері айтарлықтай өсті. Мәселен, Н.Верзилин, А.Захлебный, И.Зверев, Б.Иоганзен, И.Матрусов, А.Мамонтова, В.Сухомлинский және т.б. өз еңбектерінде табиғатты қорғаудағы қоғамдық пайдалы еңбекті ұйымдастыру мен оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларға экологиялық тәрбие мен білім берудің түрлі аспектілерін қарастырады.

Экологиялық білім беру мынадай үш мәселені шешуі тиіс.


  1. Адекватты экологиялық көріністерді формалау, яғни "адам табиғат" жүйесінің өзара байланыстары туралы көріністер.

  2. Табиғатпен қарым-қатынасты формалау.

  3. Табиғатпен қарым-қатынастағы әдеп, дағдылар мен біліктіліктер жүйесі мен стратегиясын формалау.

Оқушыны табиғатқа жауапкершілікпен қарауға баулу - күрделі әрі үзақ мерзімді қажет ететін үрдіс. Оның нәтижесі анықталған білім мен біліктерді игеру ғана емес, табиғи ортаны жақсартуға, қорғауға қажетті талап пен дағдылардың, эмоциялық қатынастардың дамуы болуы тиіс.

Экологиялық тәрбие үрдісін тиімді жүргізуге тікелей ықпал ететін, экологиялық мәдениеттің негізгі бөліктерінің бірі болатын түлғаның жеке жан дүние саласына әсер етуді күшейту қажеттілігі байқалады. Ал қалыптасқан жағдайды түбегейлі өзгерту қазіргі заманғы философтар мен мәдениеттанушылар айқындаған қоғамдағы экомәдениет құндылықтарының негізінде экологиялық тәрбие мәселесін ғылыми тұрғыдан шешу арқылы іске асырылады.

Экологиялық тәрбие берудің негізгі мәселелері мыналар жатады:


  • экологиялық білімді тереңдету және кеңейту;

  • танымды, мінез-құлықты төрбиелеу;

  • табиғатты қорғау сезімін ояту, т.б.

Экологиялық білім әмбебап, пәнаралық сипатқа ие. Сондықтан ол жалпы білім берудің барлық формаларына өнуі тиіс.

И.Зверевтің пікірінше, экологиялық білімнің негізгі мақсаты - оқушылардың табиғат ерекшеліктері, оған адамдардың қарым-қатынасы, экологиялық мәселелер және оларды өндірісте, тұрмыста оңтайлы шешу үшін теориялық білімдерді игерту.

Б.Лихачев экологиялық білім мен тәрбие беру әдістері мен формаларын шартты түрде бірнеше топтарға бөледі. Ойлау мен танымды дамытудың мектептік және мектептен тыс әдістері, бағытталған тәжірибелік қызмет дағдылары мен біліктіліктерін меңгеру, құқықтық жауапкершіліктің дамуы, т.б./ 16 /

А.Захлебный экологиялық бағдарлама жасауда оқушыны оқыту мен тәрбиелеуде тұлға ретінде қалыптастыру факторларына көбірек көңіл бөлу қажет деп санайды.

Экологиялық тәрбие беру тәсілдерінің қазіргі кезде жиі қолданып жүрген тәсілдерінің бірі – пән мазмұнын экологияландыру. Бұл - мектеп оқушыларына оқытылатын пәндер негізінде экологиялық білім мен тәрбие беру деген сөз, яғни пәнді оқыту барысында бұрыннан оқытылып келген тақырыптардың мазмұнын қосымша экологиялық мәліметтермен толықтыра баяндау.

Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан реформа оны сапалық түрғыда нарықтық экономика, қоғамдық-эко-номикалық қатынастарды ғаламдандыру, дамудың ақпараттық кезеңінде қоғамның өтуі жағдайында қайта құруға бағытталған.Қазақстан Рес-публикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскенде экологиялық білім беру мен тәрбиенің маңызы арта түсуде. Бұл білгірліктер Президент Н.Назарбаев ұсынған "2030 стратегиясы" бағдарламасында басты орында тұр. Экологиялық білім - қазіргі білім беру жүйесінің өзекті мәселелерінің бірі.Білім беру үрдісінде экологиялық білім және тәрбие беру үздіксіздігі мен сабақтастығының маңызы айрықша зор. Оларды жүзеге асыру үшін білім жүйесін тұтасынан және оның жеке кезеңдері мен деңгейлерін кешенді түрде жетілдіретін шаралар қажет. Бұл мәселені шешудің бірден-бір жолы экологиялық білімді жеке түлғаны қалыптастыру екенін көпте-ген ғалымдар өз еңбектерінде айтқан.Экологиялық білім беруді ЮНЕС-КО-ның жіктелуі бойынша формалды (мектептегі білім), бейформалды (мектеп қабырғасынан тыс) және формалды оқудан тыс (бос уақытта кітап оқу, көпшілікке таралатын ақпарат, тұрмыстағы қарым-қатынас) бөліктерден тұратын оқыту жүйесінде жүзеге асады деп қарастыруға болады. Мұндай білім берудің негізгі ұстанымы - үздіксіздікте.

Үздіксіз білім беру О.Аббасова, А.Владиславлев, В.Махлин, А.Фурсов, М.Сары-беков, К.Мусин, А.Бақтығұлов, А.Ғалымов, Н.Ивлев, У.Мұқанова, т.б еңбектерінде түйінделген.
2.2. Физикалық география курстарында экологиялық білім және тәрбие беру методикасы
"Қазақстанның физикалық географиясы" пәні бойынша "Пайдалы қазбалар" тақырыбын экологиямен байланыстырып өткізуге болады. Оқушыны өз өлкесінің табиғат жағдайымен таныстыру оның туған жеріне деген дұрыс көзқарасының қалыптасуына, патриоттық тәрбие алуына мүмкіндік береді. Табиғат байлықтарын ысырапқорлықпен пайдалану айналадағы ортаның жай-күйіне, тірі және өлі табиғат элементтері арасында қалыптасқан табиғи тепе-теңдік күйіне ықпалын тигізеді.

Орталық Казақстанда жабық және ашық әдіспен кең өңдіру ісі кең етек алып келеді. Кеніштердің шаң-тозаң болып шығаратын кездері екіге бөлінеді: оқтын-оқтын шаң-тозаң болып шығаратын кездер және шаң-тозаң болып шығаратын көздер. Тау-кен кәсіпорындарының ауаны ластауының тағы бір көзі шаң-тозаңның аса ұсақ минерал бөлшектерінің аэрозоль түрінде қалқып атмосфераға шығуы. Ауаның ластануына қарсы күрес жүргізген кезде биологиялық әдістерге газдарды жұту және шаң-тозаңдарды тұтып қалу үшін мүмкіндігінше ағаш, тал, өсімдіктер егуге ерекше назар аударған жөн. Атап айтқанда, Жезказған, Балқаш өндіріс орындарында өнеркәсіптік қалдық суларды тазарту үшін тазартқыш қондырғылар іске қосылды.

Материктер мен мұхиттар географиясы пәні бойынша «Әлем Халықтары Қазақстанда» тақырыбында өткен мәслихат сабақтың мақсаты — ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын бүкіл әлем халықтары танып отырған кезде, «жас географтар мәслихатын» өткізіп, жерімізді, елімізді келген қонактарға таныстыру және олардың отандарымен танысу.

Сабақта, глобус, Мемлекеттік ту, «Казақстан — 2030» — Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, Дүниежүзілік саясикарта, Қазақстанның физикалық картасы, Жарты шарлар картасы, Зоогеографиялық карта, «Солтүстік Америка» , «Оңтүстік Америка», «Австралия», «Африка», «Евразия», «Антарктида»

материктеріне арналған альбом, «Гидросфера», «Литосфера», «Атмосфера» сөзтуымдары, геовикториналар қолданылды.

Сабақ барысы. Мәслихаттың төрайымы — география-биология пәнінің мұғалімі жер бетінің түкпір-түкпірінен Дүниежүзілік «жас географтар мәслихатына» келген қонақтарға Қазакстанның кең байтақ жерін, ата-бабаларымыздың қасиетті атамекнін таныстырып, соңғы кезде Қазақстанда болған өзгерістерге тоқталды. Кеңестер Одағы ыдырап, Қазақстан егеменді ел болды. Ата Заң қабылданып, өз еліміздің Елтаңбасы, Туы, Әнүраны, теңгесі пайда болды. «Қазақстан — 2030» —

Ел Призидентінің Қазақстан халқына Жолдауы жолдаңды. Қазақстан халқы 1999 жылдың қаңтар айыңда Н. Ә. Назарбаевты ел басшысы етіп қайта сайлады, Елімізді өркениетті ел қатарына қосу үшін халық шаруашылығының жан-жақты дамуы қарастырылып жатыр.

Қазақстан — Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты.

Қазақстан Мемлекеті Туының авторы — Шәкен Ниязбеков. Ермек Өтетілеуұлының «Қазақстан туы» өлеңі оқылды.

XXI ғасырда өмір сүретін қазіргі және болашақ ұрпақтарымыз кең


байтақ Қазақстанның жері мен оның қойнауларын, су ресурстарын,
өсімдік пен жануарларын қорғауға және, ғылыми негізде ұтымды пайдалануға, ауа мен суды таза сақтауға жан-жақты дайын болу үшін олардың экологиялық мәдениеттілігін қалыптастырып, экологиялық біліктерін % дамыту қажет. Бұл - қазіргі оқу үрдісіне қойылатын басты талаптардың бірі.

Қазіргі ғылыми-техниканың даму жағдайында қоршаған ортаны қорғау, адамның табиғатпен үйлесуі басты мәселе. Осыны ескеріп, ғалымдардың бірқатар аймақтардағы табиғи ортанын қалжағдайына, экологиялық қасірет салдарынаң зардап шеккен жұртшылықтың жерге, оның байлықтарына, көлдер мен өзендерге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне ұқыптылықпен қарау мәселесін көтергендері дұрыс. Ғалам шарға экалогиялық қауіп төніп түрғанда, біздің республикамыз үшін бұл ерекше көкейкесті мәселе. Республикамыздың табиғи жағдайы кері бағытта өзгерді де өзгеріп те барады. Оның себептері ашылды, бірақ өзгерген табиғатты қалпына келтіру үшін біліктілік те, уақыт та керек.

Осы орайда заман талабына сай жас ұрпаққа экологиялық білім мен тарбие беруді мынадай бағытта жүргізген жөн:

1 Табиғатты қорғау, табиғаттың құрам бөліктерін жеке - жеке (мысалы, суды, ауаны, т,б.) емес,біртұтас қорғау.

2. Экология негіздерін арнайы сабақ ретінде беруде биология, химия,физика, география, әдебиет және т.б. пәндермен пәнаралық экологиялық байланысын арттыру.

3. Экологяны оқушыларға тек табиғатты қорғау ғана емес, техникамен өндірірістің өсуінен өзгерген табиғаттан қажетті табиғи жағдайдысақтау деп түсіндіру.

4.Оқушылардың, табиғатқа әлеуметтік құнды көзқарас қалытастыру, әсіресе табиғатты тиімді пайдалану дегенде қажетті табиғат жағ-дайды сақтауды түсіндіру.

Мұны жүзеге асыруда экологиялық білім мен тәрбие беруге мынадай элементтер кіреді: табиғат пен қоғам қарым-қатынасының ғылыми негізін қалыптастыру (экологиялық білім беру), табиғатты қоргауға байланысты ереже мен дағдыны сақтауды үйрету.

Қазір өмірдің өзі экологиялық білімді адамдардың бойына жас кезінен үйретуді талап етіп отыр. Балабақшаларда жас балаларды, мектептерде оқушыларды табиғатты сүюге, қоршаған ортаның амандығын қорғауға тәрбиелеудің маңызы зор. Сондықтан мүғалімдердің негізгі міндеті, мектеп оқушыларының экологиялық білімін жастай қалыптастыру. Осы міндеттерді шешуде оқушылардың экологиялық білімің арттырып, олар-
дың табиғатқа жаңа қарым-қатынасын қалыптастыруда география пәнінің ішінде физикалық география маңызды орын алады.

Физикалық география жер бетіндегі табиғи жағдайлардың қалып-тасуын зерттейтін ғылым. Әр жердегі табиғи жағдайдың қалыптасуы сол жердегі бар заттардың байланысынан, одан туатын құбылыстардан, өзгерістерден, дамулардан пайда болады. Ал экологиялық жағдайлар жер бетіндегі табиғи жағдайлардың ішіндегі кімге болса да, неге болса да қажеттілері. Ол жағдайларды біліп, анықтау үшін оқушылардың экологиялық біліктіліктерін қалыптастырып, дамыту керек. Онсыз табиғатты қорғау мәселелерінің негізі де қаланбайды.



Экологиялық мәдениеттілікке негізделген экологиялық біліктіліктерді қалыптастыру мәселесі география ғылымында маңызды орын алады, бұл мәселенің ерекше пәнаралық және курсаралық мәні де зор. Себебі қазіргі кезеңде география - жалпы ғылымдар ішінде жаратылыс және әлеуметтік мәселелерді қамтушы, табиғат және қоғам арасындағы; өзара қарым-қатынастардың оптималдылығын қарастырушы бірден-бір ғылым. Сондықтан табиғатты таныту, оқушылардың экологиялық біліктіліктер жүйесін қалыптастыру - физикалық географияның өте маңызды міндеттерінің бірі.

Физикалық географияны оқытуда экологиялық біліктіліктердің рөлі зор және алуан түрлі. Оларды мектепте оқытылатын география курсы мазмұнын міндетті түрде толық меңгеруге жататын дербес бөлігі ретінде қарастыруға болады.

Сонымен, іс-тәжірибеден өткен физикалық география курстарында қалыптасатын экологиялық білімдер жүйесін оқырмандар назарына ұсынуды жөн көрдік.

Кесте 2

Физикалық география курстарындағы экологиялық білім жүйесі.





Пән

Бағдарлама бөлімдері

Экологиялық білім мен біліктіліктер

1

Физикалық

география



(6-сынып)

Кіріспе

Экскурсия ауданында табиғатқа оң және теріс

ықпал мысалдары. Теріс зардаптарды болдыр-

маудың мүмкіндіктері. Орманды тазарту жүмыстарына қатысу.


2




План және карта

Аудандардың қолайсыз экологиялық жағдайларын картада кескіндеу. Шаруашылық іс-әрекеттердің зардаптарын карта бойынша болжау. Табиғатты көркейту және қорғау картасын жасау

3




Литосфера

Адамның жер бедерін өзгертуі, эрозияның үдеуі және оны болдырмау.

Өз жерінің мысалында пайдалы қазбалардың пайдаланылуы.

Жер қойнауын қорғау біліктіліктері


4



Гидросфера

Адамның шаруашылық іс-әрекеттеріңің- нәтижесінде су қасиетінің өзгеруі. Ластаушыларды тасымалдауда мүхиттық ағыстардың рөлі. Материктердің ішкі суларың пайдалаиуда экологиядық зардаптардың байқалуы, олар-ды ескерту. Суды қорғау шараларын жүзеге асыру.

5




Атмосфера

Қалаларда ауа-райының өзгеруі, ластаушылардың желмен тасымалдануы. Шаруашылық іс-әрекеттің климатқа әсері. Атмосфераны қорғау шараларын жүзеге асыру.

6




Бирсфера

Биосфера мен адамның өзара әсері. Сирек және жойылып кету түрлері. Биосфераны қорғау шараларын жүзеге асыру.

7




Табиғат

кешендері



Табиғат кешендерін адамның өзгертуі.

Өз жерінің табйғат кешенінің шаруашылық іс-әрекеттер нәтижесінде өзгеруін болжау, қолай-'"" сыз зардаптарды болдырмау. Экскурсия ауданының табиғат кешендерін қорғау шараларын дайындау.



8

Материктер

мен


мүхиттар

географиясы



(7-сынып)


Жер

табиғатының

басты ерек-

шеліктері



Географиялық қабатта адам мен табиғаттың

өзара әсер етуі. Географиялық қабаттың

экологиялық жағдаиын зерттеу.

5-6 сыныптардың білімін жүйелеу..



9




Мұхиттар

Мұхиттар экологиясының ерекшеліктері.

Адамның мүхиттағы іс-әрекеті және сонымен байланысты экологиялық проблемалары, теңіз балық кәсіпшілігінің, теңіз көлігінің, теңіз аймағының рекреациясы, табиғат ресурстарының

өндірілуі. Мүхиттарды қорғауда халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігін дәлелдеу.


10




Африка

Австралия



Экватррлық-тропикалық экожүйе жағдайында

адам мен табиғаттың өзара әрекет ету ерекшелігін анықтау.



11




Оңтүстік

Америка


Оңтүстік материктердің экологиялық проблемалары. Оңтүстік материктерде тиімді және тиімсіз табиғатты паидаланудың мысалдары. Жеке территориялық табиғат кешенін ұтымды пайдалану және табиғатты қорғау шараларын дайындау..

12




Антарктида

Дүйиежүзілік экологиялық проблемалардың материктегі іздері. Табйғатты пайдалану мен қорғау ісінде дүнйежүзілік ынтымақтастықтың қажеттілігін дәлелдеу.

13




Солтүстік

Америка,


Еуразия

Тундра, тайга, аралас ормандар табиғат аймақтарыңда эколотиялық проблемалардың байқа-

луы (шығуы), олардың ёрекшеліктері. Әлеу-меттік-экономикалық дамуы әр түрлі деңгейдегі елдерде экологиялық проблемалардың пайда болу еебептері және шешу жолдарын қарастыру.



14




География лық қабат

5-7 сыныптардағы экологаялық білімді жинақтау курсы. Өз жерінің территориялық табиғат кешенін қорғаудың проблемаларын шешу.

15

Қазақстанның

физикалық

географиясы

(8-сынып)


Кіріспе. Табиғатты пайдалану негізі және табиғатты қорғау жүйесі


«Табиғат - адам - өндіріс» жүйесінде география және экологияның рөлі, Қазіргі география мен экологияның негізгі даму бағыттары, экологиялық зерттеудің әдісі. Географиялық орта.

Адам денсаулығының қоршаған ортаға тәуелділігі. Табиғат ресурстары және оларды қорғау тәсілдері. Антропогендік ландшафтар. Ласта-нудың негізгі кездері және оларды жіктеу. Табиғатты пайдалану. Табиғй ортаны оптимал-дандыру және қорғау. Табиғатты қорғау қүжаттары. Қорғалатын табиғи территориялар. Жеке табиғатты қорғау тәртібінің естелігін дайындау.



16




Қазақстанның табиғат

жағдайлары

және

ресурстары




Табиғаттың кездейсоқ құбылыстарьі және олар-

ды адамның жеделдетуі. Эрозияның үдеуі.

Жер қойнауын қорғау және қалпына келтіру.

Адамның климатқа әсері. Климат және адам

денсаулығы, Негізгі атмосфераны ластаушылар және оны қорғау шараларын жасау. Су ресурстары, оларды пайдалану. Негізгі ластаушылар. Пайдалану және қорғау проблемалары. Суларды қорғау. Жер ресурстары. Эрозия. Топырақты қорғау және мелиорация. Адам және биосфера. Биоресурстардың ұдайы өндірілуі және қорғау жолдарын қарастыру.


17




Қазақстан

территориясының

табиғат

кешендері




Аймақтық экожүйелерге адамның әсері және

олардың экологиялық проблемаларының ерек-

шеліктері. Аймақтық экожүйелерде табиғатты

пайдаланудың тиімді жолдарын ұйымдастыру.

Шаруашылық іс-әрекеттердің зардаптарын анықтау шамасы және оларды өз жерінде брлдырмаудың шараларын дайындау.


Оқушылардың табиғатты қорғау қызметін жетілдіру, сол арқылы жоғарғы сынып оқушыларының экологиялық білім деңгейлерін одан әрі жетілдірумен, қосымша білім берумен тығыз байланысты.

Бұл мәселеде облыстық (аудандық) балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталықтарындағы мұғалімдердің қосымша білім кызметіне ерекше көңіл бөлінеді. Бұл біздің көзқарасымыз бойынша то-лық анықталды деуге болады, өйткені экологиялык жағдайларға байланысты туындаған қиыншылықтармен күресу жекелеген адамдар арасында осы мәселені теріс түсінушілермен жұмысты бәсендетуге болмайтындығын дәлелдеп отыр.

Бүкіл дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (БДҰ) 80-жылдардағы көрсеткіштері бойынша адам денсаулығының 20 %-ы қоршаған орта жағдайынан (экалогия), 50 %-ы салауатты өмірде кездескен жағдайларға байланысты және тек 10 %-ы денсаулық сақтау қызметінің даму деңгейінің төмендігінен екендігі анықталды. Жарақаттанғандар мен ауруларды құтқаруда» дицинаның ролі жеткілікті болғанымен,өкінішке ораи жалпы денсаулық сақтау мәселесінде оның ықпалы болып отыр.

Қазіргі экологиялық баспасөз мәліметтер Тәуелсіз елдер достастығы аймағы бойынша алып карайтын болсақ, 2005 жылға қарай экологияның адамға әсері мынадай тұжырым жасалынып отыр: экологияның адамға әсері 40 %-ға дейін өспек, ал тұқым қуалашылық мәселесінің келеңсіз жайттарына сай тұқым қуалау факторының әсері 30 %-ға дейін өседі. Осы айтылған деректерге сүйене отырып, өз денсаулығының 25 %-ға, ал медицинаның өмір салты әсерінің 5 %-ға кемитіндігін болжай аламыз.

В.Вернадский адам мен табиғаттың бірлігі идеясын дамыта отырып, басқа әлем кабаты туралы армандап, жалпы айналаны қоршаған ортанын ерекшелігі туралы ілімді дамыта түсті.

Ю.Горский мен басқа авторлар экологиялык жағдайды шешудің жолдарын былайша түсіндірді қоршаған ортаны корғау және оны қалпына келтіруді басты мақсат еткен біртұтас дүние жүзілік


ұйым құру және планетарлық жүйені орталықтандыру табиғатты корғауды әр жеке адамның ісіне айналдыру, осы бағыттағы ұлттық-мемлекеттік білім беруді жетілдіру ақпараттық өркениетті қалыптастыру, яғни ақпараттың даму, өмір сүру, басқару үрдістерінде басқа да байлықтар сияқты роль атқаруы керек.

Бұл ғылыми қорытындылармен басқалар келіспеуі де мүмкін, бірақ үшінші мыңжылдыкқа қадам басқалы тұрған жас ұрпақ өкілдерімен жұмыс жасап жүрген ұстаздар қауымы үшін бұл қоршаған ортаны корғауды одан әрі жетілдіру, өз өмірін рухани жағынан жаңарту дағдыларын ұйрету мен қалыптастыру қызметінде өскелең ұрпақпен жұмыс жұргізудің негізі болуы тиіс.

Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелермен және әдебиеттермен танысу біздің болжамдарымызда дәлелденгендей жалпы білім беретін мектептердің барлық түрлері мен мектептен тыс мекемелердің ісқимыл бірлігінің нәтижесіндегі жетістіктің кепілі болатындығы туралы пікірдің қалыптасуы — бұл бағыттағы оңды нәтижелерге тек жоғарғы сынып оқушыларымен жүйелі түрде жұргізілген экологиялық туристік-өлке-тану қызметі арқылы ғана. қол жеткізуге болады.

Мектептер қызметі мен мектептен тыс мекемелердін өзара байланысы қажеттілігін осы бағыттағы әдебиеттерге жасаған талдауларында көптеген көрнекті оқымыстылар, алдыңғы қатарлы, озық ойлы халық ағарту ісінің ұйымдастырушылары С.Т Шацкий, А.С.Макаренко, А.ВЛуначарский, ТА.Семашко, В.А.Сухомлинскийлер дәлелдеп береді.


2.3 Қазақстан республикасының экономикалық және әлеуметтік географиясы және дүние жүзі экономикалық география курстарында экологиялық тәрбие беру тәсілдері
Қазіргі қоғам адам тағдырына жаңа көзқарас пен қарап, соған сәйкес оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуды, халықтық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің негізінде ұлттық сана-сезімді қалыптастырып, оқушылардың білім сапасын жетілдіруді талап етуде. Сондықтан қазіргі таңда мектептерде оқушыларға білім мен тәрбие беру ісін халқымыздың озық дәстүрлерімен байланыстырып, ұлттық негізде тәрбиелеуге баса назар аударылып келеді. Ұлттық нәрмен сусындаған ұрпақты адамгершілік, экологиялық, отаншылдық, эстетикалық бағытта тәрбиелеу қажеттілігі айқындалуда.

Ел Президенті Н.Назарбаевтың "Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын суюге тәрбиелеу - мұғалімнің аса маңызды да, қадірменді парызы" деген сөздері жалпы білім беретін мектептердің жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу және әрбір шәкірттің жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау бағытындағы мақсаттарымен сабақтасып жатыр.

Біздің еліміз - Қазақстан Республикасы табиғи қорларға бай ел, олай болса, қазақ жерінің байлығын бағалайтын, табиғаттың аялайтын ұрпақ тәрбиесі мен біліміне көбірек көңіл бөлу қазіргі өмір талабы. Дүние жүзіндегі барлық халыққа деген сүиіспеншілік пен құрмет сезімін, олар атқарып жатқан ұлы істерге белсене араласу үшін туған елге деген патриоттық сезімде тәрбиелеу, табиғатқа ұқыпты қарау сезімін дамытумен тікелей байланысты.

Жалпы білім беретін мектептегі география пәндері бойынша сабақ беру оқытудың әдіс-тәсілдері кунделікті өмірдегі талапқа сай жаңаша болуды қажет етеді. Жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану, әрбір тақырыпқа және әр сынып оқушыларының жас шамасына қарай физиологиялық талапқа сай жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік гео-графиясын оқып-үйрену өз Отанымыздың, өлкеміздің табиғатын, шаруашылығын, халқын, оның экономикалық-экологиялық пробле-маларын терең білу ушін қажет. Бұл экономикалық-экологиялық географияның күрделі мәселелерін дұрыс талдауға, республикамыздың халық; шаруашылығы мен тыныс-тірлігінде болып жатқан экономикалық өзгерістердің мәнін түсінуге, табиғат және еңбек қорын орынды әрі: тиімді пайдаланудың маңызын саналы түрде аңғаруымызға көмектеседі.

Экономикалық және әлеуметтік география ұдайы екі жақты байланыста адам қоғамы мен табиғаттың өзара әрекеттесуін зерттейді, табиғат жағдайлары мен байлықтарына шаруашылық тұрғыдан баға береді. Мәселен, табиғат байлықтары қандай, олар қайда орналасқан, оларды қалай барынша тиімді пайдалануға болады, адамның шаруашылық әрекеттің айналадағы ортаға қандай әсері бар, табиғат жағдайларының жиыны адамға, оның өмірі мен еңбегіне қалай әсер етеді? - деген сияқты сұрақтарға жауап береді.

Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы пәні бойынша жаңа мағлұматтар әр түрлі деректер, статистикалық мәліметтер үнемі қажет. Сондықтан, география сабағында жаңа ақпараттар пайдаланып, интернет жүйесін техникаға сүйене отырып жүргізу, сабақты әр түрлі тәсілдермен түрлендіру қажет. Оқушылар үшін жаңалықтар, жаңа мағлұматтар мұғалімнің әңгімелесуі арқылы ғана емес, өз бетінше жұмыс жасау арқылы да беріледі.

Қазақстанның экономикалық саласында жаңа қолданып жүрген термин сөздерді, жаңа экономикалық ұғымдарды география пәнінде де пайдалану қажет.

Білім берудегі басты міндет - география пәнін оқытуда әдістемелік жұмыстарды қамтамасыз ету, жаңа талапқа сай, шеберлікті арттыру болып табылады. Оқушының қажеттілігі мен қабілетін үздіксіз дамытуда, жаңа технологиялық үлгілерді оқу-тәрбие үдерісіне енгізу, соның ішінде тек оқулықпен ғана шектелмей, техникалық құралдарды, слайдфильм, диафильм, видеофильмді, электрондық оқулықтарды пайдалану жас ұрпақтың нәтижелі білім алуына көмектеседі.

Оқушыларға берілетін барлық оқу-тәрбие жұмыстары сабақ үрдісінде жүзеге асатындықтан, мұғалімнің сабақ барысында алға қоятын негізгі мақсаты - оқушыларға терең де тиянақты білім беру. Сондықтан да мұғалім жан-жақты ізденіп, қазіргі заманғы озық тәжірибелер негізінде сабағын түрлендірсе, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Қазіргі уақытта адамзат экологиялық қиын жағдайда тұр, ал оны дұрыс шешу үшін экологиялық білім мен тәрбиенің маңызы аса зор.

Табиғи ресурстардың толықтай немесе кейбір бөліктердің жоғалуы, табиғи ландшафт өнімділігінің төмендеуі, топырақ, су жүйесінің құрғауы, коршаған ортаның ластануы Қазақстандағы табиғи ортаның жалпы экологиялық жағдайының бұзылуын сипаттайды.

Аралдың апатты жағдайға ұшырауы, т.б. су көздерінің ластануы, энергетика мен ауыл шаруашылығы арасындағы байланыс барлық елдегі эколог-мамандардың біріккен жұмысы үшін перспективалық мәсслелер болып табылады. Мұндай қарым-қатынастар суды сақтау, суды пайдалану және су көздерін қорғау бойынша барлық ұлттык бағдарламалардың бірігуіне әкеледі.

Қазақстанда экологиялық жағдайдың қалыптасуы халықтың денсаулығына әсер етпей қоймайды, экономикалық апатқа әкеледі, сондықтан экологиялық қауіпсіздік - мемлекет аймақтарының стратегиялык міндеттерінің бірі, ерекше атап айтқанда, халықтың тұрмыс жағдайының тұрақтылығы мен қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ету. Экологиялық жағдайдың нашарлау себептерінің бірі халықтың экологиялық білім деңгейінің төмендігі немесе жеткіліксіздігін көрсетеді.

Ең бастысы, экологиялық мәселелер басқару шешімдерін қабылдау кезінде ескерілуі қажет, олай болмаған жағдайда қоғам оның себептерімен емес, ал олардың туындауымен күреседі.

Экологиялық білім берудің тиімді жүйесі - қоғам мен экомомиканың даму тұрақтылығын қамтамасыз ететін құралдардың бірі.

Тұрақты даму ұстанымдарында экологиялық капитал қорларын болашақ ұрпаққа жеткізу мен сақтаудың қарастырылғаны белгілі: топырақтың құнарлығы, таза ауа, белгілі климат, азондық қабат, генетикалық биотүрлер. Әкімшілік басқару және табиғатты пайдалану саласындағы барлық мамандардың экологиялық дайыңдығының санасы маңызды деңгейде анықталуы тиіс.

XXI ғасырдың күн тәртібінде экологиялық білім өзіндік мақсат емес, ол тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қажет, салауатты өмір, құндылықтар, білімді өзгертудің негізгі механизмі ретінде қарастырылады. Басқаша айтқанда, білім адам құқығының негізін қалаушы болып есептелінеді.

Экояогиялық білім беру төмендегідей адам іс-әрекеттерінің дамуына негізделген: — табиғи ресурстарды унемдеу;

— қоршаған ортаның ластануын тоқтату;


— табиғи экожүйені сақтау;

- қабылданған экологиялық этиканы, тәртіп кодекстерін және халықаралық одақ нормаларын сыйлауды меңгеру;

— қаржылық қолдау және қоршаған ортаны қорғауды жүзеге асыруға белсенді түрде қатысу, толық дайындықты қалыптастыру;

ТМД мемлекеттеріндегі біріккен экологиялық саясатты жүзеге асыру және біріккен табиғатты қорғау- әрекеттерін жүргізу.

Сабақтың дамытушылығы: оқушылардың дүние-танымын кеңейту, географиялық қызығушылығы мен ғылымға деген ынтасын, зерттеу, тәжірибе жасау және қорытынды шығара білуге кабілетін дамыту.

Білімділігі пәнаралық байланысты ұштастыра отырып, теориялық білімін дамытып, аралай және нақтылай түсуге, өздері қорытынды жасап талдай білуге баулу.

Тәрбиелілігі табиғатты сүюге, тірі денелерге, қоршаған ортаға ұқыпты қарап, оларға деген сүйіспеншілігін оятып, рухани-адамгершілікке тәрбиелеу және эстетикалық, экологиялык-экономикалык тәрбиені үнемі басшылықта ұстау.

Сабақтың түрі: дала жағдайындағы орындалатын өзіндік жұмыстар. .

Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: шағын қайла, үшкір басты күрек, дәптер, қарындаш, қаламсап, шағын қорапша, жиналмалы метр, сызғыш және целлофан қалталар.

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сынып бөлмесінде түгелдеп, қауіпсіздік ережесімен таныстырып, оқушыларға мектеп ауласында қандай жұмыс жүргізілетіндігі алдын ала таныстырылады. Әрбір құралдармен жұмыс жүргізгенде қауіпсіздік ережесі қатаң сақталуына баса көңіл аударылады. Сонымен бақылау шұнқырларды қалай қазу және топырақты зерттеу үшін оның үлгілерін қалай алу керек.

Жұмысбарысы.

Шұңқыр (шурф) қазбастан бұрын топырағы зерттелген жерді қарап шығу қажет. Егер жердін беті әр қилы болса, мәселен көтеріңкі және ойыс болса немесе оның өсімдік жамылғысы әр түрлі болса, онда сыртқы түрлі жағынан айырмасы бар жерлерде екі-үш шұңқыр қазу керек. Қазылатын шұңқырдын ұзындығы, әдетте, 150 см, ені 70-80 см терендігі ең терең деген жеріне кемінде 100 см болады. Шұңқырдың ұзын қабырғасы солтүстіктен онтүстікке карай жүргізілуі тиіс. Топырағын бақылап, үлгісін алуға белгіленген тар қабырғаларының бірі жарық жақсы түсуі үшін оңтүстікке карағаны жөн. Қазғанда топырағын ұзын жағына тастау керек. Бір қабырғасын саты тәрізді етіп жасау керек. Осы қабырға арқылы шұңқырға түсіп шығу қолайлы болады.

Жұмыс барысы кезінде жер бетінің тар қабырға жағындағы өсімдік жамылғысы басылып, бүлініп қалмау үшін, қадағалау керек. Жұмысты бірнеше оқушы кезектесіп қазғаны дұрыс. Шұнқыр (шурф) даяр болған соң топырақ кесіндісін мұқият қарап шығын, суреттеп сипаттап жазып шығуға кірісеміз. Мұғалім бағыт беріп тұруы тиіс. Мұқият қарап шыққан соң әрбір қабатынын қалындықтарын өлшеп, жазады. Оны мұғалімнін нұсқауымен шартты түрде белгілеп отырады.



1   2   3   4


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет