«мәдениеттану пәнінен» «0103000 Дене тәрбиесі және спорт»



бет6/8
Дата02.12.2019
өлшемі1.47 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Бақылау сұрақтары:

1. Не себептен үнді – будда дінін жер шарындағы ең құдіретті діндердің бірі деп санайды?

2. Көне мәдени мұралардың бірі қай жылы шыға бастады?

3. «Жаратушы әні» гимнінде бізді қоршаған дүние былай деп сипатталады?

4. Неге материалистік тұрғыдан сипаттаудың арқасында, Құдайды мойындаудың мәні жойылады?

18 тақырып

Христиандық мәдениет түрі

Жоспар:

Өзінің табиғаттағы жағынан сан қырлы, әрі жан – жақты болып келетін христиан мәдениеті – Иисус Христос дінін қабылдаған барлық халықтарға тән мәдениет болып саналады. Христиан діні б.з.б. 1 ғасырда құдыретті Рим империясының шығысында қалыптасты. Алғашқы кезде буддизмнің бір тармағы ретінде пайда болған бұл дін б.з.б. 50 – шы жылдары қасиетті Павелдың арқасында миссионерлік дін дәрежесіне жетті.

Римнің қоғамдық өміріндегі қалыптасқан мұндай әлеуметтік -экономикалық дағдарыс бұрынан қалыптасқан діндердің құлдырауына әкеп соқты.

Христиандық адамгершілік қағидаларының өзіндік ерекшеліктерінің бірі – оның ізгілік қасиеттерді жекелеген адамдардың бойында ғана емес, бүкіл халықтың бойында қалыптастыруға бағытталуында. Олай болса, Иисус Христостың Інжілді дүние жүзінің барлық халықтарының арасында насихаттауға шақыру сырын түсіну онша қиындыққа соқпайды.

Христиан діні сонымен қатар коллективизм идеяларына толы болып келеді. «Жаңа өсиет» кітабының ішінен алғашқы христиандардың дүниемүлік принциптерін өмірге енгізу жайлы деректерді көптеген кездестіруге болады.

Христиан діннің қалыптасуының алғашқы кезеңінде байлыққа қызығушылыққа қарсы көзқарас қалыптасты. Иисус Христостың жолына аз өмірн бағыштауға бет алған жас жігітке «егер сен оның жолын қуғың келсе, бар байлығынды нашарларға тарат» делінсе, ал екігші бір жерде И. Христос «Түйеге иненің көзінен өту қандай қиын болса, байлықтың соңына түскен адамның құдайдың ризашылығына бөленуі де сондай қиын болады» деп опсыз дүниенің соңына түскен пақырларды алдын ала сақтандырады.

Христиан дінінің көркемдік бейнесі туралы мәселе мәдениет тарихындағы келелі мәселелердің бірінен саналады, өйткені христиан дінінің бет – бейнесі өнермен тығыз байланысты болып келеді. Олай болса әлемдік мәдениетте бір – бірінен ажырамас мұндай сабақтастықты «Христиан мәдени» деген терминмен белгілейміз. Әрине, көптеген өнер туындыларының мазмұны, ондағы түрлі сарындағы бейнелер Библияға тікелей қатысты екендігі ешкім жоққа шығара алмас.

Кейбір Библияға тақырыбына арналған өнер туындыларының мазмұндары шіркеу мүддесіне мүлде қайшы келеді.

Христиандық өнер туындыларына баға бергенде екі жағдайға назар аударған дұрыс: оның алғашқысы, шығарманың идеалдық бағыты; екіншісі, қарастырып отырған өнер туындысының христиандық мәдениет жүйесінде алатын орны.

Жер шарындағы қасиетті де, құдыретті мәдениеттердің бірі – Үнді мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді – будда мәдениеті. Үнді елінің ғасырлар бойы мәдени дәстүрлері оның талантты халқының діни сана – сезімінің қалыптасып, дамумен тығыз байланысты болған.

Үнді жеріне келген аррийлер өздерімен бірге б.з.б. 2000 жылы шыға бастаған көне мәдени мұралардың бірі – Ведаларды ала келіп, оны жергілікті халықтың арасына кеңінен тарата бастады. Ведалар дегеніміз – діни сарындағы дұғалардың, құрандардың, құрбандық шалу кезінде айтылатын суреттемелердің , табиғаттың поэтикалық бейнесін хабардар ететін өлеңдердің жиынтығы.

Шамамен б.з.б. 800 жылында қалыптасқан упанишадтар үнді арийлердің діни көзқарастарының дамуындағы басты қадам болып саналады. Ең басты – упанишадтарда Брахман мен Атман идеялары кеңінен көрініс тапқан. Брахман абсолютті шындық, абсолютті руханилық, бұл дүниеде одан тысқары ешнәрсе де жоқ, олай болса бізді қоршаған ортаның мәні де осы Брахманда. Ол Атман болса осы жағдайларды ескере отырып - жеке тұлғаны мойындау. Упанишадтар діни философиялық о сананың дамуына түрткі болды, сөйтіп көп ұзамай – ақ оның алты мектебі қалыптасты.

Үнді будда мәдениетіне тән қасиет дін мен философиның өзара тығыз байланыста болып, ұштаса білуінде.

Бір – бірімен өзара тығыз байланыста, ірі табиғи бірлікте болуына қарамастан үнді философияның алты классикалық мектебі де адамның әлемге дүниетанымдық қарым – қатынастарының сан – саласын қамтып, танып – білудің түрлі әдістерін қарастырады.

«Вайшешика» адам өміріне пайдалы шындылықтың алты түрін көрсетеді субстация, сапалық, іс – қимыл, жалпылық, ерекшелік, мәнділік Вайшебика бойынша, физикалық дүние атомдардан тұрады және ол мәңгілік болып саналады. Бірақ физикалық дүние атомдардан тұрғанымен, оның басты қозғаушы күші қарма заңдарына сәйкес әрекет ететін құдай болып саналады.

19 тақырып

Ислам мәдениеті

Жоспар:

1.Ортағасырдағы Еуропа мәдениеті: христиандық ортағасыр мәдениетінің негізі.

2. Қайта өрлеу мәдениетіндегі адам және гуманизм идеалдары.

3. Жаңа заманның мәдениқұндылық бағдарламалары.


Ислам дінінің ерекшеліктері:

1. Ислам – соңғы дін. Ислам дінінен басқа дін келмейді, үкімдері қиямет күніне дейін жалғасады. Ислам дінін адамадарға жеткізіп, баяндаған Хазіреті Мұхаммед (алейһіссәлем) соңғы пайғамбар. Одан басқа пайғамбар келмейді.

2. Ислам – дүниежүзілік дін. Алдыңғы пайғамбарлар жеткізіп, баяндаған діндер тек қана белгілі бірұлтқа, халыққа келсе, Ислам діні бүкіл дүние жүзіндегі халықтарға жіберілген.

3. Ислам дінінің үкімдері барлық адамдардың мұқтаждарына жауап бере алатындай кәміл. Сондықтан басқа діндерге сенуге ешқандай қажеттілік қалмаған.

4. Ислам діні өзінен бұрын Аллаһ тарапынан жіберілген пайғамбарлар мен діни кітаптардың бұзылып бұрмаланбаған түп нұсқаларын растап мойындайды.

5. Ислам діні алдыңғы пайғамбарлар баяндаған діндердің үкімдерінің күшін жойған. Өйткені олар белгілі бір халыққа, әрі белгілі бір уақытқа жіберілген. Ал Ислам діні болса, барлық халыққа жіберілген және қиямет күніне дейін жалғасатын дін.

Исламның негізгі екі бағыты – сүннизм, шиизм және бірнеше тармақтары, секталары бар. Ислам – бұл тек дінге сену ғана емес, сонымен қатар өмір сүру мен сананың ерекше түрі. Исламның негізгі ақиқат – бір құдайға табыну.

Мистицизм – нақты ақиқатқа ақыл-оймен жету мүмкін емес, оны тек интуитивті сезінуге болады дейтін көңіл-күй. Философтар Платон мен Аристотельдің саяси теориясымен таныс болды, кейбіреулері, әл-Фараби сияқты ойшылдар саяси трактаттар жазды.

Қазақстан территориясында исламның таралуы бірнеше жүз жылдарға созылды.

Оңтүстік Қазақстандағы көшпенділер арасында исламның тарлуына үлкен үлес қосқан сопы орденін құрушы – Қожа Ахмет Йассауи. Оның өлеңдері құдайдың құдіретінің күшті екендігі жөнінде және оған мойынсұнудың қажеттігін уағыздайды.

Ислам мұсылмандықты қабылдаған басқа халықтар сияқты қазақтарда да ислам діні пайда болғанға дейінгі әртүрлі салт-дәстүрлермен қоян-қолтық араласып кетті. Қазақтар өздерін мұсылманбыз деп сезініп, бұрыңғы ата-бабаларынан қалған салт-дәстүрлерді мұсылмандық деп санады.

Ислам мәдениетіндегі мемлекеттер Батыс мәдениеті-нің шекараларын Әмәуилер, Аббаситтер мен Осман импе-риясының шарықтау кезең-дерінде өздеріне қосып алуға тырысқан, бұл жаулап алу әрекеті, әсіресе, түріктердің Исламды қабылдауынан кейін өрши түсті. Анадолының басып алынуынан кейін крестшілер жорықтарының себебімен және мұсылман түріктердің Батыс елдеріне жасаған шабуылдарының нәтижесінде Ислам мәдениеті мен Батыс мәдениеті бетпе-бет кездесті.

Фараби, Ибн Сина, Ғазали сияқты Ислам философтарының және Аристотельдің шығар-маларын Еуропа, латын тілдеріне аудару еңбегімен қатар, Батыс әлемі өзге ғылымдармен де шұғылдану керектігін байқады. Тіпті университеттерінде де ХІІ ғасырдың соңғы жылдарынан бастап медицина сабақтарының тақырыптарын Ибн Синаның «Канон» және Ибн Рушдтің медицина жайындағы еңбек-терінен алды.

Римдіктер және олардың ізбасарлары болып табылатын византиялықтар Шығыс мәде-ниетінің Батысқа өтуіне себепкер болды. Ислам дінінің келуінен бастап Батыс әлемі Шығыс мәдениетін Ислам мәдениеті арқылы алуға және жаюға мәжбүр болды.

Ескі Шығыс мәдениетінің және антикалық (ежелгі) дәуір ғылымдарының Батысқа өтуіне мұсылмандар себепші болған. Ежелгі замандарда шыққан ғылымдарды сол елдерге барып үйренген мұсылмандар, бұл ғылымдарға көптеген өз үлестерін қосып Батысқа жеткізген.
Бақылау сұрақтары:
1. Ислам діні — араб мәдениетінің бастамасы?

2. Исламдағы мистицизм ретінде қалыптасуы?

3. Шығыс ренессансы мәдени феномен ретінде?

4. Ислам дінінің Қазақстандағы таралуы?



20 тақырып

Қазіргі қоғам мәдениетінің басты құндылықтары.

Жоспар:

Қоғамның рухани өмірінің ерекшелігі

Рухани қызмет

Қоғамның рухани қажеттіліктері мен тұтыну

Қоғамның рухани өмірі – қоғамның өмір сүруі мен қызмет етуінің маңызды жағы болып табылады. Егер де, ол бай мазмұнға ие болатын болса, онда адамдардың өміріне қолайлы рухани жағдай, тиісті моральдық-психологиялық климат қалыптасады. Қоғамның рухани өмірінің мазмұнына оның нақты адамилық мәні айқындалады. Өйткені руханилық тек қана адамға тән және оны басқа тіршілік иелерінен ажырататын, табиғаттан жоғары қоятын қасиет.

Қоғамның рухани өмірі өте күрделі ұйымдасқан. Ол адам санасының әр түрлі көріністерімен, олардың ойлары мен сезімдерімен шектелмейді, бірақ, олардың санасы рухани өмірдің өзегі, тірегі деуге толық негіз бар. Қоғамның рухани өміріне келесі негізгі элементтерді жатқызуға болады:



а) тиісті рухани құндылықтарды өндіру мен тұтынуға бағытталған адамдардың рухани қажеттіліктері;

б) рухани құндылықтар;

в) рухани қызмет;

г) тұтас рухани өндіріс жүйесі;

д) рухани тұтыну;

е) рухани қатынастар.

Рухани қызмет рухани өмірдің негізін құрайды. Оны сананың қызметі ретінде қарастыруға болады, оның барысында адамдардың табиғи және әлеуметтік құбылыстар жөнінде бір ойлары мен сезімдері, ұғымдары мен түсініктері қалыптасады. Мұндай қызметтің нәтижесі ретінде адамдардың дүние туралы белгілі бір

көзқарастарын,

ғылыми идеялары мен теорияларын,

моральдық,

эстетикалық және діни ой-пікірлерді қарастыруға болады.

Бұлардың бәрі тиісті моральдық принциптер мен мінез-құлық номаларында, халықтық және кәсіби өнер туындыларында, діни жол-жора, салт-дәтүрлерде және т.б. көрініс табады. Рухани қызметтің нәтижесінде тиісті рухани игіліктер немесе құндылықтар қалыптасады. Рухани құндылықтарға адамдардың кез келген көзқарастарын, ғылыми идеяларды, гипотезалар мен теорияларды, көркем туындыларын, моральдық және діни сананы, адамдардың рухани қарым-қатынасын дәне сананың негізінде қалыптасатын моральдық-психологиялық жағдайды жатқызамыз. Рухани құндылықтарды тарату, тұтынушыға дейін жеткізу рухани қызметтің ерекше бір түрі болып саналады. Бұл, олардың сауаттылығы мен рухани мәдениетін арттырудағы өте маңызды әрекет. Осыған байланысты қоғамдағы білім беру мен тәрбие мәселесі, ғылым және мәдениет мекемелерінің қызмет етуі дұрыс жолға қойылу керек.



Адамдарды рухани қызметпен айналысуға итермелейтін негізгі күш – рухани қажеттіліктер. Соңғылар, адамды рухани шығармашылықпен айналысуға, рухани қүндылықтарды жасау мен тұтынуға, рухани қарым-қатынасқа бағыттайды, соған жол ашады. Рухани құндылықтар мазмұны жағынан объективті болып табылады. Өйткені олар өмірдің өзінен туындайды және адамдардың қоршаған дүниені рухани тұрғыдан игерудегі объективтік қажеттілігін айқындайды. Сонымен бірге, рухани қажеттіліктер формасы жағынан субъективті болып келеді, өйткені, олар адамдардың ішкі дүниесінің, қоғамдық және жекедаралық санасы мен өзіндік санасының көріністері ретінде байқалады.

       Қоғамның рухани өмірінің келесі маңызды элементі – рухани тұтыну. Сөз рухани игіліктерді тұтыну туралы болмақ. Рухани игіліктерді тұтыну арқылы адамдар өздерінің рухани қажеттілктерін қанағаттандырады. Рухани тұтынудың нәрселері (өнер туындылары, моральдық, діни және т.б. құндылықтар) тиісті қажеттіліктерді туғызады. Сондықтан қоғамның рухани мәдениетінің нәрселері мен көріністерінің көп болуы адамның әр түрлі рухани қажеттіліктерінің қалыптасуының маңызыды алғышарты болып табылады. Рухани тұтыну процессі әр қилы жүзеге асады.



Мәдениет теориясы бойынша тест сұрақтары.

(І-бөлім.)

1. Мәдениеттанудың теориялық негізі:

Философия.

Тарихи материализм.

Қоғамтану.

Мәдениет философиясы.

Тарих философиясы.
2. Мәдениет термині қай тілден алынған?

Қазақ.


Парсы.

Қытай.


Араб.

Үнді.
3. “Культура” термині қай тілден алынған?

Грек.

Латын.


Орыс.

Араб.


Ағылшын.

4. Еуропалық дәстүрде мәдениетке қарсы қойылған ұғым:

Натура.

Тағылық.


Варварлық.

Өркениет.

Надандық.

5. “Мәдениет” ұғымының құрамына енбейтін белгі:

Жұлдызды аспан.

Дін.


Өнер.

Әдеп.


Білім.

6. Менталитет мәдениеттің қай деңгейімен тығыз байланысты?

Суперөркениет

Ұлттық мәдениет

Субмәдениет

Әлемдік мәдениет

Рухани мәдениет

7. Дәстүрлі мәдениетті жан-жақты зерттеген ғалым кім?

К.Маркс

М.Мид


А.Швейцер

Э.Фрамм


М.Ганди

8. Гуманистік дәстүрдегі күш көрсетпеу этикасы өкілдерінің бірі:

А.Швейцер

Гегель


Кант

Л.Толстой

А.Сахаров
9. “Мәдениет және этика” еңбегінің авторы кім?

Л.Толстой

А.Сахаров

М.-А.Кинг

А.Швейцер

Кант
10. Мәдениет қандай құрылымдық бөліктерден тұрады?

Материалдық және рухани.

Дін, білім, өнер, дүниетаным.

Әдептілік, тәртіп, сұлулық.

Жазу-сызу, сәулет өнері, салт-дәстүр.

Қалалр, мемлекеттер, халықтар.
11. “Өркениет” ұғымының бастапқы этимологиялық мағынасы:

Азаматтық қоғам.

Ақыл-ой негізінде құрылған қоғам.

Мемлекеттік мүдде.

Қалалық.

Мәдениеттік.


12. “Ақпараттық қоғам” терминін кім енгізді?

Дж. Масуда.

М.Маклюэн.

А.Тоффлер.

Дж. Бенигер.

Д.Белл.
13. “Типология” термині қай тілден енген?

Грек.

Латын.


Араб.

Орыс.


Неміс.
14. Мәдениеттер типологиясының тұйық шеңберлік (циклдік) теориясын ұсынған мәдениеттанушылар:

Н.Данилевский, Н.Бердяев.

О.Шпенглер, А.Тойнби, К.Ясперс.

Д.Вико, Гердер, Гегель.

Ф.Ницше, А.Шопенгауэр, К.Маркс.

Д.Вико, Н.Данилевский, О.Шпенглер, А.Тойнби.


15. “Белдеулік уақыт” ілімін кім дамытты?

К.Ясперс.

А.Тойнби.

Д.Вико.


Н.Бердяев.

О.Шпенглер.


16. Алғашқы өркениеттер К.Ясперстің пікірі бойынша қай жерлерде пайда болды?

Ніл, Қосөзен, Инд, Хуанхе аңғарлары.

Ежелгі Грекия, Рим.

Орта және Орталық Азия.

Египет пен Шумерде.

Үнді мен Қытайда.


17. Еуропадағы ортағасырлық мәдениетте дүниетанымның қай түрі үстем болды?

Философия.

Өнер.

Дін.


Мифология.

Ғылым.
18. Мәдениеттанудағы символистік бағыттың өкілі кім?

М.Вебер.

О.Шпенглер.

К.Ясперс.

А.Тойнби.

Э.Кассирер.
19. Мәдениетті құндылық теориясы тұрғысынан түсіндірген кеңестік ғалым қайсысы?

Н.Чавчавадзе.

М.Каган.

Э.Маркарян.

В.Межуев.

Н.Злобин.


20. “Тарихтың мағынасы мен міндеттері” еңбегінің авторы кім?

М.Бахтин.

О.Шпенглер.

Л.Гумилев.

А.Тойнби.

К.Ясперс.


21. “Еуропаның ақыры” еңбегінің авторы кім?

А.Тойнби.

К.Ясперс.

О.Шпенглер.

Н.Данилевский.

К.Маркс.
22. “Тарихты игеру” ізденісінің авторы кім?

А.Тойнби.

Э.Тайлор.

Н.Данилевский.

П.Сорокин.

К.Ясперс.
23. “Алғашқы қауымдық мәдениет” еңбегінің авторы кім?

А.Тойнби.

Э.Тайлор.

Н.Данилевский.

П.Сорокин.

К.Ясперс.


24. О.Шпенглер неше тарихи-мәдени типтерді санап өтеді?

10.


21.

8.

13.



9.

25. ХХ ғ жазу мәдениетінен қай мәдениетке ауысу болды?

Кітап.

Бұқаралық.



Ауызша.

Экрандық.

Теледидарлық.

26. Грек тіліндегі “этнос” сөзі нені білдіреді?

Ел.

Жұрт.


Халық.

Ұлт.


Мемлекет.

27. Мәдени сұхбат идеясына жатпайтын терминді көрсет.

Европоцентризм.

Мәдени плюрализм.

Мәдени байланыс.

Мәдени қарым-қатынас.

Мәдени мозаика.

28. Мәдениеттің функционалдық теориясының авторы кім?

З.Фрейд.

А.Тойнби.

Н.Данилевский.

К.Маркс.


Б.Малиновский.

29. И.Хейзинга мәдениеттің пайда болуын немен байланыстырады?

Еңбекпен.

Сұхбатпен.

Ойынмен.

Дінмен.


Құмарлықпен.

30. Мәдениетті этикамен тығыз байланыстыра қарастырған кім?

Ортега-и-Гассет.

М.Бахтин.

А.Швейцер.

Н.Бердяев.

М.Фуко.

31. Э.Кассирер адамға қандай анықтама береді?



Ақылды адам.

Ойын үстіндегі адам.

Күлкілі адам.

Рәміздік адам.

Саяси адам.

32. Өркениетті мәдениеттің өлімі деп танитын мәдениеттанушы кім?

О.Шпенглер.

А.Тойнби.

П.Сорокин.

И.Хейзинга.

Ф.Ницше.

33. “Homo ludens” шығармасының авторы кім?

К. Леви-Стросс.

И.Хейзинга.

Э.Кассирер.

М.Бахтин.

О.Шпенглер.

34. Ноосфера (парасатты орта) туралы түсінікті енгізген кім?

В.И.Вернадский.

Л.Н.Гумилев.

Н.Федоров.

Н.Чижевский.

Н.Бердяев.

35. Көне грек тіліндегі “пайдея” ұғымы нені білдіреді?

Тәрбиелеу, баулу.

Өсіру.


Жер өңдеу.

Шешендік өнері.

Ғылым-білім.

36. Аксиология нені білдіретін ұғым?

Мораль теориясын.

Өмір философисын.

Құндылықтар теориясын.

Тарихи-мәдени типтер теориясын.

Этногенез теориясын.

37. “Аккультурация” ұғымы нені білдірмейді?

Мәдении изоляция, оқшаулықты.

Мәдени сұхбат.

Мәдениеттердің өзара ықпал ету процесі.

Мәдени қарым-қатынас.

Мәдени диффузия, біріне-бірінің сіңісуі.

38. Қоғамдағы мәдениеттің атқаратын неше қызметі бар?

5.

6.

7.



4.

3.

39. ХХ ғ мәдениеттану ғылымы саласының негізгі мектептері нешеу?



4.

8.

13.



9.

10.


40. Қайсы ғалым мәдениеттің тұрақталған 13 түріне тоқталды?

О.Шпенглер.

А.Тойнби.

Н.Данилевский.

З.Фрейд.

К.Лоренц.

41. Қоғамдық-тарихи мектептің қалыптасуына үлес қосқан ғалымдар:

О.Шпенглер, А.Тойнби, Н.Данилевский.

З.Фрейд, К.Лоренц.

Томас Стернэ Элиот, Н. Маниавели.

Т.Карлейль, Ф.Ницше, А.Вебер.

Э.Кассирер, К. Леви-Строс.

42. Экрандық мәдениет қандай әлеуметтік құбылыс негізінде пайда болды?

Өнеркәсіптік революция.

Ғылыми-техникалық прогресс.

Ғылыми-техникалық, ақпараттық революция және жаңа экономикалық тәртіп.

Әдебиет, өнер және ғылымның өркендеуі.

Бұқаралық ақпарат құралдарының сапалық өзгерістері.

43. Мәдени типологияның проблемасымен айналысқан, әлеуметтік стратификацияны зерттеген және әлеуметтік мәдени динамика концепсиясының авторы, тегі орыс американ социологының атын атаңыз:

Н.Бердяев.

Н.Данилевский.

П.Сорокин.

А.Лосев.

В.Библер.

44. И.Хейзинга мәдениеттің пайда болуын немен байланыстырады?

Еңбекпен.

Сұхбатпен.

Ойынмен.


Дінмен.

Құмарлықпен.

45. Мәдениетті талдаудың қандай тәсілдері бар?

Тарихи-салыстырмалы, өркениетті-типологиялық.

Функционалды-құрылымдық.

Семиотикалық.

Морфологиялық, құрылымдық, сұхбаттық.

Жоғарыда айтылғандардың бәрі.

46. О.Шпенглер типологиясына қай мәдениет кірмейді?

Египет.


Үнді.

Қазақ.


Қытай.

Араб.


47. “Сублимация”, “либидо” терминдерін кімнің мәдениеттанулық концепсиясынан кездестіреміз?

Э.Фромм.


З.Фрейд.

А.Тойнби.

Э.Тэйлор.

Б.Малиновский.

48. Маркстің адам мен мәдениет генезисі концепсиянсының негізінде не жатыр?

Еңбек.


Рефлекция.

Пассионарлық.

Ойын.

Инстинкт.



49. Мәдениеттің регулятивтік функциясы:

Тәртіптің негізін қалыптастыру.

Рухани өмірдің ізденісін жүзеге асыру.

Ата мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу.

Дүниеге көзқарасты қалыптастыру.

Жеке тұлғаны қоғам өміріне енгізу.

50. Техногендік өркениеттің негізгі белгілері:

Технизация.

Компьютеризация.

Интеграция.

Глобализация.

Барлық аталғандар.

51. “Культура” деген сөз алғашында нені білдірді?

Жанды жетілдіру.

Тәрбие, білім.

Жерді өңдеу.

Ілім, даму.

Материалдық өндіріс.

52. Мәдениеттанудың негізгі бөлімдерінің бірі:

Онтология.

Гносеология.

Мәдениеттің тарихы.

Пропедевтика.

Логика.


53. Қандай да болмасын негіздемелеріне, белгілеріне қарай мәдениеттер топтандырылуы қалай аталынады:

Мәдениет философиясы.

Мәдениет типологиясы.

Мәдениет тарихы.

Мәдениет антропологиясы.

Мәдениет теориясы.

54. Өркениетті мәдениеттің соңғы даму сатысы және оның дағдарысы ретінде бағалаған ғалым:

О.Шпенглер.

З.Фрейд.

А.Тойнби.

Э.Кассирер.

Л. Леви-Брюль.

55. “Ресей мен Еуропа” еңбегінің авторы:

П.Сорокин.

Н.Данилевский.

О.Шпенглер.

М.Маклюэн.

В.Соловьев.

56. Ноосфера теорисының негізін салушы:

К.Ясперс.

В.Вернадский.

Л.Гумилев.

Н.Батищев.

П.Флоренский.

57. “Европаның күйреуі” еңбегінің авторы:

Данилевский.

Леонтьев.

Бердяев.


Ясперс.

Шпенглер.

58. Футурологияның зерттейтін бағыты:

Адамның іс-әрекеті мен білімдарлығының негізін ақыл-ой деп санайтын бағыт.

Белгі жүйесін зерттеу.

Адамзат білімінің бірлігі, адамзат қоғамының болашағы туралы көзқарас.

Адамзаттың материалдық және рухани мәдениетінің қайта өрлеу процесі.

Әлеуметтік институттардың қызметін зерттеу.

59. ХХ ғ. өнер мен техника синтезінен өнердің қандай түрлері пайда болды?

Музыка.


Көркем фотосурет.

Кино.


Светомузыка.

Пунктінен басқа көрсетілгендердің бәрі.

60. Мәдениеттану жеке ғылым ретінде қай ғылымнан бөлінді?

Тарих.


Философия.

Әлеуметтану.

Этнография.

Саясаттану.

61. Мәдениет құрылымын қай сфераларға бөлуге болады:

Материалдық.

Рухани.

Әлеуметтік.



Демографиялық.

4 – ден басқасы.

62. Қай ұғым рухани мәдениетке тиіс емес:

Ғылым.


Өнер.

Транспорт.

Мораль.

Құқ.


63. Архетип ұғымын ғылымға кім енгізді:

К.Ясперс.

К.Г. Юнг.

Э.Тэйлор.

О.Шпенглер.

А.Тойнби.

64. Тілдердің түрлері:

Машина және бағдарлау тілі.

Табиғи және жасанды.

Рационалдық.

Ғылым тілі.

Аталғандардың бәрі дұрыс.

65. “Өркениет” ұғымы қандай мағынаны білдіреді?

Қоғамдық дамудың деңгейі.

Варварлықтан кейінгі қоғамдық дамудың деңгейі.

Мәдениеттің синонимі.

Бұл түсінік барлық ғылыми әдебиетте жоғарыда айтылған барлық мағынада автордың көзқарасына байланысты қолданылады.

Тарихи өрлеудің негізгі ерекшелігі.

66. Философия ғылым ретінде қалыптасқан көне грек қаласы:

Афины


Милет

Микены


Спарта

Эфес


67. Тарихи-мәдени типологиямен айналысқан ХІХ ғ белгілі орысы социологын атаңыз:

Н.Михайловский.

К.Леонтьев.

Н.Данилевский.

Н.Бердяев.

В.Соловьев.

68. Қандай әлеуметтік құбылыстардың негізінде экрандық мәдениет пайда болды?

Өндірістік төңкеріс негізінде

Экономикалық өрлеу негізінде

Ғылыми-техникалық ақпараттық төңкеріс негізінде

Әдебиет пен өнердің дамуы негізінде

Демократия дамуы негізінде

69. Ғылыми әдебиетте “екінші табиғат” ұғымы қандай мағынада қолданылады:

Қоғам.


Мәдениет.

Техника.


Білім беру.

Дін.


70. Қандай мәдени құндылықтар ұлттар мәдениеттерінің ерекшіліктерін көрсетеді:

Жалпы адамзаттық

Ұлттық

Шектелген топтық



Отбасылық

Жеке тұлғалық



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет