«мәдениеттану пәнінен» «0103000 Дене тәрбиесі және спорт»


Пайдаланатын әдебиеттер тізімі



бет2/8
Дата02.12.2019
өлшемі1.47 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Пайдаланатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

1.Ғабитов Т.Х.,Муталипов Ж.М.,Құлсариева А.Т..Мәдениеттану.-Алматы:2005.

2.Алтаев Ж.Философия және мәдениеттану.-А:2000

3.Маданов Х.М.Қазақ мәдениетінің тарихы.-А:1998



Қосымша:

1.Абай.Шығармалар.А,1995

2.Ғабитов Т.Мәдениеттануға кіріспе.-А,1996.

3.Ғабитов Т.Қазақ мәдениетінің сөздігі.-А


Дәріс кешені

І Бөлім . Мәдениет ғылым есебінде: мәні,ерекшеліктері

Тақырып 1. Мәдениеттану ғылым ретінде. Мәдениеттанудың мақсат-міндеттері

Жоспар:

1Мәдениеттау ғылымы

2Мәдениет ұғымының тарихи қалыптасуы

3Қазіргі заманғы ғылымдар жүйесінде мәдениеттанудың алатын орны

Мәдениет (латын. Cultura - өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) – табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшелігі, оның адамның іс-әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен «мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз алды, адам жасағанның бәрін де «мәдениет» деп атады. Осы ұғымда мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі көрсетілді. Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат». 
Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс. 
Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады. 
Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, таптардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес пайда болып, қалыптасады. Мысалы: аң аулау, еңбек құралдарын жасау, от жағу, тамақ пісіру, киіну, жарасымды өмір сүру, екінші біреуге ұнау, ортамен қатынаста болу, т.б.
  Бұл талап-тілектер қоғамдық прогреске, өрлеуге тікелей байланыста. әр қоғамдық кезеңде жаңа талап, тілектер пайда болады, өндіріс құралдары дамиды. Мәселен, бір кездерде жазба әдебиеті болмады соның нәтижесінде фольклор қалыптасты, кейінірек те білімнің қалыптасып, жазудың шығуы жаңа талап қойды. Бүкіл құндылықты, мифті жазып қалдыру талабы пайда болды. Информатика дамыды, оларды микрофон, магнитофон, компьютерге түсіру арқылы мәңгі ету қажеттігі туды. Сөйтіп, мәдениет әлеуметтік құрылымдардың, жеке адамның тілегіне, талабына сәкес қалыптасты. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды. 
 Мәдениет - әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты.

Адам, оның қызметімен өзара қатынасы бар жерде мәдениет бар. Бірақ материалдық және рухани мәдениетті бір-бірінен ажырата білу қажет.


 Мәдениет материалдық және рухани: бірі-материалдық өндірістің, екіншісі-рухани өндірістің өнімі деп қаралады. Себебі материалдық және рухани мәдениеттің өнімдері – еңбек құралдары және көркем шиғырмалар әр түрлі мақсатта пайдаланылады. Олай болса материалдық және рухани мәдениеттің қызметтік ерекшеліктері бар екен. Сонымен қатар бұл екеуі – материалдық және рухани мәдениет тұтастыққа ие. Материалдық мәдениетті мәдениетке айналдырған адамның идеясы мен білімі, ал рухани мәдениеттің өнімі  материалдық нысанда болады, соның нәтижемінде ол объектіге айналуы мүмкін және қоғамдық өмірдің факторы болып қалады. Сондықтан мәдениетті материалдық және рухани демей-ақ, тұтас бірлікте алып қарауға да болады. Мәселе бұларды ажыратуда емес, бүкіл қоғамның дамуына сәйкес, органикалық бірлігін мойындауда.
 Өміршең мәдениет қоғамдық адамнан ажыратылмайды, адам – мәдениет субъектісі. Оның адамдық сапасы тілді игерудің нәтижесі, қоғамдық өмір сүретін құндылықтарға, әдет-ғұрыпқа ену, осы мәдениетке тән іс-әрекеттің дағдысын бойына сіңіруі. Мәдениет – адамдықтың өлшемі, ол адамның қоғамдық мән есебінде дамуын сипаттайды. Сондықтан мәдениет адаммен тікелей қатынаста өмір сүреді. Ол қатынастың мәні мынада, адам бұрыннан жасалып келген мәдениетті бойына сіңіреді, қабылдайды, өзінің болашақ қызметінің алғышартына айналдырады. Сөйтіп өз білімін, икемін, қабілетін дамыта отырып, өзінің мәдениетті, адамдық мәнін жасайды. Материалдық мәдениетсіз рухани мәдениет қалыптаспайды. Мысалы, радио, теледидар, компьютер, түрлі ғимараттар, мұражайлар сияқты түрлі материалдық игіліктер арқылы рухани мәдениет таралды. Би, ән айту, жыр жырлау құралсыз іске асырылмайды. Ел мәдениеті неге байланысты? Олар театрларға, басқа да мәдени ошақтарға, сән-салтанатты, барлық жағдайы бар демалыс орындарына, т.б. байланысты. Оларды игілікке пайдалана білу де мәдениеттің бір саласы. 

Бақылау сұрақтары.

1. Өркениет дегеніміз не?


2. Мәдениет пен Өркениет ұғымдарының айырмашылығы мен жақындығы неде?
3. Орыстың ұлы философы Н.А.Бердяев мәдениетпен өркениет мәселелерінің байланысы туралы қандай пікір айтқан?

2 тақырып

Мәдениет түсінігі.



Жоспар:

1. Мәдениеттану – мәдениет туралы ғылым

2. Мәдениет ұғымы

3. Мәдениет типологиясы


Мәдениеттану ғылым ретінде «культорология» атауымен Еуропада қалыптасқан. Бұл сөздің өзі екі: латын және грек тілдеріндегі екі сөзден құралған. «Культура» сөзі латын тілінде жер айдау, топырақ өңдеу дегенді білдіреді. Ал «логос» сөзі грек тілінен алынған. Ол көп мағыналы: «ғылым», «ілім», «теория» деген ұғымдарды береді. Демек, культорология – мәдениет туралы ілім, теория, ғылым. Мәдениеттану ғылымының қалыптасуында мәдениеттің табиғаты мен мәнін түсіне білу маңызды орын алды. Мәдениет ұғымының даму тарихы мәдениет туралы жан – жақты тұжырымдаманы: марксизмнің еңбек құралы тұжырымдамасын; Н.Я.Данилевскийдің мәдени тарихи тип тұжырымдамасын; мәдениеттің ойын ретіндегі теориясы және басқа тұжырымдамаларын өмірге келтірді. XIX – XX ғасырлар бойында мәдениетті зерттеуде антропологиялық бағыт қалыптасты, онда адам мен мәдениеттің қарым қатынасы басты назарға алынды. Мәдениеттанушылар оның дамуындағы жеті кезеңді бөліп көрсетеді:

Этнографиялық кезеңде (1800-1860) жазуға дейінгі кезеңнің этностық қауымдастықтары зерттелді.

Эволюциялық кезеңде (1860-1890 жылдар ортасы) Э.Б.Тайлор еңбектері басшылыққа алынды.

Тарихи кезең (1890-1920) эмпириялық сипаттама енгізген Ф.Боастың қызметіне байланысты.

Психологиялық кезеңде (1920-1950) М.Мид, Р.Бенедикт сияқты ғалымдар мәдени орта жағдайындағы жеке тұлға мінез құлқын зерттеді.

Құрылымдық функционалдық кезеңге (1930-1950) мәдениеттің әр бөлігі өзінше қызмет атқаратын біртұтас нәрсе деп қарауға ұмтылыс тән болды.

Жаңа эволюциялық кезең (1950-1980) классикалық эволюционизмнің негізгі идеяларын өңдеген түрде қайта тудырды.

Постструктурализмнің ерекщелігі (1980 жылдан бері) анықталмаған, тұрақсыз мәдени құбылыстарға көңіл бөлу болды.

Мәдениет - философия, әлеуметтану, антропология, этнография, т.б. ғалымдардың басты назарында тұрады. Ғалымдардың анықтауынша, мәдениеттің анықтамалары көп. Мәдениеттің - екінші табиғат ретіндегі анықтамаларының бірінде мәдениеттің табиғат қойнауынан өсіп шығатыны, бірақ оған қарсы тұратындығы айтылады. «Мәдениет - қарсы табиғат», - латынша бұл осылай айтылады. Мәдениет ұғымы көбінесе білімділік, білім тарату ұғымымен салыстырылады. Мәдениеттің екі: материалдық және рухани жағы бар. Мәдениеттің бұл екі көрінісі өзара байланысты.Мәдениеттанушылар мен әлеуметтанушылар мәдениетті типтерге бөледі. Мәдениеттер типологиясын А.И.Кравченко өзінің «Культорология» оқулығында барынша толық қарастырған. Ол типология құрылымының принциптері мен өлшемдері жайлы айтады. Мәдениетті жіктеу өлшемдері әр түрлі болуы мүмкін. Мәдениеттер типтері – жеке – жеке құрылымдар, тұтастықтың бөлімі емес. Кез келген ұлттық немесе этностық мәдениетті мәдени типіне жатқызуға болады. Мысалы, қазақ, орыс, қытай, неміс, мәдениет типтері. Сондай-ақ шаруашылық жағдайына қарай мәдениет типтеріне бөліп көрсетуге болады: аңшылар мен терімшілер мәдениеті, бақшашылар мен фермерлер мәдениеті; малшылар мәдениеті; егіншілер мәдениеті; өнеркәсіп мәдениеті.

Мәдениеттер тілдесуі – мәдениеттер қақтығысы кезінде ортақ тіл табысу. Мәдениеттерді бір біріне қарсы қоюда ең кеңінен тарағаны Батыс пен Шығыс мәдениеттерін бір- біріне қарсы қою.



Еуропоцентризм теориясына сенсек, мәдениет тек Еуропада бастау алған.

Панафриканизм немесе афроцентризм негрлер мәдениетін асқақтатпақ болады.

Шығысцентризм Шығыс, мысалы, Үндістан, мәдениетін ардақтап, оның діні мен философиясына басқа коңіл бөледі. 2003 жылы қыркүйек айының соңында ҚР Президентінің төрағалық етуімен Астанада Әлемдік және дәстурлі діндер жетекшілерінің бірінші съезі өтті. Н.Ә.Назарбаев өркениеттер, конфессиялар, елдер және халықтар арасында тілдесулер орнатуға шақырды.Өкінішке орай, грек қоғамының даму барысында, әсіресе эллинизм дәуірінде, көне полистердің өз тәуелсіздіктерін жоғалтуына байланысты грек «пайдейясының» идеалдары бұзыла бастады.

Әлеуметтік тұрақсыздық пен бей-берекет саяси уақиғалардың салдарынан мәдениетке нұқсан келді. Білім берудің және тағы да басқа мәдени құндылықтардың дәрежесі түсіп кетті. Бірақ қоғамдағы мұндай өзгерістерге қиындық пен тоқырауларға қарамастан мәдениет өз дамуын тоқтатқан жоқ. Христиандық сана негізінде дамыған ортағасырлық мәдениет пұтқа табынушылықты жоққа шығара отырып, көне мәдениеттің негізгі табыстарын сол қалпында сақтай білді. Ортағасырлық мәдениет политеизмге монотеимзді, натурализмге — руханилықты, геодонизмге (сүйсініп — рақаттану табынушылығы) аскеттік идеалды, дүниені бақылау және логика арқылы тануға Библияға сүйенген және оны шіркеудің белгілі қайраткерлері арқылы түсіндірілетін — кітаби білімді қарама-қарсы қойды.


Бақылау сұрақтары:
1. Мәдениеттану туралы түсінігіңіз қалай ?

2 Мәдениеттік қатынастардың мағынасына сипаттама беріңіз.

3. Мәдениет типологиялары қандай?

4. Мәдениеттер тілдесуі қала жүргізіледі?

5. Мәдениет тану ғылымы туралы не білесіз?

ІІ Бөлім. Әлемдік мәдениеттер мен өркениеттер.

3 тақырып

Мәдениеттің қалыптасуы. Архаикалық мәдениет – адамзат мәдениетінің бастамасы

Жоспар:

1. Алғашқы қауым мәдениеті және оның сипаттамалары

2. Миф – мәдениеттің бір түрі

3. Алғашқы діндер


Алғашқы қауым мәдениеті және оның сипаттамалары. Алғашқы қауымдық құрылыс жүз мың жылдарға созылды. Ең алғашқы еңбек құралдары бұдан 2,5 млн. Жыл бұрын пайда болды. XIX ғасырда белгілі болғандай, алғашқы қауымдық құрылыс бірнеше кезеңнен: тас, мыс, қола және темір дәуірлерінен тұрған. Адамдар алғаш рет жер өңдеу, аң аулау, мал өсірумен айналысты. Соңғы ғылыми деректерге қарағанда, қазіргі адам кейпі бұдан 140–145 мың жылдай бұрын қалыптасқан.Алғашқы адамдардың өмір сүрген мерзімі қазып алынған сүйектерді 1947 америкалық химик Уиллард Либби ойлап тапқан радиокөміртектік әдісті қолдану арқылы зерттеу негізінде анықталады. Радиокөміртектік әдіс неандертальдықтар қазіргі адамдардың ата-бабасы емес екендігін көрсетті. Алғашқы қауымдық мәдениеттің белгілері мынадай болды: дайын өнімдерді дайындау емес, иелену; еңбек құралдарының жетілмегендігі; адамдардың бірігіп еңбектенуі;алғашқы қауымдық комунизм.Алғашқы қауымдықьқұрылыс өте баяу дамыды. Сонда да болса,тапсыз қоғамнан таптық қоғамға,тең құқықтық қоғамнан – байлар мен кедейлерге бөліну, рулық қатынастан құл иеленушілікке өту ақырында жүзеге асып жатты.

Миф – мәдениеттің бір түрі. Грек тіліндегі «миф» сөзі – «аңыз», «ертегі» мағынасын береді.миф те мәдениеттің бір түрі болып табылады. Мифтен біз халықтардың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы,наным-сенімдері жайлы біле аламыз. Миф дінмен тығыз байланысты. Олар ертегі емес, өйткені жұрт оларға дінге сенгендей сенеді. Мифті адамдар өзін қоршаған әлемді түсіну үшін ойлап шығарады. Олар – адамдардың әлемге қызығушылығының көрінісі. Миф адамдардың алғашқы діни және философиялық сұрақтарына жауап ретінде туады. Мифтерде мистика және магия орын алады.Қоғамның алғашқы дамуы кезіңдерінде мифтер жан –жақты сипатта болды. Оларда қоршаған ортаны түсінуге тырысу әрі оған табыну ұғымы болды. Мифтер алғашқы дін түрлерін қамтыды. Алайда дінде дамып, күрделілене түсті де, мифтерден бөлініп шығып, жеке өрістед.Қоғамдық қатынастар жетілген сайын көптеген мифтер ескіре ертегіге айналды. Кейде қазір де ойдан шығарылған, адастыру немо түріндегі мифтер пайда болады. Мысалы, демократия қоғамда адамдарға тең мүмкіндітер беретіні туралы мифті айтуға болады.

Алғашқы діндер. Алғашқы діндерді зерттеуге көптеген ғалымдар: ағылшын этнографы Э.Б.Тайлор (1832-1917), ағылшындық дінтанушы және этнол Джеймс Фрэзер (1854-1941), француздық этнограф және психолог Люсьен Леви-Брюль (1857-1939), т.б. бой ұрды. Кейінгі және дамыған діндерде жан ұғымы өзгеріске ұшырады. Христиандық пен исламда тек адамда ғана жан бар деп есептеледі. Алғашқы адамдарда қоршаған дүниенің бәрінің жаны болады, құпия күштер бар деп білді. Ол бұл күштердің өзіне көмектескенін, жаулардан қорғағанын қалады. Заттарға табыну, өзін қорғайтынына сену пұтқақұлдық деп аталады. Аурудан, сиқыршылықтан амулет қорғайды, талисман бақыт пен табыс акеледі деген сенім болды. Қазіргі заманғы сөзддіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген: а) мәдениет – белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; ә) мәдениет – адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті,критмикен мәдениеті, қазақ мәдениетіжәне т.б.); б) мәдениет – адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті және т.б.); в) мәдениет — агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениеті және т.б.). Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолын өтті.

Алғашқы қауымдық мәдениет — тарихи-мәдени типология бойынша адамзат мәдениетінің алғашқы сатысы. Антропология ілімінде кейінгі палеолит дәуірінде (30 — 40 мың жыл бұрын) «нағыз адам» пайда болуымен, кару-жарақтар мен карапайым еңбек күралдарын қолдана бастауымен және экзагамияның нәтижесінде отбасы және рулық қауымның калыптасуымен, діннің, өнердің, рәміздік салт-дәстүрдің алғашқы нышандары өріс алуымен түсіндіріледі. Ауызекі тіл карымқатынастық, сабақтастық функцияларын атқара бастайды.

Осының негізінде мифтік сана пайда болды. Алғашқы қауымдық мәдениет адамдық қарым-қатынастарды реттеудің дәстүрлік жүйесін қалыптастырады. Еңбектің коғамдық жолмен бөлінуі, магиялық, тотемдік, аниматикалық, фетишистік сенім-нанымдардың алдымен политеистік, кейін монотеистік діндерге ауысуы, жазбаша тілдің, қалалардың, колөнердің пайда болуы

Алғашқы қауымдық мәдениеттен ежелгі өркениеттерге өту мүмкіндігін туғызды. Алғашқы қауымдық мәдениет қазіргі өркениетті халықтардың «архетиптік жадында» сақталып қалған. Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолын өтті. Алғашқы қауымдық құрылыс адам баласының өсіп дамуындағы, адамдық жолға түсе бастауының ең алғашқы кезеңі болды және оның жүздеген мыңжылдықтарға созылғаны ақиқат. Оған басты дәлел ретінде адамдардың ең алғаш еңбек құралдарының пайда болғанына 2,5 млн. Жылға жуық уақыт өткендігін айтсақ та жеткілікті.

Дүние жүзінде жүргізіліп жатқан археологиялық жұмыстардың нәтижесінде алғашқы адамдардың қоныстары ашылып, олардың тастан жасалған құрал-саймандары көптеп табылуда. Олай болса, археология ғылымының ғылыми зерттеулерінің дәл осы тас құралдардан басталуы да тегіннен-тегін емес сияқты. Ғалымдардың пікірінше, алғашқы қауымдық құрылыс үш дәуірге бөлінеді. Олар: тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуірі. Тас дәуірінің өзі дүниежүзілік гылымда бірнеше кезеңдерге бөлінеді.

Бақылау сұрақтары:
Архаикалық мәдениет туралы түсінігіңіз қалай?

Алғашқы қауым мәдениеті және оның сипаттамалары туралы не білесіз?

Миф туралы түсінігіңіз?

Алғашқы діндер туралы не білесіз?

Алғашқы діндерді зерттеуші ғылымдарды атаңыз?
4 тақырып

Ежелгі Шығыс мәдениеті.

Жоспар:

Ежелгі Үнді мәдениеті

Ежелгі Қытай және Жапония мәдениеті

Ежелгі Месопотамия және Иран мәдениеті


Ежелгі үнді мәдениеті. Үндістан - адамзат баласының ең көне мәдени ошақтарының бірі. Баға жетпес мәдени қазынаның иесі осы бір дарынды халықтьщ мәдени мұраларын басқа халықтардың мәдени жетістіктерімен ауыстырып алуға болмайтындығын ерекше атап өткіміз келеді. Талай шапқыншылықты басынан өткізсе де өздерінің ешуақытта да басқыншылыққа бармауы, бұл ұлы халықтың ұлттық ерекше қасиеті де болар. Ал осы бір ұлттық ерекшелік -үнді халқының мәдени дамуына өз ықпалын тигізбеуі тіпті мүмкін де емес сияқты. Бірақ, өкінішке орай, ежелгі үнді мәдениеті жайындағы толық мағлұматтарды тек соңғы кездерде ғана ала алдық.

Бірінші мыңжылдықта индуизм дамуының бастауында - брахманизм тұрды. Дін ендігі жерде қоғамдық теңсіздікті ақтау үшін қолданыла бастады, сөйтіп «Құдайлар иерархиясы» қалыптасты. Олардың ішіндегі ең мәртебелілері - Брахма (әлемді жаратушы), Вишна (оны сақтаушы) және Шиба (оны талқандаушы) құдайлары болды. Бұл діни ілімнің негізінде - адамдардың қайғы-қасіретін елемеу, олардың бақытсыздығына мән бермеу сияқты мағыналар жатыр[ Абыздар (брахмандар) қабырғасы қайысып еңбек етуді, байларды күндемеуді, бағыныштылықты және т.б. уағыздады.

Б.з.6. VI ғ. Буддизм діні - дамыған құлдық қоғамның идеологиясына айнала бастады. Онын Үнді жерінде ең шарықтаған кезеңі - б.з.б. V ғ. мен б. заманымыздың бір мыңыншы жылдығының басы болды. Буддизмведалық дін мен брахманизммен тығыз байланыста дамыды.Дәл осы кезеңце буддизммен қатар діннің екінші саласы - «джайнизм» қалыптаса бастады. Оның діни - философиялық трактаттары - «сутраларда» - сансарының ықпалынан босану жайындағы ілім жатыр. Бұл мақсатқа жету үшін джайнизмнің үш қағидасын орындау қажет. Олар: дұрыс білім , дұрыс коре білу және дұрыс мінез-қүлық.|

Б.з.б. бір мыңжылдықтың аяғында ведалық діннің, брахманизмнің дамуы нәтижесінде және халықтың нанымсенімдерінің тығыз араласу процесі арқасында - «индуизм» діні пайда болды Халықтың басым көпшілігінің «тарапынан қолдау тапқан бұл діни ағымның негізінде жанның қайта түрленуі жөніндегі ілім жатыр. Бұл процесс адамның ізгілік немесе қатыгездік іс-әрекетіне баға беру заңдылығына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл дін бойынша құдайларға құлшылық ету және тұрмыстық-касталық ережелерді қатаң сақтау қажет. Бұл дінге табынушылар Ганг өзенін, сиырды және т.б. қасиеті деп санады. Демек көне Үндістанның материалдық, рухани және көркемдік мәдениеті - дүниежүзілік өркениетте өзінің лайықты да, қастерлі орнын ала білді.



Көне Қытайдың мәдениеті. Жер бетіндегі алғашқы мемлекеттердің бірі - ежелгі Қытай елінің тұрғындары - ерекше материалдық және рухани мәдениетті жасаушылар болды. Олар өмірді - құдайдың табиғаттан тыс күштерінің сыйы екендігіне кәміл сеніп, дүниедегінің бәрі де ұдайы қозғалыста болады және жарық пен қараңғылық атты бір-біріне қарама-қарсы екі космостық күштердің өзара қақтығысының нәтижесінде әлем ұдайы өзгерістерге ұшырап отырады деп санады. Көне заманда қытайлықтар жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты табиғат күштеріне, яғни жердің, күннің, айдың, таулардың, өзендердің, желдің, жаңбырдың және т.б. рухына табынды және олардың құрметіне құрбандықтар шала отырып, халықтың қажеттілігіне байланысты игі өтініштер жасады. Солардың ішінде барлық рухтар мен о дүниедегі адамдардың жандарын өз ырқында ұстайтын «жоғарғы құдай» ерек­ше бағаланды. Біз II—III ғ. Неодаосизм деп аталатын екінші бір ағым қалыптасты. Неодаосизмнің бұған дейінгі діни ілімдерден басты айырмашылығы - бұл ілім әлеуметтік-мемлекеттік өмірдегі қалыптасқан жағдайларға икемделіп жасалды және мемлекеттік істерге қатысудан бас тар­туды талап етпеді. Керісінше, «жаңартылған даосизмде» Кон­фуций ұлы уағызгер және ұлағатты өмір ұстазы ретіңде аса жоғары бағаланды. Бірақ осы бір өзгешелігіне қарамастан даосизмнің бұрынғы рухы сақталынды және соның негізінде «жол мен тасқын» деп аталатын көркемдік стиль туындады. Жоғарыда көрсеткеніміздей, діни даосизм осы уақытқа дейін сақталып қалса, ал неодасизм қойнауында туындаған «жол мен тасқын» стилі қытай мәдениетінің ажырамас бөлігіне арналған.

Б.з. дейінгі IV-III мыңжылдықта Қос өзен территориясы – Тигр және Ефрат өзендерінің аңғарында Египтеттегі мәдениеттегідей жоғары мәдениет пайда болып, орнықты. Алайда мыңжылдықтар бойы бір ғана мемлекет – Ежелгі Египет қана болған Ніл аңғарынан ерекшелігі Қос өзенде (Месопотамияда) бір-бірін әр түрлі мемлекеттер ауыстырып отырды, оның ішінде Шумер, Аккад, Вавилония, Ассирия, Иран. Қос өзен тарихы мен мәдениеті Египеттегіге қарағанда динамикалы болды.

Қос өзеннің ежелгі мәдениеті – шумер-аккадтық. Шумерлер вавилон мәдениетінің рубасылары болды. Олар тарихта бірінші рет «Алтын ғасыр туралы» поэма шығарды, бірінші элегиялар жазды, бірінші кітапханалық каталог құрастырды, олар бірінші медициналық кітаптардың авторлары болды, егіншінің бірінші күнтізбесін жазды және т.б.

Бұл халыққа дүниедегі алғашқы жазу – шумер сына жазуы жатады, бұл белгілері сына тәрізді сызықшалар топтарынан тұратын белгілер жазуы, олар ылғалды сазға басылып жазылды.

Шумер-аккад өркениетінің мұрагері Вавилония болды. Б.з. дейінгі ІІ мыңжылдық ортасында Хаммурапи патша кезінде (б.з. дейінгі 1792-1750 ж.ж. ережелері) Вавилон қаласы өз маңында Шумер мен Аккадтың барлық облыстарын біріктірді. Хаммурапи кезінде екі метрлік тас бағанаға сына жазумен жазылған белгілі заңдар жиынтығы пайда болды. Бұл заңдарда Қос өзеннің ежелгі тұрғындарының шаруашылық өмірі, тұрмысы, әдет-ғұрыптары мен дүниетанымы бейнеленді, олардың мүдделері нақты шындыққа көңіл аударып, маңындағы тайпалармен үнемі күресу қажеттігімен анықталды.Ежелгі қытайлықтардың техникалық жаңалықтар ашуға қосқан үлестері де бір төбе. Мысалы, олар б.з.б. үшінші ғасырда компастың алғашқы түрі -магниттік аспапты тұңғыш рет ойлап тапса, ал біздің заманымыздың алғашқы кезендерінде - су диірменін, суды жердің бетіне ағызатын машина сорғышты, дүние жүзіндегі алғаш сейсмографты ойлап тапқан. Қорыта келгенде айтарымыз, ұлы Қытай халқы-мәдениет пен өнердің қай саласында болса да қомақты табыстарға жетіп, дүние жүзілік өркениетке өзіндік үлестерін қоса білген дарынды да, еңбекқор халық болды.

XIX ғ. соңғы ширегінде Тигр және Ефрат (Қос өзен) өзендерінің бойында жүргізілген археологиялық қазба жүмыстарының нәтижесінде ежелгі ескі қалалардың орны ашылып, әлемге «Шумер өркениеті» деген жаңа мәдениет белгілі болды. Адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған мол мәдени мұраларына қомақты үлес қосқан, дүниежүзілік өркениеттің тағы бір бастауына айналған бұл жаңа мәдениеттің аты аңызға айналды, адамзат қауымының «фәлсафалық мәйегі», ілгерілеу мен дамудың қайнар бұлағы деп дәріптелді.

Жер бетінде алғаш өркениетті қауым, іргелі мемлекет құрған шумерлердің мәдениеті дүниежүзілік мөдени ошақтардың бірі Египет мәдениетіңдей өте жоғары болды. Бірақ Ніл аңғарында үш мың жыл бойы бір-ақ халық қоныстанып, бір-ақ қана мем­лекет Ежелгі Египет қоныстанса, ал Қос езен бойында Шумер, Аккад, Вавилон, Ассирия, Иран сияқты түрлі мемлекеттік қүрылымдар тарих сахнасында бірінен кейін бірі алмасып тұрды, түрлі халықтар өзара сауда-саттық жасаумен қатар, озара әскери қақтығыстарға да жиі барып тұрды, соның салдарынан қалалар мен әсем ғимараттар күл-талқан болып қирады да.Оған дәлел, Қос өзеннің ең көне мәдениеті Шумер-аккад мәдениеті. В.В. Струве, В.И. Авуев, В.А. Тураев, Б.И. Грозный сияқты аса көрнекті шығыстанушы ғалымдардың пікірінше, шумерлер бүкіл Вавилон медениетінің негізін қалаушылар болып саналады. Ал шумерліктердің өздері, олардың ата-бабаларын Қос өзен өңіріне сонау таудың ар жағынан, солтүстіктен, яғни солтүстік-шыгыстан келген.

Ғалымдардың айтуынша, бұл келгендер «тау тұрғындары», «малшы көшпелілер» болып есептелсе керек. Шумердің 3100— 2800 жылдардагы халқы туралы белгілі ғалым Л. Вулли: «Дәл осы кезеңде бұлардың халқының басым көпшілігі келімсектерден құрылғаны анық. Әр түрлі себептермен келген олар бұл елдегі халықтардың игере алмай отырған биік мәдениетін өркендетуге белгілі дәрежеде әсер еткен болса ке­рек», — деп жазады.

Дүние жүзіндегі алғашқы жазуды ойлап табу да осы дарын­ды халықтың үлесіне тиген. Шумерлер сына жазуын ойлап табумен қатар, оның жетілген оқулықтарын, грамматикасын жасады. Шумер елінде мектептер мәдениет пен білім ошағына ай­налды. Бір таңқаларлық жағдай дінтану оқу бағдарламаларына енгізілмеген. Шумер мифтері сына жазумен жазылған.Олардың оқылуы жолында көп жұмыс атқарған адам америкалық ғалым С.Н.Крамер болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет