«мәдениеттану пәнінен» «0103000 Дене тәрбиесі және спорт»



бет4/8
Дата02.12.2019
өлшемі1.47 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Бақылау сұрақтары?

1.Қазақстандағы маңызды ескерткіштерді атаңыз.

2.Қожа Ахмет Иасауиге арнап  кесене тұрғызуды қолға алған кім?

3.Айша бибі кесенесі  қайда орналасқан?



9 тақырып

Қайта құру уақытындағы еуропа және Жаңа заман мәдениеті.

Жоспар:

1. Ағарту дәуірі мәдениеті

2. Ағарту дәуірінің қазіргі мәдениетке ауысуы

3. Әдебиет қоғамдық ой-пікір пен қайта өрлеу.


Ағарту дәуірі мәдениеттің жаңа типіне көшуді аяқтады. Жаңа мәдениет Жарық көзін Сенімде емес, Ақыл-парасатта деп білді (француз тілінде «ағарту» сөзі жарық деген мағынада «lumiere»). Әлем мен дүние туралы білімді экспериментке сүйенетін ғылымдар, философия мен реалистік бағытталған өнер беру керек болатын.

XVIII ғ. адамдары өз уақытын ақыл-парасат пен ағарту жүз жылдығы деп атады. Шіркеу авторитеттерін және күші құдіретті салттарды дәріптейтін орта ғасырлық түсініктер сынға ұшырады. XVIII ғ. сенімге емес, ақыл-парасатқа негізделген білімге ұмтылыс тұтас ұрпақты қамтыды. Талқылауға жататын барлық заттар, ақыл-парасат құралдарымен айқындалу қажет нәрселер XVIII ғ. адамдарының өзгеше қасиеті болып саналады.

Ағарту дәуірінде қазіргі мәдениетке ауысу аяқталды. Өмір сүру мен ойлаудың жаңа бейнесі қалыптасты, яғни мәдениеттің жаңа типінің көркем сана-сезімі өзгерді. «Ағарту» атауы діни немесе саяси авторитеттерге негізделген орныққан пікірді өзгерту мақсатында мәдени және рухани өмір саласында осы ағымның жалпы рухын жақсы сипаттайды.

Ағарту білімсіздікті, наным, ырымшылдықты адамзат апаты мен қоғамдық зұлымдықтардың басты себебі, ал білімді, философиялық және ғылыми қызметті, ойлау еркіндігін мәдени және әлеуметтік прогресс жолы деп білді.

Қоғамдық теңдік және жеке басының бостандығы идеясын үшінші сословие қолдады, осы сословиеден көптеген гуманистер шықты. Орташа сословие дәулетті буржуазия мен либеральды мамандық адамдарынан құралды, олардың капиталы, кәсіби және ғылыми білімі, жалпы идеялары, рухани ұмтылысы болды. Үшінші сословиенің дүниетанымы ағарту қозғалысында айқын білінді., ол мазмұны жағынан антифеодалдық, рухы бойынша революциялық болды.

Эстетикалық санада да радикалды өзгерістер болып жатты. XVII ғ. негізгі шығармашылық принциптер – классицизм мен барокко Ағарту дәуірінде жаңа қасиеттерге ие болды, өйткені XVIII ғ. өнері нақты дүниені бейнелеуге көңіл аударды. Суретшілер, мүсіншілер, жазушылар оны картиналар мен мүсіндерде, повестер мен романдарда, пьесалар мен спектакльдерде жаңғыртты. Өнердің реалистік бағыты жаңа шығармашылық әдісті жасауға негіз болды.

Барлық ағартушылық философияның негізін қалаушы, философ-материалист, либерализм доктринасын жасаушы, психолог және педагог Джон Локк (1632-1704 ж.ж.) болды, ол Отанындағы діни және саяси қозғалыс ықпалында өскендіктен, XVII ғ. екінші жартысында педагогиканы жеке тұлғаны зерттейтін ғылым ретінде ала отырып, сана-сезім психологиясы ілімінің негізінде таным теориясын құрды. Ол бірінші болып адамның табиғи құқы негізінде сөзсіз жеке бостандық идеясын тұжырымдады.

Ғасырдың ұлы идеясы әдебиет арқылы көпшілік көңілін баурап алды. Ағарту әдебиеті жаңа оқушының пайда болуына әкелді, бұл оның өз бетімен білім алуға құштарлығын арттырды. Ағарту жазушылары өздерін философтар деп атады. Жазушы-философтың шығармалары бірнеше данада қайтадан басылып шықты.

Әдебиет қоғамдық ой-пікірге сүйенді, ол ой-пікір үйірмелер мен салондарда қалыптасты. Сарай жалғыз орталық болудан қалды. Париждің философиялық салондары сәнге енді, онда Вольтер, Дидро, Руссо, Гельвеций, Юм, Смит болды. Оқыған білімді қоғам ағартушылардың жаңадан басылып шыққан шығармаларын құмартып оқыды. 1717 жылдан 1724 жылға дейін Вольтердің жарты миллион томы және Руссоның шамамен миллион томы басылып шықты.

Вольтер, шын аты Франсуа Мари Аруэ (1694-1778 ж.ж.) барлық Европаның ағартушыларының көсемі болды. Оның шығармашылығында ғасырдың қоғамдық ойы толық және айқын бейнеленді. Барлық рационалистік қозғалыс көбінесе Вольтердің қызметімен теңестіріледі және вольтерлік деп жалпы атпен аталады.

Ағартудағы демократиялық бағыт ең радикальды ағартушы Жан-Жак Руссоның (1712-1778 ж.ж.) есімімен «русоизм» деп аталады. Ол Француз революциясын рухани дайындаушы болды. Руссо әлеуметтік теңсіздік себебін жеке меншікте деп білді («Теңсіздіктің басы және негіздері туралы ойлар»). Ол республикалық демократиялық тәртіптерді қорғады, халықтың монархияны тақтан түсіру құқығын дәлелдеді. Оның қоғамдық-саяси трактаттары якобиндіктердің қызметінің негізін құрады.

Руссо адамның табиғи дамуына бөгет жасайтын нәрселердің бәрі тәрбиенің көмегімен жойылу керек деп есептелді. Ізгілік пен демократизмге толы педагогикалық көзқарастар оның атақты «Эмиль, немесе тәрбие туралы» роман-трактатында жазылған. Руссоның шығармалары Европа әдебиетінде психологизмнің қалыптасуына мүмкіндік жасады. Оның «Юлия, немесе Жаңа Элоиза» және «Сыр» атты хат түріндегі романы барлық Европада оқыған адамдардың көптеген ұрпақтары үшін қолдан түсірмейтін кітабы болды.

Ғасырдың ірі оқиғасы «Ұлы Энциклопедияны» жарыққа шығару болды. Ол ағартушылардың бөлек-бөлек жатқан білімдерін бір жерге жинады. Бұл іске Ағарту идеясының жүздеген түсіндіріп таратушылары мен насихаттаушылары қатысты. Энциклопедия өз маңына ақылды, данышпан адамдарды жинады. Кәсіпорынның редакторы және жаны ағартушылардың демократиялық бағытының өкілі Дени Дидро (1713-1784 ж.ж.) болды. Ол Түсіндірме сөздікке әр түрлі мазмұндағы мақалалар жазды: философия, саясат, грамматика, риторика, мораль, эстетика, механика бойынша. Оның мыңнан астам мақалалары техника мен технология мәселелеріне арналды. Дидро бірінші болып технологияны қоғамның мәдени дамуына тәуелді етіп қойды. Ол өз мақалаларына жаңа рух- еңбекке құрмет рухын енгізді.

XVIII ғ. 60-шы жылдарынан өнеркәсіптік төңкеріс басталды (мануфактуралық өндірістің машиналық кезеңге көшуі, ірі капиталистік өндірістің материалдық-техникалық негізін құру), қоғамдық өмірдің барлық жақтарына қуатты әсер етті: өнеркәсіп, саясат, идеология, мәдениет. Осы кезеңде бірінші рет ғылым жетістіктерін өндіріске жүйелі қолдану басталды.

Ағартушылардың қызметінде қоғам мен өндірісті ғылыми қорытындылардың негізінде қайта құруға ұмтылу анық көрінеді. Құдайдың бар екендігін ақыл-парасат құралдары – деизмнің көмегімен дәлелдеуге ұмтылу өте әйгілі болды. Діни-шіркеу парыздарын қабыл алмай, деистер құдай болмысын қорғады. Рационалистік дінді қалыптастыруда барлық Европа қатысты: Юм, Бейль, Руссо, Вольтер, Дидро, Лейбниц, Лессинг және басқалар. «Рационалистік дін» ырымшылдықпен күресті, ғасыр ортасында көптеген Европа елдерінің соттары сиқыршылық бойынша кінә тағу істерінен бас тартты.

Қоғамдық ой шабытының жаңа атмосферасы көркем шығармашылықтың түрлері мен жанрларындағы ара қатынастың өзгеруіне әкеп соқты. «Ағартушылық қаруы» - әдебиеттің мәні басқа дәуірлермен салыстырғанда едәуір өсті. Ағартушылар өздерінің публицистикалық қызметінде оқырмандар үшін қысқа өткір тілді брошюралар формасын таңдап алды, олар Вольтердің «Филосоофиялық сөздігі», Дидроның «Сұқбаттары». Бірақ көпшілік оқырман қауымға философиялық идеяларды Руссоның «Эмиль», Монтескьенің «Парсы хаттары», Вольтердің «Кандиді», Дидроның «Жиен Рамо» романдары мен повестері түсіндіру керек болатын.

Ағартушылықтың басты көркем тілі XVII ғасырдан мұраға қалған классицизм болды. Бұл стиль ағартушылық ойлаудың рационалистік табиғатына және оның биік адамгершілік принциптеріне жауап берді. Алайда үшінші сословиенің күнделікті өміріне қызығушылық стильдің қатаң шеңберіне сыймайды.

Ең тамаша құрылыс туралы түсініктер мен армандардың барлық тобы Даниель Дефоның (1660-1731 ж.ж.) атақты «Робинзон Крузо» романында көркем бейнеге ие болды. Ол әр түрлі жанрлардағы 200 жұмыс жазды: өлеңдер, романдар, саяси очерктер, тарихи және этнографиялық туындылар. Робинзон туралы кітап - табиғаттың тәрбиелік және түзету жұмысына беріліп, табиғи күйге қайтып оралған адамның тарихы. Өркениеттен алыста, аралда рухани қайта тууын баяндайтын романның екінші бөлігі белгілі емес.

«Гулливердің саяхаты» атты әйгілі туындының авторы Джонатан Свифт (1667-1745 ж.ж.) дүниеге ұстамды, материалистік позиция жағынан қарайды. Лилипуттардың ойлап тапқан елі ағылшын қоғамының сатиралық бейнесін береді: сарайдағы қастықтар, жағымпаздық, тыңшылық, парламент партияларының мағынасыз күресі. Алыптар елін суреттейтін екінші бөлімінде «ағартушылық абсолютизмінің» идеалы – мейірімді және ақылды монарх билік құратын елдегі бейбіт өмір мен еңбек туралы армандар айтылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Ағарту дәуірі туралы не білеміз?

2. Руссо адамның табиғи дамуына бөгет жасайтын нәрселердің бәрі қалай жойылу керек делінген?

3. «Гулливердің саяхаты» жайлы баяндап беріңіз.

ІІІ Бөлім. Қазақстан мәдениеті

10 тақырып. Көшпенді өркениеттің пайда болуы мен ерекшелігі.

Жоспар:

Қазақ мәдениетінің бастаулары.

Көшпенділер өркениеті.

Көшпенділердің жол серігі.


Қазақ мәдениетінің бастаулары. Әлемдік мәдениет ырғақтарын анықтаған соң, қазақ мәдениетіне тоқталайық. Қазақтар — Қазақстан Республикасының негізгі тұрғындары, әлемдегі жалпы саны 13 миллионнан асады, исламдық суперөркениеттің солтүстік шығыс жағын мекендейді, діні жағынан ханифиттік мағынадағы мұсылман сунниттер, Алтай тіл бірлестігінің түрік тобының қыпшақ топтамасына жатады. Бұл мәдениетті түсіну мақсатында алдымен оны кеңістік өрісі мен уақыт ағынында қарастырып, кейін қазақ мәдениетінің типтік ерекшеліктерін айқындайық. Қазақ мәдениеті еуразиялық Ұлы дала көшпелілерінің мұрагері болып табылады. Сондықтан осы ұлттық мәдениетті талдауды номадалық (көшпелілік) өркениет ерекшеліктерінен бастайық.

Көшпенділер өркениеті. Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес, адамдандырылған қоршаған ортада әрекет етеді. Мәдени кеңістік оқшау, мәңгіге берілген енші емес. Ол тарихи ағынның өрісі болып табылады. Мәдени кеңістіктің маңызды қасиеті — оның тылсымдық сипаты. Мысалы, «ата қоныс» ұғымы көпшелілер үшін қасиетті, ол өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындайды. Қауымдық қатынас мекендер егемендігінен туады. Ата қоныстың әрбір жағрафиялық белгілері халық санасында киелі жерлер деп есептелінеді, яғни қоршаған орта киелі таулардан, өзен- көлдерден, аңғарлар мен төбелерден, аруақтар жататын молалардан т.б. тұрады. Олардың қасиеттілігі аңыз-әпсаналарда, жырлар мен көсемсөздерде болашақ ұрпақтарға мұра ретінде қалдырылған.

Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстамдылық, интуициялық жоғары қабілеттері жоқ адамдар қатал далада өмір сүре алмас еді. Кеңістікке үйлесімді мәдениетте адам мен табиғаттың арасында «қытай қорғаны» тұрған жоқ. Керісінше, мәдениет олардың арасындағы нәзік үндестікті (гармонияны) білдіретін дәнекер қызметін атқарады. Қазақтың төл мәдениетінде экологиялық мәселе әдептіліктік жүйесіндігі обал және сауап деген ұғымдармен тікелей байланыстырылды.

Табиғат аясындағы мәдениетті қатып-сеніп қалған, өзгеріссіз әлем дейтін пікірлер де әдебиетте жиі кездеседі. Алайда, бұл осы мәдениетке тынымсыз қозғалыс тән екендігін аңғармаудан туады. Шексіз далада бір орында тоқталып қалу көшпелілік тіршілікке сәйкес келмейді. Ол мезгілдік, вегитациялық заңдылықтарға бағынып, қозғалыс шеңберінен шықпайды. Әрине бүл қозғалыс негізінен қайталанбалы, тұрақты сипатта болады. Қуаң даланы игеру табиғатты өзгертуге емес, қайта оның ажырамас бір бөлігіне айналуға бағытталған. Яғни, адам табиғат құбылыстарына тәуелді болып қалады.

Көшпенділердің жол серігі. Енді қарастырып отырған өркениеттің кеңістікті игеру құралдарына тоқталып өтейік. Бұл жерде ең алдымен көшпелілер өміріндегі жылқының ерекше бір қызметіне назар аударған жөн. Жылқыны адам еркіне көндіру арқылы адамзат кеңістікті меңгеру ісінде үлкен қадам жасады. К.Ясперстің пікірі бойынша, тағылықтан өркениетке өтуде жер суару жүйелерін жасаумен, жазудың ашылуымен, этностардың пайда болуымен қатар жылқыны пайдалана білу адамзат үшін өте маңызды болды. ([2]. — М., 1991. — С. 71, 72). Жылқыны пайдалана білу шектелген кеңістіктен бүкіл әлемді игеруге бағытталған қадам еді. Бұл әртүрлі мәдениеттердің сұхбаттасуына мүмкіндік берді. Әрине, бұл сұхбаттасу көптеген жағдайда зорлық-зомбылық арқылы жүзеге асқанын ұмытпаған да жөн.

Сонау көне заманнан халықтар солтүстіктен оңтүстікке, шығыстан батысқа қарай (немесе керісінше) қозғалыста болған. Белгілі болжам шумерліктердің Қосөзен аңғарына Орталық Азиядан келгенін, үндігерман тайпаларының оңтүстікке жылжып, Үндістан, Иран, Грекияға енгенін, түрік тайпаларының Кіші Азияны жаулап алғанын көрсетеді. Қытай империясы мен Үндіге көшпенді түрік-моңғол тайпалары ылғи қысым жасап отырған. Белгілі ғұлама А.Вебердің пікірі бойынша, көшпелі тайпалардың кеңістікті игеруі «халықтардың Ұлы қоныс аударуы» атты құбылысты әкелді. Бұл қазіргі өркениетгердің қалыптасуына үлкен себебін тигізді. Осы айтылғандардан адамзат тарихында жылқыны пайдалана білудің маңызы зор болғандығын көреміз.

Музыка тарихына шолу

Қобыз Даңғыра

Домбыра Сыбызғы

Көшпелілердің музыкалық мәдениетінің тамыры өте тереңде жатыр. Жартастардағы суреттерден билеп жүрген адамдардың, таяққа ілінген сылдырмақтарда ойнап тұрған адам бейнелерін кездестіруге болады. Әсілі, көшпелілердегі ең көне музыкалық аспаптар — ұрмалы даңғыра, құрайдан жасалған үрмелі сыбызғы, ілмелі-шертпелі қобыз, домбыра іспеттес қарапайым аспаптар болған. Эпостардағы "адырнасын ала өгіздей мөңіреткен" деп келетін жыр жолдары өнерпаз жауынгердің садағының адырнасын іркіп- тартып музыкалық үн шығаратынын білдірсе керек. Орталық Азия, Сібір, Тибет халықтарында бүгінге дейін кездесетін бір ішекті қобыз осы музыкалық аспаптың көне түрі болуы мүмкін.

Көне Хорезм жеріндегі Қойкырылған қала деп аталатын дөңгелек бекіністен домбыра сияқты екі ішекті аспапта ойнап отырған адамдардың бейнесі табылған. Зерттеушілердің ойынша, бұл домбыраның көне түрі. Академик В.В.Виноградовтың пікірінше, қазақтың домбырасы мен қырғыздың қобызы сиякты аспап кем дегенде бүдан екі мың жыл бүрын пайда болған, қазақтың қобызы осы күнгі виолончель, скрипкалардың арғы атасы.
Бақылау сұрақтары:
Қазақ мәдениетінің бастауларына қысқаша шолу жасаңыз.

Көне Хорезм жеріндегі табылған бейнелер?

Көшпенділердің негізгі көлігі неге жылқы? Не себепті оны қастерлейді?

11 тақырып

Ортағасырлық Қазақстан мәдениеті

Жоспар:

1.Қазақтардың материялды мәдениеті: қолөнер және кәсіпкер,үйі, киімі, азығы.

2.Рухани мәдениет: қазақтардың халық білімі, күнтізбе, дін мейрамдары (наурыз, соғым, құрбан айт), дәстүрлі салттары.

3.Әдебиеті,халықтың ауыз екі өнері (мақалдар мен мәтелдер,еңбек және салт өлеңдері, тарихи және жазба әдебиеттері (Қыдырғали Жалайыри, Мұхаммед Хайдар Дулати).

XVI-XVII-ғасырлардағы қазақ мәдениеті өзіндік сипаты бар ұлттық мәдениет болды. Материялдық ескерткіштер Қазақстанда мәдени дамудың біркелкі болғандығын көрсетеді.

Отырықшы және жартылай отырықшы тайпалар Сырдария бойымен Қаратауға орын тепті: ірі қолөнер және сауда орталықтары-Сығанақ, Сауран, Түркістан болды. Феодалды соғыстардың жиі тұтануы өндіргіш күштердің дамуына, мәдениеттің өркендеуіне үлкен кедергі жасады. Әсіресе елге үлкен ойран салған жоңғарлар феодалдардың дамылсыз шапқыншылығы XVI-XVII ғасырларда мәдениеттің құлдырауына әкеп соқты.

Қазақстан территориясында тұратын халықтарда тұрғын үйдің екі түрі болды. Жазды күндері тасымалы жеңіл үйлерде тұрса, қысты күні жер үйде шымнан, балшықтан немесе тастан салынған жылы үйде тұрды. Жазғы үйдің екі түрі болды. Оның бірі кәдімгі қазақ үй, екіншісі дөңгелек үстіне орнатылған жылжымалы үй- күйме еді.

Киіз үй- жаздыкүні жайылымнан-жайылымға көшіп отыруға қолайлы құрама жеңіл үй.Бұл үш бөлімне тұрады, қабырғасын кереге деп атады. Одан жоғары құрама бөлігі – уықтар, ең жоғарғы түйісу тұсы – шаңырақ деп аталды. Кереге сыртынан тоқылған ши ұсталды. Үйді жауып тұратын киіздер-туырлық,үзік,түндік деп аталды. Түндік арқылы үйге жарық түседі,түтін шығады.Үй сыртынан жабылған киіздерді жел ұшырмас үшін, әрқайсысының ұшына жіп тағылады да, ол тартылып қазыққа байланады. Уықтың үстінен тартылған жалпақ тоқымаларды-құр деп атаған. Ол сәндік үшін және уықты берік ұстау үшін қажет болды. Үйдің түстік жағынан ағаш есік орнатылады. Оң жағына ағаш төсек,жүкаяқ,сандық,кебеже қойылады. Үйдің дәл ортасында ошақ болады. Онда тамақ асылды,үйді жылытты.

Қазақтың ауыз әдебиеті

Қазақ халқының ауыз әдебиеті XV-XVII ғасырлардан кеңінен дамыды. Өлең, жырлар, тапқыр шешендік сөздер, халықтың қоғамдық және рухани өмірінде көрнекті орын алды. Ауыз әдебиеті дегеніміз – қоғам өмірінің айнасы. Патриархалдық – феодалдық уклад, халықтың көшпелі тұрмысы қазақ халық ауыз әдебиетінің идеялық – көркемдік мазмұнына өшпес із қалдырды. Өлең жырлар халықтың қоғамдық тұрмысына салт-дәстүріне байланысты туып отырды. Қазақ халқының арасында әдеп – ғұрыптарға байланысты өлең жырларда көп болған. Мысалы: Тойбастар, Әужар, Жар-жар, Сыңсу, Қоштасу, Беташар секілді салт дәстүр жылары қыздың үйінде және қайын жұртында айтлды. “Жар-жар”, “Сыңсу”, “Қоштасу” жырлары қыздың бөтен ауылға баруы және оның бауырлары мен туып – өскен елімен, жерімен қоштасуына байланысты шыққан. “Беташарды” күйеудің үйіне келгенде жас келінге арнап айтады. Тойды бастаушы адамның рұқсатымен жыршы жігіт жаңа түскен жас келінге “Беташар” өлеңі арқылы оның міндеттері туралы жарасымды әзіл мен аңғартады. Күйеудің ата-анасымен, туыстарымен, ел жақсыларымен таныстырып шығады.

Өлімге байланысты “Қоштасу”, “Естірту”, “Жоқтау” сияқты қайғылы, зарлы өлеңдер айтылған. Ауру адам өлімнің болмай қоймайтынын байқап сезген соң жақын туыстарымен, ел жақсыларымен, қатар-құрбыларымен, үлкен-кішімен, жер-сумен соңғы қоштасу сөзін айтып, кешірім-ризалығын өтінген. “Естірту”-қайғылы қасіретке байланысты айтылатын болғандықтан, бұған өте ептілік, тапқырлық, шешендік керек болған, айтқыш ақын жыраулар арқылы астарлы сөздермен ептеп жеткізген. Осыдан кейін “Көңіл айту”, “Жұбату” жыры айтылады. “Жоқтау”-өлген кісіге арналады. Ол жыл бойы айтылып, ас берілгеннен кейін тоқталады. “Жоқтауды” өлген кісінің жақын туыстары анасы, әйелі, қарындасы, апалары айтатын болған. Жоқтау күніне екі рет күн шығарда және күн батарда айтылған. Салт-дәстүр,әдет-ғұрып жырлары қоғам өміріндегі болып жатқан оқиғаларға сәйкес түрлі кезеңдерде түрліше әлеуметтік топтардың таптық мүддесіне де бейімделіп отырған

Тіл және жазба.

Қазақ тілі Қазақстан территориясында ертеден тұратын тегі жағынан бір-біріне жақын қаңлы, үйсін,қыпшақ, найман, арғын және бақа тайпалардың тілдері негізінде қалыптасқан. Қазақ халқының қалыптасуына байланысты қазақ тілінің құрылуы процесі біртіндеп дамып отыр. Тіл қазақтың қоғамдық экономикалық өміріне қарай жаңа сөздердің есебінен байи береді. Мұны мен бірге тілдің грамматикалық тұрпаты да жетіле түсті. XV ғасырда қазақ тілі өзіне тән ерекше белгілері мен дербес тілге айналды. Қазақтар ислам діні мен бірге келген араб әліппесін пайдаланды. Ауқатты адамдардың балалары Бұқар, Самарқан мен Орта Азия қалаларына барып оқып онда араб тілін, араб философиясын, шариғатты, парсы және өзбек тілінде жазылған трактаттарды оқып үйренді. XV-XVII ғасырларда қазақ тілінде тарихи шығармалар пайда болды. Солардың арасындағы шежірілердің бір сыпырасы біздің заманымызға келіп жетті. Мысалы, Жәңгір ханның кітапханасында сақталған шежіре бұл күнде Ленинград университетінің кітапханасында сақталған. Осындай маңызды жазба әдебиет мұрасы “Жамиғ ат-тауарих” (шежірелер жинағы). Бұл кітаптың автгоры “Жалайыр руынан шыққан би”, Тәуекел ханның жиені Қазақ сұлтаны Ораз мұхаммедтің тәрбиешісі, ақылшысы болған. Автор өз кітабін “Жалайыр” деген атпен 1578 жылы Борис Годуновқа достықтың белгісі ретінде сыйға тартқан. Кітапта автор әліппесімен жазылған Араб әріптерімен жазылған түркі тілдес шығармалар “Түкі” деп аталған. Оған “Шыңғыс-нама”, “Бабыр-нама”, “Темір-нама” секілді туындылар жатады.

Парсы тілінде жазылған “Тарих-и-Рашиди” дейтін шығарма қазақ халқының тарихына тікелей қатысы бар құнды кітап болды. Кітаптің авторы дулат руынан шыққан Мұхаммед Хайдар еді. Оның ана тілінде жазылған шығармаларыбіздің заманымызға келіп жетті. “Тарих-и-Рашидиде” Мұхаммед Хайдар Моғолстан мен Қашқария тарихын жазды. Керей мен Жәнібек сұлтандардың қазақ халықтарын құрғандығы олардың арасындағы өзара байланысы қазақтар мен өзбектердің қарым-қатынасы туралы жағдай сипатталады. XVI ғасырдың 40-шы жылдарында Усман Кухистани “Тарих-и-Әбілхайыр хани” деген кітап жазды. Шах Махмұд “Тарих-и-шах Махмұд Бен мырза Фазил Чорас” деген кітап жазды. Онда қазақ хандары – Қасым мен Тәуекел туралы тарихи деректер бар.

Бақылау сұрақтары:

1.Ортағасырлық материалдық және рухани мәдениет үлгілері?

2.Қазақ қоғамының салт-дәстүрлеріне байланысты әдебиеті?

3.Материалдық және рухани мәдениеттің айырмашылығы?



12 тақырып

Мұсылман ренессансы.

Жоспар:

1.Көрнекті өкілдері

2.Екінші ұстаз – Әль-Фараби

3.Сопылық ілімнің негізін қалаушы – Қожа Ахмет Иассауи



Шығыс Ренессансының талай елдерді қамтыған және 500 жылдан артық өркендеген типі мұсылмандық мәдени өрлеу дәуірі екендігі белгілі. Оның әл-Кинди, әл-Фараби, ибн-Сина,Фирдауси, Ж. Баласағұн, Қожа Ахмет Иассауи, Омар Хайям сияқты өкілдерінің рухани мұрасын меңгермей, қазір мәдениетті адам деп есептелу қиын. Бұл жерде осы ұлы құбылыстың мұсылмандықпен қатысы қанша деген сұрақ заңды туады. Оның негізі де бар.   Арабтар Орта Азия жерін 712 жылдан бастап жаулап алды. Осының нәтижесінде бүкіл афроеуразиялық даланы біріктірген ортақ мәдениет қалыптасуына мүмкіндік туды. Бұл жағынан алғанда ислам діні осы елдердегі мәдениеттерді араластырып қорытып жаңа үлгі шығаруға себепкер болды. Арабтар жаулап алған көптеген елдерде (әсіресе, Иран, Үндістан, Египет,Сирия) бұрынғы эллинистік өркениеттің рухы жоғалмап еді.   Бұрыннан Орта Азиямен тығыз байланысты Қазақстан жеріне де ислам өз әсерін тигізді. Еліміздегі көптеген түрік тайпаларының мемлекеттік бірлестіктері ислам дінін бірден қабылдамаған. Қарахандар мемлекетінде мұсылман дінін алғашқы қабылдаған қаған Сатұқ, ал оның баласы Мұса 955 жылы исламды Қарахандар мемлекетінің ресми діні деп жариялады. X ғасырда оғыздар мен қыпшақтардың да бірталай бөлігі мұсылмандыққа өтті. Жалпы алғанда, исламды қабылдау Қазақстан жеріндегі тайпалардың сол кездегі озық мәдениеттерге қосылуына мүмкіндік берді. Осы кезден басталған мәдени өркендеуге мұсылманның рухани өміріндегі екі бағыттың бір-бірімен тайталасы Қазақстан жерінде де өзінің терең әсерін қалдырды. Бірінші бағыт Платон,Аристотель сияқты грек философтарына сүйенген Шығыс перипатетикасымен байланысты. Оның негізін қалушы — дүниежүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы, ежелгі Отырар қаласында туған Әбунасыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн әл-Фараби ат-Түрки. Әл-Фарабидің рухани мұрасы қазақстандық және басқа ғалымдар тарапынан ойдағыдай зерттелген. Ал әл-Фарабидің өзі зерттеу жүргізбеген ғылым мен мәдениет саласы жоқ, Б. Ғафуровтың есебі бойынша, ол 200-ден астам трактат жазған.   Әл-Фараби   Әл-Фараби өзінің трактаттарын сол замандағы рухани-ғылыми құрал саналған араб тілінде жазғанымен, өз отанының ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениетінен әрқашан нәр алып отырған. Әл-Фарабидің ұлылығы оның өз отанының мәдени көңіл-қалпына ирандық, үнділік және антикалық мәдениеттерді ұштастыра білуі. Әл-Фарабидің мәдениет туралы пікірлері негізінен араб мәдениетінің мына 4 тармағына байланысты:   1. Хақиқат (бір Алланың ақиқаттығын дәлелдеу). 2. Шариғат (мұсылмандық тұрмыс-салт заңдары). 3. Тарихат (Аллаға қызмет өткен әулиелер өмірі). 4. Маарифат (білімділік, парасаттылық идеялары).   Мыңжылдар тарихы бар Иран өркениетін бұл елді жаулап алған арабтар, осы мәдениеттегі өте терең парсылық әдебиетті меңгеру жолын әдеп деп түсінді. Әдепке жататын шығармалар өзінің қарапайымдылығымен, түсініктілігімен, ой ұшқырлығымен адамды баурап алады. Әдепті адам ілімін әл-Фараби өзіне тән гуманистік тұрғыдан қарастырады және осындай адамдағы бірінші қасиет деп оның парасаттылығын көрсетеді. Оның шығармаларында кездесетін адамды «хайуани ақли» (ақылды жан) деп анықтау кейінгі еуропалық ағартушылықтағы Homo sapiens-ке сабақтас. Ақылды жанмен қатар әл-Фараби еңбектерінде адамды «Хайуани мадани» (мәдениетті жан) деп анықтаудың да терең сыры бар. Осындай тұлғалық деңгейге ең алдымен ел басшысы көтерілуі керек. Ол өзінің аңдағыш қасиеті арқасында дана, философ, кемеңгер, парасат иесі болып шығады, ал оның қиялдау қабілетіне қасиет дарыған адам пайғамбар, сәуегей және өмірдегі оқиғаларды түсінгіш, білгір болып көрінеді, — міне, осының бәрі оның тәңірілікті танып білетін болмысының шарапаты. Мәдениетті адам тәрбиелеу мәселелерін әл-Фараби өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Бақыт жолын сілтеу», «Ақылдың мәні туралы», «Данышпандықтың інжу-маржаны», «Бақытқа жету жайында» ж.т.б. трактаттарында жан-жақты талдаған. Оның жиі қолданатын ұғымы — «қала». Қаланы әл-Фараби жай ғана қоныс, тұрғын жер деп түсінбей, оны адамдардың мәдени топтары, мемлекет мағынасында қолданады. Бұрын айтып кеткеніміздей, тіліміздегі мәдениет ұғымының арабшасы «маданият», мадина, яғни қала сөздерімен түбірлес. Ӏзгілер қаласының тұрғындары, ұлы ұстаздың ойынша, өздерінің инабаттылығымен, әділеттілігімен, білімділігімен, өнер сүйгіштігімен көзге түседі. Әл-Фарабидің адамзат мәдениетіне қосқан үлесін, оның төмендегі өлең жолдарынан жақсы байқаймыз.   Бауырым, сен теріс жолға түскен жандарға ерме, Олардан аулақ жүр, кашанда оділдік жағында бол. Бұл дүние — біз мәңгі тұратын мекен-жай емес, Әлемде ешкім өлімді жеңе алмайды. Адамдар әлде құмға түскен із бе екен? Біз соншалықты дөрменсіз болғанымыз ба? Бір рет самал соқса-ак, бәріміз Мына омірден үшты-күйлі жоғалып кетеміз бе? Адамға бір сәттік қысқа ғұмыр берілген. (Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. – А., 1999. – 124-бет).   Жалпы алғанда, әл-Фараби — Шығыс мәдениетінің алып тұлғасы ол дүниежүзілік өркениетте өзінің қадірлі орнын алады. Оның рухани мұрасы өзінің ұлы ізбасарлары ибн-Синаға, Бируниге, Жүсіп Баласағұнға және т.б. суалмайтын қайнар болды.   Сопылық   Шығыс Ренессансы туралы сөз еткенде оның тағы бір бастауы сопылық бағыт (суфизм) жөнінде айтпай кетуге болмайды. Қазақстан жеріндегі ұлы ғұламалар Жүсіп Баласағұн, Сүлеймен Бақырғани, әсіресе, Қожа Ахмет Иассауи шығармашылығында сопылық сарын үлкен орын алған. Онан соң Ренессанс идеясын тек Платон мен Аристотельдің шығыстық ізбасарлары қолдады деу де сыңаржақтылық. Сопылық бағыт ислам әлемінде о баста ресми дінге қарсы оппозициялық қозғалыс ретінде туады. «Суфь» термині арабтың «жүн шекпен» деген сөзіне орайластырып алынған. Сопылар — киім талғамайтын, бар ойы руханилық төңірегіндегі тақуа адамдар. Сопылық бағыттың тарауының бір себебі, әуелде ой бостандығын шектемеген араб халифаттарында X ғасырдан бастап фанатиктер күшейе береді, олар Құранға қарсы деп әр түрлі ағым өкілдерін қуғынға ұшыратады. Әсіресе, Иран, түрік және үнділердің көне мәдениетінен қалған мұралар Алла сөзіне жат деп жарияланады. Осы қуғын салдарынан Иран, Араб жерлерінен көптеген сопылар (өздерін дәруіштер деп атаған) Түркістан жеріне қарай ағылады. Орта Азияда 300—400 мың дәруіш пайда болды. Сопылар Құдайды парасатпен емес, жүрекпен түсіну керек деп жариялайды. Осы бағыттың көрнекті өкілі, кейін мұсылман пірлерінің біріне айналған — Қожа Ахмет Иассауи. Оның ең үлкен жетістігі ғасырлар бойы қалыптасқан бай түрік мәдениетін мұсылман өркениетімен шебер байланыстыруында жатыр.   Қожа Ахмет Иассауи   Қожа Ахмет Иассауи жазған негізгі шығарма — «Диуани хикмет» («Ақыл кітабы»), Қожа Ахметтің өмірде жасаған бір ерлігі оның 63 жасқа келгеннен кейін, «пайғамбар жасына жеттім, одан әрі өмір сүру, жарық дүниені көру күнә» деп бар байлығын мүсәпірлерге таратып, өз еркімен жер астындағы үңгірде тіршілік етуімен байланысты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет