«Мәдениеттану» пәнінен СӨЖ сабақтарының



жүктеу 0.86 Mb.
бет1/3
Дата03.04.2016
өлшемі0.86 Mb.
  1   2   3
: CDO -> OBSOJ -> Geo
Geo -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Geo -> Медициналық география» пәні бойынша 050116-«География» мамандығының 3 курс студенттерінің білімін бақылауға арналған обсөЖ және емтихан тапсырмалары
Geo -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Geo -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Geo -> «Табиғатты қорғау және ерекше қорғалатын территориялар»
Geo -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Geo -> Гуманитарлық білім” факультеті География және қоғамдық пәндер” кафедрасы
Geo -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Geo -> «Гуманитарлық білім» факультеті «География және қоғамдық пәндер» кафедрасы
Geo -> Тарих және құқықтану” факультеті Отан және шетел тарихы” кафедрасы


Қазақстан республикасы

Білім және ғылым министрлігі

«Сырдария» университеті

«Гуманитарлық білім» факультеті

«Қоғамдық пәндер және география» кафедрасы
Бекітілді

Факультеттің оқу әдістемелік кеңесі

№ ___хаттама ____________2008ж

«Мәдениеттану » пәнінен СӨЖ сабақтарының

әдістемелік нұсқауы

Факультет аралық мамандықтарының

1 -курстары үшін

Жетісай - 2008 ж

Құрастырған: доцент Рүстемов М.Ә.

ОҚУ -ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Мәдениеттану» пәні бойынша факультет аралық мамандықтары студенттерінің 1 курстары үшін әзірленген.

«Әдістемелік нұсқау» типтік бағдарлама негізінде құрастырылған.

Типтік бағдарламаның индексі: ___________

«Әдістемлік нұсқау» «Қоғамдық пәндер және география» кафедра мәжілісінде талқыланған

№ Хаттама __________ «___»____________2008ж

Кафедра меңгерушісі: __________________


Университет әдістемелік кеңесінде мақұлданған

№ Хаттама __________ «___»____________2008ж

Әдістемелік кеңестің төрағасы:__________________


Университет Кеңесінде мақұлданған

№ Хаттама __________ «___»____________2008ж

Университет кеңесінің төрағасы: __________________

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫ
№1-тапсырма
Тақырыбы: Мәдениеттанулық талдаудың жалпы және айрықша әдістері.

Мәдениеттану жеке пән ретінде XIX ғ. соңғы ширегінде калыптасты. Өйткені, дәл осы кеезде мәдениет пен табиғатты (табиғилықты) қарама-қарсы қою, мәдениетті адам жасампаздығының, творчествосының нәтижесі, туындысы деп түсіну гуманитарлық білім жүйесінде берік орын алды.

Мәдениеттану пәнін тереңірек түсіну үшін аталмыш ғылым саласының нені, кандай кұбылыстар саласын зерттейтініне талдау жасау керек.

Мәдениеттану қоғамдағы әртүрлі процестерді: материалдық, саяси-әлеуметтік, көркемдік, моральдық, құбылыстарды зерттейді. Мәдениеттанудың мақсаты мәдениет дамуының жалпы зандылықтарын, оның қоғамда қызмет етуінің-принциптерін, әртүрлі мәдениеттердің ерекшелігін, бірегейлігін, олардың өзара байланысын ашу. Сонымен бірге мәдениеттану қазіргі өркениет келбетін, ерекшеліктерін, заңдылыктарын, мәдениет тарихын, адам бойында мәдени қажеттіліктер мен мүдделердің қалыптасуын, оның мәдени құндылықгарды өндіріп, сақтаудағы және оны келешек ұрпақка жеткізудегі рөлін зерттейді.

Мәдениеттану құрылымында екі бағытты бөліп қарастыруға болады.

Біріншісі – мәдениет териясы. Ол мәдениет генезисін, даму заңдылықтарын, мәдениеттің қоғамдық болмыс салаларымен арақатынасын және т.б. теориялық мәселелерін зерттейді.

Екіншісі, мәдениет тарихы - мәдениет дамуының негізгі кезеңдерін, оның уақыт пен кеңістік аясындағы келбетін, әртүрлі мәдениеттер арасындағы сұхбаттастықты, сұхбаттастық пен айырмашылықты тануға бағытталған. Міне, осы тұрғыда мәдениеттану тарих, әдебиет, этнография, өнертану, археология сияқты ғылымдармен тығыз байланыста болады. Аталған ғылым салалары мәдениеттің белгілі бір салаларын зерттейді. Ал мәдениетанудың олардан айырмашылығы: ол мәдениетті бір тұтас, жүйелі құбылыс ретінді қарастырады. Екіншіден, мәдениеттану мәдениетті туынды немесе нәтиже ретінде емес, үнемі дамуда болатын әлеуметтік-тарихи процесс ретінде зерттеуге талпынады (мәдениеттанудың баска ғылымдардан айырмашылығын терең түсіну мақсатында, сіздерге Т.Х.Ғабитовтың "Мәдениеттануға кіріспе" (Алматы: Санат, 1995 ж.) және "Мәдениеттану" (Алматы: Раритет, 2000 ж.) оқулықтарын карап шығуды ұсынамыз.)

Мәдениеттанудың қалыптасуына әлеуметгік (мәдени) антропология зор ықпал етті. Антропология — адамзат пен адамзат қоғамының қалыптасып дамуы туралы ғылым. Әлеуметтік (мәдени) антропология өзінің даму барысында бірнеше сатылардан өтті.



  1. Этнографиялық кезең (1800-1860 жж).

  2. Эволюциялық кезең (1860-1890 жж. ортасы).

  3. Тарихи кезең (1890-1920 жж. ортасы)

  4. Психологиялық кезең (1920-1950 жж).

  5. Құрылымдық-функционалдық кезең (1930-1950 жж).

  6. Неоэволюциялық кезең (1950-1980 жж).

  7. Постқұрылымдық кезең (1980 ж. - осы уақытқа дейін).
    Бұл кезеңдердің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар

(бұл туралы сіздер АИ.Пигалевтың "Культурология" (Вояроград, 1999 ж.) оқулығынан толық мәлімет ала аласыздар)

Мәдениетке антропологиялық тұрғыдан берілген бұл анықтаманы мәдениеттану саласындағы, көптеген сыншылар «жалпылама» деп есептеп, оның эмперикалық сипатта екендігін баса көрсетеді. Сонымен қатар олар «әлеуметтік антропология» әлеуметтанудың (социологияның) негізгі әдістері мен үлгілерін қабылдап, осы ғылымға мүлде бет бұрып кетті деп пайымдап, ал «мәдени антропология» деп аталатын антропологияның басты саласы — психология мен тарихқа ден қойды деп тұжырым жасайды. Әрине, түрлі пәндерге бағдар жасау өзіміз қарастырып отырған антропология саласында ғана емес, жалпы мәдениетті түрлі мағынада түсіндіруге әкеліп соғары сөзсіз. Осы орайда ерекше атап өтетін бір жәйт, ғасырлар бойғы даму жолынан өткен социология да дәл баяғыдай жаратылыстану ғылымдарына сүйенеді, әлеуметтік ғылымды әлеуметтік философияға қарсы қояды.


Негізгі ұғымдар:

Мәдениеттану. Антропология. Этнография. Эволюция.Постќұрылымдыќ кезең.

Баќылау сұраќтары:

1. Мәдениет теориясы нені зерттейді?

2. Мәденит-тарихы ұғымын ќалай түсінесіңдер?

3. Мәдениеттану ќандай ғылымдармен тығыз байланысты?

4. Әлеуметтік антропология даму барысында ќандай сатылардан тұрады?

5. Эволюциялық кезең қай жылдардың арасын қамтиды?


№ 2-тапсырма
Тақырыбы: Қазіргі мәдениеттегі «Шығыс - Батыс» түсінігінің орны қандай?
ХХ ғасырда ғылыми-техникалық революция мен ғаламдық өзгерістерге байланысты Шығыс пен Батыс мәдениеттерінің өмір сүру мәселесі өткір қойылды. Ол әлемдік мәдениет пен бүкіл адамзат үшін өмірлік маңызды қайшылықтардың біріне айналды.

Батыс – бұл шамамен ХІV-ХVІІ ғасырларда Европада қалыптасқан мәдени дамудың осындай үлгісінің тұжырымдамалық анықтамасы және экономиканың, техника мен технологияның жедел өзгерісне, табиғи және әлеуметтік әлемнің шұғыл өзгерісіне, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамға, ғылыми рационалдық және индивидуализмге негізделеді.

Шығыс – мәдениеттің ең көне үлгісі, ол өте баяу өзгереді, мұнда адам мен қоғамның, адам мен табиғаттың, адам мен ғарыштың бірлігі мен өзара байланысы ретінде дәстүрлер, мифтер, ұғымдық идеалар үстемдік етеді.

Батыс пен Шығыс барлық елеулі айырмашылықтарына қарамастан бірін-бірі жоққа шығармайды, олар мәдени дамудың біртұтас процесінің екі жағын құрайды. Шығыс мәдениеттің тұрақты баяу өзгеретін бірлігін бейнелейді. Ол белгілі бір шекте адамзатты қисынсыз, қауіпті қадамдардан сақтандыра отыра, әлемдік мәдениеттің дамуын тежеуші фактор ретінде қызмет етеді. Батыс, керісінше адамзатты табиғаттың, қоғамның өзгерісіне бейімдей отыра, мәдениеттің қозғалыстағы динамикалық бірлігін сақтайды.

«Батыс әр уақытта Батыс, Шығыс әрқашанда Шығыс» мәселесі әрдайым қала береді және олардың ауыспайтын орнықты сипаттағы негізгі себептерін талап етеді.

Екінші себеп бірінші себептен туындайды және Батыс пен Шығыстың белдеулік мәдениеттерінің құндылықтарымен мәндерінің мазмұндарының жан-жақтылығымен ерекшеленеді. Алайда олардың арасындағы айырмашылықты массионизм – басқа мәдениет әлеміне рухани өктемдік туғызып отыр.

Қазіргі мәдениеттану «Жерде көптеген мәдениет бар және олардың әрқайсысы әлемдік тарихқа қайталанбас келбет беруге қабілетті, әр мәдениетте төл тума мәдени шығармашылық аймағы бар» деп санайтын қағидадан туындайды. Бұл әрбір мәдениет өз арасына әлем мәдениеттерінің сүбелі тұстарын сіңіреді дегенді білдіреді.
Негізгі ұғымдар:

Шығыс мәдениеті. Батыс мәдениеті. Адам. Табиғат. Технология. Массионизм.


Баќылау сұраќтары:

1. Қай ғасырда ғылыми-техникалық революция және ғаламдық өзгерістер болды?

2. Шығыс-Батыс мәдениетінің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?

3. Қай мәдениетте (Шығыс-Батыс) дәстүрлер, мифтер, ұғымдық идеалар үстемдік етеді?

4. Қайсы мәдениет (Шығыс-Батыс) адамзатты, табиғаттың, қоғамның өзгерісіне бейімдей отырып мәдениеттің динамикалық бірлігін сақтайды?
№ 3-тапсырма
Тақырыбы: Мәдениет типологиясы деген не?
Мәдениет құбылысын толық және табысты зерттеу үшін жіктеу немесе типология әдістері қолданылады. Мәдениет типологиясы – ғылыми таным әдісі, оның негізінде әлеуметтік мәдени жүйелер мен обьектілерді және олардың топталуын қорытылған идеалданған үлгісінің немесе тектің (түрдің) көмегімен бөлшектеу жатыр.

Түр – заттар, обьектілер, құбылыстар топтарының жалпы белгілеріне, ерекшеліктеріне негізделетін өзіндік таза, теориялық үлгі.

Типологияға қажеттілік құрамы, көптігі бойынша әр түрлі обьектілерге ғылым ұшырасқан жағдайда пайда болады және олардың реттеу жазбасы мен түсіндірме мәселелерін шешеді. Мәдениетті зерттеу барысында типологиялық құрылым ғылымдар бірыңғай “құрылым жоспарын” іздеумен әуестене бастаған ХVІІІ-ХІХ ғасырларда кең қолданыла бастады. Н.Я. Данилевскийдің, О.Шпенглердің, А.Тойинбидің мәдени-тарихи мектептері зерттеуді осы бағытта жүргізді. Марксизм өз жүйесін қоғамның экономикалық үлгілеріне құрып, оның негізі етіп өндіріс қабілетінің өлшемін алды. Неміс әлеуметтанушысы Н.Вебер идеалдық үлгілерді құрудың әдісін әзірледі. ХІХ ғасырдағы американдық әлеуметтануда құрылған үлгілер әдісі қолданылды. Сонымен қатар, қазіргі мәдениеттануда оларды мынадай түрлерге бөледі:


  • Мәдениеттің конфуцишылдық – даостық жүйесі;

  • Мәдениеттің үнді – буддалық түрі;

  • Ислам мәдениетініңәлемі;

  • Мәдениеттің христиандық түрі;

Негізгі ұғымдар:

Типология. Ќұрылым жоспары. Әлеуметтік. Мектептер.
Баќылау сұраќтары:

1. Типология ұғымы нені білдіреді?

2. Типологияға ќажеттілік ќұрамы ќандай жағдайда пайда болады?

3. Американдыќ әлеуметтанудағы үлгілер әдісі ќазіргі мәдениеттануда ќандай түрге бөлінеді?

4. Мәдениет типологиясы ќандай әдіске жатады?
№ 4-тапсырма
Тақырыбы: Мәдениет және өркениеттілік.

Мәдениеттану ғылымында мәдениет ұғымының 500-ден аса анықтамалары бар екен белгілі. Ғылымда ұзақ уақыт бойы “мәдениет” ұғымы кең және тар мағынада қолданылып келді. Кең мағынасында мәдениет дегеніміз – адам мен жануардың арасындағы негізгі айырмашылықты білдіреді және адам характерінің барлық нәтижелерін қамтиды. Бұл тұрғыда мәдениет қоғам ұғымымен ұласып, астасып келеді.

Ал тар мағынасында мәдениет тек рухани сферамен, рухани құндылықтар аймағымен шектеледі. Мәдениетті осылайша түсіну Цецерон еңбектерінен бастау алады. Ол мәдениетті “жанды жетілдіру” деп түсінген. Мәдениет сөзінің түпкі төркіні латынның cultura, яғни жерді өңдеу, баптау, күту дегенінен бастау алады. Қазақ тіліндегі “мәдениет” ұғымы арабтың маданият қала, қалалық сөзінен алынған. Қалай десек те бұл ұғымда адамдық әрекет, адамның табиғи ортаны игеруге бағытталған (бағындыруға емес) талпынысы, танымы мен еңбегінің жемісі (нәтижесі) көрініс тапқан.

Шартты түрде мәдениетті рухани және материалдық деп жіктеу, ал мәдениетті рухани және материалдық құндылықтардың жиынтығы ретінде қарастыру кең таралған көзқарастардың бірі. Осыған сәйкес рухани мәдениетке – рухани өндіріс өнімдері – дін, ғылым, өнер және т.б., ал материалдық мәдениетке материалдық өндіріс өнімдері – еңбек құрал-жабдықтары, қару-жарақ, киім-кешек, тұрған үй және т.б. жатады.

Енді мәдениет ұғымына ғылыми тұрғыда берілген анықтамаларға тоқталып өтейік.

Технологиялық тұрғыдан қарастырғанда мәдениет – қоғамдық өмірді өндіру мен ұдайы өндірудің белгілі бір деңгейі. Қоғамда қалыптасқан салт-дәстүрлер, саяси институттар, әлеуметтік қатынастар әрдайым мәдени мұрагерлік арқылы қайта жаңғырып отырады.

Акциологиялық тұжырымдамаға сай мәдениет – материалдық және рухани құдылықтар жиынтығы. Бұл көзқарас қоғам өміріндегі идеалды үлгі болуға тиісті нәрсеге басты назар аударады және онда мәдениет болуға тиістінің нақтыға, бар нәрсеге өтуі ретінде қарастырылады.

Мысалы, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет идеялары идеял ретінде қалыптасты. Ал қазіргі заманда ол өмірлік қажеттілікке айналып отыр.

Нормативті анықтама бойынша мәдениет - әлеуметтік орта ықпалымен қалыптасатын жеке адамның өмір салты.

Мәдениетке берілген кез келген анықтамаларды қарастырғанда төмендегідей жәйттерді есте ұстаған жөн.

1. Мәдениет – қоғамның бір бөлігі, саласы емес, оның мәнді құндылық сипаты.

2. Адамсыз мәдениеттің, мәдениетсіз адамның болуы мұмкін емес.

3. Мәдениет мазмұнында адамдық харекет тәсілі, оның нәтижелері, адамның қалыптасып, дамуындағы олардың маңызы көрініс табады.

Мәдениет ұғымын талдағанда өркениет мәселесі, олардың өзара байланысы, қарым-қатынасы туралы ой туындайды. Енді ғылымдағы осы екі ұғымның арақатынасын қарастыратын пікір тұжырымдарға тоқталайық.

Өркениет термині латын тілінің civlis сөзінен бастау алады және азаматтық дегенді білдіреді. Римдіктер бұл ұғымды өздері варварлықтар деп атаған, басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. “Өркениет” олардың түсініктері бойынша азаматтық қоғамы, қалалық мәдениеті, заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді \2\ (Т.Ғабитов, Ж.Мүтәліпов, А.Құлсариева. Мәдениеттану.26.-б.). Яғни өркениет ұғымы бастапқыда азаматтық, мемлекеттік сапалар мен белгілерді білдірген. Ұзақ уақыт бойы бұл ұғымдар адамды сипаттау үшін қолданылып келеді. ХІХ ғ. нағыз мәдениетті адамды, яғни білімді, тәрбиелі адамды өркениетті адамға қарсы қойған. Себебі, өркениеттілік тұлғаның тек сыртқы сипаттарын (мысалы, киім киісі, сән үлгісіне еліктеуі) білдіреді деп саналған. Сондықтан өркениеттілік тұлға туралы толық түсінік бере алмайды.

Өркениетке деген оптимистік көзқарас батыс елдерінің техникалық-инженерлік сала зияларына тән. Олар мәдениеттің алға басуын тек материалдық-техникалық саладағы жетістіктермен байланыстырады. Бұл бағыттың мазмұны У.Ростоу, Р.Арон, Д. Белл еңбектерінде өз көрінісін тапқан.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, мәдениет – адамға іштей (имманентті) тән тылсымдық қасиет, ал өркениет – адамның тіршілік етуінің сыртқы алғышарттары деп тұжырымдауға болады.
Негізгі ұғымдар:

Өркениет. Технология. Аксиология. Нормативті аныќтама. Азаматтыќ. Мемлекеттік.

Баќылау сұраќтары:

1. Мәдениет ұғымының мағынасы нені білдіреді?

2. Рухани және материалдыќ мәдениеттерге не жатады?

3. Мәдениетке берілген аныќтамаларды ќарастырғанда ќандай жәйттерді есте ұстаған жөн?

4. Өркениет ұғымы туралы пікіріңіз ќандай?

5. Батыс елдерінде мәдениеттің алға басуын немен байланыстырады?

№ 5-тапсырма
Тақырыбы: Тарихи- мәдени процесс.
Әрбір мәдени–тарихи тип оқшау организм тәрізді болғандықтан, олардың бір – біріне қарым-қатынасы шектелген, араларында шынайы сұхбатасу (диалог) мүмкін емес. Н. Данилевскийдің пікірінше, ұлттық мәдениеттер шығармашылық (творчестовлық) және қатып-сенімі қалғандар (реликтілік) болып бөлінеді. Тарихи қозғалыс нәтижесінде кейбір мәдениет алға озып шығады да, басқалары оларға этнографиялық материал болудан өзгеге жарамайды. Жалпы қалыптасқан мәдениет шамамен 1500 жылдай өмір сүреді. Оның 1000 жылын қалптастыру, нәр жинау, басқаларды оқшаулануды қамтитын этнографиялық кезеңі алса, 400 мемлекеттік кезеңге жатады. Тек соңғы 50-100 жыл ішінде тарихи-мәдени тип өзін көрсетеді, тарихта із қалдырады. Бұл кезеңді Н.Даниелвский өркениет деп атайды. Бірақ өркениет түбінде этностық мәдениетке орына толмайтын нұқсан келтіреді, оның архетиптік өзегін жегедей жейді. Әрине, Н.Данилевский тарихи-мәдени типтердің арасындағы байланысты мүлдем жоққа шығара алмайды. Оның пікірінше, мәдениеттердің арақатынасының 3 түрі бар:

а) жою, тазарту (мысалы, еуропалықтардың Америкадағы Үндістер өркениеттерін мүлдем құртып жіберуі);

ә) будандастыру (І Петрдің еуропалық мәдениетті орыс жеріне енгізуі);

б) тыңайту (мәдениет өзінің негізін сақтап, басқалардың нәрімен толығады). Жалпы алғанда көптеген тың пікір айтқанымен, Н. Данилевский мәдениеттер тұтастығын жеткілікті ескермейді.

К.Ясперстің пікірінше, адамзат біртұтас күйде пайда болған, негізгі даму бағыты ортақ және тағдыры мен болашағы ұқсас. Жалпыадамдық мәдениет пен өркениеттің қалыптасуына шешуші әсер еткен фактор – тарихтағы рухани даму, құдайлық сенімнің адамдардың баурап алуы. Бірақ , әрбір дүние жүзілік немесе ұлттық дін өзара таластың салдарынан жалпыадамдық наныммен сананы қалыптастыра алмады. Оны тек қана «дүниежүзілік тарихтың белдеулік уақытында» пайда болған философиялық сенім тұжырымдады. Бұл – шамамен б.э.б. 800 және 200 жылдарды қамтитын уақыт. Осы кезде планетамыздың әр жерінде (Қытайда, Үндістанда, Персия мен Палестинада, Ежелгі Грецияда) рухани қопарылыс болып, кәзіргі адам типі қалыптасты. «Бұл уақытта, дейді К. Ясперс одан әрі, - керемет құбылыстар болып жатты. Қытайда Конфуций мен Лаоцзы өмір сүрді. Мо – цзы, Чжун – цзы, Ле-цзы және тағы да көптеген философтар өз ойларын дамытты. Үндістанда упанишадтар пайда болып, Будда өмір сүрді. Осы екі елде де адамзаттың барлық тағдырлық мәселелері пайымдалып, бабына жетті; Иранда Заратуштра жақсылықпен зұлымдықтың арасында толассыз күрес жүретін әлем туралы өз ілімін уағыздады; Палестинадан Илия, Исайя, Иеремия және Екінші Исайя пайғамбарлар шықты; ал Греция – бұл Гомер мен Параменит, Гераклит, Платон тәрізді филасофтардың, Фукидит пен Архимед сияқты тракиктердің уақыты» (Смысл и назначение истории. М., 1971 с. 32-33).

К. Ясперс ертедегі ұлы мәдениеттердің пайда болуына адамның өзінің әлсіздігін сезініп, осы жағдайдан құтылу үшін рухани күреске шығуы арқылы түсіндіреді. Адамзаттың рухани бірлігі идеасын К. Ясперс мәдениеттер типологиясын талдауға негіз етіп алған.


Негізгі ұғымдар:

Будандастыру. Рухани. Тыңайту. Жалпы адамдық.


Баќылау сұраќтары:

1. Н. Данилевскийдің пікірінше ќалыптасќан мәдениет шамамен ќанша жыл өмір сүреді?

2. Дүние жүзілік тарихтың белдеулік уаќыты б.ғ.б. ќай жылдарды ќамтиды?

3. Н. Данилевскийдің ойынша мәдениеттің араќатынасының неше түрі бар?

4. К. Ясперс пікірінше, адамзат ќандай күйде пайда болған және негізгі даму бағыты?

№6-тапсырма


Тақырыбы: ХХ ғасырдағы мәдениеттану ғылымы саласының негізгі мектептері.

ХХ ғасырға келетін болсақ, бұл кезеңде мәдениеттану философиядан тысқары тұратын, бірақ онымен мәдениет философиясы арқылы байланысқан жеке ғылым саласы ретінде қалыптаса бастады. Мәдениет философиясынан мәдениеттануға көшу – мәдениеттің тоқырауын түсіну және адам мен табиғаттың үйлесімділігі бұзылғанын ұғынған уақытта жүзеге асырыла бастады. Мәдениеттің сан-салалары мен түрлеріне жаңаша көзқарас пен қарау – мәдениет мәселелеріне тікелей байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мол мүмкіндік туғызды. Міне, осы жағдайларға байланысты ХХ ғасырда өткен кезеңдердегі қол жеткен дәстүрлі жетістіктердің негізінде бірнеше мәдениеттану мектептері қалыптасты. Олар: а) Қоғамдық-тарихи мектеп, б) Натуралистік мектеп, в) социологиялық (әлеуметтік) мектеп, Рәміздік (символдық) мектеп. Енді осы мектептерді жеке-жеке қарастырып көрейік.

а) Қоғамдық-тарихи мектеп. Бұл мектептің қалыптасуының тамыры тереңде жатыр, өйткені оның классикалық дәстүрлері Кант, Гегель мен Гумбольд сияқты ұлы философтардың шығармашылығы мен тығыз байланысты болды. Қоғамдық-тарихи мектептің қалыптасуына тарихшылар мен философтар ерекше ат салысты, бірақ олардың қатарында діни адамдардың да болғандығын атап өтуіміз қажет. Бұл ағымның негізгі қайраткерлері: Батыс Еуропада Шпенглер мен Тойнби, ал Ресейде Данилевский болды. Освальд Шпенглер (1880-1936) - әрі философ, әрі тарихшы. Өз заманында дүниені дүр сілкіндірген «Закат Европы» деген еңбектің авторы (2 томы 1921 – 1923 жылдар аралығында шыққан). Бұл еңбегінде ол тарихты түрлі мәдениеттердің алмасуы деп қарастырады. Мәдениет саласында жалпы адамзаттық мирасқорлықтың болуын Шпенглер жоққа шығарады. Ол мәдениетті тарихи тұрғыдан 8 түрге бөледі. Олар: египеттік, үнділік, вавилондық, қытайлық, антикалық, исламдық – византилық, батыс еуропалық және орталық Америкадағы майя мәдениеті. Ол жаңа туындап қалыптасып келе жатқан мәдениет қатарына орыс-сібір мәдениетін жатқызады. Әрбір мәдениеттің өмір сүру ұзақтылығын жоба мен бір мың жыл деп белгілейді. Олардың арасында өзара тең, мәнді байланыс болуы мүмкін емес деп есептейді. Оның пікірінше, өмір сүруін тоқтауға бет алған кез-келген мәдениет дамудан «тоқырауға», творчестволық шырқаудан «құлдырауға», «жаннан» «интеллектіге», батырлық «іс-әрекеттен», «утилитарлық» қызметке айналды. Мұндай жағдайды эллинизм дәуірінде (б.з.д ІІІ-І ғ). Грек – рим мәдениеті өз басынан кешірілген, ал өткен ғасырда бұл тарихи құбылыстың куәгері батыс-еуропа мәдениеті болған.

б) Натуралистік мектеп. Бұл мектептердің басты ерекшелігі мәдениеттің биологиялық сипатын әсірелеп көрсету. Бұл бағытты жақтаушылар негізінен дәрігерлер, психологтар және биологтар. Мәдениеттану ғылыми саласында натуралистік мектеппен кеңінен танымал болған «әлеуметтік дарвинизм» қабысады. Натуралистік Мектептің қалыптасуына биологиядан басқа ХХ ғасырда пайда болған екі ғылым саласы: фрейдизм мен этология ерекше роль атқарады. Жануарлардың мінез-құлқы туралы бұл ғылым саласындағы ғылыми табыстары үшін К.Лоренц пен оның әріптестері 1973 жылы Нобель сыйлығын алды. Адамға биологиялық көзқарас тұрғысынан қарайтын бұл мектеп өкілдерінің концепцияларын қысқаша қарастырып көрейік.

Зугмунд Фрейд (1856 - 1939) австриялық невротпатолог, психиатр және психолог, психикалық талдау мен фрейдизмнің негізін қалаушы. Ғылымдағы бұл бағыт мәдени құбылыстарды, творчестволық процестерді түсіндіруде, тіпті бүкіл қоғамның дамуын анықтап көрсетуде де психологиялық концепцияларды қолдануды қажет деп тапты.

в) Социологиялық (әлеуметтік) мектеп. Бұл мектептің мәдениеттану саласындағы ғылыми зерттеулері – қоғамның өзіне, оның құрылымы мен әлеуметтік институттарына бағытталған. Әрине өзіне тән бағыт-бағдары болғанымен социологоялық мектеп басқа мектептерден қытай қорғаны арқылы бөлініп тұр, ешбір байланысы жоқ десек қателескен болар едік. Шын мәнінде, әр мектеп өкілдерінің бірі – Томас Стернэ Элиот (1888-1965) ол ағылшын – американ ақыны, модерндік бағыттың сыншысы, «Заметки к определеннию культуры» (1948 ж.) деген еңбектің авторы. «Мәдениет дегеніміз – деп жазды Элиот, белгілі бір жерде мекендейтін халықтың тұрмыс-тіршілігі. Мәдениеттің нышандарын сол халықтың өнерінен, әлеуметтік жүйесінен, дінінен, салт-дәстүрі мен қалыптасқан дағдыларын байқауға болады.

г) Рәміздік (символдық) мектеп – жаппай ақпарат құралдарының қарқынды дамуының нәтижесінде кейіннен қалыптасқан мектеп болса да, ХХ ғасырда қалыптасқан мектептердің арасында үлкен беделге ие болды. Олай болса кейбір философтар мен социологтардың, қазіргі замандағы ғылыми-техникалық революциялық орнын «ақпараттық револююция» басады деген пікірлерді дұрысқа шыққан сияқты. Шындығында да, мәдениетке адамдардың өздерінің түрлі интеллектуалдық (ғылыми) және сезімдік (өнер) хабарды білу және білдіру (тіл және тағы басқа белгілер) қаблеті тұрғысынан қарайтын болсақ, онда адамның бүгінгі таңдағы ақпараттық мәдениеттің шыңына шығу сарынын айқын түсінуге болады. Алғашқы қауымдық құрылысы адамы рәміздік жүйе тілінде өзінің қарапайым ойларын дауыс жететін қашықтыққа ғана жеткізе алады, ал уақыт шеңбері тұрғысынан қарастыратын болсақ, тастағы таңбалы суреттердің пайда болғанына дейін адам өзінің жан-дүниесінен хабардар ету қасиетінен ада болатын. Тілдің дамуы, көркемдік өнер мен жазудың пайда болуы адамның ақпараттық қаблетін жоғары сатыға көтереді. Одан кейінгі замандарда қатынас құралдары мен баспасөз пайда болуы, рәміздік жүйені одан әрі байыта түсті. Дүбірлі оқиғаларға толы ХХ ғасыр – адамзат баласының телеграфты, телефонды, радио мен киноны, телевидениені, видеоны және тағы басқа кеңінен қолдануы хабарлар таратуының мүмкіндігінің шексіз екендігінің, тіпті сонау космос кеңістігімен де байланыс орнатуға болатындығын тәжірибе жүзінде көрсетіп берді.

Негізгі ұғымдар:

Натуралистік. Рәміздік. Әлеуметтік. Ақпараттық қабілет.
Баќылау сұраќтары:

1. Мәдениеттану ғылымының негізгі мектептерін атаңдар?

2. Ќоғамдыќ тарихи мектеппен социологиялыќ (әлеуметтік) мектептің айырмашылығы ќандай?

3. О. Шпенглер мәдениетті тарихи тұрғыдан неше түрге бөлді?

4. Натуралистік және рәміздік (символдыќ) мектептердің мән-мағынасы ќандай?

5. Т. Элиот мәдениетке ќандай сипатама жазды?

№ 7-тапсырма
Тақырыбы: Мәдениеттің сұхбаттық табиғаты.
Қазіргі адамзат баласы мыңдаған халықтардың жүздеген мемлекеттеріне біріккен миллиардтаған саны бар жұртшылық. Олардың бәріне ортақ не болуы мүмкін? Олардың бәріне ортақ нәрсе – мәдениет, адам баласының саналы іс әрекетінің жемісі ретіндегі мәдениет, жасампаздық рухының көрінісі ретіндегі мәдениет. Бұл әлемде абсолютті бірдей екі адам болмайтындығы сияқты егіздей ұқсас екі мәдениетте болмайды. Алуан түрлі мәдениеттер арасында қандай қарым – қатынас болуы мүмкін? Оларда өзара түсіністік бар ма?... Осы сияқты көптеген сұрақтар мәдениеттанушының алдында міндетті түрде туады және толассыз туа береді де. Себебі мәдениетті адам өмірден мән мен мағына іздейді, жаңаны танысам деп талпынады.

Көп түрлі мәдениеттер, олардың өзіндік құндылығы, бірегейлі, бағалылығы және өз ара қарым-қатынасы, байланысы мәдениеттану негізінде жатыр. Сондықтан мәдениеттер сұхбаты (диалогы) мәдениеттанудың бастауында тұр десек артық айтпаған болар едік.

Диалог сөзінің шыққан тегі – көне грек тілі (соңғы уақытта қазақ тілінде жарық көрген ғылыми – зертеу жұмыстарында “диалог” ұғымы “сұхбат” деп тәржімаланып жүр. “Диалог” сөзінің қахзақша баламасы “сұхбат” болғандықтан, ол екеуінің қатар қолдану немесе бірін-бірі алмастыруы орынды). Өзінің алғашқы мағынасында “Диалог”- екі адамның әңгімелесуі деген мазмұнға ие болған. Сәл кейінірек диалог – кейіпкерлердің пікір алысуынан тұратын әдеби шығарманың түрі ретінде түсіндірілетін болды. Осы орайда көне грек философы Сократтың өзін қоршаған дос-жарандары, шәкірттері тіпті дұшпандарымен пікірталас ретінде өткізетін әңгімелесу стилін еске алайық. Онда кемсіту, мұқату, өзінің басқалардан ақылының көптігін алға тарту деген жоқ. Бұл әңгімелесу барысында жақсы үлкен немесе лауазымы жоғары адам құрметке ие болмайды, ойлау қабілеті жоғары, ақыл-парасаты биік адам құрметке ие болады. Адамдар қарым-қатынасының құндылығын ашып көрсетіп, сұхбаттың адам игілігіне жарайтын ұлы күш екендігін аңғарған тұңғыш философ Сократ болды.

Кейін диалог ұғымы “екі адамның әңгімелесуі, сырласуы” деген тікелей бастапқы мағынасының тар шеңберін бұзып шығып, қазіргі заман дискурсының, мәдени-әлеуметтік контекстінің негізгі ұғымына айналып отыр. Бүгінгі таңда сұхбат адамның және адам іс-әрекетінің жемісі – мәдениеттің болмыстық сипаты ретінде кең мағынада қарастырылуда. Жалғыз басты, өзімен өзі ғана шектелген, адам баласының болу мүмкін емес. Адам жасампаздығының қайнар көзі – адамның басқалармен бірлесе өмір сүруінде жатыр.Сондықтан мәдениет те тек мәдениеттер сұхбаты ретінде тіршілік ете алады.

Адам санасы оның әлеуметтік болмысының жемісі ретінде адамның бір-бірімен қарым-қатынас жасауының нәтижесінде қалыптасты. Адамдық қарым-қатынас оны басқа қоршаған табиғи ортадан бөліп-жарып, өзгешелеп алды. Тіпті физиологиялық тұрғыдан осы мәселеге көз тастайтын болсақ, онда да сананың сұхбаттық табиғатына куә боламыз. Адам миының жемісі болып табылатын сана-мидың қос жартышарларының диалогының нәтижесі. Ал мидың қос жартышарларының ақпарат қабылдаудың, сараптаудың қос тәсілінен, қос әдісінің тұратындығы белгілі. Яғни біртұтас мидың өзінің сананы тудыруы үшін екі қарама-қарсы бөлікке бөлінуі қажет болған. Сол өзгешелікке негізделген қос бөліктің қарым-қатынасынан туындайтын сананың өзі де о бастан («іштей туа») сұхбатты. Саналы адамның болмысы да диалогты, қоғамдаса өмір сүруі де сол бастапқы диалогтылықтан туындап жатса керек.

Сұхбат адамдардың бір-бірімен пікір алысуымен шектелмейді, ол дегеніміз адамдардың қатынасы. Тіпті бір ауыз сөз айтылмаса да, ешбір мағлұмат алынбаса да сұхбаттың болу мүмкіншілігі бар, өйткені сұхбат-ішкі, көрер-көрінбес әрекеттің бір-біріне бағышталғандығы.

Әлемдегі болып жатқан оқиғалардың, табиғаттағы орын алған құбылыстардың бәрінде мен өзіме бағышталған, өзіммен жауапты әрекет күтетін нышан деп қарастыруым керек. Тек осындай тұрғыдан ғана сұхбатта болу мүмкіншілігім бар. Әлемдегі адамдардың бәрі бірдей емес, сол сияқты олардың сұхбатта болу мүмкіншіліктері де әр түрлі, дұрысырақ айтсақ, өзіне берілген сұхбаттық мүмкіншілікті әркім әрқалай пайдаланады, кейбіреуі тіпті пайдаланбайды десе де болады. Сұхбаттың үш түрі бар: шынайы сұхбат; техникалық сұхбат; сұхбат болып танылуға тырысқан монолог (М. Бубер).

Негізгі ұғымдар:

Диалог. Шынайы сұхбат. Техникалық сұхбат. Сана.
Баќылау сұраќтары:

1. Адамның бәріне ортаќ нәрсе ќандай ұғым болуы мүмкін?

2. Ќазаќ тілінде «Диалог» ұғымы нені білдіреді?

3. Ќандай адам ќұрметке ие болады?

4. Сұхбаттың неше түрі бар?

№ 8-тапсырма


Тақырыбы: Мәдени коммуникация
ХХ ғасыр мәдениеті (соның ішінде әсіресе батыс еуропалық мәдениет) даму барысында өзіндік тұрақты бағдарламаларды айырылып қалып отыр. Бұл күрделі мәселе төңірегінде талай ғалымдар өз пікірлерін білдіріп келеді. Мысалы, Канадалық әлеуметтанушы, мәдениеттанушы М. Маклюэннің айтуы бойынша, мәселенің түп төркіні ақпарат алмасу құралдарында жатқан көрінеді.

М. Маклюэн әлеуметтік-мәдени даму процесін тікелей ақпарат алмасу құралдарының өзгерістерінің байланыстырады да дискреттік идеяға мәдени дамудың континуалды идеясын қарсы қояды. Ол 60-жылдардың басында-ақ адамзат тарихындағы мәдени кезеңдердің тікелей негізгі ақпарат құралдарының өзгерісіне байланыстылығы туралы мәселені көтерген болатын. Мұндағы негізгі ақпарат құралдары деп отырғанымыз – тіл, баспасөз, ғылым, компьютерлер, теледидар және т.б. «Мәселенің бәрі – ақпарат құралдарында!» - бұл М. Маклюэннің осы аттас еңбегінде айтылған негізгі тезисі. (М. Маклюэн, Квентин Фьоре «Вся суть в средстве». Лондон, 1967).

М. Маклюэн адамзаттың тарихи даму барысында негізгі қарым-қатынас құралдарының өзгеруіне байланысты үш кезеңді көрсетті. Әрбір тарихи-мәдени сатының өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Мысалы, бірінші кезең – тас дәуіріндегі жабайылық (варварлық) кезеңі. Адамдардың өз ара қарым-қатынас құралының бірден-бір көзі - ауызекі сөз, тіл болды. Ауызша сөзге негізделген қауымдық өмірде адам тек акустикалық (дыбыстық, естілетін) кеңістікте өмір сүреді. Шетсіз-шексіз, бағыт-бағдарсыз дыбыстық (акустикалық) кеңістік адам баласының алғашқы қауымдық құрылыс кезеңіндегі сәйкес келеді. Санның синкретикалығының (бөлінбегендігінің, жіктелінбегендігінің) нәтижесінде алғашқы қауымдық қоғамдық қоғамдағы адам табиғат пен қауымнан кіндігі ажырамаған, өзінің дербес жан, тіршілік иесі екендігін әлі де түйсіне алмайтын дәрежеде болған. Сол себепті қауым мүшелерінің санасы топтық, ұжымдық сипатта қалыптасты.

Негізгі коммуникация (байланыс) құралы тіл болғандықтан, тілге, ауызекі сөзге негізделген салт-дәстүрлер, мифтер, әдет-ғұрыптар немесе, жалпылама айтсақ, фольклор кеңінен дамыды және ұрпақтар мирасқорлығының негізі де сол болып табылды. Тіл – коммуникация құралы ретінде адамның тікелей қатынасуын (айтуын, естуін) қажет ететін болғандықтан да адамдар ұжымы өзара ұйымшыл, бөлінбес бірлікте болды.

Жазу сызудың пайда болуы адамзатта естілетін дыбыстық акустикалық кеңістіктен көзге көрінетін дизуалды көрнекі кеңістікке итермеледі. Ұрпақтан ұрпаққа ұласқан ақыл өсиет, даналық ой, көп жылдық тәжірибе нәтижесі ендігі жерде тікелей ауызекі айтылмай, жазылған және көзбен көріп оқытылатын мәтіндерге (тексттерге) айналды. «Үйрек қанатынан жасалған қаламсап тіл үстемдігіне шек қойды; ол өмірдегі қасиетті құпияны жоққа шығарды; ол сәулет өнерінің қалалары, жолдармен әскерді, бюрократияны дүниеге әкелді. Ол сананы тылсым көлеңкеден жарыққа шығарып, өркениетке бастама болған түбегейлі метафора болды». (А. Кукарин. Буржуазное общество и культура. М., 1970, с. 363).

Әліпбиге дейінгі қауымдық қоғамда адамның өмірге бейімділігін негізгі сезім мүшесі құлақ болды. Есту сеніммен пара-пар болды. Фонетикалық әліпби құлақтың сиқырлы әлемін жайбарақат бейтарап көз әлеміне алмастырды. Ендігі жерде негізгі сезім мүшесі құлақ болып есту мүшесі құлақ емес, көру мүшесі – көз келді.

Коммуникация құралдар күрделене келе, тек адамды қоршаған ортаны ғана өзгертіп қоймайды, сонымен бірге адамның өзінің де ойлау жүйесіне дүние танымына, іс-әрекетіне, менталитетіне өзгерістер енгізеді. Бытыраңқы әріптер сияқты, адамдар бірте-бірте о бастағы қауымдастықтан, бірлестіктен алыстай берді. Жазу-сызудың пайда болуынан басталған жатсыну, шеттену процестері Еуропадағы тұңғыш баспа станогының дүниеге келуімен одан ары ұлғая түсті. Христиандық Еуропада ХV-ғ. жартысында Иоганн Гуттенберг өзінің ойлап тапқан баспа станогын іске қосты. М. Маклюэн айтпақшы «Гуттенберг галактикасы» (М. Маклюэн «Галактика Гуттенберга», 1962) – баспа ісі – нағыз ақпараттық төңкеріске келіп соқты. «Гуттенберг галактикасының» арқасында тұңғыш көпшілік-конвейерлік тауар – басылып шыққан кітап дүниеге келді. Ол бұрын болмаған көп мүшеліктерге жол ашты. Жазу – сызуы жоқ уақытта ұрпақтан ұрпаққа ұласқан тәжірибені ру көсемдерінің зердесі сақтап, адам өмірлік мәні бар қағидаларды тек солардан еститін болса, енді әрбір адам жеке-дара отырып-ақ, кітапты оқу арқылы өткен-кеткен аталар даналығынан, мұрасынан үлгі алатын жағдайға жетті. Жеке адам, дара адам өзінің жеке тұлға екендігін түсіне бастады. Өзінің басқалардан еркшеленетін, өзіне ғана тән дауысы, жүріс-тұрысы, білімі, бет пішіні, түр-сипаты, қасиеті бар екендігін ұғынған адамзатта индивидуализм (жеке-даралық тұлға) идеясы пайда болды. Оның ұжымдық сипаты - ұлтшыдық та бой көтере бастады.

Соңғы үшінші кезең немесе аудио-визуалды кеңістік кезеңі жаңа қарым-қатынас құралдарын – телеграфты, радионы, телефонды, теледидарды, комьпютерді және тағы басқа ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін ала келді. Соның нәтижесінде баспа өнімдері және соған негізделген басқа да мәдениет институттары (әдебиет, театр, кітапхана, тағы сол сияқтылар) дағдарысқа ұшырап отыр. Кітапханадан оқушының, театрдан көрерменнің, әдебиеттен ақын-жазушылардың, өмірден эпистолярлық жанрдың – күнделік, хат, өмірбаян жазу ісінің қайтқан кезеңі келді. Көп ойланып, көп толғануды, өзіндік сананың рефлексиясын қажет ететін процестер бірте-бірте ұмыт қалуға айналды. Адамдар менталитеті өзгеріске ұшырады. Электрондық коммуникацияның шапшаңдылығының арқасында тек көз арқылы дүниені танып-білу мүмкін емес болып отыр. Бүгінгі күнге ештеңені қалт жібермей еститін «саққұлақ» пен ештеңені мүлт кетірмей аңғаратын «көреген» қажет. Осы екеуінің симбиозы арқылы ғана біз қар көшкінінің қарқынындай ақпараттық экспансияға төтеп бере аламыз. Біртұтас электрондық байланыс біздің планетаны «үлкен ауылға» айналдырып отыр. Индивидуалистік жекешілдіктің орнын альтруистік «елжандылық», ұлтшылдықтың космопоитизм, монологтың орның диалог алған кезең.

Бастапқы станогы өзіндік дүниетанымға сүйенген өзіндік көзқарасы бар көрерменді, оқырманды дүниеге әкелсе, электрондық техника бет-бейнесіз жалпы көпшілікті (бұқараны) тудырды. Бұл мәдениеттен таңдаулы зиялылықтың (элиталықтың) кетіп, бұқаралыққа жол ашылғандығы.
Негізгі ұғымдар:

Компьютер. Теледидар. Көреген. Ауызша сөз. Акустикалық.


Баќылау сұраќтары:

1. Коммуникация ұғымы нені білдіреді?

2. Ақпарат құралдарына не жатады?

3. Аудио-визуалды кеңістік кезеңі ќандай ќарым-ќатынас ќұралдарын әкелді?

4. «Саққұлақ», «Көреген» сөздердің мағынасын қалай түсінесің?

5. Иоганн Гуттенберг баспа станогын қай ғасырда ойлап тапты?

№ 9-тапсырма
Тақырыбы: Текст мәдени мұра ретінде. Тіл және мәдениет
Дискурс ұғымы ХХ ғасырдың 70-жылдарынан бастап философияда кеңінен қолданыла бастады. Тұңғыш болып «дискурс» ұғымын Ю. Хабермас өзінің «Коммуникативтік компетенция теориясына дайындық» атты еңбегінде қолданған болатын. Содан бері бұл термин батыстық философияда кең қолданылып жүр. Хабермас «дискурс» мына төмендегідей белгілер тиесілі деп қарастырады – қарым-қатынасқа, сұхбатқа имманентті (іштей тиесілі), сол кезеңнің қоғамдық өмірінде қалыптасқан нормалар, ережелер және негізгі құндылықтар жинағынан тұратын идеологиялық тіл. Ондағы идеология деп отырғанымыз жалпы белгілер жүйесі деген мағынада қолданылып отыр.

Дискурс – тілдік коммуникация түрі. Кең шеңберде, дискурс дегеніміз уақыттың мәдени-тілдік контексті. Оған рухани-идеологиялық мұра, көзқарас, дүние таным кіреді. Тар мағынада, дискурс деп қандай да болмасын мағыналы, құнды іс-әрекеттің (актінің) нақты тілдік шындығын айтады.

Ф.Сосюрден бастап қазіргі француз функционалистеріне дейінгі классикалық лингвистика тілді қоғамның барлық мүшелеріне ортақ, түсінікті константты (өзгермейтін) құрылым деп қарастырылады. Ол түсініктің пайда болуына тілге деген мынадай көзқарастар әсер етті. Біріншіден, тілде бір нақты нәрсені білдіретін белгі және сол нәрсенің өзі бірін-бірі анықтайды деген түсінік; екіншіден сол тілді қолданатын тілдік ұжым мүшелері үшін тілдік белгілердің бәрі бір мағынаға ие; үшіншіден, осы жоғарғы айтылғандардың нәтижесінде тіл қоғамның барлық әлеуметтік топтарына бірдей қызмет етеді.

Шынындада, тіл – бәрімізге ортақ, бәріміз осы тілде сөйлесеміз, бір-бірмізді түсінеміз. Бірақ, күнделікті өмірдегі сөз саптасымызға жіті көңіл бөлетін болсақ, онда біз мынадай қызық нәрсені байқаймыз - әрбәр сөз өзінің заттық, бұйымдық мазмұнынан басқа көптеген уақытша, өзгермелі идеологиялық мағынаға да ие екен. Сол шексіз көптүрлі мағынаның болуы бір ұлтқа тиесілі ортақ тілді көптеген «социолектерді» М. Бахтин «жазу типі» деп атайды.

Адамның бірде бір сөзі тиянақталып, аяқталмаған, өйткені ой принципі түрде тәмамдалуы мүмкін емес. Әрбір сөз әрбір адамның рухани әлемінде өзіндік өзгеріске ұшырайды. Тірі сана, тірі қарым-қатынас барысында тілді бұлжымас, қозғалыс жүйе деп қарастыру мүмкін емес. Адам үшін оны қоршаған тілдік орта да, ол адамның өзінің тілдік санасы да түгелдей дерлік көпдауыстылықтан, көпмағыналықтан тұрады. Сөз ендігі жерде, тек бір нәрсені білдіріп қана қоймайды, сөздің өзіндік «иісі», тіпті өзіндік «дәмі» де бар.

Рухани әлемнің өзіндік ерекшелігін оның беделдік, таңбалық қасиетінен іздеу керек. Рухани болмыс – мағыналы белгі, таңба болмысы. Рухани әлемнің «белгілік» болмысы оны адам болмысының «материалдық» шындығынан өзгешелеп қана қоймайды, тіпті, «материалдық» әлеммен жақындастырып, біріктіреді де. Өйткені, белгі қашанда «материалдық», «заттық» белгі. Сондықтан да белгілік шығармашылықтың жемістері - өнер туындысы, ғылыми жұмыстар, діни рәміздер, салт-дәстүрлер және т.б. бәрі – адамды қоршаған шынайы әлемнің материалдық заттай бөліктері. Олардың басқа заттардан ерекшелігі оның мағынасында, мәнінде, өзіндік құндылығында.

Адамды түсіну үшін оның дүниетанымын, көзқарасын, идеалддарын, яғни рухани әлемін білу қажет. Ал ол жаратылыстану ғылымдары сияқты көзге көрініп тұррған нәрсе емес, сондықтан оны танып білу, зерттеудің де өзіндік ерекшеліктері бар. Осы тұста бізді қызықтыратын ұғыну, түсіну мәселесі көтеріледі.

Жаратылыстану ғылымдары зерттейтін пәніне көзімен көріп, қолымен ұстап «сыртқы» әлемнен «сыртқы тәжірибе» арқылы жететін болса, рухани ғылымдарға бұған қарама-қарсы тәсілмен әрекет ету керек. Рухани әлемді тек «эмпатикалық» ену, бойлау арқылы, яғни сол зерттейтін субьектінің орнына өзіңді қойып, соған айналу арқылы – бір сөзбен айтсақ, ұғыну арқылы танимыз. Жаратылыстану, немесе нақты ғылымдар өз фактілерін өздері түсіндіретін болса, ал рухани ғылымдарды түсіну, ұғыну керек. Оларды суреттеп, мазмұндап беру мүмкін емес, оларды түсіну керек, әркім санасына өткізіп, өз жеке басымен сезіну керек.

Текст (әңгіме, сөз, хат, оқиға) әрқашан біреуге (біреулерге) бағытталған әрі сол бағыталғандығымен ғана құнды, бағалы. Текст авторының ішкі дүниесімен қатар өзіндік көзқарасы, дүниетаным шеңбері бар. Әлемді бірдей ойлайтын, бірдей түсініп, бірдей ұғынатын екі адамды кездестіре алмайсың. Әлем дегеніміз әрқашан түрлі дауыстар, түрлі түсініктер, түрлі сана-сезімдер полиюфониясы. Ұғыну, түсінудің сұхбаттығы оған аяқталмаған, шектелмеген қасиет береді. Айтылған сөз естуді, ұғынуды қажет қылады. Ол да бір сұрақтың әлемдегі бір жауабы. Осылайша, мәңгілік шексіз ұмтылыс...

Текстің өз бітімі белгілі бір мәдениетке қатынасты, сол мәдениеттегі қалыптасқан ортақ тілдік, стильдік кеңістіктен шығады. Ал текстің өзінің ішкі шекарасына сыймайды, оның мазмұны түгелдей дерлік түп-тамырымен мәдениеттер контекстінде орналасқан.

Ұғыну, түсіну барысында төрт сатыны байқауға болады. Олар шынайы ұғыну процесінде бөлінбестей бірігіп тұрғанымен де, танымдықпроцесс барысында әрқайсысы өз қызметін атқарады:


  • 1. Тексті қабылдау;

  • 2. Берілген тіл шеңберінде текстің негізгі мағынасын түсініп, тану;

  • 3. Нақты осы мәдениет контексінде оны ұғыну;

  • 4. Осы текстің мазмұнын белсенді сұхбаттық түсіну процесі.

Тексті түсіну үшін дәлме-дәл, сөзбе-сөз оқу шегінен шығу керек: текст авторының көзқарасына және оның дүниетанымына, автордан тыс адамдардың «дауысына», яғни қоршаған әлеуметтік орта көзқарасына қанық болу керек әрі осы текст соған жолданған-ау дейтіндей мүмкін адресатты да көз алдыңа елестете білу қажет. Тексттің сұхбаттық жүйесіне потенциалды түрде (мүмкіншілік ретінде) енген ұғыну, түсіну, талқылау осы текстің мағынасына өзгерістерге ұшыратады. Тексті түсіну үшін басқа текстермен және мәдени контексттермен қатынасын білу қажет. Бұл жерде ең кем дегенде үш мәдени контекст белсенді түрде қатынасқа түседі: суреттелген оқиға контексті, текст авторының контексті және зерттеушінің өзінің контексті.

Бүгінде тіл негізгі коммуникативтік құрал ғана емес, адамның бүкіл болмысын, адамның мәдениетін аңғартатын әмбебап ұғым. Фрейдизм, феноменология, экзистенциализм, аналитикалық философия, герменевтика, структурализм, семиология, т.с.с. бір ауыздан мәдениетті тілдік қарым-қатынас саласы ретінде анықтайды. Рухани әлемдегі мұндай өзгерістердің лебі мәдениеттану саласынан да байқалады. Мәдениеттің өзін метатіл ретінде анықтап, оның бойындағы коммуникативтік мүмкіншіліктерді негіздеу барысында лингвистикаға басты назар аудару заңды іс. Өйткені, соңғы 50-60 жылдар аралығында қарым-қатынас, коммуникация мәселен жан-жақты зерттеген бірден-бір сала – осы лингвистика.


Негізгі ұғымдар:

Рухани әлем. Контекст. Сөз. Лингвистика. Сұхбат.


Баќылау сұраќтары:

1. «Дискурс» ұғымы философияда қай ғасырда кеңінен қолданыла бастады?

2. Ю. Хабермас «дискурс» сөзін тұңғыш қандай еңбегінде қолданды?

3. «Дискурс» дегеніміз не?

4. Ұғыну, түсіну барысында неше сатыны байќауға болады және оларды атаңдар?

5. «Тіл» ұғымын қалай түсінесің?

6. «Текст» сөзін қалай түсінесің?

№ 10-тапсырма


Тақырыбы: Әлеуметтік-мәдени құндылықтар жүйесіндегі құқық.
Мәдениеттің құндылық-танымдық жүйесі оның маңызды компоненті (құрамды бөлігі) болып алады. Құндылық дегеніміз — бұл белгілі бір коғамдық заттың, құбылыстың қажеттелігі, ынтаны, мүддені қанағаттандыру касиеті. Құндылықтар әлеуметтік субъекті өз қажетгерін саналы түрде сезінуі нәтижесінде, қоршаған ортамен олардың сөйкестігінде, демек, бағалау актісінде жүзеге асатын кұндылық қатынасы нәтижесінде калыптасады.

Әлеуметтік субъектінің құндылықтар жүйесіне олардың алуан түрі енуі мүмкін.

1. Өмірдің мәні (қайырымдылық пен қатыгездік, бақыт, мақсат) тұралы;

2. Әмбебап құндылықтар: а) күнделікті өмір, денсаулық, жеке кауіпсіздік, әл-ауқат, отбасы, туысқандар, білім, квалификация (біліктілік), құқық тәртібі;

ә) қоғамдық мойындау (еңбек сүйгіштік, әлеуметтік жай-күй,т.т);

б) адамдар арасындағы қатынас (адалдық, риясыздық, айнымастық), қайырымдылық;

в) демократиялық (сөз, ар-ождан, партиялар бостандығы, ұлттық егемендік, т.т.).

3. Азаматтық: а) туған жеріне, отбасына карайлағыштық;


ә) фетишимизмдер (соқыр сенімдер, құдайға сену, мәңгілікке ұмтылу, т.т.).

Құндылық құбылыстарға социологиялық тұрғыдан келу атап айтқанда, оларды әлеуметтік мінез-құлық стандарттары, үлгілері ретінде қарауда. Мұндайда құндылықтар себептер элементері болып қана емес, қайта ережелер, міндеттер, талаптар сипаты бар нормалар, қатынас өлшемдері мазмұнының маңызынан көрінеді. Қазіргі заманғы аксиологияның (құндылықтар теориясының) атасы Герман Лотце құндылық көзін шындықтан емес, қайта адам санасынан іздеуге тура келеді деп көрсетеді. Құндылықтар дүниесі адам үшін айрықша маңыз алатын бірқатар мазмұнды элементтер ретінде айкындалуы мүмкін. Құндылық субъектінің мақсаттары үшін объектінің сан мен сапа көрсеткіштерінде айкыңдалатын мәнді қатынасты білдіреді. Шьшдықтың қандайда бір құбылысы құндылық болып алуы үшін пайдалылық қабілеті бар белгілі бір қасиеттері болуы тиіс.

Әлеуметтануда құндылықтар, ең алдымен, адамның мінез-құлқы мен қоғамдық өмірдің әлеуметтік нормативтік қызметінде қарастырылады. Құндылықтың нақ осы қызметі оларды әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің арнайы пәніне айналдырады.

Құндылықты қатынастар өзінің жеке өмір сүруін әлеуметтік норма көрінісінен табады. Әлеуметтанудағы норма дегенде тек жалпы ереже ғана емес, сонымен бірге бұқаралық көрініс процестерінің шынайы өмір сүретін типі түсіңдіріледі. Адамның мінез-құлқына сәйкес әлеуметтік норма ретіндегі қазіргі қоғамның көптеген өкілдеріне тән, әдеттегі әлеуметтік байланыстар мен қатынастарды бейнелейтін осындай мінез-құлық көрініс береді және қабылдана немесе жиі-жиі кездеседі деуге болады. Жалпы қабылданған норманы көрсететін шынайы мінез-құлықтың обьективті және субъективті аспектілері болады. Объективті мағынада норма қоғамдық қызығушылықтар мен қажетгіліктерге мазмұны мен нысаны сәйкес келе сыртқы қылықтарымен айқындалады. Субъективтіде нормативтік мінез-құлықтың идеологиялық және психологиялық аспектісі қоғамдық және жеке-дара санада ұсынылған деп айқындалады. Әлеуметтік норма өздерінің қылықтарының қоғамдық мәні мен әлеуметтікқұндылықтарын азды-көпті түсінген адам ретінде түсіндіріледі. Бұл үлгі мінез-құлықты дәлелдеуге маңызды рөл атқарады.


Негізгі ұғымдар:

Әлеуметтік. Норма. Мінез-ќұлыќ. Ќұндылыќ.


Баќылау сұраќтары:

1. Ќұндылыќ дегеніміз нені білдіреді?

2. Ќұндылыќтар жүйесінің ќандай түрлері бар?

3. Аксиология ғылымының атасы кім?

4. Әлеуметтік норма дегеніміз не?

№ 11-тапсырма


Тақырыбы: Алғашқы қауымдық құрылыс мәдениетінің синкретикалық сипаты.
Алғашқы қауымдық құрылыс өздерінің бастапқы кезеңінің басты ерекшелігі – синкретизм (гректің «қосылу» деген сөзінен шыққан) болды. Алғашқы адамдардың өзін қоршаған дүниені танып-білу стихиялық жағдайда өтті және олар табиғат күштерінің алдында өте дәрменсіз болды. Тағылық жағдайында өмір сүрген маймыл тәріздес адамдар – пикантроптар, синантроптар және тағы басқа жануарлар дүниесінен біртіндеп шыға бастайды. Сөйтіп олар үшін тіршіліктің жаңа кезеңі басталды. Ертегідегі адамдар тобыры бірге жүріп, өздеріне баспана, мекен-жай үшін үңгірлерді, апандарды жануарлардан тартып ала бастайды. Олар табиғаттың дайын өнімдерін теріп жеп, аңшылықпен айналысты. Бұл кезеңде адам құрғақ ағашты үйкелеу, немесе бұрғылау арқылы от алуды үйренді және жыртқыш аңдардан қорғана алатындай дәрежеге жетті. Өнердің түрлі салалары бұл тұста қалыптаса қоймаса да, алғашқы адамдар бұл жарық дүниеден өз орнын тауып, өзін орнықтыруға барынша талпыныс жасады.

Синкретизм – (грекше synkretismos – біріктіру) – «жігі ашылмаған», «біте қайнасқан» деген сөз тіркестерінің синонимі болып табылатын бұл ұғым қандай да болсын құбылыстың жетілмеген, дамымаған, өзара жіктеле қоймаған бастапқы күйін білдіреді. Бұл ұғым көбінде алғашқы қауымдық немесе архаикалық мәдени кезеңге байланысты көп қоданылады. Өйткені дәл сол мәдени кезеңде мәдениет салаларының жіктелінбегендігін, дербестілінбегендігін байқаймыз.


Негізгі ұғымдар:

Пикантроптар. Синантроптар. Синкретизм. Баспана. Дайын өнімдер. Аңшылық.


Баќылау сұраќтары:

1. Алғашқы қауымдық құрылыс мәдениетінің басты ерекшелігі неде болды?

2. Алғашқы адамдардың қоршаған дүниені танып білу қандай жағдайда өтті?

3. Адамдар тобыры жануарлардан нені тартып ала бастады?

4. Адамдар алғашқы от жағуды қалай үйренді?

№ 12-тапсырма


Тақырыбы: Алғашқы қауымдық құрылыс мәдениеті белгілерінің қазіргі заман өркениетінде көрініс табуы.
Қазіргі заманда шөлге айналған Алжир территориясындағы Сахара мен Феццанның шекарасында орналасқан Тассили – Аджар деген таулы жерде жалаң жартастар жотасы бар. Осы жартастардың табанындағы үңгірлерден және жартастардың өзінен неше түрлі суреттер мен бейнелеу өнерінің туындылары (б.з.б. төртінші мың жылдықтан б.з.б бір мың жылдығына дейін жасалған 15 мың бейнелеу өнерінің фрагменттері) табылады. Бұл мол мәдени олжа арқылы кезінде табиғаты әсем болған кең байтақ өлкені мекендеген бақташылар тайпасының көркемдік шығармашылығымен танысуға мүмкіндік алдық.

Тассили – Аджар өнерінен гүлденген, ашық бояулы, ғажап жұмбақ дүние ашылды. Енді бір сәт осы суреттер мазмұнына үңіліп көрелікші. Жайылым және мал табындары. Келісті сиырларды бақташылар бағып жүр. Адамдар мен малдардың денелері түрлі түстер арқылы әсем де, көрікті етіп берілген.

Салтанатты әсем мүйіздер, алып бұқалар, сұлу антилопалар, сәнді киім киген бикеш кескіндерімен қатар өзара шайқасқан, аңшылардан қашқан немесе жайылып жүрген жирафтар бейнеленген неше түрлі көріністер өзінің табиғилығымен таң қалдырады. Билеп жүрген биші әйелдердің бейнелерінен ерекше бір сымбаттылық пен нәзіктікті аңғарсақ, аңшылардың сұсты өңдері сол бір сындарлы заманның жаршысы тәріздес.

Көне заман суретшінің қыл қаламынан туындаған африкалық шөлдің алып жартастарындағы осы бір «сурет галлереясы» - тарихқа дейінгі өнердің дүние жүзіндегі ең үлкен музейі десек қателеспеген болар едік.

Неолиттік өнер біздің заманымызда да африкалық тайпалар арасында ұзақ уақыт сақталғаны көп нәрсені аңғартады. Оңтүстік Африканың ежелгі тұрғындары – бушмендер еуропалық отаршылар келгенге дейін ежелгі рулық құрылыс жағдайында өмір сүрген болатын. Олардың жартастағы тамаша бейнелеу өнері өзінің стилі жағынан неолитке жатады. Бушмендердің барлығы бірдей суретші бол маған, бұл өнермен сурет сала білетін азшылығы ғана айналысқан. Суретшілер суретті салудан антилопаның қылынан жасалып (кейін жылқының қылынан дайындалған) тарамыспен байланған қатты қаламдар қолданған. Сурет салуға қажетті бояуды ерітілген майға езген, бояулар кішкентай құмыраларға құйылған, сондықтан да олар қанша бояу керек болса, сонша құмыра пайдаланған. Өкінішке орай, «тас ғасырының» ақыры тұрғындарын – ағылшындар мен бурлар қатыгездікпен жойып жібереді.
Негізгі ұғымдар:

Алжир. Тассили-Аджар. Тас ғасыры. Неолит. Оңтүстік Африка. Бушмендер.


Баќылау сұраќтары:

1. Б.з.б төртінші мың жылдықтан б.з.б. бір мың жылдығына дейін қанша бейнелеу өнерінің фрагменттері табылды?

2. Тассили-Аджар өнеріндегі суреттің мазмұнын айтыңдар?

3. Тарихқа дейінгі өнердің ең үлкен «сурет галлереясы» қай жерде орналасқан?

4. Суретшілер сурет салғанда қандай жануарлардың қылын пайдаланған?

№ 13-тапсырма


Тақырыбы: Гректің философиялық және саяси этикалық ілімдері: Пифагор, Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель.
Пифагор және Эпикур, Питтак пен Фалес, Анаксимен және Анаксимандр, Гераклит пен анаксагор, Сократ пен Платон, Аристотель мен Зенон, Диоген мен Пртагор… Осы есімдер адамзаттың алтын қорына кірді, ал олардың идеялары ақиқатты іздеген болашақ философияның мәңгі сұрақтары болып қалды.

Философиялық ойдың кіндігі кіші Азиялық Милет қаласы болды, онда үш философ - Фалес, Анаксимен және Анаксимандр тұрды. Олар бүкіл тіршіліктің бастауы (Архе) туралы сұрақты қойды. Бұл әлемді құдай жаратты дегенді теріске шығарады. Фалес бәрі де судан шықты деп пайымдайды, Анаксимандр кейбір заттардың шығу тегін «Әшексіз» (апейрон) деп санады, ал Анаксимен «архе» ретінде ауданы мойындады.

Б.ж.с. дейінгі VІ ғасырда Сицилияда Пифагор өмір сүрді. Оның өмірі мен қызметі көп жағдайда аңызды еске түсіреді. Пифагор мектебінің басты жетістігі – қоршаған дүниедегі сан мен сандық заңдылықтарды философиялық пайымдау болып табылады.

Философия тарихындағы Сократтың орны (б.ж.с. дейінгі 470-399 ж.ж) ерекше. Сократ философтардың назарын адамның жанына, оның ақыл-ойына аударды. Философия, Сократ үшін, адамның өзін-өзі тануы, ақиқатты даулы мәселенің көмегімен айтыса шешілу. Осы әдіс “сократтық” диалог деп аталды.

Платонның (б.ж.с. дейінгі 428-348 жж.) гректер өміріне үлесі орасан зор, тіпті Академияның жанындағы оның зиратына грецияның жаулары да тиіскен жоқ. Мұндай тұрпайы әрекетке тек б.ж.с. дейінгі І ғасырда римдік Сулла барды. Ғылым шендері мен білім үлгілерін Платон өзінің атақты “Мемлекет” еңбегінде келтіреді. Жанның мәңгіліктігі, жанның көшуі, космостың тірілтуші энергиясы ретіндегі Эрос туралы Платон ілімі философиялық эллиндік мектепке үлкен ықпал етті.

Платонның атақты шәкірті Аристотель (б.ж.с. дейінгі 348-323 жж.) көптеген мәселелермен әуестенді, оны толық негізде философия тарихының негізін қалаушы деп атауға болады. Метеореология мен археология, математика мен логика, физика мен эстетика, география мен математика – оны қызықтырған ғылымдардың ауқымды тізбесі осындай.

Сөйтіп, философия, шындығында бүкіл көне грек мәдениетінің маржаны болды.
Негізгі ұғымдар:

Пифогор. Сократ. Демокрит. Платон. Аристотель. Зенон. Диоген. Фалес.


Баќылау сұраќтары:

1. Философия ғылымында ќандай есімдер адамзаттың алтын ќорына кірді?

2. Фалес, Анаксимен және Анаксимандрлардың бүкіл тіршіліктің бастауы туралы пікірлері ќандай болды?

3. Пифагор мектебінің басты жетістігі неде?

4. Сократ философтарды назарын адамның ќандай жағына аударды?

5. Платонның атаќты шәкірті кім?


№14-тапсырма
Тақырыбы: Грек мәдениетінің дүниетанымына тән мүсінділік.
Грекияда мүсін өнері сәулет өнерімен біте қайнасып дамыды, яғни мүсін өнері сәулет өнерін туғызды, ал сәулет өнері өз кезегінде мүсін өнерін жасады. Бүгінгі заманымызға дейін өзіндік ерекшеліктерін, сыр-сипатын сақтап келген өнердің құнды ескерткіштерінің көпшілігі дәл осы кезеңде жасалды. V ғ. ортасында Афиныда жұмыс істеген ұлы мүсінші Мирон бейнелеу өнерінің дамуына орасан зор әсер еткен таңғажайып мүсіндер жасады. Олардың қатарына қоладан құйылған құдайлардың мүсіндері, атлеттер мен жануарлар бейнелері және т.б. жатады. Болашақ ұрпаққа римдік бірнеше мәрмәр көшірме арқылы жеткен «Диск лақтырушы» деген мүсінді алып қарастырып көрейікші. Диск лақтырушы қолындағы ауыр дискіні кейін сермеп, енді ғана лақтырайын деп тұрған сәтінде бейнеленген. Оның бұлшык еттері шиыршық атқан, денесі доғадай иілген, бірақ өңі өте сабырлы, барлық ықыласын, ынта-жігерін тек жеңіске арнаған. Балғын жастың ерік-күші мен қайраты сомдалып берілген. Сайып келгенде, шоқтығы биік бұл туындысында Мирон өз күшіне сенімді арынды атлеттің, өз елінің ержүрек, дене бітімі мінсіз азаматтың асқақ бейнесін жасаған. Жалпы грек халқының ой-санасында атлеттің дәл осындай сұлулық мұраттарын кайраты мен қаһармандық бейнелерін өмірдің өзі қалыптастырды. Бұл жағдай құдайлармен қатар адамдарды да бейнелейтін алып жалаңаш жігіттер мүсіндерінен кең коріиіс тапты: олар «куростар» (жігіт, «бозбала» деген мағынаны білдіреді) деп аталды. Ойымыз дәлелді болу үшін архаикалық өнердің ең көне ескерткіштерінің қатарынан орын алатын — б.з.д. VII—V ғасырлар шамасында тарғыл мәрмәрдан жасалған куростың (бозбаланың) үш метрлік алып мүсінін алып қарастырайықшы. Жалаңаш пішінді қашағанда мүсінші атлеттік мықты денеге тән белгілерді — жігіттің кең иығы мен қыпша белін әсерлі етіп көрсетуге баса назар аударған. Аяқтары алып бағана тәріздес, тізесі мен тобықтары тырысып тұр, бұлшық еттері білеуленген, езуінен астарлы күлкінің табы байқалады. Бұл мүсін — әміршіні дәріптеу үшін емес, еркін адам құдіретін, оның бойындағы ізгілік қасиеттерді мадақтау үшін жасалғандықтан, бұл тұлғалар грек мәдениетінің гуманистік мұраттарымен үндеседі деп толық сеніммен айта аламыз.

V ғ. ортасына қарай Афины қаласы бүкіл грек елінің ең ірі мәдени орталығына айналды. Елдің түкпір-түкпірінен жиналған дарынды мүсіншілер, шеберлер мен құрылыс мамандары астананың сол кездегі сәулет және мүсін өнерінің тамаша үлгісіне айналуына зор үлес қосты. 200 мыңнан астам халқы бар Афины сол дәуір тұрғысынан алып қарағанда 10 мыңнан астам үйі бар үлкен қала болып саналатын. Өнер саласындағы кереметтердің кереге көтеруі Афины каласының акрополі Перикл мен оның жан досы Фидийдің, есімдерімен тығыз байланысты болды.


Негізгі ұғымдар:

Мүсін өнері. Сәулет өнері. «Диск лаќтырушы» мүсін. «Куростар»


Баќылау сұраќтары:

1. V ғ. ортасындағы Афиныдағы ұлы мүсінші кім?

2. Афины ќаласы нешінші ғасырда Грек елінің ірі мәдени орталығына айналды?

3. Б.з.б. Грекияда өнер саласында кереметтердің кереге көтеруі кімдердің есімімен байланысты?

4. «Диск лаќтырушы» деген мүсіннің мағынасы нені білдіреді?

№ 15-тапсырма


Тақырыбы: Антика мәдениетіндегі білім беру және тәрбие мәселелері
Полис дегеніміз

  1   2   3


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет