«мәдениеттану пәнінен» «0103000 Дене тәрбиесі және спорт»


тақырып Қазақтардың дәстүрлі мәдениеті. Ауызша халық шығармашылығы және музыка өнері



бет5/8
Дата02.12.2019
өлшемі1.47 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

13 тақырып

Қазақтардың дәстүрлі мәдениеті. Ауызша халық шығармашылығы және музыка өнері.

Жоспар:

Музыка өнері – халық тарихының шежіресі.

Музыка - өмірдің ажырамас бір бөлігі және өнердегі көрінісі.

Қазақ ұлт болып құрылғаннан бастап төл музыкасы бірге дамыды. Ән-күй арқылы әдет-ғұрып, дәстүрлі салт-сана ұрпақтан -ұрпаққа жетіп, көшпелі халқымыздың рухани мәдениетіне айналды.Әлдилеген сәбиден бастап қарттарымызға дейін қуаныш пен мұңын музыка арқылы жеткізді. Бесік жыры, қыз ұзату, келін түсіру, сүндет той, т.б ойын-сауық, ән-күймен әсерленіп отырды. Әсіресе, лирикалық-әлеуметтік тақырыпқа арналған оқиғалы желіде туған, формасы күрделі музыкалар орындаушылығы жағынан мықты шеберлікті қажет етті. Қазақ халқының ақын, жырау, жыршы, әнші, өлеңші, күйшілері музыкалық мәдениеттің негізін қалады.

     Көнеден бүгінгі заманға дейін келіп жеткен ақындар айтысы, өнер сүюшілер сайысы, кәсіби өнер қайраткерлерінің қалыптасуы, елуге жуық әр түрлі аспаптар қолданылғаны жайлы музыка зерттеуші- ғалымдары дәлелдеген.

     Сондықтан да болар, шеттен келген адамдар ХVІІІ-ХІХ ғасырлар бойы қазақ халқының өмірі мен салтын бақылап, халықтың өнерге деген қабілетін, суырып-салма ақындығын, еңбектеген баласынан еңкейген қартына дейін ән-күйге деген әуестігіне таңдана қараған.

      Ерте заманнан бүгінгі күндерге дейін әуен және ән өнерінің шыққаны туралы қазақ халқының аңызы бар.Бұл аңыз бойынша, әуеде қалықтаған құдыретті ән көшпенді қазақтың ұлы даласынан ұшып бара жатып төмендеген, сондықтан оны естіген халықтың табиғатынан бойына музыкалық қабілеті дарыған.

     Тағы да бір халықтың айтуында «Жаратқан Тәңір әр қазақтың жанына туылғанынан күйдің бөлшегін салған»,- дейді[1].

Қазақ халқы әр қоғам мүшелерінің жас ерекшеліктеріне қарай, әуен аспаптары, оның түрлері, құрамы және орындау ерекшеліктерін қалыптастыра білген. Жас балалар шеберлердің қолымен жасалған, сыртын жылтыр бояулармен бояп, әр түрлі өрнектермен әшекейлеген, әр түрлі аңдардың, құстардың, балықтардың, үй жануарларының бейнесіндегі саз балшықтан жасалған үрмелі аспаптармен ойнап, үйренген. Олар осындай әуен құшағында, анасының бесік жырымен, үлкендердің өсиет- өлеңдерін тыңдап, өмірге деген көзқарастары қалыптасып, үлкен өмірге аяқ басқан. Содан соң жастардың әуезге, әнге деген білімдері мен шеберліктері әртүрлі отырыстарда қайым-айтыс, тартыс, қара өлең айту арқылы шыңдалып отырған. Есейе келе ән қорына махаббат әуендері, тойларда айтылатын жар-жар, қалыңдықтың қоштасу әні және де аңшылардың аңға шығарда, сарбаз әскерлердің жорыққа аттанарда қолданған -дабыл, дауылпаз, шыңдауыл секілді аспаптардың үндері мен толықтырылып отырған. Ал, үлкендер өз ән-күйлерінде елдің бірлігі, халықтың мұң-мұқтажы, салт-дәстүрі мен айтыстарды өз руларының жеңіс, жетістіктерін жырға қосып жырлаған.Ақсақал, қариялар әуен арқылы жастарға өнеге-өсиет, өмірдің өткінші, бақыттың баянсыз, жалындаған жастықтың да жастығы қисайып, қарттықтың кіретінін терең ойланып, түсінуге шақырған.

Міне, ғасырлар бойы көшпенді қазақ халқының жылдан-жылға, ұрпақтан-ұрпаққа қалдырып келе жатқан ән-әуен өнері осындай болса керек.

ХХ ғасырдың басына дейін, қазақ халқының рухани байлығы әкеден балаға, ұстаздан шәкіртке, өткеннен болашаққа тек ауызба-ауыз беріліп отырған. Көшпенді, жартылай көшпенді өмір де халықтың музыкалық дәстүр мен саз аспаптарын, сондай-ақ көркем өнердің бір тамаша үлгісі ретінде ауызша және ақындық өнердің дамып қалыптасуына өз әсерін тигізді.

Бастапқы даму кезеңінде халық музыкасы діни және тұрмыс-салт, дәстүр сабақтастығын жырлауға арналған құрал ретінде қаралды. Қазақ халқының ұлттық этнос ретінде қалыптасу кезеңінде жыраулардың жыр толғаулары көбінесе ата-баба дәстүрімен батырлық- ерлікті дәріптеуге көп арналған. Қыл қобыз бен домбыраның сүйемелдеуімен орындалатын мыңнан аса жыр жолдары төгілген, жүзден аса маржан жырлар халық есінде жатталып қалған. Қазақ халқының бұрынғы және қазіргі тарихында ойып орын алатын «Қобыланды», «Алпамыс», «Ер -Тарғын», «Қамбар батыр», «Қыз Жібек», «Қозы-Көрпеш-Баян -Сұлу», «Еңлік-Кебек» және ерліктің белгісі, ұлттың алтын қазынасы ретінде жеткен.

Кейінірек пайда болған күй өнері де өзінің тылсым табиғатымен тәнтті еткен. Дәстүрлі жыр өнері мен құдіретті күй өнерінің бастауында әрине қыл қобызын арқалаған Қорқыт бабамыздың тұрғаны айдан анық.

Кейбір күйлерден тірі табиғаттың тылсым үнімен қоса өмір мен өлімді, тіршіліктің мағынасына үңілген ұлылықты сезінгендей боласың. Бірақ барлық дерлік күйлерден қайталана естілетін әуен-бұл тәңірге жалбарыну, ұрпаққа өсиет, ата-бабалар дәстүрі, табиғат тылсым күштері мен аруақтарға арнаулар.

Домбыра мен сыбызғы аспаптарының даму тарихы ғасырлар қойнауына терең кетеді. Көне қала Хорезмге жасаған археологиялық қазбалар кезінде табылған екі ішекті музыкалық аспаптарда ойнап отырған мүсіндер, домбыраның шығу тарихының көнеден басталатындығының куәсі. Ғалымдардың пайымдауынша, 2000 жыл бұрын пайда болған Хорезм екі ішекті аспаптарының қазақ домбырасымен төркіндес екендігі және бұл аспаптардың Қазақстан территориясында пайда болған ежелгі көшпенділердің алғашқы аспаптары екені анықталып отыр.

Домбыра мен сыбызғы саздарының ежелгі үлгілері ретінде жеткен күй дастандары өте көп. Мысалы, «Аққу», «Қаз», «Нар», «Ақсақ құлан», «Ақсақ қыз», «Жорға аю», және қайғы-мұңға толы «Зарлау», «Жетім қыз». Бұл күйлерде ежелгі көшпенділердің діні, салт-дәстүрі, қуаныш-қайғысы мыңдаған ғасырлар бойы сақталып, бізге жеткен[2].

Тек  ХІХ ғасырда қазақ музыкасы діни әуендерден арылып, толық қанды көркемөнер саласы болып дами бастады. Осы кезеңде аспаптар ақындар айтысы, өлең өнері халық арасында кеңінен тарап, рухани қолдау тауып, қарқынды алға басты.

Кең байтақ Қазақстан өңірінде әр түрлі сазгерлер мен орындаушылар мектебі ашылып, әр өлкелердің әуендері жарық көрді.



Бақылау сұрақтары?

Қазақтың музыкалық аспаптарының жасалу жолы.

Қай ғасыр қазақ ән өнерінің алтын ғасыры болып саналады?

Төкпе күйдің майталман шебері.



14 тақырып

Кеңес дәуірі кезеңіндегі Қазақтан мәдениеті.

Жоспар:

1.КЕҢЕС ОДАҒЫ КЕЗЕҢІНДЕГІҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МУЗЫКА ӨНЕРІ

2.ТЕАТР ӨНЕРІ

Қазақстанның музыкалық мәдениеті – көп қырлы құбылыс. Қазақстан халқы өзінің музыкалық мәдениетінің ерекшелігін ғасырлар бойы алып келеді. Тек, Кеңес өкіметі жылдарында ғана орыс мәдениетінің игілікті ықпалының арқасында, бұл әдет-ғұрыптар кәсіби өнердің жаңа, мықты сабақтарын алды.

Кеңес өкіметі кезінде қазақ музыкасын ғылыми зерттеудің басында республиканың музыка өнерінің көрнекті қайраткерлерінің бірі, «Қазақ халқының 1000 өлеңі» (1979), «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» (1931) атты жинақтарды шығарған белгілі А.В. Затаевич болды. Бұл жинақтар жұртшылықтың алдында қазақ халқының музыкалық өнерінің сарқылмайтын байлығы бар екенін ашып көрсетті.

Шығармашылық стилі, халық композиторларының мектебі, әншілер және аспапшылардың ерекшеліктеріне, олардың жеке орындаушылық шеберліктерінің көркемдігіне, ұлттық музыканы тереңнен зерделеудің ірі жетістіктеріне «Мыңжылдық ішек» (1958 ж.) және «Мыңжылдық бұлбұлы» (1967 ж.) монографиялық зерттеулер арналды. Олардың авторы А.К. Жұбанов – Қазақстан музыка өнерінің белгілі қайраткері, ғалым және композитор, профессор, ҚазКСР ҒА академигі.

1939 жылы Қазақстан композиторлары Одағының ұйымдастыру комитетін құру кәсіби музыкалық мәдениеттің қалыптасуына ықпал етті. Оның мүшелері болған композиторлар: А. Жұбанов, Е. Брусиловский,Б. Ерзакович, Л. Хамеди, сонымен қатар Д. Нүрпейісова, К. Азербаев, М. Ержанов. Бұл композиторлар республиканың музыкалық өнеріндегі проблемаларды шешуге қатысты

2000 жылы Қазақстан Республикасының композиторлар Одағы 70 жылдық мерейтойын атап өтті. Бұл уақыт аралығында бірнеше композиторлар буыны ауыстырылды. Олардың ішінде Е. Рахмадиев,С. Еркимбеков, К. Дүйсекеев, Б. Баяуханов, Н. Мендыгалиев, Э. Богушевский, Ж. Туякбаев, Б. Дальденбаев, А. Бестибаев, Ш. Калдаяков және т.б.

Шәмші Қалдаяқов (15.8. 1930, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы – 29.2.1992, Алматы) – композитор, «Қазақ валісінің королі». 1965 жыл – Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты. 1980 жыл – Қазақ КСР еңбегі сіңірген мәдениет қызметкері. 1991 жыл – Қазақстанның халық артісі. 2010 жыл – «Бақыт құшағында» ән жинағы, Қазақстан Республикасының әдебиет өнерінің саласына қосқан үлесі үшін мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (қайтыс болғаннан кейін). Шәмші Қалдаяқов көптеген лирикалық әндердің авторы: «Ақ сұңқарым», «Қара көз», «Қайықта», «Ақ бантик», «Ақ маңдайлым». 1956 жылы жазған «Менің Қазақстаным» әні қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының әнұраны.

Аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан Республикасының мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі.

Оның танымал көптеген әндері вальс әуеніне жазылған: «Қуаныш вальсі», «Қайдасың», «Бақыт құшағында». Вальс және дала аңызының әуеніне байланыстыра жазылған әндер тыңдаушыларға қатты ұнады, бірақ осыған бола ол 1959 жылы «дұрыс үлеспеушілік үшін» деген тұжырымдамамен консерваториядан шығарылды

ҚР халық әртісі, профессор Лаки Кесоглу: «Шәмші Қалдаяқов қазақ эстрада музыкасының туу бастауында тұрды, оның осы жанрға қосқан үлесі баға жетпес. Оның әндері – бұл тұтас дәуір! Олармен бір ғана емес бірнеше ұрпақ өсіп-өнді. Оны шығармашылығы қазірге дейін талап етіледі, әндері концерт алаңдарында да, радиода да естіліп отырылады. Шәмші шығармашылығы әндерінің дәстүрін жас орындаушылардың да жалғастырып отырғанын қуанышпен айтуға болады. Оның белгілілігінің құпиясы, бұл әндердің халқына деген сүйіспешілікпен жазылғандығында шығар. Жүрекпен сезіліп және жазылған, сондықтан Ш. Қалдаяқов шығармашылығы әлі де адамдар жүрегін жылытады»

Халық әншілеріне берілген ең жоғарғы мақтау «күміс көмей, жез таңдай әнші» сипаттамасы болып табылады. Бұл – әншінің табиғи қабілетінің бірегейлігін, оның дауыс аппаратын және дауыстың сөзін сөйлеу қаныққандығын сипаттап, анықтайтын жөнделген этникалық баға. Мұндай дауыстың иесі болған халықтық – кәсіби композиторлары мен әншілері: Біржан Қожағұлов, Жая Мұса, Әміре Қашаубаев, Роза Бағланова, Күләш Байсейітова, Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев.

Роза Тәжібайқызы Бағланова (1922-2011) – кеңес және қазақ операсының және эстрадасының әншісі (сопрано). КСРО-ның халық әртісі (1967). Қазақстанның Халық қаһарманы(1996).Роза Бағланова 1945 жылы 9 мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысқан.Бағланованың есімі «Кто есть кто» англо-американдық энциклопедиясының әлем әйелдері туралы бірінші шығарылымына енді. Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» студиясы әртістің үлкен шығармашылығын баяндайтын «Біздің Роза» атты деректі фильм түсірді. Орыстың «Самара-городок» халық әні әншіге бүкілодақтық даңқтылық әкелді.

Бибігүл Ахметқызы Төлегенова(16.12.1929 жылытуған,Семей қаласы) — қазақ әншісі (лирикалық-колоратуралық сопрано), КСРО халық әртісі(1967). 1968 жылы Бибігүл Төлегенова Шәкен Аймановтың «Тақиялы періште» филіміндегі басты кейіпкердің үлкен қызының рөлін ойнады. Әншінің алуан тақырыпты репертуарында қазақтың халық әндері («Гауһар тас», «Жиырма бес»), Қазақстан композиторларының шығармалары (Брусиловскийдің«Қосқарлығашы»,Хамидидің «Бұлбұлы», Төлебаевтың«Еске алуы», Мұхамеджановтың «Көктем вальсі», Рахмадиевтің «Тарантелласы», Тілендиевтің «Кел еркем, Алатауыма»), сондай-ақС.В. Рахманиновтыңроманстары, Н.А.Римский-Корсаковтың операларынан ариялар жәнеБатыc Еуропасазгерлерінің (Доницетти, Григ, Шуберт) шығармалары да бар.

15 тақырып

ХХІ ғ Қазақстан мәдениеті

Жоспар:

1.Қазақстанның мәдениеті
2.Білім және ғылым
3.Ересектер арасында сауатсыздықты жою

Қазақстан қысқа мерзім ішінде мемлекет негізін қалаушы Н.Ә.Назарбаевтың үздік көсемдігінің арқасында қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті, ауқымды саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды сәтті жүзеге асырған, өзіндік қазақстандық даму жолын таңдаған мемлекетке айналды.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде рухани өмірдің дамуына қатысты жағдайлар мүлдемге өзгерді. Монополистік идеология үстемдігі келмеске кеткен, демократия біршама қарқын ала бастаған кезде мәдени-рухани салалардағы жасалып жатқан шаралардың ауқымдық жағынан да, мазмұндық жағынан да үлкен өзгерістерге бет бұрып отырғанын айқын көруге болады.

Бірақ тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ұлттық мәдениеттің даму үрдісінде бір-біріне қарама-қарсы екі тенденция белең алған еді. Олардың біріншісіне мәдениеттің жаңа қарқын алып, импульспен, қарышты қадаммен, мүлдем жаңа бағытта өрлей бастауы, екіншісі –мәдениеттің даму үрдісінде бұрын болып көрмеген экономикалық кедергілер мен халық бұқарасының санасындағы психологиялық өзгерістердің салдары болып табылатын іркілістер жатады.

Қазақстанның әлемдік кеңістікке бет алуы өзінің құнын жоғалтқан идеологиялық мәдениеттен гөрі әсіреқызыл батыстық үлгіге айқара есік ашып берді. Батыстық мәдениетпен қосарланып түрліше діни секталар мен ағымдар да ағылды [27].

Бұл келеңсіздік өз дәрежесінде республика көлемінде мәдени-рухани саланы басқарудың басқаша жолдарын қарастыруға мәжбүр етті. Олар, түптеп келгенде, мыналар:

-Қазақстан халқының мәдени-ұлттық сана-сезімінің жаңаруына ықпал ету;

-этномәдени және конфессионалдық шектеулікте мәдени әр алуандылықты қалыптастыру;

-менеджменттіктің мейлінше пайдалы моделін таңдау.

Қазақстан Республикасы «Мәдениет туралы» (1996) Заңының 3-бабында мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат қағидалары былайша көрініс тапқан:

-азаматтардың шығармашылық қызметінің еркіндігі;

-мәдени байлықты жасауда, оны пайдалану мен таратуда барлық азаматтардың құқығы бірдей;

-тарихи-мәдени мұраны қорғау;

-ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарын қатар игеру аясында тәрбие мен білім беру жүйесін дамыту;

-мәдениет саласында монополиялық пиғыл-әрекетті болдырмау;

-мәдениетті қаржыландыруда бюджеттік, коммерциялық және қайырымдылық бастамаларды қолдап-қуаттау;

-мәдени қызметті ұйымдастыруда мемлекеттік және қоғамдық бастамаларды бірдей пайдалану.

90-жылдары республика мемлекеттік мәдениет мекемелерінің жүйесі мәдени-демалыс орындарын, кітапханаларды, мұражайларды, театрларды, концерттік ұйымдарды, кино өнері мекемелерін, мәдениет және демалыс парктерін, т.б. қамтыды.

Бұлардың бәрі дерлік мемлекеттік баланста тұрды. Бұдан кейінгі жылдарда, яғни онжылдық кезеңде мәдени саланы қаржыландыру мәселесі едәуір өзгеріске ұшырады: Ұлттық маңызға ие мемлекеттік мәдениет мекемелерін мемлекеттік тұрғыдан қаржыландыру сол күйінде сақталып қалды. Нақты мәдени жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру үшін түрліше қаржы көздерін тарту мүмкіндігі ашыла түсті.

Меншік формасының өзгеруіне байланысты мәдени мекемелердің көпшілік бөлігі, атап айтқанда, кинематография, туризм, спорт, шоу, теледидар, концерттік ұйымдар, т.б. өзін-өзі қаржыландыруға көшірілді.

Мәдени саладағы жеке меншіктің түрліше формалары өз кезегінде сөз еркіндігіне, Қазақстанның дербес шығармашылығына жол ашты. Аталған мемлекеттік емес мәдени мекемелердің жұмыстарын ретке келтіріп отыру барысында қайсыбіреулердің адамзатқа, ұлтқа, мемлекетке қарсы идеяларды насихаттап, таратуына жол бермеу үшін тіркеуден өткізу тәртібі қатаң сақталуы тиіс болды

Бақылау сұрақтары?

1. «Менталитет» ұғымы қандай мағына береді?

2. Алғашқы қазақ драма театры қай жылы және қайда ұйымдастырылды?

3. Қазақ фольклорын жан-жақты зерттеген әйгілі ғалым.



16 тақырып

Этнография. Қазақ халқының құндылықтары.

Жоспар:

1. Қазақ ағартушылығы және оның көрнекті өкілдері.

2. ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басындағы қазақ қауымының зиялылары мен олардың жанқиярлық еңбектері.

Қазақтың мәдениетіне үлкен үлес қосқан қазақтың алғашқы ғалымдарының бірі Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов едң. Шоқан Уәлиханов сыртқы әлемге «дала адамын» түсіндіргісі келді. Осы мақсатпен ол қазақ және қырғыз халықтарының миф-аңыздарын, салт-дәстүрін, дін мен тілін зерттейді. Шоқан жазған «Үлкен қырғыз-қайсақ ордасының ескі аңыз әңгімелері», «Қазақтардағы шамандық іздер», «Қашғария туралы жазбалар», «Сахарадағы мұсылмандық туралы» және т.б., ғылыми еңбектерде қазақ және басқа түрік халықтарының мәдениетіне энциклопедиялық талдау берілген.

Қазақ мәдениетінің кемелдеуіне үлкен үлес қосқан тұлға – Ыбырай Алтынсарин. Ыбрай халық ағарту ісінің практикалық және дидактикалық мәселелерін шешуге тікелей ат салысты, алғашқы педагогикалық оқулық «Қазақ хрестоматиясы» және қазақ балаларына орыс тілін үйретуге арналған оқу құралдарын жазды.

Қазіргі қазақтың рухани мәдениетінің негізін салушы – ұлы философ-ақын Абай Құнанбаев. Қазақ мәдениетінің ғасырлар бойы қалыптасуында осы процеске саншыл көзбен қауып, осы ақыл және жүрек таразысынан өткізетін тұлға тым қажет еді. Абай, міне осындай тұлға болды. Абай өз шығармашылығында қазақ елінің белгілі тарихи тұйыққа тіреліп (бодандыққа түсіп), одан қалай шығуды білмей, болашағы туралы күдіктенген жағдайын суреттеді. Осындай шым-шытыранда ғұлама ақын таза уайым мен зарлау дәстүрлерін арылып, халық өмірінің кем-кетігіне ашық көзбен қарап, оны емдеудің жолдарын көрсете білді.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алды. 1991 ж. 21 желтоқсанда Алматыда бұрынғы Кеңес одағының құрамына кірген тәуелсіз мемлекет басшыларының кеңесіне ТМД-ны құру туралы келісімнің хаттамасына қол қойылды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін егемен мемлекет ретінде халықаралық аренаға шықты. 1991 ж. 3 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар кірді, Халықаралық валюта қорының, Дүниежүзілік бакнтің, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мүшесі болды және басқа бірсыныра ұйымдарға кірді. Тәуелсіз Қазақстан Республикасын жүзден аса ел таныды, олардың көбімен дипломатиялық қатынас орнатылды.

2.Тәуелсіздік алған соң Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрлері қайта түледі, ұлттық сана бұрынғысынан да бетер өсті. Қазақ ұлты топта бастады. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болды, қазақ халқының таңдаулы өкілдерінің есімдері ана дүниеде орала бастады, тарихи топонимика қалпына келтірілді, ұлттық мәдениеттің гүлденуі үшін жағдай жасалды. 1992 ж. күзде Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы өткізіліп, оған 10 миллион қазақ халқының өкілдері жиналды.

Абайдан басталған қазақ мәдениетіндегі тың сарын ХХ ғасырдың бас кезінде ары қарай жалғасты. Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 14 жылдай ғана болды. Бұл аз уақыттың ішінде, әрине, жаңа мәдениет қалыптасты деу асығыстық болар. ХХІ ғасырдың қарсанына қарай мәдениеттердің ұлы тоғысуы, тұтастануы басты тенденцияға айналды. Бұл шынында да бір тектес адамдық мәдениеттің аймағына ене бастадық. Нәсілдік, отаршылдық, саяси-деологияның жікшілдігінен «бүкіл адамдық үйге» көшу басталды. Бұл мәселе қазақ мәдениеті үшін де ол өте актуалды болып табылады. Тәуесіз Қазақстанда бұл мәдениет шешуші қызмет атқарады әрі басқа этникалық топтардың және субмәдениеттердің дамуына және бір-бірімен келісімді болуына жауапты.

Қазақ жеріндегі диаспоралардың тарихын таразыға салып, ғылыми тұжырымдар жасасақ «диаспора дегеніміз – халықтың белгілі бір бөлігінің өзі қалыптасқан елден тыс жерде отанымен бір іздену сезімін сақтауда болатындар». Қазақстанда ұлттық-мәдени орталықтар құрылып, диаспоралардың жан-жақты дамуына мемлекет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстан халқының 56 пайызын қазақ этносы құрайды, 28 пайызы орыс диаспорасының еншісінде. Басқа ұлт өкілдерінің еншісіне 16 пайыз ғана тиеді. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан мемлекетінде қазақстандық ұйғырлар бізбен бірге өмір сүруде.



Бақылау сұрақтары?

1.Тәуелсіз Қазақстан Республикасының дипломатиялық қатынас жасаған елдерді атаңыз.

2. Революцияға дейінгі қазақ халқының музыка мәдениетін терең зерттеген ғалым.

ІV Бөлім. Әлемдік діндердің мәдениет дамуыда алатын орны

17 тақырып

Үнді- будда мәдениеті

Жоспар:

Үнді — будда мәдениеті

Тарихы мен шығу тегі

Будда ілімі адам бойындағы қасиеттерді насихаттайды


Үнді — будда мәдениеті. Жер шарындағы қасиетті де, құдіретті мәдениеттердің бірі — Үнді мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді-будда мәдениеті. Үнді елінің ғасырлар бойғы мәдени дәстүрлері оның талантты халқының діни сана-сезімінің қалыптасып, дамуымен тығыз байланысты болды.

Үнді жеріне келген арийлер өздерімен бірге б.з.б. 2000 жылы шыға бастаған көне мәдени мұралардың бірі — Ведаларды ала келіп, оны жергілікті халықтың арасына кеңінен тарата бастады. Ведалар дегеніміз — діни сарындағы дұғалардың, құрбандық шалу кезінде айтылатын суреттемелердің, табиғаттың поэтикалық бейнесінен хабардар ететін өлеңдердің жиынтығы. Үндінің атақты жазушысы Рабиндранат Тагор ведалық гимндерді «Халықтың қуаныш шаттығы мен оның өмірге деген сүйіспеншілігі мен қорқынышының поэтикалық куәгері» деп өте жоғары бағалаған болатын. «Жаратушы әні» гимнінде бізді қоршаған дүние былай деп сипатталады: «Ең алғашқы кезеңде дүние хаос жағдайында болды. Бірақ, уақыт өткен сайын адамзат баласының тіршілік етуге деген құлшынысы байқалды, соның нәтижесінде жарық, одан кейін аспан мен су патшалығы пайда болды. Міне, дәл осы кезден бастап жер бетінде тіршілік қалыптасты, ал құдайлар дүние жаратылғаннан кейін барып пайда болды». Шамамен, б.з.б. 800 жылында қалыптасқан упанишадтар үнді-арийлердің діни көзқарастарының дамуындағы басты қадам болып саналады. Өйткені, упанишадтар адамның ішкі жан дүниесі, оның өмірінің мән-мағынасы, адамды ақиқат пен шындыққа апарар жолдар мен олардың бұл өмірдегі маңызы, өлім мен мәңгілік ғұмыр жайындағы діни-философиялық толғауларға толы болып келеді. Ең бастысы — упанишадтарда Брахман мен Атман идеялары кеңінен көрініс тапқан. Брахман — абсолютті шындық, абсолютті руханилылық, бұл дүниеде одан тысқары еш нәрсе де жоқ, олай болса бізді қоршаған ортаның мәні де осы Брахманда. Ол Атман болса осы жағдайларды ескере отырып — жеке тұлғаны мойындау. Упанишадтар діни философиялық ой-сананың дамуына түрткі болды, сөйтіп көп ұзамай-ақ оның алты мектебі қалыптасты.

Үнді-будда мөдениетіне тән қасиет дін мен философияның өзара тығыз байланыста болып, ұштаса білуінде. Бұл туралы Гегель былай деп жазды: «Үнді мәдениеті — жоғары дамыған сан-салалы құдіретті мәдениет, бірақ олардың философиясы дінмен сабақтас, өзара тығыз байланыста болып келеді. Философия ғылымы айналысатын мәселелерді діннен де көптеп кездестіруге болады. Сондықтан да болар, ведалар — діннің ғана негізі емес, сонымен қатар философияның да негізі болып саналады»

Бір-бірімен өзара тығыз байланыста, ірі табиғи бірлікте болуына қарамастан үнді философиясының алты классикалық мектебі де адамның әлемге дүниетанымдық қарым-қатынастарының сан саласын қамтып, танып-білудің түрлі әдістерін қарастырады. Мысалы, «миманса» — діни салт-жораларды түсіндірумен айналысады және діни құрбандықтар шалуды жақтайды. Құрбандық шалу— адамның құдай алдындағы өз парызын (дхарма) өтеуі болып саналады, онсыз «карманың» құрсауынан адам еш уақытта да шыға алмайды. «Карма» бүкіл үнді мәдениетінде айрықша орынға ие болған. Кең мағынада алғанда, карма дегеніміз — әрбір адамның тіршілікте жасаған іс-әрекеттері мен оның салдарларының жиынтығы, осы арқылы оның болашақтағы тағдыры анықталады, ал тар мағынасындағы кара адамның тіршіліктегі жасаған іс-әрекеттерінің қазіргі өмірі мен болашағына әсері. Кей жағдайларда, жоғарыда атап көрсеткен «мимансаны» атеистік ілімге де жатқызады, өйткені ол дүниенің атомдардан түратындығын мойындайды. Сөйтіп, дүниені материалистік тұрғыдан сипаттаудың арқасында Құдайды мойындаудың мәні жойылады.

«Веданта» брахманизмде ерекше орын алады, тіпті қаншама ғасыр өтсе де оның бүгінгі таңда да көптеген жақтаушылары бар. XIX ғасырда Веданта мәселелерімен үндінің атақты ғалымы Вивеканада, ал XX ғ. Р. Тагор, тіпті мемлекет қайраткері Д. Нерудің өзі де айналысқан. Веданта дүниенің жаратылуын Брахманмен байланыстырады. Бұл күйді Атман деп атайды, ол адамды ажалдан құтқарады. Сөйтіп өліп бара жатқан тіршілік иесі қайтадан жаңғырады.

«Санкхья» материалдық дүниені де, рухани дүниені де мойындайды. Бұл ағым бойынша материя үнемі қозғалыста және тәуелсіздік жағдайында өмір сүреді, бірақ еш нәрседен бейхабар күйде болады. Рухани дүниенің енжарлығы басым, бірақ бұл жерде саналылық басымдылық танытады. Ендеше, материя мен рухты, яғни «соқыр» мен «ақсақтың» бастарын біріктірсе олардың бойындағы кемшіліктер мүлде жойылады, сөйтіп бүл дүниеде жаңа құбылыстар пайда болады, адам бейнесі қалыптасады. Оның тәндік болмысына қайғы-қасіреттер жазылған, ал одан арылу үшін руханилылық мате- риалдықтан бөлінуі шарт. Бүл — өмірге келу мен өлімдер тізбегінің торынан шығып, нағыз бостандық пен әділеттілікке жету жолы. Санкхья будда дінінің идеялық жағынан қалыптасуына да үлкен ықпал жасады. Осы бір орайда, иогтардың ерекше рухани жағдайға жетудің көптеген әдістерін жасағандығын айта кеткен жөн. Оған өзін-өзі шектеу (аскетизм) және қалыпты жағдайдан мүлде басқаша көңіл күйде болу және т.б. жатады, Үнді поэзиясының тамаша туындысы «Махабхараттада» санкхья ілімі мен йог тәжірибелерін өзара байланыстырып, біріктіру қажеттігі атап көрсетіледі. Иогта психикалық белсенділікті шектеп, басу тәсілдері мен кез келген ақыл-ой қызметін тоқ- тату әдістерін қолдануға ерекше назар аударылады. Демек, иогтардың шынайы дарындылық қасиеттері мен құдіреттен басым түсу қабілеттерінің сыры осы бір жағдайларға да байланысты болып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет