«Мәдениеттану» пәнінен СӨЖ сабақтарының



жүктеу 0.86 Mb.
бет2/3
Дата03.04.2016
өлшемі0.86 Mb.
1   2   3
: CDO -> OBSOJ -> Geo
Geo -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Geo -> Медициналық география» пәні бойынша 050116-«География» мамандығының 3 курс студенттерінің білімін бақылауға арналған обсөЖ және емтихан тапсырмалары
Geo -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Geo -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Geo -> «Табиғатты қорғау және ерекше қорғалатын территориялар»
Geo -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Geo -> Гуманитарлық білім” факультеті География және қоғамдық пәндер” кафедрасы
Geo -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Geo -> «Гуманитарлық білім» факультеті «География және қоғамдық пәндер» кафедрасы
Geo -> Тарих және құқықтану” факультеті Отан және шетел тарихы” кафедрасы
шағын ғана халқы бар қала. Мұндай қалаларда мәдениет әрі тәрбие беруді, әрі дінге табынушылықты, әрі жер өңдеуді де білдірген. Дәл осындай үйлесімділік көне полистерде қала азаматтарының азамат болып қалыптасуына ерекше ықпал жасады. Гректер бұл процесті “пайдейя” (бала) деген ұғым арқылы берген. Бұл термин тәрбиелеу, оқыту деген ұғыммен қатар, білім беру, білімділік, ағартушылық, мәдениет деген мағыналарға да ие болған. Бұл жағдайда тәрбие мен білімнің жәй ғана байланыстары жайындағы идеяны ағартуға болады. Гректер сонау көне заманның өзінде-ақ өмірге икемді, қабілетті, жан-жақты қалыптасқан азаматтарды тәрбиелеуге бағытталған сирек кездесетін білім беру жүйесін жасады. Адамға деген мұндай қамқорлықта сөзсіз гуманистік құндылық бар, оның негізінде мәдени процестердің мақсаты үшін күресетін адам идеалы жатыр. Бұл жөнінде В.Йегер былай деп тамаша айтып кеткен болатын: “Грек мәдениетінің идеяларынсыз ертедегі дүние тарихи кезең болып өмір сүре алмас еді де, ал Батыс Еуропалық мәдениет дүниеге келмеген болар еді” (Г.В.Драч. Культурология. Ростов-на-Дону, 1995, с. 26). Грекияда негізінен мәдениеттің аристократиялық (ақсүйектік) түрі кеңінен таралған, ал оның негізінде терең генеологиялық дәстүрлер) жатыр. Ақсүйектік қасеттермен қатар, “адамзаттық” қасиеттерге де ерекше көңіл бөлінеді. Бастапқы мақсатқа апарар жол – білім жолы болды. Г.Е.Жураковский былай деп жазды: “Көп жылдық афин мектептеріндегі білім берудің түпкі мақсаты – оқушыларға афин қоғамының толық құқылы мүшесі екендігін толық сездіру болып табылады” (Г.Е.Жураковский. Очерки по истории античной педагогики. Москва, 1940, с. 42). Балаларды мектепте жазып-сызуға үйретіп, грек әдебиетімен таныстырды. Грамматика мен музыка сабақтары байланыстырылды, өйткені көптеген өлеңдер музыкамен сүйемелдеу арқылы жатталды. 12 жастан бастап ұл балалар палестраға барды, гимнастикамен айналысты. Жастар тыңдаушылар ретінде мемлекеттік істер қаралатын жиналыстарға да қатыса алатын болды. Демек, бұл айтылған жағдайлардың бәрі көне “пайдейяның” гуманитарлық қызметімен қатар, көне мәдениеттің дамуына ықпал жасағандығын көрсетеді. Ерекше атап өтетін бір жай, мұндай білім беру жүйесі белгілі бір талаптар мен ережелерді игерумен ғана шектелмей, жастарды қоғамдық өмірге де дайындады. Демек, грек қоғамының белсенді мүшесі болу, қоғамдық өмірдің сан-саласына араласу белгіленген ережелер талаптарды толық игергенде ғана жүзеге асып отырды, ал бұларды гректер “даналық табыстар” – нома (заңдар) деп аталады. Демек мәдениеттің мақсаты адам бойында ойлау, пікір айтып пайымдау қабілеті мен эстетикалық сезімді дамыту болды. Бұл жағдайа көне заман адамы өзінің табиғатпен байланысын еш уақытта жоғалтқан емес, ол үшін табиғат ерекше ыстық та, жақын да болды.
Негізгі ұғымдар:

Полис. Пайдейя. «Даналыќ табыстар». Граматика. Музыка сабаќтары.


Баќылау сұраќтары:
1. Полис дегеніміз нені білдіреді?

2. Пайдейя ұғымының мәні ќандай?

3. Адам идеалы туралы В. Йегер ќандай мағыналы сөз айтты?

4. Афины мектептерінің білім берудегі түпкі маќсаты неде?

№ 16-тапсырма
Тақырыбы: «Өткенді бағалау» - ислам дүниетанымындағы болашақты болжаудың кепілі.
Мұсылман діні бойынша, барлық адамдар олардың шыққан тегіне, ұлтына, сеніміне қарамай құдайдың махаббатпен жаратылған пенделері болып табылады. Тіпті, кітапқа сенушілердің (иудейлер мен христиандар) өздері мұсылмандардың жауы емес. Әл-Фараби айтқандай, олар – «адасқандар қаласының» тұрғындары.

Басқа дүниежүзілік және ұлттық діндер олардың негізін салған адамдардың не қауымның атымен аталған (христиандық – Иисус Христос, буддалық – Гаутама Шакья –Муни Будда, зороастризм – Заратуштра, конфуцийлік – Конфуций). Ислам олай емес. Ол барлық халықтарға арналған, адамдарға ерекше рухани қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған әмбебапты дін болып табылады. Яғни, исламда адамгершілік ең басты орынға қойылады. Оған көз жеткізу үшін «Құран Кәрім. Қазақша мағына және түсінігі» атты кітапқа назар аударайық. Қасиетті кітаптағы мазмұндық түсініктер алдымен адам баласын суреттеуден басталады және ол жоғары гуманизм талаптары деңгейінде сипатталады.

Ислам (араб. – момындық, бағыныштылық) - әлемдік ірі діндердің бірі. Құдайдың (Алла тағаланың) соңғы аманаты, соңғы дін. Исламның ақиқатын адамзатқа жеткізуші Мұхаммед с.ғ.с. соңғы пайғамбар болып табылады. Мұсылманшылықтың басты негізі – Құран, мәңгілік, ешкім жаратпаған Құдай сөзі, яғни Құдай табиғатын ашатын көктен түскен аян. Мұхаммед (жаны жәннәтта болғай) Құдайдың әрбір сөзін қағазға түсірген, сондықтан Құран – Құдайдан түскен мәтін. Христоспен салыстырғанда, Мұхаммед Құдайлық табиғаттан ада, ол Тәңір адамы емес, пайғамбар, яғни белгілі қасиеттері бар адам. Мұсылманшылдықтың екінші негізі – сүнне. Ол Мұхаммед сөздері жиылған мәтіндер жинағынан тұрады. Егер христиан дініне үштік туралы ілім тән болса, Исламның ең негізгі қағидасы – Алла тағаланың бірлігіне қылау жуытпай. Мұсылманшылықтың маңызды ұғымы дар-аль-ислам – ислам әлемі. Бұл ұғым дар-аль-харб ұғымына, яғни өзгелер әлеміне қарсы қойылады. Өзгелер әлемі түбі ислам әлеміне қосылуға тиіс. Мыс., қасиетті соғыс жиһад арқылы. Мұсылмандардың әрбір тобы діни қауым уммаға бірігуге тиіс. Умма – адамдардың ұлттық, тілдік және діни қауымы, соны мен қатар әлеуметтік ұйымдасудың түрі. Исламда шіркеу және дін қызметкерлері ұғымы жоқ, себебі ислам Құдай мен адам арасында дәнекер болуы мүмкін деп есептейді. Дінсізді мұсылманға айналдыру үшін, ол «Алладан өзге Құдай жоқ және Мұхаммед соның пайғамбары» десе және осы сөзді ең кемінде екі мұсылман куәландырса, жетіп жатыр. Исламның – Мұхаммедтен өзге тағы төрт пайғамбарды мойындайды: Құдайдың сүйіктісі Нұхты, Алланың бірлігіне ең бірінші болып сенген Ибраһимді, Құдай кітабы Тораны Ысрайыл еліне жеткізген Мұсаны және христиандарға Құдайдың Інжілін жеткізген Исаны. Бірақ Мұхаммед ең бастысы және бірегей пайғамбар боп қала береді.

Көріп отырғанымыздай барлық діндердің рухани ұстанымдары мен әдеп нормалары бір-бірімен үндес, барлық адамдар үшін ортақ. Сондықтан діндердің әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған осы мүмкіндіктерін тиімді іске асыру қазіргі өркениет үшін өзекті мәселе болып отыр. Елордасы – Астанада болып өткен «Әлемдік және дәстүрлі діндердің» съезі осы бағыттағы алғашқы қадам болып табылады. Бұл бағытта әлі де талай қажырлы іс-әрекеттерді жүзеге асыру қажет. Тек осы бағыттағы табанды еңбек қана адамзаттың келесі мың жылдықтағы жарқын болашағын қамтамасыз ете алады.


Негізгі ұғымдар:

Ислам. Дін. Будда. Христиан. Зороастризм. Конфуцийлік.


Баќылау сұраќтары:
1. «Ислам» сөзінің мағынасы нені білдіртеді?

2. Исламның аќиќатын адамзатќа жеткізуші пайғамбар кім?

3. Мұсылманшылыќтың басты негізі не?

4. «Умма» деген ұғымды ќалай түсінесіз?

5. Дінсізді мұсылманға айналдыру үшін ќандай дұға (сөзді) айту керек?

6. Ќазаќстанда «Әлемдік және дәстүрлі діндердің» съезі ќанша рет болды және оның мақсаты?


№ 17-тапсырма


Тақырыбы: Ислам мәдениетінің қазіргі заман өркениетінде алатын орны мен ролі.
Мәдениеттің басқа үлгілерімен салыстырғанда ислам әлемі бір қыдыру біршама жас. Ол VII ғасырдың І жартысында пайда болды. Жаңа діннің пайда болуы арабтардың тағдырын түбегейлі өзгертіп, біріктіруші рол атқарды.

Исламның негізін араб-корейшит тегінен шыққан көпес Мұхаммед с.ғ.с (570-632ж.ж) салды. Ислам ілімі мұсылмандардың қасиетті Құран кітабында мазмұндалған аңыз бойынша оны Алла жердегі Мұхаммед с.ғ.с пайғамбарға Жәбірейіл періште арқылы жіберген, ол жеті маңызды қағида негізделген: бір Құдай Аллаға, періштелерге, барлық діни кітаптарға, Алланың барлық Елшілеріне, арқылы заманға сенім. Ислам ілімінде сәйкес әлемдегі барлық тіршілікті Алла жасады. Ғаламда болып жатқан барлық құбылыстар мен оқиғалар Алланың құдіреті мен жасалған және онын еркімен жүргізіледі. Ислам діні бес “сенім парызына” сүйенеді: “Алладан басқа Құдай жоқ және Мұхаммед с.ғ.с Алланың Елшісі, күн сайын бес рет намаз оқу, ораза ұстау, зекет беру, Меккеге қажылыққа бару”. Мұхаммед с.ғ.с жолын ұстанушылар, мұсылман ретінде (Құдайға шексіз берілгендер) мешіттерде намаз оқыды. Араб аристоқратиясы исламның көмегімен өз билігін нығайтты, арабтардың мемлекеттік бірлігін қамтамасыз етті және көрші елдерді жаулай бастады.

Арабтардың орасан зор мемлекеттік бірлестігі – араб халифаты басқыншылық жорықтардың нәтижесінде пайда болды. VІІІ ғасырдың ортасында Бағдат халифаттың басты қаласына айналды.

Үлкен мәдени жұмыс Тигр мен Ефрат жағалауында, Куф және Баср қалаларында жүргізілді. Мұсылмандық діни ілім мен заңтану қалыптасты. Мұнда грамматиктер мен филологтардың мектебі ашылды, олардың күш-жігерімен араб тілінің ауқымды сөздігі құрастырылды.

Араб мәдениетінің гүлденуіне өзге дәстүрлерге деген төзімділік ықпал етті. Христиандар мен иудейлер ерекше артықшылықты жағдайда болды, оларды мұсылмандар құрметпен “жазу адамдары” деп атады. Соның нәтижесінде грек мәдениеті, ең алдымен философиясы, ислам әлеміне белгілі болды. Арабтар өздерінен мәдени тұқғыдан биік тұрған жат жұрттықтармен араласа отыра, олардан үйрене білді, ақыр соңында, артықшылыққа қол жеткізді.

Араб халифатында жасалынған рухани мәдениеттің әсер ету және таралу аясы орасан зор. Европа медицинасы, географиясы мен басқа да ғылымдары еңбектерінің ықпалымен дамыды. Аристотельдің еңбегімен жақсы таныс еврей, араб және парсы философтары европалық рационализмге қуатты серпін берді. Франциядан бастау алған Европадағы махаббат поэзиясы парсының махаббат лирикасының кейбір дәстүрлерін өзіне сіңірді.


Негізгі ұғымдар:

Ислам. Араб. Мешіт. Араб халифаты. Рационализм.


Баќылау сұраќтары:
1. Ислам діні ќай ғасырда пайда болды?

2. Ислам дінінің негізін салған кім?

3. Ислам діні ќанша «сенім парызына» сүйенеді және олар ќалай аталады?

4. Араб халифатында рухани мәдениеттің таралуы ќай елдердің ғылымдарының ыќпалымен дамыды?

№ 18-тапсырма
Тақырыбы: Ортағасырлық мәдениеттің діни және көркемдік канондары.
Ортағасырлық мәдениеттің басты ерекшілігі – мәдениеттің діннің ықпалында болуында, яғни христиан діні мен христиан шіркеуінің қоғамда ерекше роль атқаруында. Рим империясы құралғаннан кейінгі мәдениеттің жаппай құлдырау процесі етек алған жағдайда, діни шіркеулер Еуропа елдері үшін жалғыз әлеуметтік институт болып қалды. Христиан шіркеулері үстемдік етуші саяси институт болумен қатар, адамдар санасына да мейлінше ықпал етті. Өмірдің қиын жағдайында қоршаған дүние туралы білімнің шектеулі болуы, тіпті оған қол жете бермейтіндей жағдай орын алған кезде христиан діні - халыққа дүние жөнінде, онда үстемдік ететін күштер мен заңдар жайында біртұтас білімдер жүйесін ұсынды. Бұл тарихи дәуірде шіркеу соборларында христиандық діни-уағыздардың басты қағидалары – сенім-белгілері қабылдана бастады. Бұл қағидаларды барлық христиандар орындауға міндетті деп жарияланды. Христиандық ілімнің негізі – Иссус Христостың тірілігіне, о дүниедегілердің тірілтетініне, құдіретті “Үштіктің” бар екендігіне кәміл сену болып саналады. “Үштік” ұғымы құдайдай дәріптелді. Ол өзінің үш бейнесінде де біртұтас: өйткені дүниені жаратушы: құдай - әке, құдай – бала, қасиетті Рух және күнәларды өтеуші Иссус Христос - әрі мәңгілік, әрі бір-біріне тең. Христиан діні адам өзінің табиғатынан-ақ әлсіз және күнә жасауға бейім тұрады, міне сондықтан да оны шіркеудің көмегімен ғана құтқарып қалуға болады деп үйретті. Шіркеудің қоғамдағы ықпалы әр елде әртүрлі болғанымен тұтастай алғанда өте күшті болды. Жалпы алғанда, ортағасырлар дәуіріндегі еуропалық қоғамның бүкіл мәдени өмірі христиан дінімен тығыз байланысты болған, ал мұндай жағдай, яғни діннің дәл осындай биік дәрежеге көтерілуі ежелгі дүниеде де болмаған еді. Ендігі жерде дін тек қана философия ғана емес, саяси доктринаға, құқықтар жүйесіне, моральдік ілімге айналды.

КАНОН (грекше капоп — ереже, қағида, өлшем) — берік сақталған, дәстүрлі, жалпыға түсінікті үлгі. Бейнелеу өнерінде көркем тәсілдер мен ережелердің жиынтығы (композиция өлшемі, колорит, пропорция жүйесі). Бейне­леу өнерінде әр дәуірде белгілі бір Канонның берік сақталуы міндетті болған. Канон деп, сондай-ақ, көркем шығармашылықта өлшем ретінде баланатын ұлы шығармаларды айтады. Канонның Шығыстың көне мәдениетіне, Көне түркі мәдениетіне және Еуропа мен Азияның ортағасыр мәдениетіне де тән. Қайта Өрлеу дәуіріңде Канон бейнелеу өнерінің түрлі саласын­да рационалды жолмен бейнеленген заттың (адам тұлғасының пропорциясы, т.б.) үздік үлгісін табуға тырысты.


Негізгі ұғымдар:

Рим. Шіркеу. «Үштік» ұғымы. Канон. Христиан діні.


Баќылау сұраќтары:

1. Ортағасырлыќ мәдениеттің басты ерекшелігі неде?

2. Еуропа елдерінде діни шіркеулердің ролі ќандай болды?

3. Христиан іліміннің негізі неде?

4. Канон ұғымы нені білдіреді?
№ 19-тапсырма
Тақырыбы: Ортағасырдағы христианшылық
Император Константиннің билігі кезінде, (285—337 ж.) бүкіл Рим империясының мемлекеттік діні — деп танылған христиан діні жалпы христиандық мәдениет пен өнер саласына жаңа леп, жаңа мазмұн әкелді. Христиан дінінің кеңінен таралуына астананың Римнен Византия қаласына көшірілуі де әсерін тигізбей қалған жоқ. Бірақ, империяның Шығыс және Батыс болып екіге бөлінуі христиандық мәдениеттің өзіндік сипат алуына әкеліп соқты. Біртұтас Рим имнериясы екіге бөлінгеннен кейін оның шығысында гүлдену басталды да, ал батысы тоқырауға ұшырады және көп үзамай-ақ варварлар шапқыншылығына ұшырады да, өз тәуелсіздігін жоғалтты. Көшпелі бұл тайпалардың ұлттық өнері өзінің сипаты жағынан ою-өрнекті, әшекейлі болып келді. Тек, 756 ж. Мыртық Пипин варварлардың қоныс аударуын тоқтата алды. Батыс Еуропада қалалардың көптеп салынуы мен онда хрис­тиан дінінің кеңінен таралуына байлаиысты монументальдық сәулет өнері дамып, храмдық көркем суреттер салу етек алды, кітап шығару, миниатюралық өнер гүлдене бастады. Батыс және Шығыс Еуропаның арасында өзара қайшылықтар болғанымен бір-бірінен онша алшақтамады.

Кейіннен Византия империясы деп аталған Шығыс Рим империясында христиандық шіркеу күшті императорлық билікке тәуелді болды. (Византия империясы ұлан-ғайыр жерді алып жатты. Оған Кіші Азия, Эгей теңізінің аралдары, Сирия, Пале­стина, Египет, Крит және Кипр аралдары, Мессопотамия мен Арменияның бір бөлігі, Аравияның жекелеген аудандары, Қырым жерлерінің біраз бөлшегі кірді. Империяның этникалық құрамы әркелкі болды.) V ғасырдың өзінде-ақ Византия императорлары шіркеулік-діни өмірде басты рөл атқарды: олар шіркеу соборларын шақырудан бастап дін мәселесіне байланыс­ты қабылданатын қаулыларды бекітуді де өз қолдарына алды. Ал Батыста жағдай мүлде басқаша болды, мұнда шіркеу мемлекетке дәл мұндай тәуелділікке ұшыраған жоқ, қайта қоғамда ерекше жағдайға ие болды. IV ғ. бастап өздерін папалар деп атаған Рим епископтары өздеріне ең басты деген саяси функцияларды танып алды. Уақыт өткен сайын Шығыс пен Батыс шіркеулері арасындағы қайшылықтар бұрынғыдан да тереңдей түсті. Олардың арасында IX ғасырда «филиоква» жайындағы, яғни қасиетті Рух тек Құдай — әкеден туындай ма (бұл Шығыс шіркеуінің көзқарасы), Құдай — әке мен Құдай — баладан туындай ма (бұл Батыс шіркеуінің көзқарасы) деген діни мәселеге байланысты айтыс-таластар туды. Осылай басталған бұл алауыздықтың аяғы 1054 жылы бір-бірінен толық тәуелсіз шіркеулер құрылуын жариялаумен аяқталды. Кейіннен бұл алауыздықтар одан әрі тереңдеп, екі жақтың шіркеулері де өз шіркеуінің әлемдік рөліне таласа бастады. Дәл осы тұстан бастап Батыс шіркеуі өздерін римдік-католиктік, ал Шығыс шіркеуі — гректік-католиктік, яғни православиелік деп аталды.

Христиан дінін қабылдағаннан кейін аз ғана уақыттың ішінде, әсіресе книязь Ярослав кезінде ежелгі Русьтің мәдениеті өзінің шарықтау шегіне жетті. Киев – еуропаның ең ірі қалаларының біріне айналды. Шетелдік саяхатшылар Киевті екінші патша деп атаса, ХІ ғасырдағы батыс жазушысы Адам Беременский Киевті «Грецияның арайлы ажары болған Константинополььдың бақталасы» деп өте жоғары бағалады. Книязь Ярославтың (ХІ ғ.) кезінде тұрғызылған киевтік София Соборы – таңғажайып ескерткіштердің бірі болды, Киев Русінің ең құдіретті сәулет өнерінің бұл тамаша ескерткіштерінің он үш мұнарасына ұқсас үлгі, сәулетшілердің пікіріне қарағанда, Византия ғана емес, басқа да бірде-бір християндық елден табылмаған.

Ежелгі Руське христиан дінінің келуіне байланысты шіркеулер мен монастырлар салу, яғни діни құрылыстар кең етек алды. Сондай мәдени ескерткіштердің қатарына ХІ ғ. Ортасында Антоний (983-1073) және Феодосий, Печерскийлер негізін қалаған Киев-Печерск монастыры, ежелгі тас ғибадатхана – Киевтің Десятин шіркеуі және т.б. жатады.

Дүниені табындырған әсемдіктің ұлы ескертькіштерінің қатарына жататын Киев собоюрының тікелей бықпалымен салынған Новгород Софиясы өзіне ғана тән ерекшеліктері бар құдіретті де, сымбатты ғимарат.

Новгородтың книязьдік ғибадатханаларының ішіндегі ең мәртебелісі Юрий монастырын орта ғасыр дәуірінің даңқты ғимараттарының қатарына әбден жатқызуға болады.

Христиан мәдениетінің ажырамас бөлігі икона («бейне» деген мағынаны білдіретін грек сөзінен шыққан) жасау ісінде дәл Ресейдегідей соншалықты ғажайып туындылар жасалып, ғасырлар бойы бүкіл бір халықтың бейнелеу өнерінің сүйікті түрі болған жоқ. Икона сюжеттері діни христиандық негізге құрылды. Ал сол Новгородтық иконалардың бүгінге дейін сақталғандардың ішінде әлемдік маңызы ғажайып дүниелер бар. Солардың бірі шамамен ХІІ ғасырдың соңында жасалған «Алтын шашты періште». Осы бір таңғажайып естен кетпес бейнеде қаншалық биік, таза сұлулық бар десеңізші. ХV ғасырда Новгородтық өнердің тарихы аяқталды деуге болады, бұл құбылыс өнердің үздік табыстарының тоқырауынан байқала бастады. Киев Русінің құлдырауынан кейінгі орыс мәдениетінің дамуындағы жарқын беттердің бірі – орыс мәдениетінің гүлденген дәуірі ХVІ – ХVІІ ғасырлар, яғни мәскеулік кезең мәдениеті болып саналады.
Негізгі ұғымдар:

Византия. Храм. Христиандыќ. Католик. Православие. Монастр.


Баќылау сұраќтары:

1. Рим империясының мемлекеттік діні ќалай аталады?

2. Батыс Еуропада Христиан дінінің кеңінен таралуына байланысты өнердің ќандай түрлері дамыды?

3. «София Соборы» ќай ғасырда салынды?

4. «Икона» сөзі ќай тілден шыќќан және ќандай мағына береді?

№ 20-тапсырма


Тақырыбы: Қазіргі өркениет мәдени-әлеуметтік формаларының дағдарысы және мәдениеттің жаңа типін адамзат дамуының жаңа рухани-адамгершілік парадигмаларын іздестіру.
Мәдени-әлеуметтік тип ғылымда қалыптасқан қағидаларды талдаудың нәтижесіненгөрі, өмір идеяларын жалпылаудың тәжірибесіне жақын.

Архайкалық тип. Мәдени идентификация (теңестіру) адамның, белгілі бір нақтылы мәдени ортада өзін-өзі сезіну деңгейіне байланысты. Адамның құндылықтар жүйесін, әдетте, сол күйінде дайын қабылдайды. (отбасылық, топтық, этностық, мемлекеттік, өркениеттік т.б.). Еркін таңдау қабілеті тек шығармашылық типтегі адамдарға тән. Бұл ретте, әсіресе этникалық сананың тұрақтылығын, рәміздері (мифтері, аңыздары, мұраттары, қасиетті символдары, салттары т.б.) мен дүниетанымының өткен кезден сусындап тұратынын ескерген жөн. Этномәдени сана “біз және біз емес” деген ажыратушылық опозицияға негізделген. Бұл сана адамды өткен тарихқа басты назар аударып, этностың түп-тамырларын құрметтеуге шақырады. Бұл – жағымды әрі қажетті талап. Өзін сыйламаған, басқаны да сыйлай алмайды.

Алайда, этномәдени ментальдықтың әсіре бейнеленген типтері бар. Олардың бірі – архаизм. Архаизм – мәдениеттің өтіп кеткен сатыларын қайтадан қалпына келтіруге бағытталған талпыныс.

Мәңгүрттік тип. Бұл типке ұлттық салт-дәстүрден жұрдай, оның рәміздік мағынасын білмейтін, күнделікті өмірде ұлттық мәдени жүйенің құндылықтарын қолданбайтын адамдар жатады. Бұл туралы Ш. Аймановтың шығармашылығында әсері жазылған. Мәңгүрт дегеніміз рухани тамырларынан айырылған адам.

Мәңгүрттік тип – дәстүршілдің қарама-қарсы бейнесі. Бірақ архаист өмірлік позицияны өз қалауымен қабылдаса, мәңгүрттік – сырттқы күштеудің нәтижесі. Мәдени жадыдан адам зорлық-зомбылықтың әсерінен айырылады. Әдетте бұл отаршыл экспанцияның ассимиляциялау саясатынан туады.

Мысалы, Ресей империясының мәңгүрттендіру саясатының кейбір әрекеттерін еске алайық:



  • 1. Халықтың өзін-өзі басқару жүйесін орталық әкімшілікпен алмастыру.

  • 2. Салт-дәстүр мен руханилықтың тамырына балта шабу.

  • 3. Миссионерлік әрекет, төлтума жазбаша мәдениетті шектеу, алфавитті алмастыру, орыстандыру, орыс мектептерін ашу.

  • 4. “Бұратана” халықтардың тілін жоғары мәдени аймақтардан аластап, күнделікті – тұрмыстық деңгеймен шектеу. Метрополиялық менталитет пен мәдениетті күштеп енгізу.

Осыдан келіп “мәңгүртсің” деп біреуді айыптау әділетсіздікке жатады. Мәселе осы жағдайдан қалай құтылудың жолдарын айқындауда болып отыр. Оның басты жолы – ұлттық мәдениетті қайтадан игеру.

Кейде мәңгүрттік мәдени типпен (оны мәдениет деп айту шартты нәрсе) маргиналдықты тұтас қарастыру кездеседі. Оның үстіне маргиналдар қатырына ана тілін білмейтіндерді де қосады. Сонымен, маргиналдық мәдени тип дегеніміз не?

Бұл ұғымды американ әлеуметтанушысы Р. Парк енгізген және латын тілінен – “шетте болушы” деп аударылды. Р. Парк маргиналдар деп мінез-құлқында тынымсыздық, агрессиялық, өзімшілдік, сенімсіздік, депрессиялық белгілері бар американ мулаттарын атаған. Мәдениеттану мен әлдеуметтануда бұл ұғым рухани өзіндік санасы тұрақсыздандырылған, “өліара” мәдениеттің өкілдерін бейнелеу мақсатында қолданылады.

Әдетте маргиналдық ұғыммен қалыпты мәдени сәйкестікке оппозициялық қатынастағы адамдарды сипаттайды. Қысқаша айтқанда, маргиналдар – не қоғамнан өздері аулақ кеткендер, не қоғамның өзі оларды шеттеткендер.

Енді еуразиялық мәдени типтің кейбір мәселелеріне тоқталып өттік. Еуразиялық мәдени тип өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін қазақтың дәстүрлі мәдениетімен тұтасу қажет. Керісінше болса, онда еуразиялық қазақ мәдениетінің маргиналдық белгілері басым болып, рухани қайнарлары таусылып қалады.

Қазіргі дүниежүзілік мәдениетте ХХІ ғасыр қарсаңында кейбір адамдық әмбебаптық болмыстың (мәдениеттің) басты бағыттары айқындала бастағандықтан, оларды қазақ мәдениетінің мүмкіндіктері, парадигмалары және бағдарламаларымен салыстыра қарастырайық.

ХХ ғасыр адамзат тарихында өзінің ұлылығы мен әлеуметтік дағдарыстары, ғылым мен техниканың керемет жетістіктері мен сұрапыл соғыстары, жарқын болашаққа нақтылы қадам басу мен және термотядролық әзәзіл қаупімен ерекше орын алады. Ғасырдың алғашқы жартысында адамзат басынан өткізген екі дүниежүзілік соғыс заманақыр жақын деген үрей туғызса, оның аяғына таман планетамызда парасаттылық пен ізгілік күшейе бастады. ХХ ғасырдың ең негізгі сабағы “біздің бәріміз бір ғарыш кемесінің – жер деген планетаның жолаушылары” екенімізді түсіну, мұны айтқан ұлы гуманист – Антуан де Сент-Экзюпери.

ХХІ ғасырдың қарсаңында мәдениеттердің ұлы тоғысуы, сұхбаттасуы және тұтастануы басты теңденцияға айналды. Біз, шынында да, біртектес адамдық мәдениеттің аймағында ене бастадық. Нәсілдік, отаршылдық, саяси-идеологиялық жікшілдіктен “бүкіладамдық үйге” көшу басталды. Бұл мәселе қазақ мәдениеті үшін де өте актуалды болып табылады. Ішкі жікшілдіктен (рулық-тайпалық, шала қазақтық, номенклатуралық ж.т.б.) арылу, әлемдегі өркениетті елдермен жақындасу, халықаралық қатынастардың тұлғасына айналу қазақ мәдениетіне жоғары талаптарды қояды. Тәуелсіз Қазақстанда бұл мәдениет шешуші қызмет атқарады әрі басқа этикалық топтардың және субмәдениеттердің дамуына және бір-бірімен келісімді болуына жауапты. Қазақ ұлтының жаңа мемлекеттік деңгейі және оның мақсаттары туралы Президент былай дейді: “Ұлт мемлекетсіз өмір сүре алмайды, құрып кетеді. Өз кезегінде ұлттың жойылуы, оның мемлекетінің өмір сүруін мәнсіз етеді. Мәселенің қатаң диалектикасы осындай. Сондықтан, қай ұлтқа жататынына қарамастан барлығы үшін мүмкіндіктер теңдігі мен барлығының заң алдында тең принципін жүзеге асырушы біздің мемлекетте тұрғылықты ұлт – қазақтардың мүддесі жекелеген жағдайда бірқатар мемлекеттерде орын алып отырғанындай ерекше бөліп айтылатыны да әбден орынды”. “Егемен Қазақстан”, 1992, 16 мамыр. ХХІ ғасырға бет бұрған көшке берекесі кеткен мәдениет қосыла алмайды.

ХХ ғасырдың тағы бір сабағы тоталитарлық жүйелердің дәрменсіздік көрсетіп, “демократия” , “азаматтық қоғам”, “құқықтық мемлекет”, “адамның бостандығы” ұғымдары мен принциптеріне негізделген өркениеттердің жаңа мыңжылдыққа қарай нық қадам басуында.

ХХ ғасырдың аяғында әлемдік мәдениетте қалыптасқан тағы бір ахуал озық технологияны гуманистік этикамен үйлесімді қосу талпынысы. Біздің заманымыздың ұлы ойшылдары А. Швейцер, М. Ганди, Л. Толстой, Тейяр де Шарден, Э. Фромм т.б. адамгершілікті негізгі құндылық деп жариялап, Шәкәрім “ар ілімі” деп атаған этиканы ғылымдардың ішінде бірінші орынға қойды. Бұл туралы әлемде көп айтылып-жазылып жүрумен шектелмей, нақтылы істер де жүзеге асуда. Мысалы, бұрын әр түрлі елдердің экономикалық даму деңгейіне, тауар өндіруге байланысты салыстырулар етек жайса, соңғы жылдары БҰҰ мектептерді адамдық даму индексі бойынша сараптайды.

Республикада адамгершілік мәдениетін дамыту бағытында аз істер істеліп жатқан жоқ. Бұл туралы есеп те берейік деп тұрғанымыз жоқ. Бұл ретте жас қауымды халықтың дәстүрлік адамгершілік нормаларына, принциптеріне, ережелеріне үйлесімді тәрбиелеумен қатар, қазіргі заман талаптарына сәйкес өркениетті елдерде басты назар аударылатын этикет (әдептілік) ережелерін де білуге және күнделікті өмірде орындауға құмарту қажет.

Адамгертшілік мәдениетін қалыптастырғанда әдептің құқықпен жақын екендігін, қоғамда тәртіп пен заңдылықты реттейтіндігін естен шығармаған жөн.

Негізгі ұғымдар:

Идентификация. Архайкалыќ. Этномәдени. Парадигма. Мәңгүрт.


Баќылау сұраќтары:

1. Архайкалыќ типтің ұғымы нені білдіреді?

2. Мәңгірттік типке ќандай адамдар жатады?

3. Ресей империясының мәңгүрттендіру саясаты туралы әрекетін атаңдар және оның мағынасы ќандай?

4. Маргиналдыќ сөзінің ұғымы нені білдіреді?

5. Гуманист Антуан де Сент-Экзюпери ХХ ғасырдың ең негізгі сабағы деп өзінің ќандай ойын білдірді?

№ 21-тапсырма

Тақырыбы: Түркі өркениеті және оның ерекшеліктері.


Әртүрлі рулық, тайпалық одақтар, мемлекет тектес иеліктер біздің жыл санауымызға дейін де болды. Солардың үлгісі VI ғасырдың орта шенінде түрік қағанаты дербес ел ретінде әлем сахнасына шықты. Ол қыпшақ, қарлұқ, қырғыз, теле, түркмен, чик, аз сияқты түркі тілдес тайпалардың басын біріктірді. Шығысында Қытай қақпасы, батысында темір қақпа (Дербент) арасында біртұтас билік жүргізген үлкен мемлекет болды. Осы тұтаста оған қараған ру-тайпалардың арасында да қыпшақтардың аты кеңінен тарады. Қазіргі қазақ жұртының негізгі арналарының бірі, түрік қағанатының мықты тірегі болған қыпшақтар өз ортасынан биік мәртебелі батырлармен шешендік үлгісін қалдырған билердің, елге басшы болған көсем тұлғаларды көп шығарды. Қыпшақтар бүкіл түрік қағанатының халқы сияқты тәңірі діні тұтынып, көкте күнге, аспанда ай, жұлдызға табынды. Олар орасан зор көлемі кең жерді иемденіп бұлтартпайтын билік жүргізіп отырған қағанатқа қарайтын отыздаған тайпа, ұлыс, халықтармен бір тілде сөйлесіп, біріңғай мәдениет қалыптастыруға үлкен үлес қосты. Кейін ақсүйектер арасындағы алауыздықтың нәтижесінде қағанат ыдырап, бірнеше иеліктерге бөлшектене бастағанда қыпшақтар да бірнеше топтарға бөлініп, Орхон өзенінің, Алтай өңірінің, Ертіс сол жағының бойына жайыла қонып, шашырап мекен етті.

VI ғасырдың аяғына таман түркі қағанатының тұтастығы бұзылып, ол Батыс түркі қағанаты, Шығыс түркі қағанатына бөлінді. Соңғы екеуінің негізінде Түркеш хандығы, қарлұқ жабығылығы, хазар қағанаты сияқты иеліктер өмірге келді. Батыс түркі қағанаты 603 жылы құрылып, Жетісуды, Шығыс Түркістанды, Тянь-Шанның батыс бетін, Орта Азияны қамтып жатқан ірі феодалдық мемлекет болды. Оның астанасы Шу алқабындағы ертеден белгілі Суяб қаласы еді. Оның негізінде қалаған Істем қаған 558 жылы аварларды Батысқа қарай ығыстырып, Еділ мен Жайық бойын өзіне қаратты. Оның негізінде өмірге келген Түркеш хандығы 704-766 жылдар аралығында, одан кейінгі қарлұқ қағанаты 766-940 жылдарда өмір сүріп, дәурен кешті. Түркі халықтарының арғы аталарының бірі оғыз тайпалардың басын біріктіріп, ІХ-ХІ ғасырларда дәуірленген оғыз тайпаларын Батыс Қазақстан жерін, Сыр бойын өзіне мекен етті. Онда Сүткент, Сығанақ, Қарнақ сияқты сауда-саттықпен өркендеген қалалар болды. Оғыздардың астанасы Сыр Бойындағы Янгикент шаһары еді. Сән-салтанатпен қалада тұрған халықтар егіншілікпен айналысып, мал өсірумен шұғылданып көшпелі өмір кешкен Оғыздармен тығыз шаруашылық қарым-қатынаста болды. Кейін оғыздардың басым көпшілігі қыпшақтардың қысымымен Шығыс-Еуропа мен Кіші Азияға қарай жылысып ауа көшті де екінші бір бөлігі осы арадағы қыпшақтарға, басқа ру тайпаларға сіңісіп кетті.

Негізгі ұғымдар:

Түркі. Ќыпшаќ. Оғыз. Ќарлұќ. Хазар.


Баќылау сұраќтары:

1. Түрік ќағанаты ќандай тайпалардың басын біріктірді?

2. Батыс түркі ќағанатының астанасы ќалай аталады?

3. Түркеш хандығы ќай жылдар арасында өмір сүрді?

4. Батыс Түркі ќағанаты ќай жылы ќұрылды және ќандай аймаќтарды ќамтыды?

№ 22-тапсырма

Тақырыбы: Ата-бабаларға табыну.
Ата-бабаларды пір тұту дәстүрі көне діни сенімдермен тығыз байланысты болады. Айталық, көшпелілер басқа да халықтар тәрізді жанның мәңгілігі және өлмейтіндігі туралы анимистік көзқарасты қолдаған. Түрік тайпалары өлген адаммен бірге молаға оның қаруын, жеке заттарын тұлпарын бірге көмген. Ә. Төлеубаевтың пікірі бойнша, «ас» беру салты алдымен өлген адамға арналған, кейін бұл дәстүрлік салт еске алу кейпіне енген. «Әкесіне ат мінгізіп жібереді, аруағын» – сыйлады; «Тіркесі осыдан қалған. Ал әкесінің аруағын сыйлай білмегенді келемеждеп: Әкесіне сиыр мінгізді» деген.

Қазақтардың исламға дейінге діни жүйесінде анимизмнің генотеизммен тұтасуының басқа да мысалдары әдебиетте көптеп келтіріледі. Халық түсінігінде жанның үш түрі болған: ет-жан, шыбын-жан, рухи-жан. Адам пәни дүниеден кеткеннен кейін, оның ет-жаны төменгі дүниеге ауысқан. Шыбын жан көк жалын түрінде қайтыс болған адамды тастап, ұшып кеткен. Ал рухи-жан аруақтарға ауысқан. Аруақ дегеніміз осы рухтың бітімдік қалпы.

Көне тотемдік нанымдар да түрік халықтарында генотиптік сипатта болған. Тотем-көкбөрі жөнінде жоғарыда тоқталып өткен болатынбыз. Тотемдік мағынаға қасқырдан басқа бұғы, қабылан, арыстан, бүркіт сияқты көшпелілер үшін ерлік пен жігерліктің таңбалары болып табылатын жануарлар да ие болған. Қазақтардың түсінігі бойынша, аруақтар тотемдер бейнесінде де көрінуі мүмкін. Мысалы, Абылайхан өзінің аруағы ретінде қызыл түлкіні пір тұтқан. Сыпатай батырдың аруағы болып жолбарыс есептелген.

Генотеистік діни жүйенің іздерін қазақтар дәстүрлік мәдениетінен де анық байқауға болады. Құда түсу рәсіміндегі ант ішу (түпкі мағынасы қан ішу), құйрық-бауыр жеу, «өлітірісін» атқару (тікелей аруақтарға мезгеп тұр), жерлеу дәстүріндегі «жетісін», «қырқын», «жылын» атап өту, «гүл» жасау және тағы басқа ата-тектік сенім-нанымдарға негізделген. Аруақтың қолдау немесе қолдамауы ұрпақтың оған қарым-қатынасына тәуелді болды. Аруақтарды жиі еске алу, олардың құрметіне тасаттық жасау (исламда тек діни мейрамдар кезінде құрбандық шалынса, көшпелілер өмірдің елеулі оқиғаларына байланысты тасаттық істеген) адамдарға қолайлы жағдай туғызады деп есептелген. Керісінше, ата-тектік дәстүрді бұзғанды «аруақ ұрсын!» деп қарғаған.


Негізгі ұғымдар:

Аруаќ. Анимистік. Тотемдік. Генотеистік. Ќұрбандыќ.


Баќылау сұраќтары:

1. «Ас беру» салтын ќалай түсінесің?

2. Халыќ түсінігі бойынша жанның неше түрі бар және ќалай аталады?

3. Абылайхан өзінің аруағы ретінде ќандай аңды пір тұтќан?

4. Сыпатай батырдың аруағы болып есептелген аңды ата?

№ 23-тапсырма


Тақырыбы: Тәңіршілік
Ислам қалыптасқанға дейін қазақтың рухани мәдениетінде маңызды рол атқарған діни жүйелергс тәңірілік дін мен шама­низм жатады. Соңғы жылдары бұл діни жүйе туралы көптеген еңбектер жарияланды, диссертациялар қорғалды. Біздің ойымызша тәңірілік дін еуроазиялық көшпелі шаруашылық-мәдени типтің қажеттіктеріне нағыз икемді діни жүйе болып табылады. Оның өрістеген кезі түрік және моңгол тайпаларының елдік принцип бойынша тұтасып, далалық империяларды құрған уақытына сәйкес келеді. Бұл туралы Л. Гумилевтің «Қиял патшалығын іздеу» атты трактатында сынды пікірлер келтірілген. Тәңірілік дінде генотиптік дүниетаным терең орын алғанымен, ол монотеистік діни жүйе деңгейіне көтеріле алған. Кейде ша­ман тәңірілік діннің абызы деген қағида келтіріледі. Бұл пікірмен қосылу қиын. Себебі, Көк Тәңірі бақсы сияқты рухтарды (ар-уақтарды) пайдаланбайды, дүғалап, сиқырламайды, ол тек аспан еркін ғана хабарлайды. Бұл жерде исламнан да өзгешілік көрініп тұр. Көк Тәңірі адамдардан белсенділікті талап етеді (Шыңғыс ханға ұнаған қағида). Тәңірілік дінде демонологиядан гөрі космология мен этика тереңірек ұялаған. Марко Поло былай деп хабарлайды: Әрбір адамның үйінде үй қабырғасының жоғарғы жағынан тақтайша қағылып, онда Жоғары мәртебелі Аспан құдайын білдіретін есім жазылып қойылған. Оған жарамсақтана жалбарынып, қошамет көрсете табынады, қолдарын аспанға көтеріп, сол құдайы өздеріне жақсы ақыл мен мықты денсаулық беруі үшін жүгіне тәпсім етеді және одан басқа еш нәрсе де сұрамайды».

Кейін араб-парсы-түрік өркениетінің қалыптасуына байла­нысты Көк Тәңірі Алланың синониміне айналып кеткен. Ал генотиптік түсініктер исламмен қатар дамыған. Оның себебі генотеизмнің қазақтың дәстүрлі мәдениетінен (басқа да туысқан мәдениеттерден) қолдау табуына қатысты. Тәңірілік діннің типтік маңызы алғашқы көшпелі империялардың мәдени тұтастануы үшін себепкер болуымен байланысты (бірінші синтез). Кейін әлемдік дәрежеге көтерілген суперөркениетте екінші тұтастануға ұйытқы болған дүниежүзілік дін – ислам өмірге келді


Негізгі ұғымдар:

Монотеистік. Көк Тәңірі. Демонология. Космология. Этика.


Баќылау сұраќтары:

1. Ислам ќалыптасќанға дейін ќазаќ рухани мәдениетінде ќандай діни жүйелер маңызды рол атќарды?

2. Ќандай өркениеттің ќалыптасуына байланысты Көк Тәңірі Алланың синониміне айналып кеткен?

3. Суперөркениетте екінші тұтастануға ұйытќы болған дүниежүзілік ќандай дін өмірге келді?


№ 24-тапсырма
Тақырыбы: Қол өнері
Қолөнеріқарапайым еңбек құрал-жабдығының көмегімен шикізаттардан әр түрлі дайын бұйымдар жасайтын ұсақ қол өндірісі. Бұл ірі капиталдық өндіріс пайда болғанға дейін өңдеу өнеркәсібінде үстемдік етті. Жалпы қолөнер қоғамдық өндіріспен қатар пайда болды. Қоғамдық еңбек бөлінісінің түрлі кезеңіне сай, үй кәсібі қолөнері тапсырыс бойынша істейтін қолөнері және базарға сатуға арнап істейтін қолөнері болып бөлінеді. Үй кәсібіндегі қолөнершілер тек өздеріне қажатті бұйымдар өндірумен ғана шұғылданды. Бұлар әрі ауыл шаруашылығынан қол үзбей қолөнерлеріне тек көмекші кәсіп ретінде қарады. Үй кәсібі негізінен натуралдық шаруашылыққа тән. Дегенмен ол капитализм заманына дейін де сақталып келеді. Натуралдық шаруашылықтың ыдырауы нәтижесінде қолөнердің неғұрлым дамыған түрлері де пайда болды. Енді ауылшаруашылығынан қол үзген, тапсырыс бойынша істейтін қолөнер және базарға сатуға арнап істейтін қолөнері келіп шықты. Тапсырысқа істейтін қолөнерші тұтынушыға қажетті бұйымды тапсырыс берушінің шикізатынан немесе өз шикізатын жасады. Қолөнердің бұл түріне қолөнершінің басқа біреудің шаруашылығында кесімді немесе күндік шарттармен төленетін ақыға істейтін жұмысы да жатады. Базарға шығарып сату үшін істейтін қолөнерші өзі жасаған бұйымды жергілікті кішігірім базарға шығарып сатады, болмаса онан әрі алып-сатуы үшін көпестерге өткізеді. Қалаларда қолөнердің өзінің шарықтау шегіне феодализм дәуірінде жетті. Капитализм жағдайында Қолөнері өнеркәсіптік кейбір саласында, әсіресе сән-салтанат заттарын өндіретін саласында ішінара сақталып қалды.

Қазақстанда қолөнері үй кәсібі түрінде дамыды. Көшпелі шаруашылықтың қажетіне байланысты қолөнершілер мал шаруашылығына керекті желі, шылбыр, ноқта, бұршақ, жүген, құрық, бұғалық, тұсау, өре, шілдер, кісен, қада, ер-тұрмандар жасаумен шұғылданды. Олар құмнан, тастан, саздан, құмыра, ыдыс-аяқтар, мүйізден, сүйектен, мал мен аң терілерінен әшекейленген нақышты мүліктер, домбыра, қобыз, сыбызғы, шаңқоңыз сияқты музыка аспаптарын жасады. Қазақ халқының қолөнері ішінде киіз үйдің сүйегін, ағаш төсек жасау, ағаш өрнектеу, кесте тігу, өрмек тоқу, киіз басу, сондай-ақ моншақ, білезік, сақина, сырға, алқа, шолпы сияқты зергерлік бұйымдар жасау кең етек алды.


Негізгі ұғымдар:

Ер тұрмандар. Ноќта. Домбыра. Ќобыз. Сыбызғы. Өрмек тоќу. Білезік. Саќина.

Баќылау сұраќтары:

1. «Ќолөнер» деген сөзді ќалай түсінесің?

2. Ќолөнер кәсібі ќоғамдыќ еңбек бөлінісіне ќарай ќалай аталады?

3. Ќалаларда ќолөнер ќай дәуірде өзінің шарыќтау шегіне жетті?

4. Ќазаќстанда ќолөнер ќандай кәсіп ретінде дамыды?

5. Ќолөнершілер мал шаруашылығына, музыка аспаптарына ќандай бұйымдар, заттар жасады?


№ 25-тапсырма
Тақырыбы: Әдебиет: «Қорқыт-ата кітабы», «Оғызнама», «Түркі тілдерінің сөздігі», «Құтты білік», «Ақыл кітабы.
«Қорқыт ата кітабы»

Қорқыт есімі – түркі тектес халықтар арасында кеңінен мәлім. «Қорқыт ата кітабы» - түркі елінде кең тарап келген аңыздар негізінде ХІ ғ. Шамасында жазылған шығарма. Қорқыт – тарихта болған өнер иесі, заманның ақсақал-биі, батыры, даңқты ақылгөй адамы. Зерттеушілер пікірінше ол оғыз қыпшақтардың Баят-қият руынан шығып, VІІІ – ІХ ғасырларда өмір сүрген. Қорқыт істерін әр халдық әртүрлі аңыз еткен, оның атын әулиелер қатарына қосқан. Қазақ аңыздарында да Қорқыт көп жасаған көреген, ақыл иесі дана, ел мұның жырлаған күйші, қобыз өнерінің атасы болып келеді.

«Қорқыт ата кітабын тұңғыш зерттеушілерінің бірі неміс ғалымы Н. Ф. Диц өзінің «Аталар сөзі» атты жинағында Қорқыттың әкесі Қармыш (немесе Қырмыш) шешесі дию пері қызы деген аңыз бар дейді және оны 366 алып батыр, 24 бек, 32 даңқты сұлтандар шыққан Оғыз тайпасының өкілі дей келіп, көп халықтардың әулие тұтатынын ескертеді. Ал Оғыздар ІХ – Х ғасырларда ірі мемлекет құрған.Олар Алтайдан батысқа қараған кең өлкені. Орта Азия мен Кавказ жерлерін түгел дерлік өзіне қаратқан. Осынша байтақ жұртты билеген оғыздардың құрамында қазіргі түркі түлдес халықтардың көпшілігі-ақ болған. Соның ішінде кейін қырғыз, қазақ, түрікмен, өзбек, азербайжан аталып кеткен халықтар да бар. Сондықтан «Қорқыт ата кітабын» сол халықтар арасында кең тараған ескі аңыз сюжеттерінің негізінде жасалды деуші ғалымдардың (В. В. Бартольд, А. Ю. Якубинский, В. М. Жирмунский, т.б.) пікірлерін қостамасқа болмайды.

Кеңес ғалымдарының болжауынша, «Қорқыт ата кітабы» бір мезгілде жазылған не бір ғана оқиғаға байланысты пайда бола қалған шығарма емес.Ол – ең алдымен халықтардың ауыз әдебиетінде ғасырлар бойы айтылып келген аңыздармен жырлар негізінде қалыптасқан, ұзақ жылдардықамтитын, тарихи ерлік кезеңдердің тбуындысы.

«Қорқыт ата» циклында осындай 12 жыр әңгіме бір желіге біріктіріліп, үлкен эпос жасалған. Эпостың бұлайша циклденіп біту кезеңін В. М. Жирмунский ХІV ғасырдың орта шені мен ХV ғасырдың бас кезіне жатқызады.

«Қорқыт ата кітабы» 12 жырдың қосындысы десек, онда оншақты ғасыр ішінде өмір сүрген он шақты ру тайпа ұлыстардың өткен дәуірінде сай оқиғалар суреттеледі. Жыр оқиғасы әр түрлі географиялық ортада өтеді. Бірі Алтай жағында болса, енді бірі Орта Азия, Жетісу өңірінде, немесе Сыр бойы, Сардала (Дешті Қыпшақ), Перция, Кавказ, т.б. жерлерде өтіп жатады. Бұлай болуын зерттеушілер оғыздардың бір кездерде сол өлкелерді қоныстанғандықтарымен байланыстырады. Бұл болжаудың да шындығы бар. Соған қоса, біздіңше «Қорқыт ата кітабына» енген әңгімелер бір кезде, жоғарыда аталған олғыздарға қараған өлкелерді жайлаған көптеген халықтардың ертегі-аңыздарынан алынып құрастырылған. Сондықтан «Қорқыт ата кітабын» бір ғана халық меншіктене алмайды. Онда қазіргі бірнеше түркі халықтардың үлесі бар. Бұл пікірдің шындығын «Қорқыт ата кітабының» мазмұнына көз жіберген адам бірден сезеді. «Қорқыт ата кітабының» мазмұны мен В. Бартольд аудармасы бойынша танысайық.

Дерсехан ұғлы Бұқаш хан туралы жыр. Мұнда хандардың ханы баяндүр той жасап, ел жұртын житып, оғыздардың бектеріне сый-сияпат көрсетеді. Тойға жиылғандар үшін ол үш жерге үш түсті үй тіктіріп, үш түсті ту көтертеді. Ақ тулы үйге ұлы басқаларды, қызыл ту астындағыүйге қызы бардарды, қара тулы үйге баласы жоқтарды кіргізеді. Баласыздарды Құдай қарғысына ұшырағандар деп санайды да, олардың астына қара киіз төсетіп, қонақасы ға қара қой сойғызады, артық құрмет көрсетпейді. Осы жиынға Дерсехан деген белгілі бек те келеді. Оның не қызы, не үлы жоқ екен. Ол бұл қылыққа әбюден налып, үйіне кері кетеді. Үйде тамаша сұлу ханшасына барып, болған жайды түгел баяндап береді. Оны кінәлап, не бала тап, не қаныңды жерге төгемін дейді. Оған әйелі: «О, ханым! Саспа, ашумен асығыс іс қылма. Мені тыңда: Құдай үшін қызмет қыл, шын тілекпен жалбарынайық, той жаса, мал-жанды құрбан қылайық. Етті тау ғып үй, қымызды көл ғып құй, ел-жұртты түгел жи, бәріне тік тұрып сый құрмет көрсет, аш-жалаңаш, пақыр-мүскіннен дүниеңді аяма. Олар да біз үшін бір перзент тілесін, көптің тілегін құдай қабылдар», - депті. Құдай қалаған қонақтар тілегі қабыл болыпты, хан балалы болыпты...

Бала ер жетіп, 15 жасқа келгенде алып күш иесі болады. Ол Баяндүр ханның мүйізімен қара тасты үн қылатын бұқасы мен қара бурасына қарсы шығады. Айбатына адам шыдай алмайтын асқан қара күш иелері – бұқа мен бураны жеңеді. Осыдан кейін халық жас баланың қайратына, батылдығына риза болады. Қорқыт атаны алдыртып, оған Бұқаш деп ат қойғызады. Хан сайланып, таққа отырады. Алып күш иесі жастың күндестері оны әкесіне жамандайды, әкесін баласына қарсы айдап салады. Хан аңда жүріп өз баласын өзі атады. Мұны сезген ханым қырық қызбен келіп, баласын іздеп зар шегеді. Бірақ оған дейін батыр баланың басына Қызыр келіп, емдеп беріп, етіне түскен жараны тау гүліне ана сүтін қосып емдеуді аян етеді. Кавказ тауының қарлы шыңындағы құзға құлап, әбден әлсіреп, құзғынға жем болғалы жатқан ұлын анасы табады. Қызыр аян еткен емді жасайды.

Бұл арада ананың өте қайғылы ұзақ толғау арқылы беріледі. Ем қонған батыр 40 күнде бұрынғы қалпына қайта келеді. Аң аулап, әкесіне көрінбей, дала кезіп ат арқасында жүреді. Дерсехан баласының тірі қалғанын көпке дейін білмейді. Ол күндердің күнінде өзінің қырық уәзірінен жапа шегіп, құлдарша жаяу айдалып, жауына тұтқын болады. Осы кезде анасы батыр баласына барып, болып жатқан жайды хабарлайды. Баласы қырық жолдасын ертіп әкесін құтқарады. Жауды жеңеді. Өзі ұлы хан болады. Бұлар туралы Қорқыт ата жыр шығарады. Осымен бірінші жыр аяқталады.

Оғыз-наме (Оғыз қаған эпосы) «Оғыз-наме» - түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін генеологиялық аңыздар негізінде көркем тілмен баяндайтын эпостық шығарма. Соның өзінде, шығарманың сюжеттік желісі жеке ру-тайпалар шежіресіне негізделген емес. «Оғыз-наме» - әрі көркем, әрі тарихи туынды деуге болады.

«Оғыз-намеде» негізінен Оғыз қағанның әскери жорықтары, батырдың қан майдан соғыстағы ерлік істері мадақталады. Шығарманың негізгі идеясы – елді ауыз бірлікке, ерлікке, адамгершілікке үндеу, халықты сыртқы жауға қарсы күреске шақыру.

Эпостық сарында жазылған «Оғыз-наме» хикаясының тарихи негіздерін дұрыс аңғару үшін оғыз тайпалары бірлестігі жайында бірер сөз айта кетейік. Оғыздар – ертедегі түркі тайпаларының бірі. Олар көбінесе дерлік Сырдарияның төменгі ағысы мен Қаратау бөктерін мекендеген. Ұзақ жылдар бойы көршілес тайпалармен соғысып, Арал теңізінің батысы мен Каспий теңізінің солтүстік жағалауларын өздеріне қаратып алады. Кенгарпеченек бірлестіктеріне қарсы ІХ-Х ғасырларда жүргізілген осы соғыстардың оқиғалары «Оғыз-наменің» сюжеттік желісіне негіз болған.

Сонымен, Х ғасырда оғыздардың саяси бірлестігі – оғыз мемлекеті құрылғанда астанасы Сырдың төменгі ағысындағы Жаңакент немесе Жаңа Гузия деп аталатын қала болған.

Оғыз тайпалары бірлестігі 965 жылы Киев Русымен одақтасып алады да, екі жаққа бірдей қатер төндіріп тұрған қуатты Хазар қағандығына қарсы соғыс ашады. Ақыры Хазарларды жеңіп, Каспий теңізінің солтүстік шығыс жағалауын да жаулап алады. Арадан жиырма жыл өткен соң оғыздар орыс князьдығымен біріге отырып, Еділ мен Қама өзендері бойындағы бұлғарларды да тас-талқан етіп жеңіп шығады.

Қыпшақтардың қатты тегеуірініне төтеп бере алмаған оғыздар ХІ ғасырдың орта шеңінде Дешті Қыпшақтан батысқа қарай ығысып кетеді. Бірақ олардың бәрі бірдей қоныс аударған жоқ еді. Қазақстан жерінде қалып қойған оғыздар бірте-бірте қыпшақ, қарлұқ, қаңлы, тағы басқа түркі тілдес тайпаларымен араласып, солардан этикалық құрамына біржола сіңісіп кеткені мәлім. Оғыз қаған немесе Оғыз хан туралы сан қилы аңыздар түркі халықтарының арасында ерте кезден-ақ кең тараған. Ежелгі аңыз-ертегілерде Оғыз – түркі халықтарының теңдесі жоқ алып батыры, әскери қолбасшысы, өз елінің қамқоршысы ретінде бейнеленеді. Оғыз батыр және оның көптеген ұрпақтары туралы ауызша айтылып жүрген алуан түрлі ертегі-аңыздар бертін келе қағазға түсіріледі.
Түрік тайпалары Шығыс ренессанысының жай ғана шеткі аймағы емес екенінің бір куәсі – Махмұд Қашқаридың (ХІ ғ.) «Диуани лұғат ат-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты туындысы. Бұл сөздікті тек тіл танулық құрал демей, сонымен бірге ортағасырлық түрік мәдениетінің озық өркениетке қосқан үлесі деп қарастырған жөн. Мұсылман әлемін баурап алған мәдениетке өзін әлемге таныту қажеттілігі туды. Оны Махмұд өзінің теңдесі жоқ шығармасында ойдағыдай жүзеге асырады. Махмұд Қашқаридың негізгі зерттеген мәселесі – түрік тайпаларының мәдениеті. Осы мақсатпен ол бүкіл түрік тайпалары мекендеген кеңістікті аралап шықты. «Мен түріктер, түрікмендер, оғыздар, шігілдер, яғмалар, қырғыздардың шаһарларын, қыстақ пен жайлауларын көп жылдар кезіп (аралап) шықтым, лұғаттарын жинадым, түрлі сөз қасиеттерін үйреніп, анықтадым. Мен бұл істерді тіл білгенім үшін емес, қайта бұл тілдердегі әрбір кішігірім айырмашылықтарды да анықтау үшін істедім. Әйтпесе мен тілде олардың ең білгір адамдарынан, ең үлкен мамандарынан, көрегендерінен, тайпаларынан шыққан, соғыс істерінде мықты найзагерлерінен едім. Оларға ден қойғаным сондай, түріктер, түрікмендер, оғыздар, шігілдер, яғмалар және қырғыз тайпаларының тілдері түгелдей көңіліме қонып, жатталып қалды. Солардың бәрін мұқият бір негізде жүйеге салдым». (Жаз бен қыстың айтысы. Алматы, 1985, 9-бет).

Лұғатта тек Қарахандар Мемлекетінің мәдени өмірі ғана емес, сонымен бірге ежелгі дәуірден келе жатқан түрік мәдениетіндегі миф-аңыздар, тұрмыс-салт ерекшеліктері, түріктердің Көк тәңірісі мен Күнге табынуы, табиғат құбылыстары тамаша суреттелген. Махмұд Қарқариды халық эпосын жазбаша түрік мәдениетінде алғашқы зерттелген ғұлама деп бағалауға болады


Қазақстан жеріндегі Ренессанс көріністердің бірі – Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі». Осыдан ІХ ғасыр бұрын жазылған (1069-1070 ж.) бұл дастанда түрік мәдениетінің негізгі нышандары айқындалып, бағытты өмір сүру мұраттары тұжырымдалады. Жүсіп Баласағұн Хас-Хаджибтің бұл еңбегін шын мәнісінде ортағасырлық түрік мәдениетінің энциклопедиясы деп қарастыруға болады. «Құтты білік» кейіпкерлерінің есімдері де бұрынғы тәңірлік дін нанымдарына қатысты. Басты бейне Құнтуды - әділ ел басшысының рәмізі. Бұл бейне «Күлтегін» («Түркі қанағаты туралы сөз») жазуларынан басталып, әл-Фараби мен Қожа Ахмет Иассауи армандаған түрік мәдениетіндегі үлгі, мұрат тұлғаның бастысы. Келесі кейіпкер әділ патшаның уәзірі, ақыл-парасаттылықтың иесі, елге бақ-дәулет, яғни құт әкелетін Айтолды бейнесі арқылы ашылған. Күн мен Ай қашаннан Кіндік Азия халықтарының пір тұтқан күш-қуаттары ақылды ұлы Ұғділміш – осы мәдениетке тән білімділік пен парасаттылықтың көрнісі. Әдеп пен тәртіп, байсалдылық Ұғділміш бейнесінде философиялық тәсілмен суреттелген.

Төртінші бейне – дәруіш Одғұрміш. Бұл жерде бірнеше терең ой айтылған. Ұғыну (Ұғділміш) пен Жүрекоттың (Одғұрміш) сұхбаттасуы бүкіл араб-парсы-түріктегі мәдени өрлеу дәуірін толғандырған нағыз дүниетанымдылық ізденіс еді.

Ақыл мен сезімталдылықтың, парасат пен түсүнушіліктің, ақиқат пен махаббаттың арасындағы үйлесімділік тек Еуропа ғалымдарын ғана емес, сонымен бірге Шығыс ғұламаларын да көп толғандырған. Дәруіш Одғұрміш өзін Жерұйыққа – хан сарайына қаншама шақырғанмен өзінің қасиетті әлемі – бас бостандығынан айырылғысы келмейді. Күнтуды үшінші рет шақырғанда ғана, сопы дәруіш сұхбаттасу мақсатымен хан сарайына келеді. Бұл жерде үлкен мәдени сыр жатыр және осыны түсіне білген Жүсіп Баласағұн адамзаттың өркениеті болашағына терең болжам айтқан. Хан сұрақтарына дұрыс жауап бере білген Одғұрміш пендешілік ләззаттардың желегіне ермей, ескі домбырасын қайтадан асынып, тау-тасты аралап кетеді. Бұл мистика да, аскеттік те емес. Қайта рухани тәкәппарлықтың жеңісі. Күнделікті пендешілік тауға тас көтеріп, бет алды әуре болатын Созифтің әрекеті сияқты. Бақытқа жету жолы байлық жинау емес, басқаны алдау емес екендігін бұдан талай ғасырлар бұрын ата-бабаларымыз білген.

Дәруіш-сопылар ерлігіне таң қала отырып, Жүсіп Баласағұн, алайда, бақытқа жетудің негізгі құралы деп парасаттылыққа тоқталады:

Ақыл – шырақ, қара түнді ашатын,

Білім – жарық, нұрын саған шашатын...

Ақыл болса, асыл болар – болса ер,

Білім болса, бектік қылар – қылса ер.

Ақыл кімде болса – болар асыл ол,

Білім кімде болса – бек һәм басың ол.

Ақылымен кісі асыл атанар,

Бекке ел ісі білімімен жасалар.

Талай ізгі іс атқарылды ақылмен...

Сөйтіп, Жүсіп Баласағұн қазақ және басқа туысқан түрік халықтарының рухани өрлеуіне үлкен үлес ғалымдардың бірі. Оның мұрасы – алтын қазына.

Сопылар құдайды парасатпен емес, жүрекпен түсіну керек деп жариялайды. Осы бағыттың көрнекті өкілі, кейін мұсылман пікірлерінің біріне айналған – Қожа Ахмет Иассауи. Оның ең үлкен жетістігі ғасырлар бойы қалыптасқан бай түрік мәдениетін мұсылман өркениетімен шебер байланыстыруында жатыр.

Қожа Ахмет Ияссауи жазған негізгі шығарма – «Диуани хикмет» («Ақыл кітабы»). Қожа Ахметтің өмірінде жасаған бір ерлігі оның 63 жасқа келгеннен кейін, «пайғамбар жасына жеттім, одан әрі өмір сүру, жарық дүниені көру күнә» деп бар байлығын мүсәпірлерге таратып, өз еркімен жер астындағы үңгірде тіршілік етуімен байланысты. Оның пәк өміріне риза болған атақты Ақсақ Темір ғажайып Қожа Ахмет Иассауи ғимаратын салдырды. Иассауи туралы Ыбырай Алтынсаринның берген бағасын келтірейік: «Муштафид Ғұламалар арасындағы ұлықтары төртеу: имам Ағзам, имам Мәлік, имам Шафиг, имам Ахмед Ханбал Яссауи. Бұл төртеуі шариғат мәнісін толық тексеріп, халыққа түсіндіріп берді». (Мұсылманшылықтың белгісі. Алматы, 1991, 22-бет). Шығыс перипатетиктері – ақыл –ойды жоғары қойып, трактаттар жазса, сопылық бағыт мәдениеттің поэзиялық әдісімен өз ойларын насихаттаған. Есімдері әлемге белгілі Омар Хайям, Сағди, Хафиз, Низами, Руми тәрізді ақындар сопылықтың гуманистік идеаларын пайдаланып, ғажайып дастандар жазғаны белгілі. Олардың қатарында өзінің тиесілі орнын алатын, түрік тілдес халықтардың ортақ өкілі Иассауиға тоталитарлық жүйе кезінде мистик ақын деген айдар тағылып, халық мәдениетінен шеттеуге әрекеттер жасалды. Шын мәнісінде суфийлік ағымды керітартпа мистикалық ілім деу қате.


Негізгі ұғымдар:

Ќорќыт ата. Оғыз ќаған. Эпос. Дәруіш. Сопы. Ќарахандар. Ұғділміш. имам Ағзам, имам Мәлік, имам Шафиг, имам Ахмед Ханбал Яссауи.


Баќылау сұраќтары:

1. Ќорќыт ата ќай ғасырларда өмір сүрген?

2. «Ќорќыт ата кітабында» ќанша жыр, әңгіме біріктіріліп эпос жасалған және оның оќиғалары ќандай?

3. «Оғыз-наменің» мазмұны нені білдіреді?

4. М. Ќашќаридың негізгі зерттеген мәселесі ќандай?

5. Ж. Баласағұнның «Ќұтты білік» кейіпкерлерінің есімдері ќандай дін нанымдарына ќатысты?

6. Ќ. Ахмед Иассауидің «Диуани-хикмет» («Аќыл кітабы») негізгі мағынасы не туралы жазылған?

№ 26-тапсырма


Тақырыбы: «Алтын Орда» кезеңіндегі мәдениет.
ХІІІ-ХV ғасырларда мейманасы тасып, дүрілдеп Алтай тауынан Дунай өзеніне дейінгі ұлан-ғайыр өлкені алып жатқан Алтын Орда Қазақстанның, Орта Аязияның, Шығыс Еуропаның түркі тілдес тайпаларына хазар, қыпшақ, оғыз, орыс, армиян сияқты халықтар қоныс еткен орасан зор, кең байтақ жерлерге билік жүргізді. Оның қол астында сән-салтанатқа бөленген ондаған ірі қалалар, мыңғырған мал өсіріп жасыл шөбі бар жайылымды, жарқыраған суы бар өзен көлді сағалаған малшы қауымдары егін егіп, дән өсіріп, диханшылық пен айналысқан еділ бойының тұрғындары болды. Егіншілікпен еділ бұлғарлар, орыстар, армияндар, гректер, хазарлар шұғылданса – мал шаруашылығынан түркі тілдес тайпалар айналысты. Алтын Орданың Батый сарайы, берке сарайы, Керчь, Сығанақ, Үргеніш сияқты қалалар әртүрлі тайпалармен халықтардың еті тірі, дәулетті, дәулетсіз әртүрлі адамдарды мекен етті. Олар зергерлікпен, сәулетшілікпен, қол өнер кәсібі, сауда –саттықпен айналысты. Алтын Орданың Батыс Еуропа, Мысыр, Үндістан, Кіші Азия, Қытай елдермен сауда – саттық, мәдени – экономикалық байланысын дамытуда бұл қалалардың ролі зор болды.

Алтын Орда халқының басым көпшілігі түркі тілдес тайпалардан, оғыздармен қыпшақтардан болғандықтан Алтын Орда, Ақ Орда дәуірлерінде көне қыпшақ тілі ресми әдеби тіл ретінде қолданылды. ХІІІ ғасырда қыпшақ тілі Батыс Еуропа жихангездері мен саяхатшылар үшін халықаралық тіл болып есептелсін – делінеді бір құжатта. ХІІІ ғасырдың басында, қыпшақ тілін насихаттау, бұл тілдің басқа негізгі тілдермен баламасын түсіндіру мақсатымен ізгі, зиялы қауымға арналған «Кодекс Куманикус» атты кітап шығарылған.

ХІІІ-ХV ғасырдағы Алтын Орда дәуірінің әдеби мұраларына жататын бұданда басқа да көптеген туындылардың бар екенін айту керек. Ақын Хорезми жазған «Махаббат наме» солардың ішіндегі шоқтығы биік шығармалардың бірі. Алтын Орда ханы Жәнібектің тұсында өмір сүрген Хорезми сол Жәнібектің Сыр бойындағы әкімі Мұхаммед Қожабектің тапсыруы бойынша 1353 жылы осы дастанды жазған. Оның Лондондағы Британия музейінде сақтаулы тұрған екі нұсқасы бар. Дастанның мазмұны мен бүкіл болмысы бүгінгі жұртқа сол нұсқалар арқылы жетіп отыр. Алтын Орда қыпшақтарының тілінде ғашықтық, сүйіспеншілік тақырыбына жазылған бұл туындыда бір жігіттің сүйген қызына деген ынтық жүрегінің ыстық лебі, шынайы сезімі жыр болып төгіледі. Мөлдір де таза кіршіксіз махаббатты пәк көңілдің жан сырын жырға толғана қосқан жас жігіт өзінің ол қызды не үшін сүйетінін айтып, сый-сиапаты, ақылы мен ажары бөлек жаратылған оған ешкімнің тең келмейтінін, сондықтан да көңілі одан басқа жанды қаламайтынын тебірене толғайды. Басқаға басы байланып, бұрынырақ таңдау жасаған қыздың жігітке берер жауабы болмайды. Мұның өзі жас жігіттің үмітін өшірмей оны үзбей хат жазып – зары мен мұңын үсті-үстіне айтуға мәжбір етеді. Ақыры жігіт қыздың оған бұйырмайтынын түсінеді. Бірақ соның өзінде де мәңгі бақи оны сүйіп, тәңірі сыйлаған махаббатын ардақтап өтетінін айтып: «Көңілге өзгені жуытпан, жырақта жүрсем де өзіңді ұмытпан, дейді. Азапқа шыдайды ғашықтар, тартады жазаны, сүймеген адамның ауыр екенін, осы азабы», - деп ғашықтық азабының ауыр екенін, осы азапқа сүйгені үшін өле-өлгенше шыдайтынын паш етеді.

Сүйіспеншілік тақырыбына жазылып, мазмұны жағынан «Махааббат-наме» мен үндесіп жатқан Алтын Орда әдеби мұраларының бірі «Хұсрау-Шырын» деп аталатын Хұтып Шайырдың дастаны. Алтын Орда хандығының астанасы Сарайда өмір сүріп, тіршілік еткен Хұтып оны 1341-1342 жылдарда жазған. Оған негіз етіп әзірбайжан ұлы ақыны Низамидың «Хұсрау уа Ширин» деп аталатын поэмасын алып оны өз елінің өміріне, жағдайына орайластырып жыр еткен.

Негізгі ұғымдар:

Түркі тайпасы. Сарай. Аќ Орда. Егіншілік. Мал шаруашылығы.


Баќылау сұраќтары:

1. «Алтын Орда» хандығы ХІІІ-ХV ғасырларда ќандай аймаќтарға және ќай тайпаларға билік жүргізді?

2. Алтын Орда халќының көпшілігі ќандай тайпалардан тұрды?

3. «Кодекс Куманикус» кітабының мағынасы ќандай?

4. «Хұсрау-Шырын» дастанының авторы кім?

27-тапсырма


Тақырыбы: Затаевичтің қазақ өнерін зерттеп насихаттаудағы ролі.

ЗАТАЕВИЧ Александр Викторович (20. 3. 1869, Волхов, қазіргі Орлов облысы—6.12.1936, Москва) — совет музыка этнографы, композитор, Каз ССР-інің халық арт. (1923). 1886 ж. Орал қаласындағы әскери гимназияны бітірді. 1904—1915 ж. Варшава консерваториясы жанынан шығатын «Варшавский дневник» газетінің музыка редакторы. 1915 ж. Москва мен Петербург қалаларында болды. 1920 ж ҚАССР-інің орталығы Орынборға келді; қазақтың музыка фольклорын жинап, оларды нотаға түсіріп, жүйелеуде үлкен қызмет атқарды. Ол қазақтың профессионалдық музыкасының («Қазақ музыкасы» атты фортепьянолық шығармасы) негізін салушылардың бірі. 1925—27 ж. фортепьянолық пьесалар циклін жазды. 1930 ж. жазған «Балқаш құрылысы» (сөзі С. Мұқановтікі) —совоттік тақырыпқа жазылған тұңғыш әндердің бірі. Бұл әнінде Затаевич қазақ музыкасының интонациялық үндерін сәтті пайдалана білді Ол: Абай, Құрманғазы, Жаяу Мұса, Біржан, Мұхит, Дәулеткерей, Үкілі Ыбырай т.б. халық композиторларының творчествосына бірінші болып талдау жасап, баға берді. «Қазақ халқының 1000 әні» (1925, 2-бас, 1963) және «Қазақтың 500 ән мен күйлері»; (1931) атты жинақтар шығарды. Сондай-ақ ол қырғыз, татар, ұйғыр, дүнген т.б. халықтардың музыкаларын) да жинады (Песни разных народов.—:А.-А., 1971). Затаевич бұл еңбектерімен халық музыкасына ғылыми тұрғыда қараудың, онымен терең шұғылданудың негізін салды. Сөйтіп, Қазақстанда музыка фольклорлық туындыларды жинау дәстурі қалыптаса бастады. Композиторлар А. Ң. Жұбанов, Е. Г. Брусиловский, Б. Г. Ерзакович, Д. Д. Мануцин, М. Гөлебаев, Л. А. Хамиди нотаға түсірген халық ән-күйлері қазақ музыка этнографиясын одан әрі дамытты.


Негізгі ұғымдар:

Композитор. Фольклор. Музыка. Этнография. Фортепьяно.


Баќылау сұраќтары:

1. А.В. Затаевич ќай жылы Ќазаќстанға келді?

2. А.В. Затаевич қандай ќазаќ композиторларының творчествосына талдау жасап баға берді?

3. А.В. Затаевич «Ќазаќ халќының мың әні» және «Ќазаќтың бес жүз ән мен күйлері» атты жинаќтар ќай жылдары шығарылды?

4. А.В. Затаевич қай жылдары фортепьянолыќ пьесалар циклін жазды?

28-тапсырма


Тақырыбы: Құран неліктен әлемдік мәдениеттің маңызды ескерткіші болып табылады?
Құран – арабшадан аударғанда “оқу” дегенді білдіреді. Ол мұсылмандардың қасиетті жазуы болып табылады. Құранды бейнелеп оны исламның библиясы деп атайды. Құран ең жоғарғы және соңғы пайғамбар – Мұхаммед с.ғ.с арқылы берілген Құдайдың өзінің сөзі мен сыр ашуы ретінде қабылданады, сондықтан да Құран жоғары мәртебеге ие. Құранның тек әрбір сөзі емес, тіпті әрбір қарпі қасиетті болып саналады.

Құранда мәдениет ескерткіші ретінде оның пайда болу тарихының ерекшелігі мен сол дәуірдің мәдени-тарихи ақиқатының ізі жатыр. Құранның түсу тарихы да ерекше және күрделі. 632 жылы пайғамбар өлгеннен кейін оның мұрагері Халиф Әбубәкір мен оның жеке жазғышы Заид Ибн Сабит барлық қолда бар жазбаларды жинап, оны құрастыруға хафиздарды тартты (бүкіл Құранды жатқа білген адамдарды осылай атаған) және қасеитті мәтіннің алғашқы нұсқасын құрастырды. Ол – “Сухуф” (“бет”) деп аталды. Кейіннен түпкілікті нұсқаға айналған қасиетті мәтіннің келесі редакциясын Осман халифі кезінде алғашқы мұсылман уағызшылары әзірледі. Олар дайындаған мәтін “Мусхаф” (“тізім”) деп аталды. Нақ осы мәтін ілімге айналды.

Мұсылмандардың қасиетті жазбасының құрылымы ерекше. Құран “сүре” деп аталатын 114 бөлімнен немесе тараудан тұрады. Араб тілінде “сүре” сөзі қандай да бір ғимаратты тұрғызатын тастардың қатары дегенді білдіреді. Құранның тараулары пайғамбар уағыз жүргізген уақыт пен олардың маңыздылық деңгейі бойынша емес, олардың көлемі бойынша орналасқан. Сондықтан да айрықша діни маңызы бар алғашқы сүреден басқа, ең үлкені 2-ші сүре, ал кіші соңғы сүре болып табылады. Құранның әрбір сүресі өз кезегінде жекелеген тарауларға немесе аяттарға бөлінеді.

Құран мәтіннің пішіні бойынша әуенді проза тілімен, жекелеген тараулары ең биік поэтикалық шабытпен жазылған.


Негізгі ұғымдар:

Мұхаммед пайғамбар с.ғ.с. Хафиздар. Сухуф. Мусхаф. Сүре. Аят.


Баќылау сұраќтары:

1. Ќұран - арабшадан аударғанда ќандай мағына береді?

2. Мұсылмандардың ќасиетті жазбасының ќұрылымы ќандай?

3. Ќұран мәтіні ќандай пішінмен жазылған?

4. Ќұранды жатќа білген адамдарды ќалай атаған?
29-тапсырма
Тақырыбы: Қазақстанның сахна өнерін қалайша сипаттауға болады?
Қазақстанның театр өнері сан қырлы. Республиканың 40-тан астам театры 5 тілде: қазақ, орыс, ұйғыр, корей және неміс тілдерінде көрермендерге рухани қызмет етеді.

Жетпіс жылдан астам уақыт бойы ұлы Мұхтар Әуезов атындағы қазақ драма театры қазақ ұлттық өнерінің байлық жанды айшықтарын түрлендіріп, өнер әлеміне сыйлады.

Мүсірепов пен Майлин, Мұқанов пен Сейфуллин, Тәжібаев пен Ахтанов драматургиясы өшпес өнер туындылары.

Режиссерлер Әубәкір Рахимов, Әзербайжан Мәмбетов, Рахымбек Сейітметов, Нұрқанат Жақыпбаев, Болат Атабаев, Жанат Хаджиев, Ялкун Шамшиев, Әлімбек Оразбеков қойған спектакльдерде бүгінгі нақты өмірдің шынайы әуендері көрермен көңілінен шықты. Бұрынырақта сахнада мораль мен этика тұрғысындағы қайшылықтар белең алса, қазіргі уақытта олар өзінің ауқымын кеңейтті. Ол халыққа қатысты саясатқа, көптеген адамдардың тағдырлары тоғысатын негізгі әлеуметтік қайшылықтарға толы мәселелерді қамтиды М.Байсеркеновтың “Абылайханның соңғы күндері”, И.Оразбаевтың “Шыңғыс хан”, Б. Римованың “Абай десем...”, Ғ. Мұқанованың “Мәңгілік бала бейне” спектакліндегі қайшылықтар ортақ адамзаттық хал-ахуалды қамтиды. Бүгінгі Қазақстанның режиссурасында үш бағыт қалыптасты. Біріншісі өз шығармашылығында ұлттық дәстүрлерді нығайтуға, ұлттық бояуды сақтауға ұмтылған Б.Рахимовтың, Ш. Зұлқашаевтің, Т. Қыстаубаевтың есімдерімен байланысты. Екінші бағыт режиссерлар Қ. Жетпісбаевтің, О. Кенебаевтың, А. Оразбековтің, Я. Шамшиевтің, Ш. Кәрібаеваның, Е. Оразымбеттің режиссурасында қылаң берді. Осы бағыттағы режиссерлар спектакльдің қойылымдық астарына баса назар аударды. Олар жеке қайталан бас актерлік шеберлікке сүйене отыра, бұқаралық сахнаның, безендірудің және көңіл-күй көріністерінің, саздың, жарықтың өзіндік әсерлерін шығарма рухына ұластыра білді. Қазіргі режиссураның үшінші бағыты Б. Атабаевтың, Ж. Ходжиевтің, Н. Жақыпбаевтың қойылымдарында көрініс тапты. Аталған жас режиссерлар дәстүрлі сахна шегін бұзып шығуға, көркемдік және қойылымдық әдістерді көбейтуге, әсерлік әлеммен қатар спектакльдің идеялдық-саяси қатпарына оны өткір әлеуметтік мәселелердің мінберіне айналдыруға ұмтылды. Жас режиссерлар шоғырлары арасынан үнемі іздестіру жолымен бүгінгі өмір күрделілігі аясынан шығуды көксеген Болат Атабаевты атап өтуге болады. Оның әрбір спектакльі бүгінгі замандастың ішкі сырына бойлай үңіледі. “Алжир әйелдері”, “Мәңгілік бала бейне” туындылары – осының айғағы. Тарихтың жеке тұлға мәселелері И.Оразбаевтың “Шыңғыс хан”, Б.Римованың “Абай десем...” спектакльдерінде шешімін табуға тырысады. Б. Атабаевтың М. Әуезов әңгімесінің желісі бойынша қойған “Қаралы сұлу” спектакльі әйел тағдырының беймәлім сырларын ашады. Б. Атабаевтың арасында Х.Бөкеева, Ш. Жандарбекова, Б.Римова, Х. Елебекова сияқты театр саңлақтары, сондай-ақ кейінгі толық Г.Әшірбекова, Ғ. Аманжолова сияқты дарындар өздерінің жаңа қырларынан көрінді.


Негізгі ұғымдар:

Театр. Драматургия. Режиссер. Рухани. Спектакль.


Баќылау сұраќтары:

1. Ќазаќстан Республикада ќанша театр бар және ќанша тілде ќызмет етеді?

2. Ќазаќтың ќандай драматургтарын білесіңдер?

3. Белгілі режиссерлерді атаңдар?

4. Бүгінгі Ќазаќстанның режиссурасында ќанша бағыт ќалыптасты?
30-тапсырма
Тақырыбы: ХХ ғасыр мәдениетіндегі қазақ киносының рөлі қандай?
1980-ші жылдардың аяғында ұлттық киноға өзінің көркемдік және идеялық бет-пердесі бар жаңа кинематографистер тобы қосылды. Олардың кейбір жұмыстары шығармашылық көзқарастың, әлеуметтік бағыттың жаңашылдық бояуымен ерекшеленді және елдің мәдени өмірінің айтулы оқиғасына айналды. Соңғы 12 жылда “жаңа толқындар” фестивальдік межелерден асып, төрткүл дүниеге танылды. Осы бір мардымсыз уақыт аралығында заттың жаңа есімдер пайда болды. Рәшит Нұғыманов, Серік Апрымов, Әмір Қарақұлов, Абай Қарпықов, Ардақ Әмірқұлов, Дәржан Өмірбаев, Александр Баранов, Бақыт Қилыбаев, Ермек Шынарбаев, Тимур Сүлейменов, Аманжол Айтуаров, Болат Қалымбетов, Талғат Теменовтер өз қолтаңбасымен танылды. Бұлардың алдында Дәмір Манабаев, Сатыбалды Нарымбетов, Болат Шәріптер қазақ киносындағы төл туындыларын бөгде жүрт алдында көтеруге талпынды.

80-ге жуық көркем фильмдер әртүрлі деңгейдегі фестивальдарда беделді сый-сияпаттарды алды. Сатыбалды Нарымбетовтің “Жас аккордеонистің өмірі” фильмі Жорж Садуля сыйлығына ие болды.

Әр жылдары “Атаманның ақыры”, “Қыз Жібек”, “Сұлтан Бейбарыс”, “Батыр Баян”, “Көксерек”, “Ата-баба жері”, “Транссібір экспресі”, “Қараш- қараш оқиғасы”, “Біздің сүйікті доктор”, “Жігіт пен қыз”, “Менің атым - Қожа”, “Алпамыс” сияқты өзінің айшықты келбеті бар фильмдер дүниеге келді.

Алғашқы ұлттық мультфильмінің авторы - Әлмен Қайдаров, алғашқы қазақ киносының тарихшысы Қабыш Сиранов (қазақ киносының тарихы туралы кітап 30 жыл бұрын шықты), алғашқы кинооператор – Ескендір Тынышпаев, алғашқы кино суретшісі – Құлахмет Ходжиков, киноның алғашқы сазгері – Ахмет Жұбанов пен қайталанбас дара талант Нұрғиса Тілендиев. “Қазақфильм” ұлт мәдениеті үшін үлкен жұмыс жүргізіп, 250 көркем толық метражды, 1500 –ден астам деректі, 60 – тан астам қысқа метражды ойын фильмдерін түсірді.

Қазақ киносындағы белгілі тұлға ретінде “Соңғы аялдама” фильмнің авторы – Серік Апрымовты атап өтуге болады. Ол өз туындысында бүгінгі өмірдің қатыгез көріністерін өнер рухына сай көрсете білді. С. Апрымов “Гипнотизер”, “Жас адамның күнделігі”, “Үш ағайынды”, “Ақсуат” фильмдерінің авторы.
Негізгі ұғымдар:

Кинематографистер. Кино. Көркем фильм. Фестивальдар. Өнер.


Баќылау сұраќтары:

1.Ұлттыќ киноға ќай жылы жаңа кинематографистер тобы ќосылды?

2. Ќанша көркем фильмдер фестивальдарда беделді сый-сияпаттарға ие болды?

3. Алғашќы ұлттыќ мультфильмнің авторы кім?

4. Алғашќы ќазаќ киносының тарихшысы кім?

5. Алғашќы кинооператор және алғашќы киносуретшісі кімдер?

6. Киноның алғашќы сазгері кімдер?



1   2   3


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет